Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Заң бәрімізге ортақ
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Шығыс Қазақстан облысы
Ұлан ауданы
«Таврия орта мектебі» КММ-нің
Тарих және география пәнінің
мұғалімі Тойбазарова Балғын Ахметовна
Заң бәрімізге ортақ
Мақсаты: Құқықтық тәрбиенің өмірілік қажеттілігін оқушыларға түсіндіру. Оқушыларға адам құқықтары жайлы декларацияның кейбір баптары туралы түсінік беру; ол баптардың мазмұнын көрініс арқылы ұғындыру; әр бала өз пікірін айтуға құқықты екенін түсіндіру.
Көрнекіліктер Интербелсенді тақтаның көмегімен дайындалған слайдтар, қанатты сөздер, мақал- мәтелдер, тірек сызбалары. «Балам бол басқа бол – заң біреу-ақ» Жүсіп Баласағұн
Мұғалім.
Еліне арналатын тілегі
шын,
Ей, ұлым – Отанымның түлегісің!
Іргесін туған елдің тіреп тұрған
Қадірін Ата Заңның білемісің?!,- деп ақын жырлағандай бүгін
оқушыларымызға Ата Заңымыз туралы терең түсінік беру үшін тәрбие
сағатымызды ата – аналармен келген қонақтарымызбен бірлесе отырып
тренинг түрінде өткізбекшіміз.
Сен шыр етіп дүниеге келдің. Сен сияқты қаншама адам дүниеге
келуде. Осы адамдардың барлығы бір заңға бағынады. Әр елдің,
мемлекеттің өз азаматтарына арналған Заңы – Конституциясы бар.
Мемлекеттік әнұран орындалады.
Мұғалім.
Айбыны асқақ, атағы әлемге мәшһүр, күн санап өсіп - өркендеп келе
жатқан жас мемлекетіміз Қазақстанның Тәуелсіздігіне 25 жыл толып
отыр.
Қаншама қиындық көрсе де, Қазақ елінің аумағында ғасырлар бойы
шапқыншылық болып, астан - кестең оқиғалар мен өзгерістер орын алса
да қазақтар, яғни, көне дәуірден бастау алған ата - бабамыз екі
құндылықты мәңгілік сақтап қалды, ол Сөз құдіреті мен Заң
құдіреті.
Ел басқарудың тамаша үлгілері біздің ата - бабаларымызда да болған.
Қазақ тарихында «Қасқа жол», «Ескі жол», «Жеті жарғы» делінген заң
үлгілері болған. 1993 жылы 28 қаңтарда тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш
Конституциясы қабылданды. Сол Ата Заңымызды ортаға шақырайық
Сабағымыздың төрешісі Ата Заңымыз ортаға келеді
Ата заң сөзі
Біздің Отанымыз - Қазақстан Республикасы. Сендер әлі кішкентайсыңдар, алайда Қазақстан мемлекетінің мүшесі бола отырып, сол елдің азаматы мен азаматшалары болып табыласыңдар. «Болашақ - жастардың қолында» дегендей оқушы болып, олардың үйдегі ұстаздары - ата - ана және мектептегі ата - анасы – ұстаздар болып, өз міндеттеріміз бен құқықтарымызды біліп, оны дұрыс орындап, бірлік пен ынтымақта жұмыс жасап, Қазақстан елінің бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылуы үшін үлесімізді қосайық дегім келеді
І Бөлім «Ата заңым мақтанышым қорғаным» бөлімде оқушылар тақпақ оқиды
1.Айым Дүйсенбекова
Әділ заң жемісін
Бағалар ерлер жеңісін
Адамның еркін айқындап,
Қызмет етер ел үшін
Бұл заңда жеңіс даңқы
Салтанат құрған салтымыз.
Сүйеніш , қамқор қорғаушы
Сүйеді заның халқымыз!
Ғұрпымыз бар ел сенген,
Дәстүрлері ең ізгі.
Әділдікпен өлшенген
Заңымыз бар негізгі
Бас иетін бар адам
Әрбір сөзі салмақты.
Қорғар бәле -жаладан
Ата заң бұл ардақты!
2.Қалибек Төлеген
Көгімізде елжірейді күніміз,
Төбемізде желбірейді туымыз.
Той-тойларда,мейрамдарда
Батырларша мына біз
Көгілдір ту бізді туды
Тік көтеріп шығамыз!
Ынтымақ,достық тыныштық,
Туыстық бізге тым ыстық
Бейбіт өмір белгісі-
Күлімдеп шыққан күн ыстық.
Халықтың ақ тілегі
Ата заң бұл киелі
Ізгіліктің бастауы
Еліміздің бас заңы.
3.Дүйсенбекова Құндыз
Конституция- ерікті елдің құқы,
Адам құқы алдымен ердің құқы
Мемлекетім-жан-жақты дәйектелген
Конституция – алтын зан, елдің құты.
Ол бойынша бекіген бостандығым,
Ол бойынша сақталған сөз сандығым.
Ол бойынша тілім де мемлекеттік,
Қуаттайды мұны бар достар бүгін.
4.Совет Аяужан
Ол бойынша сайлаймын , сайланам да,
Ол бойынша біртұтас бай далам да.
Сансыз ұлттың өкілі бір орда да,
Тең құқылы барлығы айналамда.
Қалауымша оқимын, білім алам
Еңбек етем , қартайсам тыным алам
Емделемін ауырсам заңды түрде
Конституциям бекіткен мұны маған .
5.Сансызбаева Жанель
Өз елімде қастерлі құрметтімін,
Қорламайды ешкім де тілде қырын.
Тәртіп бұзсам немесе қылмыс қылсам,
Заң алдында жауапқа міндеттімін.
Баға жетпес қоғамда құным бары,
Еркін шыққан ерекше үнім бары,
Елтаңбалы жығылмас туым бары
Алтын заңда айтылған мұның бәрі.
Туған Елім Ән орындайтын Сансызбаева Жанель
Оқушылар мен Келген қонақтарды топқа бөлу
Топ аттары Таңдау бойынша
Әділдік
Мемлекет
Ата Заң
Өжет
Баптар р
Тарих
Топ басшылары өздерін таныстырып
ІІ Бөлім «Ата заңым ар-намысым»
І-топ «Заңбілмеген зарпдап шегеді»
ІІ-топ «Мектеп заңына бағынайық»
ІІІ-топ «Әр бала жүрек жылуын қажет етеді» топтар берілген сұрақтарға дайындалып 3 минут қорғау керек.
№ 1Тапсырма
Ойлан тап. (Интербелсенді тақтаның көмегімен дұрыс жауабын
табу.)
1. Құқық
-----------------------------------------А – Еліміздің негізгі
заңы.
2. Конституция
---------------------------------Б – Мемлекет
басшысы
3. Мемлекет
------------------------------------В – Негізгі саяси қоғамдық
ұйым
4. Азамат
-----------------------------------------Г –
Тәуелсіздік
5. Құқық бұзушылық -------------------------Д
– Заңдар жүйесі
6. Президент
------------------------------------Е – Заң шығарушы
орган
7. Парламент
------------------------------------Ж – Заң жүйесін
бұзу
8. Егемендік
--------------------------------------З – Құқығы бар ел
тұрғыны
Дұрыс
жауабы:
1-Д, 2-А, 3-В, 4-З, 5-Ж, 6-Б, 7-Е,
8-Г
ІІІ Бөлім «Кездейсоқ морафон»
Бейне таспа көрсетіліп талдау жасалады.
№ 1 көрініс. (үш бала асық ойнап жүр)
1-бала. –Серік сен ойнамайсын
2-бала. –Неге?
1-бала. Сенің киімің жыртық.Мамаң біздің мектепте еден жуады.Әкең арба айдайды. Сен кедейсін.
3-бала. –Ал менің әкем – рэкет.Ешкімнен қорықпайды.Ал мамам-«крупный бизнесмен».Біз үлкен каттежде тұрамыз. Біздің үйде не керек, бәрі бар.
