Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Заңнамамен еңбек жағдайлары қалай реттеледі?

Материал туралы қысқаша түсінік
Жалпы орта мектеп мұғалімдеріне әдістемелік көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 9.2C Еңбек жағдайлары

Мектеп: Шымкент қ. ФМН НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Сүлейменова Гүлжамила Марқабайқызы

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы

Заңнамамен еңбек жағдайлары қалай реттеледі?

Кәсіби мақсат

Тарихи деректер мен құжаттарды оқыту арқылы оқушылардың зерттеушілік дағдысын дамыту

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

ОМ 1. ҚР еңбек кодексінің баптарын негізге ала отырып еңбек жағдайларын анықтау

ОМ 2. Құқықтық жағдаяттарды талдау арқылы жұмыс беруші мен жұмысшының құқықтары мен міндеттерін түсіндіру

Сабақ мақсаттары

Меншік түрлерін анықтайды, меншікке ие болудың бастапқы және туынды тәсілдерін түсінеді.

Бағалау критерийлері

Білу және түсіну

1.Еңбек субъектілері, жұмыс уақыты, тынығу уақыты, жалақы ұғымдарын біледі

2.Жұмыс беруші мен жұмыскердің құқықтарын жіктейді

3. Жұмыс беруші мен жұмыскердің міндеттерін жіктейді

Білімін қолдану, сыни ойлау

Еңбек инспекциясына жұмыс берушінің заңсыз іс-әрекеттеріне байланысты арыз үлгісін жазады



Тілдік мақсаттар



Диалогқа және жазылымға қажетті сөйлем құрамалары: Жұмыс режимі: (...)

Тынығу уақытының сақталуы маңызды, себебі ( ...)

Демалыс уақытында алаңдамау керек, өйткені (...)

Жалақы...

Құндылықтарды дарыту





Өмір бойы оқу: материалды білуге құмарлық, шығармашылық және сыншылдық тұрғыда зерттеу арқылы оқуға деген сүйіспеншілікті дағдыландыру

Пәнаралық байланыстар

Қазақстан тарихы

АКТ қолдану дағдылары

Сабақ барысында интерактивті тақта мен жеке ноутбук қолдануға рұқсат етіледі...Оқушылар ақпарат толықтыру үшін персональды компьютер кажет...

Бастапқы білім

Меншік түрлерін біледі және анықтай алады



Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут



10 минут







10 минут





9 минут





















































Сабақтың аяғы

4 минут

Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпты 3 топқа бөліп, жағымды ахуал орнату.

Б Оқушыларға бейнематериал көрсетіп, бейнематериал бойынша сұрақтар қоя отырып, сабақтың тақырыбына шығу.

Т

1 топ - Еңбек жағдайлары (жұмыс уақыты, тынығу уақыты, жалақы)

2 топ - жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері

3 топ - жұмыскердің құқықтары мен міндеттері

Дескриптор:

Еңбек жағдайларын ажырата алады;

Жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттерін біледі

Жұмысшының құқықтары мен міндеттерін түсінеді

Б «Бірін-бірі оқыту» («Броун қозғалысы»).

Әр топ еңбек құқықтары жазылған 1 «тілшеден» алады. Топтар 7 минут ішінде өз «тілшелеріндегі» ақпаратпен танысып, топтарға таныстырады.

Критерийлері:

Еңбек жағдайларын анықтау

Нақты дәйек келтіріп түсіндіру

Б/Т Кейс технологиясы

Топтар төмендегі жағдаяттарды талқылап, еңбек қатынастары субьектілерінің құқықтары мен міндеттерін анықтайды.

1-жағдаят: (1 топ)

«Он алты жасар Асан құрылыс жұмысына қосалқы жұмысшы болып тұрақты жұмысқа орналасты. Құрылысты уақытында тапсыру керек болды. Соған орай Асанды түнгі уақытта жұмысқа шығуға міндеттеді. Ол бас тартты. Осы себептен оны жұмыстан шығарып жіберді. Кәмелетке толмағанын сылтауратып, еңбек жалақысы мен еңбек кітапшасын да бермей қойды» (Әкімшіліктің іс-әрекетіне құқықтық баға бер, дәлелдер келтір).

2-жағдаят: (2 топ)

«Жұмысты ұзақ іздеген Әлібек, ақырында, бір фирмамен еңбек шартын жасауға келісті. Әлібек бәріне де көнеді. Алайда фирманың директоры мерзімінен тыс жұмыстар болуы мүмкін екендігін, мерзімінен тыс қалай және қанша істейтінін басшылық шешетінін ескертіп, жалақының да өзгеріссіз қалатынын айтты». (Әкімшілік ұсынған шарт еңбек заңнамасына сәйкес келе ме? Жауабыңды дәлелде.)

3-жағдаят: (3 топ)

«Зауытта апатты оқиға болады. Іс жүзінде барлық дерлік ұжым мерзімінен тыс жұмысқа тартылды. Кешкісін колледжде оқитын он жеті жасар Нұржанға ауысымнан кейін жұмыста қалуға талап қойылды. Сонымен бірге кадр бөлімінің маманы өздерінде Нұржанның сабақ кестесі барын айтады.Бүгін сабақ жоқ, сондықтан ол егер мерзімінен тыс жұмыстан бас тартса, оныкі заңсыз болады деп мәлімдеді».

(Он жеті жасар Нұржанға әкімшіліктің талабы орынды немесе орынсыз? Неге? Дәлелде)

Дескриптор:

Еңбек қатынастарының субьектілерінің құқықтарын біледі;

Еңбек қатынастарының субьектілерінің міндеттерін ажыратады

Топтар жауаптарын барлық сынып талқысына салады, өздерінің шешімдерін дәйектер келтіре отырып, негіздейді.

Топтық бағалау жүзеге асырылады.

Бағалау критерийлері:

Еңбек қатынастарының субьектілерінің құқықтарын ажырата алса;

Еңбек қатынастарының субьектілерінің міндеттеріннақты жеткізсе

Кері байланыс:

«Плюс, минус, қызықты»

  • «Плюс» - оң әсер еткен фактілерді, алған, білімдері жайлы жазады.

  • «Минус» - “қолымнан келмей жатыр” немесе “ түсініксіз болып тұр ” деген ойларын жазады.

  • «Қызықты» - деген бағанға өздеріне не қызықты болды соны жазады, немесе не жайында көбірек білді, соны жазады.


Үйге тапсырма:

Еңбек инспекциясына жұмыс берушінің заңсыз іс-әрекеттеріне байланысты арыз жазады

Эссе критерийлері:

  • Тақырыппен байланыс

  • Сендіре алу шеберлігі

  • Идеяның ерекшелігі

  • Идеяның қисындылығы

  • Дәлелдердің келтірілуі

  • Жазба құрылымы сақталған



Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

http://adilet.zan.kz


Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

http://www.akorda.kz/


Жұмысқа қабылдау және еңбек шартын жасау

www.youtube.com/ watch?v=SmG0uP3Fv8U


http://adilet.zan.kz

ҚРЕК 22-бап

ҚРЕК 23-бап


еңбек жағдайлары - еңбекке ақы төлеу, нормалау, жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі жағдайлары, кәсіптерді (лауазымдарды) қоса атқару, қызмет көрсету аймағын ұлғайту, уақытша жұмыста болмаған қызметкердің міндеттерін атқару, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау тәртібі, техникалық, өндірістік-тұрмыстық жағдайлар, сондай-ақ тараптардың келісуі бойынша өзге де еңбек жағдайлары





Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы





Саралау дағдыларын дамыту үшін құрылған тапсырмаларды орындау кезінде мені қолдауды қажет ететін оқушыларға қолдау көрсетемін.

Тапсырмалар аудиал,визуал,кинестетик оқушылар үшін таңдалынып берілген. Интерпретациялау үрдісі кезінде барлық оқушылардың бірегей қатысуын қадағалаймын

Сабақ барысында жетістік критерийлерін қолдана отырып оқушыларға сараланған тапсырмалар беріледі. Жұмыс барысында қалыптастырушы бағалаудың бірнеше формасын іске асырылады.Ал кері байланысты үнемі ауызша беріп, оқушыларға қолдау көрсетіп отырамын.


Оқушыларға АКТ-ны қолдануда қауіпсіздік ережелері таныстырамын.Бөлменің жарық болуын ескеремін,оқушылардың орындықта дұрыс отыруын қадағалаймын

Сабақ бойынша рефлексия



Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.01.2019
7219
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12