Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Зерде" интелектуалды ойын сабағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш класс мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Зерде» интелектуалды ойын
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың математикалық білім қабілеттерін тексеру, алған білімдерін пысықтау.
Дамытушылығы: Мұндағы видео-есептер, ертегі есептер, сөзжұмбақты шешу арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелілігі: Пәнге қызығушылығын арттыру. Оқушылардың өз ойын еркін айта білуге қалыптастыру. Оқушыларды ауызбіршілікке , ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Туған жерінің табиғатын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Танымдылық ойын сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, көрнекілік. ізденушілік, ойын, құрастыру

Көрнекілігі: Сөзжұмбақ, бейнелі сөз, санамақ, викторина, интерактивті тақта, тест,есеп, слайд.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі:
- Құрметті ұстаздар, оқушылар сіздер 4 сыныптар арасында өтетін «Зерде» интелектуалды ойынға қош келдіңіздер!
Сайысымыздың негізгі мақсаты әртүрлі математикалық ойын тапсырмаларды орындау арқылы білімдерін, одан әрі тереңдету. Алған білімдерін пысықтау. Сайыс сағатымызда өлең есептер, ертегі есептер, сөзжұмбақтар , бейнелі сөздер беріледі. Солардың жауаптарын дұрыс айтуларыңыз керек. Әр дұрыс айтылған жауаптарға , 10 ұпайдан қосылып отырады. Сайыста ұпайды көп жинаған топ «Жас математик» номинациясына ие болады. Ал ұпайды аз жинаған топ сайысқа белсенді қатысқаны үшін «Алғыс хатпен» марапатталады.
- Бүгінгі кеш төрінде
Математика елінде
Есеп шешіп жарысып
Жұмбақ шешіп аңдысып,
Шабыт тасып, шалқысып
Көңілді кеш жасайық
Жұмбақ шеру шашайық
Мұнда қызық табылар
Жұмбақ, есеп бәрі бар

- Бүгінгі сайыс сағатында сынға түсетін екі топпен таныстырып өтейін.
Енді сөз кезегін топтарға берейін, өз топтарын өлең жолдары арқылы
таныстырып өтсін.

«Алғырлар» Озып шығып бәйге аламыз
Аты аңызға айналған
«Алғыр» бала атанып
Бізде ғалым боламыз.

«Білгірлер» Мақтанбаймыз «білгірміз» деп
Таудай бірақ талабымыз
«Білгір» бала атанып,
Келешекте өскенде
Үлкен ғалым боламыз.

Сайыстың барысы: 
1. Бәйге...
2. Көкпар ...
3. Сұрақ бізден, жауап сізден...
4. Басқатырғыш...


Қане, бері қараңдар
Сайысымызды бастайық
Бәйгіде келген сұрақты
Лезде шешіп тастайық.

1 кезең: Бәйге «Алғырлар»
1. Ең кіші үш таңбалы сан. Жүз
2. Қабырғалары тең тік төртбұрыш. Шаршы
3. Тік төртбұрыштың ұзындығы16 см, ал ені 9 см. Р-? см
4. 589 санның алдындағы сан. 587
5. Кеміту амалы. Азайту

«Білгірлер»
1. Ең үлкен үш таңбалы сан. 999
2. 1 ғасырда қанша жыл бар? 100 жыл
3. Шаршының қабырғалары 10 см. Ауданы нешеге тең? 100 см.кв
4. Үш аптада неше күн бар? 21 күн
5. Дөңгелекті басқаша қалай атаймыз. Шеңбер

2 кезең: «Көкпар»

Келді кезек көкпарды да шешуге,
Жауаптарды аударуға үш тілде.
Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз,
30 ұпай, шәкірт саған несібе.

«КӨКПАР» Берілген тапсырмалардың жауабын үш тілде айтады. Қазақ – орыс – ағылшын тілінде жауап беруге тиіс.

Қазақ және орыс тілде ғана жауап берсе – 10 ұпай, үш тілде жауап берілген болса – 30 ұпай иеленеді.

Мыс: 1оқулық – 1книга -1 book

Тапсырмаға қоңырауды бірінші басқан топ жауап береді.

  1. Көлден ұшты 50 қаз,
    Қайтып қонды 20 қаз
    Қонбады оның нешеуі,
    Қане кім тез шешеді? (30 қаз, 30 гусей, 30goose)

  2. Қаңбақ шалдың жасы бір ғасырдан төрт есе көп. Оның жасы нешеде? 
    Шешуі: 100 * 4 = 400  (төрт жүз,four hundred)

  3. Екі қолда қанша саусақ бар, он қолда ше? 10 ten, 50 - fifty

  4. 4200 минут  неше сағатқа тең? 80 сағат

  5. Мектеп ауласында 180 шырша өсіп тұр. Тағы да 47 емен және 20 шырша отырғызылды. Мектеп ауласында барлығы неше шырша бар? (200) 

  6. Төрт оқушы 4 сағат шахмат ойынын ойнады. Әрқайсысы қанша сағат шахмат ойнады? (4сағат) 


3 кезең : «Сұрақ бізден – жауап сізден » Бұнда оқушылар әр тор көзден өзі білем деген тор көзді таңдап, егерде жауап берген жағдайда сол ұпайды иеленеді.

Видео сұрақ

20

30

40

Мақал - мәтелдер

20

30

40

Өлшем бірліктер

20

30

40


Видео сұрақ:

20 - ұпай: 2700:90*70-2100

30 – ұпай: Дүкенде түске дейін 2400 м мата, ал түстен кейін 3 есе кем мата сатылды. Дүкенде түстен кейін неше метр мата сатылды. 2400:3-800

40 – ұпай: Бірінші сынып оқушылары 24 кг, төртінші сынып оқушылары 72 кг қағаз қалдықтарын жинады. 4-ші сынып оқушылары 1-ші сынып оқушылары неше есе артық қағаз қалдықтарын жинады? 72:24-3


Мақал – мәтелдер:

20 – ұпай:  Екі жақсы қас болмас, екі жаман дос болмас.

30 – ұпай:  Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге жетеді.

40 – ұпай:      Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл.

   Бір тал кессең, он тал ек.

Өлшем бірліктер:

20 – ұпай: 1м - ?мм 1000мм

30 – ұпай: 3ц 45 кг - ? кг, гр 345 кг, 345000г

40 – ұпай: 2 жыл 14 ай - ? ай 62 ай

2 ғасыр 45 жыл - ? жыл 245 жыл

4 кезең: «Басқатырғыш»

32 * 40 : 10 : 32: 4 * 2492 – 2492 = 0



Ұпайлар саның есептеу.

Жеңімпаздарды таңдау.

Марапаттау.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.02.2019
591
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12