Заманауи тәрбиеші
Адам жанының бағбаны –ұстаз
болуды армандаған мен, өзімді арманшыл жас деп білемін.Менің
бойымда қашанда биік мақсатпен, асқақ арман болды.Тәрбиеші болу-
менің жүрек қалауым.Кішкентай бөбектерімнің пәк жүздерін көрген
кезде, бар әлемді ұмытамын.Балғын бөбектер ак кағаз
сияқты,жүректері таза,шындықты ғана
айтады.
Мен тәрбиешімін... Осынау
мамандықтың қызығы мен қиындығын өзі бала ортасында жүрген жан ғана
түсіне алады.Жер бетінде тәрбиеші алдын көрмеген адам кем де
кем,мүмкін бұл мамандық сондықтан киелі шығар.Тәрбиеші деген сөздің
мағынасына үңілсек, мақсаты тәрбие беру екенін түсінеміз. «Тәрбиеші
өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана
тәрбиеші,оқуы,ізденуі тоқтасымен оның тәрбиешілігі де жойылады»
деген К.Д.Ушинскийдің сөздерін жадымда ұстаймын.Әр адамның мақсаты
бар,менің мақсатым-өскелең ұрпаққа тиімді білім беріп,саналы қылып
тәрбиелеу.Сондықтан болашақ ұрпақты саналы тәрбиелеу үшін тиімді
әдіс-тәсілдерді қолдану қажет болады.Тәлім-тәрбиеге байланысты
түрлі ашақ сабақтар,ұлттық тәрбиеге қатысты мерекелік кештер
откізіліп отыруы керек.Осындай іс-шараларды өткізу арқылы баланы
жан-жақты тәрбиелеп,білімге деген қызығушылықтарын арттыру-біздің
міндетіміз.Тәрбиелі,білімді болған кезде ғана баланың көзі
ашық,болашағы жарқын болады.
Балабақшада ата -анамен жұмыс
жүйелі орынға қойылған дұрыс.Осыған орай –ата -аналардың
балабақшаның оқу қызметіне араласып,ұйымдастырылған түрлі
байқауларға қатысып ізденіс үстінде жүрсе,тәрбишініңде шеберлігі
шыңдала түспек.Тәрбиеші жиналыс барысында қызықты
тренингтер,семинарлар, сауалнамалар жүргізе отырып,бала тәрбиесіне
арналған бейнероликтер көрсетіп, ата -ананың бала тәрбиесіндегі
рөлінің жоғары екендігін ұғындыра білу.
Заманауи балабақшаның
тәрбиешісі әрдайым үздік тәжірибелерді қолдана жүріп,өз іскерлігін
дамытып тұруы қажет.Тек алға ұмытылып,жаңа технологиялар мен
дәстүрлі емес әдәстерді меңгере отырып,халық ауыз әдеби
шығармаларын да ұмытпағанымыз жөн.Қазіргі заман балаларының
қоршаған ортаны тануды көмектесу үшін тәрбиешіге білімі мен
шеберлігін түрлендіріп отыруы қажет. Технология қарқынды дамып
жатқан қазіргі біздің заманда тәрбиешілер де заман талабына сай
техникалық құралдарды меңгере білуі керек.