ЗАМАНАУИ БИОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДА ЗЕРТТЕУ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ЗАМАНАУИ БИОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДА ЗЕРТТЕУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада заманауи цифрлық технологияларды дамыту және адам қызметінің барлық салаларын цифрландырудың жылдам қарқынмен өтуіне байланысты. STEM білім берудің биология саласы бойынша заманауи зерттеу жүргізу, теориялық білімін іс жүзінде тәжірибеде қолдану дағдыларын дамыту. Қарапайым тәжірибелерден күрделі зерттеулерге қадам жасау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ЗАМАНАУИ БИОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДА ЗЕРТТЕУ

Бакыткызы Перузия

Балқаш қаласы ,Әлихан Бөкейханов атындағы № 15 мектеп-лицей КММ


Аңдатпа: Бұл мақалада заманауи цифрлық технологияларды дамыту және адам қызметінің барлық салаларын цифрландырудың жылдам қарқынмен өтуіне байланысты. STEM білім берудің биология саласы бойынша заманауи зерттеу жүргізу, теориялық білімін іс жүзінде тәжірибеде қолдану дағдыларын дамыту. Қарапайым тәжірибелерден күрделі зерттеулерге қадам жасау.


Түйін сөздер : STEM білім беру, сандық зертханалар, микроәлем, қоқысты қалдықтарды пайдалану


Әлемдік бәсекеге қабілетті Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының көптеген елдерінде жоғары технологиялар саласындағы мамандарды даярлаудың негізі STEM білім беру болып табылады. [1].

STEM жаратылыстану пәндерінің проблемалық сұрақтарын ғылыми тұрғыдан  инженерлік жобалау және математикалық сипаттау арқылы  білім алуға, сыни ойлау дағдыларын дамытуға, жаңа технологияларды игеруге байланысты болашақ кәсіптің іргетасын қалыптастыруға көмектеседі. Осы бағытта күнделікті қолда бар қарапайым заттардан биология заңдылықтарын еркін жеңіл түсінуге көмектесетін модельдер жасаймыз. Негізгі идеяларды ағылшын контенттерден Pinterest-тен аударып, оқушылармен біріккен шағын жобалар негізінде жасалды. Мысалы: Жасушаның құрылысы моделін жасау үшін: пайдаланған дискілер , дәндер, желім , жіп қажет.













сурет № 1 сурет № 2

Оқушы жасушаның құрылысын оқулықтағы мәтінмен, суретпен байланыстыра отырып, модельін құрастырды.Ол үшін күнделікті қолда бар заттардан,қоқыс қалдықтарын пайдаланамыз. Биологиялық терминдерді тез есте сақтауға көмектеседі және құрастыру дағдысын қалыптастырады.

Келесі 2-ші суретте жасуша бөліну типі митоз бен мейоз фазаларын құрастыру үшін құлаққап сымдары, ермексаз, пластик тәрелкені қолданып хромосомалардың бөліну моделін құрастырады. Бұл модельдерді құрастыруда биологиялық заңдылықтарда ең қиын тақырыптарды шағын жобаларда о
қушылардың тез меңгеруіне септігін тигізеді.

сурет № 3 .Биологиялық көрме

Тірі ағзаның құрылымдық деңгейін есте қалу үшін пластик стақан пазл сияқты екі бағытта жоғарыдан төменге немесе төменнен жоғарыға құрастыру арқылы ойын түрінде қолдануға болады, бұл терминологиялық сөздерді ойын арқылы тез есте сақтауға мүмкіндік береді.





сурет № 4



Picture 3 Адам ағзасын зерттеуде: асқорыту, қанайналым, тынысалу мүшелерінің реттілігін есте сақтап, көрнекіліктерді сабақ үдерісі кезінде жасап талдайды. Мыс : жұмыртқа салғыш қораптан 33 бөлік қиып алып, адам омыртқасының моделін құрастыру. Қажетті заттар: Ине, жіп-жұлын, 34 бөлік жұмыртқа салғыш қораптар-омыртқаларсары түсті пластик- шеміршек.





сурет №5



Асқорыту жүйесіне: асқорыту жүйесінің моделін тұрмыстық қалдықтардан жасау және терминдермен таныса отырып, мүшелердің қызметі мен орынын анықтайды. Қанайналым мен тынысалу жүйесіне тұрмыстық қалдықтарды қолдана отырып, жобалар жасауда сынып оқушылары өте белсенділік танытады. STEM жобалардың тиімділігі пәндердің интеграциясы, теория мен практиканы біріктіріп қолдану арқылы, оқушылар пәнге деген қызығушылығы артады. Біздің оқушыларымыз ертеңгі өмірге қабілетті болсын десек, бүгін оларға STEM кеңістігінде жұмыс жасауға жағдай жасауымыз керек. Әртүрлі пәндерден алған білімдерін біріктіру арқылы нақты өмірде қолдану яғни, мұның ішінде экологияны сақтау, табиғат ресурстарын үнемді пайдалану, аз мөлшерде энергия жұмсау арқылы еңбек өнімдерін алу т.

с
урет №6 сурет № 7

Сандық зертханалар -мысалы, химия-биологиядан (жарықталу, ылғалдылық, тыныс алу, оттек концентрациясы, жүрек жиырылуының жиілігі, температура, қышқылдылық және т.б. датчиктер), мысалы; 8 -9 сынып оқушыларының физиологиялық өзгерістердің көрсеткіштерін жинақтау. Сандық зертханалар жабдықтары әмбебап, әртүрлі тәжірибелік қондырғыларға жалғануы мүмкін, өлшеулерді «далалық жағдайда» жүргізуге болады, мұғалім мен оқушылардың уақытын үнемдейді, өлшеу параметрлерін өзгерту мүмкіндіктері арқылы  оқушыларды шығармашылыққа жетелейді. Соның бірі "Pasco" зертхана кешендерін пайдалану. Spark SLS мәліметтер тіркегіші,        Sparklink  интерфейсі. "Pasco" құрал жабдықтарын 2010 жылдан бері биология сабағында спирометр, күш датчигі, жүректің соғу жиілігі мен кардиограмма алу т.б зертханалық жабдықтар қолданылып келеді. «Портативті микроскоп» адамның дене жасушаларын зерттеу, адамның алақанындағы тер бедерін зерттеу, «Тынысалу», «Жүректің жұмысы», «Қолдың күшін есептеу» атты зерттеу жұмыстары адам ағзасын зерттеудегі заманауи құрылғыларды қолдану арқылы мәліметтер жинақталады.

портативті микроскоп динамометр ЭКГ жинақтау сурет № 8

Динамометр, құралдар мәліметтерді жинақтап, шағын зерттеу жасауға мүмкіндік береді. Күнделікті сабақта осы зертханалық жұмыстарды қашықтықтан оқыту кезінде үнемі қолданамын, виртуальды зертханалар әртүрлі үдерістердің жүру шарттары мен белгілерін сапалы деңгейде үлгілеуге мүмкіндік береді. Осы арқылы бірнеше сабақ кіріктіріле отырып, (физика, химия, география, математика ) оқушының жан-жақты дамуына үлесін қосады.

Келесі зерттеулерде « Микроәлемде жүріп жатқан үдерістерді зерттеу» «Молекулярлық биология» бөлімі бойынша «DNA extraction-ДНҚ-ның экстрактын алу» құлпынай, банан, днқ экстрактын алу зерттеу жұмысын оқушылар жүргізеді. Ол үшін қарапайым заттар: тұз, сусабын, спиртті қолдану арқылы ДНҚ жіпшесін жасуша құрылымынан бөліп алып, микроскоп арқылы бақылау жүргізеді. Тұз ертіндісінің жасуша қабықшасының бұзылуына, сабын ертіндісінің қабықшадағы липидті ыдырату арқылы ДНҚ жіпшесін бөліп алып, соңғы кезең спирт ерітіндісін қосу арқылы ұзын жіпшені оқушы қарапайым химиялық реакцияларды қолдану арқылы қол жеткізеді.

Өсімдіктен ДНҚ экстрактін алу. Сурет № 9











Күнделікті сабақ процесі кезінде STEM-білім беру оқушының инженерлік шығармашылық пен математика, жаратылыстану ғылымдары мен технологиялардың кіріктірілуі негізінде жоба және пәнаралық амалдарды байланыстыратын жаңаша ойлауы қалыптасады. Осы арқылы STEM-білім беру артықшылықтары: сыни тұрғыдан ойлау,ғылыми-техникалық білімді күнделікті өмірде пайдалану, белсенді қарым-қатынас құру және командамен жұмыс жасау, техникалық пәндерге қызығушылықты арттыру, жобаларға креативті және жаңашыл көзқарас , оқу мен болашақта мықты маманның қалыптасуына септігін тигізеді .






Әдебиеттер:

  1. Г. Ногайбаева. Развитие  STEM-образования в мире и Казахстане.

  2. «Білімді ел-Образованная страна», №20(57) от 25 .10. 2016 ж

  3. STEM білімді енгізу бойынша әдістемелік ұсынымдар.Ы.Алтынсарын атындағы Ұлттық білім академиясы , Астана. 2017

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.10.2025
48
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі