400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"ЗАҢ ЖӘНЕ ЗАМАН"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға заңды жітік тусындіру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: «Заң және заман»(тәрбие сағаты)
Сабақтың мақсаты :
 Оқушыларға балалар құқығы туралы білімдерін толықтыра отырып, өмірдегі кездесетін келеңсіз жағдайлармен таныстыра отырып, балалар құқығын қорғауға үйрету. Оқушылардың құқықтық білімін тексере отырып, өз мүдделерін қорғай алатын, өзіндік ұсыныс-пікірлері мен көзқарастарын, ойларын ашық айтатын, сөзге шешен, кемел ойлы , елжанды азамат ретінде тәрбиелеу. Оқушылардың ойлау, тыңдау, өз ойларын еркін жеткізе алу мәдениетін дамыту, шығармашылық қабілеттерін шындау

Сабақтың міндеті : сабақ барысында балалардың бір-бірімен теңдік қарым-қатынасын орнату; сабақ барысында балалардың қызығушылығы мен белсенділігін арттыру. Проблемалық жағдаяттарды құқықтық тәсілмен шешуге үйрету.

Сабақтың түрі : дөңгелек үстел

Сабақтың барысы :

І. Ұйымдастыру

ІІ. Қонақтармен таныстыру

Мектеп инспекторы-Ембергенов А.Ж.

Заңгер –Айымбетов Ж.М.

Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары-Нурмашева Ж.К.

Сынып жетекшісі-Шеховцова Н.

Ата-аналар: Диярова А, Ещанова Э, Дауылбаева Б, Өтегенов Ж, Досмурзаева Р,Айымбетов Ж

ІІІ. Кіріспе

Қылмыс жасағаны үшін жазаға тартқаннан гөрі оның алдын алған әлдеқайда жақсы. Алдын алу жұмысының нәтижелі болуы алғаш жасалған теріс қадамның дер кезінде анықталуынан ғана емес, сонымен бірге кәмелетке толмағандардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескеруге де байланысты.
Мектеп жасындағы балалардың құқықтық санасының төмендігі олардың қылмысты көп жасауына, заң талаптарына өз талаптарын қарсы қоюына әкеліп соғады. Сондықтан оқушылар қылмысының алдын алып, құқықтық тәрбие беру бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Құқықтық тәрбие – кәмелетке толмағандар арасында заң ұғымдарын насихаттай отырып, жасөспірімдерді қажетті заңдылық біліммен қамтамасыз етуді мақсат етеді. Жастарды заңның негізгі принциптерін біліп қана қоймай оны меңгере білуге де үйрету қажет. Осы мақсатта ата - ана мен оқушылар арасында өтілгелі отырған «Заң және мен» дөңгелек үстел.

Қанатты сөздер қолданылады.
«Құқығыңды сақтап үйрен, бірақ басқалардың құқығы бар екенін ұмытпа», «Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды», Заң біткен жерде зұлымдық басталады».

Дөңгелек үстел 5 бөлімнен тұрады:
1. Күнделікті көрініс.
2. Мен заңды қаншалықты білемін?
3. Ешқандай заңы жоқ арал.
4. «Қызыл, сары, көк ауыл».
5. Қылмыскер бала қайдан шығады?
Мұғалім: Халқымызда «Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды» деген тамаша мақал бар. Ақылды болу айналаңдағы адамдарды сыйлай, қадірлей білу деген сөз. Құқықтық тілмен айтқанда бұл - заңды білу, яғни заңды білген адам өзгелерге құрметпен қарайды. Заңды білмегендіктен заңсыз істер істеп, зардап шегіп, өзін қорғай алмай жүргендерді көптеп кездестіреміз.
1. Күнделікті көрініс: Ауыл іші, түн, топ бала өлең айтып, шулап отыр. Жандарынан өтіп бара жатқан балаға отырғандардың біреуі атып тұрып:-«Әй, бері кел» деп айқай салды. Қайырылмаған оған пышақ көрсетті.

Көріністен кейін қойылған сұрақтар:

- Қалай ойлайсыңдар, демалып отырған жастар заңды бұзды ма?
- Кім қалай бұзды? ( Кім қалай бұзды).
- Ата - ана, сіздің тарапыңыздан қандай жауапсыздық кетті? (Ата - ана жауабы тыңдалады.)
Бұлардан соң заң қызметкерлерінің пікірі тыңдалады. Ол демалып отырған жастардың заңның қандай бабымен танысуына тура келгендігін айтуы керек.
2 . «Мен заңды қаншалықты жақсы білемін»?

Қазір мен бірнеше жағдайларды оқимын. Бұның ішінен оқылған жағдайды қылмыс деп тапсаңыздар оң қолды көтересіздер де, себебін алдарыңыздағы параққа жазасыздар, егер қылмыс емес десеңіздер сол қолдарыңызды көтересіздер, себебін тағы параққа жазасыздар. Әр жағдайға жеке тоқталып, түсініктеме бересіздер.

1. Дүкенде спирттік ішімдікпен бірге есірткі де сатылады.
2. Түнгі көшеде жастар айқайлап өлең айтып келе жатыр.
3. Сатушы сатып алушыға байқамай артық ақша беріп жіберді, ал сатып алушы өзіне тиесілі ақшадан артық екенін біле тұра қайтіп бермеді.
4. Бір оқушы сыныптасына: « ертең 20 теңге әкеліп бересің, әкелмесең басқаша сөйлесеміз» деп күш көрсетті.
5. Химиялық завод өзінің зиянды өнімін өзенге тастады, сол өңірдің ауасы бұзылды.
6. Мектеп оқушылары жүзім ұрлады.
7. Сыныптағы бір бала екінші баланың сумкасын сызып тастады. (Оқушылар түсініктеме берген соң заң қызметкері заңға сүйене отырып, өз ойын айтады.)
Мұғалім: Ендігі бөлім «Заңсыз арал» деп аталады.

3. Ешқандай заңы жоқ арал.

Біз ешқандай заңы жоқ аралда өмір сүрсек, не болар еді? ( Оқушылар пікірі тыңдалады.)
Оқушылар пікірі тыңдалады.
Осы бөлімді қорытындылау. Заңсыз елде әркім өз білгенін істейді, тәртіп сақталмайды. Сондықтан адамдар қалыпты жағдайда өмір сүре алмайды, ал тәртіп пен заң біздің қалыпты тіршілігіміз үшін қажет.»Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» деген Б. Момышұлының сөзін естен шығармайық.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
30 сәуір
684
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі