«Әділетті
мұғалім. Заманауи мұғалім тұлғасы»
Мен,
Назикенова Самал Айтберікқызы он бес
жылдан астам уақыт бойы ұстаздық қызметін
атқарып келемін. Бүгінгі таңда, талпынысқа
толы XXI ғасыр талабына сай жаңашыл
ұстаздың бірімін. Алға үмітпен талпынған
жаңа ашылулар. Жаңа технологиялар. Жаңа
білім. Жаңа мектеп. Жаңа мектептің ұстазы
ретінде балаларға тек жаңалық енгізіп
қана қоймай, сонымен қатар, уақыт пен
ұрпақ арасында байланыс орнатуға бар
күш-жігерімді саламын.
Мұғалім
– болашақ ұрпақтың бағбаны, келешектің
кемелдендірушісі, баланың бойына
біліммен бірге тәрбие сіңіруші, жанына
жарық сәуле сеуіп, көкірегін нұрландырушы.
Ең бастысы, мұғалім – адами қасиеті
мол, басқаға көмегін тигізуден
шаршамайтын, шалдықпайтын өмірінің әр
шақтарын қиып, ұрпағының ертеңіне жол
ашатын, шуағы мол шапағат иесі.
«Ұстаздық
– ұлы құрмет. Себебі, ұрпақты ұстаз
тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да,
данасын да, ғалымды да еңбекқор егіншісін
де, кеншісін де ұстаз өсіреді. Өмірге
ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ,
сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды
да сондай ардақтауға міндеттіміз»,
-деп Бауыржан Момышұлының даналық
сөздерін көңіліме түйе келе, тәуелсіз
еліміздің болашақ азаматтарын тәрбиелеуге,
оқытуға өз үлесімді қосу мақсатында
Аягөз ауданы, Қосағаш ауылында Ш.Уәлиханов
атындағы орта мектепті тәмамдаған соң,
қызығы мен қуанышы мол ұстаздық жолды
таңдадым. Мұғалімге жүктелген міндет
жеңіл емес екенін сезіне де, түйсіне
білдім.
Білім
беру, оқыту мен тәрбиелеу үздіксіз
процесс. Қазіргі кезде білім берудегі
мақсат жан-жақты білімді, өнер сүюге
бейім, өзіндік ой-талғамы бар, кабілетті
жеке тұлғаны қалыптастыру. Қазіргі
заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең
білгірі ғана емес, тарихи танымдық,
педагогика-психологиялық және ақпараттық
сауаттылық, саяси – экономикалық
білімділік талап етіледі.
Заманауи
ұстаз өмірді жақсы жаққа өзгертуге
талпыну, оқушыларға сену, жаңа идеялар
үшін көп еңбектену, өз қатесін мойындаудан
қорықпау керек. Өз ісінің шебері деп
XXI ғасыр ұстазын айтуға болады. Заманауи
ұстаз – зерттеуші, оқушылардың ғылыми
жетекшісі. Оқушыларға үйрете отырып
өзі де үйренеді. Ұстаз заман талабына
сай жаңа ұрпақтың қызығушылығын түсіну
керек деп ойлаймын. «Ұстаздық мамандық
– бұл адамтану, адамның күрделі
және қызықты, шым - шытырығы мол,
рухани жан дүниесіне үңіле білу,
адамның өмір бойы білім алып, оны
шәкірттеріне жеткізе білу бұл
ұстаздық қасиеттің ең жоғары жетістігі
болып табылады». Сондай үлкен
ұғымдағы ұстаздық қасиетке барынша
адалдық танытып, бар ғұмырын ұстаздық
саласына арнау әрбір адамның
қолынан келе бермейтін іс. Бүгінгі
таңда бізге, мұғалімдерге, ең қажетті
нәрсе – заман талабына сай
лайықты жаңа адамды қалыптастыру,
тәрбиелеп өсіру. Заман күннен күнге
дамып, өркендеу үстінде. Олай болса, біз
алдымызда тәрбиелеп отырған шәкірттерімізге
адамгершілік пен өз елін сүйетін
ұлтжандылық қасиетін қалыптастырып,
оны бар асылындай қадірлей білетін,
өткенін бағалап, болашағына зор сеніммен
қарай білетін ең жақсы қасиеттерді
үйрете білуіміз қажет.
Елбасы
Н.Ә Назарбаев айтқандай, бүгінгі
күнде барлық мұғалімдердің басты
ұстанымы ол «өмір бойы білім алу».
Егемен еліміздің көшін бастаған кемеңгер
президентімізбен толық келісемін.
Мұғалім сөзімен, ісімен, мәдениетімен,
білікті білімімен, ұйымдастырушылық
қабілетімен, балалармен тіл
табысушылық қасиетімен, асқақ, өз
кәсібін қадірлеген ұстаз ғана педагог
мәртебесін биік ұстай алады. Қазіргі қоғамға
керегі де осындай ұстаздар. XXI ғасыр
– бұл ақпараттық қоғам дәуірі,
технологиялық мәдениет дәуірі. Замануи
ұстаздық қызметтің қыры мен сыры
мол, сондықтан да ұстаздар өз ісінің
әрбір тетігін жетік меңгеру, игеру
жолында кәсіптік шеберлікті толық
меңгерсе ғана бүгінгі қоғамымызды
байытатын, дамытатын, жаңартатын мол
мүмкіндік ашылатыны күмәнсіз. Өз ісіне
жауапкершілікпен қарайтын заманауи
ұстаздар ешқашанда білімнің туын төмен
түсірмеуі тиіс. Ендеше, мен де
әрдайым оқушыларыммен бірге үйрене
отырып, оларды тек қана алға жетелеймін.
Себебі,
жаһандану заманында ұлттық бәсекеге
кабілетті болудың көрсеткіші білім
деңгейімен өлшенеді. Сондықтан әлемдік
білім кеңістігіне шығып, білім беру
жүйесін халықаралық деңгейге көтеру
кезек күттірмейтін өзекті мәселе. Бұл
мәселені шешудің кілті ұстаз қолында.
Өйткені, ұстаз елдің ертеңгі тізгінін
ұстайтын ұрпақ тәрбиелейді. Өз ойымды
Ы.Алтынсарин атамыздың: «Педагогикалық
шеберлік пен педагогикалық өнер – ол
даналықты жүрекпен ұға білу болып
табылады» деген сөзімен қорытындылағым
келеді.
Өз
ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай
қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр
құйып, өмірде өзі де бақытты болып,
өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп
жүретін ұстаз болайық!
Алматы
облысы Еңбекшіқазақ ауданы
Бәйдібек
би ауылы
«Т.Әубәкіров
атындағы орта мектеп-мектепке
дейінгі
шағын орталығымен» КММ
қазақ
тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Назикенова
Самал Айтбериковна