Зейнетақы жүйесі
Зейнетақы жүйесі – әрбір азаматтың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ететін маңызды әлеуметтік-экономикалық институттардың бірі. Ол азаматтарға белгілі бір жасқа толғанда, мүгедектікке ұшырағанда немесе асыраушысынан айырылған жағдайда тұрақты төлемдер алу құқығын береді. Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі жинақтаушы зейнетақы қорлары арқылы жүзеге асырылады және бұл процестер елдің Конституциясы мен “Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы” заңымен реттеледі. Зейнетақы жүйесінің тиімділігі халықтың әлеуметтік қорғалу деңгейімен тікелей байланысты.
Зейнетақы құрылымы мен жұмыс істеу принциптерін талдау – қоғам үшін өзекті мәселелердің бірі.
Қазақстанда зейнетақы жүйесі 1998 жылдан бастап жинақтаушы модельге көшті. Бұған дейін қолданыста болған ынтымақты жүйе мемлекет тарапынан толық қаржыландыруды қажет ететін. Жаңа модель азаматтардың жеке шотына жалақысының 10%-ын аударып отыру принципіне негізделген. Бұл жүйе қаржылық тұрғыда тұрақты әрі азаматтың еңбек қызметіне тікелей байланысты. Соңғы жылдары бұл модельдің де бірқатар кемшіліктері анықталды.
Жинақтаушы
жүйенің басты проблемасы – халықтың табысының төмендігі мен
көлеңкелі экономика. Көптеген азаматтар зейнетақы жарнасын жүйелі
түрде аудармайды немесе бейресми табыс табатындықтан мүлдем жарна
төлемейді. Бұл болашақта олардың зейнетақысының жеткіліксіз болуына
алып келеді.
Өмір сүру
ұзақтығы артқан сайын зейнетақы төлеміне түсетін салмақ та көбейіп
отыр. Бұл жағдай жүйені әрі қарай тұрақты дамыту жолдарын іздеуді
талап етеді. Қазақстанда мемлекеттік бюджеттен төленетін
зейнетақылар кедейліктен әлеуметтік қорғауға бағытталған. Әдетте
бұл төлемдер ең төменгі күнкөріс деңгейіне негізделеді, алайда
елдегі бұл көрсеткіштің өзі жеткіліксіз және нақты
есептелмейді.
Зейнетақы жүйесінде ашықтық пен түсіндіру жұмыстары жетіспейді. БЖЗҚ-ға жарналарды тұрақты аударып жүрген азаматтардың болашақ зейнетақысы өте төмен болуы мүмкін.
Себебі; тұрғын үйге немесе емделуге қаржыны мерзімінен бұрын шешіп алу бұл қаражатты азайтып жібереді. Сарапшылар мемлекеттік зейнетақы жүйесінің ұзақ мерзімді тұрақтылығына күмән келтіреді. Егер мұнай бағасы күрт төмендесе немесе бюджетке түсетін түсім азайса, үкімет зейнетақы төлемдерін өтеуде қиындықтарға тап болуы мүмкін. Тәуелділік коэффициентінің (жұмыс істейтіндер саны мен зейнеткерлер қатынасы) нашарлауы жағдайды күрделендіреді.
Айгүл Сакеева, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігі Әлеуметтік сақтандыру, базалық әлеуметтік және
зейнетақымен қамсыздандыру саясаты департаментінің
сарапшысы:
"2028 жылдан бастап базалық зейнетақыны ең төменгі кепілдендірілген
зейнетақы ретінде өзгерту жоспарлануда. Бұл жүйеде еңбек өтілі бес
жылдан басталып есептелетін болады. Ззейнет жасына жеткен азаматтар үшін
зейнетке шығуды кейінге қалдыру мүмкіндігі қарастырылуда. Бұл
олардың болашақ зейнетақы мөлшерін арттыруға сеп
болады."- дейді.
Қазақстанда аралас зейнетақы жүйесі бар, ол екі бөліктен тұрады:
-
Бөлу жүйесі – мемлекеттік бюджеттен төленетін зейнетақы. Мұнда қазіргі жұмыс істейтін азаматтардың салықтары арқылы қазіргі зейнеткерлерге төлем жүргізіледі.
-
Жинақтаушы жүйе – азаматтың жеке есепшотына жалақыдан аударылатын міндетті жарналар арқылы қалыптасады. Бұл қаржы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында (БЖЗҚ) жиналады және инвестицияланады.
Дамыған елдерде тиімді зейнетақы жүйесі еңбек кірісінің 60–70%-ын зейнетақымен алмастыруы тиіс. Қазақстанда тұрғын үй мен емделуге қаражат шешуге рұқсат етілген соң, бұл көрсеткіш 10–15%-ға дейін төмендеді. Бұл болашақ зейнеткерлердің кедейлік шегіне түсу қаупін арттырады.
Айдар Алданов, БЖЗҚ Қоғамдық кеңесінің мүшесі, қаржы
сарапшысы:
"Қазіргі жүйе бойынша зейнетке шыққан
азаматтың алатын зейнетақысы оның жұмыс істеп жүрген кездегі
табысының 10-15 пайызына ғана тең келеді. Бұл өмір сүру деңгейінің
айтарлықтай төмендеуіне алып келеді. Халыққа зейнетақы жинаудың
қосымша жолдарын – жеке зейнетақы жоспарларын енгізу
қажет."- дейді.
Қазақстандағы зейнетақы жүйесі бастапқыда озық халықаралық тәжірибеге сай құрылғанымен, кейінгі өзгерістер оның тұрақтылығын әлсіретті. Жеке қорлардың бір мемлекеттік қорға біріктірілуі, жинақтарды мерзімінен бұрын шешуге рұқсат, 5% шартты жарнаның енгізілуі жүйенің сенімсіздігіне себеп болды.
БЖЗҚ-дан барабар зейнетақы алу үшін үш шарт орындалуы тиіс:
-
Жинақты мерзімінен бұрын алуға тыйым салу;
-
Жарнаның 15%-ын толық қызметкердің шотына жинақтау;
-
Инвестициялық кірісті арттырып, қор нарығын дамыту.
Зейнетақы жүйесі жаңа болғандықтан, көп адам 40 жыл толық жарна төлей алмайды, сондықтан мемлекет бюджет есебінен зейнетақыны толықтыруға мәжбүр болады. Қазіргі жүйенің басты проблемасы — халық сенімінің төмендігі. Халық сенімун қалпына келтіру үшін үкіметке нақты, түсінікті және ұзақ мерзімді стратегия қажет. Ескі тұжырымдама (2014 ж.) заман талабына сай келмейді, сондықтан жаңасын қабылдау өте маңызды.
2021 жылы Қазақстанда зейнетақы жинағының “жеткіліктілік шегінен” асқан бөлігін мерзімінен бұрын пайдалануға мүмкіндік берілді. Бұл өзгеріс қоғамда үлкен резонанс тудырды. Мыңдаған адам осы мүмкіндікті пайдаланып, өздерінің зейнетақы жинағының бір бөлігін:
-
ипотекалық несиесін жабуға,
-
баспана алуға,
-
емделуге,
-
инвестициялауға жұмсады.
Осы өзгеріс қоғамда үлкен қызығушылық туғызып, зейнетақы жүйесіне деген көзқарасты өзгерткен оқиғалардың бірі болды.
Динара Қайырбекова, қаржы нарығының тәуелсіз
сарапшысы:
"Жинақтаушы зейнетақы жүйесін реформалау
кезінде ұзақ мерзімді актуарлық есептеулер міндетті түрде ескерілуі
керек. Бізге жүйенің қаржылық тұрақтылығын сақтай отырып,
азаматтардың зейнетке шыққан кездегі табысының кемінде 40-50
пайызын қамтамасыз ететін шешімдер қажет. Бұл үшін мемлекет, жұмыс
беруші және азаматтың өзі арасында жауапкершілік бөлісу принципін
енгізу орынды."- дейді.
Мұрат Темірханов, Halyk Finance Басқарма төрағасының кеңесшісі, зейнетақы жүйесіне қатысты былай деді:
“Қазақстанда бастапқыда дұрыс әрі тиімді зейнетақы жүйесі құрылғанымен, кейінгі өзгерістер оның тұрақсыздығына әкелді. Ол жүйенің қайта орнығуы үшін үш негізгі шарт орындалуы керек”.
-
зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алуға тыйым салу,
-
15% жарнаның толық көлемін қызметкердің шотына жинақтау,
-
зейнетақы активтерін тиімді инвестициялау.
Мұрат Темірхановтың айтуынша, қазіргі зейнетақы жүйесіне халық сенімсіздікпен қарайды, ал үкімет бұл сенімді қайта қалпына келтіру үшін нақты, ұзақ мерзімді стратегия қабылдауы тиіс.
Қорытындылай келе; Қазақстандағы зейнетақы жүйесі жаңа заман талаптарына сай қайта құрылу үстінде. Сарапшылардың пайымдауынша, қазіргі жинақтаушы модельді сақтау қажет, бірақ оның тиімділігін арттыру үшін бірқатар өзгерістер енгізу керек. Ең бастысы – азаматтардың табысын арттыру, көлеңкелі экономиканы азайту және халықты зейнетақы жинағына ынталандыру. Мемлекет тарапынан кепілдендірілген механизмдер арқылы азаматтардың болашақтағы қаржылық әл-ауқатын қамтамасыз ету маңызды. Жүйелі, ғылыми негізделген реформалар ғана бұл салада нәтижелі өзгерістерге жол аша алады.
(Дереккөз: naryk.kz)
(Дереккөз:
abai.kz)
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
“Зейнетақы жүйесі”

шағым қалдыра аласыз