Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 16 материал табылды

Заттардың кеңістікте орналасуы

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тəрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Балдырған» бөбекжай –бақшасы











Ашық сабақ



Білім беру саласы:Таным

Бөлімі:Математика негіздері

Тақырыбы: Заттардың кеңістікте орналасуы







Тәрбиеші: Есембекова А.А.













Сарқан 2021

Күні:09.02.2021ж.

Білім беру саласы:Таным.

Бөлімі: Математика негіздері.

Тақырыбы:Заттардың кеңістікте орналасуы.

Мақсаты:Өзгеше орналасқан заттар тобын теңестіруді үйрету; әртүрлі арақашықтықта орналасқан заттардың тең немесе тең еместігін анықтау.Оң және сол жақты түсіндіру.

Әдіс -тәсілдер:сұрақ-жауап, демонстрациялық, түсіндіру.

Қажетті көрнекі құралдар:үлестірмелі суреттерп,ақ қағаздағы пішіндер

Қостілдік компонент:шеңбер-круг, шаршы-кубик.оң-правый,сол-левый

Себепті қызығушылығын

ояту кезеңдері

-Балалар үстелде геометриялық фигуралар жатыр. Қолдарыңа өздеріңе ұнаған фигураларды алып, сол фигура туралы айтып беріңдерші.

Балалар фигуралар туралы өз ойларын айтып береді. Тіктөртбұрыш дегеніміз-...

Шаршы дегеніміз-...

Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі

Үлестірмелі материалмен жұмыс:

Тәрбиеші балаларға жылжыйтын суреттерді таратып береді,

-Балалар суреттер оң жақта тұрма,сол жақта тұрма?

-оң жағымызда не бар,сол жағымызда не бар?

Тәрбиеші оң жақта орналасқан әртүрлі суреттерді оң жаққа,оң жақтан сол жаққа орнадатыруын ұсынады.Олардың оң, сол,ортасы екенін түсіндіреді.

1-тапсырма;

Тәрбиеші балаларға сұрақ қояды;

Шеңбер қай жақта орналасқан?

Үшбұрыш қай жақта орналасқан?

Төртбұрыш қай жақта орналасқан ?

2-тапсырма;

Тәрбиеші балаларға төмендегі жолаққа жоғарыда қанша болса, сонша дөңгелек салуды ұсынады. Ол дөңгелектердің ара қашықтығы алшақ болуы тиіс.

-Балалар дөңгелектердің саны туралы не айтасыңдар?

-Жоғары жолақта төмендегіге қарағанда бір дөңгелек артық болуы үшін не істеу керек?

Тәрбиеші жоғарғы жолаққа тағы бір дөңгелек салуға тапсырма береді. Енді жолақтар ішіндегі дөңгелектер туралы не деуге болады?

3-тапсырма:

Тәрбиеші балаларға сол жақтағы аюды сары қарандашпен, оң жақтағысын қоңырмен бояуды тапсырады.

Балаларға сұрақ қояды және тапсырма береді:

-Сол жақтағы аюдың шарлары қандай геометриялық фигураларға ұқсайды?

-Оң жақтағы аюдың сол қолына сопақша және оң қолмына дөңгелек суретін салыңдар.

Сергіту сәті:

Бәріміз біргеміз.

Оңға бір қадам, солға бір қадам

Шапалақ ұрамыз.

Алға бір қадам, артқа бір қадам

Шапалақ ұрамыз.

4-тапсырма:

Тәрбиеші балаларға аюдың суретін көрсетеді. Балалар, суретші бес аюдың суретін салады. Бірақ басқа нәрсеге алаңдаймын деп төртеуінің суретін дұрыстап сала алмады. Кейбір бөлшектерін ұмыт қалдырды. Қане, жоғарыда отырған аюды мұқият қарап шығайық. Содан соң жетпей тұрған тұстарын толықтырып, төмендегі аюлардың суретін аяқтайық. Барлық аю бір-біріне ұқсайтын болу керек.

-Бірінші аюдың суретіне не қостыңдар? Ал төртіншісіне?

Таяқшаларды әртүрлі фигуралар шығатындай етіп қойып шығады.

Шеңбер мен шаршыдағы кеселердің сандары бірдей төрт-төрттен.

Жоғарғы және төменгі жолақтағы дөңгелектер саны бірдей, төрт-төрттен.

Жоғарғы жаққа тағы бір дөңгелек салу керек.

Балалар аюдың суретін салады.

Түйме,бантик, белбеу, табанын салдық

Ұйымдастырылған

оқу іс-әрекетінің бағалау

кезеңі

-Балалар қандай тапсырмалар орындадыңдар?



-Балалар сендер өте ақылды екенсіңдер, мен сендерге көңілді смаиликтерді үлестіріп беремін.

Суреттердоң және сол жаққа орналастырдық, аюдың суретін салдық т.б.

Балалар өз жетістікеріне қуанады.


Нені біледі: заттардың кеңістікте орналасуын біледі.

Қандай түсініктерді игерді: орналасқан екі топтағы заттарды теңестіруді,заттың орналасқан орнын анықтауды игерді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: топтағы заттардың тең немесе тең еместігін анықтауды меңгерді.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.05.2021
815
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12