400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Зар заман» " өлеңінің ерекшелігі

Материал туралы қысқаша түсінік
7.А/И1.Шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салыстыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тексерілді:

Сабақ: 2

Мектеп: М. Жұмабаев атындағы №19 ОМГ

Күні:13.11.18

Мұғалімнің аты-жөні:Искакова Г.Н

Сынып:7 «Ә»

Қатысқан оқушылар:

Қатыспағандар:

Сынып:7 «Б »

Қатысқан оқушылар:

Қатыспағандар:

Бөлім атауы

Толғауы тоқсан қызыл тіл

Сабақтыңтақырыбы

«Зар заман» " өлеңінің ерекшелігі

Оқу мақсаттары

7.А/И1.Шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салыстыру

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар: шығарманы түсініп оқи алады .

Оқушылардың көпшілігі: Шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді табады;

Кейбір оқушылар: Шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салыстыра алады.

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар: үзінділерді оқи алады; өлеңнің тақырыбы мен идеясын аша алады.

Диалог құруға: ел билеген, зар заман, қайыры жоқ, тар заман.

Құндылықтарды баулу

Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік, құрмет.

Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың жеке және жұптаса, топтаса отырып жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу дағдылары негізінде жүзеге асады.

Алдыңғы оқу

«Зар заман» өлеңдері


Уақытты жоспарлау

Жоспар

Дереккөздер

Дид.материал


Басы


6 мин



Қызығушылықты ояту «Қар кесегі»

Қар кесегін қағып алған оқушы Шортанбай ақын өмір сүрген заманды сипаттайтын белгілерді танытатын сөз не сөз тіркесін оқиды. Қажетті сөздер: тар заман; азулыға бар, азусызға тар заман т.б. сОвал 78 абақтың оқу мақсаттарымен танысу



Қағаз кесектері




Ортасы

31 мин



Тапсырма . Жұптық жұмыс «Т кестесі» әдісі

«Зар заман» өлеңіндегі эпизодтар мен бейнелерді салыстыру салыстырып қорытындылау

Дескриптор: 

Т кестесін жасайды;

эпизодтары бойынша ақпарат түсіндірді;

түйінді ойымен байланыстырды;

салыстырды.

Кері байланыс

Тапсырмаларды орындауда қиындықтар болды ма?

Неге назар аударар едіңіз?


Таратпа материал






Соңы

3 мин

Рефлексия

3-2-1

3 ...................

2 ..................

1 ...................

Ү йге тапсырма

Өзіңізге ұнаған үзіндіні жаттауды жалғастырыңыз.




Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)




Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?


Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?








эпизодтар

бейнелер


"Зар заман" деген толғауында өткен заманның жақсылықтарын аңсау байқалады. Мұнда ақын заман азды, заң тозды, бұрынғы зорлар қор болды, қорлар зор болды, ұрпақ ата-анасын тыңдаудан қалды деп торығады. Ел ішіндегі әлеуметтік мәселені жырға арқау етіп, жұртқа төрелік айтатын билер мен ел билеушілерінің парақорлығы мен әділетсіздігін, ел ішіндегі алауыздықты тағы басқа да мін-қылықтарды шариғат жолымен кінәлап, бұрынғы өтіп кеткен замандағы билердің әділ іс-әрекеттерін аңсайды. Аласапыраны көп алмағайып замандағы өзгерістер мен жаңалық біткенді танығысы келмей, оған үрке қарап:






Билер байлар, халық

 "Зар заман" деген толғауында өткен заманның жақсылықтарын аңсау байқалады. Мұнда ақын заман азды, заң тозды, бұрынғы зорлар қор болды, қорлар зор болды, ұрпақ ата-анасын тыңдаудан қалды деп торығады. Ел ішіндегі әлеуметтік мәселені жырға арқау етіп, жұртқа төрелік айтатын билер мен ел билеушілерінің парақорлығы мен әділетсіздігін, ел ішіндегі алауыздықты тағы басқа да мін-қылықтарды шариғат жолымен кінәлап, бұрынғы өтіп кеткен замандағы билердің әділ іс-әрекеттерін аңсайды. Аласапыраны көп алмағайып замандағы өзгерістер мен жаңалық біткенді танығысы келмей, оған үрке қарап:

- Мына заман қай заман?

Азулыға бар заман.

Азусызға тар заман,

Мұның өзі - зар заман...- деп, кейпі қашқан заманның кесір кепиетін ашына айтады, батыл толғайды. Қазақ жеріндегі ел билеушілерді сын садағына алып, Асанқайғыша толғанады әрі торығады.

Заман ағымының беталысының қалыптан ауып, адамдар арасындағы әлеуметтік теңдіктің ауытқуын, осыдан барып кедей мен жоқ-жұтаң елдің басына түскелі келе жатқан кесапаттан жұртты сақтандырып:

Мынау ақыр заманда,

Алуан-алуан жан шықты.

Арам, араз хан шықты,

Қайырымы жоқ бай шықты.

Сауып ішер сүті жоқ,

Мініп көрер күші жоқ,

Ақша деген мал шықты.

Кедей қайтіп күн көрер? -

Сол себепті қорқамын! - деп, заманның түнеріп келе жатқан қара бұлтын ашық көрсетеді.

Шортанбай шығармаларының өзегі - беталысы өзгерген заман, қайырымсыз қоғам, берекесі кете бастаған халық тұрмысы, елдің өмір сүру ырғағының бұзылуы, қонысы мен жерінен шеттетуге негізделген қысым көрсету, отаршылар мен жергілікті әкімдердің озбырлығы, жаңа қоғамдық қарым-қатынастардан туындаған ел тонаудың небір түрлері, екі жүзді ел билеушілер, бұзақы тонаушы топтар. Патша отаршыларымен қатар елді қанауға малды байлар да, алып сатар саудагерлер де кірісіп жүргенін шығармаларында көрсетеді. Бұларға қоса князьдар мен генерал-губернаторлар, әскербасылар мен дуанбасылар, соттар, тілмаштар секілді сол кездің әкім-ұлықтары елдің тыныштығы мен дәулетін судай ша­шады. Осыны көріп отырған Шортанбай ақын:

Заман қайтып оңалсын,

Адам қайтып қуансын,

Жандарал болды ұлығың.

Майыр болды сыпайы,

Айрылмайтын дерт болды,

Кедейге қылған зорлығың.

Князьді көрдің піріңдей,

Тілмәшті көрдің биіңдей,

Дуанды көрдің үйіңдей,

Абақты тұр алдыңда,

Қазылып қойған көріңдей, - деп, олардың барлығын елдің ырыс-несібесін жалмайтын ауызын ашқан аждаһадай етіп көрсетеді.

Ол "Бір тәңірге аян-ды", "Бір насихат айтайын" және тағы басқа да өлеңдерінде қараша халықтың ауыр тұрмысын, би-болыстар, ұлықтар мен байлардың ел билеудегі кейбір келеңсіз әрекеттерін, озбырлықтарын әшкерелеп көрсетеді.

... Кедейлерге салып шығынды,

Негізі байдың тоймайды, - деп, байлардың тойымсыздығы мен ашкөздігін өткір тілімен түйрейді, олардың бет-бейнесін ашып береді.

Отаршыл Ресей патшасының қазақты үйреншікті сүйегіне сіңген әдет-ғұрыптан, наным-сенімінен, иманынан, ел билеу салтынан айыруға жасаған әрекеті мен зорлықшыл әділетсіздігін көрген Шортанбай одан әрі:

...Осы күнде заманың

Осылайша болып тұр.

Мұсылманды бұл күнде,

Орыс кәпір жеңіп тұр...- деп, түйіндейді.

Ш.Қанайұлы қазақтың бойындағы адами қасиеттердің айни бастағанын, ұлттық тұрпаты мен елдік сипатының бұзылғанын былай деп көрсетеді:

Заманақыр кезінде -

Ұл сыйламас атасын.

Қыз сыйламас енесін,

Ер жеттім деп егесіп,

Салыстырар денесін, - деп, қазақтың қанында жоқ жат қылықтардың өріс алып келе жатқанын ашына жырлап, ескертеді, кимелеп келе жатқан кесапаттың кері кеткен кейпіне ашынады.

Бұдан әрі мұсылмандық шарттар мен иманға жасалып жатқан қиянат, адал мен арамның ара қатынасы туралы да болашақ болжамын айтады.

...Зекетсіздің бұйырар

Сүндетсізге жиғаны.

Аузы түкті ие боп,

Қазаққа берер қиғанын, - деп, көреген ақын күйініш білдіреді.

Бұдан соң ақын ХХ ғасырда қазақтың басынан өткерер бар қияметі туралы:

...Қайран да халқым, қайтейін,

Кейісті көп тартасың.

Көппен көрген селебе,

Селебені елеме,- деп, егіле отырып, елін жұбатады.

Шортанбай ақын елдің басына түскен нәубетті ақырзаманның келгеніне теңейді. Оның бұл жердегі ақырзаман дегені дүниені жойып жіберетін ғаламдық апат емес, отаршылық пен қанаудың аранына түскен ұлттың күйреуі мен тозаққа ұшырауы сипатындағы ақырзаман екенін көреміз. Ол осы тұрғыда:

Таңда махшар күн туса,

Таразыны аударар.

Жаһаннам деген дозақта,

Шайтан болар жолдасы.

Құбыласын білмей құл

Сонда тартар жазасын.

Кешірмейді Құдайым

Бес намаздың қазасын.

Құрт-құмырсқа жиылып,

Сонда алады мазасын.

Жаһаннамның белгісі

Жалғанға болар расың.

Мұқып қылмай құдайым

Ол залымның тәубасын

Сақта құдай солардан,

Сол себепті қорқамын!- дейді. Осылайша келер нәубеттің зардаптарын тайға таңба бас­қандай күн ілгері айтып береді.
















7.А/И1.Шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салыстыру












, , қайыры жоқ, тар заман;, азусызға тар заман



























DrawObject3 DrawObject2 DrawObject1



















DrawObject4





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
8 ақпан
1721
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі