Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Заманауи білім берудің әдіс-тәсілдері
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Заманауи білім берудің әдіс-тәсілдері» коучинг жоспары
|
|
Қарауыл Әсел Талғатқызы |
|
Тақырыбы: |
Заманауи білім берудің әдіс-тәсілдері |
||
Жалпы мақсат: |
Ұстаздарға заманауи білім
берудің әдіс-тәсілдері туралы мәліметтер алуға жағдай жасау,
бір-бірлерімен тәжірибе алмасу. |
||
Күтілетін нәтиже |
Заманауи білім берудің әдіс-тәсілдерін біледі және оларды оқу үрдісінде тиімді пайдалана алады. |
||
Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер арқылы табысты оқытуға қол жеткізу. Сабақтағы әдіс-тәсілдер байланыс, оның түрлері, әдістері. |
|||
Ресурстар |
А- 4, А-3 парақтары, стикер, интерактивті тақта,флипчарт, маркер, қалам. |
||
Оқыту әдістері: |
1. Оқыту мен оқытудағы АКТ 2. Сын тұрғысынан ойлауға үйрету |
1. Диалог 2. Топтық жұмыс |
|
Дерек көздері: |
Баспа беттері. Интернет желісі. |
||
Тапсырмалар: |
топтық жұмыс, өзін-өзі және бірін-бірі бағалау, топтық тапсырма және қорғау, рефлексия. |
Сабақ бойынша коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті:
Коучингтың өтілу кезеңдері |
Коучтың іс-әрекеті |
Мұғалімдердің іс-әрекеті |
||
Мұғалімдерге психологиялық ахуал |
|
Ұстаздарға қошемет көрсету.
|
||
Топқа бөлу |
«Өлеңді жалғастыр» әдісі Абайдың жыл мезгілдері бойынша өлеңдерімен топқа бөлінеді. 1-топ: қыс
Ақ киімді, денелі, ақ
сақалды, 2-топ: көктем
Жазғытұры қалмайды қыстың
сызы, 3-топ: жаз Жаздыгүн шілде болғанда, Көкорай шалғын, бәйшешек, Ұзарып өсіп толғанда; Көшіп ауыл қонғанда; 4-топ: күз Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан, Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан. Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма, Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан? Ұлы Абайдың туылған күні ЮНЕСКО бойынша тойланып жатқандықтан, топқа осылай бөлуді жөн көрдік. |
Топқа бөлінеді, көңілді, жұмысқа белсенді орта қалыптасады. |
||
«Миға шабуыл» |
Әдіс-тәсілге байланысты видеоролик көрсету. «Звездочка на земле» Бүгін біз не жайлы айтамыз деп ойлайсыздар? (сабақ құрылымы) |
Мұғалімдер пікірлерін білдіреді. Сабақ құрылымы екенін дәлелдейді |
||
|
Коучингтің тақырыбы мен мақсаты таныстырылады. |
|
||
«Мағынаны тану» (5 мин) |
Оқу үдерісін ұйымдастырудың жаңа формасының бірі – қашықтықтан оқыту технологиялары арқылы оқыту. Сонымен қашықтықтан оқыту дегеніміз не? Қашықтықтан оқыту дегеніміз — мұғалім мен оқушы арасында қандай да қашықтықта интернет ресурстарының сүйемелдеуімен өтілетін оқытудың формасы, яғни интернет желілерінің көмегімен белгілі бір арақашықтықта оқыту. ҚО ұйымдастырудың 3 түрлі формасы бар: онлайн (синхрондық) және оффлайн (асинхрондық), және кең таралған үшінші түрі вебинар Онлайн режимдегі оқыту дегеніміз – интернет ресурстарының көмегімен ағымдағы уақытта белгілі бір қашықтықта мұғалім экранын көру арқылы оқытуды ұйымдастыру формасы. Оффлайн режимдегі оқыту дегеніміз – интернет ресурстарының көмегімен (электрондық пошта) мұғалім мен оқушы арасындағы ақпарат алмасуды қамтасыз етуге мүмкіндік беретін оқытудың формасы. Вебинар дегеніміз – интернет желілерінің көмегімен семинарлар мен тренинтер өткізу формасы. Қашықтықтан оқыту тәсілі бойынша жұмыс істейтін оқытушы оқытудың жаңа технологиясын, оқытудың компьютерлі және тораптық жүйелерін жетік біліп, олармен іс жүргізу ісін орындау шарт. Қашықтықтан оқыту тәсілімен оқытатын оқытушыларға және осы істе мүдделі басқа да адамдарға бірнеше талаптар қойылады: Оқытушы компъютермен жоғары дәрежеде сауатты жұмыс істей білуі қажет. Қашықтықтан оқытудағы мақсаттары мен міндеттері, оның алдағы уақытта ақпараттық технология және коммуникация құралдарының негізінде дамуы туралы білуі қажет. Оқытушының ақпараттық құралдармен жұмыс істеуге іс жүзінде дағдылануы қажет. Оқытудың телекоммуникациялық құралдарын қолдану ісіне дағдылануын қалыптастыру, атап айтқанда: тұтынушылар арасында ақпараттар алмастыру және ақпараттық жүйелердегі ресурстарды пайдалануға дағдылануын қалыптастыруы қажет. Оқу үрдісін қашықтықтан оқыту шеңберінде жүргізу ісіне жан-жақты даярлау, қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша сабақ өткізу үрдісінде үйлестіруші болуы қажет. Қашықтықтан оқыту қалай тиімді жүзеге асады: Біріншіден. Теледидар арқылы сабақ өткізу. Бұл – тіптен жаңа формат. “Балапан” және “Ел Арна” телеарналары бізге өздерінің эфирлік уақытын ұсынды. Екіншіден. Арнайы мамандандырылған интернет-платформалары арқылы өткізілетін сабақтар. Бұл цифрлық жүйелер оқушыларға өткен сабақты немесе бұрын талқыланған тақырыпты қайта қарауға, сондай-ақ онлайн-сабақ өткізуге, кері байланыс орнатуға, жеке дара оқыту мен тапсырмаларды геймификациялауға зор мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл формат тестілеу жұмыстарын өткізуге және алған білімдерін бағалауға мүмкіндік жасайды. Бұрын мұндай компаниялардың білім беру контентіне қол жеткізу ақылы болса, осы кезеңде біздің балалар барлық керек ақпаратты және платформаларды тегін пайдалана алады.
«Лото» әдісі арқылы талдау. 4-билет. Әр билетке 4 сұрақ. ҚБ: гүлдер тарату |
Топ болып сауалға постер жасайды, қорғайды. жұмысы тақтаға ілінеді |
||
Сергу сәті |
«Көңілді күн» әні. Әр түрлі эмоцияда орындау. Бүгін қандай тамаша Көңілді күн 3-рет Сені қуанышыңмен құттықтаймын Бақытты бол, жан досым! |
|
||
Топтық жұмыс.
|
Постер қорғау. Сабақ барысында қандай әдіс-тәсілдер сіздер үшін тиімді? (әр топ 1-1 әдіс-тәсілдерімен және сол әдістердің тиімді жағымен бөліседі) |
Танабау тағады, басқа топқа мотивация береді |
||
Рефлексия |
Қағаз бетіне өз ойлары туралы жазып өтеді. |
Қоржындарына пікірлерін білдіреді, сарқыт ретінде алып кетеді
|