Материалдар / Заң мен заман тәрбие сағаты қмж
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Заң мен заман тәрбие сағаты қмж

Материал туралы қысқаша түсінік
Заң мен заман тәрбие сағаты қмж
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Наурыз 2024
96
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
450 тг 338 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітемін.

Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:

















«Заң мен заман»

Сынып жетекші:

















2023-2024 оқу жылы



Сынып жетекшінің аты-жөні


Күні:


Сынып

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сынып сағатының тақырыбы

Заң мен заман

Тәрбие жұмысының бағыты


Мақсаты

1. Оқушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып, жауапкершілікті арттыру, алдына мақсат қоя білуге баулу.
2. Оқушылардың ойлау, тыңдау, сөйлеу мәдениетін дамыту, сөздік қорларын молайту.
3. Конституцияны, құқықтық нормативтік актілерді орындай, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.

Бағалау критерийлері:


Тәрбие сағатының барысы

Барысы

Тәрбие сағатындағы орындалуы тиіс іс-әрекеттер


Ресурстар



Кіріспе

10 мин























Негізгі бөлім

25 мин


Қазақстан дербес тәуелсіз мемлекет болды. Жаңа қоғамды ұйымдастыруға бағытталған қызметтер атқарушы – Президент Әкімшілігі. Парламент, Үкімет, Конституция Кеңес т.б. құрылды. 1995 жылы тамыз айында бүкілхалықтық дауыс беру нәтижесінде қабылданған жаңа конституция жаңа мемлекеттік органдары заңдастырып қана қоймай, сонымен бірге әрбір жеке адам мен азаматтық кең көлемде демократиялық құқықтары мен бостандықтарын баянды етті. Сонымен қатар азаматтың міндеттері де айтылды.
Біздің өз мемлекетімізді, оның құрылымын білу өзіміздің қандай мемлекетте тұратынымызды, ол мемлекет алдында қандай мақсаттар мен міндеттер қоятынын, кімге қалай қызмет ететінін айқын түсінуіміз үшін қажет.
Біздің бүгінгі сайысымыздың тақырыбы: «Құқықтық сауаттылық – заман талабы» деп аталуының себебі, өйткені біз демократиялық жолда дамып келе жатқан ҚР азаматтарымыз. Біздің Конституцияның І бабында ҚР өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырды, оның ең қымбат қазынасы – адам және оның өмірі, құқығы мен Ал Конституциямыздың 12 бабында «Адам құқығы мен бостандықтар әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған орай анықталады. Республикамызда азамат өзінің азаматтығына орай құқықтарға ие болып, міндеттер атқарады.
Заңды аттамай тура жолмен жүріп еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан заңды білу заман талабы. «Құқықтық сауаттылық – заман талабы» айдарымен ұйымдастырылып отырған ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Сайыстың жоспары:
1. Таныстыру (топ аты, өмірлік ұстанымы, топ төс белгісімен таныстыру)
2. Тікелей сұрақ (әр топқа заң, құқық тақырыптарына қатысты 10 сұрақ қойылады. Әрбір дұрыс жауап бір ұпаймен есептеледі)
3. «Ой жалғау» (мақалдың жалғасын табу)
4. «Адасқан әріптерді орналастыр» (термин сөздер)
5. Суретті баптар (әр топқа мақалдар беріледі, мағынасын қарап, Конституция бойынша баптарға келтіріп, оқушылар соны суреттеп көрсету)
6. «Ой талқы» Берілген сұраққа әр топ ой-тұжырымдарын білдіреді (уақыт 3 минут)
7. Қорытынды (әділқазы алқасының қорытындысы)
І. бөлім «Таныстыру»
(Әр топ атын, топ ұстанымы, топ төс белгісімен таныстырып өтеді. Жоғарғы ұпай 10 ұпай)
ІІ. бөлім «Тікелей сұрақ»
(әр топқа заң, құқық тақырыптарына қатысты 10 сұрақ қойылады. Әрбір дұрыс жауап бір ұпаймен есептеледі)
«Әділет» тобының сұрақтары:
1. Конституция сөзінің аудармасы қандай? (Құрылым, өкілім)
2. ҚР-ның биліктің бірден бір бастауы (халық)
3. Республика заңдары қай кезде күшіне енеді? (Президент қол қойғаннан кейін)
4. Егемендік алғаннан кейін ҚР-да Конституция қанша рет қабылданды? (2-рет
1993 жылы 28-қаңтар, 1995 жылы 30-тамыз)
5. Республикадағы жоғары заң шығарушы органды ата? (Парламент)
6. Қасым ханның қасқа жолы қанша тараудан тұрады? (5 тараудан)
7. ҚР өзін қандай мемлекет ретінде орнықтырды? (Демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік)
8. Құқық дегеніміз не? (Мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі)
9. ҚР Конституциясының 17-бабы не туралы? (Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды)
10. 17-желтоқсан қандай күн? (Демографиялық жаңару күні)
«Ақиқат» тобының сұрақтары:
1. ҚР тәуелсіздігін қашан қабылдады? (1991жылы 16-желтоқсан)
2. ҚР-ның төл теңгесі қашан қолданысқа енгізілді? (1993 жылы 15-қараша)
3. ҚР-ның «Мемлекеттік нышандары» туралы заң қай жылы қабылданды? (1992 жыл 4-маусым)
4. «Жеті жарғыны» қабылдаған қазақ ханы кім? (Тәуке хан)
5. Бала құқықтары туралы конвенция қашан қабылданды? (1989 жылы 20-қараша)
6. Конституцияның бөлімі ретінде Преамбула білдіреді? (Кіріспе бөлімді)
7. ҚР жаңа әнұраны қашан қабылданды? (2006 жылы 2-қаңтар)
8. Еліміздегі мемлекеттік тіл? (Қазақ тілі)
9. ҚР Конституциясының 15-бабында не туралы айтылған? (Әркімнің өмір сүруге
құқығы бар)
10. Қос азаматтық қалай аталады? (Бипатрид)
ІІІ бөлім «Ой жалғау» (мақалдардың жалғасын табу)
«Әділет» тобына
1. Заңның құрығы ... (бәрінен ұзын)
2. Өш алғаннан гөрі ... (кешірген жөн)
3. Ақырын жүріп... (анық бас)
4. Асыл тастан ... (өнер жастан)
5. Тура биде ... (туған жоқ)
«Ақиқат» тобына
1. Ұрлық түбі ... (қорлық)
2. Жазасын тартпайтын ... (жамандық жоқ)
3. Әдепті бала ... (арлы бала)
4. Тәрбие ... (отбасынан басталады)
5. Әділ істің ... (арты игі)

ІҮ. бөлім «Адасқан әріптерді орналастыр» (термин сөздер)
«Әділет» тобына
1. ЕКОНЮС – БҰҰ-ның білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымы
2. АТКРДЕИЯМО – халық еркі немесе билігі
3. ЕНТЕЗПРИДЕ – мемлекет басшысы
«Ақиқат» тобына
1. УАТРА – айырбас үшін арнайы өндірілетін өнім
2. АТТӨЛЖҰҚ – азаматтықты куәландыратын құжат
3. РПАЕЛМАНТ – заң шығарушы орган
Ү. Бөлім Суретті баптар
(әр топқа мақал беріледі, мағынасын қарап, Конституция бойынша баптарға келтіріп, оқушылар соны суреттеп көрсету керек)
«Әділет» тобына
1. «Еңбектің көзін тапқан, 
Байлықтың көзін табады» Ы. Алтынсарин (26 бап, 4-тармағы)
«Ақиқат» тобына
1.«Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе - білім» М. Әуезов (30-бап)
ҮІ. бөлім «Ой талқы»
(Берілген сұраққа әр топ ой-тұжырымдарын білдіреді, уақыт 3 минут)
«Әділет» тобына
Тақырыбы: Жастарды қылмысқа итермелейтін не?
«Ақиқат» тобына
Тақырыбы: Жастар арасындағы қылмысқа жол бермеу үшін не істеу керек?

ҮІІ. бөлім Қорытынды
(әділқазы алқасының қорытындысы, жеңімпаз топты марапаттау)


Қоры

тынды

10 мин


тәрбие сағатымызды қорытындылай келе, сіздердің келешекте өз білімдеріңізді шыңдай, рухани жан дүниеңізді байыта отырып, өз құқықтарыңызды жете меңгеріп, еліміздің жақсы азаматы болуларыңызға сенім артамыз.
«
Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» (Б. Момышұлы) дей келе қашанда Ата-заңымызды қорғауға, бекітілген тәртіпке бағынуға, өз құқықтарыңызды орынды пайдалана білуге шақыра отырып, бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.







Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!