Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Заманауи тұлға қалыптастырудың жолы кретивтілік дамудың жолы»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Заманауи тұлға қалыптастырудың жолы кретивтілік дамудың жолы»
Материалдың қысқаша нұсқасы

Педогогикалық сағат

Тақырыбы: «Заманауи тұлға қалыптастырудың жолы кретивтілік дамудың жолы»

Жоспар:

  1. Шаттық шеңбер: «Керісіншілер елі» тренинг

  2. «Заманауи тұлға қалыптастырудың жолы-кретивтілік қабілеттерді дамыту» ( теориялық бөлім)

  3. Қорытындылау

Мақсаты:

Білім стандарты бойынша жанжақты білімін жетілдіру, пәнге, ізденушілікке деген қызығушылығын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін ашу, дамыту, сабақтын (түрлі) әдістерін, жаңа технологияның тиімді, пайдалы түрлерін баланың бойына сіңіру, шығармашылық тұлға қалыптастыру;

Міндеті: жеке тұлғаның дамуы мен өзін-өзі жүзеге асыру жағдайын қамтамасыз ету. Өзін-өзі танудың бір тармағы-жеке тұлғаның өздігінен дамуын тану, өзі туралы білім алуға бағытталған шығармашылық іс-әрекетін тану, сол тану нәтижесінде  жан-жақты жетілген, өзін үнемі дамытатын, креативті, шығармашыл жеке тұлға болып қалыптасу.

І. «Керісіншелер елі».Тренинг жаттығулар Мақсаты: Ойша әрекет ету қабілетін жаттықтыру. 
Жаттығудың жүргізілуі: балалар шеңбер бойына отырады. Жетекші үш әріптен тұратын сөзді айтып, допты лақтырады. Допты ұстаған ойыншы әріптерді кері атайды (күн-нүк, көз-зөк, сан-нас). Аударылған сөздердің мағынасы болмауы мүмкін. Ойынның күрделенуі сөздің ұзақтығына байланысты.

ІІ. «Шығармашылық қабілеттер» немесе креативтілік деген не? Латын тілінен аударғанда креативтілік «ойлап табу», «жасап шығару» дегенді білдіреді Креативтілік – тұлғаның өзін-өзі дамытудағы маңызды фактор. Шығармашылық көзі – танымдық қызығушылық, интеллектуалдық қабілет,білім, саналы ойлау,тұлғалық мінездеме, мотив және қоршаған орта. Креативті оқыту технологиясы бойынша ізденушілік, зерттеушілік, эвристикалық әдістермен жұмыс жасалады, қиялдауға итермелейді, қысылмай өз ойын айтуға мүмкіндік береді. Аталған әдіс-тәсілдерді іс жүзінде іске асыру мақсатында сөйлеу дамыту, математика, жаратылыстану   «Болжау әдісі», «Аяқталмаған сөйлем», «Доп лақтыру жаттығуы»  әдісі тәрізді креативтік әдіс-тәсілдер қолдану және бұл балалардың қызығушылығын туғызу. Жеке тұлғаның шығармашылық қызығушылығы – бұл ішкі процесс, адамның орта әсеріне белгілі біржауап беру тәсілі, өзіндік қарама-қайшылықтар әсерінен және қоршаған ортаға, өзін саналы түрде жетілдіруге ұмтылысы. Шығармашылық қызығушылықтың жетекші функцияларына талаптанушылық, танымдық, реттеушілік, рефлексиялық, белсенді өзара қарым- қатынас тағы басқалары жатқызылады. Ойын әрекетінің әртүрлі компоненттерін сұрақтармен, нұсқаулармен, түсіндірулермен, көрсетулермен сәйкес қолданады. Дидактикалық ойындар балалардың креативтілік қабілетерін дидактикалық ойындарда  (ойын-сабақтарда, дидактикалық ойындардың өзінде) балаларға жұмбақ, сөйлемдер, сұрақтар түрінде ұсынылады. Бұл ойындар баланы жеке тұлға етіп жан-жақты тәрбиелеудің құралдары болып табылады. Дидактикалық ойындардың мазмұны балаларда қоғамдық өмір құбылыстарымен, қоршаған орта заттарымен дұрыс қарым-қатынасты қалыптастырады.

НИКИТИН ТЕКШЕЛЕРІ МЕН БАЛАНЫҢ ДАМУЫ

Балалар мен олардың ата-аналары үшін Борис Никитиннің ерекше әдістемесі жасалды. Сәбилердің дамуына көмектесетін «Никитин кубтарын» ойлап тапты. Бұл жаңашыл жаңалық бүкіл әлемді таң қалдырды. Техника тиімді болып шықты.

БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘРТҮРЛІЛІГІ ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІ.

Б. Никитин әдісі:

1.«Үлгіні бүкте» ағаш жиынтықтары (16 дана) ойнауға арналған. Бұл түрлі-түсті Никитин текшелері баланың қиялдауға және ою-өрнектер жасауға мүмкіндік береді.

ОҚУ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ПАЙДАСЫ

1. Баланың ересек өміріне көмектесетін жады тәрбиеленеді.

2. Бала тез әрекет етуге, дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік беретін ойлауға үйренеді.

3. Табандылық дамып, бала мақсатына қарай біртіндеп жылжуды үйренеді.

4. Қоршаған әлем туралы білім кеңейеді, кеңістіктегі ойлау, қиял, симметрия сезімі дамиды.

5. Бала оқуға, санауға қажет ойындардың көмегімен мектепке алдын-ала дайындалады.

6. Никитиннің текшелері балалардың дамуына, моторикасына жақсы әсер етіп қана қоймайды, сонымен бірге олар мен олардың ата-аналары арасындағы байланысты нығайтуға көмектеседі.

2.Шаршы бүктеу ойыны: Никитиндердің даму жүйесіне кіретін келесі ойын логикалық ойлауды дамыту үшін ұсынылады. Авторлардың айтуынша, ол 3 жастан 7 жасқа дейінгі сәбилерге жарамды. Fold Square әртүрлі геометриялық фигуралар жиынтығы сияқты көрінеді, олардан шаршыларды жинау керек. Олардың әрбір бөлігі бірдей түске боялған. Ойын үш қиындық деңгейінде ұсынылған. Біріншісінде шаршы екі бөліктен, екіншісінде үш бөліктен тұрады. Әрбір жаңа деңгеймен бөліктер саны артады. Никитиндерді дамыту әдістемесі өте кішкентай балаларға жинау үшін үш бөліктен артық емес беруді ұсынады. Үлкен балаларға келетін болсақ, олар бес бөліктен тұратын шаршымен айналыса алады. Ал мектепке дайындалып жатқан балалар тапсырмаларды және одан да қиын - жеті бөліктен алады. Тапсырманың қаншалықты сәтті орындалатыны ең алдымен баланың ойынға деген қызығушылығына және оның дайындық деңгейіне байланысты. Ата-аналардың пікірінше, «Бүктелген шаршы» ойынын әдеттегі тапсырмалардан бастаған дұрыс. Бұл тәсіл баланың әрекетке деген қызығушылығын оятады. Сонымен қатар, әрбір дұрыс орындалған тапсырманы мадақтау арқылы бекіту керек. Никитиндер бұл әдіс ойынға деген оң көзқарасты нығайтады деп сендіреді.

2 Кубизм әдісі.
Мақсаты: ақырыпты жан-жақты қамтуға терең және қызықты стратегияның бірі. Алты қыры бар кубик қырлары бойынша жұмыс ауызша, жазбаша, аралас түрде жүргіземіз. «Кубизм»  кубиктің көмегімен төмендегі тапсырламарды бөлу:
1. Суретте (түсі, пішіні, өлшемі).
2. Салыстыр (неге ұқсас, неге ұқсамайды?).
3. Байланыстыр (бұл туралы ойлағаныңызды көзге елестетіңіз).
4. Таңда (Неден жасалған? Неден тұрады? Не үшін?).
5. Қолдан (бұнымен не жасауға болады?).
6. Дәлелде («ия», «жоқ» деп оған дәлел келтіру, бұл жақсы ма, әлде жаман ба? Неге?) 
Әр топ кубик бойынша өздеріне берілген тапсырмалармен жұмыс жасайды, тақырыпқа сәйкес жеке жауабы тыңдалады. Кері байланыс: Сұрақ-жауап қойылып алынды. ІV.Қорытынды бағалау: «Ғажайып кітап» Мақсаты: Тақтаға беті ашылған кітаптың суреті салынған плакатты жапсыру. Плакатқа тәрбиешілерге таратылған стикер қағазға, өз ойларын жазады. Жазылған стикер қағазды тақтаға жапсырады.























«Айым» балабақша – бөбекжайы ЖШС













Педогогикалық сағат тақырыбы:

«Заманауи тұлға қалыптастырудың жолы кретивтілік дамудың жолы»



















Өткізген: Сембинова К

















Семей қаласы 2022-2023жыл



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.10.2024
148
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12