«Замануи әдіс-тәсілдер және платформаларды география сабағында қолдану»
(география пәніне арналған әдістемелік құрал)
Құрастырған:
МАЗМҰНЫ:
-
Кіріспе..................................................................................................... 3
2.ОҚУШЫЛАРДЫҢ ГЕОГРАФИЯ ПӘНІНЕ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ОЯТУ БАРЫСЫНДА ОЙЫН ТҮРЛЕРІ МЕН ИННОВАЦИЯЛЫ ТРЕНИНІГТЕР ҚОЛДАНУ ...................................................................................................... 4
-
3.3D Платформалар арқылы география пәнін оқытудың артықшылықтары.................................................................................................9
4.ҚАЗАҚСТАННЫҢ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ТАРИХЫ ...................................... 15
5.ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФИЗИКА – ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ (ТЕСТ ТОПТАМАСЫ) ............................................................................................... 27
6.ЖАҒРАФИЯЛЫҚ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР ................................................. 40
7.ҚОСЫМША .................................................................................................. 42
8.ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ........................................................... 49
Кіріспе
Қазіргі білім беру жүйесі жаңа технологиялардың дамуымен бірге өзгеріп келеді. Әсіресе, ақпараттық технологиялар мен сандық құралдардың білім беру саласына енгізілуі, білім беру үдерісін жаңартуға, оны тиімді әрі қызықты етуге мүмкіндік береді. Олардың ішінде, география пәнін оқытуда 3D платформаларды пайдалану — уақыт талабы және оқушылардың білімін тереңдетудің бірден-бір тиімді жолы бойынша қызығушылығы мен білім сапасын арттыруға бағытталған нәтижелі әдістердің қолданылу аясы туралы толық баяндалған.
Білім жүйесіне енгізіліп жатқан жаңалықтар әртүрлі болғанымен, олардың түпкі мақсаты бір. Тұлғаны теориялық білімді өмір дағдысымен ұштастыра алатын фунционалдық сауаттылығы қалыптасқан бәсекеге қабілетті азамат етіп тәрбиелеу. Ал, бұл мақсаттарға қол жеткізу соншалықты оңай жүзеге асып жатырма? Қандай қиындықтар мен тәуекелдер бар? XXI ғасырда білім жүйесі қандай болу керек? – деген заңды сұрақтардың туындайтындығы ақиқат. Ата-аналар балаларға көп салмақ түседі деп наразылық білдіреді. Мұғалімдер болса, қазіргі балалардың сабаққа еш қызығушылықтары жоқ деп арыз айтады. Сонымен не істеу керек? Осы сұрақтарға жауап іздеу мақсатында бірнеше жылдан бері қолданып келе жатқан әдістерімді педагогикалық тәжірибемді жоба ретінде ұсынуды жөн санадым. Себебі, білім алушы жастардың жалпы оқуға деген құштарлығының төмен болуы деген ең өзекті мәселемен бетбе бет келдім. Мен қазіргі алфа және зет ұрпақтар дәуірі деп аталатын өрендердің оқуға ынтасының қандай факторлар әсерінен төмендейтіндігін зертеуден гөрі оларды оқуға ынталандыру жолдарын іздестірдім. Оларды қызықтырудың төте жолы – олардың дәуірі, яғни ақпараттық технологиялардың жетістіктерін құрал ретінде қолдану арқылы нәтижеге жетуге болатындығына көзім жетті. 3D Платформалардың география пәнінде қолданылуды жөн көрдім География — табиғаттың алуан түрлілігін, жер шарының құрылымын, климаттық өзгерістер мен табиғи құбылыстарды зерттейтін ғылым. Бұл пәнді үйрету барысында көпшілік жағдайда оқушыларға абстрактілі ақпараттар мен түсініктер ұсынылады. Алайда, географиялық объектілерді визуализациялау немесе үш өлшемді модельде көрсету оқушыларға пәннің күрделі тұстарын оңай әрі қызықты түрде түсінуге мүмкіндік береді. Бұл жерде 3D платформалардың маңызы зор.
-
3D Платформалар арқылы география пәнін оқытудың артықшылықтары
Көрнекілікті арттыру: 3D технологиялар нақты географиялық объектілерді, мысалы, тауларды, өзендерді, құрлықтар мен мұхиттарды үш өлшемді түрде көрсетуге мүмкіндік береді. Оқушылар географияның абстрактілі ұғымдарын визуалды түрде қабылдайды, осылайша олардың түсінігі кеңейеді.
Интерактивтілік: 3D платформалар оқушылардың оқу процесіне белсене қатысуын қамтамасыз етеді. Оқушылар тек тыңдап қана қоймай, сондай-ақ әртүрлі географиялық процесстерді модельдеу арқылы тәжірибе жинақтай алады. Мысалы, оқушылар климаттық өзгерістерді модельдеп, жердің ауыспалы экологиялық жағдайларын көре алады.
Географиялық процестерді имитациялау: 3D платформалар арқылы табиғи процестерді нақты уақыт режимінде бақылауға болады. Бұл география пәні бойынша күрделі тақырыптарды, мысалы, жер бедерінің өзгеруі, су циклінің жүрісі, ауа райы жағдайларының қалыптасуы сияқты ұғымдарды жақсы меңгеруге мүмкіндік береді.
Жеке оқу траекториясы: Әр оқушы 3D платформаны пайдалану арқылы жеке оқу траекториясын қалыптастыра алады. Олар өз қарқынымен жұмыс істеп, тақырыпты зерттеп, көбірек мәлімет алады. Бұл өз кезегінде оқушылардың дербес жұмыс жасау дағдыларын дамытуға ықпал етеді.
-
3D Платформалар мен география пәнін оқытудағы интерактивті құралдар
Бүгінде географияны оқытуда пайдалануға болатын көптеген 3D платформалар мен құралдар бар. Солардың ішінде Google Earth, ArcGIS, Geogebra секілді сандық карталар мен модельдеу құралдары кеңінен қолданылады.
Google Earth платформасы арқылы оқушылар жер шарының кез келген нүктесін көруге, тарихи орындар мен географиялық нысандарды зерттеуге мүмкіндік алады. Сонымен қатар, олар карталар мен географиялық объектілер туралы толық мәліметтерді көре алады.
ArcGIS — бұл географиялық ақпараттық жүйе, ол тек карта жасау мен өңдеуді ғана емес, сонымен қатар табиғи құбылыстарды зерттеу мен модельдеуге мүмкіндік береді. Оқушылар өздігінен карталарды жасап, түрлі географиялық мәліметтерді талдай алады. Geogebra сияқты математикалық модельдеу платформалары да географиялық процестерді көрсету үшін пайдаланылуы мүмкін. Бұл платформалар география пәнінің түрлі салаларын, мысалы, жер қыртысының қозғалысы мен табиғи өзгерістерді көрсету үшін пайдалы. 3D Платформаларды қолданудың қиындықтарыӘрине, 3D платформаларды оқу процесіне енгізу оңай емес. Бұл жаңашылдық мұғалімдерден арнайы дайындық пен осы құралдарды тиімді қолдану дағдыларын талап етеді.\
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ГЕОГРАФИЯ ПӘНІНЕ
ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ОЯТУ БАРЫСЫНДА ОЙЫН ТҮРЛЕРІ
МЕН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТРЕНИНГТЕР ҚОЛДАНУ
Бүгінгі таңда еліміздің білім беру ісінде көптеген түбірлі өзгерістер, әр түрлі жаһандық оқыту технологиялары енгізілуде. Білім беруде ұстаздардың жаңашыл, тиімді әдіс тәсілдерін жні колданып, өз тәжірибемді де молайтудамын.
Мақсатым:Оқушыларды пәнге белсенділікпен катыстырып, ойлау кабылеттерін дамыта отырып, ынтымақтастыққа тәрбиелеу,пәнге кызығушылығын арттырып, сабақты қызықты және мазмұнды өткізу. Жана заман ағымына ере білетін сауатты жаңашыл ұрпақ даярлау.
Білім мен технологияның ұштасып қатар дамыған заманында оқушыларды пәнге, кітап оқуға қызықтыра білу ұстаздар қауымы алдындағы үлкен жауапкершіліктің бірі. Ойы ұшкыр бүгінгі ұрпақ алдында 45 минутта әр-түрлі әдіс-тәсілдер пайдалану ұстаз шеберлігінің көрінісі. Сабак кезінде оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілетін дамытуға көп көңіл бөлемін. Осы орайда сабақтарда
Ұлттық ойын элементтерімен қатар жаңа инновациялық технологиялардың элементтерін, тренингтер пайдалану оқушының қызығушылығын оятуда тигізер пайдасы орасан зор.
Оқушылардың белсенділігін шығармашылық кабілеттерін дамытуда,белсенділігін арттыруда, ұстаз бен оқушы арасындағы
ынтымақтастықты нығайтуда,сабақта ойын элементтерін пайдалануда топпен жұмыс жасау оқытудың негізгі тәсілдерінің бірі.
Сынып оқушыларын топқа бөлудің бірнеше түрлеріне тоқталсам: түстермен, геометриялық фигуралармен, смайликтермен, тақ және жұп сандарымен, тіпті бала санына карай жұлдыздары арқылы бөлуге болады. Топта топбасшы, спикер топты қорғау мақсатында топ мүшелерінің белсенді қатысуына көңіл бөледі.
Бөлінген топтар санына орай екінші топка бірінші топтың бағалау критерилері көрестіген паракша таратылып, топтар бірін-бірі бағалайды.Оқушылар бағалануымен өткен топпен жұмыста тіпті үлгермейтін балалардың да пәнге деген кызығушылығы артпақ.
Сабақты өткізу барысында ойын, тренингтерге қойылатын талаптар:
І.Ойынға бөлінген уақыт мөлшері оқушыны жалықтырмайтындай болуы керек.
ІІ.Ең бастысы ойын түрлері тақырып аясынан ауытқымай, оның мазмұнын ашуы катаң ескеріледі.
ІІІ. Ойынға қажетті материалдар алдын-ала дайындалуы керек.
IV.Ойынның түрін таңдап алу, мысалы, ойын мақал-мәтел,жұмбақ, жыңылтпаш түрінде болуы мүмкін.
V. Ойынның өту жоспарын жасау.
Оқушылардың пәнге қызығушылығын аттырудың тағы бір түрі географияның сыныптан тыс жұмыстары мен кештері. Сыныптан тыс жұмыстардың жүргізілу әдістері оқушылардың өз бетімен ізденісімен,ойын түрлерінің кең колданылуымен ерекшеленеді. Егер сабақтың мақсаты оқушының жақсы үлгерімі болса, мұндағы мақсат-географиялық проблемаларға кызығушылығын арттыру, өз білімін көтеру,шараны өткізудегі өзінің қоғамдық міндетін түсіну.
Сондықтан,сыныптан тыс жұмыстар сабатың мазмұнымен,әдісімен, турлерімен және жургізілу дәрежесінен де өзгеше болуы керек.
Географиядан сыныптан тыс жұмыстар алуан түрлілігімен ерекшеленеді:
үйірмелер,сыныптан тыс оқу, конференция,ертеңгіліктер мен кештер, география апталығы, ойындар, сайыстар.Қай жұмыс түрі болмасын, оқушының қоғамдық пайдалы еңбегіне назар аударған жөн.Сыныптан тыс жұмыстардың
түрлері мақсатымен ерекшеленеді.
1.«Менің таңбам» XV ғасырдың екінші жартысында Еуропалықтар қоғамдағы өз орындарын білдіру үшін арнайы эмблемалар пайдаланған. Атақты адамдар өз таңбаларын мақтан тұткан. Бұл таңбадан адамның жеке ерекшеліктерін,отбасы
жетістіктерін мінезін білуге болған. Таңба - негізгі қалқан болып табылған.
Біз де бүгінгі өткен жаңа тақырыбымызға байланысты таңба жасаймыз. Ол үшін сендер таңба бейнесі жасалған парақты алып, бөлінген бөліктерін толтырасыңдар.
Бұл таңбаны географиядан ұлы географтар тақырыптарында немесе жеке-жеке мемлекеттер таңбасын тіпті материктер таңбасын жасауда үй тапсырмасын
тексеруге немесе қорытындылау барысында көптеп колданады.
Мысалы:
Халық саны, тілі, діні
Мемлекеттің туы, елтаңбасы, астанасы
«Саргас» теңізін ашты
Материкке «үнді аралы» есімін берді
Шаруашылығы, экономикасы
Басқару формасы
3 – саяхат барысында дүниеден өтті
Америка материгін ашты
«Сикырлы таякша»
Мемлекет жайлы үш
Христофор Колумб
«Сиқырлы таяқша»
Оқушылар сиқырлы таяқшаны ұсына отырып, мемлекеттің экономикасының ілгерлеу жақтары мен құлдырау жақтарына токталады. 7-сыныптарда материктерді қорытындылау барысында дуние беліктерінің ең биік, ең аласа нүктелері арқылы да ойнату қызықты.
«Таны, тап, далелде»
Мақсаты: Баланың сабаққа қызығушылығына қаншалықты көңіл бөліп отырғандығын анықтауға болады. Өткен сабақты қайталау барысында көптеп колданып, оқушының өтен сабақты қалай менгергенін бакылау.
Шарты: Алдын ала оқушыға өткен сабақтан үзінді жазылған парақша таратылады. Парақшаны қай ережеге, кейіпкерге немесе географиялық тау-тасқа байланысты екенін оқушы тауып дәлелдеу керек.
8- сыныптағы Қазақстанның биік таулары такырыбында Алтай тауының пайдалы қазбалары жайлы мәліметтер келтіріп, қай тау туралы корсетілгенін анықтату, немесе мемлекеттердің тілі, діні, ақшасы, рәміздерін көрсете отырып қай мемлекет екенін анықтату.
«Кун шуағы»
Жаңа сабақтарды түсіндіру барысында қолданылуға тиісті түр. Кез келген ақын - жазушыны, кез келген сөз табы, құрмалас сөйлем түрлерін немесе кез келген географиялық денеге тоқталу барысында қолданса оқушылар қызыға қарап, есте жақсы сақтап қалады.
«Мен өзен» ойыны.
6-сыныпта «Өзендер» тақырыбынан кейін ойналады. Мұғалім ойынды бастап: -Мен Еділмін, қайда барып құямын?- дейді. Оқушы -Каспийге барып құямын- деп ары қарай ойын жалғаса береді. Оқушылар өзеннің арнасы арқылы ағып келесі өзенге құятынын біле отырып, қызығушылықтары оянады.
7-сыныпта материктер мен мұхиттардары өзен, көлдер жайлы өткенде.
8-сыныпта «Қазақстан өзендері» тақырыбында, «Өзендердің құю алаптары» тақырыптарында ойнатылады.
«Көкжиек» ойыны.
5-6 - сыныптарда көкжиек тұстарын үйрету мағынасында ойнатылады. Екі оқушы немесе топпен ойналады. Мұғалім немесе топбасшы «оңтүстік, солтүстік, батыс, шығыс» дегенде оқушылар аталған бағытқа жылдамдықпен бұрылуы керек. Қателескен оқушыға өткен тақырыптардан сұрақтар, дұрыс бұрылған оқушыларға ынталандыру жұлдызшасы таратылады.
«Қай қатар жылдам» ойыны.
6, 7, 8-сыныптарда ойнатылады. Географиядан бірінші топ таулар ерекшеліктерін, екінші топ қай тау екенін өте жылдамдықпен дәлелдейді. Немесе табиғат рессурстарында, масштабты табуда, географиялық құралдармен жұмыс жасау барысында оқушылар жылдамдығын, ой ұшқырлығын байқататын ойыннын бірі.
« Ұсталып калма» ойыны.
Жерге алты материктің кескіні сызылады. Алты оқушы шығып барлығы сапқа тұрғызылады. Жүргізуші әр материкке тиесілі өсімдік, жануарлар немесе қала аттарын атағанда оқушы сол материктің ішіне кіруі керек. Шатастырып басқа материке кіріп кеткен окушыға үй тапсырмасынан сұрақтар беріледі.
9-сыныпта тақтамен жұмыс ретінде ойнатылады. Тактаға Қазақстанның кескін картасы ілінеді де мұғалім табиғат рессурстарының бай орындарын немесе еліміздің қалаларының аттарын айтады. Оқушы кескін картадан шапшаңдықпен тауып көрсетуі керек. Бұл ойын түрі де оқушының өзіне деген жауапкершілігін арттырып, есте сақтау қабылетін дамытады.
«Хан талапай» ойыны.
Барлық сыныптарда ойнатылады. Сынып спикері номерлермен бейнеленген асықтарды шашып тастайды. Топ мүшелері таласа жинайды. Асықтағы номерлерде үй тапсырмасын тексеру немесе жаңа сабақты қорытындылау мақсатында сұрақтар жазылған. Сұрақтарға жауап беру арқылы топ мүше жинайды т. б.
«Картаны жина» ойыны.
Мемлекеттер, тау түрлері, материктердің бөлшектенген кескін картасын топ мүшелеріне береміз. Топ мүшелері оны құрастыра отырып анықтама жасайды.
Берілген тренингтік жаттығулар «Жаһандык білім беру» жобасының тренингтерін мұғалім өз шеберлігіне сай өзгертіп, қолданып отырады.
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ БІЛІМ - ЖАЛПЫ БІЛІМ МӘДЕНИЕТІНІҢ
БӨЛІГІ РЕТІНДЕ
Географиялық білім - жалпы білім мәдениетінің бөлігі ретінде қазіргі білім жүйесінде біршама өзгерістік жұмыстарды атқаруда. Ол өмірдің түпкілікті өзгеруіне байланысты адам коғамының өркендеуіне жаңа мыңжылдықта ақпаратпен ғаламдануға қатысып жалпы, осы келе жаткан жас өркеннің талабының күшейуіне әсер етеді.
Осы шарттарға байланысты мектеп қабырғасындағы «география» әлемдік деңгейдегі, философия, тарих, шет тілдері сияқты пәндермен қатар оқытылатын негізгі пән болу қажет. Тек география пәнінде ғана оқушы адам мен коғамдық ортаның географиялық ортадағы орнын, адамның әлемдік өркениеттегі орны туралы және оның рөлі туралы және т.б. мәселелерді қарастырады.
Міне осы себепке байланысты мектеп географиясының міндеті ретінде оқушыда географиялық мәдениеттің қалыптасуы керек.
Географиялық білім басқа білімдермен қатарлас оқушының дүниетануына негіз бола алады. Географияны оқи отыра оқушы жалпы жер бетінің қалай дамығаны туралы мағұлмат алады.
География - негізгі және жалпы білімдерді біріктіреді. Ол «Табиғат - адам
шаруашылык» деген жуйені бағындырады.Географиялык біліммен қоса оган:
астраномия, геология,топырактану, этнография, экономика сиякты білімдердің мазмұны енеді.
Географияның білімдегі ролі жоне когамдык медениеттегі орны туралы көптеген атакты адамдар өз ойларын ашты. М. В.Ломоносов,Н.В. Гоголь,
К.Д. Ушинский тағы басқа көптеген географ ғалымдар (Н. Н.Баранский,
Ю.Г.Саушкин,B.C.Преображенский т.б.) географиялық мәдениеттің маңызын жазды.
Алғаш рет географиялык мәдениет туралы накты және толығырақ
В. П. Максаковский қарастырған болатын.Жеке мақалаларында кейінірек
монографиясында ол географиялық мәдениетін, белгілерін карастырып
негізгі скі аспектіні ашып көрсетті: ол - тар (арнайы) және кең (жалпылай) (Географиялық мәдениет.-M.,1998).
Бұл ғылым адам мен бүкіл адамзаттық географиялық кабықтағы орнын көрсетеді. Сондықтан оқушы мектеп жасынан географияны оқи отыра басқа мәдениеттегі адамдарды түсіне алу керек, және табиғаттағы өзінің орнын білуі керек.
Географиялық білім спецификалы - ол әлемді қалай танып білуге көмектеседі: ол адамдар арасындағы қиын байланыс жүйесін көруге, түсінуге көмектеседі, қоршаған ортаны және территорияларды білуге негіз болады. Күнделікті өмірде географиялық мәдениеті бар адам, шикізаттың қалай шығарылатынын (батпақта, жайылымда) білуі керек. Өз аймағында географиялық мәдениет кіші қаланың дамуын болжауға, шаруашылықтың көптеген салаларының дамуын көрсетуге, жер асты суларының өзгеруіне, су қорларындағы табиғаттың өзгеруіндегі өзгерістерді көруге көмектеседі.
Ғаламдық деңгейде географиялық мәдениет адамға күн мен Солтүстік Американың кұрғауына байланысты, Арктикадағы мұздық пен Африка көлдеріндегі судың шамасындағы байланыс атмосфера циркуляциясындағы өзгерістерді, климаттық болжамдарды білуі керек.
Географияны оқу барысында оқушы санасына географиялық әлемдік сурет қалыптасады. Оны қалыптастырғанда оқушы санасында адам мен әлем арасындағы байланысты түсінеді.
Географиялық білімді адам адамдар арасындағы байланысты түсінеді, территория, табиғат пен шаруашылық арасындағы кең ұғымда оқушы географиялык мәдениеттің келесі бөліктерін қарастырады.
Географиялық қабыктың құрылымы әртүрлі, онын әр бөлігі,құрамы (зоналық және азоналық табиғат комплекстер) және ерекшеліктері бар, косымша оған дамудың ортак белгілері бар.
Географияны оқи отыра оқушы география ғылымының тілін үйренеді.
Мағынасына қарай олар: жалпы географиялық, картографиялық, физикогеографиялық, (геология-геоморфология,климатология, гидрология және т.б.) экономикалық-социалистік география, абстракция дәрежесімен ( абстрактілі
платформа атмосфера циркуляция өзен ауа-райы) келісіледі.
Географиялық мәдениет элементіне ғылыми факторлардың тілін білуде әсер етеді олар эмпирикалык білім негізі, цифр күн тілдері, географиялық атаулар,
географиялық номенклатураны білуде географиялық методиканың бір белгісі болып табылады.
Географиялық әдіснамаға сүйенсек адамның картографиялық білімінде
географиялық мәдениетке жатқызамыз. Себебі, Н.Н.Баранский «Картаны
географияның екінші тілі» деп атаған. Географиялық карта халықаралық байланыс тілі болып отыр. Географиялық мәдениеті бар адамға картаны білу математика сияқты кажет. Картографиялық әдісті географтар ғана емес басқа мамандарда қолданады. Карта қазір жиі теледидарлар алдында шығып отыр.
География адамға әлемді әртүрлі табиғат бөлшектерінен құралған деп қаратпайды, бір-бірімен байланысты компоненттерден тұратынын тусіндіреді.
Географияны оқытудың ерекшелігі онда өлкетану, экологиялық экскурсия және жергілікті жердің картасы сияқты қосымша жұмыстар жүргізіледі.
Географияны оқыту әдістемесінің пәні ретінде - мектептің пәні, оның құрамы мен құрылысы өз алдына ерекше педагогиканың құрылымы болып табылады.
Географияның әдістемесі географияны неге оқыту керек деген сұраққа жауап береді, мектептегі пәннің мазмұнын көрсетеді. Қандай қосымша формалар мен әдістер қолдануға болады. Басқалай айтқанда ол қандай мақсат пен неге, ненің көмегімен географияны оқыту керек, деген сұрақтарға жауап береді.
Мақсаты, мазмұны, әдістері мен формалары оқытудың біркелкілігін қалыптастырады.
Ғылым ретінде географияны оқыту әдістемесі екі аспектіден тұрады - теориялық жене методикалық білімдерін қарастыратын қиындыктарына пән және ғылыми зерттеу оқытудың мақсаты, педагогикалық - психологиялық оқудың негіздері жатады.
Орташа білімнің өзгеруіне байланысты методологиялық ғылымда қиындатылады. Жалпы географияның мақсаты оның сол пәнге бағытталуында.
Қазіргі таңда маңызды сала ретінде географияның мазмұны қарастырылады. Құрастырылған бағдарлама тек қана қазір емес, болашақта оқытылуы керек делінеді.
Әдістеменің негізгі мақсаты оқушылардың әлеуметтік мазмұндарында қарастырып, алған білімдерін практика жүзінде де қолдана білуді уйрету керек. География оқушылар үшін әлеуметтік мәселелерді қарастыратын пән және жергілікті жердің экологиясында қарастыруға мүмкіндік береді.
Әдістемедегі стандарттарды жасау жергілікті жердің шарттарында қарастыруы керек. Теориялык маңызды сұрақтарға сабақта теория мен дәлелдің,
физика жане экономикалық географиялық білімдердің арасындағы байланысты қалытастыру кейбір теория жүзіндегі сұрақтар әдістемеде бір ғана шешім таба алмайды. Соңғы жылдарда щет елдерде жаңа термин енгізілуі оқыту технологиясы деген, ол оқыту әдістемесімен алмастырылады.Географияны
оқыту әдістемесі іздестірулерден жаңа оқыту технологиясы шығып отыр, экологиялық географияны оқыту технологиясы.Технологиянын назары оқушылардың бағалануын қарастырады.
Географиялық білімнің байланысы бірнеше бағытта қарастырылады. Географияны физикалық, экономикалық және әлеуметтік деп бөлу ұзак уакыт бойы мектеп географиясында сақталған. Оқушыға география бүтіндей, техникалық гуманитарлық білімдер байланысты түрінде көрсетіледі. Мектеп географиясның бөлімі ретінде модульдік курстар қарастырылады, факультативтер географияны терендей оқу үшін құрастырыған. Программалар мазмұны басқада пендер мен байланысып (физика-географиялық жағдайымен,елтану,топография, картография,геология, экология т.б.) өзара байланыс калыптастырады.
Географиялық ғылым мектеп географиясына ғана әсер етпейді.
Ол ондағы әдістер мен тәсілдерінен керінеді: Оқыту әдістерінің ішінен окушыларға аса ерекше үйретілетін картографиялық, статистикалық, бақылау әдісі, салыстыру т.б. оқу экскурсиясы процесінде далалық зерттеу әдістерінің элементтері қолданылады.Оқыту әдістерінің ішінде негізгі элемент картага түсіру және онымен жұмыс жатқызылады. Мектеп географиясының картасы оқытудың негізгі компоненті болады. Мектеп географиясынын негізгі мақсаты оқушыны кез келген әдісті қолдана білуді уйрену-аныктамалар, атластар, информатикалық жүйе, экрандар (олардың көмегімен кез-келген жер бетіндегі территорияны көруге болады).
Географияның әдістерінің калытасуы мен дамуы педагогика мен психологиямен тығыз байланысты.Себебі әдістемелер дидактиканың бөлімі болып саналады. Ондағы тәрбиеге байланысты білімдер жалпы тәрбие байланысып теориялық негізімен тығыз байланыста болады.
Жоғары сыныптардағы географияны оқытудың амалдары психологиямен байланысты. Психология әдістемесі есте сақтаудың ерекшеліктері ойлауды, теориялық және практикалық қабыдаудың негіздерін көрсетеді. Психологиялық білім, оқушы мен мұғалім арасындағы қарым- қатынасты көрсетеді.
Зерттеу әдістерінде,географияны оқудың амалы ретінде белгілі мектеп
психологиясының жұмыстары қарастырылады: Н.А. Менчинской және Д.Н.Богоявленского ойлау қабілетін В. В. Давыдова жоне Д.Б.Эльконина теориялық білімнің қабылдану рөлін көрсетеді. Л. В.Занкова қиындықтың деңгейлерін И.С. Якиманский жас өспірімдердің елестету қасиеттерін анықтайды.
Мектеп географиясының әдістемесінде логикалық ойлауда қарастырылады. Оқушылардың өз беттерінше оқуына көмектеседі.Үйрену үшін түрлі логикалық ойлаудың әдістерін білуімен анализ, синтез, абстрактілеу, салыстыру, топтастыруы керек.
Мұғалімнің негізгі жетістігі оның педагогикалық қызығушылығымен
туындайды, ол оны методикалық ойлаумен,ғылыми зерттеу жұмыстарымен дамытылады. Оқыту процесіндегі даму жұмысы көрінеді.
Географияны оқытуда бірнеше әдістер көрсетіледі,олар экспериментальды- эмпирикалық және теориялық деңгейлер.
Эмпирикалық әдістер зерттеуден туған факторларды қарастырады және
зерттеудің қорытындыларын қарастырып пайдаланылады. Теориялық әдістер факторларды қабылдауда және теорияны салыстырғанда қолданылады.
Зерттеу әдістері
|
Теориялық |
Эмпирикалық |
|
|
Жүйелік құрылымдық анализ. Логика дидактикалық анализ. Типологиялық Тарихи Салыстыру Статистикалық Математикалық |
Бақылау Сөйлесу Анкеталау Мектеп құжаттарын қарастыру |
Эксперимент Табиғи Лабараториялык Конструктивтік Контрольдық |
Бастапқыда әдістеме негізінен экспериментальды-эмпирикалық әдістерді қолданған. Соңгы он жылдықта теориялық аспектілердің дамуына байланысты және оның жеке дидактикадан ауысуынан назар логикалық зергтеуге ауысты, теориялық әдістеме, әдістемеде жүйелі құрылымдық,онда анализ мазмұнының байланысымен қарастырылады.
Математикалық және статистикалық әдістер экспериментальды жұмыстардың нәтижесінде және оқытудың саласында қолданылады. Олар зерттеудін жалпы қорытындысын шығарған кезде қолданылады.
Зерттеудің әдісі мақсаты мен есепке байланысты математикалық амалдармен теориялык анализбен әдеби көздерге байланысты қолданылады.
Эмпирикалық әдістер географияны оқыту әдістемесінде кеңінен қолданылады. Мұғалімге сапалык және адамның педагогикалық қасиеттерінің бірі. Бақылау әдісі мазмұны, түрі технологиялық бақылау қарастырылатын методикалық тәсілге, зерттеудің мақсаты объектінің мінезіне байланысты. Бақылаудың жемісі программаға байланысты. Сабақ үстіндегі бақылау, білімдік экскурсияларды откізуде басқа әдістермен байланысты.Мұғалімнің анкеталары сейлесу мектеп документін оқу. Анкетаның мазмұнын қалыптастыру ушін информацияның түрлі әдістеріне байланысты. Анкеталаудын қортындысынан
Жалпылай қорытынды шығаруға болады.Сұрактары бар бірдей анкеталар мқғалімдер мен оқушылардан әр жақтан алынады.
Мектептегі жұмыстардың логикалық зерттелуіне педагогикалық эксперимент жатады. Практика жүзінде ол кеңінен қолданылады.Педагогикалық эксперимент ол ғылыми тәжірибелік оқыту мен тәрбиеге және бақылауға ыңғайлы шарттар жатады. Педагогикалық эксперименттің бірнеше классификациясы бар.
Эксперимент уакыт бойынша ажыратылады, ұзақ немесе қысқа зерттелетін құбылысты, құрамына қарай, қарапайым немесе күрделі,ұйыммен (лабороториялық) топпен бірге (табиғи) сыныппен немесе басқа мектептің сыныптарымен бірге ажыратылады. Мақсатына байланысты құрастырушының өздік бақылауы болуы керек.
Соңғы жылдарды зерттеу әдістеріне социологиялық әдіс қолданылады.
Сауалнама арқылы түрлі салаларда істейтін адамдардан жауап алынып, мақсаты
тәжірибедегі адамдардың географиялық білімін тексеру.
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ТАРИХЫ
Қазақстан Республикасының аумағы батысында Еділ өзені алабынан шығысында Алтай тауы шыңдарына дейін, солтүстігінде Батыс Сібір жазығынан (Солтүстік Қазақстан жазығы) оңтүстігінде Тянь-Шань тауына дейін созылып жатыр.
Еуропа мен Азия елдері арасындағы қарым-қатынастың көпшілігі (керуєн жолдары, елшлік көштері, т. 6) ежелгі заманнан-ақ қазіргі Қазакстан аумағындағы
жер арқылы өткен.Осыған байланысты Қазақстанның кейбір табиғи нысандары туралы жазба деректер өте ерте кезден белгілі болған. Мысалы, Геродот (б.з.6.5ғ)
Каспий теңізінің шығысында шексіз жазық өңір жатқандығын және оны массагеттердің мекендейтіндігін баяндаған. Птолемей (б.з.2 ғ.) өз еңбектеріндє Жайык (Daix), Жем (Rhymmus) және Сырдария (Jaxartes) өзендері туралы мәліметтер келтірген. 9 - 10 ғ-ларда араб ғалымдары Арал теңізіне толық сипаттама беріп, картаға тусірді және гректердің Әмудария мен Сырдария өзендері Каспий теңізіне құяды деген топшалауын теріске шығарып, Арал теңізіне құятынын анықтаған. Арабтардың сол кездегі деректерінде Жайық, Жем, Сағыз өзендері аталған. 13 ғ-да Моңғолияға Италия саяхатшысы Плано Карпини және фламанд саяхатшысы Виллем Рубрук бастап барған елшілер өздері жүрген Қазақстан аумағындағы шөл,шөлейт аймақтардың қысқаша сипаттамасын берген. Олар өздерінің жеке бақылаулары негізінде Каспий теңізінің тұйық алап екендігі туралы маңызды географиялық мағлұматтарды жаңартып толықтырған және
Алакөл, Балқаш көлдері, Тарбағатай, Жетісу Алатауы (Еренқабырға) жайында алғашқы деректер келтірген.
15-17 ғасырлардағы Қазақстан туралы географиялық мәліметтер Ресей әдебиеттерінде жинақтала бастаған. Бұл мәліметтер Мәскеу мемлекетін және оған іргелес аумақтарды бейнелеген "Большой чертеж" ("Үлкен сызба") картасында жүйеленген. 1627 ж. шыккан"Книга большого чертежа" («Үлкен сызба кітабы") атты еңбекте қазіргі республиканың батыс, оңтүстік және орталық бөліктерінің біршама жерлеріне нақтылы сипаттама берілген. 17 ғасырда Қазак ордасына және Орта Азия хандықтары жеріне жасалған орыс саяхатшыларының зерттеулері жиілей түскен. Олардың Жайық өзені сыртындағы дала туралы мәліметтері жинақталып,"Чертеж всей земли безводной и малопроходной каменной степи" (*Бүкіл жері сусыз, өтуге қиын тастақты дала сызбасы") деген атпен жарық көрген.(1697ж). Бұл туынды С.Ремезов жазған "Чертежная книга Сибири
(Сібірдің сызба кітабы") атты орыстың тұңғыш географиялық атласы құрамына енген. Мұнда Қазақстан аумағының кепілік бөлігі қамтылған. 18 ғасырдынң 30-жылдарынан 19 ғасырдын 60-жылдарына дейін созылған Ресейдің Қазақстанды отарлау үрдісі оның аумағының географиялық зерттелуінің сипаты мен барысына әсерін тигізбей қоймады. Бқл кезеңде жаңа қосылған аумақтарда орыс мемлекеті билігін орнату және нығайту мақсатына сай көптеген арнаулы әскери
және ғылыми экспедициялар ұйымдастырылды.
Ертіс өзенінің бойында бекіністер салуға және Жоңғар хандығымен дипломатиялық қарым-қатынас орнауына байланысты Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Қазақстанды тұңғыш топографиялық картаға түсіру ісі жургізілді. Сонымен қатар Қазақстанның батысында, Каспий мен Арал теңіздері жағалауында, Сарысу, Шу өзендерінің алаптарында картаға қарапайым түсірулер іске асырылды. Бұл түсірулердің нәтижесінде, бір жағынан,
Қазақстанның жеке өңірлерінің тұнғыш ірі масштабты карталары жасалса, екінші жағынан, табиғат ерекшеліктері туралы ғылыми мәліметтер жиналды.
Қазақстан географиясы туралы алғашқы ғылыми еңбек П.И. Рычковың
1762 ж. Шыққан «Топография Оренбургская" (*Орынбор топографиясы") атты кітабы болды. Қазакстанның географиялық зерттелу тарихында 1768 - 74 жылдардағы академиялық экспедициялар ерекше орын алды. Ресейдің ғылым
және көркемөнер академиясының академиктері мен адьюнктері Қазакстанның Еділ мен Жайық өзендері аралығындағы бөлігін, Маңғыстау түбегін, Ырғыз бен Торғай өзендерінің алабын, Есіл даласын, Ертіс маңы ойпатын, Кенді Алтайды және Қалба жотасын зерттеді. 1820-21жж экспедициялық зерттеулер нәтижесінде "Естественная история Оренбургского края" (*Орынбор өлкесінің табиғат тарихы") атты 3 томдық еңбек жарияланды. Онын 1-бөлімінде Батыс Қазақстанның табиғат жағдайларына жалпы сипаттама берілді.
19 ғасырдың 1-жартысында қазіргі Қазақстан аумағын зертеуші экспедициялардың саны артты. 1827 жылдан 1872 жылға дейінгі аралықта Г.С. Карелин өлкені картаға түсірумен бірге әр түрлі аймақтардың (Каспий теңіз жағалауы, Алтай, Тарбағатай, Жетісу Алатауы тауларының жануарлар мен өсімдіктер дүниесінен коллекция жиналды. Атақты неміс ғалымы А.Гумбольдт өзінің Алтайға жасаған саяхаты (1829ж) нәтижесінде "Центральная Азия"
( Орталық Азия) деген көлемді еңбегін шығарды. 19 ғасырдың 30-жылдарына
дейін Қазақстан туралы жиналған географиялық деректер А.И. Левшиннің "Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд и степей" (*Қырғыз-казақ не қырғыз-қайсақ ордасы мен даласының сипаттамасы") деген кітабында (1832 ж)
қорытындыланды. Бқл кітап Қазақстанның жері туралы берілген алғашқы толық географиялық сипаттама болды. 1840-50 ж. аралығында Шығыс, Оңтүстік-Шығыс және Орталық Қазақстан өңірлеріне Ресей ботанигі Л.И. Шренк саяхат жасады. Ол Жетісу Алатауына, Балқаш-Алакөл ойысының шығыс бөлігіне физикалық
географиялық сипаттама берді. 19 ғасырдың орта шенінде Арал (А.И.Бутаков) және Каспий (К. М. Бэр, Н.А. Ивашинцов) теңіздері жан-жақты зерттелді. 1857 ж. Арал-Каспий атырабына императорлық Санкт-Петербург FA-сы ұйымдастырған экспедицияға И.Г. Борщов пен Н.А. Северцов қатысты. Экспедиция жұмыстарының қорытынды деректерінің маңызы өте зор болды.Экспедиция жұмысының нәтижесінде Батыс Қазақстанның жер беті, геологиялық құрылысы, климаты, флорасы және фаунасы туралы нақты деректер кеңейді. Борщов "Материалы для ботанической географии Арало- Каспийского края
("Арал-Каспий өлкесінің ботаникалық географиясына арналған деректер") деген классик. Монографиясында Бат. Қазақстанды ландшафтылық-географиялық облыстарға бөлді.
1856-57 ж. П.П. Семенов (Семенов-Тян-Шанский) Тянь-Шань
тауына өзінің әйгілі саяхатын жасады. Ол бұл сапарындағы зерттеу қорытындысында таулы өлкенің орфографиясына (таулы жер бедері)
жаңаша сипаттама беріп, туңғыш рет биік тау ландшафтын анықтады.
П.П. Семеновтын бұл сапарда ашқан аса маңызды жаңалыктарының бірі - Орта Азиядан тау мұздықтарының табылуы. Ғалымнын осы жолғы еңбегі Орта Азия мен Қазақстанның Тянь-Шань сияқты таулы өлкелерін жан-жақты зерттеудің шұғыл. Негізін жасағандығы болды.
19 ғасырдың 50-60-жылдарында Жетісу Алатауы мен Іле өңірін қазақтың ұлы ғалымы Шокан Уәлиханов зерттеді. Жетісу жене Тянь-Шаньның табиғатына сипаттама берді. Балқаш к, мен Алакөлдің пайда болу жоне калыптасу тарихының өте уқсастығын дәлелдеді. Жетісу Алатауы мен Солтүстік Тянь-Шань тауын жануарлардың таралуына қарай биік таулық белдеулерге бөлді. Сонымен бірге осы зерттелген өңірлердің маршруттық және жалпы шолулық карталарын жасады. 19 ғасырдың алғашкы жартысында кең байлықтарын іздеуге байланысты физ.-географиялық сипаттағы бірқатар жаңа деректер алынды. Әсіресе, Орталық Қазақстан мен Тарбағатай тауының және Манғыстау түбегінің геологиялық құрылысы, орфографиясы туралы нақтылы деректер жиналды.
19 ғасырдың 60-жылдарында Ресейдің Қазақстанды отарлаудың тарихи үрдісі аяқталды. Соған орай кен байлықтары пайдалануға, т. Ж-дың салынуына және егістік жер қорының кеңеюіне көп көңіл бөліне бастады. Жалпы географиялық зерттеулермен бірге арнаулы геологиялық, топырақтану, ботаника, гидрология, т.б. салалар бойынша жұмыстар жүргізілді. 1865-79 ж. аралығында А. Татаринов Оңтүстік Қазақстаннан Ленгер, Келтемашат, Боралдай, т.б. коңыр көмір кен орындарын ашты. Бұрын Маңғыстау түбегінен көмір кенінің ашылуына байланысты мұнда одан әрі барлау жұмыстары жүргізіледі. Қазан төңкерісіне дейін Маңғыстау түбегін зерттеу жұмыстарының ең көрнектісі - Н.И. Андрусовтың "Мангышлак" («Маңғыстау*) атты еңбегі. Мұнда автор түбектің тектоникасы, стратиграфиясы туралы белгілі болған барлық деректерді тұжырымдады. 1865-79 ж. И.В. Мушкетов пен Г.Д. Романовский Арал маңын, Қаратауды, Тянь-Шаньның солт-н, Балкаштың оңт-н, Тарбағатайды зерттеп, Түркістан аймағының алғашқы геологиялық картасын (1881 ж) жасады. Онда бүкіл Оңтүстік Қазақстан өңірі қамтылды. И.В. Мушкетов Орта Азияның физ. Географиясы мен геологиясына арналған "Туркестан" ( Туркістан") еңбегін жазды
(1886-1906). Ол сонымен бірге 1887 ж. Верныйдағы (қазіргі Алматы)
зілзаланың себебін және зардаптарын зерттеді.
19 ғасырдын 90-жылдарында Сібір т. Ж-н салуға байланысты Солтүстік Қазақстанда көрнекті геолог К.И. Богдановичтің жалпы басшылығымен бірнеше экспедициялық зерттеу жүргізілді. Осының нәтижесінде Солтүстік және Орталық Қазакстанның геологиялық құрылысының негізгі сипаты анықталып, бірнеше көмір кен орындары (Екібастуз, т.б.) ашылды. А.Н. Замятин, Н.Н. Тихонович және С.И. Мироновтың зерттеулері нәтижесінде Ембі мұнайлы оңірінің стратиграфиясы мен тектоникасының жалпы сұлбасы жасалды, мұнайдың жер асты тұз күмбездерімен байланыстылығы анықталды. Қоныстандыру басқармасының Н.Г. Кассин, A.A.Козырев, П.В. Матвеев басқарған экспедициялары Қазақстанның бірқатар аудандарының жер асты сулары туралы тұңғыш мәліметтер берді. Геологиялық, топырақтану, ботан, т.6. экспедициялар өз жұмыстарына қосымша Қазақстанның жер бедері және оның ерекшеліктерінің жалпы сипаттамасы туралы зерттеулер жургізді.
Мыс., Мушкетов өзінің геологиялық зерттеулерінің нәтижесінде Тянь-Шаньның қазіргі жер бедерінің қалыптасу заңдылықтарын ашты және орогр. құрылысының негізгі белгілерін анықтады. Оның Арал Қарақұмында жүргізген бақылаулары Қазақстан мен Орта Азиядағы қуаң өңірлер жер бетінің өзгеруіне жолдық факторлардың кушті әсер тигізгенін дәлелдеді. Д.Л. Иванов Батыс Тянь-Шаньның ірі масштабты гипсометриялық картасын жасады. М.В. Баярунас Маңғыстаудың оңт-не жүргізген геологиялық зерттеулері кезінде қосымша геоморфол. Бақылаулар жүргізіп, Қарақия, Қауынды, т.б. тұйық ойыстарға жан-жақты географиялық сипаттама берді. Санаулы ғана арнаулы геоморфол. Зерттеу жұмыстарының ішінде Л.С. Бергтің еңбегі ерекше. Ол алғашкы болып Солтүстік Арал шөлдерінің жер бедері пішіндеріне геоморфологиялық сипаттама берді.
19 ғасырдың 70-жылдарынан Қазақстан аумағында метеорол. бақылаулар жүргізілді, бірақ мұнда метеорол. Ст-лардың саны өте аз болды және аумақ бойынша орналасуы біркелкі болмады.
1898 - 99 ж. Берг, П.Г. Игнатьев жоне В.Д. Елпатьевский Орыс Географиялық қоғамының Бат. Сібір бөлімшесінің тапсырмасымен Солтүстік жене Орталық Қазақстанның ірі көлдеріне зерттеу жүргізді. 1899 - 1902 ж. аралығында Берг Арал теңізінің гидрологиясын зерттеді. Нәтижесінде Арал т. туралы бұрынғы түсініктер түбірімен өзгертілді. Бұрын бүкіл Тұран ойпатын жауып, шығыста Балқаш көліне дейін созылып жатқан біртұтас Арал - Каспий алабы болды деген ұғым теріске шығарылды.
Өз зерттеулерінің нәтижесін Берг "Аральское море" («Арал теңізі") монографиясында (1908) қорытындылады. Бұл еңбек өз деректерінің нақтылығымен, шұғыл. қорытындыларының маңыздылығымен бүгінгі күнге дейін маңызын жойған жоқ. Осыдан кейінгі жылдары Берг Балқаш к-н жан-жақты зерттеді.
20 ғасырдың басында қазіргі Қазақстан жерінде топырақтану зерттеулері етек жайды. Қоныстандыру басқармасы ұйымдастырған экспедицияларға топырақ зерттеушілер C.C. Неуструев, Л.И. Прасолов, А.И. Безсонов, т.б. басшылық етті. Қазақстанның өсімдігін зерттеуге ботаник жене географ А.Н. Краснов үлкен еңбек сіңірді. Оның экспедициясы Алтайды, Каспий ойпатын, Шу-Іле тауларын, Іле өз. алабын, Іле Алатауын қамтыды. Ол алғашқылардың бірі болып Тұран шөлін жіктеп, онда шөлдің саздақты, құмайтты, тастақты, Сортан түрлерінін бар екендігін анықтады. Геоботан. Зерттеулердің ішінде В.В. Сапожников Тянь-Шаньда, Жетісу Алатауында, Алтайда ботан. Және географиялық зерттеулер жургізді. Ол бұл тау жүйелеріндегі өсімдіктердің таралуының бірқатар заңдылытарын ашты. В.М. Савич Бат. Қазақстанда жүргізген геоботан. Зерттеу нәтижелеріне суйеніп, шөл және дала белдемінің ауыспалы сипатта екендігі туралы пікір айтты. 1908 жылты Торғай экспедициясынан бастап И.М. Крашенинников 30 жыл бойы Қазақстанды геоботан. тұрғыдан зерттеді. Ол өз
еңбектерінде, әcipece, өсімдік ассоциациясының жер бедерімен және топырақпен өзара қатынасын терең талдады.
19 ғасырдың соңы - 20 ғасырдың басында Қазақстан фаунасын зертеуге көңіл бөліне бастады. Ірі зоологиялық зерттеулерді Арал - Каспий экспедициялары жүргізді. Жаратылыс зерттеушілердің Петербург қоғамы өлкенің жаратылыс тарихын анықтау мақсатында экспедиция ұйымдастырды және Каспий мен Арал теңіздерінің фаунасын зерттеуде бай материал жинақтады. Экспедицияның
ихтиол. Коллекциясын зерттеу нәтижелеріне сүйеніп, К.Ф. Кесслер жаңа геологиялық уақытта Каспий мен Арал теңіздері арасында болған байланыстылық туралы пікірге алғашқылардың бірі болып өз күмәнін айтты. Северцовын, А.М. Никольскийдін зерттеулері географиялык тургыда жургізілуімен ерекшеленеді.
Северцов "Вертикальное и горизонтальное распределение туркестанских
животных" («Түркістан жануарларының таулы және жазық өңірде таралуы) деген күрделі еңбегінде (1873) Орта Азияны географиялық аудандастырудың негізін қалады (Оңтүстік Қазақстанды қоса).
Қазақстанның орнитофаунасын алғаш талдап зерттеушілер: Н.А. Зарудный, П.П. Сушкин, В. Н. Бостанжогло. Бұл ғалымдар өздерінің тікелей бақылаулары мен бұрынғы мәліметтерді пайдаланып Қазақстан аумағында құстардың географиялық таралуын жете түсіндірді. Сондай-ақ, олардың еңбектерінде Қазакстанның жазық бөлігін аудандастыру мәселесі қамтылған. Северцов, Краснов, Берг, Неуструев, Крашенинниковтың еңбектерінде табиғат кешендерінің әртүрлі құраушылары аралығындағы байланыстылық талданып, физ.- географиялық зандылық тұжырымдалып, табиғи аудандастыру мәселелері көтерілді. Қазақстан аумағының қазіргі физ.- географиялық бөлінуінің негізі Бергтің "Опыт разделения Сибири и Туркестана на ландшафтные и морфологические области" («Сібір мен Түркістанды ландшафтық және морфол.
аймақтарға бөлу тәжірибесі") мақаласында (1913) қаланды. Осы жұмысында Берг нақтылы деректер негізінде Қазақстан аумағын ландшафтылық белдемге және морфол. облыстарға бөлді. Бергтің аудандастыру туралы еңбегінің Қазақстан аумағы үшін қазірге дейін шұғыл маңызы күшті.
Қазақстан жерінің кеңестік дәуірде зерттелуі Қазақстанның өндіргіш күштерін соц. негізде дамыту маселелерімен тікелей байланыстырылды. Өнеркәсіп пен а. ш-ның дамуы табиғи қорлардың зерттелуімен ұштастырылды. Әрбір ірі құрылысқа байланысты географиялық ортаның элементтері жер қойнауы, топырақ қабаттары, су қорлары, климаты, т.б. зерттеле басталды. Кен
байлықтарын табу және оларды игеру мақсатында геологиялық барлау кенінен етек алды. Топырақ және өсімдік түрлерін зерттеу экспедицияларының жұмысы жандандырылды. Жаңа қалалар мен елді мекендердің пайда болуына және одан әрі дамуына байланысты Қазақстанның көпшілік бөлігінің климаттық жағдайы зерттелді, су қорларын іздеу жұмыстары кең көлемде жүргізілді. Дегенмен, республика жерінің географиялық зерттелу барысы әр кезеңде әр түрлі болды. Бұл жағдай ең алдымен республикадағы табиғи ресурстардың игерілу қаркынына,
мекемелердің жұмыс көлеміне байланысты болды.
Осы шаралардың барлығын жүзеге асыру үшін Қазақстан аумағы географиялық жағынан жан-жақты зерттеле бастады. Зерттеу, әсіресе, 20 ғасырдың 20-жылдарының ортасында елімізде халық шаруашылығын қайта құру жене соц. экономиканың негізін қалау кезеңінде кең өріс алды. Жеке облыс аумағын жүйелі және жан-жақты зерттейтін шұғыл. экспедициялар ұйымдастырыла бастады.
Минералдық шикізаттардың кеңінен іздестіріле барлануына байланысты Қазақстан жерін зерттеуші ин-ттардың, геологиялық партиялардың және трестердін (Сібір к-ті, Орталық геологиялық ин-ттын Сібір бөлімі, Алтай полиметалл, Атбасар полиметалы және ҚазаҚ геологиялық барлау трестері, Ауыр өнеркәсіп халкомының Қазақ геология-гидрогеологиялық басқармасы, т.б.) саны көбейе түсті. 1926 ж. КСРО FA жанында құрылған одақтас және автон. Республикаларды зерттеуші арнаулы комитет Қазақстанның жер қойнауын зерттеу жумысын қолға алды. 1933 ж. Қазақ гидрометеорол. басқармасы ұйымдастырылды. 1932 ж. КСРО FA-нда Қазақстанның өндіргіш күштерін зерттеуге арналған конференция өтті. Бұл жагдай республикада жүргізілген көптеген зерттеу жұмыстарының бастамасы болды.
Сол жылы КСРО FA-нын
Қазақстандық базасы курыды (1939 ж. КСРО FA-нын бөлімшесіне айналды).
Геологиялық зерттеулердің басты мақсаты еліміздің өнеркәсібіне аса қажет кен орындарын табу және оларды барлау болды. Бұл бағытта В.К. Котульский (Алтайда), В.П. Нехорошев, н. Горностаев, А.К. Мейстер (Шығ. Қазақстанда), М.П. Русаков, Н.Г. Кассин, Д.С. Коржинский (Орталық Қазақстанда). Замятин
(сет алабында), т.б. еңбек етті. Кен орындарының өнеркәсіптік маңызын анықтай түсу үшін Зулисата уезінде, Муғалжарда, Қызылқұмда (И. П. Герасимов, П.К. Чихачев), Солтустік-Шығыс Қазақстанда (А.А.Козырев), Орталық Қазақстанда (К.Сәтбаев) геологиялық зергтеулер іске асырылды. Геоморфол. байқаулар Үстіртте (Н. Л. Благовидов), Каспий ойпатында (Герасимов) жургізілді. Н.А. Копыловтың 1927 ж. шыккан "Материалы по гипсометрии Казахстана" («Қазақстан гипсометриясы бойынша деректер") кітабында Қазақстан геоморфологиясы туралы алғашкы маңызды мағлұматтар берілді.
Оңтүстік Қазақстан облыстарының климатын зерттеуде Туркістан метеоролиялық институты елеулі үлес қосты. Түркістан (1924) және Қазақстанның (1925) климаттық жағдайлары туралы еңбектер жарық көрді. Республика аумағын климаттық аудандастыру алғашқы қадамы (1927 ж. шыққан М.Д. Пономарев пен В.Н. Барсуктың "Климатический очерк Казахстана" ("Қазакстанның климаттық очеркі") еңбегі] жасалды.
Қазақстандағы алғашкы гидрол. кешенді зерттеу жұмысы ретінде М.М. Давыдовтың (1925) жоне Б.Х. Шлегельдің (1926) еңбектерін атауға болады. Бұлар Оңтүстік Қазақстан өңірінің су шаруашылығы жағдайын сипаттады. КСРО FA-ның басшылығымен Қазақстан гидрографиясының жоспарлы зерттелу жолға қойылды, осы мақсатпен республиканың батыс бөлігіне бірнеше экспедициялар шықты. Бұлардың материалы бойынша 1928 ж. П.Н. Лебедевты "Краткий гидрографический очерк Казахстана" ("Қазақстанның қыскаша гидрографиялық очеркі") және "Гидрометеорологический очерк Казахстана" («Қазақстанның гидрометеорологиялық очеркі») еңбектерін баспадан шығарды. Шу, Талас, Сырдария өзендерінің төм. ағысындағы көлдер зерттелді.
КСРО Географиялық қоғамының Верный және Түркістан бөлімдері Кіші және Үлкен Алматы өзендерімен өтетін лай тасқындардың себебін анықтау мақсатында зерттеу жұмыстарын ұйымдастыра бастады. Қоныстандыруға және жер қорын есепке алуға байланысты Қазақстан өңірлерінің топырағын зерттеу кең өріс алды. Республика аумағы топырақ жамылғысының алғашқы сипаттамаларын Р.И. Аболин (1922), К.Д. Глинка (1923) және Л.И.Прасолов (1925) берді. Олардың жұмыстарында топырақ-өсімдік белдемдерінің сұлбасы жасалып жіктелді. Қостанай (В.И. Баранов), Орал (И.И. Фелимонов, И.В. Ларин), Ақтөбе (М.И. Рожанец) және Жетісу (А. Мухли) облыстарының аумағына экспедициялар шықты. КСРО FA-ның экспедициялары құрамында Герасимов Үстірттің, Неуструсв Каспий ойпатының топырақ жамылғысын зерттеді. Әсіресе, Герасимовтың еңбектерінде (1928-30) бұл өңірлердің топырақ қабаттарының
қалыптасу жағдайлары және бұған байланысты өңірді физика-географиялық аудандастыру жөнінде құнды деректер берілді.
Геоботан. зерттеулердің де өзіндік қолданбалық мақсаты белгіленді. Бұлардың алдына жайылымды, шабындықты және жыртуға жарамды жерді анықтау әрі оларға сипаттама беру міндеті қойылды. Алғашкы жылдары геоботан. жұмыстың көпшілігі Бат. Қазақстанда жүргізілді (И. В. Ларин). КСРО FA-ның Қазақстандық экспедициясы құрамындағы топырақ-ботаника отряды бұл өңірдің өсімдігін зерттеуге елеулі үлес қосты. Республиканың Жер Халкомы Семей және Павлодар обл-тарына экспедициялар жіберді. Бұл саладағы зерттеудің алғашқы жиынтық қорытындыларын (1923-25) Крашенинников жариялады. Ол өз еңбегінде өсімдік жамылғысы географиясын түсіндіруге генетик. принципті пайдалануды және физ.-географиялык аудандастырудың алғашкы сұлбасын ұсынды. Осы кезеңде республика фаунасын зерттеуде Д.Н. Кашкаров, В.Н. Шнитников, Б.С. Виноградов, т.6. елеулі үлес қосты.
Өндірісті тиімді де дұрыс орналастырудың маңыздылығы экономиканы қайта құру жоспарын жасау кезінде айқындала түсті. Алғашқы бесжылдық (1929-32) жоспарларында Қазақстанда өнеркәсіп және а. ш-ның барлық салаларының тех. базаларын жасау қарастырылды; ол үшін республикадағы географиялық зерттеулерді кеңінен және жан-жақты жүргізу керек болды. Бұл кезеңде (1928-40)
экспедициялык зерттеулер кең етек алды. Республикада тұрақты шұғыл. - зерт. Мекемелерінің және жергілікті щұғыл. Кадрлардың көбеюінің нәтижесінде Қазақстан жерінде тұрақты бақылаулар жүргізу жолға қойылды. Геологиялық барлау жұмыстары түсті және сирек металдар, көмір, т.б. кен байлыктарының қоры жөнінен Кеңес Одағы бойынша Қазақстанды жетекші орындардың біріне шығарды. Алтайдың, Орталық Қазақстанның кентастық кен орындарын және Аль- Шань, Жетісу (Жоңғар) Алатауы, Арал маңы, Мұғалжар тауы, т.б. өңірлердің геологиялық құрылысын зерттеу қарқынды түрде жургізілді.
Климаттық және гидрол. жұмыстар метеорол. және гидрометеорол.
Ст-лардың көбеюіне негізделе жүргізілді. Су қорларын зерттеу өрістеді. Өндіріс қажеттерін өтеу және салынуға тиісті гидротех. құрылыстардың географиялық жағдайларын анықтау үшін кейбір жеке алаптарға кешенді зерттеу лер жүргізілді. Бұлардың нәтижесінде И.И. Фелимоновтың Жайық-Көшім каналы, Орталық Қазақстанды суландыру перспективасы, Б.К. Терлецкийдің Балқаш-Алакөл алабы жөнінде, Солтүстік және Орталық Қазақстан туралы "КСРО су қорларынын анықтамасы" жинағының 13-томы, т.б. еңбектері жарык көрді. Арал т. Мен Балқаш к-н жаңадан зерттеу басталды. Іле Алатауына Н.Н. Пальгов гляциол. бақылаулар жүргізді.
2-дүниежүз. соғыс жылдарында (1941-45) жалпы географиялық зерттеулер біршама қысқарды, негізінен майдан мен тыл мұқтажын өтеу ғана ескерілді.
КСРО FA-ның Географиялық ин-тының көпшілік қызметкерлері Алматыға көшіріліп, Топырақтану және Ботаника ин-ттарымен және басқа жергілікті ғалымдармен бірлесе отырып, а. ш-ң өркендетудің қорларын табу және зерттеумен шұғылданды. Дәл геоморфол Карталар жасалды, су жоне топырақ жамылғысының қорлары түбегейлі зерттелді. Солардың нәтижесінде жерді тимді пайдалануға нақты ұсыныстар берілді. Республика алғашқы рет табиғи мал азығының қоры бойынша аудандастырылды (Л.Г. Соболев), геоморфология бойынша (И.П. Герасимов), агроклиматологиядан (I.H. Колосков) ірі қорытындылар шығарылды, топырақты зергтеудің геохим. тәсілі жасалды (М.А. Глазовская), су ш. қажетін өтеуге қатысты табиғат жағдайларының бірнеше карталары (Б.А.Федорович, С.Л. Кушев) құрастырылды. Бұл материалдарды қорытындылай келе А.А. Григорьев өзінің Қазақстан табиғаты туралы очерктерін жариялады. Осы жылдары КСРО FA Қазақ бөлімшесінің Географиялық секторын белгілі ғалым Н.Н. Баранский басқарды. Ол республика экономикасын мамандандыруды жетілдіре тусу мақсатында Қазақстанды 5 экон. ауданға бөлді. Соғыстан кейінгі жылдары (1945 жылдан бастап) Қазақстандағы географиялық зерттеулерге баса көңіл бөлінді. Халық ш-н қалпына келгтіру және одан әрі дамыту үшін табиғи ресурстарды көптеп табу және оларды шұғыл шаруашылыққа пайдалану керек болды. 1946 ж. ҚазКСР FA құрылды. Оның құрамында бірнеше
экспедициялар ұйымдастырылы, Арал т-ндегі Барсакелмес аралының, Балқаш к -нің оңт-дегі шөлдің, Жетісудың географиялық жағдайлары зерттелді. Республика аумағын физ.-географиялық аудандастырудың алғашқы сұлбасы құрастырылды (Н.Г. Рыбин, 1948). Бұрынғы жүргізілген зерттеу материалдары негізінде республика табиғатының басты кешендеріне тұжырымды сипаттама берілген
" Қазақстанның физика- географиялық очерктері" (1952) жарыққа шықты.
Қазақ КСР FA- ның Географиялық ин-ты Қазақстан табиғатын зерттеуді одан әрі жалғастыра берді, "Қазақстанның Физика-
географиялық сипаттама" (1950) жинақ кітабын шығарды. КСРО FA-ның өндіргіш күштерді зерттеу кеңесі игерілуге тиісті жаңа аудандарда кешенді экспедициялық зерттеулер ұйымдастырды. Осы мақсатпен Торғайдың шикізат қоры, Солтүстік және Орталық Қазақстанның минералдық шикізат, гидроэнергет. және ормандық қорларын зерттеді. Тянь-Шаньда биік таулық физ.-географиялық ст. құрылды. Республика жерін геоморфол. зерттеу, әсіресе геоморфол. картага түсіру ісі өрістеді. Жер қойнауын зерттеу тәсілдерінің бірі - геологиялық картаға түсіру жалпы зерттеу процестерінің құрамына енгізілді. Сөйтіп геоморфол. карта табиғи аудандастыру мен ландшафтың зерттеудің негізіне айналды.
Суландыру, орман алқаптарын отырғызу, тың жоне тыңайган жерді игеру шараларына байланысты республиканың жеке аудандарының микроклиматы және жылу балансы зерттелді. Аңызақ жел, атмосф. Қуаңшылык, жел эрозиясы, топырақ борау, топырақ бетінің тоңдануы сияқты құбылыстар және климатын өзгеру заңдылықтары зерттелді. Осы зерттеулердін деректері негізінде "Қазақстан климаты" (1959) атты жинақ шықты.
Гидрол. зерттеулердің ішінде республика көлдерінің жете тексерілгенін аңғаруға болады. Бұл жұмысты кейіннен КСРО FA-ның Көлтану ин-тына айналған көлтану лаб. мен Қазақ КСР FA-ның географиялық секторының қызметкерлері бірлесе жүргізді. Зерттеу жиынтығын А.В. Шнитников қорытындылады. Көлдердін физ.- географиялық жағдайымен қоса олардың гидробиол. және экон. жақтары да зерттелді. Көлдердің жалпы кадастры құрастырылды. Жер беті суы қорларын зерттеу нәтижелері тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты біршама толықтырылды. Бірнеше ірі гидрол. кешендік зерттеулер жүзеге асырылды жене бұлардың деректері "Ресурсы поверхностных вод районов освоения целинных и залежных земель" («Тың және тыңайған жерді өңірлерінің беткі ағын қоры"), «Ресурсы поверхностных вод СССР" («КСРО жер беті ағынының қоры*) жинақтарына енгізілді.
Топырақ жамылғысын зерттеген әр саланың шұғыл және өндірістік мекемелердің қорытындылары көп томдық "Почвы Казахской ССР" ("Казак КСР-інің топырағы") басылымында және бірнеше жалпы шолулық карталарда жарияланды. Геоботан. және зоогеографиялық, зерттеулердің жиынтық деректері жарық көрді.
КСРО FA-ның аэротэсілдер лаб. Солтүстік Қазақстанның табиғи жағдайын
зерттеудің аэротәсілін белгіледі. Экон. География саласында Қазақстанның табиғатын, халқын, экономикасын және мәдениетін бейнелейтін кешендік еңбектер (И.Т. Тэжиев, М.Ш. Ярмухамедов, К.Б. Ахмедова, т.б.), өндіргіш күштерді тиімді орналастыруға, экон. Аудандастыруға және экон. аудандарды
мамандандыруға, аумақтық-өндірістік кешендердің қалыптасу мәселелеріне, еңбек және табиғи қорларға баға беруге арналған жұмыстар (В.А. Адамук, Б.Я.Двоскин, Е.H. Гладышева, С.Эбдірахманов, т.б.) жарық көрді. Республика жерін жан-жақты зерттеу нәтижесінде Қазақстанның және оның жеке аймақтарының кешендік атластары құрастырылды. Тынң өлкесінің, Қостанай, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарының бірнеше ландшафтылық карталары шықты. Ландшафтылық зерттеулердің
кеңінен етек алуына ландшафт танушы ғалымдардың бүкілодақтық 6-кеңесінің (1963) Алматыда өтуі әсер етті. Арал маңы мен Жезқазған өңірінің, Алматы, Қарағанды, ландшафтылық жағдайы зерттелді.
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФИЗИКА-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ.
(тест топтамасы)
1-нұсқа
-
Қазақстан жерінін аумағы
-
2925 мын км2
-
3865 мын км2
-
2724,9 мын км2
-
2525 мын км2
-
3965 мын км2
-
Қазақстанның дүние жүзі бойынша жер көлемі жөнінен алатын
орны
А.
4
B.
9
C.
10
D.
5
E.
3
-
Қазақстанның Еуразиядағы көлемі жағынан алатын орны
А.
5
B.
6
C.
8
D. 4
E. 3
-
Қазақстан халкының саны
А. 17 млн
В. 15 млн
С. 18 млн
D. 14 млн
E. 13 млн
-
Қазақстандағы қала халқынын үлесі
A.
50%
B.
53%
C.
56%
Д.
54%
E.
58%
-
Қазақстанның тәуелсіздік куні
А. 16 желтоксан
В. 15 желтоксан
С. 18 желтоксан
Д. 17 желтоксан
Е. 12 желтоксан
-
Қазақстанның Біріккен ұлттар ұйымына мүше болып енген жылы
A. 1990
B. 1991
C. 1992
Д. 1993
E. 1995
-
Қазақстан халкының орналасу тығыздығы
А. 1 шаршы км-ге 6 адам
В. 1 шаршы км-ге 5,4 адам
С. 1 шаршы км-ге 7 адам
Д. 1 шаршы км-ге 8 адам
E. 1 шаршы км-ге 9 адам
-
Қазақстан шекарасының жалпы ұзындығы
А. 15 мын км
В. 14 мын км
С. 13 мын км
Д. 16 мын км
E. 18 мын км
-
Қазақстан құрлықта неше елмен шектеседі
A. 7
B. 8
C. 5
Д. 6
E. 10
-
Қазақстан жері батыстан шығыска дейін қанша қашыктыққа созылып жатыр
А. 5000 км
В. 2000 км
С. 4000 км
Д. 3000 км
E. 6000 км
-
Қазақстан солтүстіктен оңтүстікке дейін қанша қашыктыққа созылып жатыр
А. 1500 км
В. 1600 км
C) 1700 км
Д) 1800 км
E) 1900 км
-
Қазақстанның қай қаласы екі дүние бөлігінде орналасқан
А. Алматы
В. Актау
С. Тараз
Д. Кызылорда
E. Атырау
-
Жер шары неше сағаттык белдеуге бөлінген
A. 24
В. 26
C. 22
Д. 30
E. 28
-
Әр сағаттык белдеу неше градустан тұрады
A. 18
B. 14
C. 15
Д. 16
E. 17
-
Қазақстан жайындағы алғашкы деректі өз еңбектерінде келтірген ғалым
А. Герадот
B. Страбон
С. Чжан-Цянь
Д. Птоломей
Е. Сюань-Цзан
-
Орта ғасырларда Еуропа мен Азияның арасын жалғастырып Қазақстан жері аркылы өткен жол
А. Трансазия
В. Транс Амазонка
C. Ұлы Жібек жолы
Д. Орынбор-Ташкент
E. Турксиб
-
Атырау қаласынан 55 шақырым жерде қандай қала болған
A. Ақтау
В. Сарайшық
С. Құлан
Д. Тараз
Е. Қойлық
-
Қазақстанның орта ғасырлык қалаларының бірі
A. Отырар
В. Алматы
С. Бішкек
Д. Хорезм
Е. Ташкент
-
Каспий теңізін тұйык алап емес Солтустік тұзды мухитының шығанағы санаған ерте кездегі ғалым
А. Герадот
В. Страбон
С. Птоломей
Д. Аристотель
Е. Чжан-Цянь
-
Өз зерттеулерінде картографиялық бағыт ұстанған ертедегі ғалым
A. Страбон
В. Птоломей
С. Аристотель
Д. Геродот
E. Аль-Фараби
-
Тараз қаласының орнын аныктаған ғалым
A. М.Емассон
В. В.В.Бартольд
С. А.Н.Берттат
Д. Е.И.Агеева
Е. Г.И.Пацевич
-
Отырар қаласы бұрын қалай аталған
А. Фараб
В. Сарайшык
С. Кулан
Д. Койлык
E. Тараз
-
Алаша хан күмбезі орналасқан өзен
A. Epтic
В. Есіл
С. Сарысу
Д. Қаракеңгір
Е. Шу
-
Ахмет Иасауи кесенесі орналаскан қала
А. Шымкент
В. Туркістан
С. Бішкек
Д. Тараз
E. Желтоксан
II нұсқа
-
Орта ғасырларда Арал теңізінің картографиялық бейнесін жасаған араб саяхатшысы
А. Әл Масуди
В. Ибн Хаукаль
С. Ибн Фадлан
Д. Әл Истахри
Е. Ибн
Хордадбек
-
Орта Азиянын картасын сызган араб саяхатшысы
А. Ибн Каукаль
В. Ибн Фадлан
С. Әл Истахри
Д. Әл Масуди
Е. Ибн
Хордадбек
-
Қазақстан қай материкте орналасқан
А.
Солтустік Америка
В.
Еуропада
С.
Еуразияда
Д.
Азияда
Е.
Африкада
-
Қазақстан Республикасы аумағының көлемі
А. 2,7 млн
км2
В. 1,7 млн
км2
С. 4,7 млн
км2
Д. 0,7 млн км2
Е. Дұрыс жауабы жоқ
-
Қазақстан құрлықта қандай мемлекеттермен шектеседі
А. Түркия, Ауғанстан, Өзбекстан, Қытай, Иран
В. Ресей, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан; Моңғолия
С. Ресей, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан
Д. Түркіменстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Иран, Ресей
Е. Дұрыс жауабы жоқ
-
Халқының орташа тығыздағы қанша
А. 5,4 адам
В. 2,9 адам
С. 8,9 адам
Д. 6,7 адам
Е. 7,2 адам
-
Бір сағаттық белдеудің ішінде уақытты атаңыз
А. Декреттік уақыт
В. Сағаттық уақыт
С. Жергілікті уақыт
Д. Белдеулік уақыт
Е. Дұрыс жауабы жоқ
-
Әрбір белдеулік уақыттың көршілес белдеулік уақыттан айырмасы қанша
А. Жарты сағат
В. 5 сағат
С. 1 сағат
Д. 2 сағат
Е. Айырмасы жоқ
-
Даталардың ауысу сызығы қандай мақсатта тағайындалған
А. Жазғы уақытқа өту үшін
В. Тәуліктерді белгілеу үшін
С. Адам қолайсыздығы үшін
Д. Жергілікті уақытқа көшу үшін
Е. Дұрыс жауабы жоқ
-
Даталардың ауысу сызығы қандай бойлық бойына өтеді
А. 120 0 ш.б.
В. 160 0 ш.б.
С. 180 0 ш.б.
Д) 145 0 ш.б.
Е) 130 0 ш.б.
-
Қазақстанның оңтүстік шығысындағы мемлекет
А) Қырғызстан
В) Түркменстан
C) Иран
Д) Өзбекстан
E) Ресей
-
Қазақстанның Арал теңізіндегі шекарасы қандай мемлекет
А) Қырғызстан
B) Ресей
С) Қытай
Д) Түркменстан
Е) Өзбекстан
-
Қазақстанның батыс шеткі нүктесі өтетін бойлық қанша
A) 55 0 251
B) 40°561
C) 87°201
Д) 450271
E) 200561
-
Қазақстанның шығыс шеткі нуүктесі өтетін бойлық
A) 55°251
B) 100561
C) 870201
Д) 450271
E) 200551
-
Қазақстанның солтүстік шеткі нүктесі өтетін ендік
A) 550251
B) 400561
C) 870201
Д) 450271
E) 200561
-
Қазақстанның оңтүстік шеткі нүктесі өтетін ендік
A) 550251
B) 400561
C) 870201
Д) 450271
E) 200561
-
Қазақстан оңтүстік батысында автономиялық республикамен шектеседі
А) Дағыстан
В) Тәжікстан
С) Қарақалпақстан
Д) Башқұртстан
Е) Алтай өлкесі
-
Астана қай жылы Қазақстан Республикасының ордасы атанды
А) 17 каңтар 1999
В) 6 мамыр 1998
С) 12 сәуір 1998
Д) 18 сәуір 1999
E) 17 желтоқсан 1999
-
«Диуани лұғат- ат түрік» еңбегін жазған ғалым
A) Қадырғали Жалайри
В) Махмуд Қашқари
С) Әбу-Насыр Әл-Фараби
Д) Ш.Уәлиханов
E) Қ.И.Сәтбаев
-
Қазақстан жер көлемі жөнінен Ұлыбританиядан неше есе үлкен
A) 9
B) 8
C) 11
Д) 6
E) 5
-
Қазақстан жер бедерінің басты ерекшелігін қаншага бөлуге болады
А) 5-ке
В) 7-кe
С) 4- ке
Д) 8-ге
E) 3-ке
-
Шығыстың Аристотелі атанған ғалым
A) Махмуд Қашқари
В) Әбу-Насыр Әл-Фараби
С) Әл-Штахри
Д) Әл-Масуди
Е) Ибн Фадлан
-
Күн мен айдың тұтылу ұзақтығын есептеп шығарған ғалым
А) Әл-Фараби
В) Әл-Масуди
С) Махмуд Қашқари
Д) Ибн Фадлан
E) Әл Идриси
-
Махмуд Қашқари қай қалада туып өскен
А) Самархан
В) Отырар
C) Тараз
Д) Баласағұн
Е) Құлан
-
XIII ғасырда Қазақстан мен орта Азияны зерттеген итальяндық саяхатшы
А) Плапо Карпини
В) Афанасий Никитин
С) Вильгельм Рубрук
Д) Марко Поло
Е) А.Герман
IIІ нұсқа
-
Әкімшілік аумақтық жағынан Қазақстан неше облысқа бөлінеді?
A)
5
B)
10
C)
11
Д) 13
E) 14
-
Қазақстанның ата заңын қай жылы қабылданды?
A) 1921
B)
1936
C)
1995
Д)
1996
E)
1997
-
Қазақстан қай жылы ТМД-ға мүше болып енді?
A)
1990
B)
1991
C)
1992
Д)
1995
E)
1997
-
Жергілікті уақыт дегеніміз не?
А) Бір меридианның бойындағы уақыт
В) Бір сағаттық белдеудің ішіндегі уақыт
С) Әр елдің белгілеген уақыты
Д) Ендік бойындағы уақыт
Е) Полюстердегі уақыт
-
Үлкен сызба кітабы қай жылы жарық көрді?
A)
1947
B)
1937
C)
1927
Д)
1592
E)
1607
-
Қазақ жерін зерттеген орыс ғалымдары
А) С.Тянь-Шанский, Потапин, Обручев, Мушкетов
В) Марко Поло, В. Докучаев, И. Черский
С) Ф. Магеллан, Х. Колумб,М. Лазерев
Д) М.Сомов.Х.Лавтеев,С.
Челюскин
Е) Барлығы да
дұрыс
-
Махмуд Қашқаридің картасы
А) Физикалық карта
В) Жер бедері картасы
С) Дөңгелек карта
Д) Орталық
және
орта Азия картасы
Е) Американың
географиялық
картасы
-
Әл-Фарабидің ойлап тапқаны
А) Шәйнек
B) Күн сағаты
С) Телескоп
Д) Теледидар
Е) Микроскоп
-
Тянь-Шань тауын зерттеген ғалым
А) П.П.Семенов
В) Л.С.Берг
С) Н.И.Андрусов
Д) Птоломей
Е) Ш.
Уалиханов
-
Әбу-Насыр Әл-Фарабиді кім деп атады
А) Екінші Геродат
В) Екінші Аристотель
С) Екінші Птоломей
Д) Екінші Страбон
E) Дұрыс жауабы жоқ
-
Қазақстан Республикасының ғылым академиясы қай жылы құрылды
A) 1936
B) 1946
C) 1956
Д) 1945
E) 1948
-
Арал теңізі өңірін толық сипаттап жазған кім?
А) Л.С. Берг
В) И.В. Мушкетов
C) П.П.Семено
Д) Н.А.Северцев
Е) Н.H.Баранский
-
Ұлы Жібек жолының ұзындығы
А) 6970 км
В) 3900 км
С) 6880 км
Д) 5000 км
E) 4980 км
-
Жоңғар Алатауын зерттеген ғалым
А) Қ.И.Сәтбаев
B) И.Г.Герасимов
С) Ш.Ш.Уәлиханов
Д) Л.С.Берг
Е) Н.Н. Баранский
-
Ерте кездері Ұлы Жібек жолы өткен Қазақстанның шығысындағы қақпа
А) Төрткүл какапасы
В) Торғай какапасы
С) Дұрыс жауап жоқ
Д) Жоңғар қақпасы
Е) Барлығы дұрыс
-
Тянь-Шань тауының ең биік шыңын анықтаған орыс ғалымы
А) И.В. Мушкетов
В) Н.А.Северцев
С) П.П.Семенов
Д) Л.С.Берг
Е) Г.Н.Сидоров
-
Қазақстан ғылым академиясының тұңғыш президенті
А) И.В. Мушкетов
В) Әл-Фараби
С) Қ.И.Сәтбаев
Д) Ш. Уәлиханов
Е) Л.М.Баранов
-
Қазақстаннан шыққан тұңғыш географ саяхатшы Ш. Уалихановтың еңбегі
А) Түркістан өлкесіне саяхат
В) Жоңғар очергтері
С) Ғылымдардың шығуы
Д) Диуани-лұғат-ат түрік
E) Ғылымдар тізбегі
-
XIX ғасырдың 80 жылдарында топырақ ғылымының негізін қалаған орыс ғалымы
A) В.А.Обручев
В) А.И.Бутанов
С) В.В. Докучаев
Д) А.И.Левшин
E) А.Н.Краспов
-
Экологиялық жағдайы нашар аудандарға қайсысы жатады?
А) Ядролық полигон
В) Арал аймағы
С) Өнеркәсіп қалалары
Д) Эрозия
Е) Барлық жауап дұрыс
-
XVII ғасырда қазақ жері бейнеленген карта
А) Қашғаридың
В) Птоломейдің
С) Әл-Фарабидің
Д) Сібірдің сызба кітабы
Е) Мушкетовтың
-
Арал теңізін зерттеген ғалым
А) Ш.Уәлиханов
В) И.В. Мушкетов
С) П.П.Семенов
Д) Л.С.Берг
Е) Н.А.Северцев
-
Академик Қ.И. Сәтбаевтың зерттеген аймақтары
А) Солтүстік Қазақстан
B) Орталық Қазақстан
С) Оңтүстік Қазақстан
Д) Шығыс Қазақстан
Е) Батыс Қазақстан
-
Іле мен Жоңғар Алатауын зерттеген ғалым
А) Ш.Ш. Уәлиханов
В) И.В.Мушкетов
С) Н.А.Северцев
Д) Қ.И.Сәтбаев
Е) Л.С.Берг
-
Жезқазғандағы мыс кенін ашқан
A) Н.A.Северцев
В) И.В Мушкетов
С) Қ.И.Сәтбаев
Д) Ш.Ш.Уәлиханов
Е) Л.С.Берг
ЖАҒРАФИЯЛЫҚ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР
15 млрд жыл бұрын - Үлкен жарылыс.
3 минуттан кейін - Әлемнің заттық негізі түзілді (фотондар, нейтрино мен антинейтрино сутегі, гелий және электрондар ядроларының қоспасымен).
Бірнеше жүз мың жылдан кейін - атомдар (жеңіл элементтердің)
пайда болды.
14 - 12 млрд жыл бұрын - әртүрлі масштабтағы құрылымдардың (галактикалардың) түзілуі.
10 млрд жыл бұрын - алғашқы жұлдыздар пайда болып, ауыр элементтердің ядролары түзілді.
5 млрд жыл бұрын - Күн пайда болды.
4,7 млрд жыл бұрын - Жер пайда болды.
4,5 млрд жыл бұрын - Жерде тіршілік пайда болды.
3,3 млрд жыл бұрын - бір клеткалы ядросыз организмдер пайда болды.
2 млрд жыл бұрын - клеткада ядро түзілді.
1 млрд жыл бұрын - организмдер жануарлар мен өсімдіктерге бөлінді.
500 млн жыл бұрын - жануарларда қаңқа пайда болды (хордалы жануарлар).
450 млн жыл бұрын - өсімдіктер құрлыққа шықты.
320 млн жыл бұрын - жануарлар құрлыққа шыкты (алғашкы амфибиялар - ихтиостегиялар - балық құйрықты және төрт жузу жарғақты жануарлар).
290 млн жыл бұрын - динозаврлар пайда болды.
167 млн жыл бұрын - алғашқы ұшқыш кесірткелер (птерозаврлар мен археоптерикстер).
150 млн жыл бұрын - алғашкы сүт қоректілер пайда болды.
65 млн жыл бұрын - динозаврлар жойылып, сут қоректілер эволюциясына жол ашылды
14 млн жыл бұрын - қарапайым гоминидтер - рамапитектер пайда болды.
5-6 млн жыл бұрын - антропогенездің басы.
Қазіргі заманғы ғылымға тек қана даталар ғана белгілі екендігі айта кету маңызды, ғалымға сонымен қатар, үлкен жарылыстан басталып осы күнге дейін жалғасып жатқан Әлемнің эволюциясының механизмдері де белгілі. Бұл - бір ғана жүз жылдықта ғылымның қол жеткізген фантастикалық қорытынды деуге болатын жағдай.
Атақты америкалық астроном Карл Саган (1934 жылы туылған) Әлемнің эволюциясының көрнекті моделін жасады, ол бойынша, космостық жыл шамамен біздің 15 млрд жылымызға, ал 1 секунд - 500 жылға тең, сонда зволюцияның уақыты жердегі бірліктермен есептегенде төмендегідей болады екен.
Үлкен жарылыс 1қаңтар 0 сағ 0 мин
Галактиканың түзілуі 10 қаңтарда
Күн системасының түзілуі 9 қыркүйекте
Жердің түзілу: 14 қыркүйекте
Жерде тіршіліктің пайда болуы 25 қыркүйекте
Мұхиттағы планктон 18 желтоқсанда
Алғашқы балықтар 19 желтоксан
Алғашқы динозаврлар 24 желтоқсанда
Алғашқы сүт қоректілер 26 желтоқсанда
Алғашқы құстар 27 желтоқсанда
Алғашқы приматтар 29 желтоқсанда
Алғашқы гоминидтер 30 желтоқсанда
Алғашқы адамдар 31 желтоқсанда шамамен 22 сағат 30 минутта пайда болған.
ҚОСЫМША
«Кызықты география әлемінде» атты пәндік кеш
(ұстаздық тәжірибемнен)
Кештің такырыбы: Қызықты география әлемінде
Мақсаты: Оқушылардың географияның әр салаларынан алған білімдерін тексеру. Пәнге қызығушылығын ояту.
Көрнекілігі: Глобус, карта, сызба плакаттар, сыныптардың газеттері.
Қатысатын сыныптар: 8, 9, 10
Табиғатпен күн кешеміз етене,
Тамашасын айтуға сөз жете ме?
Табиғатпен бар тіршілік үндескен,
Аялаумен жүрсіңбе оны күнде сен?
Табиғатты аялап, ардақтаушы топ мушелері:
Табиғатпен дос болайық, адамзат,
Білемісің, оның күші ғаламат!
Бар мықтыны қолыменен жасаған,
Білімді де, ақылды да-Адамзат!
Зерек те акылды адамзат тобынын мушелері:
Турнирдін әділ төрешілері:
Тек сәттілік, қатысыңдар сайысқа,
Мықты болсаң, қабырғаңмен қайыспа.
Оқу керек, білім керек қашанда,
Ол болмаса, сайыс деген сайыс па?!»- дей отырып, сайысымызды бастаймыз.
Сайысымыздың алғашқы шарты: «Кім күшті?» Оқушылардың сөйлеу мәнері, әдебі, географиялық терминдерді, мағлұматтарды қолдана алуы ескеріліп, 1 минут белгіленеді. Пікірсайыс.
Тақырыбы: «Табиғат күшті ме әлде адамзат куштіме»
Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына.
Дарындылық пен тапқырлық
Жеткізеді сіздерді
География сырына, -
Сайысымыздың келесі шарты- «Он сегіз мың ғалам» деп аталады.
Яғни әр саладан әзірленген сұрақтарға жауап беру. (Ұяшықтарға, немесе Қазақстанның әр облыстарының астына жасырылған сұрақтарды оқимыз.)
1-сұрақ: Бір шалдың жүзден астам ұрпағы болыпты. Оның көбі ұлдар, жиырма шақтысы қыздар. Ұлдары мінез- құлықтарына байланысты үш топқа бөлінеді. Біріншілері тәкаппар, ешкіммен сөйлеспейді, екіншілері байсалды, ал үшіншілері кіммен болса да тіл табыса алады.
Жауабы: Д.И. Менделеев жасаған элементтердің периодтық жүйесі.
2 -сұрақ: Басына шыққанда бірден төрт елді көруге болатын тау қалай аталады және ол қайда жатыр?
Жауабы: Мұзтау. Қазақстан Алтайы
3-сұрақ: Геохронологиялық жер жылнамалық кесте.
Жауабы: Кайнозой, Антроноген, Неоген, Палеоген. Мезозой, Бор, Юра, Триас. Палеозой, Пермь, Карбон, Девон, Силур, Ордовик. Протерезой. Архей.
4-сұрақ: Қазақ тіліндегі ең ұзын тіркес:
Жауабы: Қанағаттандырылмағандықтан.
5-сұрақ: Әйгілі орыс жазушысы А. С. Пушкин бейнесіндегі ел.
Жауабы: Италия
6-сұрақ: Италияда «ит үңгірі» деп аталатын үңгір бар. Оның түбінде ұдайы көмір қышқыл газы тұнып тұрады. Үңгірде адам еркін жүре береді, ал ит болса, көп ұзамай-ақ сенделіп барып құлайды. Неге?
Жауабы: Газ жерден 1м-ден артық биікке көтерілмейді, ит сондықтан құлайды.
7-сұрақ: Ертеде қойшылар ағаш тостағанда сүт пісіріп ішкен. Оны қалай түсіндіруге болады?
Жауабы: Тасты қыздырып салып отырған.
8-сұрақ: Көңіл күйі болмаған адамның бейнесінде қандай материк бейнеленген?
Жауабы: Африка
9-сұрақ: Барсакелмес атауының мәні неде?
10-сұрақ: Сіздер бейтаныс жерге кемемен жүзіп келіп, жергілікті адамдармен тіл табыспақшы болып, оларға әртурлі сұрақтар қоя бастадыңыздар. Ал олар сіздерге «Кенгуру» деген сөзден басқа сөз айтқан жоқ. Сіздер қай жерге келдіңіздер және адамдар не деп жауап берді?
Жауабы: Аустралия материгі. Жергілікте халық тілінде «Кенгуру» сөзі «түсінбедім» деген мағынаны білдіреді.
11-сұрақ: Африкада жерасты суын Конго ойысында тез шығарып алуға бола ма, әлде Сахара шөлінде ме?
Жауабы: Сахара шөлінде жерасты суы жер бетіне жақын жайғаскан.
12-сұрақ: Саяхатшылар алғаш рет бұл жерге келгенде егістік алқабында биіктігі бір метрден асатын, жапырақтары «күмістен» жемістері «алтыннан» тұратын таңғажайып өсімдікті көрді. Бұл қай материк және қандай өсімдік еді?
Жауабы: Оңтүстік Америка. Жүгері.
13-сұрақ: Сіздер материкте оқымысты ғылым қызметкерлерінен басқа адамды кездестірмейсіздер. Бірақ ешқайсысы зәулім ғылыми институттарға жұмысқа бармайды және қарапайым вагон-үйлерде тұрады. Бұл қай материк және қай халық?
Жауабы: Антарактида материгі және зерттеушілер.
14-сұрақ: Орамалды әйел-ана бейнесінде қандай елдер бейнеленген?
Жауабы: Португалия, Испания
III «Карта еліне саяхат»
Картаменен ұштамасақ білімді,
География сырын ұқтым демеші.
Шартараптың бәрін шарлап қайтасын,
Жайып салып сен алдыңа картаны.
Материктегі ұлы саяхатшылардың құрметіне қойылған жер, су атауларын табу.
«Табиғат» тобына - «Еуразия» құрлығы
«Адамзат» тобына «Африка» құрлығы
Окушылар картамен жұмыс жасау барысында 8 сынып оқушысы Калымбет Жанарыс «Өз елім» әнін орындайды.
IV «Зообақ» ойыны.
Тақтадан жануарлардың бейнеленген суреттері көрсетіледі. Суреттегі жануардың атын дұрыс атап, қай материкте, қай табиғат зонасында мекендейтінін дұрыс айту қажет.
V.«Жұлдызды сәт»
Сайыстық «Жұлдызды сәт» бөлімде әр командаға 15 сұрақ беріледі.
Дұрыс жауаптары ғана ұпай санына қосылады.
1.«Табиғат» тобына:
1. Жер шарындаы ең үлкен алапты өзен (Амазонка)
2. Қазақстанның шығысындағы тау (Алтай)
3. Дүние жүзіндегі ең ұзын өзен (Ніл)
4. Жер бетіндегі ең үлкен ойпат (Амазонка)
5. Қоршаған орта туралы ғылым (Экология)
6. Еділ өзенінің құяр жері (Каспий теңізі)
7. Обь өзенінің сол жақ ірі саласы (Ертіс)
8. Африкадағы ең таяз көл (Чад)
9. Сарарқаның солтүстігіндегі үстірт (Бетпақдала)
10. Икарус автобусын шығаратын ел (Венгрия)
11. Тұран ойпатының өзені (Сырдария)
12. Батыс Сібірдің басты байлығы (Мұнай)
13. Ұлы Жібек жолы басталатын ел (Қытай)
14. Қазақстандағы ең ірі су қоймасы (Бұқтырма)
15. Азиядағы ірі тау жүйесі (Тянь-Шань)
2. «Адамзат тобына»:
1. Африканың ең дамыған мемлекеті (ОАР)
2. Антрактидағы ашқан саяхатшылар (Р. Амудсен, Р. Скотт)
3. Марқакөл қорығы орналасқан обылысы (Шығыс Қазақстан)
4. Ауыстырмалы экспортқа не шығарылады? (Қой жүнін)
5. Аргентинаның астанасы (Буэнос-Айрес)
6. Қазақстандағы суы ең лай өзен (Сырдария)
7. Іле Алатауының ең биік шыңы (Талғар)
8. Аустралияның байырғы халқы (Аборигендер)
9. Салыстырмалы биіктікті өлшейтін құрал (Нивелир)
10. «Жоңғар қақпасы» Қазақстанды қандай елмен байланыстырады (Кытай)
11. Жер шарындағы ең биік нүкте (Джомолунгма, Эверест 8848 м)
12. Канаданың әлемдік мамандану саласы (Ағаш өңдеу өнеркәсібі)
13. Африканың ең құрғак аймағы (Сахара)
14. «Рахманов бұлағы» қорықшасы орналасқан тау (Алтай)
15.БҰҰ-ның штаб пәтері (Нью-Йоркте)
VI. Cepгіту сәті «Иә», «Жоқ»
Тапқыр, білгір, дарынды, Суйсең туған еліңді
Балалар бар арынды Ортаға сал барыңды
1. Қарағанды алабы
Бай болады көмірге (Ия)
2.Мұнай газдың көп қоры
Шығыстан да шығыпты (Жоқ)
3. Екібастұз көмірін
Қойшы бала ашыпты (Жоқ)
4. Доссор, Мақат кен орны
Атырауда бар екен (Ия)
5. Екібастұз көмірін
Алады екен карьерден (Ия)
6. Қарағанды көмірін
Шахталардан қазады (Ия)
7. Біздің батыс бай дейді
Көмір деген қазбаға (Жоқ)
8. Қарағанды көмірі
Қымбат әрі саналы (Ия)
9. Мұнай, газды, көмірді
Қосып біздер айтамыз
Жанатын қазба байлық деп (Ия)
VII. «Неге» жане «Неліктен»?
Бұл бөлімде оқушылар қимылымен сұрақты үнсіз көрсетеді.
Қарсыластары сұрақты тауып әрі жауап беруі тиіс.
1. Жердің өз білігін және Күнді айнала қозғалуының қаншалыкты мәні бар?
2. Газеттінң астына жартылай орналасқан сызғыш неге сынды?
VIII. «Географиялық лото»
Сағаттың циферблатьна 12 әріп орналастырылған. Осы әріптерді сағат тілінің бағыты бойынша жылжытып, жеке-жеке мағыналы сөздер құрастыру керек. Жаңа сөз тудыру сәтінде әріпердің арасын үзуге, сонымен қатар, бірде-бір дыбысты аттап кетуге болмайды. Егер негізгі шарт ойдагғыдай орындалса, көрсетілген 12 әріптен 21 сөз шығады.
IX. «Ең...Ең...Ең...» Жедел жауап беру
Ең үллен арал - Гренландия
Ең биік шын - Джомолунгма
Ең үлкен түбек - Арабия
Ең кіші материк - Аустралия
Ең үлкен материк - Еуразия
Ең халкы көп мемлекет - Қытай
Ең үлкен тау - Анд
Ең кішкентай құс - Колибри
Ең терең шуңғыма - Мариан
Ең үлкен мұхит - Тынық
Ең биік сарқырама - Анхель
Ең үлкен көл - Каспий
Ең терең көл - Байкал
Ең кіші мұхит - Солтүстік Мұзды мұхит
Ең суы мол өзен - Амазонка
Ең ұзын өзен - Ніл
Ең суыққа төзімді құс - Пингвин
Ең биік жануар - Керік
Ең жүйрік сүтқоректі - Гепард
Ең ірі құс - Түйеқұс
Ең биік тау - Гималай
Еі улкен шөл - Сахара
Еі кіші мемлекет - Ватикан
Ең тұзды теңіз - Қызыл теңіз
Ең суық материк - Антарктида
Ең үлкен ел - Ресей Федерациясы
Ең ірі құрлыктағы сүтқоректі - Піл
Ең ірі су жануары - Кит
Ең ірі ескек аякты сүтқоректі - Морж
Ең көп жауын-шашын көп түсетін жер - Черапунджи
Сайыс міндеті - жену,
Оку міндеті -білу.
Кім жеткенін мәреге,
Қалды бізге білу. - олай болса турнир қорытындысын төрешілерден білейік. Турнир қортындысы бойынша жеңімпаз команда марапатталады, географиялық кеш кортындыланады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Гумилев Л.Н. География этноса в исторический период. Л. Наука, 1990.
2. Гумилев Л.Н. Этногенез и биосфера Земли. Различные издания.
3. Дикерсон Е.Р. Химическая эволюция и происхождение жизни. 103 6.
4. Ивахненко М.Ф., Корабельников В.А. Живое вещество Земли. M. 1987.
5. Каратаев О.Г. Проблемы электромагнитной совместимости. - М: Знание, 1988.
6. Кендрью Дж. Нить жизни. М., 1968.
7. Костицын В.А. Эволюция атмосферы, биосферы и климата. М. 1984.
8. Крывелев И.А. История религий : Очерки в 2 т. М.: Мысль, 1988.
9. Кун Т. Структура научных исследований. М, 1975.
10. Майр Э. Эволюция. М., 1981.
11. Матюшин Г. Н. У истоков человечества. -М.: Мысль, 1982.
12. Монио А.С., Шишков Ю.А... История климата. Л.: 1979.
13. Неручев С.Г. Уран и жизнь в истории Земли. - Л.: Недра, 1982.
14. Николов Т.Г. Долгий путь жихни. -М.: Мир, 1986.
15. Новиков И.Д. Эволюция Вселенной.-М.: Наука, 1983.
16. Поршнев Б.Ф. О начале человеческой истории. М., 1974.
17. Почтарев В.И. Земля- большой магнит.-Л.: Гидрометеоиздат, 1974.
18. Пригожин И., СтенгерсИ. Время, хаос, квант. М., 1994.
19. Реймерс Н:Ф: Пиродопользование. Словарь-справочник. М.: 1990.
20. Семнов Ю.И. На заре человеческой истории. М.: Мысль, 1989.
21. Сноу Ч. Две культуры. М., 1973.
22. Станы и народы мира. Общий обзор. М.: 1978, т. 1
23. Ушаков С.А., Ясаманов Н.А. Дрейф материков и климаты Земли. М. 1984
24. Филиппов Е. М. Ядра, излучение, геология. - Киев: Наукова думка. 1984
25.
Филиппов Е.М. О развитии Земли и биосферы. -
м.
Знание, 1990. 48 б. Новое в жизни, науке,
технике. Сер. «Науки о Землен;
6.5
26. ФлинтР.Ф. История Земли. М. 1978.
27. Даринский A.B. Методика преподавания георафии. М., 1975.
28. Баранский Н.Н. Методика преподавания экономической географии.-2-е изд.-М., 1990.
29. Методика обучения географии в средней школе.-2-е изд. Подред. А.Е. Бибик и др.-М., 1975.
30. Методика обучения географии в школе -Под ред. Л.М. Панчешниковой.-М., 1997.
31. Методика обучения географии в средней школе Под ред. И.С. Матрусова.-M., 1985.
32. Панчешникова Л.М.Об исследовательской работе по тетодике обучения географии || География в школе.- 1978.-№ 4.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз