Заманауи мұғалімнің бейнесі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Заманауи мұғалімнің бейнесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Заманауи мұғалімнің бейнесі жайлы ой толғаныс
Материалдың қысқаша нұсқасы

Заманауи мұғалімнің бейнесі

180 орта мектебі бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Баубеков П А



«Заманауи мұғалімнің бейнесі» тақырыбында әңгімелеу бүгінгі күннің тақырыбы болып отыр екен.Бізге осы тақырыпта ой-пікір жазу тапсырылды.Осы орайда менің ойыма «Адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан»-, деп дана Абай айтпақшы, балаға тәлім-тәрбие әуелі ата-анасынан дарыса, ізгілік атаулының қалғаны ұстазы арқылы сіңеді. Біздің қазақ халқы «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» дегенді алға тартып, оларға әрқашан құрметпен қараған. Ел тұтқасы болашақ ұрпақтың білім деңгейі, дүниетанымы, әлемге көзқарасы мұғалімге де тікелей байланысты. Секундтап,минуттап,сағаттап дамып жатқан ғасырда қазіргі мұғалімнің бейнесі қандай болуы керек? Бой емес ой жарыстыратын заманда бәсекеге қабілетті жастарды тәрбиелеу ұстаздардың мойнына жүктелген ұлы міндет екені рас. Жоғары технологияны жетік меңгерген мұғалімнің берер білімі дәстүрлі сабақ беру үлгісінен біршама озық болатыны анық. Ондай мұғалімнің сабағы да қызықты әрі ұтымды болмақ. Балаларды білімге құштар етіп, ғылымға қызығушылығын оята алу әрбір ұстаздың мақсаты. Шәкірттері келешекте мықты маман атанып, тұлға болып жатса кез келген ұстаздың жеңісі. Біздің асыл дінімізде де ұстазға қарсы келмеу жайында айтылған. Өз ортасына пайдасы тиіп, білім нәрімен сусындатып жатқан ұстазға құрмет көрсетпеуге біздің еш хақымыз жоқ. Дәрігер қателессе, бір адамның өмірін құртады, мұғалім қателессе – бір ұлтты сауатсыз етеді. Болашақ ұрпаққа қателіксіз білім беріп, дұрыс бағытқа салу үшін, ұстаз әуелі өзін-өзі тәрбиелеп, дамытуы керек. Қырық жылдық тәжірибесі болса да, қырық минуттық сабаққа дайындықпен келу керек демекші Мұғалім болам дейтін әрбір адам, осы ережені ұстанса – жаңылмайтын, ұлағаты мол ұстаз болады. Мұғалім мектептің жаны, айнасы. Мұғалім қандай болса ол оқытқан оқушылары да сондай болмақ.

Қазіргі таңда технологиялардың қарқынды дамуына байланысты көптеген мамандықтар өз маңыздылығын жойып жатыр. Көбісіне сұраныста азайып келеді. Бірақ кез келген ғасырда да өзінің қоғамға керектігімен, өзінің ұлылығымен мәртебесін сақтап қалған ұстаз мамандығы ешқашанда өз мәнін жоймақ емес. Талай дәуірмен астасып, тамыры тереңге кеткен Ұстаздықтың болашаққа да қанатын кеңге жаятыны анық. Себебі, небір ғұлама ғалымдардың, ақындардың, дәрігер, спортшылардың артында тұғырлы тірек болып қарапайым ғана ұстаз тұрады.

Ұстаз еңбегі санамалайтын болса есебі жоқ еңбектерден тұрады.Алдындағы әр баламен тіл табысуы,әр балаға үйретуі,әр баланы тәрбиелеуі үшін бүкіл ғұмыры кететінін көпшілік біле бермеуі де мүмкін.Өз баласынан бұрын халықтың баласына уақытын көбірек жұмсайтын ұстаздарымызға қандай алғыс айтсақ та жарасады.Менің ұстаздық еңбек жолымда түйгенім қай уақытта да Ұстаз бейнесі қарапайымдылығымен дараланып тұрғаны дұрыс деп ойлаймын.Ұстаз имиджі қарапайым мінезді,байсалды болмысты,мәдениетті,сауатты сөйлеуді талап ететін мамандық деп танимын.Мұғалім стилі де классикалық үлгіде болғаны дұрыс.Дресс-код қанық көк болғанын қалар едім,ер мұғалім болғандықтан кастюмнің жағасында кішкене қазақы нақышта ою болса.

Өз ойымды қортындылайтын болсам,бүгінгі таңда жаңа мектепке – заманауи мұғалім керек. Білім берудің сапасы мен деңгейін жан-жақты көтеретін, жаңаша ойлайтын, оқыту мен тәрбиенің жаңа инновациялық технологияларды күнделікті жұмысында қолдана білетін, білгір иесі болу керек.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.11.2024
247
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі