Қызылорда қаласының оқушылар мен жасөспірімдер үйі МКҚК
9 айға 9 іс- шара
Қаңтар: Интеллектуалдар мен Зерде айы
«Қазақ есебі» челленджі
Үйірме: Жас эрудит
Күні: 31-қаңтар, 2024 жыл
Қатысатындар: «Жас эрудит» үйірмесінің оқушылары
Үйірме сағатының тақырыбы: «Қазақ есебі» челленджі
Мақсаты: «Қазақ есебі» туралы түсініктерін кеңейту, мағұлмат беру, қазақ есептерінің мағынасын ашу, оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, шығармашылықпен жұмыс жасай білу, шапшаңдық қасиеттерін дамыту және математиканың өмірдегі пайдасын түсіндіру әрі дұрыс қолдана білуге үйрету.
Міндеттері:
- Білім алушылардың математикалық және
логикалық есептерді шығаруға деген қызығушылығын
ояту;
- Білім алушылардың зияткерлік қабілеттерін
дамыту;
- Математикалық білімнің өмірмен байланысын
көрсету.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ (Үйірме сағаты)
Үйірмеаралық байланыс: Жас матемаик, Математика
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сыни ойлау әдісі
Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушыларды түгендеу (Оқушылармен амандасып, сабақ өтетін орынның дайындығын, оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру)
2. Үй тапсырмасын сұрау (Өтебай Тұрманжанов қосымша ақпарат ізденіп келуге берілді, оқушылардан сұрап алу)
І. Жаңа сабақ (үйірме сағаты)
Сабақтың барысы:
Оқушыларды топқа бөлу
І-топ «Тұлпарлар» ІІ-топ «Қырандар» ІІІ-топ «Жүйріктер»
Топтың аты – «Тұлпар»
Ұраны: Айдарынан жел ескен,
Мыңнан тұлпар біз ертең!
Топтың аты- «Қыран»
Ұраны: Білім алған киелі алтын ұяда,
Қырандармыз қалықтаған қияда.
Топтың аты- «Жүйріктер»
Ұраны: Біз жалынды баламыз,
Жүзден жүйрік боламыз
ІІ. Негізгі бөлім
І-кезең «Жекпе-жек»(Қазақтың байырғы өлшем бірліктерінің мағынасын түсіндіру)
І-топ
1. Бес саусақты жұмғандағы көлденең ұзындық (тұтам)
2. Бір саба қымыз неше литр? (10-15л)
3. Бір танап жер (гектардың алтыдан бір бөлігі)
4. Құлаш қай аралық? (иық деңгейіне созылған екі қол ұшының аралығы)
5. Екі елі неше сантиметр? ( 3-4 см)
6. Жай жүргендегі екі аяқ арасының алшақтығы (қадам, адым)
7. Ат шаптырым жер ( 20-35 км)
ІІ-топ
-
Сүйем қай аралық (бас бармақ пен сұқ саусақты жазғандағы аралық)
-
Бір торсық неше литр? (6-7л)
-
Мал терісінің көлемі (тулақтай)
-
Иық деңгейінде кере созылған екі қол ұшының аралығы(Кере құлаш)
-
Төрт елі неше сантиметр? (7-8 см)
-
Километрдің қазақшасы
-
Бір мойын жер (жарты гектар)
ІІІ-топ
-
Қарыс қай аралық? (бас бармақ пен ортағы саусақты кергендегі аралық)
-
Қадақ неше грамм? 200 гр
-
Бір айдам жер (1 га)
-
Шынтақтан саусақ ұшына дейінгі аралық қалай аталады ? (Аршын)
-
Үш елі неше сантиметр? (5-6 см)
-
Құнан шаптырым жер ( 8-10 км)
-
Бір құлақ су (3-4 текше метр)
ІІ-кезең «Жамбы ату»(Қасиетті сандар)
І-топ
-
3 жүз (Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз)
-
3 қуат (Ақыл, Жүрек, Тіл)
-
3 жақын (Жан, Мал, Жар)
-
5 қару (Садақ, Мылтық, Найза, Қылыш, Айбалта)
-
7 жұт (Құрғақшылық, Жұт, Өрт, Оба, Топан су, Соғыс, Зілзала)
-
7 қазына (Сұлу әйел, Ақыл-білім, Жүйрік ат, Қыран бүркіт, Берен мылтық, Өткір кездік, Құмай тазы)
ІІ-топ
-
3 жұрт (Өз жұрты, Нағашы жұрты, Қайын жұрты)
-
3 ғайып (Ажал, Қонақ, Несібе)
-
3 көз (Бұлақ, Тұяқ, Құлақ)
-
5 асыл, 5 дұшпан
-
7 ата (Ата, Әке, Бала, Немере, Шөбере, Шөпшек, Немене)
-
7 жоқ (Жерде өлшеуіш, Аспанда тіреуіш, Таста тамыр, Тасбақада талақ, Аллада бауыр, Аққуда сүт, Жылқыда өт)
ІІІ-топ
-
3 арсыз (Ұйқы, Тамақ, Күлкі)
-
3 даусыз (Мінез, Кәрілік, Ажал)
-
3 тоқтам (Ақыл-арқан, ой-өріс, адам-қазық)
-
5 парыз (Иман келтіру, Намаз, Ораза, Пітір-садақа, Қажыға бару)
-
7 күн (Бүгін, Ертең, Бүрсүгіні, Арғы күні, Ауыр күн, Соңғы күн, Азына)
-
7 жетім (Тыңдамаған сөз жетім,
Киюсіз қалса бөз жетім,
Иесіз қалса жер жетім,
Басшысы жоқ ел жетім,
Аққу-қазсыз көл жетім,
Жерінен айырылған ер жетім,
Замандасы қалмаса –
Бәрінен де сол жетім.)
ІІІ-кезең «Теңге алу»(Қазақтың байырғы есептерін шығару)
І-топ
20-теңге
Бір бай үш жыл малай жұмсап, оның ақысына бір бұзау және 12 лақ беруге уәделеседі. Байғұс малай байдың жөн-жосықсыз аямай жұмсағанына шыдамай 2 жылдан кейін кетіп қалады. Бай малайына бір бұзау және 6 лақ береді. Бұзауды қанша лаққа бағалаған?
50- теңге
Ертеде бір хан «100 торғайды 30 бүркітке тең бөліп берген адамға қалаған сыйын беремін» деп жар салыпты. Оны естіген аспаз ханға келіп есептің жауабын айтыпты. Аспаздың жауабына хан риза болып, сыйын тарту етіпті. Сонда аспаз қандай жауап айтқан?
100-теңге
Ауыл үстінен терістікке қарай үшбұрыш тәрізденіп, бір топ қаз қаңқылдап ұшып өтеді. Ауыл алдындағы көл жағасына жете бергенде қаздардың бірі қанаты қайырылып, жерге қаңғалақтап құлап түседі. Өз тобынан қалып қойған қаз қайта ұша алмайды. Келесі күні оның үстінен үшбұрыштанып көп қаз баяу ұшып өтеді. Жаны жабырқау жалғыз қаз қанаттастарына:
-
Сәлембердік, жүз қаз! – деп сағынышпен сәлемдеседі.
-
Сәлем, жалғыз қаз, - деп үн қатады қаздардың бастаушысы. Бірақ біз сен айтқандай жүз емеспіз. Жүз болу үшін бізге әуелі өзіміздің санымыздай сан қос, одан соң сол қосқанның жартысын, одан кейін оның жартысын және сені қосқанда бәріміз жүз боламыз, -дейді. Аспанда қанша қаз ұшып барады?
ІІ-топ
20- теңге
Ертеде кедейлікпен күн кешкен жалғыз кемпір болыпты. Түн ішінде кемпірдің жалғыз сиырын ұрламақшы болып, ұрылар келеді.
Кемпір:
- Ә, бұлар менің сиырымды ұрламақшы екен, мен бұларды алдап, қатырайын,- ойлайды. Сөйтіп, бір шелек суды сапырып мынадай өлең айтады:
«Сапырып-сапырып Сарманға бер,
Құйып-құйып Құрманға бер,
Есіктегі екеуге бер,
Төрдегі төртеуге бер,
Өзің іш те, маған бер» - деген екен.
Мұны естіген ұрылар: «Қой мұнымыз жарамас, үй толы кісі екен, әрі төртеуі бізден артық екен, кетейік,»- деп кетіп қалыпты.
Кемпір тапқырлығымен ұрылардан осылай құтылыпты. Сонда үйдегі адам нешеу, ұры нешеу?
50-теңге
Жігіт отау тіккенде 3 ағасы бірігіп 6 қой берді. Сонда 3 ағасында қалған қойлардың саны бірдей болды. Әуелде барлығының 42 қойы бар екені және әрқайсысының берген қойларының саны әртүрлі екені белгілі. Ағаларының әрқайсысы қанша қойдан бергенін және әуелде оларда қанша қой болғанын анықта.
100-теңге
Аңшы өзінің қаршығасымен бірнеше қоян ұстады. Үйіне қайтып келе жатқанда бірінші кездескен адамға тарту ретінде әкеле жатқан қоянның 1/7 -ін, екінші кездескен адамға қалғанының 1/6 -ін, үшінші кездескен адамға одан қалғанының 1/5- ін, төртінші кездескен адамға содан қалғанының 1/4 -ін, беріп кетті. Сонда өзінде 3 қоян қалды. Аңшы барлығы неше қоян ұстаған?
ІІІ-топ
20-теңге
10-10-нан асығы бар 3 бала өзара асық ойнайды. Ойыннан соң біріншісі екіншісіне қарап:
-Қанша асық ұттың? – дейді.
- Онша көп ұтқызы қоймаппын, 8 асығым қалыпты,- дейді, екінші бала.
-Онда сендегі барлық асық менің ұтып алға асығыма тең екен, - дейді үшінші бала, асықтарын түгендеп тұрып.
- Ең көп асық ұтылған мен болдым, -дейді бірінші бала мұңайып. Ойыннан кейін кімде неше асық бар?
50-теңге
«Қыз қуу» ойынына 12 жұп қатысты. Ат құлағында ойнайтын қыздар мен жігіттер қандай әсем киінген, десеңші! Ойын соңында жеңілген қыздардың саны ойынға қатысқан қыздардың санынан 3 есе аз екені белгілі болды. Ойында қанша ер бала, қанша қыз бала жеңіске жеткен?
100-теңге
Бір топ торғай ұшып келіп, бұтақ басына қонады. Егер бұтақ басына бір-бірден қонса, бір торғай орынсыз қалады. Ал, бір бұтаққа екі торғайдан қонса бір бұтақ артық қалады. Сонда торғай нешеу, бұтақ нешеу?
ІҮ-кезең «Аударыспақ» (Мақал-мәтел құрастыру)
«Тұлпарлар» тобына
1. Жеті қарақшыны таныған, жеті түнде адаспас.
2. Айла алтау, ақыл жетеу.
3. Қыстың соңы жеті тоғыс, көктем басы бес тоғыс.
«Қырандар» тобына
4. Тоқсан сөздің тобықтай түйіні бар.
5. Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер.
6. Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл.
«Жүйріктер» тобына
7.Алты жастан жинасам асырам, жеті жастан жинасам жеткізем.
8. Мыңның түсін білгенше, бірдің атын біл.
9. Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге тарайды
Сергіту сәті
Ү-кезең «Шабыт»
Математик София Ковалевская «бойыңда ақындық қасиет болмаса, нағыз математик бола алмайсың. Себебі, ақындар басқаның көре алмағанын көреді, математик те дәл сондай болу керек»-деген екен. Бүгінгі сабағымызды көңілді аяқтау үшін мен мынадай тірек сөздер беремін: Қадам, Аршын, Тал, Сынық сүйем, Көктем, Наурыз, Той, Шақырым осы сөздерді қолдана отырып, бір шумақ өлең шығарайық.
-
Бес жерде бесім жиырма бес,
Аққуға бұлбұл тең емес
Арғы жағын айтпаймын
Ақылың болса өзің шеш. – Қане! Іске сәт!
Үй тапсырмасы
Қазақтың байырғы өлшем бірліктерін пайдаланып сөзжұмбақ құрастыру
Қорытынды
Қазақ халқының асыл мұрасын әрқашан бойтұмарымыздай сақтап жүру болашақ ұрпақ үшін өте маңызды. Жеті рет өлшеп, бір рет кесетін дана халқымыз ауызша есепке де жүйрік болғанын білеміз. Сондықтан да, әлі де зерттелмей келе жатқан осы бір тың тақырыпты әрі қарай жетілдіру өздеріңдей жас ұландардың еншісінде екенін біле жүріңдер.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Зерде" интеллектуалды сайысы

шағым қалдыра аласыз