1-бала. –Ал менің әкем-бастық. Мамамда бастық. Үлкен үйіміз бар.Шетелдік машинамыз бар. Ал сенде ештеме жоқ.(серікті ұрады,жылайды). (талдау жасау)
«Заң» дұыс жауабын айтады .
-17-бап. 1. Адамның қадір –қасиетіне қол сұғылмайды.
2.Ешкімді азаптауға оған зорлық –зомбылық жасауға ,басқаны қинауға, оған қатал қаруға, кемсітуге және ренжітуге ешкімнің құқы жоқ
№ 2-көрніс (Екі бала әңгіме айтып келеді)ю
-
Бала – Сен білесің бе ? Кеше Асқар Майраға хат жазды ғой Соған қарағанда жақсы көреді –ау деймін.
-
Бала –Шын ба? Не деп жазды екен? Не деп жазғанын білгім келіп тұрғанын қарашы. Не істесек екен? (екеуі ерсілі қарсылы жүреді)
1-бала Мен таптым! Сынып асханаға кеткенде сумкасынан алып оқып алайық.
2-бала Қалай Мұғалімге ұста алып қалсақ шаруамыз бітті дей бер . Әкем естісе мені өлтіреді.
1-Бала Ой саспа! Мұғалімге білдірмей аламыз.
2-бала Онда жүр кеттік. Сыныпқа келіп Майраның сумкасынан хатты алып
Екеуі Хатты оқып сықылықтап келіп күледі. Майраны мазақ еттеді (талдау жасау)
«Заң» дұыс жауабын айтады .
«Заң» 22 бап 1. Әркімнің ар –ождан бостандық құқығы бар .
2. Ар –ождан бостандық құқығын жүзеге асыру жалпы адамдық және азаматтық құқықтар мен мемлекет алдындағы міндеттерге байланысты болмауға немесе оларды шектемеуге тиіс.
Біреудің атына кір келтіруге ,жеке басының тіршілігіне араласуға рұқсатсыз адам өміріне
араласуға, біреудің затын алуға ешкімнің құқы жоқ құқығы бар)
Заң осы орайда Әр топтарға Бап сандарын таратып береді Соны Топ болып қорғау керек.
№ 2Тапсырма
14 бап -
30 бап-
29 бап-
34бап-
14 бап 1.Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең.
2. Тегіне ,әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне ,ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына,нанымына. Тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзгек жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.
30-бап 1. Азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті.
29-бап 1. Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.
34-бап. 1. Әркім Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын,бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.
2. Әркім Республиканың мелекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті.
ІҮ Бөлім «Бала құқығы-асыл қазына»
І-топ «Әр түрлі құқық жағдаяттар туындаса»
ІІ-топ «Оқушының қандай міндеттері бар ?»
ІІІ-топ «Ата- ана міндеттері мен құқықтары» топтар берілген сұрақтарға постер құрастырады 5 минут қорғау керек.
Ата Заң Сөзі
Заңды білмеу — құқықтық мәдениеттің елеулі
кемшілігі. Заңды білмеу, оны бұзу жауапкершіліктен құтқармайды. Бұл
жерде оқушы заң және құқықтық мәдениет ұғымын шатастырмау керек.
Құқықтық мәдениет оқушыдан жан-жақты құқықтық білімдерді талап
етеді. Адамның құқықтық мәдениеті — күрделі психологиялық құбылыс.
Бұл құбылыс қоғамның, мемлекеттің көптеген маңызды салаларында
көрінеді. Ең бастысы адамгершілікті адам тұлғасының сапалық
қасиеттерін қалыптастыруға ықпал жасайтын тәрбие құралдарының бірі
— орынды тәртіп және мінез-құлық тәрбиесінің жоғары деңгейінде
болуы. Сонымен адамның құқықтық мәдениеті дегеніміз — орынды тәртіп
пен мінез-құлық, жан-жақты құқықтық білімдері мен заңды құрметтеу,
құқықты қорғау іс-әрекетінің терең бірлігі.
Құқықты құрметтеу, әділдікті, борышты, жауапкершілікті, заңдылықты,
сезіну — адам тұлғасының жоғарыдан көрінуі. Осыдан келіп заңдылықты
сезіну құқықтық мәдениеттің құрамы екендігін түсіну қиын
емес.
Заң сұрақ қояды «Кім жылдам» ойыны
ойнатылады .«Сұрақ - жауап»
1. Конституция сөзінің аудармасы қандай? (Құрылым, өкілім)
2. ҚР-ның биліктің бірден бір бастауы (халық)
3. Республика заңдары қай кезде күшіне енеді? (Президент қол
қойғаннан кейін)
4. Егемендік алғаннан кейін ҚР-да Конституция қанша рет қабылданды?
(2-рет
1993 жылы 28-қаңтар, 1995 жылы 30-тамыз)
5. Республикадағы жоғары заң шығарушы органды ата? (Парламент)
6. ҚР өзін қандай мемлекет ретінде
орнықтырды? (Демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік)
7. Құқық дегеніміз не? (Мемлекет
тарапынан заңдастырылған және қорғалатын жалпыға бірдей міндетті
нормалар жүйесі)
8. ҚР Конституциясының 17-бабы
1-ші не туралы? (Адамның қадір-қасиетіне
қол сұғылмайды)
9. «Жеті жарғыны» қабылдаған қазақ ханы
кім? (Тәуке хан)
10. Бала құқықтары туралы конвенция қашан
қабылданды? (1989 жылы 20-қараша)
11. Еліміздегі мемлекеттік тіл? (Қазақ
тілі)
12. ҚР Конституциясының 15-бабында не
туралы айтылған? (Әркімнің өмір сүруге
«Ой жалғау»
Заңның құрығы……. (бәрінен ұзын)
Өш алғаннан гөрі…….. (кешірген жөн)
Ақырын жүріп………….. (анық бас)
Асыл тастан………… (өнер жастан)
Ұрлық түбі………….. (қорлық)
Әдепті бала……………….(арлы бала)
Тәрбие………(отбасынан басталады)
Әділ істің……..(арты игі)
Ү қорытынды бөлім
Ата Заңның сөзі
Ата Заң- қорғанымыз. «Азамат жолы-ар жолы» демекші,
ешкімнің ала жібін аттамай, өз құқымызды да, өзгенің құқығың да
бұзбай тәуелсіз елдің арқа сүйер айбынды, ақылды ұл-қызы болып
өсейік.
«Еліміздің ертеңгі тағдыры сіздермен байланысты» деген еді
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев. Ендеше сабағымыздың соңынды сендерге
мынадай үндеу тастағым келеді.
Үндеу
Жас жеткіншек!
Сен өзіңді құрметтеуге тиіссің. Бойындағы бар қабілетіңді тек
жақсылыққа бағыттай біл. Зиянды әдеттерден, ішімдіктен, шылымнан,
есірткіден аулақ бол.
Ар-намысыңды биік ұста. Өз тағдырың-өз қолыңда. Өзіңе сен. Өзіне
сенімді адам ғана өзгелердің теріс әсеріне бағындай өзін сақтай
алады.
Тәртіпті бол, өз құқығыңды дұрыс пайдалан. Сен ел үшін керексің,
өйткені сен- тәуелсіз еліміздің болашағысың.
Қазақ елі әні орындайтын Қалышева Әсел
Құрметті
оқытушылар мен ата аналар және келген қонақтар!
Біз бүгінгі « Заң бәрімізге
ортақ» атты тәрбие сағатымызды
қорытындылай келе, сіздердің келешекте өз білімдеріңізді шыңдай,
рухани жан дүниеңізді байыта отырып, өз құқықтарыңызды жете
меңгеріп, еліміздің жақсы азаматы болуларыңызға сенім артамыз.
Бауыржан Момышұлы атамыз«Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас
иген құл болмайды» деп айтқандай әрқашанда Ата-заңымызды
қорғауға, бекітілген тәртіпке бағынуға, өз құқықтарыңызды орынды
пайдалана білуге шақыра отырып, бүгінгі іс-шарамызды
аяқтаймыз.
Сіздерге әрқашанда сәттілік тілейміз!