«Мен заңды
қаншалықты жақсы білемін»?
Қазір тақтада тұрған
оюлы қағаздарды алып, сұрақтарға жауап беріңіздер. Бұның ішіндегі
жағдайды қылмыс деп тапсаңыздар, себебін жазасыздар. Алдарыңыздағы
параққа жазасыздар, егер қылмыс емес десеңіздер, себебін тағы
параққа жазасыздар. Әр жағдайға жеке токталып, түсініктеме
бересіздер.
1. Дүкенде спирттік
ішімдікпен бірге есірткі де
сатылады.
2. Сатушы сатып
алушыға байқамай артық ақша беріп жіберді, ал сатып алушы өзіне
тиесілі ақшадан артық екенін біле тұра қайтіп
бермеді.
3. Бір оқушы
сыныптасына: « ертең 300 теңге
әкеліп
бересің, әкелмесең
басқаша сөйлесеміз» деп күш
көрсетті.
Ал, оқушылар
сіздер мектепте, қоғамдық ортада тәртіпті сақтап жүрсіздер
ме?
Мақалды жалғастыр
ойыны.Тақтада берілген мақалдарды
сәйкестендіріңіздер.
2.Халықаралық
көмек көрсету белгілері.
Халықаралық көмек
көрсету белгілері — бұл түрлі дағдарыстар немесе табиғи апаттар
кезінде зардап шеккен елдерге көмек көрсететін мемлекеттердің ортақ
белгісі. Бұл белгілер
әдетте:
Қызыл крест
немесе Қызыл ай, Қызыл
Жұлдыз,
Азаматтық
қорғаныс белгілері.
Азаматтық
қорғаныс белгілері дегенді қалай түсінесіңдер? Ол қандай қимыл
арқылы көрсетіледі?
Бейнероликке
назар аударайық!
Бұл белгілер көмек
көрсетудің халықаралық стандарттарын, бейтараптықты және
қауіпсіздікті сақтауды
білдіреді.
|