Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Заттардың агрегаттық күйлері

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары жаңартылған білім бағдарламасы бойынша жасалған. Сабақтың құрылымы 3 бөлімнен тұрады.Сабақ жоспары химия пәнінің мұғалімдеріне арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 7.1 В

Мектеп: Талапкер орта мектебі

Күні:09.10.2018

Мұғалімнің аты-жөні: Боксенова А.Ғ

Сынып: 7 «а»

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Заттардың агрегаттық күйлері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.1.1.4 -заттардың әртүрлі агрегаттық күйлерін білу және бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан қатты, сұйық, газ тәріздес заттардың құрылымын түсіндіру

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар білу керек: газ, сұйық және қатты денелердің макроскопиялық қасиеттері;

Көптеген оқушылар білу керек: кинетикалық теория негізінде газ, сұйық және қатты денелердің қасиеттерін түсіну;

Кейбір оқушылар білу керек: заттың төртінші күйі – плазма.

Бағалау критерийі

Бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан қатты, сұйық және газ тәріздес заттардың құрылымын түсінеді. Мысалдарды келтіреді. Аргегаттық күйлерін құрылымына сүйене отырып сипаттай алады.

Тілдік мақсаттар


 Агрегаттық  күйлер  Балқу   Қайнау  Булану   Кристалдық 
 Аморфтық   Кристалдық  тор  Конденсация   Сублимация  

 Десублимация  

Құндылықтарға баулу




Нақты заттың агрегаттық күйлері тақырыбын күнделікті білім беру процесінің мазмұны оқу мақсаттарына бағынады және оқушылардың меңгерген білім, білік және дағдыларын кез келген оқу процесінде және өмір жағдаяттарында шығармашылықпен пайдалану даярлылығын қалыптастыруға, жетістікке қол жеткізуде қажырлылықты дамытуға бағытталған, өмір бойы білім алуға ынталандырады

Пәнаралық байланыс

Физика – пәнінде заттардың физикалық қасиеттері тақырыбында осы білік дағдылырымен танысады.

Алдыңғы білім


Жаратылыстану 5.2 А. Заттар және материалдар, Заттардың құрылысы мен қасиеттері. 5.3.1.2- заттардың қатты, сұйық және газ күйіндегі құрылымын бөлшектер теориясына сәйкес түсіндіру


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Мотивация

лық кезең





Миға шабуыл

Оқушылар арасында ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында тренинг жүргізіледі.

Суреттер бойынша сынып оқушыларын

4 топқа бөлу( Су, шар, металл, плазма)

Топқа бөлу: оқушыларға үлестірме карточкалар таратылып 4 топқа бөлінеді. 1 топ – газдар, 2 топ – сұйықтар, 3 топ- қатты заттар, 4 топ – плазмалар.

Жаңа сабақтың тақырыбын келтіріп шығарады.

Әр топ осы заттардың негізінде бүгінгі сабаққа мақсат негіздеп шығарады. (3 минут)


Cтақандар,су шар, металл үлгілері



Сабақтың ортасы

30 минут





































«Пікір алмасу» (Showdown).






Сергіту сәті

Үй тапсырмасын балалар еске түсіру, қайталау мақсатында 4 жаттығу

Төменде көрсетілгендердің қайсысы физикалық құбылыс және қайсысы химиялық құбылыс екенін анықтаңыз.

Химиялық құбылыс

Физикалық құбылыс

(5 минут)


Мағынаны тану. (Білу, түсіну) Ақпаратты анықтау және іріктеу мақсатында заттардың агрегаттық күйі туралы мәлімет тамашалайды. 3 (минут)

Кластер. (қолдану). Заттың агрегаттық күйі жайлы бейнеролик көрсетіледі. 1 топ – газдар, 2 – топ сұйықтықтар, 3 топ – қатты заттар, 4 топ – плазмалар. Әр топқа тірек ретінде bilimland.kz ресурстарынан алынады.


Заттардың агрегаттық күйлері








Ұсынылған ақпаратты түсіну; мәселелерді өз сөзімен тұжырымдау мақсатында әр топтан екі оқушыдан шығып қорғайды:

Заттардың агрегаттық күйі өзгере жүретін алты процес бар.

Заттардың қатты күйден сұйық күйге ауысуы балқу деп аталады. Керісінше процесс – кристалдану деп аталады. Сұйық күйден газ күйге ауысу – булану деп, ал газдан сұйық күйге өту – конденсация деп аталады. Қатты күйден газ күйге ауысу – сублимация, ал кері процесс – десублимация.


Қалыптастырушы бағалау: Мадақтау


«Пікір алмасу»Әрбір топ тақырыпқа қатысты 1 сұрақ дайындайды. Әрбір сұрақты стикердің бірінші жағына, ал жауабын екінші жағына жазып, келесі топпен стикерлерін ауыстырады. Топ басшысы стикердегі сұрақтарды оқиды, топ мүшелері жауаптарын жазып дайындайды. Көшбасшы белгі бергенде, барлығы өз жауабын ашады және жауаптарды талқылап, дұрыс жауаппен салыстырады.

 Көнілді күн (1 минут)

Жұптық жұмыс.4 минут

Ақпараттарды қатысты бөлімдерге бөлу.

1-тапсырма

 Анықтаманы аяқтаңыз.

  1. Қатты күйден газ тәрізді күйге өту процесі:

А) булану ; В) балқу ; С) сублимация

  1. Ең оңай балқитын металл

А) Темір ; В) Сынап ; С) Вольфрам

3. Сұйықтық қатты денеге қарағанда жоғарырақ тығыздыққа ие болуы….. А)мүмкін,Ә) мүмкін емес

Дескрипторы:

  • Заттардың агрегаттық күйлерінің ауысуын талдай алады

  • Ең оңай балқитын металды анықтайды

  • Сұйықтық пен қатты заттар молекуласының ерекшеліктерін ажырата алады.

Қалыптастырушы бағалау: «Табыс ағашы»

Қызыл – тақырыпты аша алмадым

Сары – орташа түсіндім

Жасыл – бәрі түсінікті


2 тапсырма.

Топтық жұмыс. Талдау (анализ) Ақпараттарды қатысты бөлімдерге бөлу.

Қай қасиеттер материяның әртүрлі агрегаттық күйі үшін жалпы немесе салыстырмалы екенін көрсетіңіз: белгілі көлем, белгісіз пішін, салыстырмалы жоғары тығыздық, өте төмен сығылғыштық

Оқушылар жоғарыда ұсынылған ұғымдарды екіге бөліп жазады:


Қатты заттар мен сұйықтықтар


Сұйықтықтар мен газдар








Дескриптор:

  • қатты заттар мен сұйықтықтарға тән қасиеттерді анықтайды

  • сұйықтықтар мен газдарға тән ортақ қасиеттерді біледі

3 тапсырма

Жеке жұмыс

Берілген мәліметті бекітуге арналған тапсырма орындау.

Төмендегі сөйлемдерге сәйкес сөздерді қойып, жаз.

Қолданылатын кілт сөздер: пішіні, тұрақсыз, ұсақ бөлшектер, үлкен, көлемі, тығыздығы

1.Қатты, сұйық, газ тәрізді заттар __________ тұрады.

2.Қатты заттардың ______________жоғары болады және ________________ сақталады.

3. Сұйық заттардың көлемін ________________ ал, пішіні ________________.

4. Газдардың бөлшектерінің ара қашықтығы _________ болғандықтан олардың ________________болмайды .

Дескрипторы:

  • Заттардың агрегаттық күйлерін анықтайды, сипаттайды.

  • Газдар, сұйықтар және қатты заттардың құрылысындағы ерекшеліктерді ажыратады.















Окулық

Мәтінмен жұмыс































Қалыптастырушы бағалау: Мадақтау








































Қалыптастырушы бағалау

«Табыс ағашы»






















Қ.Б (түрлі –түсті алмалар көрсету арқылы бірін-бірі бағалайды)

-түсінікті түсініксіз,

сұрағым бар

-мүлдем түсініксіз.






Қалыптастырушы бағалау: «Смайликтер»



Сабақтың соңы

5 минут


Бүгінгі сабағымызды қорытындыласақ және бүгінгі сабақ жөнінде пікір ұсыныстарыңыз болса кері байланыс ретінде «Бағдаршам» толтырсаңыздар.

Үйге тапсырма § 4 34 – 36 беттер №6 – 7 – 8 тапсырмаларды орындау.



Кері байланыс







Саралау Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау



Мен «Заттардың агрегаттық күйі» тақырыбына төмендегідей тапсырмалар дайындадым:

1 тапсырма түрлі деңгейдегі оқушыларға арналған «кластер» стратегиясы қолданылды.

2 тапсырма «Жұптық жұмыс» 1 – 2 есептер бұл күрделі ойлайтын үздік оқушыларға арналған. Кейбір оқушылар басқа сыныптастарына қарағанда анағұрлым күрделі дереккөздермен жұмыс істей алады. Сондықтан оларға осындай тапсырма дайындадым.

Кейбір оқушылар басқаларына қарағанда жылдам жұмыс істейді. Менің дайындаған екінші тапсырмам топтық жұмыста орындауға арналған.


3 тапсырмалар ойлау деңгей орташа оқушыларға арналған.



Бұл бөлімде оқушылар заттың агрегаттық күйлердің нешеге бөлінетінін және оларды бір – бірінен ажырата біледі.

Сабақта мен қалыптастырушы бағалау әдісі ретінде «Пікір алмасу» (Showdown) стратегиясын қолдандым. Әрбір жұптық топтық тапсырмаға дескриптор жасадым. Осы арқылы мен оларды қалыптастырушы бағалауды жүзеге асырамын.



Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолдану.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары



Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы бағалау



Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:


Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.02.2019
1086
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12