Қазіргі кезде заман емес, адамдар өзгерген сияқты
Қазіргі заманда адам мен қоғамның арақатынасы өзгеріп бара жатқандай. Кейде «заман өзгерді» дейміз, бірақ шын мәнінде адамдардың өзі өзгеріп жатқан секілді. Бұрын үлкен мен кіші арасындағы сыйластық ерекше еді. Қариялар – ақылдың қайнары, даналықтың иесі болса, жастар – сол тәжірибені жалғастырушы буын еді.
Бүгінгі жастардың да елге тигізіп жатқан игі істері аз емес. Олар түрлі қайырымдылық акцияларына қатысып, қоғамға пайдасын тигізіп жүр. Мұның бәрі – қуантады, үміт береді.
Ал қазіргі қариялар да заман ағымына бейімделіп келеді. Бұрынғыдай қолмен істейтін көп шаруаны қазір техника жеңілдетіп тастаған. 2025 жылға дейін талай нәрсе өзгерді – адам көмегінсіз де біраз іс автоматтандырылды. Сол себепті бүгінде үлкен кісілерге жастардың көмегі бұрынғыдай аса қажет емес сияқты көрінеді.
Дегенмен, мұның екінші жағы да бар. Технология дамығанымен, рухани байланыс әлсіреп барады. Кейбір жастар ата-анасының, ата-әжесінің жан жылуын бағаламай, қарттар үйіне өткізіп жатады. Бұл – жүректі ауыртатын көрініс.
Неліктен?! Неліктен олай істейміз?! Қайда кетті ата-анаға деген құрмет, үлкенге деген ізет?
Мен жастарды жамандамаймын, себебі жақсылыққа ұмтылып жүргендер де аз емес. Бірақ кейде сол жақсылық сыртқы әрекетпен шектеліп, шынайы мейірімге айналмай қалатыны өкінішті. Қай заманда болсын, жақсылық – адамды адам ететін қасиет.
Жастардың қарияларға көмек көрсетуі мен жақсылыққа ұмтылысы.
Бүгінде жастардың арасында елге пайдасын тигізіп жүргендері аз емес. Олар қарияларға көмектесіп, табиғатты қорғауға, қоғам игілігіне үлес қосуға атсалысып жүр. Дегенмен, соның өзі жеткіліксіз сияқты. Себебі кейбір жастар өз ата-анасын қарттар үйіне өткізіп, рухани құндылықтарды естен шығарып барады. Бұл — ойланарлық жағдай. Егер жақсылық жасау сәнге айналса, егер жастар бір-біріне мейіріммен қарауды қайтадан өмір салтына айналдырса, қоғамымыз да жылылық пен адамдыққа толар еді.
Қазіргі жастардың өз ойы бар, бірақ сол ой жақсылыққа бағытталуы керек.
Қоғамның рухани деңгейі оның әлсізіне, қарттарына қалай қарайтынымен өлшенеді. Қария – әр отбасының, әр ауылдың ақылшысы, тірегі, тарихы. Ал олардың жанында жүріп, көңілін сұрап, қолғабыс болу – әр жастың парызы. Өкінішке қарай, бүгінде кей жастар өз ата-әжесін іздеуге уақыт таппай жатады. Заманауи өмірдің қарқыны, әлеуметтік желілер мен жұмыстың көптігі адамдарды бір-бірінен алыстатып бара жатқандай. Бірақ солай болса да, жүрегінде жылуы бар жастар аз емес.
Қазір көптеген жастар ерікті болып, қарттар үйлеріне барып көмек көрсетіп жүр. Бірі бөлмені жинап, бірі азық-түлік тасып, енді бірі жай ғана әңгімелесіп, үлкендердің өткен өмірін тыңдайды. Сол сәттерде олардың жүзінен жылулық пен ризашылықты көруге болады. Қариялар үшін мұндай кездесулер — дәрі сияқты. Олар жастардың көңіл бөліп келгенін өмірінің мәні деп қабылдайды. Ал жастар болса, осындай кездесулерден кейін үлкен өмір сабағын алып қайтады.
Мысалы, ауылды жерлерде волонтерлік топтар жиі ұйымдастырылады. Әр мереке сайын жастар қариялардың үйіне барып, ауласын тазалап, отынын жарып, қолынан келгенше көмектеседі. Біреудің үйін ақтап, біреудің қорасын жөндеп жүрген сол жастардың ісі көпке үлгі. Олардың мақсаты – ата-бабаның алдындағы құрметті іс жүзінде көрсету. Осындай қарапайым істер арқылы олар үлкендерге қуаныш сыйлап қана қоймай, өз бойындағы мейірім мен жауапкершілікті де арттырады.
Жақсылық жасау үшін бай болу немесе атақ қажет емес. Тек ниет болса жеткілікті. Бір жылы сөз, бір сәт көңіл бөлу де — үлкен жақсылық. Қарияның есігін қағып, халін сұрау — ұмыт болып бара жатқан дәстүріміздің бірі. Ал осы дәстүрді қайта жаңғыртып жүрген жастар – шынайы мейірімді адамдар.
Мұндай игі істер тек қариялар үшін ғана емес, бүкіл қоғам үшін маңызды. Себебі жастар жақсылыққа бет бұрғанда, қоғамда рухани жаңару басталады. Олар өзінен кейінгі буынға үлгі болады. Кішкентай бала сол әрекетті көріп өссе, ол да ертең біреуге көмектесуге ұмтылады. Сондықтан әр жас өзінен бастап жақсылыққа ұмтылса, қоғамымыз мейірімге толы болар еді. Қарияларға құрмет көрсету – тек дәстүр емес, ұлттың болмысын сақтаудың жолы. Ал осыны түсініп, іс жүзінде жүзеге асырып жүрген жастар – ертеңгі елдің үміті.
Қазіргі заманның жастары – еркін ойлы, өз көзқарасы бар, батыл буын. Олар жаңа технологияның тілін біледі, заман ағымымен бірге дамып келеді. Иә, кейде өз пікірін ашық айтуы үлкендерге оғаш көрінуі мүмкін. Бірақ дәл осы қасиет – олардың артықшылығы. Өйткені өз ойы бар адам ғана қоғамда өзгеріс жасай алады. Тек сол еркін ойды жақсылыққа, адамгершілікке бағыттау – әр жастың парызы.
Бір ақын: «Мен жастарға сенемін!» – деп айтқан еді. Мағжан Жұмабаевтың осы бір сөзі бүгінде де мәнін жоғалтқан жоқ. Сол сенімге лайық болу – әр қазақ жасының борышы. Мен де өз замандастарымның жақсылықты сәнге айналдыратынына сенемін.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Заман адамдары

шағым қалдыра аласыз