400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Заттық-дамытушы ортаның маңызы

Материал туралы қысқаша түсінік
Заттық-дамытушы ортаны құру компоненттерінің қажеттігі, басқа да білім беру ұйымдарынан өзгешілігі,мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогикалық үрдістердің ерекшелігі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Заттық –дамытушы ортаның маңызы»


Заттық-дамытушы ортаны құру компоненттерінің қажеттігі, басқа да білім беру ұйымдарынан өзгешілігі,мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогикалық үрдістердің ерекшелігі.


Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуда баланың жан-жақты дамуын қамтамасыз етудің тиімді жолдарының бірі — заттық-дамытушы орталықтарды дұрыс ұйымдастыру. Ересек «Қызғалдақ» тобында біз бұл орталықтарды балалардың жас ерекшелігі мен қызығушылығына сай жасақтап, оқу-тәрбие процесіне белсенді түрде енгізіп келемін.


1. «Кітап бұрышы» – баланың тілін дамытып, ертегі, әңгіме арқылы қиялын арттырады. Балалар кітап бұрышында кітаптар қарайды, суреттерге қарап әңгімелер құрастырады, өз арман қиялын дамытады.

2. «Шығармашылық орталығы» - әлеуметтік рөлдерді меңгеруге көмектеседі. Бұл орталықта балалар түрлі тақырыптар бойынша сурет салып, жапсырып, мүсін жасап өз ойларын бейнелейді. Мысалы, «Менің арманым» тақырыбында әр бала өз арманын қағаз бетіне түсіріп, топпен бөлісті. Бұл олардың қиялы мен сөйлеу тілінің дамуына сеп болды.

3.«Құрастыру орталығы» – логикалық ойлау мен ұсақ моториканы дамытады. Құрылыс материалдары мен лего арқылы балалар үй, көпір, көлік сияқты құрылымдарды жасайды. Бұл орталық логикалық ойлау, ұсақ моториканы дамыту және кеңістікті бағдарлау дағдыларын қалыптастыруда тиімді.

4. «Сюжеттік-рөлдік ойын бұрышы» – әлеуметтік рөлдерді меңгеруге көмектеседі. «Дәрігер», «Отбасы», «Дүкен», «Шаштараз» сияқты ойындарда балалар өзара қарым-қатынас жасап, әлеуметтік рөлдерді меңгереді. Топтағы балалар өзара диалог құрып, бір-біріне көмектесіп, шынайы өмірді ойын арқылы түсіне бастайды.

5. «Табиғат бұрышы» - экологиялық тәрбие мен бақылау дағдысын қалыптастырады. Бұрышта бөлме өсімдіктері, құстар мен жануарлар туралы суреттер мен энциклопедиялар орналастырылған. Балалар күнделікті өсімдіктерге су құйып, олардың өзгерістерін бақылайды. Бұл — экологиялық тәрбие берудің тиімді тәсілі.

6. «Ұлттық бұрыш» - Қазақстан халқының мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен таныстыру арқылы түрлі балалар әрекетінде балалардың ауызша сөйлеуі дамиды.

Бұл орталықтарда бала өз бетімен әрекет етеді, еркін ойлайды, тәжірибе жасап үйренеді. Тәрбиеші тек бағыт беруші рөлін атқарады. Сондықтан дамытушы ортаны дұрыс ұйымдастыру – педагогтың кәсіби шеберлігінің көрсеткіші.

Қорытынды.

Қорытындылай келе, заттық-дамытушы орталықтар — тек ойын алаңы емес, баланың жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға, білімге құштарлығын оятуға бағытталған маңызды құрал. Мұндай ортаны дұрыс ұйымдастыра білген педагог — нағыз шебер. Ересек «Қызғалдақ» тобының балалары бұл орталықтарда еркін әрекет етіп, өз қабілеттерін дамытып келеді. Мен, тәрбиеші Нургабылова Гулзира, әр баланың шығармашылық әлеуетін ашуға бар күшімді салып, орта құруға тырысамын. Себебі бала – болашақ, ал біз сол болашаққа жол көрсетуші бағбандармыз.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
1 маусым
170
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі