400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Заманауи педагогтің ақпараттық құзіреттілігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Заманауи педагогтің ақпараттық құзыреттілігі


Койбагарова Л.Б. «Балапан» бөбекжайы КМКҚ

Тәрбиеші


Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті — ұлттық жəне жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға жəне кəсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім үшін қажетті жағдайлар жасау; жеке адамның шығармашылық, рухани жəне күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту», — деп атап көрсетілген. Аталған міндетттерді жүзеге асыру үшін оқытудың жаңа технологияларын енгізу жəне тиімді пайдалану секілді мəселелерді анықтап алу, білім беру жүйесіндегі басты ұстаным ретінде əркімнің өзінің білім алуға деген жеке əлеуетін қоғамда барынша пайдалануға көмектесетін оқыту жүйесін дамытуды қамтамасыз етуді көздейді. Сапалы білім алған, танымдылығы жоғары, құзыретті, бəсекелестіктің қайсыбір мықты тегеурініне төтеп бере алатын оқушылар ғана болашақтың кілтін аша алады. Еліміздің жаһандық дүниеде даралануы білімді, жігерлі, ұлттық санасы рухани бай жас ұрпақ арқылы іске асады. [4; 23б.].

Сонымен қатар педагогикалық-психологиялық əдебиеттерді талдау құзыреттіліктің түрлі мағыналық деңгейде қолданылатынын көрсетті. Олардың бірқатарын атап көрсетсек: субъектінің қоғамдық-практикалық тəжірибесінің қалыптасқандығы деңгейі (Ю.Н.Емельянов); қызметтік талаптарды іске асырудың адекваттылығы (Л.И.Анциферова); белсенділіктің арнайы жəне дара формаларын меңгергендігі деңгейі (Л.П.Урванцев, Н.В.Яковлев). Құзыреттілікке берілген анықтамалардың əр түрлілігі жəне көптігі, біздің ойымызша, оның кең мағыналылығынан жəне əр салада мамандар даярлау ерекшеліктерінен, сол сияқты оны зерттеуге ғалымдардың түрлі теориялық тұрғыдан келуінен шығады. Солай бола тұра бұл ұғымды неғұрлым кең сипаттаған анықтаманы Н.Ф.Талызина, Р.Х.Шакуров, А.И.Щербаковтар берді. Олардың айтуынша, құзыреттіліктің негізгі сипаттамасы — маманда кəсіби іс-əрекетті атқаруды қамтамасыз ететін білімдер, іскерліктер, дағдылар мен тəжірибенің бірыңғай кешенінің қалыптасқандығы деңгейі болып табылады.

Ақпараттық технологияларды қолданған мұғалім оқулықтағы тапсырмалармен байланыстырады, сондықтан бұл оқушылардың білім сапасына жақсы әсер етеді.Жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып, тақырыптарды терең меңгертуге болады, дәстүрлі емес әдістерді қолдану арқылы білік пен білім дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді. Сонымен қатар ақпараттық- коммуникативтік технологияларды қолдануда білім саласында бірнеше мәселелерді туғызып отыр. Оқушылардың жетісігіне ,денсаулығына және психологиясына кері әсер етуі.Оның ішінде: экран арқылы үлкен ауқымды мәліметтерді қабылдауы, «мұғалім мен оқушының » өзара әрекетінің болмауы, себебі компьютер мұғалімді толыққанды алмастыра алмайтындығы. Мұғалім ғана оқушының білімге деген құмарлығын арттыра алады, сеніміне кіреді, кез келген пәнге бағыттай алады,білімі үшін марапаттап,оқуға жетелейді. Бұл мәселелерді айта отырып ақпараттық технологиялар дегенмен оқушының қызығушылығын тудырады, оқу үрдісін қызықтырады және қарқындылығын көтереді, әділ бағалауды қамтамасыз етеді,өздік жұмыстарының молаюы.Мультимедиялық өнімдерді қолдану барысында, оқушының танымдық әрекетінде мұғалім білім берушіден бағыттаушыға, ұйымдастырушыға айнала алады. Бейне тасмалдаушының жылдамдығы және оңтайлылығы, қайта қолдануы, кадрді тоқтату мүмкіндігі сабақ барысында үлкен пайдасын тигізеді. [2; 124б.].

Қазіргі педагогика ғылымында негізгі базалық ілімдердің бірі «құзыреттілік» болып отыр.

«Құзыреттілік» терминіне алғаш анықтама беріп, лингвистикаға енгізген американдық ғалым Н.Хомский.

Құзыреттілік дегеніміз – тұлғаның бойында білім, дағды, іскерлік, ерік күш –жігердің болуы.

Құзыреттілік – оқушы іс-әрекетінің сапасынан көрінетін білім нәтижесі. Құзыреттілік ұғымы «білім», «білік» және «дағды» сияқты ұғымдарды қамтиды. Құзыреттілік – бұл алынған білімдер мен біліктерді іс-жүзінде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық мәселелерді шешуге қолдана алу қабілеттілігі.

Қоғамның ақпараттандыру процесі жеке тұлғаның ақпараттық құзыреттілігіне тығыз байланысты болып табылады. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялармен   оқыту  білім беру  саласында  кең пайдалануда,  ақпараттық әлемнің жаңа бүтінің түсіну үшін, оның ішінде  жаңа ақпараттық ортаға қажет жаңа құзыреті халқының құрылуына қамтамасыз ету үшін арналған. [5; 241б.].

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған  Жолдауындағы он сегізінші бағыттың маңызы ерекше. Онда: «Ақпаратты таратудың жаңа нысандарына бағдарланған білім беру бағыттарын құру міндеті де алдымызда тұр»,- деп атап көрсеткен.

Ақпараттың негізгі қызметі ақпараттық құзыреттілік болып табылады,яғни  ақпараттық қоғам жағдайында қызметінің негізгі түріне  жатады.

Бұл қазіргі жағдайда ақпараттық құзыреттілік тұтастай алғанда кәсіби педагогикалық құзыреттілігін анықтайтыны айқын болып табылады..

Информатика саласындағы оқытушы ақпараттық құзыреттілік  ақпараттық кәсіби жұмыс  білімімен қамтылуы тиіс.

Педагогтың ақпараттық құзырлығы – мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін ажырамас бөлігі ретінде, кәсіби және білім беру қызметін тиімді шешім қабылдау мүмкіндігін ескере отырып, нақты білім ұйымының ерекше түрі болып табылады. [1; 262б.].

Құзыреттілік педагогтың  ақпараттық теориялық және сауаттылық негіздерін көрсетеді. Мысалы, еркін сөйлеу, кәсіби қажетті ақпаратты білуге, өңдеуге,  оқушылармен өзара қарым-қатынасы және т.б.

Қазіргі заманғы мұғалімге мынадай ақпараттық құзыретілікті  жатқызуға болады.

  • Заманауи ақпараттық алқаптарында ақпаратты ұтымды іздеу және пайдалану әдістерін білуі керек;

  • Компьютерлік ақпарат түрлерімен жұмыс жүргізу дағдысын игеру;

  • Ақпаратты Интернетке жеткізе білуі;

  • Компьютер және Интернет - технологияларының көмегімен ашық және сыныптан тыс сабақтарды ұйымдастыру дағдысын меңгеру;

  • Интернет технологиялары арқылы тәрбиеленушілерге өзіндік жұмысты ұйымдастыруды білуі.

Маманның ақпараттық оқыту ортасында ақпараттық-коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастырудың 3 деңгейі анықталған:

  • Базалық – компьютерлік сауаттылығын ашу үшін базалық білім, білік пен дағды жинақталады; ақпараттық технологияны төменгі деңгейде пайдаланады (электрондық түрдегі ақпаратты құру, өңдеу, көшіру, сақтау, тасымалдаудың қарапайым тәсілдерін, ақпаратты презентациялық технология құралдары арқылы береді, Интернеттен ақпарат іздеу, желілік қарым-қатынас жасау, кездескен мәселелерді шешудің тиімді тәсілдерін таңдайды).

  • Технологиялық – кәсіби қызметінде ақпараттық технологияны құрал ретінде пайдаланады (Интернет-қорларды, пән облысына қатысты интерактивтілік пен ақпарат беру деңгейін сараптайды; программалық жабдықтар мен ауқымды компьютерлік желі қорларын технологиялық, экономикалық, эргономикалық және техникалық талаптарды есепке ала отырып талдайды; Интернет желісінде программалық-технологиялық және ақпараттық жабдықтардың берілу түрін, құралдарын, сапасын бағалайды);

  • Практикалық (кәсіби) – ақпаратпен жұмыс жасау үшін жаңа құралдар жасауды меңгереді. [3; 12б,].

Еліміздің болашақта көркейіп, бәсекеге қабілетті 50 мемлекеттің қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақтың қандай білім мен тәрбие алатынына тікелей байланысты. Ел президенті Н.Ә. Назарбаев «соңғы 10-15 жыл бойында бәсекеге қабілеттіліктің жаңа өлшемі пайда болды: салмақ жаһандық экономикалық жаңа сапаға – «білім экономикасына» өтуіне түсіріледі», – деген болатын. Олай болса, әр күні өзгеріске толы бүгінгі жауапты кезеңде замана көшінен қалып қоймай уақыт талабына сай ертеңгі болашақ жас ұрпақты білімді етіп тәрбиелеу ұстаздарға зор жауапкершілікті жүктейді. Ол мұғалімнен үздіксіз ізденуді, өз білімін үнемі жетілдіріп отыруды талап етеді. Өйткені, еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында. Мұғалімнің шеберлігі мен жетістігі – сапалы білім және жақсы тәрбие алған шәкіртінде. Оқушы шығармашылығын дамыту ісі үздіксіз жүргізіле бермек. Бұл қоғам талабына сай туындайтын қажеттілік. [1; 102б].






Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. Алматы-2008

  2. Егемен Қазақстан. 26.12.2003ж. №332-333 Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы.

  3. Б.А.Тұрғанбекова «Мұғалімнің шығармашылық әлеуетін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту: теория және тәжірибе» Алматы-2005

  4. К.Құдайбергенова «Құзырлылық – тұлға дамуының сапалық критерийі»

  5. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Педагогика жəне психология / Жалпы ред. басқ. А.Қ.Құсайынов. — Алматы: Мектеп, 2007.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
22 ақпан
1495
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі