Материалдар / "Зерделеу жұмыстарын ұйымдастыру" баяндама
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Зерделеу жұмыстарын ұйымдастыру" баяндама

Материал туралы қысқаша түсінік
Зерделеу жұмыстары туралы мәліметтер ұсынады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2020
585
3 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


«№27 орта мектеп гимназиясы» КММ
















Баяндама: «ЗЕРДЕЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ»

(Пед.кеңес №2)










Орындаған: Н.Б.Капалова

Математика пәнінің мұғалімі










Талдықорған қаласы

2020-2021 оқу жылы




Баяндама: «ЗЕРДЕЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ»

Математика пәнінің мұғалімі

Н.Б.Капалова



Зерделеу дегеніміз - белгілі бар мақсатқа негізделе отырып, зерттеу және бағалау. Түсіну, мәнінен үңілу, ой елегінен өткізу, қорытынды жасау. Зерлеу жұмысы – кең ауқымды: Білім беру жүйесіндегі саралауды кімдер жүргізеді?

1. Білім беру жүйесін басқару органдары,

2. Мектеп әкімшілігі;

3. Педагог-психологтар;

4. Оқушылар.

«Әрбір бала – бір  жұлдыз, өзіндік жеке тұлға.

Сол тұлғаны қалай қалыптастырсаң,

қалай  жарқыратсаң,  не өшірсең, ол сенің қолыңда.

Сондықтан мүмкіндігінше, мұғалім әрбір оқушының жүрек кілтін тауып, аша  білуі керек». 

                                                                                            Ы.Алтынсарин.

   Елбасы Н.Ә.Назарбаев білім саласына ерекше көңіл бөле отырып, «Қазақстанның болашағы бүгінгі жастар, Сіздер оларға қалай білім берсеңіздер Қазақстан сол деңгейде болады» - деген. Жас ұрпақты заман талабына сай қабілеті, сауатты, зейіні мен зердесі қалыптасқан тұлға етіп шығару - басты міндетіміз. Бірінші президенттің жүктеп отырған міндетін толық қанды орындау үшін, мұғалімдер қауымы оқушылармен өткізіп отырған жұмыстарын үнемі зерттеп,зерделеп отыруға тиіс.



ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ, БІЛІК ДАҒДЫЛАРЫН ЗЕРДЕЛЕУ

Оқыту процесінде оқушылардың білім, білік, дағдыларын зерделеу, есепке алу, бақылау және бағалау оның аса қажет құрамдас бөлігі болып есептеледі. Мұғалімнің сабақтар жүйесінде оны дұрыс ұйымдастыра білуі, көптеген жағдайда оқу–тәрбие процесінің табысты болуының оң кепілі. Ол үшін, мұғалім оқушының оқу материалын меңгеру дәрежесін, сапасы мен көлемін үнемі анықтап отыруы тиіс. Бұл бағытта оқушылардың, сабақтар жүйесінде білім, білік, дағдыларын есепке алу, бақылау және бағалаудың маңызы ерекше. Бақылаудың көмегімен теориялық білімді меңгерудегі сапа, біліктілік пен дағдының қалыптасуы дәрежесі анықталады.

Осы тұрғыда білім, білік, дағдыны есепке алу және бағалау мәселесіне тоериялық және практикалық талдау жасаудың, зерделеудің маңыздылығы ерекше.

Бақылаудың тақырыптық түрін ұйымдастырудың практикалық мәселелері П.Горбунов, Е.С.Березняк, В.И.Иващенко, А.К.Исақов, Е.И.Перовский, С.Ф.Сухорский, Н.В.Чертинский, В.О.Онищуктің ғылыми – педагогикалық еңбектерінде талданған.

Бақылауды ұйымдастырудың жекелеген әдістемелік мәселелері жайында М.Р.Львов, Н.Н.Светловский, А.П.Пышкало, Т.Л. Коган және т.б. теориялық талдау жасаған.

Оылардың негізінде қаралып отырған педагогикалық мәселенің теориялық аспектісі жеткілікті дәрежеде зерттелген деп қорытынды шығаруға болады, себебі “есепке алу”, “бақылау”, “бағалауды” ұйымдастырудың мәні, олардың оқу–тәрбие прорцесіндегі қызметі, формалары мен тәсілдері анықталған.

Бақылау – кең көлемде бір нәрсені тексеру деген мағынаны білдіреді. Бақылау оқыту процесінде оқушылардың оқу әрекетіне басшылық жасау қызметін атқарады, олардың творчестволық күші мен қабілетінің дамуына ықпал етеді.

Саралау – оқытудың құрамдас бөлігі қорытындылау сатысы. Саралау, бір нәрсенің деңгейін, сапасын, дәрежесін белгілеу. Оны оқушының оқу–таным әрекетінде қарастырсақ оқыту процесінің міндеттерін оқушылардың қандай дәрежеде меңгеруі, дайындық деңгейі мен дамуын, білімдерінің сапасын, білік пен дағды көлемін анықтайтын іс әрекет.

Келесі кезекте білім, білік және дағдыны саралау, бақылау және бағалау қызметіне тоқталамыз. Ол негізінен үш жақты сипатта болып келеді: білім беру, тәрбиелеу және дамыту.

Бақылаудың білім беру қызметі негізінде оқушылар жаңа білімдерді қабылдайды, бұрын алған білімдерін толықтырып, жетілдіріп, белгілі бір жүйеге келтіреді.

Тәрбиелік қызметі оқушыларды жүйелі түрде жұмыс істеуге үйретеді. Бақылаудың нәтижесінде олар күнделікті сабаққа үзбей дайындалады, жауапкершілдік сезімдері артады.

Дамыту қызметінің маңызы сол, оқушылар өз бетінше оқу тапсырмаларын орындауда жаңа білімдерді қабылдайды, қорытынды жасайды, баяндамалар әзірлейді, хабарламалар жасайды.

Білімді саралау, бақылау және бағалаудың түрлері, әдістері мен формалары

Педагогика ғылымы саласында білім, білік, дағдыны саралау мен бақылаудың көптеген түрлері кең тараған. Мысалы, ғалым–педагогтар Ю.К. Бабанский, Н.А. Сорокин бақылауды күнделікті, оқтын–оқтын, қорытынды деген пікірлер айтады. Ал Г.И. Щукина – күнделікті, тақырыптыќ, оқтын–оқтын, қорытынды және емтихан деген көзқарастарын білдіреді. Е.А. Дмитриев – күнделікті, тақырыптық және қорытынды, нәтижесі деген тұжырымға келген. Күнделікті бақылау оқыту процесінде күнделікті қолданылады және сабақ барысында оқушылардың оқу–танымдық әрекетіне басшылық жасайды. Ол ішкі және сыртқы байланысты жан–жақты жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады, соның негізінде оқушылардың келесі оқу әрекетіне ықпал етеді.

Күнделікті саралау мұғалімнің жалпы немесе жекелеген оқушылар жұмысына жүйелі түрде бақылау жасау көмегімен жүргізіледі. Бақылаудың бұл түрі оқушылардың сынып немесе үй тапсырмаларын өз бетінше орындауға деген ниеттері мен берілген тапсымырманы орындауға деген олардың қызығушылығы және жауапкершілік сезімін ынталадыруда үлкен маңызға ие болады.

Тақырыптық саралау, бақылау – оқу бағдарламасындағы белгілі тақырыптар бойынша өткізіледі. Сабақтың тақырыбы және әрбір кезеңдері негізінен оқушылардың білімді, іскерлікті, дағдыны игеруі тексеріледі. Сонымен бірге, мұғалім жаңа тақырыптың кейбір басты мәселелерін өткен сабақтардағы оқу материалдарымен толықтырады, жүйелейді.

Қорытынды саралау – барлық пәндер бойынша жыл аяғында өткізіледі. Саралау процесінде тақырыптық және тарау бойынша бақылау нәтижелері есепке алынады. Оқушылардың жыл бойында алған теориялық және тәжірибелік білімдері анықталады. Бақылау әдістері арқылы оқушылар жұмысының тиімділігі мен мазмұны туралы кері байланыс қамтмасыз етіледі. Саралау әдістеріне ауызша, жазбаша және графикалық бақылау әдістері жатады. Бұл әдістерге қарғанда бағдарламалап бақылау әдістерінің өзіндік ерекшелігі бар.


Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңында білім беру, біріншіден, адам баласы мүддесі, екіншіден, қоғам мүддесі, үшіншіден, мемлекет мүддесі үшін іске асырылады деп көрсетілген сілтемеде осы екі көзқарастар арасындағы анық үйлесім көрсетілген. Адам — қоғам — мемлекет ретінде тізілген реті де қажет. Ең алдымен — адам мүддесі.

Ғылыми-педагогикалық əрекеттің объектісі туралы мəселе де күрделі. Бір қарағанда, бұл тəрбиеленушіге өз ретінде педагогикалық əсер жəне педагогика ғылымы тұрғысынан зерделеу объектісі екендігін бір-ақ нəрсе деп тану түсінбеушілікке алып келеді. Педагогикалық зерттеудің объектісін педагогикалық əсер етудің объектісімен, яғни баламен, оның психикасымен, ұқсастыра отырып, біз педагогика мен психологияның — екі ғылымның объектілері жəне пəндерімен алмастыруға барамыз. Психология ғылымы педагогика үшін практиканың объектісі болып табылатындығын зерделейді. Егер педагогика ғылым ретінде психология айналысатын нəрсемен айналысуы керек болса, онда осы екі ғылымның біреуінің қатысы жоқ болып

қалып, оның үлесіне басқа ғылымға «практикалық қосымша» ретінде қалады. Сонымен, ол (педагогика, өте оңай ойластыруға болатын); өзінің зерттеу пəнінен жəне өзінің ғылыми мазмұнынан айырылады.

А.С.Макаренконың ғылыми педагогика тұрғысынан зерттеу объектісі оқушы болмау керек, ал педагогикалық факт (құбылыс) болуы керек деген пікірін келтірдік. Педагогикалық фактілер кең педагогикалық мағынасында тəрбие мен оқыту үрдістерін қамтитын тəрбие немесе білім берудің (Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңындағыдай) практикалық əрекетінде пайда болады. Бірінші сөз де, екіншісі де адамның психикасын емес, практикалық əрекетінің ерекше түрін бейнелейді. Сондықтан ғылыми-педагогикалық əрекеттің объектісін кең көлемде айтатын болсақ, мынадай педагогика ғылымының зерделеу объектісі — бұл педагогикалық практика. Педагогикалық теорияны белгілі бір мағынада — педагогикалық əрекеттің теориясы деп, дəлірек айтсақ, практикалық педагогикалық əрекеттің теориясы деуге болады. Дидактикалық шындықтың бір бөлігін көрсететін, дидактикалық зерттеу объектісі — оқыту əрекеті де, ал студент оқытудың объектісі жəне білім алудың субъектісі болып табылатын педагогика мен психологияның, педагогика ғылымы мен практиканың аясындағы арақатынасы, яғни оқушы бір мезгілде əрі объект, əрі субъект болып табылатыны дəлелденді. Осы уақытқа дейін де бала педагогика ғылымының объектісі емес дегенмен бəрі келісе бермейді. Оған дəлел үшін кейде К.Д. Ушинскийдің адамды барлық жақтарынан тəрбиелеу үшін оны барлық жақтарын зерттеу керек деген сөзін келтіреді.

Ушинский ғылым жəне ғылыми-педагогикалык зерделеу «зерделеу» жайлы емес, тəрбие, яғни практика туралы айтқан-ды. Шын мəнінде, ғылымдағы зерделеу мен практикалық əрекет барысындағы зерделеуде айырмашылық бар. Ғылымдағы зерделеу ғылымның арнайы бөлінген объектілері туралы жаңа ғылыми білім алумен байланысты. Физика ғылымы үшін мұндай объектілер: мысалы, барлық қыздырылған денелерге тəн жылулық болмыстың объектілері болып табылатын жылу батареясы, күн қыздырған үйдің шатыры жəне т.б. Физика олардан абстракцияланады, оларды зерделемейді. Ол осы ғылымның зерттеу объектісі ретіндегі жылулық туралы жаңа білімді алады. Сондай-ақ педагогика өз объектілерін, мысалы, ғылыми зерделеуге қажет оқыту əдістерін ғылыми зерделеу мақсатында бөліп көрсетеді. Баланың психикасын, оның жас ерекшеліктерін өзінің жеке объектісі ретінде басқа ғылым зерделейді. Педагогика міндетті түрде мұңдай зерделеудің нəтижелерін пайдалануы керек, бірақ та өзі басқа туралы жаңа білім алады. Нақты студентті жан- жақты тəрбиелеу үшін оқытушының нақты балаларды зерделеуі басқа іс. Əрине, ол өзінің студенттерін, олардың мінездерінің ерекшеліктерін, өмірді қабылдауын, қабілеттерін білуі керек. Бұл зерделеу, əрине, жаңа білім алу, ғылым туралы айтқанды зерделеу емес. Практикалық іс дұрыс жүруі, өз тəрбиеленушілерін дұрыс түсіну үшін оқытушы бар ғылыми білімдерді пайдаланады.

Сонымен, «зерделеу» деген сөздің мағынасы шын мəнінде əр түрлі түсіндіріледі. Біреуі — басқа ғылымның объектілерін зерттеушінің зерделеуі, басқасы — болмыстың объектілерін ғылымнан тыс, практикалық мақсаттарға байланысты пайдалану.


Барлық айтылғандардан практика мен зерттеуші арасындағы, өте алмайтын шекара жоқ екені анық. Оқытушы əрқашан зерттеушінің бағытын ұстай алады. Тек бағыттарды өзгертудің не əкелетінін көз алдыңа елестетуі керек. Қызмет түрі өзгергенде, оның объектілеріде өзгеріске ұшырайды.




Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!