Заттарды ортақ қасиеті бойынша топқа біріктіру.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Заттарды ортақ қасиеті бойынша топқа біріктіру.

Материал туралы қысқаша түсінік
заттар тобының (жиынының) жалпы қасиетін табу біліктілігін қалыптастыру, қандай да бір қасиеті бойынша топқа біріктіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру салалары: таным, қатынас.

Бөлімі: МАТЕМАТИКА НЕГІЗДЕРІ.

Тақырыбы: Заттарды ортақ қасиеті бойынша топқа біріктіру.

Мақсаты: заттар тобының (жиынының) жалпы қасиетін табу біліктілігін қалыптастыру, қандай да бір қасиеті бойынша топқа біріктіру.

Міндеттері:

  1. Дара заттарды бөлуді үйрету; бір элементтен тұратын жиын туралы түсінік беру; «бір» (біреу) терминдері, бір заттың санын ғана емес, сонымен қатар бүтін бір топтың жиынтығын және «бірнеше» («көп») топтың жиынтығын білдіретіндігін ұғындыру. Заттарды әртүрлі белгісі бойынша салыстыруға үйрету, заттар тобынан 2-3 белгісі бойынша заттарды ерекшелеу. Логикалық байланыстар мен заңдылықтарды орнату біліктілігін бекіту.

  2. Зейін мен ойлау, қорытынды жасау, есте сақтау, сөйлеу қабілеттерін дамыту.

  3. Шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:

меңгереді: «бір», көп», «бірнеше» терминдерін айтуды, дара заттарды бөліп алуды, заттарды бір белгісі бойынша топтарға біріктіруді;

түсінеді: заттарды бір қасиеті (белгі) бойынша топтарға біріктіруге болатынын;

қолданады: заттарды жіктеуді.

Қолданылатын көрнекі құралдар мен жабдықтар: №1жұмыс дәптері, санау құралдары, иллюстрациялар немесе макеттер: жемістер, көгөністер, тәттілер, себет, алма. 24-кесте, демонстрациялық материал.

Сөздік жұмыс: заттың қасиеттері.


ҰОҚ-нің барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Ойын жағдаяты: Әлия мен Сырым санау құралдары бар топқа: жемістер, көкөністер, тәттілер, қарбыз салынған себет (жазық немесе көлемді) әкеледі. Анамыздың базардан жеміс пен көгөніс сатып әкелгенін айтады. Педагог ойын жағдаятын дамытып балаларға

«Анамызға дастарқан жаюға көмектесеміз» деген тапсырманы ұсынады. Ойын жағдаятына қызығушылық танытып, қызметіне араласады.

  1. Негізгі кезең

    • Анамызға себеттегі заттарды топтарға бөлуге көмектесейік. Барлығымыз бірге орындаймыз. Сендер қандай нұсқаларды ұсынасыңдар? Талқылайды.

Балаларға жиындарды топтарға бөлуге көмектеседі: көкөністер, жемістер, тәттілер, қарбыз.

    • Бізде қанша жеміс бар? Олардың көп немесе бірнеше екенін айта аламыз ба?

    • Қанша көгөніс (тәттілер) бар?

    • Қарбыз туралы не айтуға болады? Неше қарбыз бар? Қарбызды бөлектеуді ұсынады ол біреу.

«Көп» және «бірнеше» терминдерді қолданады. Саны бойынша салыстырады: жеміс көп, ал қарбыз біреу. Көгөніс көп, ал қарбыз біреу және т.с.с.

Заттар тобын «бір» деген – сөзбен көрсету үшін, ұқсас суреттермен жұмысты жалғастыру керек.

    • Балалар қанша алма (себет алма) жинады?

(Балалар көп себет алма жинады.)

Жұмыс дәптері

Ұжымдық жұмыстың жалғасы ретінде 1-тапсырманы орындауды ұсынады. Бұл тапсырмада педагог балалардың жеке заттарды (бір алмұрт, бір тақия) бөліп қана қоймай, сонымен қатар заттарды әртүрлі қасиеттері бойынша топтастыратынына назар аударады.

Педагог қызыл түсті қарындашпен қызыл түсті заттарды атауды және сызып қосуды ұсынады. Ағаштан жасалған заттарды атап, қоңыр қарындашпен қоршап сызады. Суретте киімнің суреттері бар ма? Оларды атайды. Қалған заттарды қалай атауға болады? (Жазу құралдары.)

Тапсырманы орындайды.

Қолдың ұсақ моторикасын дамытуға арналған жаттығулар.

Shape1

  1. «Қоян» бала жұдырығын түйеді. Одан кейін сұқ саусағы мен ортаңғы саусағын шошайтады. «Қоянның» құлақтарын созып тұр.

  2. «Сақина» бала жұдырығын түйеді.

Одан кейін бас бармағы мен сұқ саусағын түзетіп, бір-бірімен түйістіреді.

  1. «Саусақтардың амандасуы» саусақтарын түзу ұстап, алақандарын бір-біріне қарама-қарсы ұстайды. Саусақтарға арналған жаттығуды қайталайды.

Жұмыс дәптері

2-тапсырма. Суретте не бейнеленгенін атайды.

  • Жемістердің мөлшері бірдей ме? Әр түрінен бір үлкен жемісті бояйды.

Тапсырманы жеке орындауға және алма мен алмұрттарды бөлек топтарға бөлу үшін қасиеттерін тұжырымдауға уақыт береді.

  • Әр топта қанша кіші және үлкен алма бар? Педагог сөйлеу барысында «бірнеше» немесе «көп», «бір» сөздерін пайдалануға шақырады.

Балалар тапсырманы орындайды. Олар суретте не бейнеленгенін айтады. Жемістердің әр түрінен бір үлкенін қоршап сызады. Қалғандарын сары түспен қоршап сызады.

Жұмыс дәптер

Балалар 3-тапсырманы орындайды. Сол жақтағы себетке көп алманы, оң жақтағы себетке бір үлкен алманы салады. Оларды жапсырады. Жеке жұмыс жүргізіледі.

4-тапсырманы түсіндірмелерімен орындауға ұсынады. Бала тапсырманы орындайды және өзінің іс-әрекетін түсіндіреді: суреттегі барлық үлкен заттарды жасыл түспен, кішкентай заттарды қызыл түспен қоршап сызады.

  • Заттарды тағы қандай топтарға бөлуге болады? Көгөністер (баялды, қызылша), жемістер

(алма, алмұрт), тәттілер.

«Математикалық жазулар» дәптерімен жұмыс.

Балалар 7-беттегі 5-тапсырманы орындайды. Балалардан тапсырманы орындар алдында ауада қолдың қимылын көрсетуді сұрайды: шеңберді, шаршыны, үшбұрышты салады. Педагог балалардың партада дұрыс отыруына назар аударады. Жеке жұмыс жүргізеді.

  1. Рефлексия

Қорытынды жасайды. Балаларды тапсырманы дұрыс орындағаны үшін, «Анамызға дастарқан жаюға көмектесеміз» деген ойынға қатысқаны үшін мадақтайды.

Педагог өзін-өзі бағалауға ұсынады. Егер ҰОҚ-тін дұрыс орындасаң, жасыл дөңгелекті боя. Егер тапсырмалар жартылай орындалса, сары дөңгелекті боя. Егер ҰОҚ қиын болып, түсініксіз болса, қызыл дөңгелекті боя.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.02.2025
162
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі