Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Заттардың құрылысы мен қасиеттері

Материал туралы қысқаша түсінік
Заттардың құрылысы мен қасиеттері
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары №19-20



Заттар және материалдар

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 5

Сабақта қатысқаны:

қатыспағаны:

Сабақ тақырыбы

5.2A Заттардың құрылысы мен қасиеттері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына

сілтеме)

5.3.1.3 заттардың қасиеттерін: тығыздығын, аққыштығын, жылу және электрөткізгіштігін, созылғыштығын, иілімділігін сипаттау

5.3.1.4 физикалық және химиялық құбылыстарды ажырату

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

кейбір табиғатта түзілген және жасанды жолмен алынған заттарға мысалдар келтіре алады

Бағалау критерийлері

(дағдылар: білу және түсіну; қолдану)

Оқушы оқу мақсатына жетеді егер:

Кем дегенде табиғатта түзілген үш затты және кем дегенде жасанды жолмен алынған үш затты атайды

Тілдік мақсаттар


Оқушылар:

табиғатта түзілген және жасанды жолмен алынған заттарға мысалдар келтіріп, олардың түзілуін физикалық және химиялық құбылыстардың нәтижесі ретінде түсіндіре алады

Лексика мен терминология:

Табиғи заттар, заттардың түзілуі, жасанды заттар, заттарды алу

Диалог/жазылымға арналған сөздер/сөздер тіркестері:

Табиғи заттарға … жатады

Физикалық/химиялық құбылыстың нәтижесі … заттар болып табылады

Жасанды заттарды ... үшін алу керек

Синтетикалық заттардың табиғи талшықтармен салыстырғандағы артықшылықтары/кемшіліктері ...

Құндылықтарды дарыту


Өмір бойы білім алу, өз атқарған жұмысына жауапкершілік, ұжым/командада жұмыс істей алу

Сабақ барысы

Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы


(М) Көрсетілім үстеліне пластмасса, шыны, гранит, бор, көмір, мақта, резеңке, маталардың бірнеше түрлері, басқа да табиғи және жасанды материалдардың үлгілерін қойыңыз.

Оқушылардан осы заттарды екі топқа бөлуін және қандай белгі бойынша бөлгендерін сұраңыз.


пластмасса, шыны, гранит, бор, көмір, мақта, резеңке, маталардың бірнеше түрлері, басқа да табиғи және жасанды материалдардың үлгілері

Сабақтың ортасы

Талқылаудан кейін оқушыларға кейбір заттар табиғатта, ал кейбіреулері жасанды жолмен алатындығын нақтылаңыз.

(Т) Топтық жұмыс: мәтінді оқып, табиғи және жасанды материалдардың атауларының астын сызыңыз. Олардың физикалық немесе химиялық жолмен түзілгендігін анықтаңыз.

(М) Табиғи және жасанды заттар физикалық және химиялық құбылыстардың нәтижесінде түзілу мүмкіндігіне назар аударыңыз.

Тақтада және оқушылардың дәптерлерінде келесі кестені толтыру:

Зат

Табиғи

Жасанды

Алыну жолы

Қант

+


Химиялық



























(Т) Оқушылардан әр мата кескіндерін қолмен ұстап, ерекшелігін анықтауын сұраңыз.

Оқушылар кейбір маталарды (мысалы, мақта, жібек, жүн немесе синтетикалық) анықтауға тырысады. Оқушылар маталардың әртүрлі және олардың неден жасалғандығы жайлы сұрақтар қояды.

(Э) эксперимент/тәжірибе. Оқушыларды маталардың жіптерін білтеге бұрауларын және оны пинцетпен ұстап, балауыз шам үстінде жандыруды сұраңыз. Олар талшықтардың қалай жанатындығын анықтаулары керек (иісі, жалын түсі және т.б.).

Мысалы, мақта күл түзіп және күйген қағаздың иісі шығып жанады, капрон жанғанда қара түйіршік тәріздес пішін түзеді және сүргіш иісі бөлінеді. Бағыттау сұрақтар арқылы оқушыларды заттардың табиғи және синтетикалық болуы мүмкін деген ойға жеткізу керек.

(Т) Оқушыларды бірнеше топқа бөлу, олар келесілерді орындауы керек:

- табиғи және жасанды материалдардан жасалған маталардың артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылау;

- ағаш және пластик терезелердің артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылау;

- металдан және пластиктен жасалған ыдыстардың артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылау.

Өткен материалды түсінгендіктерін тексеруге арналған тапсырма орындау (қосымша 2).







Мәтін. Қосымша 1



































Түрлі маталардың кескіндері











Балауыз шам, сіріңке, пинцет

Сабақтың соңы


Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім? не үйрендім?

- не түсініксіз болды?

- әлі де не бойынша жұмыс істеу керек?

Рефлексия: Оқушыларға түсті шарларды ыдыстарға жабыстыру арқылы «ыдыстарды толтыруды» ұсыныңыз.

- барлығын түсіндім

- түсіндім, бірақ барлығын емес

- ештеңе түсінбедім

«Ыдыстарды толтыр»



Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?



Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?



Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.



Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)



Математика сабағы

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.01.2019
453
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12