жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
“Заң және тәртіп -халықтық Конституция құндылықтары”
Сынып сағаты : |
|
|
Күні |
|
|
Сынып жетекші: |
|
|
Сынып: |
|
|
Сынып сағатының тақырыбы: |
“Заң және тәртіп -халықтық Конституция құндылықтары” |
|
Сынып сағатының мақсаты: |
Оқушыларға Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы жан-жақты мәлімет беру, оның қоғам мен мемлекет өміріндегі маңызын түсіндіру, құқықтық сауаттылық пен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру. |
|
Құндылықтарды дарыту: |
Заң және тәртіп |
|
Апта дәйексөзі: |
"Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бағынған құл болмайды" |
|
Сынып сағатының барысы: |
||
Сынып сағатының кезеңі/ уақыт |
Сынып жетекшінің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Ресурстар/
|
Ұйымдастыру кезеңі (3 мин)
|
Ұйымдастыру кезеңі Сыныпқа жылы шыраймен қарап, оқушылармен сәлемдеседі.
«Шаттық
шеңбері» әдісі арқылы мотивация
береді:
Сыныпқа кіре берісте оқушылар сурет қиындыларын таңдау арқылы 4 топқа бөлінеді:
Топ
атаулары:
|
Мұғаліммен амандасады.
әр оқушы бір жақсы қасиетті айтады |
Компьютер
|
Сабақ басы (10 мин)
|
«Миға шабуыл» әдісі Сұрақтар: Заң дегеніміз не? Мемлекет не үшін заң қабылдайды? Конституция сөзін қалай түсінесің? Конституция болмаса не болар еді? Өз құқығыңды білмеу неге қауіпті? Оқушылардың жауаптары тыңдалып, тақырыпқа шығу Теориялық ақпарат (7 минут) Қазақстан Республикасының Конституциясы — мемлекеттің ең жоғарғы заң күші бар негізгі заңы.
Қабылданған
уақыты: 1995
жылғы 30 тамыз
Конституцияда:
2026 жылы 15 наурызда Қазақстанда жаңа Конституция жобасы бойынша референдум өтіп, ол 1 шілдеден бастап күшіне енеді. Бұл «Халық Конституциясы» деп аталатын жаңа құжат елдің саяси-құқықтық жүйесін жаңартып, әділеттілік қағидаттарын нығайтуға бағытталған. Референдумды Орталық сайлау комиссиясы ұйымдастырды. 2026 жылғы Конституциялық реформаның басты жаңалықтары:
|
Сұраққа жауап береді.
Оқушылар ақпарат алды |
Презентация |
Ортасы (20 мин)
|
Тапсырма1. ТОПТЫҚ ЖҰМЫС 1-топ «ЗАҢГЕРЛЕР» Тапсырма: «КОНСТИТУЦИЯНЫ 5 СӨЗБЕН» Нұсқау: Конституцияның мәнін небәрі 5 сөзбен түсіндір Әр сөзді неге таңдағаныңды дәлелде 👉
Мысал: 🎯 Мақсаты: қысқа, нақты ойлау 🔹 2-топ «ЖУРНАЛИСТЕР» Тапсырма: «ЖАҢАЛЫҚ РЕПОРТАЖ» Нұсқау: «Бүгін Конституция күні! Тікелей эфирдесіңдер» 1 жүргізуші 1 тілші 1 азаматтан қысқа сұхбат 🎤 1–1,5 минуттық репортаж 🎯 Мақсаты: сөйлеу мәдениеті, өмірмен байланыстыру 🔹 3-топ «СУДЬЯЛАР» Тапсырма: «ӘДІЛ ҮКІМ» Топқа жағдай беріледі: Мектепте оқушыны көпшілік алдында қорлады. Нұсқау: Қандай құқық бұзылды? Кім жауапты? Әділ шешім қандай? ⚖️ Үкімді жариялайды. 🎯 Мақсаты: құқықтық талдау, әділдік ұстанымы 🔹 4-топ «АЗАМАТТАР» Тапсырма: «МЕНІҢ АЗАМАТТЫҚ УӘДЕМ» Нұсқау: «Мен
Қазақстан азаматы ретінде…» Мысал: заңды сақтау өзгеге құрмет елге адал болу 🎯 Мақсаты: азаматтық позиция қалыптастыру
Тапсырма 2. «СЕНСІЗ ЕЛ» (2 минут) Әр оқушыға қағаз беріледі. Нұсқау: «Егер Конституция жоқ елде өмір сүрсең, қандай 1 қиындық болар еді?»
Тапсырма 3: "Ситуациялық жағдаяттар" Жағдаят: 8-сынып оқушысы Арман сабаққа бармай, көлік жуу бекетінде жұмыс істегісі келеді. Оның бұл әрекеті дұрыс па?
Жағдаят: Дүкенде сатушы сатып алушыға дөрекі сөйлеп, қызмет көрсетуден бас тартты. Мұнда қандай құқық бұзылды?
Жағдаят: Азамат Б. өзінің діни көзқарасын басқаларға күштеп таңғысы келді.
Тапсырма 4: "Полиглот" ойыны Терминдердің қазақша, орысша және ағылшынша баламасын табу.
Тапсырма 5: "Сандар сөйлейді" (Жылдам сұрақ-жауап) Мұғалім сандарды көрсетеді, оқушылар оның мағынасын табады.
|
Топық тапсырмаларды орындап, постер қорғайды. Топтар бір-бірін бағалайды.
✍️ Оқушы 1 сөйлеммен жазады. Жауап кілті: Жоқ, Конституция бойынша әркімнің білім алуға құқығы бар және орта білім алу – міндетті. Сондай-ақ, кәмелетке толмағандарды ауыр жұмысқа жегуге болмайды.
Жауап кілті: Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмау құқығы.
Жауап кілті: Конституция бойынша ар-ождан және діни сенім бостандығы бар, бірақ ешкімді мәжбүрлеуге болмайды.
1.Заң – Закон – Law 2.Құқық – Право – Right 3.Мемлекет – Государство – State 4Еркіндік – Свобода – Freedom 5Азамат – Гражданин – Citizen
30 тамыз – (Конституция күні) 9 – (Конституция 9 бөлімнен тұрады) 98 – (Конституцияда 98 бап бар) 7 – (Бап бойынша Қазақстан – демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет)
|
|
Қауіпсіздік сабағы 10 мин |
|
|
Пайдалы сілтемелер:
|
Соңы
(2 мин)
|
"Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бағынған құл болмайды" деп Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай, заңды білу және оны құрметтеу – әрбір Қазақстан азаматының қасиетті борышы. Сіздер – болашақ ел тірегісіздер! "Ашық микрофон" әдісі. Әр топтан бір оқушы шығып, бүгінгі тақырып бойынша қорытынды ойын 1 сөйлеммен жеткізеді.
Үйге тапсырма: "Мен – құқықтық мемлекеттің азаматымын" тақырыбында эссе жазу. |
"Мен үшін Конституция – ол..." "Мен өз құқығымды білемін, сонымен қатар..."
|
Презентация |
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген