Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Заңсыз аң аулау

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге,машықкерлерге пайдалы ақпарат береді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы

Заңсыз аң аулау

Машықкердің аты-жөні


Сыныбы

8

Күні


Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.6.1 Коммуникативтік жағдаятқа сай ғылыми және халықаралық терминдерді, ғылыми деректерді орынды қолданып, диалог, монолог, полилогта өз ойын дәлелді, жүйелі жеткізу.

Күтілетін нәтижелер

Заңсыз аң аулау салдарының зардаптары туралы және заңның заңсыз істерге деген көзқарасының қандай екендігін біледі. Перифразаның тәсілдерін пайдалана отырып, мәтін бойынша сұрақтар құрастырады.

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Пәнаралық байланыс

География, биология.

Қажетті құрал – жабдықтар

Интерактивті тақта, тақырыпқа қатысты слайдтар, дыбыс шығарғыш, ақ парақтар (А4).

Оқу әдістері

Сөздік, практикалық, көрнекілік, «Түртіп алу», «Кездейсоқ сандар», «Смайликтер», «Ақылды үштік», «Таңдау»

Дереккөздері

8-сынып «Қазақ тілі» оқулығы «Атамұра» 2018ж., әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар.

Тапсырмалар


Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс- әрекеті:

Тапсырма

Мұғалімнің іс – әрекеті

Оқушының іс – әрекеті

Оқушыларға психиологиялық ахуал туғызу

10 мин



Оқушылармен амандасып, сыныпты түгендейді. Кезекшімен сұхбаттасады.

Жануарлар тақырыбындағы мақал-мәтелдер арқылы үш топқа бөлінеді.

1-топ: Шын аңшының алдына аңның өзі келеді.

2-топ: Үйірлі құлан ақсағын білдірмес.

3-топ: Қыран құс қисық ұшып, түзу ілер.


Мұғаліммен амандасады. Оқу құралдарын дайындайды. Кезекші жоқ оқушыларды атайды.


Мақал-мәтелдер арқылы үш топқа бөлінеді.

Өткен сабақты тексеру



Алдыңғы білімді тексеру. «Кездейсоқ сандар». Мұғалім атаған сандары бар оқушылар үй тапсырмасына жауап береді. Әр қатар Қызыл кітапқа таныстырылым жасайды.

Оқушылар үй тапсырмасына жауап береді.

І.Қызығушылықты ояту


«Түртіп алу». Бейнематериал көрсетіледі. «Қызыл кітап» туралы дерек.

  • Бейнеролик не жөнінде айтылған?

  • Заңсыз балық аулаушылардың әрекетіне қандай баға бересіңдер?

Оқушылар бейнематериал бойынша бір-бірден естіген ақпараттарын айтып шығады.

  • Балық инспекторларының қарбаласқа толы тірліктері жөнінде және «Бекіре-2013» шарасы туралы айтылған.

  • Заңсыз балық аулаушыларды бір сөзбен қылмыскерлер деп те атауға болады. Себебі, олар табиғатымызға осы әрекеттері арқылы көптеген шығын және залал әкеледі.

ІІ. Мағынаны тану

25 мин








































































Қорытынды

3 мин


Тілдік бағдар.

Заңсыз аң аулау. Бастауыш болатын сөз таптары.


1-тапсырма. «Ақылды үштік». Мәтінді оқы.

Қызыл кітапқа сирек кездесетін, жылдан-жылға азайып не жойылып бара жатқан, сондықтан да айрықша қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі. Жойылу қауіпі төнген (саны сиреп бара жатқан) түрлерді сақтап қалу үшін оларды зоологиялық парктерде қолдан өсіріп, көбейту шаралары қолға алынған . Біздің елімізде жойылып бара жатқан жануарлар мыналар: барыс,ілбіс, қоңыр аю, бүркіт, дегелек, т.б. ал өсімдіктерден қызғалдақ, сексеуіл, т.б. Адамдар көбінесе кейде түсінбей, кейде салақтықтан табиғатты қалпына келтіру үшін ұзақ уақыт қажет болатынын ойламастан, оған қалай болса солай қарайды. Сыңсыған орманның орнындағы жанған түбірлер, су шайып өткен тау беткейлеріндегі жыртылған жерлер, ағаш ағызу кезінде салтанған өзендер - осының бәрі сирек кездесетін көптеген бағалы аңдар мен өсімдіктердің құруына әкеп соғады. Қаскерлердің қолынан қашамасы қырылып жатыр.

1-топ. Мәтіндегі көтерілген мәселе бойынша ой тұжырымдаңдар.

2-топ. Перифразаның түрлі тәсілдерін қолдана отырып, мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңдар.

3-топ. «Халқымыздың ертеден келе жатқан саятшылық өнерінің заңсыз аң аулау түріне қатысы бар ма?» - деген сұраққа жауап беріп, өз пікірлеріңді білдіріңдер.

Дескриптор

  • Көтерілген мәселені анықтайды;

  • Перифраза тәсілдерімен сұрақ құрастырады;

  • Сұрақ бойынша өз пікірлерімен бөліседі.


Қ/Б: «Смайликтер»


2-тапсырма. Берілген сөздердің ішінен бастауыш болатын сөз табын көрсет.

1-топ.

1. Жетімкөлге биыл аққулар оралмады.

2.Үлкендер төрге, кішілер есік жаққа жайғасты.

3.Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді.

2-топ.

1.Кейбіреулер бұл сұрақтан тосылып қалды.

2.Оқыған жетер мұратқа, оқымаған қалар ұятқа.

3.Сыпайы сөйлеу – әдептіліктің белгісі.

3-топ.

1.Әжемнің уһлі көбейіп кетті.

2.Еріншектің ертеңі бітпес.

3.Дабыр- дүбір жақынна естіле бастады.


Дескриптор

  • Берілген сөздердің ішінен бастауыш болатын сөз табын табады.


Қ/Б: «Смайликтер»









3-тапсырма. «Адам табиғат күші арқылы өмір сүре ме әлде табиғат адам күші арқылы өмір сүре ме?» деген сұрақ төңірегінде пікірталас өткізіңдер.

Пікірталасқа қойылатын талаптар:

-тақырыптан ауытқымау;

-берілген уақыттан асырмау;

-деректер мен дәлелдерді ұтымды қолдану;

-сөз әдебін сақтау;

-тіл сауаттылығы;

-мақал-мәтел, фразеологиялық тіркестерді қолдану;

-өзіндік ойы мен көзқарастарын жүйелі жеткізу.

Дескриптор:

  • «Адам табиғат күші арқылы өмір сүре ме әлде табиғат адам күші арқылы өмір сүре ме?» деген сұрақ төңірегінде пікірталас өткізеді.

Қ/Б: «Смайликтер»














1-тапсырма.

І топ: Мәтіндегі мәселе аңдардың заңсыз аң аулау нәтижесінде азайып бара жатқандығы туралы айтылған.Оған байланысты нормативтік актілерде қандай жаза қолданылатындығы баяндалған.

ІІ топ:

  1. Жасыл жапырақтылар мен дала жануарларының құрып кету қаупі төнген түрлері жазылатын кітап қалай аталады?

  2. Сусыз өмір сүре алмайтын тіршілік иелерін рұқсатсыз, лицензиясыз алу қалай аталады?

ІІІ топ: Қазақ халқы ертеден саятшылық кәсіпті ермек еткен.




2-тапсырма.


1-топ.

1. Жетімкөлге биыл аққулар (нелер?)оралмады.

2.Үлкендер(кімдер?) төрге, кішілер (кімдер?)есік жаққа жайғасты.

3.Алтау(кім?) ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу(кім?) түгел болса, төбедегі келеді.

2-топ.

1.Кейбіреулер (кімдер?)бұл сұрақтан тосылып қалды.

2.Оқыған(кім?) жетер мұратқа, оқымаған(кім?) қалар ұятқа.

3.Сыпайы сөйлеу(не?) – әдептіліктің белгісі.

3-топ.

1.Әжемнің уһлі(несі?) көбейіп кетті.

2.Еріншектің ертеңі(несі) бітпес.

3.Дабыр- дүбір(не?) жақынна естіле бастады.



3-тапсырма.

«Адам табиғат күші арқылы өмір сүре ме әлде табиғат адам күші арқылы өмір сүре ме?» деген сұрақ төңірегінде пікірталас өткізеді.
















ІV. Үйге тапсырма

5 мин

8-тапсырма

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.

V. Бағалау

«Смайликтер» арқылы әр тапсырма сайын бағаланып отырады. Мұғалім өз тарапынан бағалайды.

Оқушылар бағаланады.

VІ. Ойтаразы


«Таңдау» әдісі

1. Мен бүгінгі сабақта басқаларды
мұқият /зейінсіз
тыңдадым.

2. Мен сабақтағы пікірсайыстарға
жиі / сирек
қатыстым

3. Мен сабақтағы өз жетістіктеріме
ризамын/ риза емеспін.


Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша өз ойларын айтады.







































«Қазақстанның Қызыл кітабы» - Қазақстан Республикасы аумағында жойылып кету қаупі төнген және сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің сипаттамасы берілген арнайы басылым. Ол 1978 жылдан бастап шығарыла бастады. Сол жылы омыртқалы жануарларға арналған бірінші бөлімі жеке кітап болып жарық көрді. «Қазақстанның Қызыл кітабының» жануарларға арналған бірінші басылымында омыртқалы жануарлардың – 87 түрі, соның ішінде, балықтың – 4, қосмекенділердің – 1, бауырымен жорғалаушылардың – 8, құстардың – 43, сүтқоректілердің 31 түрі тіркелді.

Кітаптың екінші басылымында омыртқалы жануарлардың 129 түрі мен түр тармақтары тіркелді. Онда балықтардың – 16, қосмекенділердің – 3, бауырымен жорғалаушылардың – 10, құстардың – 58, сүтқоректілердің 42 түрі мен түр тармақтары туралы мәлімет берілген. «Қазақстанның Қызыл кітабының» екінші басылымында алғаш рет омыртқасыз жануарлардың 105 түрі берілді, онда жәндіктердің 96, шаянтәрізділердің – 1, ұлулардың – 6, құрттардыңт 2 түрі туралы деректер тіркелген.

«Қазақстанның Қызыл кітабының» үшінші басылымы қайта өңделіп, толықтырылып, қазақ тілінде шықты. Бұл үшінші басылымның бірінші томы – «Жануарлар», оның бірінші бөлімі «Омыртқалылар» деп аталды. Онда омыртқалы жануарлардың 125 түрі мен түр тармағы туралы деректер берілген.













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.01.2019
2779
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12