Материалдар / Зерделеу жұмысы. Тақырыбы: Мағжан Жұмабаев "Мен жастарға сенемін"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Зерделеу жұмысы. Тақырыбы: Мағжан Жұмабаев "Мен жастарға сенемін"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мағжан Жұмабаевтың "Мен жастарға сенемін өлеңіндегі патриоттық, елжандылық тәлімі"
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қараша 2018
912
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Маңғыстау облыстық білім басқармасы,

Жаңаөзен қалалық білім бөліміне қарасты

9 орта мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесі




Мен жастарға сенемін

Мағжан

Қазақ елінің болашағы

жастар қолында

Н.Ә.Назарбаев





ЗЕРДЕЛЕУ ЖҰМЫСЫ

Мағжан Жұмабаевтың:

Мен жастарға сенемін өлеңіндегі

патриоттық, елжандылық тәлімі













Орындаған: №9 орта мектептің

8 «А»сынып оқушысы Қыдырходжаева Балерке

Әдеби жетекші: Кирабаева Айгүл Қалдыбайқызы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі










2017/2018 оқу жылы

Елді сүйсең-Мағжандай сүй,

Жерді сүйсең Мағжанша сүй

(М.О.Әуезов)

Суреткерлік шыңына шығып,лирикалының тұғырын қазақ әдебиетіне қалай білген әдебиет сүйер қауым Мағжан оқуларына қош келдіңіздер!

Ақын-қоғамның тілі-деп бағаланған, шебер тілімен қоғамның айнасына айналған Мағжан ақынның шығармалары жыл өткен сайын жаңарып, жаңғыра түсетін сияқты.

Кезінде Мағжан шығармаларын қазақ зиялылары да терең ұғынып,өздеріне үлгі санады.

Жүсіпбек Аймауытов «Мағжанның ақындығы туралы »зерттеу еңбегін жазса,Мұхтар Әуезов «Мағжан Абаймен тең лирик ақын,оның сөзі болашаққа жететін ең үздік,заманынан озған ақын саналады»деген болатын.

Мағжан Абаймен тең ақын....

Бұл пікірді айтқанда ұлы ғұлама жазушы Абай мен Мағжан шығармашылығын «таразыға»тартқандай дәл айтқан.

Себебі Абай классик ақын десек,Мағжан да «Европалық үлгіні»қазақ әдебиетіне алып келген қаламгер.

Осы орайда Мағжанның Мәскеудегі В.Брюсов атындағы жоғары әдебиет институтын бітіргендігінен-ақ Мағжанның жоғары білімді,әлем классикасынан сусындап,шабытын ұштаған ақын екендігін білеміз.

Абай:Лермонтовты,Пушкинді,Крыловты,Гетены оқып аударған болса, Мағжан да Гете,Генрих,Гейне,Лермонтов,Александр Блок,Әбу Фарс,Байрон,Данте,Мережовский шығармашылығын терең меңгеріп,үлгі алып,аударып сол озық үлгіні «лириканың нұрын»қазақ әдебиетіне алып келген ақын.

Тіпті Абайдан да көп оқыған,лириканың шоқтығын қазақ әдебиетінен көтерген десек қателеспейміз,әрине,бұл жеке пікірім.Себебі Абай өз заманына сай жырлаған болса,Мағжан «Өміршең»идеямен жырлаған сияқты,өлеңдерін оқысақ «сиясы жаңа кепкендей,дәл осы кезде жазылған,дәл осы заманға сай көзқарасқа толы өлеңдер сиқты сезінемін.Мағжан өлеңдерінің тақырыптарын оқығанның өзінде өлеңін оқығандай сезімге бөленесің...Жұлдызды жүзік,айды алқа етіп тағып алғың келеді...Күміс нұрлы айға қарай бергің келеді»

Осылай тақырыптарымен-ақ жүрегіңді баурап алады.Ақын өлеңдерінің бүгінгі күн талабына,талғамына сай келуін білгің келсе, Мағжан өлеідерін көзіңмен емес, жүрегіңмен оқы дер едім....

Мен жастарға сенемін....

(Мағжан )

Мағжанның осы сөзін Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев әр күн сайын айтады –десек артық болмас.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев:Жастар –ел болашағы,жастарымызға мақсатгерлік, асқақ арман, білімділік, көптілділік,б олашағына деген нық сенім, бәсекелестікке қабілеттілік керек-деген болатын.

Сонымен бірге: Бүгінгі жастарымыз қандай болса,білімі,қайрат-жігері,тәлімі қандай болса-ел болашағы сондай болады-деген болатын.

Олай болса Мағжан ақын да : Арыстандай –айбатты

Жолбарыстай –қайратты

Қырандай күшті қанатты

Мен -жастарға сенемін-деп елдің болашағы өскелең ұрпақтың айбатты, қайратты болуын, салауатты болуын ақын жүрек армандап,елдің арманын да паш еткен.

Меніңше, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев та Мағжан шығармаларын сүйіп оқитын сияты, жолдау жолдаса да,бағдарламасын мақала ұсынса да өскелең ұрпақ тағдыры, олардың болашағы жайлы толғанады, заңдар,жобалар шығарады-бәрін жастар қамына,олардың болашағына, ел болашағы-деп көрегендікпен бағалайды.

Мағжанды тыңдасақ: Көздерінде от ойнар,

Сөздерінде жалын бар.

Жаннан қымбат оларға-ар

Мен жастарға сенемін.

Мағжан айтқан, Мағжан армандаған жастар бейнесін көз алдымызға елестетейік:

ХХІ-ғасыр жастары:

Еліміз тәуелсіз еркіндігін алғанына ширек ғасыр толып, егемендіктің жемістерін көрудеміз. Елбасымыздың жолдауымен «Барлық жақсы нәрселер балаларға жасалады»-яғни өскелең ұрпаққа өмірге келген күннен бастап қамқорлықтар жасалды, қаламызда қаншама бала-бақшалар, ауруханалар және «100 мектеп аясында» біздің шағын қаламыздың өзінен 10 мектеп бой көтерді.Соның бірі №9 орта мектепте білім алған

8 сынып шәкіртімін.

Ендігі мақсат оқу болса-барлық жағдай жасақталған заманауи кешенде білім алудамыз. Арманымыз-асқақ, бағытымыз-айқын, мақсатымыз өркениетті отыз ел қатарынан орын алу, әрі қарай тағы да қарыштай беру, жаһандану көшіне ілесу...

Ол үшін БҰҰ ның алты тілін меңгеру, салауатты, жігерлі, бәсекелестікке қабілетті жастар болуы керек-деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 2017жылғы 12 сәуірдегі «Болашаққа бағдар :Рухани жаңғыру-бағдарламалық мақаласында айтқан болатын. Жастарымыз осындай болса ғана , біз «жаһандану» көшіне ілесеміз-деген.

Мен ойлаймын-сол кезде Елбасымыздың көз алдына Мағжан айтқан : көзінде от ойнаған,сөздері жалынды,намыс арын жанынан артық бағалайтын арлы,намысты,асқақ рухты жастар көз алдына елестеген болар,-сондықтан Елбасы жастар жайлы ойлай бастағанда Мағжанның «Мен жастарға сенемін»атты жүрек сөзін ішінен сан қайталайтын болар...

Мағжан тағы жырлайды: Жас қырандар балапан

Жайып қанат ұмтылған

Көздегені көк аспан

Мен жастарға сенемін

Мағжан айтқан жастардың бет-бейнесі, болмысы қандай? ХХІ ғасыр жастары қандай?

Жас та болсам осы ойларға көз жүгіртемін...

Өткен жылы Астанада өткен ЭКСПО-2017 көрмесіне барғандағы көргендерім есіме түсті. Көрменің қай залына барсаң да «ағылшынша»сайрап тұрған қазақ жастарын көргенде жүрегімді шаттық сезім кернеді.

«Мен жастарға сенемін»деген Мағжан арманы есіме түсті. Елбасымыз, Тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың «Жастар-ел болашағы»деген сөздері есіме оралады, өзімді бақытты сезіндім.

Осындай көшбасшысы бар, елін, жерін, тілін, ғылымды сүйген жастары бар ел-Мәңгі ел боларына, өркениетті 30 ел қатарына тұрарына сол күні көзім жетті.

Жас қырандар балапан

Жайып қанат ұмтылған

Көздегені көк аспан

Мен жастарға сенемін-

осы шумақты оқығанда көз алдыма әлі мектеп партасында отырған жас шәкірттер елестейді, оның бірі өзім, Абайша айтқанда : «Болмасам да ұқсап бағуға»еңбектенген; Мағжанша айтқанда: қанатымыз әлі қатпаса да ғылымға ұмтылып, көк аспанды, ғылымның қия шыңын көздеген мен және мен сияқты жас ғалымдар ,мына алдарыңда отырған ғылым құмар жастар!

Мағжан тағы не дейді: Жұмсақ мінез жібектер,

Сүттей таза жүректер.

Қасиетті тілектер-

Мен жастарға сенемін.

Жұмсақ мінез жібектер –деп Мағжан қазақ қыздарының қасиетін айтқан болуы керек. «Сүттей таза жүректер» деуі де қазақ халқына тән ақ пейілділік, сенгіштік, елжандылық, мейірімділік, бауырмалдық кеңпейілділік қасиеттерді айтса керек.

Тау суындай гүрілдер

Айбынды Алаш елім дер

Алтын Арқа жерім дер

Мен жастарға сенемін

Бұл шумағын оқысам, тағы да көз алдыма Елбасымыздың:

Ұлан байтақ даласы бар,

ел жүрегі қаласы бар,

елін сүйген баласы бар –

мен жастарға сенемін-

деген Елбасымыздың «Туған елім-тірегім»-атты еңбегінде оқыған қанатты сөз есіме түседі.

Қажу бар ма тұлпарға

Тасу бар ма сұңқарға

Иман күшті оларда

Мен жастарға сенемін-

деп Мағжан қазақ халқына тән қайсар, өжет, батыл, ержүрек, батырлық қасиеттерді өз жүрегіне арнау еткендей :

Арыстанмын айбатыма кім шыдар

Жолбарыспын маған қарсы кім тұрар

деп елді аузына қаратқан Мағжан, тек өзін емес,бүкіл халықтың атынан сөйлеп, қазақ жігіттерінің бейнесін сомдаған. Осы шумақты оқысам 25 жыл ішінде елін шырқап биікке көтерген, Астандай қаланы тұрғызған, қазақ елін әлемге танытқан Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев көз алдыма келеді. Елбасыма Мағжан рухы: Қажыма,тұлпарым; Талма, сұңқарым деп тұрғандай сезіледі...

Алаш айбынды ұраны,

Қасиетті құраны.

Алаштың олар құрбаны,

Мен жастарға сенемін.

Мен сенемін жастарға

Алаш атын аспанға

Шығарар олар бір таңда

Мен жастарға сенемін,

-деген Мағжан қазіргі кезді көргенде гой деп армандаймын!

Алаш алыптарының мерейі асқақтаған,қазақ елін әлем мойындаған,тәуелсіз,еркін,көркейген.қазақ елін,Астанасын көргенде ғой шіркін-деп армандаймын! «Қызыл тіл-қолым емес кісендеулі»-деп кеткен Мағжандар осы кезеңде өмір сүргенде ғой, шіркін,қандай өлеңдер өмірге келер еді!-деп толқимын! Қазақ елі мәңгі ел боларына,өркениетті отыз ел қатарына Мағжандай ақындардың тағы да өмірге келеріне сенемін.

Мен-болашағыма сенемін!

Ақын тілі ақ алмас...

Ақындықты асыл сөзбен кестелеген,қасиетті өнер деп бағалаған,әлем классикасынан сусындаған Мағжан тілі-өткір,бірде нәзік,ойы терең,тағылымы терең мұра.

Мен жастарға сенемін-өлеңінде де өзгеше ұйқас түрін қолданған.

Мен сенемін жастарға(а)

Алаш атын аспанға (а)

Шығарар олар бір таңда (а)

Мен жастарға сенемін (б)

Қазақ өлеңдеріндегі шұбыртпалы ұйқасқа ұқсағанымен соңғы тармағы (б)болып,

ұйқас тың жеті түріне де ұқсамайды-мен мұны Мағжанның «өзгеше ұйқасы (аааб)»деп бағаладым. Көркемдегіш құралдарына қөз салсам:

Теңеу:Арыстандай, жолбарыстай, қырандай,сүттей,тау суындай

Метафора: Көздерінде от ойнар,Сөздерінде жалын бар

Қажу бар ма тұлпарға,сұңқарға (адам)

Метонимия: Жұмсақ мінез жібектер,таза жүректер

Айшықтауда қайталау әдісін қолданып

Мен жастарға сенемін-тар, шағын өлеңнің 8 шумағында соңғы тармағына қайталап отырған.

Ешкімге ұқсамайтын, өзгеше стиль, тілге бай, Мағжан рухына тағзым етемін, Мағжандай ақын болсам деймін.

Өзіндік мақсатым және ұсынысым:

Мақсатым: Мақсатым тіл ұстартып, өнер шашпақ-деп данышпан Абай айтқандай, поэзия әлемінен өзімнің таңдауым, жүрегімнен орын алғаны Мағжан поэзиясы. Мағжанша сүй-деп Мұхтар Әуезов айтқандай, елімді Мағжанша сүйсем, Мағжанша туған жерді жырласам, Мағжандай ақын болсам деген мақсатым бар. Анам сыйлаған дарынды еңбекпен нұрландырып, Мағжан поэзиясымен сусындатсам, үлгі алсам –мақсатыма жетемін-деп ойлаймын.

Ұсынысым:

1.Елбасымыз кешегі Рухани жаңғыру бағдарламалық мақаласында қазақ әліпбиін латын әліпбиіне көшіруді ұсынған болатын. Олай болса ақын шығармаларын: Қазанда 1922ж бастырылып шыққан «Шолпан»атты өлеңдер жинағы, «Педагогика», «Сауатты бол»-латын әріптерімен шығарылған жинақтары қайта жаңғырылып, латын жазуымен шығарылса;

2.Мағжанның Батыр Баян поэмасы (қара,ақ)форматта шыққан ескі түсірілім,соны жаңғыртып жаңа түсірілім жасалса,ел жылап отырып көретін керемет фильм қайта жаңғырылса!

3.Мектептерде гуманитарлық бағытта оқытатын сыныптарда Абайтану пәні сияқты Мағжантану пәні факультатив есебінде өткізілсе.

4.Мектептер номермен аталмай,Мағжан Жұмабаев есімі әр қалада бір мектепке берілсе.

Мен жүрегімнің арманының орындаларына сенемін!













Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Мағжан Жұмабаевтың өлеңдер жинағы,шығармалары,поэмалары.

2.Н.Ә.Назарбаев: Болашаққа бағдар: Рухани Жаңғыру.

3.Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2030»стратегиясы

4. «Туған жерім-тілегім» Н.Ә.Назарбаев Алматы Рауан баспасы 2002ж

5.Ж.Аймауытов «Мағжанның ақындығы туралы» зерттеу еңбегі

6.М.Әуезов «Қазақ лирикасының бастау бұлағы»

7.Х.Сүйіншалиев Қазақ әдебиеті тарихы












Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!