Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Заттарды салыстыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға қызығушылығын арттыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбиеші: Укубасова И.Н

Білім беру саласы: «Таным»

Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: ҚМТҚ

Тақырыбы: «Заттарды салыстыру»

Мақсаты:  

Б.м : Санына қарай бір-көп, бір де біреу жоқ заттарды салыстыра алуды дағдыландыру.

Д.М: Заттардың көлеміне қарай үлкен -кіші және санына қарай бір-көп, бір де біреу жоқ туралы түсініктерін дамыту, ойын арқылы есте сақтау қабілетін дамыту.
Т.М:  Қызығушылыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: ойыншық қоян, ойыншық түрлі-түсті текшелер, көк түсті тарелка , үлкен және кіші себет, қорап, сары түсті шеңбер пішіндері.

Қолданылған технология: Денсаулық сақтау технологиясы

Өтпелі тақырып: «Менің Отбасым»


Оқу қызметінің кезендері

Педагогтің іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы

Шаттық шеңбері

Жарқырап күн ашылды,

Айналаға гүл шашылды.

Қайырлы күн!

Біз көңілді баламыз!

Қайырлы күн!

Біз сүйкімді баламыз!

Ұйымдастырушылық-

ізденушілік

Балалар, сеңдерге бір жұмбақ жасырайын

Ұзын құлақты,

Жылдам аяқты.

Сәбізді жақсы көретін.

Ол не? (Қоян)

Балалар бізге қонаққа қоян келіпті. Бірақ қоянның көңіл күйі жоқ екен.Қоян сен неге көңілсізсін? Қоян жолда келе жатып, екі себеттегі текшелері шашылып қалыпты. Қараңдаршы, қанша текшелер жатыр? (Көп)

Балалар мына текшелердің көлеміне қарайықшы. Қандай екен? (үлкен және кіші)

Балалар қоянға көмектесемізбе?

Текшелерді екі себетке бөл. Үлкен текшелерді үлкен себетке, кіші текшелерді кіші себетке жинаймыз.

Жарайсыңдар, балалар біз қоянға көмектестік.

Билингвальды компонент: Бір-один, көп-много, бір де біреу жоқ-ни одного.

Сөздік жұмыс: Бір-көп, бір де біреу жоқ.

Сергіту сәті

Ұзын құлақ сұр қоян

Естіп қалып сыбдырды,

Ойлы-қырлы жерлермен

Ытқып-ытқып жүгірді.

Балалар тарелканың түсі қандай екен? Қораптағы қандай? Қорапта қанша шеңбер пішін бар? Ал тарелкада қанша шеңбер бар?Қоянның тарелкасында қанша шеңбер пішін бар? Олай болса әрқайсымыз тарелкадан бір-бір шеңбер пішінді алып, қоянның тарелкасына салайық. Ал енді балалар, қоянның тарелкасында қанша шеңбер пішіндері болды?Балалар қоян сендерге ризашылығын білдіріп жатыр

Ұсақ қол моторикасына арналған жаттығу

Басбармағын қайсы?

Балан үйрек

Ортан терек

Шылдыр шүмек,

Кішкентай бөбек

Жарайсыңдар балалар өте жақсы!

Балалар қоян бізде қонақ болып қалсынба? Олай болса баріміз бірге тату дос болып, түрлі-түсті текшелерден қоянға үлкен әдемі үй құрастырып берейік. Жарайсыңдар. Қоянға өте ұнады. Балалар сендер қонаққа барасындар ма? Кіммен барасындар?

Дидактикалық ойын «Бір-көп, бір де біреуі жоқ»

Ойынның шарты: Түрлі-түсті доптардың санына қарай түсініктерін қалыптастыру

Көзге арналған жаттығу:

Көзімізді ашайық, басымызды қозғалтпай көзімізді:

Оңға, солға,

Жоғары-төмен қараймыз.

(2-3 рет қайталау)


Рефлексивті

түзетуші

Балалар бүгін бізге қонаққа кім келді?

Қоянға қалай көмектестік?

Балалар сендерге бүгінгі оқу қызметі қызық болдыма?

Кері байланыс:

Күннің суреті- түсіндім

Бұлттың суреті-түсінбедім

Балаларды марапаттау.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: Санына қарай бір-көп, бір де біреуі жоқ заттарды салыстыра алуды дағдыландыру.

Игереді: Заттардың көлеміне қарай ( үлкен -кіші) және санына қарай бір-көп, бір де біреуі жоқ туралы түсініктерін дамыту, ойын арқылы есте сақтау қабілетін дамыту.
Т.М:  Қызығушылыққа тәрбиелеу.

Меңгереді: Қызығушылыққа тәрбиелеу.







Анықтама

«Балдырған» бөбекжай-балабақшасында 28.11.2018 жылы «Балауса» 2-кіші тобында «Заттарды салыстыру» тақырыбында ашық оқу қызметі өтті. Өтпелі тақырып: «Менің отбасым. »

Ашық оқу қызметіне «Балауса» 2-кіші тобының балалары, балабақша меңгерушісі Малимбаева.Ж.Д,әдіскер Рамазанова.И.А ,психолог Ізбасарова.С. және топ тәрбиешілері қатысты.

Ең алдымен балалар шаттық шеңберін құрып, апайлармен амандасып алды.

Амандасып алған соң тәрбиеші Укубасова И.Н балалардан өткен тақырыпты қайталап сұрақтар қойды.

Денсаулық сақтау технологиясын қолданды. Қонаққа қоян келіп, себеттегі ойыншықтарын жинауға балалардан көмектерін сұрады. Текшелердің көлемі, түстерін айтып өтті.

Билингвальды компонент пен сөздік жұмысты қайталады.

Балаларды үстелге отырғызып алдарындағы тарелканың түсін, қораптағы қанша шеңбер бар екенін сұрақ жауап арқылы айтты.

«Көзге арналған жаттығуын» орындады..

«Үй құрастыр» ойынын ойнады. Бұл ойында балалар бірігіп текшелерден бір үлкен үй құрастырды .

«Саусақтарға арналаған жаттығу» орындады.

Бүгінгі оқу ашық оқу қызметі туралы сұрап кері байланыс болды. Күн мен бұлт суреттері арқылы бағаланды.Тәрбиеші барлық балаларға ақылды болып, сабаққа жақсы қатысқаны үшін марапаттап, кәмпиттер таратты.

Ашық оқу қызметі он жеті минутқа созылды.

«Заттарды салыстыру» тақырыбындағы ашық оқу қызметін қорытындылаған соң, ашық оқу қызметі қатысқан көрермендер жиналып, оқу қызметінің дұрыс және бұрыс тұстарын айтты.


























«Балдырған» бөбекжай-балабақшасы



















«Заттарды салыстыру»















Тәрбиеші: Укубасова И.Н

















2018-2019ж


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.01.2019
761
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12