Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Заттардың қасиеті

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: Заттардың қасиеттері. Мақсаты: баланың даму деңгейін, пішін және түс туралы түсінігін анықтау; заттардың қасиеттері туралы түсінігін дамыту. Құралдар: әліппе-дәптері,қима қағаздар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы. 1

Білім беру саласы:Денсаулық

Бөлімі: Валеология

Тақырыбы:Жеке бас тазалығы.

Мақсаты: Денсаулық туралы ғылым- Валеология жөнінде түсінік беру.Балалардың «Сәлеметсің бе?», «Сау бол!» деген сөщдердің мағынасы жөніндегі білімдерін бекіту.Дәрігер Салауатпен,Әліппе-дәптермен таныстыру.Жұқпалы аурулар жөнінде мәлімет беру, қолды жуу дағдыларын қалыптастыру.





Оқу іс-әрекетінің барысы:



Оқу іс-әрекетінің түрлері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру.Сезімді ояту.

Әңгімелесу.

-Адамдар бір-бірімен кездескенде,қоштасқан кезде айтылатын сөздер-ғажайып сөздер, осы сөздер арқылы бір-біріне денсаулық және қайырымдылық тілейді.


Балалар жұмыс орындарын дайындап,әңгімені мұқият дыңдайды.






Ұйымдастыру кезеңі

-Балалар, сендер осы ғажайып сөздерді қолданасындар ма?


«Амансың ба?»-бұл басқа адамға саулық, ұзақ өмір тілеу деген мағынаны білдіреді.

-Адам ауырғанды өзін қалай сезінеді?

-Денсаулық дегеніміз не?

-Ендеше «Денсаулық-зорбайлық» деп халқымыз айтқандай, оны ешнәрсеге теңеуге болмайды,адамдар бір-біріне ен алдымен денсаулық тілейтінінің себебі, міне осында.


Валеология –денсаулық туралы арнайы ғылым.

Валеология –денсаулық туралы ғылым, ол балалрды ақылды,көңілді,дені сау болып өсуге баулиды.

Әліппе-дәптердегі ашуды ұсынып,бірінші бетінде бейнеленген Дәрігер Салауатқа назарын аударады.


Салауат балаларды «Валеология» әлеміне қызықты саяхат жасауда басты көмекшілері болсын .


Денсаулық әліппесімен танысуға шақырады.


Оқу.Гигия туралы аңыз.


-Әр адам жеке басының тазалық тәртібін сақтауға міндетті.

Сабын және су жөнінде әңгіме.


Дымқылдап күнде сен,

Қолынды сүйкесең,

Кетіп кір-ласың,

Тап-таза боласың.


-Қолыңды күніне неше рет жуасың?

-Су мен сабын нағыз досың.

-Әр адамда жеке басының тазалығына арналған заттары болуы шарт: сүлгі,тіс щеткасы,тарақ,қолорамал, т.б







Балалар ауырған кезінде өзін қалай сезінетіні жөнінді айтып береді.
















Балалар әліппе-дәптеріне назар аударады.









Балалар денсаулық әліппесімен танысады.


Аңызды мұқият тыңдайды.











Қойылған сұрақтарға жауап береді.

Оқу іс-әрекетін қорыту.

-Валеология-денсаулық туралы ғылым.

-Жеке бастың тазалық ережесін сақтайық.

-«Сәлеметсіз бе?», «Амансың ба?», «Саумысың?», «Сау бол!»-ғажайып сөздер.


Үйге тапсырма:ата-аналармен бірге денсаулық туралы мақал –мәтел жаттау.




Күтілетін нәтиже: 1.Балалар денсаулық туралы түсінік алады.

2.Дәрігер Салауатпен,Әліппе-дәптермен танысады.

3.Қолды жуу дағдылары қалыптасады.



Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы. 2

Білім беру саласы: Денсаулық

Бөлімі: Валелогия

Тақырыбы:Рақмет саған, жаттығу!

Мақсаты: ертеңгілік жаттығудың денсаулаққа пайдасы жөнінде айту.Бала денсаулығының басты кепілі-дене бітімі туралы мағлұмат беру.Балаларға ағзаны қорғауда тыныс алу мүшесі мұрынның маңызы жөнінде айтып таныстыру.



Оқу іс-әрекетінің барысы:

Оқу іс-әрекетінің түрлері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру.Сезімді ояту.

-Валеология дегеніміз не?


-Дәрігер Салауат кім?


-Тазалық туралы қандай ережелерді білесің?


Балалар денсаулық туралы үйде танысқан мақал-мәтелдерді жатқа айтады.


Ұйымдастыру кезеңі

-Жаңа күн немен басталады?

-Ұйқыдан тұру және жаттығу жасау дег не?

-Ұйқыдан оянға керілу қажет;

-Терезені ашып,бөлмені тазалау қажет;

-Жуыну,тісті тазалау қажет;

-Таңертеңгілік жаттығу жасау қажет;

Үнемі жасалған жаттығу жігерлікке,табандылыққа,тәртіптілікке тәрбиелейді.


Д \о «Үнді елінде қалай жүреді?»

Бөлме ішінде айнаоып жүреді,басстарына кітапты бастарына қойып жүреді.

-Сабақта отырғанда,тамақтанғанда,теледидар көргенде дене бітімі дұрыс ұстап,дұрыс жүре білуді үнемі қадағалау керек.


«Омыртқа дегеніміз-адам ағзасының тірегі,денеге түскен салмақтың бәрін өзіне алады»

Әліппе –дәптерде берілген суреттерді салыстыру,омыртқа қисайған баланы көрсетеді.

Омыртқаның негізгі көмекшісі табан екенін,оның жүріс кезінде үлкен рөл атқаратынын талқылайды.

Табан пішінінің бұзылуы «жалпақтабан» ауруына әкеп соқтырады.

Жаттығулар орындау.


Д \о «Кім шармен тез үрлейді»

Тыныс алуды дамытуға арналған жаттығулар.


Жұмбақ

Түсі бар көрінбейдін,

Біртұтас бөлінбейтін.

Тынысы ол тіршіліктің,

Ешқашан жерінбейтін.

( ауа)

-Ауа мұрын,ауыз арқылы арқылы кіреді.

Балаларға мұрындарынжәне ауыздарын жабуды ұсынады.

-Не байқалды?

-Тәулік бойы адам ауаны жұтып,оны сыртқа шығарады,яғни тыныс алады.


Есіңе сақта!

-Мұрынды саусақпеүшкір затпен шұқуға болмайды.

-Мұрынға бөгде зат тығуға болмайды.

-Қатты сіңбіруге,мұрынды тартуға болмайды,бұл құлақ ауруна шалдықтыруы мүмкін.




Балалар қойылған сұрақтарға жауап беруге тырысады.








Ойынға барлығы қатысады.









Әңгімені мұқият тыңдайды.

















Жұмбақтың жауабын табады.







Балалар өздерінің не сезінгендерін талқылайды.

Оқу іс-әрекетін қорыту

-Дене бітімінің сымбатты, денсаулықтың мықта болуы үшін дене шынықтыру,спорттың маңызы зор.


-Балалар өздерінің дене бітіміне,жүрісіне көңіл бөлуі сколиоз ауруының алдын алады.


-Омыртқаның негізгі көмекшісі –табан,оның пішінінің бұзылуы «жалпақтабан» ауруына әкеп соқтырады,жаттығулар жасау керек.



Күтілетін нәтиже:1.Ертеңгілік жаттуғудың денсаулыққа пайдасы жөнініде біледі.

2.Дене бітімі туралы мұғлұмат алады.

3.Тыныс алу мүшесі мұрынның манызы жөнініде танысады.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы. 3

Білім беру саласы:Денсаулық

Бөлімі: Валеология.

Тақырыбы:Күн тәртібі.

Мақсаты: балалардың күн тәртібі туралы білімдерін кеңейту.күн тәртібін жүйелі орындаудың денсаулықты нығайтудағы маңызын түсіндіру.Ұйқы күн тәртібінің құрамды бір бөлігі деген түсінік қалыптастыру.



Оқу іс-әрекетінің барысы:



Оқу іс-әрекетінің түрлері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру.Сезімді ояту.

Қолдарына гүл ұстаған балалар дөңгелене отырғызу.

Тілек айтуға ұсынады,

«Тілек шоғы» болып оралады.

-Өзгелерге денсаулық тілеп, жақсылық жасағаң, ол өзіңе қайтып оралады.


«Менің таңым» өлеңін мәнерлеп оқу.


Балалар гүл үстап дөңгелене отырады,бір-бірлеріне тілектер айтады.






Өлеңді мұқият тыңдайды.



Ұйымдастыру кезеңі

-Таңертеңгілік жаттығу не үшін қажет?

Омыртқаның қисаюы деген не?

-Жалпақтабан дегеніміз не?

-Таңертең тұрған кезде не істейміз?


Д \о «Жыл мезгілдері»


-Адам табиғаттың бір бөлігі, сондықтан ол да өз өмірінде белгілі бір тәртіп сақтап,арнайы бір өмір салтына бейімделуі керек.

-Адамның бұл тәртібі күн тәртібі деп аталады.


Қ \о «Күн және түн»

Күн белгісін бергенде,балалар күледі, жүгіреді,секіреді.Ал түн белгісін бергенде ,тоқталып,бәрі «ұйықтайды»

Жұмбақ

Дүниеде не тәтті?

(ұйқы)



-Сен ұйықтап жатқанда кәдімгі оқиға сияқты түс көресің.

Шын мәнінде мұндай оқиға өмірде болмайды.Кейде түс қызықты,ал кейде қорқынышты болады.Түстен қорқудың қажеті жоқ.Ұйықтағанда дене демалады,жаңа күш жинайды.

Жаңа туған нәресте тәулігіне 22сағ дейін,ересек адам 8 сағ.

Ұйқы-күн тәртібінің құрамды бөлігі.



Сергіту сәті

Ұйқыдан оянып,асығып тез тұрма.

Ке-рі-ліп,бойынды жаз,анаңа күлкі сыйла!

Терезе-есікті ашқанда,

Үйіңді,бөлмеңді толтырсын таза ауа!


Қойылған сұрақтарға жауап береді.







Ойынға балалардың барлығы қатысады.













Балалар өздерінің ұйқысы жайлы айтып, талқылайды.






Әңгімені тыңдайды.












Қимылмен көрсетеді.

Оқу іс-әрекетін қорыту


-Ұйқы-адам өміріне аса қажет,ұйқысыз өмір сүру мүмкін емес.


-Барлық балалар мен үлкендер күн тәртібін сақтағандары жөн.


-Адам-табиғаттың бір бөлігі, ол табиғатты сүюге, қорғауға, қамқорлық жасай білуге міндетті.


Балалар шеңбер құрып,бір-бірлеріне жақсылық,денсаулық тілейді.



Күтілетін нәтиже: 1.Күн тәртібі туралы білімдері кеңееді.

2.Ұйқы күн тәртібінің бөлігі деген түсінік қалыптасады.

3.Ұйқының адам денсаулығы үшін маңызы туралы ұғымдары

кеңееді.



Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы. 4

Білім беру саласы:Денсаулық.

Бөлімі.Валелогия.

Тақырыбы: Мен кіммін?

Мақсаты: балаларды адам денесінің құрылысымен таныстыру. Адамдардың бір-бірінен айырмашылығын көруге көмектесу.балаларға жүйке және мидың маңызы туралы мәлімет беру.



Оқу іс-әрекетінің барысы:



Оқу іс-әрекетінің түрлері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру. Сезімді ояту.

-Дәрігер Салауат таңертең оянған балаларға қандай кеңестер береді?


-Таңертеңгілік жаттығу не үшін қажет?


-Күн тәртібі дегеніміз не?

-Адам дегеніміз кім?


Балалар жұмыс орындарын дайындайды.


Сұрақтарға жауып береді.





Ұйымдастыру кезеңі

Әңгімелесу.

-Ол жер бетінде ең ақылды,ең күшті. (адам)


-Адам табиғаттың ең керемет жаратылысы.Адам өз өмірін,денсаулығын сақтау керек.

Өмір адамға бір-ақ рет беріледі.Адам-дені сау, мықты,күшті, яғни бақытты болу үшін өмірге келген.


Д \о «Адамның денесін құрастыр»

«Ғажайып түс» ертегісі. Оқу.Талдау.


Әліппе-дәптермен жұмыс.

Адамның денесі бас,мойын,кеудеден,жоғары,төменгі бөліктерден тұрады.

-Адамның дене құрылысы неден тұрады?

(сүйек,буын,бұлшықет,тері)

-Адам денесіндегі барлық сүйектер «қанқа» деп аталады.


-Егер адамда сүйектері мықты болса, онда ол саусақты қолғап сияқты құлап қалмайды.


Д \о «Ғажайып дорба»

Дорбаның ішіне қолын созып,кез келген затты ұстап, сипап сезу арқылы не екенін табады.


-Балалар, қандай тазалық ережелерін білесіңдер?


-Барлық адамдар бірдей болып туады.

-Барлық адамдар еркін өмір сүруге, жұмысты өз мүмкіндігі және тілегіне қарай таңдайға,жұмыс істеуге құқығы бар.

-Әр адам демалуға,ойнауға,достасуға құқығы бар.

Ми-қуатты компьютер орталағы сияқты барлық ішкі мүшелерді басқарады.

Жүйке-мидың алғашқы көмекшісі.

Дәрігер Салауаттың кеңесі:

-Ойын кезінде басты соғып алудан сақтан.

-Басқа тиген қатты соққы ауыр жарақат-мидың шайқалуына әкеп соғады.

-Тіпті жер сілкіну кезінде үстелдің астына тығылып, басын қолымен қалқалау қажет.


Әңгімені мұқият тыңдайды.

















Балалар адам дене құрылысымен танысады.












Балалар сүйектерін ұстап көреді.


Балалар тазалық ережесін атайды.






Әңгімені мұқият тыңдайды.

Оқу іс-әрекетін қорыту

-Адам табиғаттың ең керемет жаратылысы.

-Адам өз өмірін қорғауы керек.

-Өз дене мүшелерін білу.





Күтілетін нәтиже: 1.Балалар адам денесінің құрылысымен танысады.

2.Дұрыс қозғалуға,буындарын созылудан,сынудан сақтанудан

үйренеді.

3.Жүйке және мидың маңызы туралы мәлімет алады.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы. 5.

Білім беру саласы: Денсаулық

Бөілімі: Валеология.

Тақырыбы: Мен және мені қоршаған орта.

Мақсаты:балаларға флора және фауна туралы мәлімет беру.Өсімдік пен жануарлар дүниесіне деген жауапкершілік және қорғау қарым-қатынасын қалыптастыру.Күн және ауа тіршілік иелерінің өмір нәрі жөнініде мәлімет беру.



Оқу іс-әрекетінің барысы:



Оқу іс-әрекетінің түрлері

Тәрбиешінің іс-әрекетінің

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру.Сезімді ояту.

-Адамға ең қажетті дене мүшелерін ата.


-Қанқа деген не?Ол не үшін қажет?


Дәрігер Салауат сүйектерді қорғау үшін қандай кеңестер береді?



Балалар жұмыс орындарын дайындайды.

Қойылған сұрақтарға жауап береді.


Ұйымдастыру кезеңі

Әңгімелеу.

-Табиғат дегеніміз не?

-Оның адамның денсаулығына қалай әсер етеді?


-Табиғат-адамдарды қоршаған орта.

Бұл –аспан,ай,жұлдыздар, өзен-көл-теңіздер,ағаштар,шөптер,жануарлар әлемі.

Жел,жауын-шашын,боран,су тасқыны, қар еруі-бұның бәрі табиғаттың құбылыстары.

Таулар,тастар,ағаштар,шөптер-табиғаттың денелері.


Табиғат- адамдарды қоршаған әлем,ал адам-өмірдегі ең керемет жаратылыс

Табиғаттың дамға ғажайып сыйлығының бірі-таза ауа.

Ағаш- ауаны көмірқышқыл газынан тазартып,оны оттегіне айналдыру қызметінің қайнар көзі.


Күн-табиғат сыйының бірі

«Күн қайжерге түссе, сол жерде адамдар жиі аурады» дейді.

Күн шуаға көптереген аурудйң алдын алады.


Өмір шырыны-су-табиғаттың тағы бір сыйы.

Адам ағзасының жартысынан көбі судан тұрады.Сусз дам біраз уақыт қана өмір сүруі мүмкін.Өімдіктер де,жануарлар да сусыз өмір сүре алмайды.


Әңгімелесу.

-Флора,фауна дегеніміз не?

Флора-өсімдік әлемі

Фауна-жануарлар әлемі.


Ойын-лото-«Қазақстан жануарларымен өсімдіктері»




Әліппе-дәптермен жұмыс.


Дәрігер Салауаттың кеңестері:


-Өсімдіктерді жұлма!

-Бөтен итті сипама,жақындама.

-Егер жұмыртқасы немесе балапаны бар ұяныкөрсең,тиіспе.

-Жануарларды таяқпен соғып,аяқпен тейіп құйрығынан тартуға болмайды.



Сұраққа жауап береді.







Әңгімені тыныш отырып тыңдайды.




















Балалар терезеге келіп,қолдарын күнге созып жылытады.




Балалар таза,салқын су ішеді.








Балалар адамға қоршаған ортаға байланысты үлкен жауапкершілік жүктелгенін талқылайды.







Оқу іс-әрекетін қорыту

-Табиғат-тіршілік нәрі.

-Адам флора мен фауна қорғап, кұтеді,ал олар адамға өмір сүруғе пайдасын тигізеді.

-Адам табиғаттың бір бөлігі.Жер бетінде ауа,су,күн болмаса, тіршілік атаулы болмса еді.





Күтілетін нәтиже:1.Балалар флора және фауна туралы мәлімет алады.

2.Өсімдік пен жануарлар дүниесіне жауапкершілік қалыптасады.

3.Күн және ауа өмір нәрі жөнінде мәлімет алады.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы. 6

Білім беру саласы: Денсаулық

Бөлімі:Валеология.

Тақырыбы:Күн,ауа және су-біздің достарымыз.

Мақсаты: Денені шынықтырудың түрлі жолдарымен таныстыру және адам денсаулығына тигізер әсері жөнінде мағлұмат беру.



Оқу іс-әрекетінің барысы:



Оқу іс-әрекетінің түрлері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс әрекеті

Ынталандыру.Сезімді ояту.

Жылулық шеңбері.


-Құдіреттті Күн, мен сені жақсы көремін!

-Құдіретті Күн, мен сенен өтінемін.

-Құдіретті Күн,маған тыныштық пен қайырымдылық бере гөр!

-Құдіретті Күн, маған денсаулық пен жылылық берегөр!


Балалар жылулық шеңберіне тұрады.

Күнге қарай қолдарын созып, сөздерді айтады.


Ұйымдастыру кезеңі

Жұмбақ

Үлкен алтын табақтан

Әлемге нұр таратқан.

(күн)

Әңгімелесу.


-Күннің жарығы көрінетін және көрінбейтін шуақтардан тұрады.

Көрінбейтін шуағына ультркүлгін шуағы жатады.

Шуақтын әсерінен біздің терімізде өте маңызды «д» дәрумені жатады.

Күн табиғи дәр,күн шуағын қатаң түрде ережемен қабылдау керек.


Дәрігер Салауаттың кеңесі:


-Күннің астында көп қыздырынуға болмайды,денең күйіп қалуы мүмкін.

-Баскиімсіз шынығуды судың жағасында,ертеңгілік уақытта қабылдау керек,күніне бір реттен көп болмауы тиіс.

Жаттығулар.

Балаларды кілемшенің үстіне жатқызу.

-Өздерінді құмның үстінде жатқандарынды сезініңдер.



-Таза ауа-табиғат байлығы,оны қорғау керек.Көбірек гүлдер мен ағаш отырғызыңдар.


Дәрігер Салауаттың кеңесі:

-Өзенде, жылғалардан ағып жатқан суды ішуге болмайды.

-Суды үнемдеп,таза сақтау керек.

-Күн,ауа және су-адам ағзасының шынығуына тамаша көмекшілер.

Шынуғы дегеніміз не?

Шынығудың ең жеңіл түрі-суға түсу.

-Ешкіммен кімнің суы суық немесе кім тез шынығады деп жарыспа»Ол денсаулыққа өте зиян.

-Салқын су әркімге әртүрлі әсеретеді,кейбіреулер суық тиіп,ауырып қалуы мүмкін.


Жұмбақтың жауабын табады.





Әңгімені мұқият тыңдайды.













Балалар Дәрігер Салауаттың кеңесін тыңдайды.







Өздері-ақ қолдарымен бетін желпу арқылы жасай алтынын айтады.


Балалар өздерін жақсы сезініп, көтеріңкі көңіл күйге енеді.






Балалар Дәрігер Салауаттың кеңесін мұқият тыңдайды.













Оқу іс-әрекеті қорыту

-Күн жәнеауа-табиғат сыйы.Оларсыз тіршілік болуы мүмкін емес.


-Күн және ауа-табиғи дәрі.

-Өсімдіктерді күтіп-баптау керек.


-Таза су-тіршілік атаулы өмірінің нәрі,табиғи құнды байлық.



Күтілетін нәтиже:1.Денені шынықтырудың түрлі жолдарымен танысады.

2.Адам денсаулығына тигізер әсері жөнінле мағлұмат алады.

3.Күн тәртібі туралы білімдері кеңееді.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы. 7

Білім беру саласы: Денсаулық.

Бөлімі: Валеология.

Тақырыбы:Спорт-денсаулық кепілі.

Мақсаты: балаларды дене тәрбиесінің маңызымен таныстыру. Дене тәрбиесі және емдік дене шынықтырудың пайдасын түсіндіру.Балаларды адамның ең негізгі мүшесі-жүрекпен таныстыру.Жүректің жұмысы және оның қызметі туралы мәлімет беру.



Оқу іс-әрекетінің барысы:

Оқу іс-әрекетінің түрлері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру.Сезімді ояту.

Шаттық шеңбері.

Ол оң қолын жайып,жүрегінен қуаныш алып балаларға сыйлайды. Осы қимылды сол қолымен соңынан екі қолымен бірге жасайды.


Балалар шаттық шеңберіне тұрады.

Барлығы қимылдарды көрсетеді.




Ұйымдастыру кезеңі

-Адамдар неліктер өзін қоршаған әлемді қорғауы тиіс?

-Шынықтыру дегеніміз не?

-Шынықтырудың қандай түрлері бар?

-Дене тәрбиесі сабағы негізінен қозғалыс үстінде өтеді.


Қозғалыс-түрлі аурудан сақтандырады.


Сүйектер мен қаңқаларды қалыптастырады.


Емдік дене шынықтыру сабағы-белгілі бір аурудың алу мақсатында, ал дене шынықтыру сабағы негізінен оқу-тәрбие мекемелерде жүргізіледі.Оның құрамына жаттығулар, жалпы дамытушылық және негізгі қозғалыстар жатады.


Дене шынықтыру сабағы әр түрлі бөліктерден түрады,негізгі қозғалыстарды орындауда көңіл күйн қалыптастырып.денесін жаттықтырады,шаршағандарын басады.

Д \о «Қырықаяқ»


-Адамның тағы бір маңызды мүшесі бар екен.-Бұл қай мүше?

«Сағат емес, бірақ соғады.

-Бұл біздің жүрегіміз.Жүрек сол жақ көкірек қуысында орналасқан.

-Жүрек-қан айналымын реттейтін басты мүше.Үлкен жиырылғанда өзінен жарты стакандай қан айдап,сонан соң қайта жиырылады.Үнемі демалсыз жұмыс істеп тұрады.


-Дене шынықтырумен,спортпен шұғылдану,күнділікті жаттығу-дененің бұлшықеттерін нығайтады.Сондай-ақ жүректің бұлшықеттерін дамытып, жақсы жиырылуына көмектеседі.


-Спортпен,гимнастикамен шұғылданбаса,жиі қимылдамаса, бұлшықеттер серпінділігін жоғалтады,жүрек әлсіреп түрлі ауруларға шалдығады.

Шарап ішу,темекі тарту жүрекке өте зиян.


-Сендердің жүректерің өз жұдырығыңның көлеміндей.

-Адамда жүрек-біреу ғана.Оны сақтау қажет.


Балалар қойылған сұрақтарға жауап береді.













Әңгімені мұқият тыңдайды.
















Әліппе-дәптерге назар аударады.





Суретке балалар зейінін аударады




















Балалар жұдырықтарын түйіп, зер салып қарайды.




Оқу іс-әрекетін қорыту

-Дене шынықтыру сабағы бала денсаулығының негізі болып табылады.


-Жүрек үнемі,демалыссыз жұмыс істеп тұрады.


-Спортпен шұғылдану бұлшық еттерді дамытып,жақсы жиырылуына көмектеседі.




Күтілетін нәтиже:1.Балалар дене тәрбиесінің маңызымен танысады.

2.Дене тәрбиесі және емдік дене шынықтырудың пайдасын түсінеді.

3.Жүректің жұмысы және оның қызметі туралы мәлімет алады.



Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы. 8

Білім беру саласы: Денсаулық.

Бөлімі.Валеология.

Тақырыбы:Тазалықшының кеңестері

Мақсаты: көзді күтуге, қажет болса көзілдірікті дұрыс пайдалануға үйрету.Балаларды көзілдірік киген үлкен-кішіге адамгершілік қарым-қатынаста болуға тәрбиелеу.Адамның сөздік қорын нақтылы жетілдірудегі есту қабілетінің рөлі және ол жайлы баланың білімін жетілдіру.Тіс ауралары туралы мәлімет беру.Тісті күту ережелерін үйретуді жалғастыру.



Оқу іс-әрекетінің барысы:



Оқу іс-әрекетінің түрлері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру.Сезімді ояту.

Жұмбақ

Өзі аппақ маржандай,

Тамақ өтпес шайналмай.

(тіс)


Айдын көлде алтын тас,

Ау салса да алынбас.

( тіс)


Балаларға бір-біріне тістерін көрсетеді,қалай күтетіні туралы айтып береді.

Ұйымдастыру кезеңі

-Тістердің барлығы бірдей болмайды.

-Тіс бізге сөйлеуге көмектеседі.


-Тіс-біздің денеміздегі ең қатты зат.Негізгі қызметі тамақты шайнау.Тіс жақ сүйектен өседі.

Тісті тамақтан соң тазалап,жуып тұру керек.

-сәби 6ай болғанда өседі «сүт тіс» дейді.

6жасқа келгенде тістер түсе бастайды.Орнына «негізгі тістер» шығады.

12 жаста барлық тіс жаңарып болады.20жасқа толғанда 32 тіс шығып болады.


Тазалық ережесі:

-тісті күніне 2 рет тазалау.

-тамақтан кейін ауызды шаю.

-ыстық тамақтан кейін суық ішпеу.

-қатты заттарды тіспен шақпау.

-тәттіні көп жемеу.

-жиі тіс дәрігеріне көріну.

-әркім өзінің жеке тіс щеткасын пайдалану.


Әңгімелесу.


-Сезім мүшелері(құлақ,көз,мұрын,тіл,тері)-адамның ең негізгі мүшелері.


-таңертең сағат шырылдаса,орныңнан тұруың керек-құлақтың көмегімен естиді.


-төсектен тұрғанда бөлме суық болса,тез киін-тері арқылы сезеді.


-анасы асүйде ертеңгілік ас әзірлеп жатыр.Бөлмеде кофенің иісі пайда болады.-мұрын арқылы сезеді.


-кофе тәтті емес,қант салу керек-тілдің көмегі арқылы сезеді.


-далада жаңбыр жауып тұр,қолшатыр алу керек-көз арқылыкөреді.


Қршаған ортаны көру қабілеті-адамның бағалы сезімдерінің бірі.Адам өміріндегі барлық жаңалықтар көздің көздің көмегімен қабылдайды.Қас,қабақ,кірпік көзі шаң-тоөаңнан, тер тамшысынан сақтайды.


«Көрініс көрсету» жаттығуы.

Күлкі-бұл өз көңіл күйіңе,жақын адамдарыңның жүрегіне жол табатын құдіретті кілт.


Балалар бір-біріне қарап,өз күлкілерін көрсетеді.



Тістерінің қандай екенін айтады.

(ақ, тегіс, қатты ...)













Тазалық ережесін естеріне сақтайды.












Балалар сезім мүшелері арқылы адам қоршаған ортаны бағдарлауға болады.
























Балалар қызығушылықпен қатысады.

Оқу іс-әрекетін қорыту

-Әр адам-қайталанбас жеке-дара тұлға.

-Әдемі тіс-күлкі ажары екенін ұмытпа.



Күтілетін нәтиже:1.Тіс аурулары туралы мәлімет алады.

2.Көзді күтуге, көзілдірікті дұрыс пайдалануға үйрету.

3.Сөздік қоры нақтылы жетіледі.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
05.02.2019
767
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12