жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Зат есім..........
|
Пәні: Қазақ тілі |
Мектеп: |
|||
|
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: |
||||
|
Мерзімі: |
Мұғалімнің аты-жөні: |
|||
|
Сынып:3 |
Қатысқандар саны: |
Сынып: |
||
|
Сабақтың тақырыбы 70-сабақ. |
Зат есім |
|||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: |
3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау; 3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету; 3.4.2.3 сөйлемнен сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) табу. |
|||
|
Сабақтың мақсаттары |
Барлық оқушылар жасай алады: Сөйлемнен зат есімді тауып, олардың түрлерін ажырата алады. Оқушылардың көбі жасай алады: Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады. Оқушылардың кейбірі жасай алады: Берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады. |
|||
|
Құндылықтарды дарыту |
|
|||
|
Пәнаралық байланыс |
|
|||
|
АКТ қолдану дағдылары |
|
|||
|
Алдыңғы білім |
Зат есім туралы 2-сыныпта игерген білімдеріне негізделіп меңгертіледі. |
|||
|
Сабақ барысы |
||||
|
Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері |
Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері |
Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері |
||
|
Сабақтың басы 5 минут |
(Ұ) Психологиялық ахуал. Ән саламыз күнде біз, Шаттық толы іргеміз. Біз мәңгілік достармыз, Біз мәңгілік біргеміз. (Ұ; Т) «Мозаика» әдісі бойынша суреттер арқылы сыныпты топқа бөлу. Оқушылардың мұндағы мақсаты суреттер арқылы өз жұптарын тауып, бір топ болып құралады. Топтың атын қояды.Топ басшысын сайлайды. ЕРЕЖЕ құрастырады: Т – талқылаймыз; О – ортақ шешімге келеміз; П – пікірлесеміз; Т – тыңдаймыз; А – ақылдасамыз. Бағалау түрімен танысады. |
|
||
|
Сабақтың ортасы 30 минут |
3.2.4.1 (МК; Ө; Т; Қ) Мәтінді түсініп оқып, ат қою. Мәтіндегі негізгі ойды анықтау. Сөздікпен жұмыс жасау. 18-жаттығу. Мәтінді түсініп, мәнерлеп оқиды. Мәтіннің не туралы екені сұрақ-жауап әдісі арқылы анықтатылады. Мәтінге ат қойып, негізгі ойды анықтайды. Мұғалімнің басшылығымен мәтіндегі мағынасы түсініксіз сөздерді тауып, сөздікпен жұмыс жүргізеді. (МК; Т) Топқа бірігу. Топтық тапсырмаларды орындау. Оқушылардың оқу рефлексиясын, сыни ойлауын дамыту мақсатында мәтін мазмұнымен жұмыс «Дананың кілттері» стратегиясының көмегімен жүзеге асады. Оқушылар топтарға біріктіріледі. 1-топ. «Жаңа дизайн» кілті – мәтін мазмұнын өзгертіп, жаңа жағдайда айту. Мысалды: Әлгі жігіт төбеде компьютерін қосып, бейнекаме-радан шахтерлар қаласын қарады т.с.с. 2-топ. «Егер де» кілті – өз көзқарасын білдіре отырып, Әміре Қашаубаевтың орнында өзі болса, не істейтінін айтады. 3-топ. «Тағы қалай?» кілті – мәтінді әрі қарай жалғастырады. 4-топ. «Әліпби» кілті – әр сұрақтың жауабы болатын сөздерден тірек сөздер қатарын құрап айтады. Жұмыстарын топта жариялайды. (МК; Ұ) Топтық жұмысқа өз көзқарастарын білдіріп, сабаққа рефлексия жасау. «Менің сөзім» стратегиясы бойынша сабаққа рефлексия жасайды. Сыныптан бір оқушы тұрып, оқушылардың топтық жұмысы туралы өз көзқарасын білдіреді. Тақырыптың ашылуына, тірек сөздерді орынды қолдана алуына талдау жасайды. Айтып болған соң, басқа бір оқушының атын атайды. Сөзді сол оқушы жалғастырып, сабаққа рефлексия жасайды. Барлық оқушы сабақты қорытындылауға осы ретпен қатысады. (Ұ) Ой сергек! Мен саған сенемін Әуен ойнап тұрады. Жұп құрап, бір-бірінің көздеріне қарап отырады: «Мен саған сенемін, өйткені сен жақсы адамсың». 3.3.5.1 (МК; Ө; Т; Қ) Нақыл сөздерді қатесіз жазу. Мағынасына талдау жасау. 19-жаттығу. Нақыл сөздерді қатесіз көшіріп жазады. Нақыл сөздерге байланысты өз ойымен бөлісіп, топта талқылау жасайды. Оқушылардың дәлелдеу жасауында «өйткені», «себебі», «сондықтан» көмекші сөздерін қолданып сөйлеуіне басшылық жасалады. 3.4.2.3 (МК; Ө; Ұ; Қ) Кестені тиісті сөздермен толтыру. 20-жаттығу. Жалпы есім және жалқы есім тақырыбынан игерген білімдерін пысықтау мақсатында кестені тиісті сөздермен толықтырып айтады. (Т; Қ) Топтық жұмыс ұйымдастыру. Суретшілер туралы сынып бұрышындағы материалдардан өздеріне ұнаған ақпаратты алып, топта талдайды. Алған ақпараттарын флипчартқа түсіріп, топта жариялап қорғайды. Бір-бірінің жұмысын «Бағдаршам» стратегиясы арқылы бағалайды |
Оқулық Түрлі түсті суреттері бар журналдар, флипчарт, желім Стикерлер Интерактивті тақтадан тірек сызба көрсету Физминуткаhttps://www.youtube.com/watch?v=SAWr-KZhD0E , |
||
|
Сабақтың соңы 5 минут |
(Ө; Қ) Дұрыс жауапты белгілеу. Тақырып бойынша оқушылардың игерген білімдеріне рефлексия жасату мақсатында тестік жұмыс орынтатылады. Оқушылар дәптерде берілген тапсырманы оқиды. Дұрыс жауаптардың бірін белгілейді. (Ө; Қ) Бағалаудың шартты белгілеріне сәйкес өзін-өзі бағалау. Жұмыстарын топта жариялап, дәлелдеу. Сабақтан игерген білімдеріне рефлексия жасату мақсатында жұмыс дәптеріндегі «Өз жұмысыңды бағала» тапсырмасы орындатылады. Бірінші тұрған «сауатты жазу», екінші тұрған «көркем жазу», үшінші тұрған «шығармашылық жұмыстарды орындау» дөңгелектері тиісті қарындаштармен боятылады. Нәтижелері топта жарияланады |
|
||
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген