Кіріспе
Әрбір мемлекеттің мәдени - экономикалық дамуы қайсы бір тарихи кезеңде болмасын ондағы білім беру жүйесімен байланысты. Қазіргі өнім өндіру қызметі жаңа технологияға негізделген экономикалық жүйеге ұмтылуда. Үшінші мыңжылдық табалдырығына адамзат қоғамы ақпараттық техникамен қаруланып, өзінің еңбек дәстүрлеріне үлкен өзгкерістер енгізуде.
Техника арқылы адам ақпаратты, құнды тауарға айналдыра бастады. Соған байланысты кәсіптің жаңа түрлері пайда бола бастады. Сондықтан жалпы білім беретін бағдарламаға кәсіпті игеруге қатысты басқа да білім аясымен байласыну қажет. Жеке бас пен табиғатқа қатысты барлық проблемаларды қамту керек.
Магистрлік тақырыптың «Зергерлік бұйымдар мен жәдігерлерге қолданылатын ұлттық қолданбалы графика» ерекшелігі қазіргі кездегі адам баласының мәдени және рухани байлығын дамытуға үлкен үлес қосу мақсатына бағытталған. Соңғы уақытта техникалық жағынан біршама жетістікке жетсек те, ата-баба мұрасының көбін ұмыта бастағанмыз ащы шындық.
Ұлтымыздың қолөнердегі жетістігін қауым игілігіне айналдыру, жергілікті жерлерде халық шеберлерінің істерін жас ұрпаққа насихаттау, әдемі қолөнер бұйымдарын қазіргі заманға сай қолдана білуге үйрету уақыт міндеті.
Тақырыптың өзектілігі әрбір зергерлік бұйымның дизайндық құрылымына графикалық тұрғыда композиция жасау.
Сонымен қатар зергерлік бұйымдардың тауарлық қасиетін арттыру, байыту, көз-тартымдылық қажеттілік сияқты қызметтер жасау. Әрбір жасалған зергерлік бұйымға арнап жарнамалық жұмыстар мен арнайы қораптар, орама және сувенирлік пакеттердің графикалық дизайн жобасын дайындау.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. «Зергерлік бұйымдармен жәдігерлерге қолданылатын ұлттық қолданбалы графика» атты магистрлік жұмысымда қазақ халқының қолөнерінің бір саласы зергерлік өнердің қазақ тұрмысында алатын орны, оның қалыптасу тарихы мен зергерлік бұйымдар түрлерін, жасалуын технологиясын жан-жақты зерттеп, сипаттап жазу.
Көрермендерді зергерлікке баулу арқылы, дизайн өнері арқылы қазіргі заман талабына сай кәсіпке бейім болып өсуін, кемелденуін және нарық жағдайында оңтайлы жеке тұлға болып қалыптасуын, шыдамдылығын, ойлау қабілетін қамтамасыз ете отырып, ұлттық ою-өрнектердің орналасу тәсілдерін үйрету жолдары.
Зергерлік бұйымдармен жәдігерлерге қолданылатын ұлттық қолданбалы графика зерттеу жұмысының объектісі болып табылады.
Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы:
-
Қазақстан территориясындағы зергерлік өнердің қалыптасу тарихын, сол кезеңдердегізергерлік бұйымдарды анықтау;
-
Қазірге дейін қазақ қыздары мен әйелдерінің әшекей бұйымдарына айналған зергер бұйымдарды көрсету;
-
Зергерлік бұйымдарды әшекейлеу мен өңдеу тәсілдеріне көңіл бөлу;
-
Зергерлік өнердің қоғам өмірімен , халық санасы мен психологиясымен, тарихымен байланыстылығына көз жеткізу;
-
Қазақ халқының заттай мәдениетінің құрамдас бір бөлігі зергерлік бұйымдарды зерттеу арқылы қазақ мәдениетінің зерттелуіне үлес қосу;
-
Техника, технологиялық даярлығына байланысты міндеттер:
-
Зергерлік объектісіне қажетті материалдарды таңдау;
-
Бұйымды конструкциялау және модельдеу;
-
Бұйымды өңдеу технологиясы;
-
Бұйымның құнын есептеу.
Зерттеу жұмысының ғылыми - әдістемелік жаңалығы: Қазіргі заман мәдениеті талабына сай адамдарды зергерлікке даярлауда жаңа ақпараттық технологиялық станоктар мен оларда әзірленетін сәндік элементтерін бұйым үлгілерінде қолдану ескерілді.
Зерттеу жұмысының практикалық құндылығы: Зергерлік бұйымдармен жәдігерлерге қолданылатын ұлттық қолданбалы графиканы қазіргі заман мәдениетіне тән ұсыныстар, олардың танымдық ой - өрісі мен іс - әрекетінің өсуіне мүмкіндік береді.
Зерттеу жұмыстың құрылымы: Магистрлік жұмысым кіріспеден және үш тараудан, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер мен қосымшадан тұрады.
Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, мақсат – міндеті және зерттеу деңгейіне сипаттама берілді. Бірінші тарауда қазіргі мәдениет талабына сай кәсіпке даярлаудың теориялық негіздері; екінші тарауда қазіргі мәдениет талабына сай даярлаудың әдістемелік ерекшеліктері, үшінші тарауда қазақ жеріндегі зергерлік бұйымдардың қалыптасу тарихына тоқтала келіп, жұмыстың негізгі мазмұнын ашатын зергерлік бұйымдарға жан – жақты тоқталып өттім.екінші тарауда осы зергерлік бұйымдарды әшекейлеу және өңдеу тәсілдерінің түрлеріне, бұйымдардың жасалыну технологиясына, зергерлік бұйымдардың материалына жан-жақты салыстырмалы түрде талдау жасап, сипаттама берілді.
Қысқартулар мен түсініктемелер
Б.Э.Д– біздің эраға дейін.
Ұста – қару –жарақ, ер –тұрман, сауыт- сайман жасаумен шұғылданатын адам.
Шебер – ағаштан әртүрлі бұйым жасайтын адам.
Зергер – алтын мен күмістен сырға, алқа, білезік, әшекей бұйымдарын жасайтын
адам.
Ісмер – ұлттық киіммен айналысатын, қолынан іс келетін адамдар
Нормативті сілтемелер
1.ГОСТ Р 56645.1-2015
2.http://www.vashdom.ru/norms-gost29.htm
3. http://design-clever.ru/commercial/documents/
1 тарау. Қазіргі мәдениет талабына сай кәсіпке даярлаудың теориялық негіздері
-
Кәсіпке даярлаудың педагогикалық негізі
Қазіргі жаңа технология интегративті білім саласы негізінде жазылған оқулықтардың құрылымы мен мазмұнын оқытудың тиімділігін арттырудағы ең басты тірек. Қандай пәнді оқытқанмен, ең алдымен оның оқулықтағы мазмұнына байланысты болады. Осылардың ішінде білім беруді нақыштап, мазмұны мен көлемін анықтауда оқулық негізгі орын алады. Өйткені оқулық мазмұны берілетін білімнің неден басталып, қалай жалғасатынын, немен аяқталатынын анықтайды. Басқа қолданылатын қосымша құралдар осы мазмұнға тәуелді түрде пайдаланылады.
Оқулық қай заманда да сол тұстағы ғылым жетістіктерін, мәдениет деңгейі мен халықтың салт - дәстүрін білім алушыларларға жеткізетін, білім беретін негізгі құрал болып табылады.
Білім негіздері ұрпақтан - ұрпаққа оқулықтар арқылы беріліп келеді. Білім беруді жүзеге асыруда қолданылатын оқу құралдарының мазмұны оқулық мазмұнына байланысты өзгереді. Әр пәннің көздейтін мақсатына қарай оқулық мазмұны құрылады.
Оқулыққа нақтыланған, айқындалған, қоғам талабына сай зерттеу талқысынан өтіп, ғылымға айналған шындықтар ғана енеді. Оқулыққа ендірілетін материалдар ғылыми шындық болғандықтан, мұны меңгеру үстінде Білім алушылардың зерттеушілік әркеттеріне жағдай тууы қажет. Себебі, оқулық мазмұны тікелей сол пәнді оқытуға қойылатын талаптан туындайды.
Оқулық мазмұны оқытудың тиімділігін арттырудағы басты тірек.
Қандай пәнді оқытсақ ең алдымен оның оқулықтағы мазмұнына байланысты оқытудың әдістемесі анықталады. Білім алушыларларға білім беру барысында Оқытушының айналып келген, әлде де пайдаланатын оқулықтар баршылық. Олардың қатарына - оқулық және қосымша оқу құралдары (сыныптан тыс уақыттарға арналған, көркем шығармалар, сөздіктер т.б.) жатады. Осылардың ішінде білім беруді бағыттап, оның мазмұны мен көлемін айқындауда оқулық негізгі орын алады. Қазіргі заман мәдениетіне байланысты мағлұматтарды, білім алушыларның ой - өрісіне лайықты мағлұматтарды бере отырып, олардың дамуына жағдай жасайтындай. Соның ішінде қазіргі заман мәдениеті талаптарына сай келетін Білім алушылардың жалпы дамуын қамтамасыз етуге әлеуметтік - гуманитарлық (тарих, қоғамтану, жағрапия, қазақ әдебиеті (орыс тілі) т.б.), жаратылыстану (математика, физика, химия, информатика т.б.) пәндерді оқытуда ескеруге болады.
Мұнда Білім алушылардың туған елге, жерге, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттырып дүниеге қызығушылығын күшейту үшін оларға алғашқы мәліметтер береді. Қоршаған ортамен таныстыру - адам, табиғат, өсімдік, жануарлар болғандықтан білім көзін осылардан бастау керек.
Экологиялық проблемалармен байланысты денсаулық сақтау. Оқулықтардың әдістемелік нұсқаулары, ғылымилығы, тәрбиелік мәні, өмірмен байланыстылығы ескеріліп, Білім алушылардың қазіргі заман талаптарындағы өмірге деген икемділігін байқауға болады.
Сабақ барысында мұғалім білім алушыларларға қазіргі заман мәдениетіне тән әлеуметтік - гуманитарлық пәндерде мынадай ерекшеліктерді ескеру қажет:
-
Білім алушылардың жас ерекшелігіне байланысты тақырыптар мазмұнын ашатын материалдар көлемінің шағын, ықшам болуы;
-
мәтін көлемі шағындығымен қатар, тақырып мазмұнының ғылымилығы, әсерлілігі, бейнелілігі;
-
берілген тапсырма Білім алушылардың ойын, тілін дамытуға, олардың сабақ барысында өздігінен жұмыс орындауына, іс - әркетіне түрткі туғызуға сай келуі;
-
берілетін білімнің Білім алушылардың өмір тәжірбиесімен және қоршаған ортамен байланыстылығын қамтамасыз етуге қолайлылығы.
Білім алушыларлар жанұя, табиғат, қоғам мен ортамен арасындағы қатынас. Мәдениетті танып білуі үшін, өзі табиғаттың бір бөлігі бола тұра, оқып білген, тәжірибеден үйренген білім арқылы адам қоршаған ортамен қатысты басқаларға да үйретеді. Біртіндеп өмір жағдайына баға беру деңгейіне көтеріледі.
Білім алушыларларға білім беруге арналған құралдардың ең негізгісі оқулық болып саналғанымен, оның мазмұны мемлекеттік құжат - бағдарлама талабынан алшақ кете алмайды. Жеке пәндерді оқытуда білім алушыларларға ғылыми ұғым беру қажет, ол ұғымдардың саналы меңгеруді жүзеге асырып, ептілікті қалыптастырудың негізгі мүддесі[1,2].
Нақты заттар мен құбылыстар негізінде бақылау ұйымдастыру біртіндеп ұғымға ұласпақ. Ұғым - өте күрделі психологиялық процесс. Қазіргі таңдағы алдыңғы қатарлы техникалар, түрлі машиналар, компьютерлер дәуірі қоғамның өрлеуіне, әлеуметтік деңгейдің көтерілуіне әсерін тигізіп отыруда. Бұлардың барлығы адамның өсіп - өнуіне әсер ететін негізгі фактор. Сондықтанда ол қазіргі жастар өмірінде жаңаша мәдениетті талап етеді. Оны алдымен Білім алушыларды еңбекке даярлау қолданылатын бағдарламаларды зерделеу барысында қарастыру қажеттілігі туындайды.
Осы тұста Ы.Алтынсарин атындағы Қазақтың білім академиясының Республикалық баспа ұсынған "Технология" жалпы білім беретін мектепке арналған интегративті білім саласы негізінде жарыққа шыққан оқулықтарға тоқталамыз.
Қазақстан тарихында алғаш шыққан "Технология" оқулығында бұрынғы кезде еңбекке баулу сабағында өтілетін технология элементтері қамтылған. "Технология" ежелгі гректің "tecno" - өнер, шебер, білгір және "logos" ілім, ғылым деген сөздерінен шыққан. Сонымен технология - шеберлік, өнерлік, білгірлік туралы ғылым. Адам баласының іс - әрекетіне қажет технологияның да сан алуан түрі кездеседі. Дегенмен әрбір адамға үнемі қажет технологиялар да жоқ емес. Олар: тамақ әзірлеу, үй мүлкін күту, ақпараттандыру т.б. технологиялары. Сонымен бірге оқулықтарда бағдарлама тарауларына байланысты шығармашылық жұмыстары, жоба берілген. Бағдарлама тарауларына сәйкес қолөнер бұйымдарын әзірлеуге қолөнерге, тамақ әзірлеу технологиясына, үй мәдениеті және тұрмыстағы техника, кәсіпкершілік және жанұя экономикасының элементтері тарауларына оқытуда қазақ халқының көне атауларына, оны қалай үйреткендігіне салыстырмалы талдаулар жасалынбаған.
Мысалы, қазақша мата атаулары, қазақтың ұлттық киімдерінің аттары, ыдыс атаулары, қазақша өлшем аттары, қазақ халқының бояу жасау дәстүрі, сабын жасау түрлері, бесіктің түрлері, киіз үй жиһаздары, киіз үй түрлері.
Ал, бағдарламаның мақсаты: Білім алушыларды ұлттық тәрбие негізінде өздігінен еңбек етуге, бұқаралық кәсіпті бейімділіктерін айқындау үшін тәжірибе элементтерін қалыптастыру қамтамасыз етіледі.
Қазақстан Республикасының Білім беру туралы заңында және жалпы білім беретін мектептер тұжырымдамасында қазақ халқының мәдениеті мен салт - дәстүрлерін оқып - үйрену үшін жағдайлар жасау, Білім алушылардың санасына туған халқына деген құрмет пен мақтаныш сезімін ұялатып, ұлттық рухты сіңіру, сондай - ақ тілін, салт - дәстүрін меңгерту бұл мектеп алдындағы негізгі міндет болып саналады. Бұл сала бойынша ғылыми - зерттеу жұмыстары қолға алынып келгенімен, оны әлі де болса тереңдей білімді қажет етеді. Қазақ халқында бұрын "Технология" деп атамаса да, май шайқап, құрт жасау, киімді әр түрлі тәсілмен тігу, сәндеу, тері өңдеу, кесте және кілем тоқу, киіз басу, арқан есу, ши тоқу, бала бағу, т.б. секілді жұмыстарды атқарған.
Қазіргі таңда дамыған елдердің ақпараттары мен технологияларын кеңінен қолдауына байланысты қойылып жатқан жаңа талаптар жастардың тек қана өндірістік міндеттерді жақсы атқарып қана қоймай, оған қосымша жобалай білу, шешім қабылдау, шығармашылық жұмыстарды да орындай білуі қажеттігін байқатады. Соның біріне тігін машинасында кестелеу жұмыстарын орындау болып табылады[1,2]..
Кестелеу жұмыстары бүгінгі таңдағы тәрбиенің негізі болып саналатын қолөнер туындыларының тарихы ретінде санап, оны естен шығармау қажет.
Осындай жұмыстарды орындау арқылы қазақ жастарына өздерінің дінін, тілін, салт - дәстүрін естеріне түсіріп отыруға мүмкіндік береді. Еңбек пәнінің бағдарламасына сай оқулықтарының мақсаттары, қарастырылатын ептіліктерінің айқын тізбегіне, берілген нұсқауларға зейін аудар келе, бағдарламаның мазмұны төмендегідей кемшіліктерге ие деп есептейміз:
-
Бағдарламада тақырып бойынша пәнаралық байланыстар берілмеген.
-
Қолөнер түрлері толық қамтылған.
-
Бағдарламаның түсінік хатында Білім алушыларды қалыптастырылуға тиіс еңбектік және кәсіби ептіліктер тізбегі келтірілмеген.
-
Бағдарламада кейбір сөйлемдері үйлеспеген.
1.2 Қазіргі мәдениет талабына сай кәсіпке даярлау жүйесі
Білім алушыларды кәсіпке даярлау жүйесі, оларды еңбекке даярлау жүйесінің үш бірдей компоненттерінің бірлігі арқасында жүзеге асырылады.
Ол компоненттер: білім алушылар, мақсат пен міндет, еңбекке даярлау мазмұны, оқытушылар және еңбекке даярлау құралдары,тәрбие, оқу, еңбек прцестері, ұйымдастыру түрлері және басқару. Осы құрылым шеңберінде білім алушыларлар мен үйірме, сынып жетекшілерінің бірлескен іс-қимылы жүзеге асырылады.
Ғылыми еңбектер, білім алушыларды еңбекке және кәсіпке даярлау жүйесінің өзге де анықтамалары кездеседі. Айталық, интегралдық процестердің мынадай бағыттары болады. Олар: политехникалық сипат арқылы оқыту, Білім алушылардың жалпы білімге қоса еңбек дағдыларын алуын қамтамассыз ету. Сабақтан тыс немесе демалыс кезеңдерінде қоғамдық белсенді еңбекке жұмылдыру, кәсіптік бағдар беру.
Білім алушыларды еңбекке және кәсіпке даярлау екі ерекшеліктен тұрады. Біріншісі-интегралды процес болса, екіншісі-жұмыстың бағыт бағдары. Бұл екеуі де басқару нәтижесінде жүзеге асырыл ады.
-
Білім алушыларды еңбекке және кәсіпке даярлаудың педагогикалық негізін зерттеуде алдымен оларды басқару аналитикалық, индуктивті, дедуктивті, сандық, сапалық, құрылымдық, тарихи аспектілер декөмекке келеді.
-
Білім алушыларды кәсіпке даярлаудың негізгі диактикалық және политехникалық методологисымен бір қатарда тұруы; даярлау кезеңдері: мақсатты белгілеу, педагогикалық талдау, жобалау, ұйымдасытыру, бақылау, бағалау, үйлестіру және түзету. Білім алушылардың жеке тұлға болып қалыптасуын қамтаммасыз ету; Білім алушылардың физиология-гигеналық талаптарға сай келуі ескеріледі.
-
Білім алушыларды кәсіпке даярлау жүйесі құрылымдық-функциональдық жағынан үнемі дамып отырады. Оның түпкі мақсаты-оқу тәрбие процесінің тиімділігін арттыру болып табылады. Оған қоса ішкі және сыртқы (компонеттер) қоршаған орта, қоғамдық жағдайларға да тығыз байланысты.
-
Жүйелік тәсіл кешенді тәсілді жоққа шығамайды. Кешенді тәсілге іс-әрекет нәтижесін талдау, өзара байланысты анықтау, еңбекке даярлау жағдайлары мен проблемалары, басқару технологиялары кіреді. Негізгі белгілеріне: оның тұтастығы, құрылымы қабілеті сияқты ұғымдар кіреді. Осы процестердің құрамдас компанеттерін білім алушыларлар мен мұғалімдер, мақсат пен міндеттер, мазмұн мен тәрбиеісі, оқу мен кәсіби еңбек құрайды.
Орындалатын тапсырмалардың ерекшелігіне қарамастан өндіріске баулу мен еңбек сабағының практикасы бір-біріне ұқсас келеді. Оқытудың бұл екі түрі де оқытудың мазмұнына, топтарға жіктелу қағидалармен топтастыру реттілігі оқытудың жүйесін қолдану негізінде анықталаады. Олардың көбінесе еңбекке баулудың жүйесімен атап, еңбекке практикалықептілігі мен дағдысын қалыптастырудың дидактикалық жолдарын түсінеміз[3,4].
Еңбекке баулудың негізгі жүйесі белгілі:
-
Заттық жүйе (предметная) - білім алушылар өзі меңгеретін мамандығының сипатына байланысты, типтік бұйымдар жиынтығы (набор) әзірленеді. Мұндай барысы дидактикалық жоспары бойынша жеке операцияларға жіктеледі. Білім алушылардың жеке еңбек тәсілдерін орындау ережелерімен арнайы таныстырмады. Олар тек қана шебердің қозғалысы мен басқа да еңбек қимылдарын көшіруге ұмтылды. Мұндай оқыту жаңа бұйым әзірлеу барысында білім алушыларлар өздерінің ептілігі мен дағдысын қолдана алмады. Сол себептен де олар қайтадан оқытуды қажет етті. Бұл жүйенің негізгі кемшілігі де осы болды.
-
Заттық жүйе - өндірісте ұялы (кустарный) тәсілді айқындады, сондықтанда ХІХ ғасырдың екінші жартысына дейін қолданылды.
Мануфактуралардың өркендеуіне байланысты еңбектің бөлінуі технологиялық процесстерді бөлшектенуге әкеп соқты. Мұндай еңбек дайындығының мазмұнын қайта қаралуына байланысты операциялық жүйе пайда болды.
-
Операциялық жүйе бойынша білім алушыларлар мамандық мазмұнын өздері меңгеретін, еңбек операцияларын орындайды. Осыған байланысты білім алушыларлар әртүрлі бұйымдарды әзірлеуді үйретеді. Тек қана жүйелілік негізінде жұмыс жасау, мамандық рамкасында шектеледі.
Операциялық жүйе - кешенді оқу жүйесінде 2-3 операцияларды үйреніп, содан кейін осы операциялардан құралатын жұмыстарға көшеді. Кейін кешенді жұмыстарға сәйкес келетін жаңа операцияларды үйрене бастайды. Операцияларды үйренуде жеке жұмыс қозғалыстары мен амалдарды орындау бойынша жаттығулар жасаудан басталады.
-
Операциялық - заттық жүйе алғашқыларда қарағнада нәтижелі болды. Бұл жүйеде оқытудың екі кезеңі қарастырылады. Бірінші кезеңде еңбектік операциялардың бірлескен түрлері зерделенеді. Бұл операциялар бұйым әзірлеу барысында жүзеге асады. Екінші кезеңде білім алушыларлар алдын - ала өтілген операциялардың технологиялары негізінде, бұйым әзірлеуде кешенді жұмыстарды орындайды.
Операциялық - заттық жүйе бұйымның жеке бөлшектерін өңдеу барысында емес, керісінше нақты бір бұйымды өңдеу процесінде қолданылады.
Еңбек объектісі, мектеп бағдарламасына сай қарастырылатын еңбек операцияларымен толық таныса алатындай дәрежеде қамтылатын болуы тиіс. Күрделі еңбек операцияларымен танысу, жалпы операциялар мен еңбектік тәсілдерді орындау жаттығуларында басталады[3,4].
-
Моторлық - жаттығулар жүйесі 20-шы жылдары оқытуда кең тарады. Ол еңбектің орталық институтында (ЕИО) дайындалды. Дегенмен де бұл жүйенің өзіне тән кемшіліктері болды. Мұнда, ептілік пен дағды, оқулықтар арқылы саналы түрде меңгерілмеді. Ептілік пен дағдына қалыптастыру, еңбек процесінің нақты түрін, боямалаушы арнай аппараттар мен жаттығуларды қолдану негізінде жүргізілді. Көптеп қайталау арқылы сананың қозғалысының қатынасынсыз, тек қана денені "оқытумен" шектелді. Оқыту процесіне мұндай ықпал жасау қолдау таппағандықтан, жуық арада өз құнын жойды.
ЕОИ жүйесінің өзіне тән жетістіктері де болды. Бірінші рет, еңбектік ептілік пен дағдыны қалыптастырудың психофизиологиялық заңдылықтар жүйеліліге сәйкес келетін дидактикалық негіз қолданылды: еңбек тәсілдері- еңбек операциялары- еңбек процесі. Бұл жүйе бойынша ЕОИ еңбек қозғалысы мен еңбек тәсілдерінің дұрыс құрастырылуы үшін қайтадан тереңірек талдау жұмыстары жүргізілді. Сондықтан да бұл жүйе қазіргі күнге дейін өз құнын жоймай келеді.
-
Операциялық - кешенді жүйе қазіргі уақытта кәсіби техникалық оқу орындарында негізгі болып саналады. Бұл жүйемен оқытуда, білім алушыларлар алдымен, 2-3 операциялардың орындалу тәсілдерін меңгереді, содан кейін осы операциялармен бірге кешенді жұмыстарды орындауға көшеді. Одан әрі кешенді жұмыстарға сәйкес келетін жаңа операцияларды меңгереді. Операцияларды оқып - үйрену, жеке жұмыстық қозғалыстар мен тәсілдерді қайта өңдеу барысында жаттықтырушы жаттығулардан басталады.
Еңбектік операцияларды меңгеру және оларды кешенді жұмыстарды орындауда пайдлану- оқытудың бірінші кезеңінің негізгі міндеті болып саналады. Ал, екінші кезеңде білім алушыларлар өнімді еңбекті міндетті түрде өндірісте өткізеді. Бұл жүйенің өзіне тән кемшіліктері болды. Кешенді жұмыстарын Білім алушылардың өндіріс орындарында жалғастыруы қиындық туғызды. Олардың жұмысшы қызметін атқаруға бағытталды.
ЕОИ жүйесі техниканың дамуы мен технология жабдықтарының жетілуіне байланысты маңызды орын алатын уақыт өлшемін жеке есептеу қызметін айқындады. ЕОИ жүйесіне, өз міндеттерін шығармашылық түрде орындай алатын жұмысшылар дайындау міндеті қойылды.
Автоматизация және механизация процесінің жетілуіне байланысты жаңа жүйелерді басқаратын мамандар даярлау қажет болды.
1.3 Білім алушыларды қазіргі мәдениет талабына сай кәсіпке даярлаудың мүмкіндіктері
Даярлау - оқыту үрдісінің дамуын қамтамасыз ететіндіктен оның ұйымдастырылуы мынадай кәсіби талаптарды қанағаттандыруы қажет:
-
Бұйымның практикалық сипатын
-
Практикалық тапсырмаларды орындау мен алған білімді қалыптастыруда еңбектің шығармашылық бағыттылығын.
-
Еңбек іс - әрекетінің жалпы тәсілдерін
-
Дәстүрлі оқытуымен қатар ауыл мектептерінде белгіленген варианттар мен жеке дара оқытуды жүзеге асыру.
Себебі оқыту процесі нәтижесінде технология жетістігі білім алушылар игілігіне айналады. Қазіргі заман мәдениетін бағдарлама негізінде жүзеге асыру үшін алдымен оны тереңінен зерделеу қажет. Технологияны білім құрылымының дербес элементі ретінде қарап, оған сипаттама беру қажет. Бұл жерде В.В.Краевскийдің пікрін негізге алуға болады. Автор білім мазмұнын әлеумеуттік тапсырыстың педагогикалық моделі деп санайды. Білім мазмұны өзінің әлеуметтік маңызына орай педагогикалық мән - мағынаға ие. Осыған орай оқу заңдылықтарына тәуелді келеді. Қазіргі кезде оқу пәндерінің циклі жекеленген оқу пәндерінен тұрады, яғни ол технология, техникалық сызу және материалдарды жүргізу сияқты пәндерді қамтиды. Мұның бәрі, сайып келгенде, адамның кісілік келбетін жоғарылата түседі. Сондықтан да, мектеп қабырғасында Білім алушыларды қазіргі заман мәдениеті талаптарына сай кәсіпке даярлауда білім мазмұнының мынадай блоктарын бөліп алып, бұларды шартты түрде былайша топтастыруға болар еді:
-
әлеуметтік - гумантарлық даярлық;
-
ғылыми даярлық;
-
эстетикалық даярлық;
-
физикалық даярлық;
-
арнайы даярлық;
-
білім алушыларның өз таңдауы бойынша оқытылатын пәндер. Мұнда үшін алдымен Республикалық деңгейдегі өзгерістер мынадай факторлармен өлшенеді.
Білім алушыларды кәсіпке даярлаудың шартты түрдегі топтасуы.
Педагогика ғылымдарының жамып отыруына байланысты мұғалімдерге қойылатын талап анықталғаннан кейін, бүгінгі таңдағы білім алушыларның қазіргі заман талабына сай кәсіпке даярлығын кесте 1 арқылы түсіндірдік. Бұл мәселенің теориялық негіздерін жасау Білім алушылардың "кәсіптік даярлығы" ұғымының мәнін анықтауды қажет етеді. Бүгінгі күнге дейінгі психологиялық - педагогикалық әдебиеттерде "даярлық" ұғымы:
-
белгілі бір психологиялық жағдай (Селиванов В.И.);
-
жеке тұлғаның тұрақты сипаты (кандыбович Л.А. т.б.);
-
мотивациялық және процессуалдық компоненттерінің ажырамас бірлігі.
"Білім алушылардың әртүрлі іс - әрекеттерінде белгілі бір материалды пайдалану арқылы Білім алушылардың даярлығы" ұғымы: озық дәстүрлерде қалыптасқан жеке тұлғаны қалыптастырудың жалпы гумандық мұраттарына сай іске асыруға мүмкіндік беретін біріктірілген (интеграциялы) қасиеті (Мағауова А.С.) [4,5].
"Қазіргі уақыттың мәнділігін түсінуін, өнертану мен кәсіптік білім және іскерліктің практикада қолдана алатын тәжірибесінің қалыптасуының өзегі көркем мәдениет болып табылатын күрделі біртұтас білім" (Громакова С.В.) деп түсіндірілетін ұғымды біздің проблемамызға байланысты ұстанамыз. Себебі, мұндағы түсінікте педагогика ғылымындағы даярлықтың дәстүрлі мотивациялық, мазмұндық, процессуалдық компоненттері қамтылған. Біздің зерттеуімізде Білім алушыларды қазіргі заман мәдениетіне сай кәсіпке даярлау процесін жүзеге асырудың педагогикалық мүмкіндіктерін анықтау мен оны негіздеу барысында жоғарыда көрсетілген даярлықтың компоненттері негізге алынады.
Даярлықтың мотивациялық компонеті Білім алушылардың қазіргі заман мәдениетіне дұрыс қатынасының болуымен сипатталады.
Мазмұндық компонент қазіргі мәдениет туралы теориялық білімдерінің болуын білдіреді.
Процессуалдық компонент қазіргі заман мәдениетінің оқыту процесінде пайдалануындағы ептіліктері мен дағдыларын білдіреді.
Сонымен біздіңше: "мәдениет - адамдардың рухани, қоғамдық және өндірістік қатынастары жетістіктерінің жиынтығыарқылы кәсіби мәнде тұлғалық қасиетінің қалыптасуын құрайтын қазіргі технологияларға негізделген күрделі біртұтас білім" - деп санаймыз.
Анықтаманың мазмұны бізге "Білім алушыларды қазіргі заман мәдениеті талабына сай кәсіпке даярлаудың" үлгісін жасауға мүкіндік берді. (кесте 1). Үлгінің негізінде Білім алушылардың кәсіптік даярлығының үш деңгейі анықталды: төмен, орта, жоғары.
Төмен: қазіргі заман мәдениетіне деген қызығушылығы, қатынасы бар, оның бүгінгі заман Білім алушылардың кәсіптік даярлығына дұрыс ықпалының бар екенін жете түсіне бермейді.
Мазмұндық, процессуалдық компоненттерінің бірін де меңгермеген.
2 тарау. Қазіргі мәдениет талабына сай даярлаудың әдістемелік ерекшеліктері
2.1 Қазіргі заман мәдениеті талабына сай кәсіпке даярлығының мазмұны
Кесте 1 Кәсіптік даярлыққа байланысты компоненттер
|
№ |
Компоненттері |
Критерийлері |
Көрсеткіштері |
|
1 |
Мотивациялық |
Білім алушылардың қазіргі заман мәдениетке дұрыс қатынасының болуымен сипатталады. |
|
|
2 |
Мазмұндық |
Қазіргі мәдениет туралы теориялық білімдерінің болуын білдіреді |
|
|
3 |
Процессуалдық |
Қазіргі мәдениет талаптарын оқыту процесінде пайдалануындағы ептіліктері мен дағдыларын білдіреді |
|
Орта: қазіргі заман мәдениетін эмоционалдық тұрғыда қабылдай алады, оған деген қызығушылығы мен сыйлы қатынасы бар, оның оқушының кәсіптік даярлығына дұрыс ықпалының бар екенін түсінеді. Әлеуметтік құбылыс ретінде түсінбейді. Тек қана іс - әркеттерде пайдаландаы. Процессуалдық компоненттің кейбір элементтерін ғана меңгерген. Қазіргі заман мәдениет жайлы өз бетімен білуге талпынбайды.
Жоғары: қазіргі заман мәдениетін эмоционалдық тұрғыда қабылдай алады, оған деген қызығушылығы мен сыйлы қатынасы жоғары, оның оқушының кәсіптік даярлығына дұрыс ықпалының бар екенін жете түсінеді.
Білім алушылардың кәсіптік даярлығының бастапқы күйін анықтау мақсатында констатациялау (белгілеу) эксперименті жүргізілді. Экспериментке ауылдық мектептердің оқушылраы мен технология пәні мұғалімдері қамтылды.
Сауалнама, әңгімелесу, тест, бақылау әдістерін қолдану негізінде білім алушылардың қазіргі заман мәдениеті талабына сай кәсіптік даярлығының (практикалық іс - әркетте қазіргі заман мәдениетін пайдалануға дұрыс қатынасының болуы, мәдениет түрлерінен білімі, оларды пайдалану ептілігін меңгеруі) бастапқы күйі анықталды.
Білім алушылардың мәдениет ұғымының мәні жөніндегі білімін анықтау үшін жүргізген сауалнамадағы: "Қазіргі мәдениет дегенде нені түсінесіз?"сұрағына берілген жауаптарында мәдениеттің әлеуметтік құбылыс ретінде мүмкіндіктерінің бар екенін білмейтіндігін көрсетті[5,6,7].
Ал, мектеп мұғалімдерінен сабақ барысында "Қазіргі мәдниетке санауға болатын ақпараттық технологияларды пайдаланбауыңыыздың себебі неде?" деп сұрағанымызда, бірқатар мұғалімдер "оны мектептің оқу - материалдық базасы көтермейді", екіншілері, "технология сағаттарының кемуінен" деп айтса, енді біреулері "ауылдық мектептерде оларды практикалық тұрғыда қолдану мүмкін емес" дегенді айтады.
Осындай жауаптарын кейін қазіргі шығып жатқан сәндік элементтер ретінде біз, ақпарттық технологияларда дайындалған "апликация", "кесте", "сәндік материалдар", "гафре" т.б. шикізаттарды практикалық іс - әрекеттерде қолдану барысында қолөнер және тігін бұйымдарында қолдану барысында жүргізілген ІІ - ші бақылаудың нәтижесінде мектеп білім алушылардың деңгейінің өскендігін бақыланды. Ол кестеде берілген.
Даярлық деңгейінің анықтаудағы І "бақылау" нәтижелері
|
Даярлық деңгейі |
Бастапқы |
І "бақылау" |
|
|
"бақылау" 105 |
105 |
|
58,3 % (63) 41,7% (45) - |
26,9% (29) 52,8 % (57) 20,3 %(22) |
Технология пәні оқытушылардың дайын материалдарды қолданудан кейінгі нәтижелер, яғни мұғалімдермен жүргізген семинар сабақтарының ықпалы болуы мүмкін деп білеміз. Деңгейдің 20,3 %(22) болып артуы осының айғағы. Мәдениетті қамтамасыз ететін оқу материалдарды, оқытудың әдістер мен тәсілдерін көрсете білуі.
-
Экономика талаптары. Өйткені, экономикалық іс - әрекеттен туындап жатқан қайта құру процесі жаңа ұмтылыстар мен дағдылармен толы.
-
Білім беру ісін жаңа мазмұнмен байтып, ұлттық дәстүрмен, жаңа мен ескі жүйесінің қайсысы тиімді екенін анықтау, ондағы өзгерістерді өрістету.
-
Әлеуметтік ықпал. Ата - аналардың білім алушылар еңбекке даярлау мазмұнына жаңалық енгізуге ынталы.
-
Мәдени факторлар. Білім алушылар еңбекке даярлауға байланысты әлеуметтік және экономикалық өзгерістер жайлы хабардар етіп отыратын бұқаралық ақпарат құралдары.
-
Технологиялық факторлар. Технологиядағы прогесті қолдану аясын кеңейту. Кесте
Аталмыш факторлар білім алушылар кәсіпке қазіргі заман талабына сай даярлауға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, қоршаған ортаның күрделілініп, оның өзгерістері өсе түсуі. Білім алушылар кәсіпке даярлаудың ескі құрылымдары жаңа талаптар үдесінен шыға алмайды. Осыған орай барлық жағдайға оңтайлы құрылымдар қажет болады. Факторлар оқушының кәсіптік және мәдени даярлығын арттыруға бағытталған.
Нарық жағдайында компютерлік сауаттылыққа сұраныстың арта түсуіне орай білім алушылардың кәсіпкерлік біліммен де жан - жақты қарулануына кең жол ашылады.
2.2 Білім алушылар қазіргі мәдениет талабына
даярлаудың тиімді әдістері мен формалары
-
Қайсы қоғамда болмасын қоғамның дамуындағы еңбектің шешуші рөлін, оның әлеуметтік - экономикалық мәнін адам ғана атқаратындықтан, оқыту арқылы білім алушылардың еңбекке деген қабілетін дамыту.
-
Еңбек адамдарының қандай қоғамда болсын алатын орнын оның қоғамды қозғалтудағы өндірістің негізгі қожасы, өндіруші еңбектің иесі екендігін үйрете отырып, білім алушылар Отаншылдыққа, іскерлікке, адамгершілікке, шеберлікке баулу.
-
Жеке адамның дамып жетілуінде еңбектің негізгі құрал екенін, еңбек ету арқылы өз қабілеттерін дамытуда, ата - бабасының ұлттық дәстүрлері мен қолөнерін одан ары дамыту.
Осындай адамның міндеттері орындаудағы іс - тәжірбиелерді насихаттау, озат оқытушылардың іс - тәжірбиесін таратуда ғылым мен техника жаңалықтарын оқып үйренуде арнайы ғылыми - педагогикалық журнал аса қажет еді.
Бұрын Совет Одағы кезінде еңбекке баулу жөнінде Ресейден шытатын “Школа и производство” деген орыс тілінде шығатын ғылыми - әдәстемелік журнал бар еді. Соңғы жылдары ол журналдың бізде таралуы азайды. Енді міне, біз күткен “Мектептегі технология. Технология в школе” журналы дүниеге келді.
Бұрын еңбекке баулу сабағы білім алушыларға екі бағытта ұлдарға техниканы, ал қыздарға үй шаруасынан ғана білім беретін. Ал бігінгі технология пәні орта білім стандарттарының талабына сай, сегіз бағытта білім береді. Білім алушылардың қабілеттеріне қарай кәсіпкерлікке баулиды[7,8].
Қазіргі таңда дамыған елдерде ақпараттық және телекоммуникациялық технологияның кеңінен қолданылуына байланысты жаңа технологиялық революция басталды.
Сондықтан, адамдардың алдына жаңа функционалдық талаптар қойыла басталды. Жұмыскер тек қана өндірістік міндеттерді жақсы атқарып қана қоймай оған қосымша жобалай білуі, шешім қабылдауы және шығармашылық жұмыстарды да орындай білуі керек.
Ғылымның тез қарқынмен дамуы және жаңа технологиялармен енуіне сәйкес кәсіптік мамандыққа қойылатын талаптар өзгеріп, өмірде екі - үш мамандықты меңгеру қажеттігі туындайды. Технология білім саласы жалпы білімнің базалық негізіне кіреді. Мұнда технология білім саласының тұрақты бөлігі базалық мазмұнды игеруге жеткілікті.
“Технология” атты жаңа интегративті білім саласының базалық бөлімдерін оқып үйренуге лайықты оқу материалының базасына сай арнайы дайындықтан өткен мұғалім ұстаздардың жетекшілігі мен білім алушылардың шығармашылық дамуы қарастырылатын жоба жүйесінде кең тараған және болашақ технология мен әдістемені іскерліктерін білім алушылардың жалпы еңбек, жеке арнайы білім мен қалыптастыруға мүмкіндік жасайды, олардың ителлектуалдык, тұлғалық, этикалық және эстетикалық дамуын, өзіндік кәсіптік айқындалуын және қазіргі әлеуметтік экономикалық жағдайларға бейімделуін қамтамасыз етеді.
Егер еңбектің политехникалық экономикалық және экологиялық аспектілер, ақпараттық және жоғары технологиялармен танусуға жеткілікті көңіл аударылса, ондағы жұмыстардың сан алуын орындалуы мен өзіндік білім алу жағын қалыптастыруды дайындауға халықтық, аймақтық, жанұя дәстүрлерін, жалпы адамзаттың құндылықтарды қайта жаңғыртатын және сақтауға бағытталса аталған мақсаттарға жетуге болады.
Технология білім саласының басты мақсаты білім алушылар өздігінен еңбек етуге дайындауға, бұқаралық кәсіпті игеруге көмек ету. Соған опай мына болжамдар қарастырылады:
1.Экономикалық, экологиялық және кәсіпкерлік білімдерді қабылдау барысында затты, энергияны және ақпараттық материалдарды түрлендірудін қазіргі және болашақ технологиялармен жастардың танысуы олардын политехникалық дамуы.
2.Білім алушылардың шығармашылық және эстетикалық дамуы білім алушылардың өзін - өзі тану мүмкіндігін, кәсіпкер әлемін оқып үйренуін өзіндегі кәсіптік бейімділіктерін айқындау үшін сарамандық тәжірибе элементтерін қалыптастыруды қамтамасыз ету.
Технология саласын оқыту барысында мынандай міндеттер іске асырылуы қажет:
-
Кең тараған және болашақтық технология жайында политехникалық білімді ақыл - ой, сезімдік әрекеттерінің жүйесін қалыптастыру.
-
Жанұя шаруашылығы мен экономикасын жүргізуге қажетті білім мен іскерлікті қалыптастыру. Қазіргі өндіріс негіздерімен, қызмет көрсету негіздерімен таныстыру.
-
Білім алушылардың өз бетімен және қабілеті арқасында жобалау мен шығармашылық есептерді шешуін дамыту.
-
Кәсіптіліктің өзіндік айқындалу мақсатында ҚР жергілікті және ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып, кәсіптік кеңестігін білуді, кәсіптік бағдарын сынап анықтай алуды, білім алушылардың өзін - өзі танып білуін қамтамасыз ету. Еңбек сүйгіштікті, іскерлікті, ұйымшылдықты, адамгершілік пен қайырымдылықты, шыншылдықты,жауапкершілік пен ізеттілікке тәрбиелеуді іске асыру.
-
Нарықтық экономика, менеджмент, маркетинг туралы негізгі түсініктер арқылы қызмет көрсету мен өз өнімдерін іске асыруға мүмкіндік жасау.
-
Тұтыну бұйымдарды еңбек объектісі ретінде пайдалана алуға және оларды дизайн мен сәндік қолданбалы өнердің талаптарына сай әсемдей білуге үйрету. Мектеп жергілікті, ұлттық, аймақтық еркшеліктері мен сол жердің материалдық қорын ескере отырып, әр түрлі кәсіпкердің бір түрі ьойынша кәсіби оқыту жағдайын қарастыруға болады.
Жастарды еңбекке тәрбиелеу бағытындағы педагогикалық білім беру құрылымының негізгі мәселесі - технология пәнінен сабақ беретін мұғалімдердін әдістемелік шеберлігі мен кәсібтік дайындығын жақсарту.
Қазіргі кезде әр түрлі мамандықты меңгерген алдыңғы қатарлы мүғалімдерді дайындау мақсатында жан - жақты зерттеу жұмыстары зерттелуде. Педагогтар дайындайтын жоғары оқу орындарында да осындай мақсатта жұмыс жоспарын құру қажеттілігі туындайды.
Педагогикалық зеттеулерде “модель” терминін нақты арнайы саладағы маманға берілетін кәсіптік баға ретінде қабылдаған жөн. Маман моделін талдау барысының бірнеше тұжырымдамасы бар. Түрлі мәселелерді зеттеу тұжырымдамасының өзіндік ерекшеліктері ескеріледі, кейде маман моделінің кейбір аспектілері бөлек қаралады.
Біз Е.Смирнованың тұжырымдамасын жемісті деп есептейміз, себебі, ол тұжырымдамада маман моделін жасаудың кеңейтілген жиынтығы қарастырылған. Жоғары оқу орындары білімді мамандарды осы тұжырымдамаға сәйкес даярлауы керек[8,9].
Осы үлгі қазіргі талапқа ғана сай емес, болашақта да жетістікке, білім дағдымен қоса кәсіптік сапа, бағдар бүкіл адамзаттық мәдениет, дуниеге, қоршаған ортаға көзқарасты қамтиды. Осындай әдіспен құрылған маман моделінің практикалық қажеттілікті өтейтін жауапты маман даярлаудағы мүмкіндігі мол. Бұл модель ірі үш бөлімнен тұрады.
-
Арнайы кәсіби ортада оқытылатын мамандардың қызметі.
-
Маман қызметіне психологиялық мінездеме.
Оқытушының кәсіпқой маман ретінде құрылымын зерттей келе, тұжырымдамада көрсетілген талапқа сәйкес технология пәні оқытушының моделдік қызметін анықтауда біршама жұмыстар жүргізілді.
Сондықтан технология пәні оқытушының қызметін сипаттайтын жалпы үш бөлімінің әрқайсысына жекелеп тоқталайық.
Модельдің бірінші бөлімі арнайы кәсіби ортадағы маман қызметі жұмыс сапасына өз пәніне сүйіспеншілігіне одан алатын әсеріне байланысты.
Модельдің екінші бөлімі негізінен мына аспектілерді - кәсіптік тәлім - тәрбиелік, саяси қоғамдық қызметін қарауды ұсынады. Бұл аспектілер маман оқытушылар даярлауда негізгі рөл атқарады. Саяси қоғамдық аспектісі оқытушының мектептегі және оқу орнындағы қоғамдық қызметін қамтиды.
Менің пайымдауымша, жалпы оқытушының қызметі, оның ішінде технология пәнінің оқытушысы туралы әңгіме болғанда, тәрбиелік кәсіби аспектілер шешуші рөл атқару керек.
Сондықтан негізгі қызметтің бес түрлі аспектісін қарастыруымыз қажет.
-
Технология пәні оқытушысының шешетін мәселелері.
-
Олардың орындайтын міндеті.
-
Жұмыста кездесетін қызмет түрлері.
-
Мамандығына сәйкес білімі.
-
Кәсіптік шеберліктегі дағдысы мен біліктігі.
Маман моделін қалыптастыруда көрсетілген сипаттама зерттеушілердің еңбектерінде жиі қолданылады. Аспектілер бірімен бірі тығыз байланысты. Оларды меңгеру арнайы маман қызметіне терең де толық талдау жасау үшін қажет.
Технология пәні оқытушысының модельдік қызметін жасау үшін Ю.Васильевтің ғылыми - жаратылыстану қоғамдық экономикалық пәндер және еңбекке баулу циклін анықтайтын жобасына сүйенген дұрыс.
Маман моделінін қызметін зерттеушілер мен талдаушылардың еңбектерін саралай келе. Стандартқа сәйкес модельдеудің сипаттамасын қарастырып келдік. Стандарт тізбелері қызмет сипатының негізгі құрылымын көрсетеді.
Ары қарай зерттеу барысында, бұл бірнеше деңгейде қайта қаралып, жұмыстын негізігі моделін болжап, қызметін атқарады және тиянақтайды.
Үшінші бөлімде маман қызметінің психологиялық сипаты қарастырылады. Бұған технология пәнінің мұғалімінің жеке сапасын және кәсіби деңгейін жатқызуға болады. Бұл модель бойынша мұғалімдерге қойылатын талаптар деңгейін зерттеуіміз қажет. Сол арқылы қазіргі жағдайда орта мектептің технология пәнінің мұғалімінің қызметі жөнінде айтуымызға болады. Сондай - ақ, қазіргі заман талабына сәйкес мұғалімінің жеке тұлғасын қалыптастыру, кәсіптік педагогикалық шеберлігі мен дүниетанымын кеңейту қаралады. Осындай модель технология пәні оқытушысының өзіндік ерекшеліктерін анықтау және болашақта кәсіптікдеңгейі жоғары, салалы маман даярлау үшін қажет.
Жаңа технологияларды қолдану барысында білім алушыларымен бірлесе отырып, олардың шығармашылық қабілетін дамыту бағытында еңбектеніп келемін.
Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңында оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу, білім беру ұйымдарының еркіндігі мен дербестігін кеңейту, білім беру ісін басқаруды демократияландыру және орталықсықтандыру қажеттігі баса айтылған.
Демек, осы педагогикалық технологияларды білім алушылар дамытуға бағытталған оқу- тәрбие жұмысының бір - бірімен тығыз байланысқан әдістері мен түрлерінің жиынтық жүйесі деп қарайтын болсақ, онда оны тәрбие жұмысының таптырмайтын құралы ретінде қарағанымыз жөн.
3 тарау. Зергерлік бұйымдарды өңдеу технологиясын оқыту теориясы
3.1 Қазақстан жерінде зергерлік бұйымдардың түрлері, темір бұйымдарын өңдеу жолдарының тарихы мен дамуы
Қолөнер бұйымдарының ішінде ерекше көркем, сəнділікпен байланысты өнердің түрі – зергерлік өнер. Ондай бұйымдарды жасаумен шұғылданатын адамды «ұста», «дархан», «шебер» деп атайды. Халық аузында ұсталық Дəуіт пайғамбардан қалды деген сияқты сөздер бар. Мұндай өнердің құрал-аспабын ұстаған адамдардың иесі, киесі болады делініп, халық арасында құрмет көрсетіліп, қадірленеді. Бұрынғы кезде зергерлік бұйымдардың көпшілігіне дұғалық қасиет берілген. Ол қасиеттердің екі түрлі мəндік мағынасы болды.
Бірінші жағдайда, зергерлік бұйымдардың жеке элементтері мен композициясының біртұтас түзілімі дүние құрылымы жөніндегі түсінікпен байланысты болды. Оған Есік обасынан табыған «алтын жауынгер-көсемнің» киімі мен қару жарақтарының композициялық шешімі мысал бола алады. Оның космостық мағынасы жөнінде көптеген ғылыми зерттеулерде жазылды.
Зергерлік бұйымдағы дұғалық қасиеттің екінші мағынасын, ол адамды пəле-жала, қауіп-қатерден сақтайды жəне адамның іс-əрекетінің сəттілігіне игі əсерін тигізеді деп түсінген.
Осы сенімдер зергерлік бұйымдардың пішіндік кескініне, түзілімнің анық жəне жинақы болуына көркем образдық шешімнің біртұтастылығын анықтайды.
Зергерлік бұйымдар – бұл біздің төл тарихымыз бен мәдениетіміздің көрінісі, бұл ғасырлық қолтаңбасы бар бұйымдар, оларды сонау ата-бабаларымыз пайдаланған. Ал ауқатты отбасынан шыққан әйелдің әшекейлерінде бағалы тастардан көз салынған алтын әшекейлер көп кездеседі. Олар күрделі көркемдік шешімдерімен, техникалық жағынан мінсіз орындалуымен ерекшеленеді[10, 11, 12].
Егеменді еліміз, тәуелсіз мемлекетіміз Қазақстан осы бүгінігі өркендеген заманда өнер-мәдениетінің өзекті салалары мен тарихи дәстүрлі негіздерін, көркемдік эстетикалық теорияның заңдылықтарын, принциптерін зерттеп қалыптасып дамуына, теориялық тәжірибені практикалық жағдайда қорытып іске асырып ары жалғасуына, оны ұлт игілігіне пайдалануына ықпал жасап, мүмкіндіктер туғызып отыр. Оның айғағы президентіміздің мәдени мұраны жандандыру қаулысы.
Атадан балаға мирас болған мәдени мұраны, ата мұраны сақтай отырып бейнелеу, кескіндеме, мүсін, дизайн, өнерлері арқылы қолданбалы қолөнерін басқа жаңа деңгейде қайта жаңғырту, жаңа замануй талабына сай жаңарту, көзін ашу өнер қайраткерлері мен ғалымдардың атқаратын маңызды міндеті болып табылады. Кәзіргі таңда ұлт мәдениетін инновациялық жол мен дамыту, халық ауыз әдебиетін, сөз өнерін, қол өнерін, саз, әуендерінің үдірістерін зерттеу біздің міндетіміз. Ата – бабаларымыздың қолдарымен жасаған өнер түрлерін санамызда ұстап, есімізге алып тарихи бағаларын беріп, оқып дамыту өшпес соқпақты даңғыл жолға айналдырып, болашақ жас ұрпаққа қалдыру халықтық, мемлекеттік іс.
Заманымыз бен уақыт ағымының бір тоғысқа келіп, тарихи ұлттық сана мен танымның оянып, мәдени мұраны халықтық салт-дәстүрді, қазақ сәндік қолданбалы өнерінің тек үй тұрмысында халық шаруашылығында тәжірибе жүзіңде ғана қолданбай оның көлемінің кең екенінің негізінің теориясын оқып зерттейтін дәлелдейтін, уақыты келді. Бүгінгі таңда Қазақстанда өнер ғылымынан тәжірибесі мол, өнердің теориясының негізін зерттеуші ғалымдарының білім, ғылым деңгейінің кемеліне келіп, тыныс көздерінің молайып биік шыңына шыққан кезі. Марғулан Әлкей, Байжігітов Болат, Қасиманов, М. Мұканов т.б.
Сондықтан, қолданбалы өнерді, дәстүрлі халықтық өнерді, профессионалды сәндік қолданбалы өнерді, бейнелеу өнерін талдап зерттейтін оны жас буынға, жеткіншектерге жеткізетін, оқырманға дәлелдеп түсіндіретін біз, білім беріп іске асырып өнер мен білімді дамытатын бала бақшаның, бастауыш, орта мектептің арнаулы оқу орндарының үлесінде.
Мәдени мұраны, сәндік-көркемдік эстетикалық танымды дамыту өнер-тануды, бағалау – бейнелеу, кескіндеме, сәндік қолданбалы қол өнер бағыттарын, композициялық құралымын, шикі заттарының түрін, сәндік әсемдігін барынша айқындап көрсететін, дәлелдейтін өнер туындылары, қолдан жасалған шығарма бұйымдары, заттарының өздері. Өнер заттарының бітім эстетикалық сұлулық әсерлері мен бірге – пішінін, түр сипатын, композициялық көркемдігін және тәжірибе іс жүзінде тұрмыста қолдану саласының бір – бірімен ажыраспас тұтастығын, ғылыми теориялық тұрғыдан зерттеу, қажет.
Осындай көлемді, ауқымды мәселелердің, өнер мұраларының тек қана үй тұрмысына, шаруашылық қажетіне, адамның тәжірибелік пайдасына, ғана керек деп қана қараудың қате ұғым, тарөрістілік, шешімін таппаған ой. Оның себебі, қол өнер заттарының өмірде тұрмыста қолданудан басқа да, эстетикалық әсемдік сипаты, көркемдік бейнелері, туынды образдарының көрерменге тұтынушыға шынайы беретін әсері айғақ. Бұның бәрін ғылыми тұрғыдан дәлелдеу, ажырату біздің ғалымдардың, өнер теориясының тарихын зертеушілерінің, практикалық тәжрибе негізінде суретші-шебер мамандарының үлес еншісінде. Д. Арғынбаев, Дәркенбай Шоқпар ұлы т.б.
Мәдениет адамзат өмірінің тіршілік болмыс бейнесінің рухани байлығының ең маңызды бөлігінің бірі, тірегі, негізі. Бәріміз бүкіл адамзат hауымы өнер әлемінің мәдениетінің тұңғыйық құшағана міңгілікке үнсіз сүңгіп сінгенбіз, одан шығу мүмкін емес. Мәдениет мұхитының толқыны өнер пен ғылымды адамзат игілігіне алақанға салып игеруіне, електеп әкеп ішкі жан дүниесіне сіңдіріп, рухани байлығын дамытып оларды, болжам, ойлау, ақыл, білім, ғылым, арқылы деңгейлерінің өсуіне жол ашып жалғастырып келеді [13,14].
Мәдениетті игеру қанша күрделі болғаныменен, адамзат өмір тіршілігінен бөлінбейтін, өмір мектебінде дәлелденген рухани мұра азықтар. Мәдениеттің қоғамдағы ерекше орын алатынын тәжірибе және ғылыми түріндегі тұжырыммен көрсетуіміз керек. Бұл арада білім мен ғылыми көзқарастың қатар ұштасып, өнердің сан салалы, әрқилы табиғи ерекше көрністерінен күрделі компоненттерінің адамзат мәдениетіндегі алатын орнынан бастаймыз. Рухани мәдениетінің негізгі компонент көздері; саяси ақыл; мораль, этика; эстетика, философия; дін, ғылым; өнер; әдебиет. Ғылым мен білім мәдениеттің өшпес бастауыш көздері және жеке – жеке мәдениеттің мазмұн мәндерін, сапа – салаларын ашатын сара даңғыл жолының сарапталған соқпақтары, түп тамырлары.
Ғылым мен білім рухани мәдениеттің ең басты компонентерінің негізгі системаларының фундаментінің негізі десек. Олар гуманитарлы ғылымның археология, этнография, тарих, антропология, өнер тарихы, филология, философия секілді көптеген бағыт негіздеріне сүйенеді. Білім мен ғылым тарихы зерттеуші әліппесінің бастаушысы ретінде ізденуші ғалымға жол ашып бағыт береді, дәлелденген ғылыми істердің тиянақты формасы мен формулаларына, концепцияларына бағдарлайды
Гуманитарлы ғылым тарихи ізденіс нәтижесінің формасы ретінде дәлелденген деректері арқылы әлемдік дүние танымның бір концептуалды бөлігін ғана көрсетеді. Олай болса рухани мәдениет, өнер, білім саласында гуманитарлы ғылымның алатын орны ерекше. Жалпы әлемдік танымды оқып білмей, үйреніп ұқпай материялдық пәнді, оның физикалық, химиялық, механикалық кұрылымын жалпы дүниенің өзгеру әсерін танып ұғу қабылдау қиын. Сондықтан ғылым адамзат мәдениетіне көне ғасырлардан сіңіп орнын тапқан күделі де негізгі адам білімін қалыптастыратын білім жүйесінің биік сатыдығы ізденіс қортынды көзі, фундаменті, нақты тиянақты дәлелденген формасы.
Ғылым олар /фундаментальды/ негізгі түпкілікті ғылым және /прикладное/ қолданбалы ғылым деп үлкен екі күрделі топқа бөлініп ары қарай жіктеледі де әр ғылымның сала- саласы бойынша эксперименттен өтіп зерттеліп дәлелін тауып тәжірибе жүзінде іске асады. Біз гуманитарлы ғылымның өнер саласындағы атқаратын ролі мен өнерге концептуальды өзгеріс беретін тиянақты түрлеріне теория жүзінде тоқталып нақты дерек дәлелдер келтірмекпіз.
Жалпы бейнелеу, сәңдік қолданбалы қол өнердің композициялық құрылымы шығарманың туындылық мазмұн мәні, тарихи болмысы эстетикалық заңдылықтары, категориялары, принциптері, философиялық сипаттары осы өнердің қайнар, қолдану көзі айқындаушысы екендігі ақиқат.
Сондықтан тас дәуірінен біздің заманымызға дейін жеткен қазақ өнерінің қайнар көздерін, жас ұрпаққа көркемдік, әсемдік мәдени мұра ретінде ұсына отырып оны жан-жақты зерттеуіміз керек. Оның бейнелеу, кескіндеме, сәулет, дизайн өнерлері мен заңдылықтарының, бір – бірі мен ұқсастықтарын салыстыра келе, қазақ қол өнерінің көпқырлылығын, маңыздылығын мәнін және адамзат өмір тіршілігіндегі алатын орнын өнер зерттеу ғылымы арқылы көрсетіп анықтамақпыз [15,16].
Қазақ халқының қол өнерінің негізінің теориясын зерттеу үшін, оның басқа өнер түрлерінің арасындағы алатын орнын, теориялық маңызын мәнін, мағынасы мен мазмұн түрін, құрылымын анықтап ұғып, ақиқатығына көз жеткіп алғанымыз жөн. Сонымен қатар басқа да жер бетіндегі халықтардың да өнер түрлерінен айырмашылығы неде, қандай ұқсастықтары бар, болмаса бір-біріне тигізетін әсерлері қандай деген көптеген сұрақтар жауабын табуды күтуде.
Жаңа заманымызға сай тұрақты дәстүрлі түрде дамып келе жатқан осы ерекше өнерді ары қарай қалай дамытпақпыз? Ал, қолданбалы қол өнері дегеніміз не нәрсе? Дәстүрлі халықтық қолданбалы қол өнері дегеніміз не? Сәндік қолданбалы қол өнері, дегеніміз не? Осы үш ұғымның бір-бірінен айырмашылығы барма? Бір – бірінен қалай бөліп алып түсіндіруге болады? Әлде бәрі бірақ ұғым ба? Сондықтан осы қолданбалы қол өнердің өздерінің айырмашылықтарын тауып, ғылыми тұрғыдан дәлелдегеннен кейін ғана оларды басқа бейнелеу, мүсін, сәулет, дизайн, графика өнер түрлерімен салыстырып композициялық, конструкциялық, концептуалдық бағыт мақсаттарын ажыратып ерекшеліктерін дәлелдемекпіз. Осындай сан қырлы қолданбалы өнердің маңыз-мәнін ұғу сөзбен істің мәтін, этимологиясын дұрыс түсінуімізді қажет етеді. Сонда, көне заманнан қалыптасқан қолданбалы қолөнер деген тұжырымы мен бейнелеу, кескіндеме өнерілерінің түпкі түйіннің өнер шаңырағының түбірі мен тамырларының кіндігінің бір екенін байқаймыз.
Өнердің түпкі тамырының бірлігінің негізін зертей келе, оларды жеке-жеке талдап, өзара ерекшеліктері, ұқсастықтары мен қатар қайшылықтарын тауып көрсетіп, ажыратып болашақ ұрпаққа жаңа үдерістерін жеткізу қажет.
Олай болса, осы еңбекте өнер түрлерінің ұқсастықтары мен ерекшеліктерін, жалпы методологиялық, композициялық айырмашылық-тарын айқындап, теориялық және тәжірибе тұрғысынан алатын орындарын, іс жүзіңде атқарылған шығарма- туындылар арқылы дәлелдеп көрсетіп, өнер шаңырағының әлліппесінің негізгі түп қазығы діңгегі қол өнерді дәріптемекпіз.
Өткен ғасырлардан үзілмей бірнеше эволлюциялық тарихи процесстерді басынан өткеріп өшпей жалғасып келе жатқан көне халықтық өнер, шебердің маңдай терімен, шыңдалған қолының шеберлігімен шыққан дәстүрлі қолданбалы қол өнер бүгінгі таңда жаңа заманда кімге керек, неге қажет, оны білудің, әдістерін, жасау технологиясын оқып үйренудің қаншама қажеттілігі бар?
Оқып үйренген күнде одан алатын көркем-эстетикалық әсеріміз бен талғамымыз және, ақыл ой парасатымыз қандай дәрежеде, болмақ ? Осы халықтық өнерді танып, білгенде оның жас ұрпаққа беретін, тәрбиелейтін өзіндік жолы, сара жолы, сапар жолы қандай болмақ?
Сондықтан осы ғылыми теориялық еңбектің түбегейлі мақсаты, концептуалды бағытты жоғарыдағы айтылған ойларымызды жас буын балаларға, студенттерге, оқырмандарға ғылыми тұрғыдан дәлелденген, зертеу нәтижесін түсіндіру, педагогикалық білім жүйесі арқылы оқытып үйрету. Ал, практикалық еңбектің қортындысын туындыларды көрме залдарынан, музейлерден орын беріп көрерменге көрсету, бағасын алу ал сұраушы, тұтынушыға шығармашы еңбек – тундыны сатып алуына ұсыну.
Әрине қазақ тіліндегі, ой ұғымындағы, сана-сезіміндегі, ақыл-есіндегі қол өнері-дегеніміз ол адамның қолының шеберлігін, ісмерлігін, іскерлігін, көрсету, шебердің-суретшінің ой өрісінің кеңдігін, ақыл парасатының, алған білімін тәжірибе- іс жүзіңде қолдана білуін дәлелдеу, дәріптеу қолынан шыққан туынды шығарманың композициялық шешімін, көркем-эстеттикалық әдемілігін, көркемдігін, конструкциялық құрылымын, технологиялық әдістеме, техника жолдарын туынды-шығармаларда қас шеберлікпен қолданып соны көрермен тұтынушыға көрсетіп силауы айтылған ойымыздың дәлелі болмақ.
Шығармашылық туындыдан шебердің философиялық ойлау, көру, есту, болжау, түйсік сзімдерінен туған: – ойдан-ой, сезімнен-сөз, сөзден іс, көруден- эстетикалық сұлулық-әдемілік, шынайы нақты көруді, түбегейлі болжамды шешімінің нәтижесін көреміз.
Ал, ақыл-ес пен ойдың тоғысунан оянған психологиялық сезімнің, философиялық ойлау шыңына ұштасуынан ақыл парасаты, идеяологиялық ойдан жалғасын тауып, материялық дүние туынды-шығармаға айналғанын байқаймыз. Туынды-шығарма, бұл таланттыны толқытып толғандырған ақыл мен ойдың тоғысуның парасатты ісі, материялдық дүниеге айналған идеяның, ақылдың жүйелі жемісі, картинадағы, бейнедегі көркем өнердегі сюжет, образдардың, конструкциялы форма пішіндердің жанды тірі көрнісі, бейнесі.
Бейнелеу, қолданбалы сәндік қол өнердегі сюжет, образ, форма, пішін, конструкция, құрылым жалпы композициялық шығарма-туынды, тану-таным процесстері арқылы қабылданады, оқылады, жасалады осы заңдылықтарды суретші шебер жетік жақсы игергенен кейін ғана көрерменге туынды шығармаларын талдап сынауға ұсынады [17, 18, 19].
Ежелгі өнер тану ол-ойлану, естану, елтану, адам тану, тіл тану, тәңір тану, ғарыш тану, табиғат тану, дүние тану олай болса-өнер ғажап әлемнің мәдениеттің рухани бесігі, ізденіспен ашылатын қақпасы ғарыштап биікке көтерілетін шаңырағы, ой мен істің жүзеге асқан шығармасының жемісі, рухани байлық пен, рухани мәдениеттің мөлдір көздері, септеуші дәнекерлері.
Осы категориялардың бәрі адамның қозғалыс іс әрекетінің кеңістігіндегі орнымен анықталып орындалады. Олай болса, дүние танымының ең басты тұлғасы, кейіпкері, қайраткері – адам, өлшемі де – адам біз бен сіз. Адам, физикалық материялық жанды, саналы дүние ретінде табиғиғаттың бір бөлігін, бірінші өлшемді құрайды, рухани байлық философиялық ойлау, есту, көру, ес, ақыл қасиеттері мен идеяологиялық екінші өлшемді құрайды.
Адамның өзін табиғаттың саналы жанды мүшесі десек, оның материялық дүниедегі орны кеңістік, алды-шығыс, арты – батыс, оң қолы – оңтүстік, сол қолы – сол түстік, табаны – жер, төбесі – көк әлем, аспан ғарыш денесі жерде ойы көкте.
Өнердің тілі сөз де сөйлем де емес, ол көзбен көру арқылы көркем бейнені, образды, ою-өрнекті, кескінді көз арқылы көріп бағалау, сынау, жасау бір десек туындыны паш етіп көрерменді ойға қалдырып сөйлету, ал ой арқылы ақылға салғызып білімді қуат етіп, өнер заттарына жан бітіріп сезім арқылы байланыстырып, адаммен тілдестіру, ұғыстыру оқыту жүйесін жасайды.
Өнердің тілі тілсіз тіл, жан қобалысын, жүрек сезімін оятатын ол нақты өнердің өзі жүректің көзі, рухани байлықтың негізі, көзбен көріп, ой мен толғап, ақылға салып сүйеніп, сөз әуені үні мен құлаққа қандырып естіттіп, шебердің қолынан шеберлікпен орындалып шыққан бұйымдар, заттар осы айтылған ойларымыздың жүйелі қортындысы болып табылады.
Рухани байлықтың кәсіби өнердегі көздерінің негізі идеядан, тақырыптан, түсініктен, елестетуден, болжамдық ғылыми теориядан, қөркем образдан, көркем шығармашылық сюжеттен және әр түрлі композиция заңылықтар мен принциптерінің үйлесуінен қалыптасады.
Осы рухани байлықтың жеміс көздерінің негіздері ерекше бір материяалдық дүниеге айналып құнды өнер заттарын құрайды. Олай болса рухани байлық, рухани мәдениет адамның творчествовалық іскерлігімен ой- ақыл парасатының, ішкі жан дүниесінің, көзқарасының, білімінің, шеберлігінің қортынды түйіні жемісі, нәтижесі, олай болса шебердің туындысы көркем шығарма болмақ.
Ой мен сөз олардан – ес пен ақыл арқылы жүйеге асқан іс, өнердің, жасанды дүниенің түбірі, жүйелі қортындысы, осының бәрін философиялық категориялар деп алсақ, оларды жүзеге асырудың өлшемі уақыт пен кеңістік, қозғалыс, еңбек. Бұдан туатын өзекті ойлар өзіңді-өзің танып білу, олай болса өзтаным өнері бізді ғылыми теория арқылы өзіңді білу-өнеріңді білу, өнеріңді білу рухани азығыңды білу түйсіну, түсіну, ел-жұртыңды білу, ұғыну туған халқыңды білу, халқыңды біліп туған елің мен жеріңнің өнер реңктерінің диапазондарын әлемдік деңгейге көтеру, таныту.
Бар табиғи дүние әлемі /природный мир/ жер, аспан, көк әлем, мұхит, өзен-су, көл, тау-тас, ағаш пен орман, гүл-жапырық, жан-жануарлар, құрт-құмырсқа және адамзат бәрі табиғаттың жаратақан бірінші табиғи мүшелері. Осының бәрі бір жаратушының күшімен ең бірінші табиғи дүние әлемін құрайды. Бұдан шығатын қортынды табиғаттың өзі суретші демекші біздің бәрімізді қоршаған ортамыз табиғат, сол ортаның саналы еңбекқоры адам, арықарай екінші ортаны жандандырып тудыратын да адам, жасайтын да адам. Енді сол адам қолымен жасап тудырған еңбегінің, ақыл ой парасатының жемісін дәлелдеп айтқан ойымызға көз жетізбекпіз.
Жоғарыда айтқандай екіші жасанды дүниені /исскуственный мир/ адам ақыл ойымен тауып, өз қолдарымен сол затты, дүниені жасап келеді. Сондықтан осы жасанды, жасампаз дүние адамға тәуелді оны адам өзі зерттеп игеріп игілігіне жұмсап өмір-тұрмыс қажеттілігіне пайдаланып отыр. Осы екінші жасанды орта адамның ойлау, ақыл-парасатының, іскерлік еңбегінің, қозғалысынан уақыт өлшемі мен кеңістік әлеміне дүниеге келген жасанды орта, алған білімінің, игерген ғылымының, өзінің қолы мен жасаған екінші дүние әлемінің жүйелі үдірісінің материалдық жемісі.
Жасанды дүние-мүлікке адам еңбегінің жемісіне, қолымен жасап пайдаланып келе жатқан мыналар жатады: ғимарат сәулім үйлер, машина, самолет, поезд, кеме, үй-жиһаздары, мебельдер, диван-төсектер, киім-кешектер, аяқ киімдер, ыдыс-аяқтар, тұрмыс заттары, зергерлік бұйымдар, ат әбзелдері т.б. адам қолымен жасалған барлық дүние мүліктер жатады. Олардың бәрі табиғи шикізаттар мен қоса заман талабына сай жасанды шикізаттарды игеріп пайдаланудан туады. Осы адам баласы қолданып келе жатқан барлық қолданбалы дүние, заттары қолдану, пайдалану аясына сай әртүрлі шикі заттардан таңдалып, ойланып жасалған жобаға сай алынып іске асады.
Бұдан туатын тұжұрым- қолданбалы қол өнер, дәстүрлі – салтты қолданбалы қол өнер, сәндік қолданбалы қол өнер деп адамның қолының таңбасын, белгісін туынды шығармада көрсетілген образдар бейнесін, ою-өрнектерді бір материялық затқа қондыру, көшіру болмаса жеке туынды шығарманы әр түрлі нақышты формаларда, пішіндерде орындауды, әртүрлі шикізаттардан көркемдеп өңдеп композициялық ойдың жүйелі қортындысын алуды айтады. Қолданбалы қол өнердің өзін ірі-ірі үлкен үш топқа бөлеміз, енді оларды жік – жіктеп және әрқайсысының өздеріне тән ерекшеліктерін атап көрсетпекпіз.
«Қол өнер» – деген сөзі мен сөйлемінің этимологиялық ұғым түбірі, мәтін мағынасы бір болғаныменен текстологиялық ұғымы, қол өнерді істе қолдану, тұрмыста пайдалану аясы әртүрлі, әдістеме-технологиялық дайындау жолдары бір – бірінен айрықша. Қолданбалы қол өнер салалары әр түрлі шикізаттардан /ағаштан, темірден, жезден, мыстан, алтын-күмістен, теріден киізден, тастан, шыныдан, балшықтан, гипстен, жүннен, қағаздан боялып, киылып, қашалып ойылып, иленіп, өріліп, құйылып, тоқылып, кестеленіп шебер өңделіп, көркемделіп шикізат формасынан қол өнер туындысына, творчествовалық шығармаға айналады. Заттардың физикалық қасиеттерінің өзгеру процесстерінің заңдылық жолдары мен айтқанда табиғи шикізаттар бір заттық формадан, екінші жасанды конструкциялық формаға, композициялы эстетикалы көркем-әсемді сәнді бұйымға ұласады. Бұл шикізаттар өңдеу процесстері арқылы осы қол өнердің үш түріне де тәуелді, барлық түрлерінде бірдей қолданылады. Қарап отырсақ, бір қол өнердің өзін- де көбіне қарапайым адам байқап аңғара бермейтін қол өнерді пайдалану ісінде, этимологиялық ұғымда, мәтінде қолданбалы қол өнер деген сөзбен іске жүгінген үш түрлі айқын өнер көрнісі тұр. Оның айқындаушысы- қолдану, пайдалану деген сөз үғымы, баядаушысы- қол өнері осы екі ой тұжырымынан қолданбалы қол өнердің текстологиялық және этимологиялық процесстерінің негізі туындайды. Мұндай ой елегінің талдауынан өткен ғылыми тұжұрымды, тек осы өнерді терең ұғып түсінетін, оны көре білетін мамандар ғана аңғарып түйсінуі, түсінуі, көруі мүмкін
Бұндай талдаулар бұрынғы өнер зертеушілерінің еңбектерінде айтып көрсетілмеген талданып дәлелденбеген. Қорыта келгенде қолданбалы қол өнері туралы үш түрлі түсінік, ұғым этноним пайда болды.
Біріншісі қарапайым қол өнер зат-бұйымдары, екіншісі атадан балаға мирас болған халықтық дәстүрлі қолданбалы қол өнер, үшіншісі сәндік кәсіби дағдыға айналған қолданбалы қол өнер. Біріншісінен ұққанымыз қарапайым үй-тұрмысында, ауыл шаруашылық кәсібінде жалпы күнделікті өмірде пайдаланып тұтынып қолданатын құрал жабдықтар мен ыдыс-аяқ секілді күделікті тұтынатын заттар мен сәулет ғимараттары техникалық жабдықтар.
Екіншісі, ол халықтың қолынан шыққан көне ғасырлардан салт-дәстүрмізге айналған ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, тіліміз бен мәдениетімізге, қанымыз бен жанымызға сіңген көне дәстүрлі өнер заттары мен бұйым жиhаздары, ал үшіншісі кәсіби маман суретші-шеберлер өнеркәсіп орындарында, /коллективті/ ұжымдарда өнер заттарын жоспарлы түрде шығаратын кәсіптік деңгейдегі сәндік қолданбалы қол өнер. Бұның негізін арнаулы оқу орындарында суретті, кескіндемені, жобаны, сырлы бояуды, композицияны, шикізатты таңдау (материаловедение), өнер туындыларына өз орнымен қолдануды дұрыс меңгеріп, игерген білімді шебер мамандар жасап шығарады. Біріншісінің дәлелі тас дәуірінен бүгінгі күнге дейін сабақтасып жеткен тас бетіндегі таңбалар петроглифтер, палеолит, неолит заманынан келе жатқан үңгірлері мен жақпартас-құз қойнауларынан табылған белгі- таңбалар жан-жануарлардың бейнелері мен сюжетті картиналар, тас обалар, балаба мүсіндер, көне архитектуралы саз балшықтан салынып қышпен безендірілген сәулетті ғимараттарының бәрі дерлік Қазақстанның сары далаларында Алтайдан Каспийге дейін, Каспийден Оралға, Оралдан Ертіске дейінгі алқамды аралықты қамтып жатыр. Олар Алатау, Тарбағатай, Қаратау, Алтай, Баянаул, Көкшетау, Ұлытау, Қарқаралы, Ақшатау, Маңғыстау ескерткіштері. /Шопан-ата, Бекет-ата, Масат-ата, Шақпақ-ата секілді жер асты табиғи ғимараттары [4].
Археологиялық қазбалардан табылған құнды мәдени мұралар көне заман көздері олар қыш- құмыралар, жез-мыс түймелер, тиындар, алтын мен күмістен құйылып жасалған зергерлік бұйымдар,қоладан құйылған ат әбзелдері және Ыстық қорғанынан табылған «Алтын киімді жауынгер», киізден, теріден жасалған жиһаз, үй мүліктері және т.б. Ыссық қорғаны, Бесшатыр, Шілікті, Бегазы-Дандыбай мәдениет қазбаларынан табылған мәдени заттары,осы айтылған ойларымыз бен істеріміздің айғақты дәлелі болады[20, 21, 22].
Этнографиялық мәдени мұраға жататын көптеген заттарды ғылыми және (творчествовалық) шығамашылық туындыларды айқындап дәлелдеп түр-түрі мен топтарға бөліп, қолданатын аясына байланысты, жасалған шикізаттарына және өңдеу тәсіл, технологиясын, көркемдеу, бейнелеу образ композициясын тарихи, этнографиялық еңбектер арқылы жазып ғылыми-әдеби мұрағылып елім, жерім деп еңіреген–халқыма деп өшпес мұра қалдырған ата – ағаларымыз бен апаларымыздың ойларын, сөздерін, жасаған ізгі істерін, шығарма туындыларын мәңгі есте қалдырып ары қарай дамытумыз керек. Ең құнды ғылыми этнографиялық тарихи-әдеби еңбектер жазған Әлкей Маргұлан, Халел Арғынбаев, К.Қасиманов, М. Мұқанов, Тәжімұратов.ж.б. айтуымызға болады. Негізінен қол-өнер, этнографиялық бұйымдарды заттарды айтқанда қазақтың ордасы өнер көшінің басы Қазақ-үйден оның ішіндегі үй мүліктері, ыдыс-аяқ, жүк-жиһаздарынан бастап киім-кеш ек, зергерлік бұйымдар ат әбзелдері аяқ-киім, қару-жарақ және де күнделікті тұрмыста қолданатын заттарды зерттеп, іздеп тауып оларды танып, оқып талқылап тарата білуден бастағанымыз жөн.
Өйткені, қазақтың киіз үйі барлық қол өнердің негізін құраушы, топтаушы, бастаушы-өнер, барлық өнердің түрлерінің негізін өз бойына жинаған киелі ұлы көшпенділердің, ошақты ордалы отауы, панасы. Киіз үйдің құрылысынан ағашты өңдеп жонуды, июді, бояуды шаңырақ, уық, керегеден көрсек, темірді ұсталық дүкендерде балқытып соғып шаңырақ, есікке темірден топса, ілгектер жасағанын байқасақ, жүннен, сырып, тоқып, ойып, бояп, және оюлап басылған текемет сырмақ бау-басқұрларды, туырлық пен үзік-түңлікті кездестіреміз. Сонда киіз үйде жүннен-киіз, арқан, бау-басқыр, алаша, текемет, сырмақ, кілем, түскиіз, сүйектен кебеже, ағаш-сүйек төсек, жүк аяқ, әбдіре-сандық, теріден сүйретпе, торсық, көнек, түскілем, тері сандық, қобди және ағаштан жоғарыда айтылған үйдің ағаш сүйектернің аса шеберлік пен өңделіп жасалғанын дәлелдеуші ретінде айтып отырмыз.
Біздің кәзіргі заманымыздағы бейнелеу, кескіндеме өнерлерінің қарқынды дамуының арқасында суретшілер мен халық шеберлерінің құнды өнер-мәдениет заттары да өз орнындарын әлемдік өнер туындыларының арасынан таба біліп жоғарғы деңгейге көтерілді. Атап айтқанда кескіндеме, мүсін, қолданбалы өнер және басқа да өнер түрлері де кәсіби мамандар мен тұтынушылардан өздерінің тиісті жоғарғы бағаларын алды. Қазақстан жеке егеменді ел, мемлекет болғаннан бері көптеген өнер түрлері ата мұра халық дәстүрін сақтай отырып, жаңа инновациялық стильдегі көркем туынды шығармаларды дүниеге әкелді. Бүгін тек халықтық салт-дәстүрге ғана байланысты өнер туындылары ғана емес, сонымен бірге жаңа заманға сай кәсіби (профессионалды) өнер туындылары пайда болып, сауда-саттық, өнер көрмелерінен өздерінің тұрақты орындарын тауып, қазақ өнерінің мызғымас берік орнын, фундаментінің негізін қалады.
Міне, жоғарыда айтылған дәлелдерден қазақ өнерінің аса жоғары эвалюциялық, тарихи процесстердің елегінен теориялық және іс жүзінде халықтың практикалық тәжірибе өмір өткел мектебінен сыналып, шыңдалып өткенін көре келіп, өнердің сарқылмас көзінің, бұлағының қайнар бастауының қарқынды сарқылмас ағысының буырқанған толқынының серпілісін байқаймыз.
Өнердің түрі қандай көп болса қолдану аясы мен пайдалану мазмұн мағынасы да әр қилы сан-саналы егер, қазақ өнерінің ішіңдегі айтыстың, поэзияның құрал күші ой мен тіл-сөз өнері болса, әуен-саз музыка өнерінің пірі – ол домбыра, қобыз бен сыбызғының сырнайлы үнді сазы, сиқырлы бояудың муза-әуені, бейнелеу, кескіндеме, қолданбалы қол өнерінің құрал күші, ырғақты әуені, сызды назы ол адамның қолының шеберлігі мен ісмерлігі. бойына біткен тума таланты, өзіндік қасиеті. Ісмерлік пен шеберліктің бәрі адамның ой-өрісінің өнер саласында білімінің толысуы мен қол шеберлігінің өнердің әр бағытында жаттығып қалыптасуы арқылы туады. Туынды-шығарманың композицялық құрылымы мен мазмұнды мәтін-мағнасын жоғарғы деңгейде жасау ол-ою-өрнектің, кесте мен өрімнің сиқырлы шырайлы боядың сан қырлы импровизациялық колориттің алмасып, бірлесуін қыл қалам мен ине-пышақтың ,балға мен шаппа-шоттың, үндестігін қалыптасыратын адам баласының болмысына туа біткен талант көзі, нұрлы оты ол– шеберлік пен ісмерліктің ісі. Осы үндестіктің бәрі қол өнерінің құралдары, сиқырлы күші, нақтылы жасанды жаратушылары.
«Декор»-сәндік, әшекей, көркемдеу (латын тіліңде), «прикладное»-қолдану, қолданбалы (орыс тілінен), яғни, екеуі қосылып «декоративно-прикладное-искусство» деген ұғымды білдіреді. Ол дегеніміз адамның пайдасына тиімді қолданатын дүниені, затты өзінің керегіне ыңғайлы етіп жасау мен бірге сол затты нәрлеу, әшекейлеу, өрнектеу әр түрлі техника мен технологиялық әдіс айлалармен өңдеп өнер заттарын жасауды айтады. Былайша айтқанда пайда мен өнерді, сұлулықты, әуенді бір өзекке тоғыстра біріктіру. Сонда қолдану, пайдалану дегеніміз үш қағидадан тұратын пайдалылық, беріктік, мықтылық-сұлулықтың түп тамыры. Осы қағидалардан адам өміріне, тіршілігіне, тұрмысына қажет тілігіне пайдаланатын заттар мен бұйымдарды жасау бір болса, екінші осы жасалатын заттар өте берік мықты болу керек, ол– өмір заңдылықтары, екінші қағида осы заттың бәрі өнер туындылары, шығармалары болу үшін өнер заңдылықтарындағы көркемдік, сұлулықтың қасиеттерін пайдалануымыз керек. Олар әдемі пішін (форма), құрылым (конструкция) және декор көркем әшекей сұлу формалы затты сырлап, оюлап, өрнектеп, нәрлеп өз қолымызбен жасап тұтұнушы мен көрермен өнер сүйер қауымға ұсыну, жасап беру.
Қолданбалы қол өнер заттарының жаратылу негізі фундаменті пайда, пайдалану сол заттың, бұйымның ең бірінші адамның тұрмысына қажет екендігін көрсетіп ашатын пайда деген ұғым, сөз – этнонимы арқылы пайдалануды қолдану процессінде бірінші орынға қойып негізгі айқындаушы ретінде жеке бөліп танытамыз, пішін мен конструкция және декор–сәндік, әсемдік сұлулық көзі ретінде жасалған затты, бұйымды көркемдік пен толықтыратын қолдаушы, дәнекер ретінде мазмұнын баяндап, өнер затарының композициялық құрамынан нақты толық орындарын көр сетеді, сол әдемі көркем заттардың сыртқы формаларын, пішіндерінің негіздерін жасайтын шикізаттардың физика-химиялық, техологиялық қасиеттері беріктіктің кепілі болып, олардың табиғи бейне көрністерін күшейте түсіп, көрерменге ерекше әсер әпереді. Осы айтылған үш қасиеттерді бір-бірінен ажыратып бөлуге болмайды, бұлар бірін бірі толықтырып бірлік ансамблін құрайды.
Жоғарыда айтылған қолданбалы өнердің өзіне тән ерекшеліктері (спецификасы) эстетикалық көркемдік талғамы, өңдеу, бейнелеу, мәнерлеу әдіс жолдары бар дамыған дәстүрге айналған өнер, тұрмыс мәдениет ошағының негізгі тармақ бөліктерінің ажырамас саласы[23, 24, 25].
Ертеден қалыптасып, дамыған қолданбалы безендіру өнерінен (қолөнерден) бөліп, айырықша тоқталатынымыз темірді көркемдеп өңдеу болып табылады.
Адам баласы өзінің қоршаған ортаның беймәлім құбылыстарын, болмысына ене бастаған, сонымен қатар темір кендерін, мыс, алтын қорларының алғашқы кендерін тәуір игерген. Қазақстан жерін мекендеген тайпалар темірді өңдеп, әшекейлеп түрлі бұйымдар жасауды игерген. Тілге тиек, сөзімізге дәлел болатын деген ғылыми дәлелдер бар.
Мыс қорытатын пештер мен құю қалдықтары сол дәуірдің алғашқы ескерткіштері ретінде табылып отыр. Табиғатта кездесетін түрлі металдар: қалайы, мыс пен алтын қолөнердің дамуына бірден-бір себеп болды. Темір өңдеудің қыры мен сырын жетік меңгерген шебердің сәнді бұйымдарының табылуы да соның айғағы. Сондықтан темір бұйымдарының тарихының дамуын қозғамас бұрын табылған заттармен қатар, зерттеуші ғалымдарымыздың еңбегіне ілініп, бұлтартпас дәлелдерге жүгінгенді жөн көрдік.
Бірінші – Қазақстан территориясындағы қорған-төбелерден табылған б. э.д. екі мыңыншы жылдарда адамдардың темір қорытып, балқыту арқылы алынған балта, пышақ, садақтың ұштары, найза шекіме арқылы әшекейленген сырғалар мен алқалар, жүзіктер мен шолпы - зергерлік өнердің куәсі болмақ.
Екінші – б.э.д. екі мыңыншы жылдары қола бұйымдарын дүниеге әкелсе, IIV ғ. Қазақстанды мекендеген тайпалар темір өңдеумен шұғылдана бастаған. Археолог-ғалым С.С.Черников Шығыс Қазақстандағы Шілікті қорғантөбесінен алтын әшекейлі, қола мен темір бұйымдары мен киімдері безендіріліп жерленген адамның сүйегін тапқан еді. Оның қабірінің ішінен алтын айылбас, қабан, бұғы, бүркіт, жарқанат, бозторғай сияқты түрлі фигуралар бейнеленген құйма және шекіме заттар алынады. Қару-жарақтардың ішінен айырықша таңдандырған, қолдан істеген қорамсақ оқтарының ұштары, пышақтар, тіреуіштер ғалымдардың топшылауынша б. э.д. ғасыр ескерткіші.
Осы Шілікті қорғанынан табылған қазынаның көпшілігі алтынның жұқа табақша қаңылтырларынан шекіме әдісімен ұрылып бедерленген, кейбіреуі бейнелерді айқындай түскен. Заманына сай сол көне заманның өзінде халық бедерлері безендіріліп, әшекейлейтін бейнелер арқылы ғана жан-жануардың, өсімдік- гүлдердің және адамдардың образ бейнелерін бұлжытпай орындауға талпынғанын табылған заттардан көреміз.
Үшінші – осы тектес бұйымдар Павлодар облысының Тасмол төбесінен де табылған. Табылған заттардың (ер-тұрман, тұрмыс заттары, әшекейлі сәндік бұйымдар) құйма және соғу әдісімен алтыннан, қоладан, темірден жасалынғаны сақталды.
Көз тартарлық тартымды, сәндік бұйымдар тек қана Тасмоладан емес, маңындағы Қарамұрын, Нұрманбеттен де – кісі, шарайна, ер-тұрман, қола VI-VII ғасырлардағы асыл бұйымдардың қатарынан орын алды. Шеберлердің бұйымдарды жасау әдісі мен көркемдеуі қарапайым болғанымен, темір мен қоладан, алтыннан зергерлердің бұйымдарды өте ертеден алып, пайдаланғаны жөнінде мағлұмат алу ғылым үшін құнды. Темірді ерте дәуірден өндіріп, пайдалана бастағанын құйма әдісімен жасалынған тұрмыс бұйымдарынан - қарапайым ыдыс-аяқ, сонымен қатар үлкен қазандардан байқаймыз.
Бұл құйма әдісімен жасалған үлкен қазандар мен құмыралар тек өз дәуірінің ғана емес, біздің заманымыздың да құнды, таптырмас, теңдесі жоқ заттары болып саналады. Олай болса, осы Алматы маңынан табылған бұйымдарда бейнеленген арқар, таутеке, жыртқыш аңдардың бейнелері мен жануарлардың өрнектеліп, безендірілуі бізге беймәлім зергерлердің үлкен шеберлігіне айқын дәлел бола алады. Ертедегі шеберлер мен зергерлер ғылымнан, сурет салу әдісінен хабарсыз болса да, табиғи талант қасиеттері арқылы бұл бейнелерді әсем көркемдеп, сомдай білген. Бұдан біз олардың балшықты илеуді жақсы меңгеріп көлемді заттарды сыртқы формаларын бұлжытпай бере алатынын көреміз. Барлық бейнелерде пропорция, үйлесім, ұқсастық сақталғаны сонша, бұғы, ешкі, қасқыр, жолбарыс, жылан, бейнелерінен біз сол дәуірдің тыныс-тіршілігін, өмір сүрген жан-жануарларды көз алдымызға елестетіп, тани аламыз. Бұдан бабаларымыздың мәдениет билігіне ұмтылғанын көрсек, олардың өмірінен тыныс- тіршілігінен тағы да бір деректі мағлұмат аламыз.
Қазақстанның кең байтақ жерлерін көптеген тайпалар мен рулар мекендеп келгенін тарихи деректерден жақсы білеміз. Солардың бірі - сақ тайпалары. Сақтар – біздің эрамызға дейінгі ІІІ-VІ ғасырларда Қазақстан жерінің көпшілігін мекен етіп, алтын, күміс, темірді жақсы игеріп, олардан түйін түйген халықтың бірі болды.
Ежелгі грек тарихшысы Геродот шығыс скифтерін «сақтар» деп атады. Олардың өнері мен мәдениеті скифтер тарихы мен мәдениетінде ерекше орын алады. Өйткені, осы кезеңнен бастап, мәдениет пен өнердің қарқыны дами бастаған еді. Зергерлер алтынды аптап, күмісті өңдеудің, темірді қорытып өңдеудің көп жолдарын игерді. Бұған археологиялық жұмыстарында табылған қару-жарақ жабдықтары, күміс және қола бұйымдар мен алтын айылбастар, түрлі бұйымдар дәлел бола алды. Міне, осылай сақ шеберлері, зергерлердің шикізаттан түрлі құрал-сайман, қару-жарақ, ыдыс-аяқ сонымен қатар жан-жануарлардың, өсімдіктердің бейнелерін ала білді[26, 27, 28].
Сақ тайпалары темір өндіру мен өңдеуден үлкен табыстарға жетті. Олар алтын, қола өңдеу әдістерін үйренді. Болат суару мен жұмсарту, темір құралдарды, болат жүздерді ұштауды меңгерді, темір бұйымдарды әсемдеп өңдей білді. Көркемдік дәрежесі жоғары көптеген алтын мен қоладан жасалынған бұйымдар қолөнердің бағалы бұйымдарының қатарынан орын алды. Алтынның және темір табақшаның сыртқы кескініндегі толқындаған сәндік компаненттердің жиынтығы күрделі композиция құрайды. Зергерлер шынайы өмірдегі және аңыз-ертегілердегі аңдар мен жануарлардың бейнелерін түрлі үлгіде әшекейлейді. Сақ қолөнершілері барыс, қой, жолбарыс, бүркіт, арыстан,т.б. аңдар мен жануарларды дөңгелек мүсіндік бейнеде, көтеріңкі бедерлі суретте пішіндік және сызықтық суреттерде орындалады. Ежелгі адамдардың осындай өңдеу жұмыстарын «аң үлгісі» деп атайды.
Ғалым Әкішевтің «Есік» қорғанынан тапқан алтын киімді «Есік жауынгері» осындағы тоқталған ойдың толық дәлелі бола алады. Камзолының алдынан ауыр белдіктер, мифті бұғы бейнесіндегі айылбас, мойнындағы ұшталған жолбарыс бейнелері, камзолдың жапырақ тәрізді алтын қаңылтыршалармен көмкерілуі, қанатты ат, құс, арқар мүсініндегі бас киім– ертедегі зерделердің асыл мұрасы.
Басқа қорған-төбелерден де табылған бұйымдар сақ тайпаларының тұрмысы мен тіршілігінен, болмысынан алынған көріністермен бейнеленген.
«Аң үлгісі» сақ дәуірінде қарыштап дамып, өсіп-өркендеді. Сол кезеңнің суретшілері кез-келген бейнені айнытпай терең мазмұнда, күрделі компазицияда қолдана білді. Б.э.д. ІІІ ғасырда темір аса жоғары пайдаланылып, ерекшеленді.
Тас дәуірі үйсін, қаңлы тайпаларының бірлігімен байланысты. Олар ертеден қалыптасқан мәдениеттің жалғастырушылары болды. Жетісу, Талас, Сырдария, Алатау жоталарын мекендеген осы тайпалардың қолөнершілері темірден, мыстан, алтыннан, саз, тері, ағаштан түрлі бұйымдар жасай білді.
Зергер-шеберлер ерте заманның өзінде сан алуан түрлі бейнелермен жиһаздарды мәнерімен әшекейлеп, неше түрлі мотивтерді тұңғыш дүниеге әкелгенін көреміз. Осы бай мұра, дәстүр жалғасын тауып, біздің заманымызға, болашақ ұрпаққа көзтартар сымбаттылық, сұлулықтарымен қажет.
Сақ тайпаларының шеберлеріне зергерлік өнердің небір күрделі айла- тәсілдері мәлім еді. Атап айтқанда, балқыту, шекіме, қыздырып соғу, соғып шыңдау, жылтыратып әсемдеу, тастармен безендіру т.б. тәсілдері. Төменде археологиялық қазба жұмыстарынан және қазба ескерткіштерінен табылған сол өңірдегі алтын, қола, темір бұйымдарына тоқталамыз.
Жетісудағы «Текелі» қорғанының төбесінен табылған трапециялық көлемдегі шекіме арқылы істелінетін күрделі сурет–«Алтыннан тігілген айылбас» кісі айқын шекіме бедермен бейнеленген.
Басқа әшекейлі бұйымдар, жұқа күміс пен алтынның беттерін асыл бізбен ұрып өрнектеген немесе шекіме соғу әдісімен өсімдік жапырақтары тәрідес қызыл беде, су беде, үш жапырақты өсімдік, тамшы т.б. арқылы жиектеліп жасалатын заттар.
Үйсін мен қаңлы тайпаларының мұраларының бірі – «Тұздық», «Бесшатырдан» табылған білезік әшекейлі сәндік бұйымдары өте құнды қазыналар болып саналады.
Сонымен қатар, жаңа дәуірге дейін ІІ-ІІІ ғасырларда көркемдеу әдістерінің көркемдік түрі – басқа материалдардан бір бұйымға ойылып, өткермелеп малынған өңдіру. Ол темір мен тастардың, түрлі бояулардың ұштасуы. Түрлі тастармен көркемдеуде – қызғылт сары тас (сердолик), көгілдір ақық (бирюза) кеңінен пайдаланылды. Зергерлер асыл тастарды ұяларға орналастырып, күрмелеп бекіте білуді үйренді. Әшекейлердің тілігі жұқа рельефті болып қаңылтыршалардан жасалған. Оларға көздердің тілігі түсті пасталардан немесе түрлі тастардан орындалады. Моншақ, сырға, сақина асыл тастардан өңделген алтын, күміс сымдармен құрсаулап, ширап біріктіріледі.
Ойылып, өткермелеп салынатын безендіру зергерлік өнердегі әсем сымдар: алтын және күміс тәждер мен сырға-білезіктер, қаптырмалар жасауда өзекті орын алып, ерекше бағаланады.
Осындай тастармен, түсті металдармен, бедерлермен, жіңішке сымдармен жиектеуді полихромды әдіс деп атайды. Полихромды әдіс «аң үлгісінің» жалғасы болады. Қазіргі уақытта осы әдіс кеңінен пайдаланылып отыр.
Полихормды үлгінің айқын айғағы болған Алматы маңындағы «Қарғалы» шатқалынан табылған «Алтын тәж» еді.
Електен өткізілген таза металдан шекіме арқылы өрнектелген мифологиялық бейнелердің элементтерімен берілген. Өрнектер мен оюындағы күрделі үйлесімді композиция – өзіндік түсін мәнерлілік пішінінен аңғартады, жазықтықтағы және үйлесімді сызықтағы бейнелер пайдаланылған. Кеңістіктегі негізгі сурет (фон) қайшылық тудырып, қозғалыстағы бейнелерді көз алдыңызға әкеледі.
«Аң үлгісіндегі» сәндік бұйымдардың көркемделуі өсімдік тәрізді оюлармен тығыз байланысты. Негізгі көріністе өсімдіктердің бейнеленуі арқылы аңдар мифтік қанатты аттар, айдаһарлар өте әсем нақышта орындалған. Сәндік элементтер бір стильде ( ойып, өткермелеп безендіру, ширату, сымнан тоқу, қарайту) орындалады.
Жоғарыда айтылған темір өңдеудің құрылысы мен орындалу әдіс жолдары, өрнектеу нақыштары Қазақстан аумағындағы сәндік қолөнердің өте ертеден қалыптасып дамығанының куәсі болмақ. Қаншама аты беймәлім зергерлер мен шеберлер қолөнердің қыры мен сырын, орындалу жолдарын атадан балаға мирас етті. Енді, міне сол халық өнерінің мол өшпес мұрасы, қазақ халқының қолөнерінің бай қазынасы, сендер, талапты жастар арқылы ұрпақтан – ұрпаққа жалғаспақшы. Ендеше, осы өнер өздерің арқылы зергерлік өнердің асқан қас шеберлерін таппақ. Олай болса, ата өнері, әке өнері жалғасты демекпіз.
3.2 Қазақстанның әр өңіріндегі зергерлік бұйымдардың жасалу технологиясы
Металл деп бойында созылмалылық, жылу және электр тогын өткізгіштік, балқу мен төзімділік қасиеті бар, мөлдірлік қасиеті жоқ затты айтады.
Металдар негізінен қара және түсті металдар деп екіге бөлінеді. Қара металл – құрамында балқытылған темір мен көміртек және аз мөлшердегі қоспа – фосфор, күкірт, марганец, кремний бар, яғни темір мен қорытпа зат.
Құрамындағы күкірттің мөлшеріне байланысты қара металдар – шойын және болат болып екіге бөлінеді.
Болат– құрамында екі пайыз күкірт қоспасы бар темір қорытпасы.
Шойын – құрамында екі пайыздан көп мөлшерде күкірті бар темір қорытпасы .
Темірдің құрамында аз мөлшерде күкірт пен қоспа заттары бар. Жұмсақ болады.
Түсті металдарға темірден өзге металдар жатады.
Мыс – созылмалы, жұмсақ, қызғылт түсті металл. Иілгіш, созылғыш, тез өңделетін, ауада тотығып, аз уақыт көмір қышқылымен бүрмеленеді. Шекіме, соғу, бастырмалау жұмыстарына қолданылады.
Алюминий – жеңіл, жұмсақ, созылғыш, күміс түсті металл. Қарапайым қолөнершілердің құралдарымен жеңіл өңделеді. Шекіме, құйма жұмыстарына қолданады.
Мыс қорытпаларынан мыс пен мырыш қосындысы – жез, ал қалғаны – қола белгілі.
Жез – жұмсақ, алтын тәрізді сары түсті металл, қолмен де тез өңделеді.
Мыстың құрамындағы қалайының мөлшері артқан сайын, қола қызыл түстен сарғылт түске ауысады. Қола көбіне ескерткіштер мен мүсіндерге кеңінен пайдаланылады.
Күміс – жұмсақ, жеңіл, ақ түсті, бағалы металл, ауада тотықпайды. Зергерлік өнерде, кино, фото өнеркәсібінде, электроникада қолданылады.
Алтын – өте сәнді, жұмсақ, созылмалы, сары түсті металл. Адам баласының алғаш ашқан металдарының бірі. Зергерлік өнерде, басқа түсті металдармен қоспасы медицина мен электротехникада қолданылады.
Металдар мен олардың қорытпалары халық шаруашылығында кеңінен қолданылады. Ертеректе металдар тек күнделікті тұрмыс қажетін өтеу үшін, қару – жарақ тағы да басқа бұйымдар жасауға қолданылса, қазір ғылым мен техниканың қарыштаған заманында өмірдің барлық саласында кеңінен пайдаланылады.
Металдардың химиялық, физикалық, технологиялық қасиеттері алуан түрлі.
Металдардың физикалық қасиеттері – түсі мен жылтырағыштық қасиеті, металдың сыртқы өңі, осы белгісіне қарап – қара, түсті, бағалы екенін анықтайды. Түсі мен жылтырлығы көркемдік дәрежесі жоғары, сапалы өнім өндіруде металдың көркемдік дәрежесі жоғары, сапалы өнім өндіруде металдың көркемдік – эстетикалық бағасын арттырады. Мысалы: болат, шойын, темір ауыр, сұрғылт, көк түсті болса, мыс – қызыл, жез, алтын – сары, ал күміс – ақ түсті.
Металдың балқығыштығы мен ерігіштігі: балқу температурасына келетін болсақ, кейбіреуі төмен температурада, ал кейбіреуі өте жоғары температурада балқиды (өте жоғары температурада 3380˚ балқитын металл–вольфрам). Жылдам балқитындарға қалайы, қорғасын, мырыш, алюминий жатады. Жоғары температурада күміс, алтын, мыс, темір, платина, вольфрам балқиды.
Металдардың механикалық қасиеті: төзімділігі – жобалаушылар мен оқытушылар көркемдеу және басқа жұмыстарда осы қасиетіне назар аударады. Қысымға, сыртқы табиғи әсерлерге шыдамдылығы, шымырлығы, қаттылығы арқылы сыртқы күштердің әсерінен кейін де алғашқы формасын сақтайды. Алюминий мен мыстың мұндай қасиеті шамалы. Зергерлер шекіме, соғу жұмыстарында осы қасиетін ескереді. Иілімділігі, созылымдылығы барлық жағдайда сыртқы түрін, формасын өзгерткенмен, бөлінбейтін қасиетімен басым. Осы ерекшелігін шыңдауда, қақтауда, өңдеуде ескереді.
Ең қатты, мықты металл – болат болып есептеледі. Одан аса қажетті құрал – жабдықтар жасайды.
Металдардың химиялық қасиеті – ауамен бірге қосылу бейімділігі болғандықтан, әр металдың тотығу процесі әр қилы уақытта жүреді. Мыс пен оның қорытпасы тез тотығады. Алтын – тотықпайтын металл.
Күшті қышқылдар әсерінен бүлінетін, бұзылатын қасиетіне қарап, көркемдеу жұмыстарында азот, күкірт қышқылы, тұз қышқылы арқылы әсер етіп күміс, жез, мыстан қажетті көркем дүниелер алынады.
Зергерлік әшекей бұйымдарды жасау технологиясы негізінен бейнелеу, безендіру және құрастыру тәрізді айтулы үш кезеңнен тұрады. Оларды іске асыру үшін шеберлік пен іскерлікті қажет ететін еңбек түрлері мынадай:
– Пайдаланылатын металды алдымен балқытып, тиісті пішіндегі арнаулы немесе жай қалыпқа құю керек.
– Одан кейін әлгі детальді қырлап, қақтап, қажет жағдайда оған тиісті бедер жүргізеді.
– Сосын оймыштап, сомдап, зерлеп дегендей, әлгі жасалатын заттың өңін одан әрі кіргізу үшін түрлі әрекеттер жасалады. Бұл айтылған еңбек кезеңдері көбінесе міндетті болатынын ескерген жөн.
Зергер өзінің қолтаңбасының ыңғайына қарай жасалып жатқан бұйымдағы жекелеген нақыштарды одан әрі әсемдеп, ұштап, жетілдіре түсуі мүмкін. Әшекейлі бұйымдарды бояу мәселесі де шеберлікті қажет етеді, тіпті ұнаған түсті таңдай білудің де өзіндік мәні, ерекшелігі бар[30, 31, 32].
Қазақ зергерлері өз бұйымдарын негізінен күмістен жасайтын болған. Содан кейін қымбат тастарды, жартылай қымбат тастары мен алтын металын пайдаланған. Олар бұл материалдардан алқа, тамақша, шолпы, білезік, сырға, сақина, бас киім, белдік әшекейлері сияқты көптеген әсемдік бұйымдарын, шеберлікпен жасауды меңгерген. Металл затқа бедер жүргізудің күрделі түрлерін игергенін дайын бұйымдарға қарап көруге болады.
Қазақтың зергерлері мен ұсталарына қатысты халық арасында тараған аңыз-әңгімелер аз емес.
Назар аударатын бір жай – халық шеберлері туралы сөз болғанда, үнемі жылы ықылас, ыстық пейіл қоса қабат жүреді. Қазақ халық ауыз әдебиетінің ертегі, аңыз, эпостық жырлар сияқты үлгілеріндегі зергерлер бейнесі көптеген жағымды кейіпкер ретінде көрінетінін осы жерде еске ала кеткеніміз дұрыс болады. Қай туындыны алып қарасаңыз да халық арасынан шыққан ісмердің ел сүйіктісі, патша мен ханның қалаулысы болып жүргенін көресің. Бұл арада біз халық ауыз әдебиетіне шегініс жасап, көркемдік талдау жасауды мақсат етіп отырған жоқпыз. Сондықтан да есте жоқ ескі заманда шыққан аңыз-әңгімелерге тоқталып жатпай-ақ көзбен көріп, қолмен ұстауға бертінгі кезеңдегі жекелеген деректерді көлденең тартып өтсек те, жеткілікті болар деп ойлаймыз.
Мысал үшін, Маңғыстау өңіріндегі зерттеулер туралы ел аузында қаншама аңыз-әңгімелер бар екенін құлағымыз естіп өсті. Бір ғана Жаңай деген атадан Күмбетбай, Дақыш, Науықбай сияқты халық арасына танымал зергерлер шыққан екен.
Солардың бір ұрпағы бүгінгі заманды көзі көрген Үсен Өтесұлы жасаған білезік, сақина, шашбау және басқа түрлі әшекейлер ел арасына кеңінен тарап кеткен. Кейбір үлкен кісілерден саусағындағы сақина туралы сұрай қалсаңыз «мұны кезінде Үсен деген шебер соққан» деп отырады.
Үсен ақсақал жарты ғасырдан бері өзі сүйген зергерлік өнерден әлі күнге жалыққан емес. Өткен жылдары Ақтау қаласында өткен қолөнер шеберлерінің байқауында ол кісі жасаған бұйымдар бірінші орынды жеңіп алғандығының өзі көп жайды аңғартса керек.
Қазақстанның батыс өңірінде зергерлер Таз Ақмағанбеттің, Шегем Әзиздің аттары кеңінен танымал. Олар ертеректе болған әрі зергер, әрі ұста, әрі жырау-жыршы Мұрын (Тілеген) Сеңгірбекұлының дәстүрін жалғастырушылар болған.
Әшекейлерді жасаудың технологиялары қарақалпақ, дағыстан халықтарының өрнектік өнімдерінің белгілері Батыс Қазақстан зергерлік өнерінде сақталып келеді. Әшекей өрнегінің негізгі қондырмалы көзтана мен сеңдірмелі ширатпаның үйлесімін құру тәсілі Батыс Қазақстанда, оның ішінде Ақтөбе облысында айрықша көрініс береді. Әр түрлі оралымды қолданылатын ширатпа бұйымның құрылымдық бітімін жинақылау арқылы алынып отырған нұсқаның көркемдік болмысын тиянақтайды.
3.3 Зергерлік бұйымдармен жәдігерлерді көркемдеп өңдеудің тәсілдері
Зергерлік – шағын пішіндегі өнер. Материалдың сүйкімді әдемілігі, орындаушының дарыны мен техникалық шеберлігі зергерлік бұйымдарға нәзік өң, жоғары көркемдік құндылық, айырықша мән-мағына беруге мүмкіндік жасайды.
Зергерлік бұйымдарды жасау үшін бастапқы кезеңдерде тек алтын металы ғана пайдаланылыпты. Сосын кейбір шеберлер біртіндеп күмісті, қымбат және жартылай қымбат тастарды да кәдеге жарата бастапты.
Сыртқы сипаты және физикалық-математикалық қасиеттері жағынан бұлар изумруд, бирюза, опал, малахит және тағы басқа табиғи тастардан бір де кем емес еді. Сонау көне дәуірден бүгінгі заманға дейін қазақ халық қолданбалы шығармашылығының дамыған түрі ретінде зергерлік өнердің ұлттық мәдениет тарихында алатын орны ерекше[33, 34,35].
Қазақстанның жер қойнауынан ертеден-ақ алтын, күміс, мыс, қалайы, қорғасын және тағы да басқа қымбат металдар өндіріліп, оларды соғу, құю, қалыптау, нақыштау тәсілдерін қолдану арқылы еңбек құралдары, әр алуан сипаттағы әшекей бұйымдары жасалып отырған.
Әйел әшекейі – әйел затының тиымдылығын одан әрі тартымды ете түсіп, той болатын ортаны сұлулықпен сүйкімділікпен толықтыра түседі. Осыншалықты сәнді киім кешекпен бұйымдарының ішінде кеудеге тағатын әшекей, алқалар айрықша ерекшеленеді. Сондықтан да алқаларды қыздар салтанатты жиындарға, үлкен тойларға ғана тағатын болған. Әйел алқасы әйел адамның және қыз баланың сән үшін тағатын бұйымы.
Әйел әшекейі жасалу жолдары: бірінші әйел алқасының жобасын ақ параққа жақсылап сызамыз. Жоба бойынша мельхиор сымның жуаны мен жіңішкесі болу керек. Содан кейін тастар әр түрлі тастар мысалы; Асат, бирюза, малахит және т.б. болуы қажет. Тастар сопақша дөңгелек болады. Жоба бойынша қырқып алынған мельхиорға домалақ тастарды қойып көреміз. Тастарға жұқа мельхиордан тастың шетін жонып, қырқып аламыз.
Мельхиор табақшадан биіктігі 5 мм, ал ұзындығы тастың көлемімен бірдей етіп қырқып алып газ баллонға жалғанған горелкамен қыздырып, дәнекерледім. Сөйтіп, мельхиор сымдарды, электр бұрғысымен ширатып аламыз, сымды қыздырып болған соң кастың жиектеріне, бір ширатылған екінші түзу сымды дәнекерледім. Каст ол тастың шетіне қойылатын мельхиор болуы керек. Ал қаға кастар дәнекерленген соң орталарына ширатылған мельхиор сымнан ою жасап алқаның үстіне дәнекерленеді. Ою сымдардың қайырылған басына жанындағы бұрышына зерін қойылады.
Зерін (түйіршік) жасалу жолы:
Мельхиор сымнан ұзындығы 4 мм етіп қырқып алып, оны кепкен қатты ағаштың үстіне қойып, горелкамен қатты қыздырамыз. Мельхиор сым қызған кезде домалақ болып қалады. Осы домалақты зерін дейміз.
Үлкен және кіші етіп, әр түрлі етіп дайындап аламыз. Алқаға зерін дәнекерленіп болған соң, қышқыл құйылған ыдысқа темір қысқышпен саламыз. Ерімей қалған бураларды, тазалап аппақ қылады. Қышқыл салынған ыдыстан алып, тіс щеткасымен жақсылап шайып жуылады.
Сөйтіп, электр моторына киіз шарықты салып, паста ГОИ жағып тазалаймыз.
Тазаланып болған соң алқа жылтырап, тазаланғаннан кейін тасын саламыз. Тасты салар кезде желім жағып, астына содан кейін кастаға отырғызамыз. Кастың жиегін қатты ағашпен қысып шығамыз айналдыра. Тас өзі бекем болып қалады. Енді алқаның мойынға тағатын шынжырын тоқимыз, диаметрі 6 мм етіп пружина сияқты қатты қысып ораймыз сөйтіп, темір қайшымен қырқып, домалақ сымды біртіндеп дәнекерледім.
Оларды бір – біріне кигізіп тоқып шықтым. Ұзындығы басқа сиятындай етіп тоқылған соң, қышқылға салып тазалап, киізге паста ГОИ жағып тазалаймыз. Тазалаған соң, тоқылған сымды алқаның екі басына іліп қысып қоямыз.
Алқаға шынжыр тағылған соң әдемі бір рең беріп тұрады. Енді алқаның білезігін, жүзігін істеу керек. Білезіктің істелу жолдары мельхиор шестан 17 см, енінен 3 см етіп қырқып аламыз, темір қайшымен қырқып алған соң, бұрыштарын егеумен егеуледім, кейін қолға кигенде жырмас үшін. Білезіктің дәл ортасына домалақ тастың қасына қойып жұқа мельхиордан биіктігі 5 мм етіп қырқып алып дәнекерленеді. Білезік алқа сәйкес болады сондықтан кастың жанындағы ою сымдар ұқсас етіп жасалады. Ою сымдар дәнекерленіп болған соң оны диаметрі 6 см қалыңдығы 2 см домалақ темірге желім балғамен жайлап ұрып қайырамыз. Қайырып иіп болған соң киізге паста ГОИ жағып, тазалаймыз. Жылтырап тазарған соң тастарын отырғызамыз. Сөйтіп, алқаны білезікті істеп болған соң жүзігін істейміз. Жүзік те алқаға сәйкес етіп жобасы істелінеді.
Қазақ зергерлері көбіне жеке дара жұмыс істеп, өнерінің қыр – сырын ұрпақтан – ұрпаққа үйретіп отырған. Олар алдын - ала арнайы дайындықпен өтетін белгілі бір құрал – саймандарды ғана қолданатын. Зергердің соғатын заттарының түрлері өте көп. Оған әйелдердің әшекейлері, киім – кешекке тағатын түрлі сәндік бұйымдар, ас – су жабдықтары, киіз үйдің ағаш сүйегіндей ою өрнек жиһаздық заттар, ағаш ыдыс – аяқ, тері торсық, музыкалық асапаптар, қару – жарақтар, ат тұрман әбзелдері және т.б. жатады.
Бұларды әсемдеу үшін көбіне алтынды, әсіресе күмісті молырақ қолданған. Зергер металдың өзін ашу шеберлігін жете білген. Соғу арқылы белгілі бір қалыпта түсірілгенде күмістің өңі күңгірттеніп келетіндіктен оның үстіңгі бетін қатадан билазбен тазалау арқылы жалтыратып, майда нақыштармен шекім алу тәсілімен өрнектеп барып тартымды құлпырмадан түске келтіретін болған.
Сақтар жасаған неше түрлі әсем металл бұйымдары жайлы мәліметтер Геродот Стратон, Ктесия сияқты ежелгі грек авторларының жазба ескерткіштерінде кездеседі. Зергерлер мен темір ұсталары көркем бұйымдарын металдан негізінен алғанда күміс пен мыс темірден жасалған әсемдік затарды негізінде қазақ арасында дәулетті адамдар тұтынған, оны жасаушы халық арасынан шыққан шеберлер болған.
Күмістер ер тұрманның кейбір бөліктері, қыз келіншектердің тағатын бұйымдары жасалып, ерлердің белдіктері мен күнделікті тұрмысқа қажетті пышақ, сандық, киім ілгіштер, жүзік, сырға, шашбау, тұмарша және тағы басқа неше түрлі зергерлік әшекей бұйымдарын жасап отырған. Сол замандағы жұрттың көбі діни ұғым бойынша тілден, көзден сақтауды, мысалы әр түрлі кездейсоқ пәле – жаладан қорғап жүреді деп бой тұмар болатын.
Зергерлік бұйымдардың ұзақ уақыт осындай қасиеті болған. Халыққа бұйымның материалы түрлі – түсті өрнек оюдың діни сенімдер мен аңыздарға сай алынатын. Ертеден халық шеберлерінің жұмыстарының қолайлы жағдайы болмаған.
Көбіне зергерлер жұмысты өзінің жанұясының алдына киіз үйдің бір шетінде өз шәкіртін ертіп алып, (ел қайда болса, біз сондамыз) деп жайлауда жүріп үй иесінің халықтың тапсырмасын өз үйінде жасайтын болған. Кейіннен олардың кейбіреулері өздеріне жұмыс істейтін орын шеберхана салып алды.
Темір ұсташылығы мен зергерлік өнері мен әйелдер де көбінесе айналысқан. Егер зергер дүниеден қайтып, оның жолын қуар ешкімі болмаса, кейбір кезде оның зергерлік қызметін әйелдері атқарған. Қайта шебер қолынан түрлі асыл бұйымдарды музейлерде көріп тамашалаумен қатар, күнделікті жұмыста пайдалансақ болатын еді. Олар үшін халық қол өнерінің бай мұраларына жанашыр түр – сипат беріп, оларды жасап, техникасын жетілдіру қажет. Қазақ халқының талай ғасырлық ұзақ тарихын байқасақ, олар жасаған өнер туындылары табиғат құбылысы күнделікті затты ұрпақтан – ұрпаққа уақыт озса да бүгінгі күнге дейін жетті. Өткен заманда қазақтың халық қол өнерінің жете дамыған түрлерінің бір зергерлік өнер ұлттық мәдениетіміздің тарихында өзгеше орын алады. Бұл өнердің түп тамыры сонау әріде жатыр. Бір замандардың өзінде Қазақстан жерінде алтын, күміс, мыс, қалайы, қорғасын тағы қалыпқа салу арқылы еңбек құралдарын әшекей заттар мен әртүрлі бұйымдар жасалған.
Мектеп көлемінде қолдан өңдеудің әдістері мен жолдарын білген абзал. Оларға: белгілеу, кесу, қию, тілу, түзеу, ию жатады. Осындай карапайым операциялар металл өңдеудің басты ерекшелігі болып саналды.
Белгілеу – істелінетін бұйымның немесе сызу жұмыстарының бейнесін сол калыпта айнытпай көшіру. Белгілеу жұмысына керекті құрал – жабдықтар: сызғыш, циркуль, тік бұрыш, өткір біз, ұшталған болат. Тік бұрыш, циркуль сызғыш– бұлар қарапайым құралдар. Ал біз дегеніміз – ұшталған болат сым, ұзындығы 180 мм – ге дейін.
Белгілеуді негізгі істелінетін бұйымнан немесе сызылған дайын сызудан алып, оның мөлшерін, түрін (пішінін) дайындайтын. Істелінетін бұйымға арналған металды асықпай, дұрыстап, мұқият қарап, ешқандай ақау болмауын ескерген жөн.
Кесу, шабу – металды белгілі бөлшектерге бөлу. Кесіп – шабу кезендері суық және ыстық күйлерінде жүргізіле береді. Ол шабылатын темірдің қалың – жұқалығына байланысты. Кесу процесінде темірді көріктен алған бойда қалың темір тақтайшаға, ал қалың, жуан, кесек сымдар мен темірлерді төске қойып өңдейді.
Кесу процесінде шабылған темірдін біркелкі, тура, түзу болып шығуы шапқының өткірлігіне байланысты. Сонымен қатар ұста шеберлігі, балғаның соғылуының біркелкілігі, шапқы іздерінің жиілігі қажет.
Тілу, қию. Қиық кесінділері жалпақ, ұзынша, төрт бұрышты, сопақ, дөнгелек болып келген металдарды қайшымен немесе темір кесетін аратемірдің көмегімен бөлшектеуді тілу не қию деп атаймыз. Бұл процестер де суық не ыстық күйлерінде жүргізіле береді. Қию кезінде созылған белгіден ауытқымау үшін және жұмысты жеңілдету мақсатында қиылатын керексіз жағын не төмен, не жоғары иіп отырады. Бұл процесс темір қатты қызып жұмсарғаннан кейін жүргізіледі.
Жуан сымдарды, қалың темірді тек аратемірлер арқылы кесіп бөлшектеуге болады. Ол үшін темірді қысқыш темірдің ортасына қатты қысып кеседі. Қырлы темірлерді кесу жұмысы қырынан, ал жалпақ жапырақша металдарды шетінен бастау арқылы жүзеге асырады. Кесу кезінде аратемірге салмақ салмай, оң қолдарыңмен тұтқадан, ал сол қолдарыңмен араның ернеуінен еппен, асықпай кесіңдер. Ара біркелкі ырғақпен қозғаны жөн.
Түзету – бұл процесс металдың кейбір кемшіліктерін: майысқан, кедір – бұдыр болған, жаншылып, мыжылып, қисайған жерлерін қалпына келтіру мақсатында жүреді. Түзету қарапайым құрал – саймандар арқылы жүзеге асады. Қалың темір мен сымдар көрікте қыздырылып, балғаның көмегімен өңделеді. Түзетуді шетінен бір қалыпты, асықпай соғу арқылы бастайды.
Көлемі, ең үлкен, қалың металл қаңылтырларды түзету қиын. Бұл жағдайда қатты соғуға болмайды, өйткені метал созылып деформацияланады да, алғашқы қалпына келтіру қиындық тудырады. Сондықтан, соғары темірден жасалған үлкен ағаш балға пайдаланып, соққы кедір – бұдыр болған жерлердің шетінен қалыпты тегістеліп қалпына келеді.
Ию. Жазық, дөңгелек тістеуіктер мен қысқыш төс арқылы металл сымдар мен қаңылтырлар қисық сызықты, тік бұрышты қалыпқа түсіріледі. Сымдарды ию үшін көбінесе дөңгелек тістеуік немесе арнайы дөңгелек ағаш, түрлі түктер қолданып, дөңгелек формалар алынады. Темірден тік бұрышты форма алғанда төртбұрышты арнайы қалыппен, кейде қырлы тіске қойып балғамен соғу арқылы жасайды.
Бұл тарауда зергерлер өнерінің сан қилы әдіс – тәсілдері әңгімеленеді. Солардың ішінде ең қарапайымы әрі көп қолданылатын негізгісі «су жүргізу» болы табылады.
Су жүргізу. Қазақ ісмерлері киізден сырмақ сырғанда,кесте тіккенде бір-бірімен қатар түсетін жіптен жіңішке сызық басталады.Осы тәсілді «су жүргізу » деп атайды.
Сол сияқты зергерлік өнерінде де өрнек пен өрістің арасын бөлу үшін металл бетіне жіңішке, үздіксіз сызық жүргізіледі.Бұл әдіс зергерлік өнерде де су жүргізу деп аталады.
Су жүргізу үшін металл бұйымның бетіне түсетін өрнектің нобайын жұқа қағазға салып алу керек.Оған ақ түсті гуашь немесе бор, әк тасты азырақ желім қосып, суға қоюлау етіп езіп, өрнек түсетін металл бетіне біркелкі етіп майда қылқаламмен жағып, кептіреді. Әрі қарай металл дайындаманың бетіне көшірме қағаз төсеп, үстіне өрнек салынған қағазды салып, қарындашпен өрнек бойын қуалай сызып шығу керек.
Екінші әдіс. Өрнекті жұқа қағаздан қиып алып, металл дайындаманың бетіне желімдеп, өрнектің өн бойын қуалай үшкір асыл сызғышпен батыра сызып шығу керек.
Үшінші тәсіл. Өрнекті жұқа қағазға салып, оны металл дайындаманың бетіне желімдеп, қағазға түскен өрнекті бастыра қуалап, түртпемен бірден су жүргізіп шығуға болады. Мұндей әдіспен тек тәжірибелі зергерлер ғана жұмыс істей алады. Өйткені қағаз бен жағылған желімнің қалыңдығын ескеріп жұмыс істеуге тура келеді. Бұл жағдайда металл бетіне түскен сызықтың (судың) қандай тереңдікте екені көзге көрінбейді.
«Су жүргізу »деп кейде өрнектің өн бойын қуалай үшкір қадаубаспен ұрып, бір – біріне қатар жиі ноқат салып шығуды да атайды. Бұл әдісті зергерлік өнерін жаңа бастап жүрген шәкірттер қолданады.
Металл бетіне су жүргізуге өте қолайлы құрал түртпе болып табылады. Онымен тек қана су жүргізіп қана қоймай, өрнектің өрісін де біріне – бірі параллель сызықтар жүргізіп немесе бір – бірін айқыш – ұйқыш керегекөз сызықтар жүргізу арқылы өрнектің өрісін толтырып шығуға да болады. Түртпе зергердің көп қолданылатын әмбебап аспабы.
Нақыш салу.Ұшында түрлі өрнектаңбасы бар нақыш салғыштардың көмегімен металл бетіне өрнек түсіруді, бедерлеуді, оймыштауды нақыш салу деп атайды.Тіліміздегі нақыштау, нақышына келтіріп ән салу деген сөз тіркесі өрнектеу, әдемілеу деген мағынаны білдіреді. Металға нақыш салу – қазақ зергерлерінің өте ерте заманнан қорланылып келе жатқан әдісі.
Ұшы жарты ай тәрізді егелген нақышсалғышпен металл бетіне жарты ай кейпінде өрнек салуға болады. Ондай өрнекті «айшық», немесе «тырнақша», «ашқыш», «кілт» деп те атайды.
өрнек түрін түзуге болады. Тіліміздегі «айшықты өрнек» деген тұрақты сөз тіркесі осыдан қалыптасқан. Нақыш салғыштың ұшы үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек, ромб, т.б. мәнерде бола береді. Жасалған бұйымның мағынасына қарай соларды таңдап алып, керісінше қолдана беруге болады.
Сол сияқты нақыш салғыштың металл бетіне салатын ұштарында 0- ден 8-ге шейін таңбасы бар тоғыз үтір болады. Бұларды «сан салғыш» деп атайды. Осы тоғыз сан салғышты пайдаланып, кез келген санды металл бетіне ұрып, таңба түсіруге болады.
Сан салғышты ретімен нөлдік, бірлік, екілік деп атай береді.Оның тоғыздығы болмайды. Тоғыз санын соғу үшін алтылықты аударып ұрады. Нақыш салғыштың басында әріп таңбасы бар түрі де болады. Оны әріпсалғыш деп атайды. Сол сияқты ұшында ру таңбасы бар түрлері де болады.
Қалыптау. Қалыптау әдісіндегі ең басты шарт – қалыптанатын металл жұқа әрі жұмсақ болуы керек. (Алюминий қалыптауға жақсы көнеді, бірақ дәнекерлеуге келмейтіндіктен, оны зергер пайдаланбайды). Қалыптанатын металды алдымен жасытып алу керек. Егер мыс немесе жез болса, оны тұз қышқылының 25% - тік ерітіндіге салып, майдан кірден, металл тотығынан тазартып алады. Ондай ерітінді не лажыланған фарфор немесе пластмассадан жасалған ыдысқа алдымен су құйып, сол судың мөлшерінің 25% тұз қышқылын құяды. Керісінше істеуге болмайды. Өйткені алдымен қышқыл құйылса, үстіне су құйылған кезде ол реакцияға түсіп, шашырап, адамның денесін, киімін күйдіріп кетуі мүмкін. Қышқыл ерітіндісінде 10 – 15 минут ұсталған дайындаманы шымшуырмен ептеп ерітіндіден шығарып алып, таза сумен мұқият шаю керек. Содан соң қалыптанатын металды кептіріп, екі жағына да ептеп қылқаламмен немесе құстың қауырсынымен май жағып шығу керек.
Ол үшін өсімдік майы немесе іс тігетін машина майы да жарай береді.Әрі қарай ұрғашы қалыпты төстің бетіне ойық жағын жоғары қарата төсеп, оның бетіне қалыптанатын металды ( көлемін қалыптың көлемінен көлемін қалыптың көлемінен 3 – 4 мм артығырақ етіп қию керек) екі жағын да майлап жабады.
Оның үстіне еркек қалыптың бедерін төмен қаратып, қалыптанатын металдың үстіне төсеп, үстінен салмақ сала басып, еркек қалыпты батырыңқырап қояды.Екі қалыптың дұрыс беттескендігін мұқият тексеріп алып, еркек қалыптың сыртына көлемі қалыптан асыңқырайтын жалпақ темір немесе арнаулы тегіс жүзді балғаны төсеп, үстінен шой балғамен еркек қалып ұрғашы қалыптың ұясына түгел сіңгенше батыра ұру керек. Содан кейін қалыптан металды еппен ажыратып алып, қалыптың қырлары жарылып кеткен жерлер жоқ па, қалыптың бедері металға анық екенін мұқият тексеріп шығу керек.
Егер қалыптан шыққан металл жыртылса, онда еркек қалыптың сол жыртылған тұсқа тура келетін бұрышын егеп, жылмағайлау керек немесе қалыптанатын металды сәл қалыңдату керек. Мұқият майлаған жөн.
Металл майланбаса да, қалыпты тот басса да кейде қалыптанатын металл жыртылып кетеді. Өйткені қалыптану кезінде металл жұқарып созылады. Қалыптау әдісімен кемер белбеу, кісе белбеу, ат әбзелдері мен ер - тұрман жабдықтары,түйме, шегенің мәймөңкелі бүркеншегі т.с.с. көптеген бұйымдар жасауға болады.
Егер қалыптан металл сәтті шықса, онда қайшымен қалдығын қиып тастау керек. Қалдығы деп қалыптан шыққан металдың артық кенересін айтады. Енді оны тегіс тақтайға керілген науысқыға төңкеріп қойып,әрлі – берлі ысып, кенерідегі жиектерін тегістейді. Әрі қарай тұз қышқылының 25% - тік ерітіндісі құйылған ыдысқа 10 – 15 минут салып қойып, жұқа майдан, кірден, металл қағынан тазалайды, таза суға салып, жуып – шайып кептіреді. Енді осы дайындама ағашқа шегеленетін болса, оған темір шегені дәнекерлейді.
Ыңғайына қарай бір немесе төрт шегеге қондыруға да болады. Егер дөңгелек қалыптан шықса оған жалғыз шеге орнатуға болмайды. Ағашқа шегеленсе, күш түскенде айналып кетуі мүмкін. Ал қайыс, былғары, теріге шегеленетін жапсырмаларға мыс, жез шегелер де жарай береді. Егер дайын шеге болмаса, металл сымнан ұзындығы біркелкі етіп тістеуікпен қиылған мыс, жез, темірді қажетті жуандықта таңдап алып, бір ұшын таптап, жалпақтап, тік бұрыш жасай иіп қою керек. Сол иілген жағын немесе шегенің бүркеншігін қалыптан шыққан металдың табанына қарата салып,мәстемірдің саусақтарын қыстырады. Себебі шегенің үшкір жағы қалыптан шыққан металдың табанына тура келсе, шегелеген кезде ол жұқа металды тесіп сыртқа шығып кетуі мүмкін.
Мәстемірге шегемен бірге қыстырылған дайындаманың табанына бір шым – шымдай мүсәтір сеуіп, оның үстіне ұсақталған мырышты толтыра салу керек. Шегелерді мәстемірдің саусағынан тайдырып алмау үшін мырышты ұшы сүйір шымшуырмен салған дұрыс. Содан мәстемірді горизанталь бағытта ұстап, дайындаманы көріктің оттығына қыздыру керек.
Бұл жұмысты мәстемірді горизонталь бағытта қыш, асбест, кірпіш тәрізді күймейтін заттардың үстіне орныластырып, көріктен гөрі жалындап жанатын дәнекерлеу лампасын (паяльная лампа) газ немесе бензинмен жанатын жанарғыларды пайдаланған қолайлы. Оттың қызуымен дайындаманың ұясындағы мырыш балқып, қуыс- қуысын қуалай толады.
Егер мырыш дайындаманың ернеуіне шейін толмаса, онда ұзын сапты шымшуырмен қысып алып, бірнеше түйір мырышты әбден толғанша қосу керек. Зергерлердің тілімен айтсақ, «еселеп» отыру керек. Тағы бір ескеретін нәрсе, дене қызғанда көлемі үлкейетін қасиеті болатынын физикадан білеміз. Сондықтан балқыған мырыш салқындағанда ыстық кездегісіне қарағанда деңгейі төмен түседі. Оны шеберлер «шөгу» деп атайды. Сондықтан металдың шөгетін деңгейін алдын ала ескере жұмыс істеген жөн. Тәжірибелі шеберлер металға мүсәтір сеуіп, қыздырыңқырап алып, мырыш сымды бір ұшынан шымшуырмен қыса ұстап тұрып, екінші ұшына дайындаманың ұясына тигізе ұстап, толтыра береді.Дайындаманың ұясы толған соң қызуды тоқтатып, мырыштың беті қаймақтана бастағанда үстіне және бір шым – шым мүсәтір сеуіп жіберсе, мырыш тегістеле жылтырап, қайта балқып, дайындаманың қуыс- қуысын қуалай біркелкі толады.Сол қалпында қозғамай суытып, әбден суыған соң таза суға малып, мәстемірден ажыратып, 5% тұз қышқылының ерітіндісіне 1- 2 минут салып қояды. Сонда металл қағынан тазарады.Содан соң тұзды суға малып, қыл щеткамен, киізбен, жүн, матамен ысқылап тазартып, кептіріп қойсак болған.
Егер дайындама өте жұқа металдан жасалса (алтын, күміс), онда мырыш қорығанша сыртқы жұқа металл да балқып, ағып түсуі мүмкін. Сондықтан өте жұқа металды сазбалшықты илеп соған батырып, астына қаңылтыр төсеп барып, мәстемірге қыстырып қыздырады. Дайындаманы балшыққа батыруды «балшыққа бөлеу» деп атайды.
Егер шегенің орнына металл ілгек немесе шығыршық бекітілген болса, оның бір ұшы дайындаманың табанына тірелетіндей етіп, екінші ұшын мәстемірдің үстіңгі саусағына темір немесе нихром сыммен көтере дайындаманың ернеуінен жоғарырақ деңгейде байланады.
Көлемі бірдей бірнеше шеге әзірлеу үшін алдымен шегенің бүркеншігін қалыптап, тазалап, дайындап алу керек. Содан соң қаңылтырдан ұзындығы дайындалған бүркеншіктер түгел қатарынан сиятындай етіп жолақ қиылады. Қиылған қаңылтыр жолағын қорғасынға төсеп, басы жұмыр балғамен арасын біркелкі етіп, бүркеншіктің санына тең ұя жасалады. Сол ұяларға бүркеншік дайындамаларды қуыс жағын жоғары қарата орналастырып, екінші қаңылтыр жолаққа бүркеншіктің орта тұсы дәл келетіндей қашықтықты бүркеншік санына тең тесік тесіледі.
Тесіктің көзі шегенің ұшы ғана сыятындай мөлшерде тесіледі де, шегенің ұшын сол тесіктерге қадап, бүркеншіктердің арасына қыстыра орналастырып, екі – үш жерінен нихром сымымен жайлап орап қояды.Содан соң бүркеншіктердің қуыс ұясына мүсәтір сеуіп, мырыш толтырып, жанарғымен жайлап қыздырып, бірнеше шегені бірден әзірлеп алуға болады.
Жону. Арнаулы жонғылардың көмегімен металға түрлі сызық –сызық оймыштап өрнек салуды оймыш деп атайды.Жону зергерлік өнерінің күрделі түрі. Жонуға мыс, жез, қола тәрізді металдар қолайлы болады. Алдымен жонылатын металдың бетіне қажетті өрнекті түсіріп алу керек. Ол үшін металл бетіне шамалы желім қосылған ақ гуашь немесе суға езіліп желім қосылған бор жағып кептіреді.Оларды жағар алдында ұсақ науысқымен ысып, металл бетін сәл шаберлеп алады.
Содан соң өрнекті жұқа қағазға түсіріп, көшірме қағаздың көмегімен металдың өңделетін (жонылатын) бетіне қотарады. Металл бетіне түскен өрнек өшіп қалмауы үшін жұқалап нитролак жағып қою керек. Содан соң дайындаманы көлемі өзінен сәл үлкен ағаш тұғырға желімдеп немесе ерітілген смола (шайыр) жағып, шегелеп те бекітуге болады.
Жонылатын дайындаманың астына қайыстан немесе былғарыдан тігіліп, ішіне құм толтырылған жастықша қойылады. Жұмыс кезінде жоңғының сабын алақанға тіреп ұстап, оң қолдың бас бармағын металл бетіне тіреп, сұқ саусақпен жаңғыны қажет бағдарға бағыттап, әрі әртүрлі бұрышта ұстап отыру керек. Сол қолмен өңделетін металды оң қолдағы жонғыштың ұшына жылжытып беріп отырады. Металл жонғанда бірден терең алуға ұмтылмаған дұрыс.Тәжірибесі аз зергерлер терең батырып жібереді де, ол қақталып әрі қарай жүрмей қалады. Шеберлер осы құбылысты «қарпыту» деп атайды.
Сондықтан жонғыны қарпытпай салып, жұқалап жону керек. Жонғыны дұрыс қайрай білудің маңызы зор. Дұрыс қайралмаған жонғы металл бетіне тайып кетіп, сол қолды жарақаттайды. Металл неғұрлым жұмсақ болса, жонғының ұшы соғұрлым көлбеу қайралады. Жону әдісімен әр түрлі түзу сызық, ирек, ойық, т.с.с. жұмыстарды атқаруға болады. Әріп жазуға, түрлі қалыптарды әзірлеуге де жону тәсілін қолданады. Кейде жону әдісімен қоса әр түрлі нақыш нақыш салғыштарды қолданып, нақыштауға болады. Болатты жонуға асыл жонғыларды пайдаланады.Оны ағашқа саптамай жонатын ұшына қарсы жағына жеңіл балғамен ұрып отырып жонады. Бұл жағдайда жонылатын металл атауызға қыстырылалы. Жонғыны сон қолмен, балғаны оң қолмен ұстап жұмыс істеу керек[36, 37, 38].
Ию. Металмен жұмыс істеген кезде сымды әртүрлі кейіпте июге тура келеді. Бәрі біркелкі шығыршық ию үшін иілетін сымды жасытып алу керек. Одан кейін қажет жуандықта жұмыр темір алып, сымның бір ұшын жапсыра қабаттап атауызға мықтап бекітеді.Әрі қарай сымды жұмыр темірдің бойын қуалай шиыршықтай орау керек. Орап болған соң сымның екінші ұшын жұмыр темірге орап бекітіп, темір кесетін арамен жұмыр темірдің өн бойын қуалай сыртындағы сымды көлденеңнен кесіп шықса, көлемі біркелкі көптеген шиыршық жасап алуға болады.Сол сияқты сымды үш қырлы, төрт қырлы, ромб, овал, тағы сол сияқты темірге орап қажетті кейіпке келтіруге болады. Ал спираль тәрізді ию үшін темірге орап, суырып алып, ораманы жаза созу керек. Жіңішке сымды ширата июге құстұмсық қысқаш қолданылады. Іші қуыс түтікті дұрыс ию үшін түтіктің ішіне майда, еленген құмды тығыздап толтырып, екі ұшын тығындап, иетін тұсын отқа қыздырып исе, ол деформацияға ұшырамайды.Ішіндегі құм иілетін тұсының жапырыла жабысып қалмауына септігін тигізеді де, жұмыр түтік бастапқы қалпын сақтайды.
Лобзикпен қию. Металды лобзикпен қию, ою (кесу) үшін оның астына екі ұшы айыр ағаш төсеніш төселеді. Ол верстакка арнаулы қысқыштың көмегімен бекітіледі.Ойылған тұсынан лобзиктің тұсы еркін өтетіндей тесік тесіледі де, сол тесікте лобзик жүзін өткізіп алып, оны садақшаға бекітіп, ерсілі – қарсылы қозғау арқылы жұмыс істеу керек. Лобзик оң қолға, ойылған металл сол қолдың сұқ саусағы бас бармағымен баса ұстап, қажетті бағытқа бұрып отыру керек. Лобзикпен өте жұқа металды кесу керек болған жағдайда, екі ағаш тақтайдың арасына қысып қойып, бәрін бірге кеседі.
Бедерлеме (бедерлеу). Металл бетіне әртүрлі нақыш салғыштардың көмегімен бедерлі өрнек, бедерлі бейне түсіру тәсілін бедерлеме деп атайды. Бұл әдістің металды көркемдеп өңдеуге мүмкіндігі мол. Батырған сызық түрінде өрнек бейне түсіріп қана қоймай, металды бедерлей қобылауға, тіпті мүсін жасауға болады.Бедерлеуге қолайлы металдар: мыс, алюминий, жез болып табылады.
Қымбат бағалы алтын, күміс, тәрізді металдар бедерлеуге өте қолайлы. Кейде мельхиор, нейзельбир тотықпайтын болат, шатырға жабатын қаңылтыр да бедерлеу өнерінде қолданылады. Бедерлеу өнерін жаңа бастап, үйренушілерге жұқа алюминий, мыс өте ыңғайлы.
Үйреншікті жұмысына қалыңдығы 0,5 мм – ге дейін қаңылтыр таңдап алған жөн. Осы аталған металдардың барлығын бедерлеу жұмысын бастамай тұрып жасытып алу керек.
Бедерлеуді алғашқы кезде өте күрделі емес, қарапайым өрнек немесе суреттен бастаған дұрыс. Ол үшін жасалған дайындаманың бетіне алдын ала өрнек сызылған жұқа қағазды желімдеп, өрнектің сызығын жағалай үшкір қадаубаспен жиірек етіп, ноқат сала ұрып шығу керек.Қадаубастың ұшын металға көрінер- көрінбестей батыра ұру керек. Өйткені соңында қадаубастың ұшына түсірілген терең даты жою қиынға түседі. Содан соң қағазды металл бетінен ажыратып, дайындаманы жұмсақ резина төсеніштің үстіне салып, екі – үш жерінен ысқымен (струбцина) қысып бекітеді.
Әрі қарай дайындама бетіндегі ноқаттардың бойын қуалай өсімдік майын немесе техникалық май жағып шығу керек. Майланған металдың бетіне батырғының жүзі тұтылмай жеңіл жылжиды.
Содан соң батырғы мен ноқат дақтардың бойын қуалай, батыра су жүргізіп шыға болады. Егер металл 0,3 мм ден қалың болса, ұзын сапты батырғының иыққа тіреп, қос қолмен жұмыс істеген абзал.Енді ұшында түрлі өрнек бедері бар нақыш салғышпен өрнектің өрісін толтыра әрі деңгейін төмен батырып ұрып шығуға болады. Ол үшін металды көлденең кесілген ағаш дөңбектің үстіне төсеп қою керек. Металл дайындаманы отқа қыздырып жасытып алған дұрыс. Жасыған металды беті тегіс жалпақ темірдің үстіне төсеп, ағаш балғамен қабысқан жерлерін жалап ұрып, тегістеп алу керек. Металл дайындаманы отқа қыздырып, жасытып алған дұрыс. Жасыған металды беті тегіс темірдің үстіне төсеп, қабысқан жерлерін жалап ұрып, тегістеп алу керек. Содан соң, жалпақ темірдің бетіне төсеп, дайындаманы бірнеше жерінен темірге қысып бекітіп, өсін батыра ұрып, жиектерге су жүргізуді пысықтап қойса, бедері айқындала көтеріледі, өрісі біркелкі төмендейді. Өрнектің бедерін көтере созу қажет болса, дайындама еркін сыятындай металл ыдысқа шайыр (смола, гудрон) қайнатып, үштен бір бөлігіндей мөлшерде күл, құм немесе құрғақ топырақ қосып араластырып, суытып қояды.
Суыған шайырдың беткі қабатын газ немесе бензинмен жұмыс істейтін жанарғымен сәл қыздырып, металл дайындаманы соның бетіне арасына ауа қалмайтындай етіп, жапсыра төсеу керек. Суыған соң нақыш салғыштармен өрнекті көтере өрісін баса ұрып, бедерін айқындай түсуге әр металды қобылай созуға болады. Осы әдіспен дайындаманы аударып – төңкеріп тыс жағынан да, астар жағынан да ұрып жұмыс істеу қолайлы.
Осындай тәсілмен металды шар тәрізді созып, шұңғылдап түрлі ыдыстар, музыка аспаптарын жасауға болады. Мұнда бір ескертетін жай, неғұрлым шұңғыл немесе дөңес бұйым жасау үшін металл дайындаманы да соғұрлым қалыңдау етіп алған жөн.
Тәжірибелі шеберлер металл бетіне өрнек түсіру үшін (су жүргізу) түртпенің ұшын жұмырлау етіп қайрап алып, алдын-ала металл бетіне сызылған өрнектің бойын қуалай бірден түртпемен батыра ұрып жұмыс істей береді.
Бедерлеме жұмысында дайындаманың астына төсеуге резина, ағаш, қорғасын, ішіне тығыздап құм толтырылған тері немесе мықты кенептен тігілген қапшықты да пайдалануға болады. Сол сияқты болат нақыш салғыштармен қатар, мүйіз немесе қатты ағаштан жасалған нақыш салғыштарды да қолданады. Көлемі үлкен жұмыстарды қабылдау үшін бірден қатты ағаштан жасалған балғамен ұрып жұмыс істей береді.
Жұмыс барысында металды созып, дөңестеу немесе шұңғылдау кезінде өте абай болу керек. Металл жарылып кетпеуі үшін дайындаманы оқтын – оқтын жасытып тұру керек.
Бедерлеме жұмысын өрнек өрісін толтыру үшін ұшында әр түрлі өрнектері бар нақыш салғыштарды қолданып, түрлендіре түсуге болады. Өрісі бірдей біркелкі тегіс, жатық болса, бірде мәнерлей өрнектеп, әртүрлі айшық, жұлдызша, балықкөз, жыланкөз, құс таңдай өрнектер салынады. Кейбір бұйымдарды жасағанда өрнектің өрісін мүлдем қиып түсетін де тәсіл бар. Ол үшін су жүргізілген өрнекті, ұшы шапқы сияқты, арнаулы нақыш салғыштарды пайдаланады. Өрнек әдемі түсу үшін су жүргізгенде екі қатар етіп жүргізеді. Кейде өрнек өрісін безеуішпен безеп те толтыруға болады, немесе өрісін қиып түсіп оның астына түсті мата, былғары тері тағы басқа шикізаттармен астарлап, өрнектің реңін аша түседі.
Бедерлеме өнерінде әртүрлі металды астастыра қолдануға бедерлеумен қатар жону, бүршіктеу, лажылау тағы да сол сияқты әдісті қатар қолдануға болады. Бұл әдіспен жасалған бұйымдарға өрілген тері, былғары, оймышталған ағаш, әртүрлі мата, мүйіз, сүйек сияқты шикізаттарды қосып әшекейлесе тіпті құлпырып кетеді.
Кейде бедерленген бұйымдарға түрлі шынжыр шығыршықтан үзбе жасап, сәндеуге де болады.
Өндіріс құрал – жабдықтары мен өндіргіш күштер қатынасының дамуына байланысты әр дәуірде темірді көркемдеу, өңдеу түрліше дамып отырды.
Жоғарыда тоқталғанымыздай, қоланы, алтынды және темірді өңдеу б. з. д. VIII – III ғасырларда белгілі болады. Қазақстанның әр аймағында металды өңдеу тәсілдерінің шығып, өркендеуі әрқилы болғанмен, сол кездің өзінде – ақ темірді көркемдеп өңдеудің, әшекейлеудің, зергерлік өнердің көптеген әдістері дамыды.
Металды көркемдеп өңдеудің немесе ұсталық, зергерлік өнердің әдістеріне қарай металды қыздырып соғу, балқытып қалыптарға құю, ойма салу, темір бетіне күміс шабу, таспа талшықтарынан сым кептеу, күмісті қарайту, шекіп соғу, дәнекерлеу, өткірлеп безендіру болып бірнеше топтарға бөлінеді.
Темірді қыздырып соғу – өте ерте заманнан келе жатқан металл өңдеудің көне түрінің бірі. Темірлерді, қатты болаттарды отқа қақтап қыздырып балғамен төске салу арқылы бір түрден екінші түрге өзгертеді. Темірді қыздыра соғып, оған батыра бедерлі ою – өрнек салуды ұсталық өнердің бір сағаты көтерілген белгісі ретінде білеміз.
Зергерлік бұйымдар асыл металдарды (алтын, күміс, платина және палладийді) әшекейлеп өңдеудің, сондай-ақ түсті металдарды (жез, мельхиор т.б.) қорытудың, олардың бетіне, алтын, күміс жалатудың, көп жағдайда қымбат тастармен, эмальмен т.б. безендірудің нәтижесінде алынатын бұйымдар.
Зергерлік бұйымдардың сынамасы, әдетте, таза, асыл металдардан зергерлік бұйымдар жасалмайды. Оларға қажетті механикалық қасиеттер дарытып, тиісті түс алу үшін түсті металдар қосады, мәселен алтынның күміс және мыспен қорытпасын, кейде палладиймен, кадмий- мен, никельмен, мырышпен қорытпасын, күміс пен платинаның мыспен қорытпасын, палладийдің күміспен және никельмен қорытпасын үстемелейді. Қорытпадағы асыл металдың құрамы оның сынамасын айқындайды. Көптеген елдерде сынаманы белгілеудің метрлік жүйесі қабылданған, ол бойынша сынама қорытпаның мың салмақтық бірлігіндегі асыл металдың бөлшек санымен белгіленеді. 1927 жылға дейін Россияда сынаманы белгілеудің мысқалдық жүйе деп аталатын (96 мысқалдан тұратын орыс фунты негізінде) жүйесі болды.
Мұнда сынама қорытпаның 96 бірлігіндегі асыл металдың салмақ өлшемімен белгіленетін. АҚШ-та, Ұлыбритания мен Швейцарияда караттық жүйе қабылданған. Бұл бойынша асыл тастың 1000-сынамасы 24 шартты бірлікке сәйкес келеді. Зергерлік және басқа бұйымдар дайындауға рұқсат етілетін асыл металдар қорытпасының сынамасы заңды түрде белгіленіп, мемлекет кепілдігінде болады. Бұл үшін бұйымдар сынамалық бақылаудан өтіп, оларға сынама таңбасы қойылады. Бұйымдарға таңба салу үшін түрлі елдерде суреті мен пішіні әр түрлі бақылау белгілері қолданылады.
Алтынның 583-сынамалы қорытпасы неғұрлым кең тараған; бұл сынаманың қорытпасының түсі құрамында енген түсті металдардың сандық қарым-қатынасына қарай әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы, егер 583-сынаманың қорытпасында алтын 58,3% , күміс шамамен 36 %, ал мыс 5,7 % болса, қорытпаның түсі жасыл реңк алады; күміс 18,3 %, мыс 23,4 % болса – күлгін – қызғылт; күміс 8,3 %, мыс 33,4 % болса – қызылдау болады.
Гауһар тасты әсемдік
бұйымдарды дайындау үшін ақ
алтын деп аталатын қорытпа кеңінен
пайдаланылады, оның құрамы мынандай: 583 – сынамалы алтын
қорытпасында күміс 23,7 – 28,7 %, палладий – 13,0- 18,0 % немесе
никель 17,0 %, мырыш 8,7 %, 16,0 %, ал 750-сынамалы алтын
қорытпасында – күміс 7,0-15,0 %, пал- ладий 14,0 % -ке дейін,
никель 4,0 % мырыш 2,4 % немесе никель 7,5-16,5 %, мырыш 2,0-5,0 %,
мыс 15,0 %-ке дейін болады. 958-сынамалы алтын қорытпасы берік
болмайды. Сондықтан кең қолданылмайды. 375 сынамалы алтын
қорытпасының құрамында алтын 37,5%, күміс 10,0%, мыс 48,7%,
палладий 3,8 % болады.
Күмістің 875-сынамалы қорытпасы неғұрлым кең тараған. Оны әшекей
заттарын және ыдыс-аяқ жабдықтау үшін пайдаланылады. Күмістің
916-сынамалы қорытпасы эмаль жалатқан ыдыстарды дайындау үшін;
960-сынамалы қорытпасы – нәзік өрнекті ыдыстар жасауға
қолданылады.
Платина мен палладийдің
қорытпасы зергерлік істе болар-болмас мөлшерде пайдаланылады. Күміс
және жез бұйымдардың тым тез тотығып кетпеуі үшін және олардың
әсемдік қасиеттерін жақсарту мақсатында бетіне электролиттік
тәсілмен 999 сынамалы алтын немесе 999-сынамалы күміс жалатқан.
Бағалы сәндік тастар әсем нақышталып жасалған зергерлік бұйымға
қондырылған бағалы, сондай-ақ табиғи жарқырауық тастар әдемі өң
беріп, бағасын арттырады. Бұл тастар шартты
түрде бағалы, жартылай бағалы
және әшекейлік деп
бөлінеді.
Бағалы тастарға – алмас, лағыл, изумруд, сапфир, табиғи інжу, александрит; жартылай бағалыға – ай тасы, аквамарин, аметист, берилл, гранат, көгілдір ақық, гиацинт, тау хрусталі, жадеит, морион, опал, топаз, турмалин, хризоберилл, хризолит, хризопраз, шпинель, циркон, цитрин, хромдиопсид, қолдан өсірілген інжу; әшекейлік тастарға – авантюрин, агат, малахит, янтарь, маржан, лазурит, нефрит, родонит, сердолик, кровавик, яшма және басқа жарқырауық тастар жатады. Зергерлік істе бойында табиғи асыл тастардың барлық қасиеті бар синтетикалық лағыл, сапфир, александрит тастары кеңінен қолданылады. Тиісті температура мен қысымда гауһар, аметист, алтын жалқынды топаз және басқа бағалы тастардан жасалатын иттрийлік – алюминийлік гранаттар да кең таралған.
Зергерлік бұйымдарды күту, зергерлік әшекей бұйымдарында адам денесі терлегеннен пайда болатын қоңыр дақ қалмауы үшін әшекейлерді шешіп алысымен фланельмен құрғатып сүрту керек. Түрлі шаруа істегенде және химикаттарды пайдаланарда жүзік, білезік және басқа зергерлік бұйымдарды шешіп қояды. Әсіресе алтын жалатқан бұйымдарды сақтықпен тұтыну керек. Әшекей заттарын сынап пен күкірт негізінде жасалған косметикалық бұйымдарды пайдаланғанда да (сынап алтынмен қосылса амальгома түзеді, бұдан бұйымдардың бетіне ақ дақ түседі, ал күкірт алтын мен күміске қосылса, қара түсті күкірттік қосылыстар түзеді) шешіп қойған жөн. Алтын және күміс бұйымдарға тиген йод та қоңырқай дақтар қалдырады. Зергерлік бұйымдарды қорапшасында, құрғақ жерде сақтау керек. Әсіресе күннің ультракүлгін сәулелерінің әсерінен белгілі бір дәрежеде бояуының түрін жоғалтатын аметисті, түсті топазды (алтын жалқындыдан басқасын), інжу мен ақықты ұқыптап сақтау қажет. Егер тас қондырылып асыл металдан жасалған немесе тас қондырылмаған әшекейлік бұйымдардың жылтыр өңі тайса, оны жұмсақ тіс щеткасымен 1/2 стакан суға 1 шай қасық мүсәтір спиртін қосып сабынды суға жуу керек. Одан соң бұйымды таза жылы сумен шайып жіберіп, әбден құрғағанша фланельмен сүрту қажет. Алтын жалатқан бұйымдарды щеткамен неғұрлым сирегірек жуған жөн. Інжу, ақық, малахит пен янтарь ылғалға төзімсіз келеді. Осындай тасты және фольгаға қондырылған жасанды тасты бұйымдарды, сондай-ақ тастары желімдеп жапсырылған әшекей зат- тарын қатты ластанғанда этиль спирті қосылған сабынды суға (1:1) көп ұстамай шайып алу керек; янтарьды фланельмен ғана, ал қалған тастарды этиль спиртімен сүртіп тазартуға болады. Күмістен жасалған ірі бұйымдарды (мәселен ыдыс-аяқтар мен бөлменің ішкі әшекейлері) «Ювелерная» пастасымен тазартуға болады. Тым қатты ластанған бұйымдарды зергерлік шеберханаларда тазарттыру керек[39, 40].
3.4 Зергерлік бұйымдарды өңдеу технологиясын оқыту практикасы
Зергерлік бұйымдарының Қазақстан облыстарындағы ерекшелігі
Қазақ ою-өрнегі ежелгі мал шаруашылық тайпалары – сақ, үйсін, ғұндар, түріктер, қаңлы және қыпшақтар өнерінің негізінде қалыптасты. Ою-өрнекте олардың әлемнің ежелгі көркемдік көрінісі бейнеленген.
Қазақ ою-өрнегінің барлық дерлік элементтері өз уақытында толығымен белгілі бір жолмен" оқылған". Қазіргі уақытта көптеген ою-өрнектердің мағыналық мәні жоғалды.
Қазақ ою-өрнектеріндегі негізгі өрнектерді космогоникалық, зооморфтық, өсімдік және геометриялық деп бөлуге болады. Ең көне космогоникалық өрнектер, ең танымал күн символы болып табылатын тұзды шеңбер болып табылады. Құйынды розеткалар да қазақ ою-өрнегіндегі күннің символы болып табылады. Олар көбінесе талисмандарда, сондай-ақ керамикалық бұйымдарда және сәулет декорында бейнеленген.
Сондай - ақ, "күн көзі", "күн сәулесі", " шыкқан күн"," ай гүл"," айшық гүл" – жарты ай сияқты ою - өрнектер де қазақ ою - өрнектеріне жатады.
"Жұлдыз гүл", "жұлдыз өрнек", "топ жұлдыз" жұлдыз тәрізді өрнектерімен сырт киім тігілді. Кілем композицияларында "сегіз қырлы өрнек" өрнегі қолданылды.
Космогониялық қазақ ою-өрнектерімен табиғаттың символдық бейнесі болып табылатын ою-өрнектер тығыз байланысты. Жер мен су– малшылар басты қасиетті ретінде табынды. Қазақ ою-өрнегінде «су» деп аталатын толқынды қисық сызықтар, зигзагтар су, өзен, ағысты білдіреді. Бұл себептер өрнектерді, аралықтарды жиектеу болып табылады. "Тоғыз төбе" ("тоғыз төбе") – ежелгі өрнектердің бірі, Гунн мен сарматтардың зергерлік бұйымдарында кездесетін, сондай-ақ ағаш оюда және теріде жасалатын аппликацияда қолданылған. Осы топқа "өзен алқабы" – "арна гүл", "қүмбез", "төбелер" – "төбе", "суару арналары" – "арық" және басқалар жатады.
Зооморфтық өрнектер қазақ ою-өрнегінде көп. Олар ежелгі малшылар мен диқаншылар әлемін бейнелейді, ежелгі мифология мен алғашқы қауымдық өнермен байланысты. Қазақ ою-өрнектеріндегі зооморфты мотивтердің шығу тегі мен мәні туралы анық айтуға болады. Олардың негізінде ежелгі "аң стилінің": қой, жылқы, түйе, қасқыр, қыран, итқоңыр бейнелерін стильдеу, содан кейін олардың фигураларының жеке бөліктерін: бас, мүйіз, құлақ, тұяқ, көмей, аяқтарын жаңғырту. "Қошқар мүйіз"," мүйіз оюы ","бугу мүйіз"," жылқы басы " – " ат бас "ою-өрнектері осылай пайда болды[41, 42].
Бас, мүйіз, жануарлардың тұяқтары, құстардың қанаттары мен аяқтары түріндегі өрнектер қазақ ою-өрнегінің негізі болып табылады. Олардың көптеген туындылары бар. Сонымен қатар, олардың негізінде көптеген қисық және толқынды сызықтар, спиральдар мен бұйралар жасалған. Қазақ ою-өрнектеріндегі зооморфтық өрнектер тотемдік жануарлар мен құстардың : қой, жылқы, бұғы, қасқыр, бұқа және т.б. реалистік бейнелері негізінде жасалған. Олардың кейбіреулері, мысалы, жануарлардың мүйізі мен іздері түріндегі өрнектер салттық мәнге ие болды. Қазақ ою-өрнектерінде құстардың сұлбасын, қанаттарының, мойынының, аяқтарының кескіндерін еске түсіретін өрнектер көп.
Екінші мыңжылдықта біздің дәуірімізге дейін қазақ оранментінің геометриялық элементтері пайда болады. Геометриялық қазақ ою-өрнегі архитектуралық декорда, кілем бұйымдарында, ағаш пен тастан оюда, былғарыдан өрнектеуде кеңінен қолданылады. Бұл квадрат, ромб, төртбұрыштар, үшбұрыштар, диагональ бойынша бөлінген квадрат немесе ромб қимасын құрайтын квадрат, алтыбұрыштар,сегізбұрыштар, квадрат және үшбұрыштар, параллелограммдар.
Қазақ ою-өрнектеріндегі геометриялық өрнектер үшін жекелеген элементтер арасындағы тепе-теңдік, композицияға жазылған фигуралардың тепе-тең бөлінуі тән .
Әртүрлі сызықтар : түзу, толқынды, спираль тәрізді, тізбек, бау түрінде болып, қазақ ою-өрнегінде геометриялық өрнектер көп.
Оларға "аралықғұл" – үшбұрыштардан құрылған фигура, екі үшбұрыш "қос тұмарша", оның нұсқасы – "сызықты тұмарша", зәкір түріндегі – "балдақ үлгілі", тараққа ұқсайтын өрнектер – "өрнек тақтасы"жатады. Ежелгі элемент түрінде үтір "алши", "алшим бар" – сәттілік, бақыт, қуаныш білдіріген. Қазақ ою-өрнегінің бұл элементі көбінесе қабырға кілемдері, халаттар, орамалдар кестелерінде қолданылған.
Қазақ ою-өрнегінің өсімдік өрнектері оның басқа топтарына ұқсас негізгі және туынды болып бөлінеді. "Ағаш" – "агаш гүл", "алма" – "алма гүл", "масақ гүл" – "масақ гүл", "сынатын сабақтар" – "сақық гүл", "терек" – "торанғы гүл", "сегіз фисташек" – "сегіз тапанша", "далалық гүлдер" – "бәйшешек гүл", "қызғалдақ гүл" – "қызғалдақ гүл", "гүл бадам" - "миндаль" және т.б. басқа атаулары бар.
Қазақ ою-өрнектерінде тұрмыстық заттарды схемалық бейнелейтін өрнектер де жиі кездеседі. Бұл" сандық гүл " – композициялардың орталық бөлігін әшекейлеуге арналған шаршы," қобыз гүл " – инкрустация мен зергерлік бұйымдарда қолданылатын үлгі," қобыз лады " – тіл түріндегі үлгі," шәугім гүл шәйнегі " – тұскиіз кестелерінде және былғарыдан өрнектерде қолданылатын дөңгелек пішінді үлгі," есік жапқышы "– "есік жапқыш" – Х түріндегі үлгі және басқа да көптеген үлгілер. Осы топтың арасында ең көне өрнектердің бірі "өклік" – "өкше гүл" өрнегі болды . Оның "сынар өкше" – "сынық өкше" палас, кілем, басқұр, алаша, киізден жасалған ою-өрнектерінде қолданылатын нұсқасы өте кең таралған.
Геометриялық стильдердегі әшекейлерде ежелгі ғұндар дәуіріндегі зергерлік бұйымдар ұқсастық та айқын аңғарылады. Әшекейдің орталығында сердолик қондырып, шеттеріне зер сымды ширатпалап сіңдіріп, ал қалған ашық жеріне үш бұрышты түйіршіктермен өрнектеу - бұйымдарды әсемдеу әдісімен жалпылама ортақ түріне жатады. Аталмыш топқа кіретін қазақ халқының әшекейлері бір қырынан алғанда ғұн кезеңінің зергерлік өнерінің сәндік шешімдері мен жасалу әдістерін жетілдіру, олардың табыстарын бірте-бірте өрістеу жетістігі болып та табылады. Мұнымен қатар әшекейлеудің технологиясы мен сәндік шешімдерінен түрімен, қарақалпақ, дағыстан халықтарының өрнектік өнімдерінің белгілері де байқалады.
Әшекей өрнегінің негізгі қондырмалы көзтана мен сіңдірмелі ширатпаның үйлесімділігін құру тәсілі батыс Қазақстанда, оның ішінде Ақтөбе облысында айырықша көрініс береді. Әр түрлі оралымда қолданылатын ширатпа бұйымның құрылымдық бітімін жинақылау арқылы алынып отырған нұсқасының көркемдік болмысын тиянақтайды. Шиыршықталған ширатпа арқылы торсиған гүл қауызына ұқсас жасалатын зерлі мүсіндік өрнектер, әдетте, бұйымның ортаңғы тұсынан орын алды. Әшекейдің үстіңгі бетінен қалаған бұғақты өрнекті сыртқы зермен орамаланған түйіршіктеу, түрлі кескін-пішіндегі сым құйыспалар, қалыпқа құйылу тәсілімен істелетін түрлі фигуралар арқылы жасалады.
Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында жиірек ұшырасатын, Семей және Солтүстік Қазақстан облыстарында ішінара ұшырасатын қара алалап өрнектелу мен күміс әшекейлер де тартымды әрі әсерлі болып келеді.
Балық, қошқар мүйіз, ұшқан құс, гүл жапырағы, шығыс қияры,күн жұлдызы, ай тұрпатында болып келетін қапсырмалар да көп түрлілігімен ерекшеленеді. Бұларды формалық мәнділігі өрнектелу ырғағының салдарлығы, көркемдегіш желілерінің тазалығы және композициялық құрылымының үйлесімділігі әрі тиянақтылығы арқылы ашылады.
Бұл әшекейлердің өрнек желісіне мүйіз пішіндегі ырғақтар, түрлі көкөністердің тартымды өркендері, әсем гүлдер, геометриялық және астральды оралымдар алынған. Өрнектер композициялардың бұл түрлерінде шеңбердің ішімен шектеліп отырады. Бұйымның қара ала жағдайларда бірде фон, бірде сурет қызметін атқарады. Бұл ретте реңдік сипатқа қозғалыс әрекетін тудыратындай етіп, күміс фон ирек сызықтармен көмкеріледі, ал өңіне қара алаланып өрнек түсірілген күміс оған үстеме әсер қоса түседі. Гравюралау тәсілі арқылы жүргізілген контур сызықтар әшекейдің суретті бетіне толық аяқталғандай сипат береді. Қара алалап өрнектеу тәсілімен үйлескен жағдайда ғана бұйымдар көркемдік тарапынан шешімін таба алады.
Бұйым үшін таңдалып алынған фон, қара алаланған ретті бедер тереңдей түскендей әсер қалдырады. Бұндай реңктің үстіндегі түйіршіктер мен күмістің бедерлі өрнегі бір-бірінің ажарын аша түскендей көрінеді. Қара алаласы буалдыр ішінен көрінгендей болып көзге шалынатын, өте нәзіктікпен торланып зерлеу қара алаланған өрнектерге өте тән нәрсе. Өрнектелу нақыштары мен көркемдік шешімделуі жағынан да Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының әшекейлері де дағыстан халықтарының қара алаланған зергерлік бұйымдарына көп ұқсастықтары бар.
Орталық және Шығыс Қазақстанда да басым ұшырасатын, ал оңтүстік және солтүстік аймақтарда ішінара кездесетін бедерлеу және шекімелеу тәсілдері арқылы жасалған әшекейлер түр сипаты тарапынан өте қарапайым және орнықты көрінеді. Металдан тұтас немесе құрамалап жасалған әшекейлер де негізінен жалпақтау болып көрінеді де, көріністің айқындылығымен ерекшеленеді. Өрнектелген бұйым сызықтар мен шрихтардың сәндік сипатын айқындай түседі. Өрнекті ырғақ пен бұйымның формасы үйлескен жағдайда әшекейді өзінің көремдік шешімін толық тапты деуге болады. Әшекейдің үстіңгі бетіне кейде бедердің, айқын графикалық немесе сызықтардың динамикалық көрінісі арқылы қозғалыс береді. Бірде зат өңіне келістіріле түсіндірілген келісті айшықты суреттер арқылы керемет сәнді бейне жасалынады[43].
Өрнек күмістің көрер көзге үстіңгі өңін құлпырымға келтіретін әшекейлердің көркемдік құрылымының негізі болып табылады. Бұл мәнер тартымды болғанымен, затпенен әрі жеңіл, әрі еркін үйлесе кетеді. Мұндайда өрнекке қарағанда фон басымдау шығатын болғандықтан көбінесе үстінен ұсақтау шеңберлер жүргізіледі. Бұл көп ретте фактуралық көп әсер тудырады.
Өрнек көп ретте нұсқаға айшықты оралым тудыру арқылы суретке үлкен мәнерлілік береді. Егер өрнектің бедерленген сызықтарының арасы үзіліссіз болса, онда шекілеп түсірілген ою жекелеген элементтермен астасып кетеді. Қара алаланған күміс заттардағы секілді басқа да әшекейлер бедерлеп түсірілетін өрнектің тақырыбы да геометриялы және астральды ырғақтар.
Шекіме жолақтар әдетте ойыңқы және шығыңқы бедерленген ұсақ өрнектердің әсерінен туындайтын фактураның сәуле мен көлеңке құйылымымен мінезделеді. Әсіресе, бедер мен бұйымның бітімі үйлескен жағдайда әшекейдің әсерлілік қуаты күшейе түседі. Бұндай бұйымдарда ойыңқы және шығыңқы бедерленген ұсақ өрнектердің әсерінен туындайтын фактураның сәуле мен көлеңке құйылымымен мінезделеді. Әсіресе, бедер мен бұйымның бітімі үйлескен жағдайда әшекейдің әсерлілік қуаты күшейе түседі. Бұндай бұйымдарда ойыңқы және шығыңқы бедерленген қарама-қарсылығы арқылы фактураның бейнелік күші артады. Ал, дәл осы секілді бедерлі бөліктің өрнектілігі де күрделі болып келеді. Бұл топқа жататын жекелеген әшкейлерді ежелгі зергерлік бұйымдармен салстыруға болады.
Мысалы, дөңгелек қималы сақиналар көптеген ертедегі тарихи кезеңдерден қылаң береді. Бірінің үстіне бірі келетін мұндай сақиналар қола дәуірі мен алғашқы темір дәуірінің обаларынан, Отырардың 12-ғасырға тән қазбаларынан кезікті. Тағы бұл секілді ұқсастықтар әшекейге шекіп түсірген бедерлер Отырар мен Андронов кезеңдерімен салыстырып қарағанда да байқалады. Дегенмен, көп жағдайда бұл топқа жататын әшекейлер қырғыздың зергерлік бұйымдарына ұқсас.
Өрнегінің негізгі сыны, сердолик, маржаннан қондырылған әшекейлер солтүстік және оңтүстік Қазақстанда да ұшырасады. Жылтырақ тастарының реңктік қанықтарына қарай басқаша өрнектелген бұйымдарға қарағанда өте келісімді көрінеді. Бұл топқа бітімі жалпақ болып келетін және құрамы осындай зергерлік бұйымдар кіреді. Тұрақты жақсы болып келетін әшекейлердің және құрамы осындай зергерлік бұйымдар кіреді. Тұрақты жақсы болып келетін әшекейлердің әсерлілік қуаты бұйымның бетіне қондырылған дөңес асыл тас пен жазық үстіңгі өңнің контрастылығына ойластырылады.
Әшекейлердің композициялық негізіне қалыптасып жасалынған бұйымға асыл тастарды белгілі бір жүиемен қайталап қою тәсілі алынады. Бұндағы асыл тастар калориттік шешімнің басты келісімі болып табылады. Әдетте, әшекейдің жиек-жиегі асыл тастармен көмкеріліп, ортасына қызылқоңыр, қызыл сердолик тастар орналастырады.
Бұл топтағы әшекейлер басты белгісіне қарай формасының екі немесе бірнеше бөлікті болып келуі, әшекейлердің осы түрлерінің композициялық құрылымының шашыңқы, ұзын шалпыншақтарына орай силуэті де созыңқы болып келуі жатады. Осы белгілердің үйлесімді кеңістік пластикалық гармонияны тудыру арқылы әшекейге сән береді.
Бірінші, сақина мен жүзік ата-бабаның көзі, олардан қалған мұра ретінде ерекше қадірлеген. Өйткені, адамның туған әке-шешесінен бастап, сонау ескі заманда өмір сүрген ата- бабасынан бері оңай сақталып қалатын облыстық, әулеттік реликвиялық (мұра) заттың ең қолайлысы – жүзік пен сақина. Көптеген халықтарда, соның ішінде қазақ арасында «бұл жүзік қай замандардан бері келе жатыр? Өзін кім соғыпты?» деп сұрастыру, жүзіктің тарихына қызығу - дәстүрге айналған. Мұраға қалдырудың да тәртібі бар. Өлген кісіден қалатын жүзікті балаларының кез келгені таға салмайды екен.
Екіншіден, сақина да, жүзік те рәміздік мәні болған соң қадірлі. Жас жұбайлардың сақина алмасып тағуы оны көздерінің қарашығындай сақтау да осы символикалық мағынадан шыққан. Екі елдің патшаларының достығын, бір-біріне деген ықыласын білдіретін жағдайларда да араларында жүзік жүрген. Тіптен жүзік силау, тарту ету арқылы екі ел арасындағы шиеленісті мәселені бәсеңдетуге болады деген түсінік те жоқ емес.
Үшіншіден, жүзік төңірегінде түрлі ырым-жоралғылар да әр елде кең орын алған. Мысалы,ертедегі Грекияда қайтыс болған адамды жер қойнына берер кезде ағайындарының бірі оның үсті басын тексеретін болған. Ол кездегі ұғым бойынша сүйекпен бірге қабірге жүзік, сақина, тағы басқа қымбат бұйымдар түсіп кетпеуге тиіс екен. Олай болса, қымбат заттар о дүниеде адам жанын қинайды, олардың тасасына жын-шайтандар жасырынып, марқұмды азапқа салады деген түсінік орын алған.
Ал, енді неке сақинасы қандай болуы керек дегенге келсек, басты шарт оның дөп-дөңгелек әрі ешқандай өрнексіз, бедерсіз, жұп-жұмыр болуға тиіс екендігі. Бұл жаңа үйленген жас жұбайлардың өмірі ешқандай кедергісіз тегіс болсын, олардың бақыты да осы сақина сияқты шексіз таусылмаса екен деген ырымнан туындаған көрінеді.
Сонымен бірге, неке сақинасынан басқа күйеу жігіттің қалыңдық қолына бетінде көзі бар сақина салу дәстүрі де бар. Жігіт қызды айттырып алатын болса, «келіп қолына сақина салып кетіпті» деген әңгімені естіп жатамыз. Бұл «осымен сен мендіксің, екеуміз алдағы уақытта бірге отау құрамыз» деген ойды білдіреді. Сақинаның көзі неғұрлым қымбат болса, соғұрлым қадірлі қалыңдықты жоғары деңгейде құрметтеудің белгісі деп есептеледі. Мысалы, бүгінгі заманда қалыңдыққа тағылатын ең жақсы сақина – гауһар тас орнатылған алтын сақина. Мұндай дәрежесі зор сақиналарды жасау да айтулы шеберлікті, ұланғайыр еңбекті қажет еткен.
Зергерлік өнер- қолданбалы көркем шығармашылықтың ең көне түрлерінің бірі. Ертедегі шеберлер өз білімдері мен жұмыс істеу тәсілдерін ұқыпты түрде ұрпақтан ұрпаққа өткізіп, аманаттап отырады. Сөйтіп, тас пен металды декоративтік түрде өңдеумен және көркем өңдеу өнерінің қыр-сырын бүгінгі заманға дейін жеткізуге мүмкіндік бергені сөзсіз.
Адам баласы алтынның әсемдігіне, күн нұрымен шағылысып ойнайтын ерекше құбылмалы түсіне, тез өңделетін жұмсақ қасиетіне әу бастан-ақ тәнті болып, қызығушылық танытқан. Металдың, сызықтар үйлесімі мен пішіндерінің осынау таңқаларлық қасиетін игере отырып, адамдар халық шығармашылығының қайталанбас тамаша түрін өмірге әкелген.
Қазақстан жерінде жүргізілген қазба жұмыстардың нәтижесінде ертедегі көшпенділер кеңінен тараған және басқа да түсті металдардан жасаған көптеген әшекей бұйымдары табылды. Сол табылған заттардың көпшілігін жас шебердің қолынан шыққан нағыз өнер туындыларының қатарына жатқызуға болады. Мысалы: Қарғалы көмбесінен табылған бүкіл әлемді таңдандырған аяқ алтыны кез келген тарихи қазыналардың мақтанышы бола алады. Зергерлер күміс бұйымдарды асыл тастардан, лағыл, сапфир, зүбіржат, гауһар, азат, эрозолит, інжу, маржан, жауқуаттан, көз қондыру арқылы да әсемдей түскен түрлі – түсті шынылардың және тағы басқа әсем рең беретін заттарды да кәдеге асырған.
Күміс жұмсақ, қақтауға төзімді, оңай өңдейтін металл және жарқыраған ашық түсімен көз тартады. Металды көркемдеп өңдеудің әртүрлі техникалық әдістері, созу, құю, басу, қалыптау зерлеу, темірге күміс қақтау, алтын жалату қолданылады. Заттарды әшекейлеу технологиясын зергерлер бұйымның сыртқы бейнесі мен сыртқы формасымен үйлестіреді. Күмістен шебер алуан түрлі бұйымдар жасайды.
3.5 Зергерлік бұйымдардың емдік және нанымдық қасиеттері
Зергерлердің көп жасаған бұйымдарының қатарына әйелдерге арналған әшекейлер жатады. Әшекейлердің бұл түрі тек сән-салтанат үшін ғана емес, әдет-ғұрып, наным-сенімге де тікелей байланысты болғандықтан кез-келген әлеуметтік ортаның өкілі өз хал-қадірінше әр түрлі әшекейлер иемденуге, тағуға тырысқан. Әшекейлерді қасиетті тұмар ретінде ұстаудың алғашқы белгілері палеолит дәуіріне саяды.
Аңдардың сүйегінен, азу және сойдақ тістерінен, ұлу тұқымдастарының қауашақтарынан алқа, білезік, жүзік және тағы басқаларды жасау сол кездерден етек алған. Тұмар тағушылар осы киелі зат өзіме күш-қуат береді, пәле жаладан, көз-сұқтан, төтенше қауіптен сақтап қалады деп түсінген. Бізге келіп жеткен дәстүрлі әр түрлі тұмарлар сондықтан да бір қырынан алғанда адамзаттың бір кездегі таным-сенімінің пластикалық тілде баяндалуы болып табылады[45,46].
Қазақ әшекейлерінің семантикалық мән-мағынасын толық тарқатсақ, онда этнографиялық бұйымдардың әр қилы қасиеттілік астарларының тұтас жүйесін еркін тарқата алуымыз керек. Зергерлік әшекейлердің тұтас тұрқы да, тұрпаты да жекелеген бөлшектері де материалы мен ою-өрнегі де белгілі бір мән-мағынаны бідіреді. Мысаалы, материалдың- тастың, күмістің яғни табиғи заттың өзі де күрделі құрамды міндет атқарған. Әшекейлеуге қондырылған асыл тастарды халық әдетте тас немесе көз деп айтады. Бұл, әрине, ешбір астарсыз, тура мағынасында айтыла салмағаны хақ.
Көз қондырылған бұйымның көз тиюден алдын ала сақтайтын киелілік қасиеті бар деген ұғым үстем болған. Асыл тастардың айырықша қасиеттілігі туралы ұғым Шығыс халықтарының бәріне кең тараған. Асыл тастардың емдік және киелілік қасиеттерін сөз ететін ежелгі және орта ғасырдағы минералогиялық трактаттар біздің заманымызға дейін келіп жеткен. Бұған дәлел келтіретін болсақ, бұдан мың жыл бұрын жазған. «Дәрі-дәрмек қазынасында «ақық тас» жүректің толқуын басып, дұшпаныңа сұсты болуыңа игі әсерін тигізеді.
Егер жаныңда ақық барда жаңа туған айды көрсең, келесі айда бақытқа, сәттілікке кенелетініңнің белгісі»,- деп айқын анықтама береді. Асыл тастың қасиетіне сенушілік қазақ халқының тұрмыс дәстүрінде әлі де болса сақталып келеді. Былайша айтқанда, яғни інжу көз қарашығын шел басудан, көз сүйелін, ноғаладан, ал маржан дуаның әсерінен немесе азғындаушылыққа ұрынудан сақтайды, сарғылт дүр тамақ ұрасы мен жемсау ісігін басады, құлпырмас көз тиюден қорғап әрі дұрыс жолға бастайды, ақық мол бақыт әкеледі деген пікірлер кезігеді. Сердоликті әшекейдің сәндігі үшін ғана емес, оны тақса көз-сұқтан да сақтайды деп түсінген.
Қазақ халқы ежелден күмістің адамға игі әсер ететін айырықша қасиеті бар деп білген. Күміс жүзік тағумен ғана шектелмей, нәрестені шомылдырғанда суға күміс теңге тастап: «Баланың күні күмістей жарық болсын» деп жоралғы жасаған.
Көз сұқтан сақтану үшін арнайы жасалатын тұмарлардың басқа әшекейлердің киелі қасиеті онша емес, алайда олардың да тартымды әрі сәнді жасалуына баса көңіл бөлген. Кәдімгі сырғаның өзінің де әуелден кісіге медеу беретін киелілігі бар деп қабылданады, ежелгі замандардан бері қарай оны қыздарға бала жастан тағатын болған.
Сақина мен жүзіктің де киелілігі мен қасиеттеріне сену ғұрпы Шығысқа кең тараған түсінік. Әдетте, бұл халықтар әйелдің қолында не жүзігі, не сақинасы болуы керек деп санап, ол болмаған жағдайда оның дайындаған тағамын арам деп білген. Қазақ арасында да «тамақ адал болуы үшін, қолда жүзік болуы керек» деген мәтелдер сақталған. Әйелдің жасы ұлғайған сайын әшекейдің түр-сипаты да өте көп өзара пайымданады. Тіпті келе-келе кілт немесе теңгемен алмастырыла салатын шолпы да, әйелдердің үнемі тағып жүретін әшекейі саналады. Халық арасында «Адам жанының бір ұшығы шаш арасын мекендейді» деген наным сақталып келгендіктен, қоңыраулы, сылдырмақты шолпыны шашқа бәле- жаланы маңайлатпайды деп ырымдап таққан.
Әшекейлердің кейбір жекелеген бөлшектерінің де белгілі бір мән-мағынасы болған. Мәселен, жыланның стильдендірілген бас пішінін тұрпаттайтын металданып жасалған жылан бас та жебеуші, ықпал етуші ретінде саналған.
Әшекейдің көп тараған түрінің біріне, әдеттегіше, бір-бірімен шашақтала дәнекерленген сымдар арқылы көлбей жасалған қоңырау, конус пішіндес қозалардан тұратын, құлаққа сыңғырлаған қоңырау үнін әкелетін салпыншақтар жатады.
Шығыс пен Орта Азияның басқа халықтары секілді қазақтар да үзбелі салпыншақ сылдырымен жын-шайтандарды үркітіп тұрады деп түсінген.
Сенім-ырым сипаттағы әшекейлердің бір түрі - садақ оғының ұшы, жебесі, жай секілді сылдырмақтары бар әшекей салпыншақ. Бұл әшекейдің қорғаушылық қасиетіне сенім өткен замандарда бабаларымыздың байырғы сақ жауынгерлерінің садақ жебесін тауып алып, қасиетті бойтұмар ретінде тағумен байланысты.
Әшекей арқылы тұтынған кісіге жақсы ырым мен сәттілік тілеудің кейбір түрлері бұйымның нұсқасы мен өнері арқылы да меңзеген. Ұрпақтың көбеюі, өсу идеясы түтікше мен үшбұрышты бөлшектен құралатын бойтұмарда да бар.
Көбею, өсу символын бұйымдарын білдіретін бұйымдар қатарына балық бейнелеген сәнді тоғалар мен қапсырмалар да жатады. Құс түрінде немесе өрнектелген бүркіт бейнесінде жасалған қаусырмалы тоғалар, Құс мұрын өрнегі үлгісінде жүзіктер де өрістеу, өркен жаю идеясын білдіреді. Батыс Қазақстан өңірінде жиі ұшырасатын, екі жастың бас қосу ынтымағын білдіретін, қос қанатты етіп, қомақты жасалатын құдағи жүзіктерді бойжеткен ұзатқан ана қызының жаңа түскен босағасындағы құдағиына жаңа түскен келініне сүйеніш болуын, сыйластықта өмір сүруін ниет етіп сыйлайды.
Арнайы қоңырқай түске келтірілген бұйымдарға қошқар мүйіз үлгісінде түсірілетін рулық таңбалар, кескін салынатын өрнектің кең етек алған бір түрінен салынады. Қошқар мүйіз өрнегінің қорғағыштық мағынасымен қатар, байлық ұғымын, мал басының молаюын білдіретін де мәні бар. Мүйіз түрінде болып келетін өрнектердің әуелгі сенім-ырым мағынасы қолөнерінің бүкіл түрлеріндегі өрнектік компазицияның құрылу жүйесіндегі белгілі бір мәндік-мақсатты білдірсе керек.
Мысалы, жиек өрнектері көбіне көп мүйіз өрнегі ырғағында ұшырасады, бұл, сірә, сол шаңырақты ішкі, сыртқы пәледен сақтау, байлық, бақытқа жетелеу ұғымын білдіру ниетінен туындаса керек. Көбею, өсу рәмізі - ромб-әшекейдің келісімділігін жинақылайтын сәндік элементтерінің негізгілерінің бірі, әрі әшекейдің құрамды бір бөлігі болып табылады. Ромб тәрізді өрнектік композицияларға да негіз бола алады.
Қазақтардың ұғымынша, көкөністердің өркенін белгілеу өзінен тарайтын ұрпақтың көп болуын тұспалдайды. Сондықтан да, өрнектің бұл ырғақтары тойларда киілетін өңіржиекте, сәукеледе көп ұштасады. Космогониялық өрнектерде де толып жатқан жақсы сенім-ырымға негізделген түсініктер бар. Айды тұрпаттау нышандары сырғаларда (ай сырға), топсалы қапсырмаларда (айшық өрнегі), былғары белдіктің жағасында (қара алаланған өрнек түрінде) молынан ұшырасады.
Әшекейлердің күн іспеттес үлгіде (шеңбер, қос шеңбер, орама шеңбер, ырғақты шеңбер, ұлама шеңбер) ұшырасады, тіпті кейбір жүзік, ілгіш, тұтқыш, қапсырма, түйе секілді сәнді бұйымдардың тұтас тұрқының өзі күн бейнесінде жасалады.
Мұнымен қатар, дәстүрлі әшекейлердің бойында діни ұғымның кең мағынасымен қатар, жеке кісінің иелігін немесе оның жас мөлшерін, шыққан тегін, өскен ортасын білдіретін қасиеттер де байқалып тұрады. Заттың иесінің кім екендігін негізінен бұйымның қандай материалдан жасалғандығын, үстіне таққан әшекейлерінің сан-сапасынан, жасалу техникасының күрделілігінен және жеңілдігінен, көркемдігінің асқақтығы мен олқылығынан байқауға болады.
Мысалы, бай-бәйбішелердің зергерлік әшекейлері тұтасымен алтыннан қалыпталып, асыл тастарда көз қондырылады, материалына сай ісі де, көркемдік шешімі де жоғары бағаланып келеді. Егер бай әйелге зергерден бір жаулықты толық қанағаттандыратын әшекейлерді тұтасымен бір-ақ соғып беруін талап ете алса, кедей кепшіктің бұйымдары қолына кездейсоқ себептермен түскен заттардан ғана тұрады.
Әшекейлердің көптеген белгілеріне қарай әйелдердің жас мөлшері де айқындалатын болған. Жас қыздардың сырғалары мен жүзіктері түр жағынан өте қарапайым жасалатынн. Бойжете бастаған сайын қыздың зергерлік бұйымның да түрімен тұрпаты әдемілене, әшекейлене түседі. Тұрмысқа шыққаннан кейін олардың әшекейлері де бірте-бірте қарапайымдана бастайды. Қазақта қыз баланың балаңдық белгісі немесе неке құрғандағын аңғартатын белгілері де кездеседі.
Әшекейлердің түрлі шолақ тұйықталуынан жергілікті айырмашылық белгілерінің нақышы білінеді. Зергерлік бұйымдарынан белгілі бір төңіректегі тұрғындардың эстетикалық талап-талғамына сай дәстүрлі жүйеге түскен, әдеттегі үлгіге айналған жергілікті стильдік белгілер де байқалады. Мұндай тұрақты, бір жердің өзіне тән төл ерекшеліктері эстетикалық тығыз байланысты, әрі сол қалыпқа түскен көркемдік дәстүрдің негізінде туындаған.
Уақыт озған сайын зергерлік бұйымдардағы әшекейлердің сенімдік-нанымдық сипаты көмескіленіп, бірыңғай сәндік бағыт алуы белең алған. Енді әшекейлерден эстетикалық және сән салтанаттық белгілер ерекше мән ала бастайды. Дәстүрлі киімдер көркемдік сипаты тұрғысынан толық шешімін тауып, ал зергерлік бұйымдар әйелдер киім-кешегінің құрамды бөлігіне айналған; жасаулы, өрнектелуі, түзілімі тұрғысынан бірыңғай сипаттағы ұлттық зергерлік бұйымдардың шоғыры қалыптасты.
Сәндік әшекейлері жиынтығының композициялық арақатынасы ғасырлар бойы түрлі өзгерістерге еніп, озық бейне, жүйелі қалыпқа түсті. Әшекейлердің бейнелік тұрқында кейбір жергілікті қолданбалар өз әсерін тигізгенімен, жалпы алғанда, оның құрамы бүкіл Қазақстан үшін негізінен бірдей. Әсіресе әшекейлер бірін-бірі толықтыра келе өте жарасымды көрінеді.
Бас киімдер көбіне зергерлік әшекейлермен, қапсырмалармен, асыл тастармен сәнденіп, екі қапталы маржан, інжу, лағыл тастарының ұсақ моншақтарымен көмкеріліп, аралары күмістен жасалған үйлесімді бұйымдармен әшекейленеді.
Тойға арналған сырт киімдерге күміс теңгелер мен асыл тастар тағылып, лағыл көзді қапсырмалар қонымды жапсырылады. Киім кешектердің жиектері маржан және інжумен, жағалықтары күміс қапсырмамен көмкеріліп, былғары белдіктер мен аяқ киімдері алтын күміспен зерленеді. Әйелдердің бүрмелі көйлектерінің жиектері маржан, інжумен тепшеліп, күміс қапсырмалармен көмкеріліп, былғары немесе пүліш белбеулермен, аяқ киімдері күміспен әсемделеді.
Кеудеге алқа, құлаққа сырға, шашқа шолпы, білекке білезік, саусаққа жүзік тақты. Киім үшін тікелей қажетті болып табылатын түйме, қапсырма секілді заттар да сәндік, әсемдік міндетін атқарды. Сөйтіп, жаңа түскен келін осылайша көз сұғын алар күміске, көз жауын алар асыл тасты үлде мен бүлдеге оранатын. Осы тұрғыда зергерлік әшекейлер әйел затының тылсымдылығын одан әрі тартымды ете түсіп, той болған ортаны сұлулықпен,сүйкімділікпен толықтыра аша түседі.
Әйелдерге арналған зергерлік бұйымдар:
1.Алқа.
2.Балдақ.
3.Белбеу.
4.Білезік.
5.Жүзік.
6.Күміс оймақ,
7.Қапсырма.
8.Қолтықша.
9.Құлақ тазалағыш.
10.Өңіржиек.
11.Сақина.
12.Сәукеле.
13.Сырға.
14.Тана.
15.Тұмарша.
16.Түйме.
17.Түйреуіш.
18.Тіс шұқығыш.
19.Шашпау.
20.Шекелік.
21.Шолпы.
Білезіктер сыртқы түрі мен жасалу әдісіне қарай былай аталады: қос білезік, бес білезік, жұмыр білезік, бұрама білезік, топсалы білезік, көзді білезік, қолқа (қуыс) білезік т.б.
Ежелгі Египетте мөрлі жүзік тараған, оның көзінде оюлап салынған суретте жазу болған; қол қою орнына соны басқан. Бұрындары біздің хан, би, ру басыларымызда да құсмұрын түріндегі аты-жөні жазылған жүзіктер болған, олар да оны мөр орнына пайдаланған. Жүзіктердің көзіне көбінесе гауһар, лағыл, жақұт, құбыл тәрізді асыл тастар қондырады.
Асыл тастардан көз қондырылғанын «жүзік» деп, тасы жоқ, тек алтын, күмістің өзінен ғана көз шығарылғанын «сақина», көзі жоқ шығыр түріндегісін «балдақ» деп атайды. Жасалу мәнеріне қарай немесе көздеріндегі тастардың атымен «алтын жүзік», «күміс жүзік» деп, сақиналар құсмұрын, түйетабан, жүрекше т.б. болып аталады.
Ерлерге арналған зергерлік бұйымдар:
1. Кемер белбеу.
2.Кісе.
Зер салынған оқшантайлы, қынды былғары, қайыс белбеуді кісе деп атайды. Былғары сыртына кейде алтын, күміс әшекей орнатады. Этнографиялық коллекциялардың құрамына XIX- ХХ ғғ. жасалған қазақтардың және Орта Азия халықтарының зергерлік бұйымдары енеді. Жинақтама қазақ халқының және
Орта Азия халықтарының өзіндік дәстүрлі мәдениетін сипаттайды. Коллекция әйел және ер адам әшекейлерінің толық кешенін құруға мүмкіншілік береді.
Қазақтың шебер зергерлері зергерлік өнердің терең техникаларын меңгерген: қалыптау, түртпе, шекіме, ширатпа, құю, қаралау, сіркелеу, эмальдау және көбіне әйел әшекейлерін жасаған. Әшекей бұйымдар алтын, күміс және бағалы тастардан дайындалды. Әшекейлер қазақ әйелінің өмірінде маңызды рөл атқарады. Әшекейлер адамның әдемілікке, бақытқа деген сенімділігін арттырды. Адамдар олардың жамандықтан, қайғыдан, сәтсіздіктен сақтайтын күшіне, қасиетіне сенген. Сондықтан да қазақ қыздары туылғаннан өмірінің соңына дейін өзінің жасына және әлеуметтік деңгейіне тән әшекейлер таққан.
Қазақ ұлттық киімінің ажырамас бір бөлігі ер және әйел адамдардың былғарыдан, барқыттан, жібек матадан жасалған белдіктері. Салтанатты киімдерге арналған белдіктерді жасатуда тапсырыс беруші қымбат маталарды беруден аянбаған, ал шеберлер барлық уақытта шеберлігімен жұмысқа кіріскен. Әсіресе қалталы, пышақ салатын қыны, шақша салатын салғышы бар ер адамның салпыншақты белдіктері әдемі болды. Салпыншақтар кейде тек сәндік рөл атқарды. Мұндай салпыншақтар «оқшантай» деп аталады.
Зергерлік әшекей бұйымдардың ішінде әркелкілігімен ерекшеленеді. Жүзік пен сақинаның қасиеттеріне сену шығыс елдерінде кең тараған. Әрбір әйел адамның қолында сақинасы не жүзігі міндетті түрде болу керек, себебі оның жүзігі болмаса дайындаған тағамы таза емес деп есептелген. Сақина үш-төртеуден күнделікті тағатын әшекей болып есептелді. Қазақ халқында осыған байланысты мынадай мақал бар: «Тамақ адал болу үшін, қолда күміс жүзік болу керек» [47, 48].
Зергерлік бұйымдар көбіне мақпал, жібек маталардан жасалған. Ер адамдардың белдіктері сияқты, әйел адам белдіктері де металл шытыралармен, сонымен қатар түрлі бағалы тастардан көз қондырып әсемдеген. Хас (нефрит) тасын пайдаланған. Қазақ халқы хаспен (нефритпен) әсемделген киім адамды найзағайдан сақтайды деп есептеген.
Шекелікті салтанатты жағдайларда тағатын болған. Ол бас киімнің бауына немесе самай шашқа бекітілетін болған. Шекеліктер бірнеше бөліктерден тұрады, әрі оларға тағылатын әшекейлер үзбелі болып келеді. Шекеліктер үшбұрышты, гүл жапырақшасы тәрізді және басқа қалыпта да жасалатын болған. Сонымен қатар селдір суыртпалардың күрделі үлгіде жасалған салпыншақтары да өте тартымды көрінеді. Басты ерекшелігі күнді бейнелейтіндігі, бір–бірімен арасы сымжелі арқылы ұласатын қос шеңберлі жалпақ суыртпақтар барынша сәнді болып келеді.
Сырға үнемі тағып жүретін әшекейдің бірі. Оны ертеректе тұмар ретінде тағатын болған. Сырғаның түрлі үлгілері мен нұсқалары көп. Әсіресе өрнекті, жалпақ түрлері көп тараған. Бұл нұсқадағы сырғаға кейде ішкі жағы ойық болып келетін «ай сырғалар» жатады. Сымнан жасалған шығыршық сырғалардың құрылымы күрделі болғанымен әр қилы. Тас қондырылған сырғалар болса, адамдарды өзіне реңдік үйлесімі арқылы тартады.
Өңіржиек – жастарға тән әшекей. Алғашқы рет 12 – 13 жасқа келгенде таққан және 30 жасқа толғанда, отбасындағы жас әйел адамдарға сыйлау арқылы мүлде шешетін болған. Өңіржиек түрлері Батыс Қазақстан облыстарында кең тараған, қазақ әйелдерінің салтанатты жиындарға тағатын әшекей бұйымы болып есептеледі. Ол ұзына бойы бірнеше жалпақ тік төртбұрышты немесе трапеция тәрізді бөлшектерден құрастырылған. Оны әсемдеуде бүршіктеу, қалыптау, оюлау және кей кездерде алтындау тәсілдерін қолданған. Бөлшектер бір-бірімен әрленген шынжырлармен жалғанып, ең соңғы бөлшегінің жиектері салпыншақтармен әсемделген. Өңіржиекті бүршіктеу арқылы өрнектеп, көбінесе ромб және үшбұрышты етіп жасаған. Қазақтың зергерлік өнерінде – ромб ұрпақ жалғасын, өмірлік жақсылықты білдіреді.
Өңір әшекейлерінің келесі бір түрі «тұмарша», «бойтұмар» болып есептеледі. Балаға жаңа туылған кезден бастап таға бастаған. Мысалы құстың немесе аңның тырнағын күміске бекітіп, әсіресе сіркелеу және ақық тастармен безендіріп жас баланың қолына немесе аяғына байлаған, тақиясына тіккен. Сөйтіп, бұл болашақ әйелдің ең алғашқы әшекейінің бірі болды.
Тұмарша, бойтұмарлар – күмістен жасалған, іші қуыс ыдыс және ол үшбұрышты, төрт бұрышты, түтікше формасында жасалады. Оны кеудеге шынжырлар арқылы мойынға тағып жүрген. Тұмардың бетін қырнап, қаралап, алтын жалатып әсемдеген. Төменгі жиектерін маржан тастармен немесе металл салпыншақтармен әшекейлеген. Тұмарлар ішіне қағазға жазылған Құран сүрелерін сақтап жүрген. Оның тіл көзден, пәле–жаладан қорғайтын қасиетіне сенген.
Шолпы– жас қыздар шаштарының бұрымына тағатын әшекей. Ол көптеген шытыралармен немесе күміс тиындардан құралған бір-біріне үш немесе төрт қатар шығыршықтар арқылы бекітілген, өрнектелген әшекей. Тұрмысқа шыққан әйелдер тек бірінші жылдары ғана тағатын болған, ал кейіннен шаштарының бұрымын маржан тізілген жіптермен немесе баулармен өретін болған. Шолпы шашты өргеннен кейін ұшына тағылады. Ол шаштың түбіне бекітіліп, ұзына бойы шаштың ұшына дейін қоса өрілген. Сонымен қатар ол шаштың сұлулығын және қалыңдылығын байқатады.
Білезік әдетте сыңар қолға немесе екі қолға екеуін, кейде бір қолға екеуін бірден тағатын болған. Білезіктің тұтас және құрамды бөліктерден тұратын түрлері де бар. Екі–үш бөліктен құралған, ашпалы-жаппалы білезік түрін топсалы білезік немесе қақпақ білезік деп атаған. Көптеген жағдайларда сәнділік үшін түрлі–түсті көз қондырған, ширатпа, бұрмалау арқылы бұйымның формасына әр келтірген. Өткен ғасырларда қазақ әйелдерінің киімдеріне зергерлік әшекейлер де кірген. Олар негізінен таза күміс не болмаса күмістің басқа заттармен қосылған қоспаларынан жасалған. Оларды жасауда соғу, құю, басу, қалыптау, оюлау, қара жүргізу, әсемдеу, зерлеу сияқты техникалық әдістер қолданған болса, әшекейлеу үшін бағалы тастар: ақық, інжу, жақұт, лағыл және түрлі-түсті шыны тастарды пайдаланған.
Қазақ халқы ежелден күмістің адамғ игі әсер ететін айырықша қасиеті бар екенін білген. Жас нәресте туғанда шомылдыратын суына күміс теңге тастап: "Күнің күмістен жарық болсын" - деп жоралғы жасайтын. "Тамақ адал болсын десең, қолыңда күміс жүзігің болсын" - деген тағы бір мәтел бар. Сондықтан әр қазақ әйелі қолына сақина не жүзік таққан екен.
Қыз бала дүниеге келісімен әке-шешелері тіл-көзден сақтау үшін әртүрлі әдемі әшекейлерді зергерлерге әдейі арнатып жасататын болған. Әсіресе, қыз баланың құлағына міндетті түрде сырға салатыны айқын. Өйткені, ел аузында: "Қыз баланың сүндеті, құлағының тесілуі, әйтпегенде о заманда жылан теседі" деп айтылыпты. Қыз балалардың әшекейлері бала негізінен тұрмысқа шыққанша көбейе де, көркейе түссе, тұрмысқа шығарында арнайы әшекейлер жасаттырыпты. Нәрестелі болғаннан кейін, біртіндеп жасының ұлғаюына байланысты әшекейлерінің түр сипаты да қарапайымдана түседі.
Орта Азия мен Қазақстанның зергерлік бұйымдарын зерттеуші Н. Г. Борзнаның классификациясы бойынша, қолданылуына байланысты әйелдердің әшекей бұйымдары төрт негізгі түрге бөлінеді.
-
Басқа тағылатындар.
-
Мойынға және кеудеге тағылатындар.
-
Әшекейлі белдіктер.
-
Аяқ-қол әшекейлері
Бұлар өз тарапынан тағы бірнеше түрге бөлінеді. Музей қорындағы зергерлік бұйымдар жиынтығы одан көп емес, барлығы 144 болса, соның ішінде білезіктердің жалпы саны 75, сақиналар 42, қапсырмалар 10, 4 тұмар, 13 сырғаның түрі бар. Өкінішке орай, өңіржиек, шекелік, шашбау, шолпы, сәукеле әшекейлері музей қорына табылмай жүр.
Өлкемізде тараған зергерлік бұйымдардың өзіндік ерекшілігін басқа облыстармен салыстырсақ, айқын көре аламыз. "Шығыс Қазақстан шеберлерінің қолынан шыққан әсем заттар қарапайымдылығымен, формаларының айқындығымен, стилінің ықшамдығымен көз тартады". ("Қазақтың зергерлік бұйымдары" 5-бет Алматы, 1981 жыл). Мысалы, білезіктер жиынтығын алып қарасақ, олар формасы жағынан жұмыр, ою-өрнегі аса күрделі емес, ашық өрнектелген не болмаса, сағат білезіктерді қарасақ, олардың да бетінде біраз оймыш өрнектер немесе арабша кімге арналып істелгені жөнінде жазулары бар.
Зергерлік бұйымдар да белгілі бір жанұялық қатынастарға байланысты жасалып, сыйға, естелікке қалдырылған.
Күміс өте қымбат бағаланғандықтан, ол әркімдердің қолына түсе бермеген. Жасатылуға берілетін зат арзанға түсу үшін, әркім өз күмісін әкелуге тырысқан екен. Егер табылмағанда, зергершінің материалынан жасаттырып, оған не ақша, не болмаса заттай бір нәрсе беріпті.
Зергерлік өнер – ерте заманнан келе жатқан, әрі халыққа көп тараған сәндік және қосалқы өнердің бір түрі. Алтын, күміс, асыл тас және сүйекті пайдаланып, сән салтанат үшін әшекейлі жиһаз, қыз-келіншектердің сәндік бұйымдарымен қару-жарақ, сауыт-сайман, ер-тұрман зергерлеу өнері болған. Оған тас, сүйек, металл, бояу, былғары сияқты материалдар кең түрде пайдаланылған. Заттарға зергерлік бейне жасау, сондай-ақ бедерлеу, қалыпқа салып қысу бір затқа бір затты оюластыру, кіріктіру, қақтау, күмістеу, термелеу, өру, бұрау, тоқымалау, әбзелдеу т.б. әдістер жетерлік. Оңтүстік, Орталық Қазақстан, Сыр бойы, Жетісу аймақтарындағы обалар мен қорымдардан табылған көне заман бұйымдары (Түркістандағы Қожа Ахмет Иассауи мешітіндегі тайқазан, Семей музейіндегі Бөгембай батырдың айбалтасы, Алматы облысы Есік қаласынан табылған мәйіттің алтын киімі, т.б.) зергерлік өнердің қазақ жерінде ертеден өркендегеніне айғақ.
Зергерлік өнерді халық өнері деудің мәнісіне келсек, жасалған сәнді бұйымды баяғыда бір ұста жасап, безендірген, өз заманында оның аты-жөнін халық білген, бірақ көп ғасырдан кейін оның аты ұмытылып, жасаған бұйымы халықтікі болып кеткен. Шебер түрлі материалдарды өңдеу үшін құрал-саймандарды пайдаланып, өз қол күшімен көп еңбек етіп, сәнді бұйымдар жасаған.
Қолөнерімен айналысқан ұсталар, көшпелі елмен бірге көшіп-қонып жүріп, шебер ісімен өз өнерлерін ілгері дамытып отырған. Бұл ұсталардың құрал-саймандары көлемі шағын, сандары аз ғана болғанымен, олардың жасаған сәнді бұйымдары ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып, өшпестей із қалдырып, бүгінгі күнге жеткен.
Қазақ зергерлері негізінен әйелдердің сәндік әшекей заттарын (сырға, білезік, жүзік, сақина, шолпы, алқа, қатырма, шашбау, т.б.), ұсталары – батырлардың қару-жарақтарын (айбалта, көксүңгі, алдаспан, дулыға, кісе, қорамсақ, садақ, шоқпар), шеберлері – үй іші мүліктерін (кебеже, жүк аяқ, ағаш төсек, асадал, адалбақан, зерлі аяқ), аңшылық жабдықтар (томаға, тұғыр, балдақ, оқшантай), музыка аспаптарын (асатаяқ, қобыз, домбыра, сыбызғы, дауылпаз, сазсырнай) әсем жасай білген. Қазақтың зергерлік заттарында жан-жануарларға байланысты мифтік ұғымдағы өрнек түрлері (қошқар мүйіз, түйе табан, таңдай), көкөніс өрнектер (жапырақша, гүл, сабақша), ұласымды өрнектер (ырғақ, сағақтау, айқас), геометриялық өрнектер кездеседі.
Зергерлік өнердің туындылары жауға-айбар, жақынға мақтаныш, аруға-ажар, жігітке-жігер беретін болғандықтан батырлардың ерлігіне, ақындардың тапқырлығына, жүйріктердің бәйгесіне сыйға тартылатын болған.
Қазақтың қыз-келіншектерін ажарландыра түсу үшін, оларға арнап алуан түрлі әшекейлі бұйымдар жасаған. Олардың ішіндегі ең көрнекті де қымбаттысы – сәукеле. Сымбатты сәукеленің бағасы ХХ ғасырдың бас кезінде 1-2 мың сом күміс ақша немесе жүз мың жылқының құнымен бағаланған.
Қазақ әйелдерінің ең көп тұтынатын бұйымы – білезік. Ол көбінесе жұмыр, төрт қырлы және ширатпалы болып келеді. Білезіктің ашылып жабылатын түрі де болады. Әйелдерге арналған әсем бұйымның бірі – жүзік. Оның үстіңгі бетіне әр түрлі тастардан не өңді әйнектерден ою-өрнек жүргізіледі.
Жүзікке көбінесе күмістен көз, балдақ, құс тұмсық орнатылады. Соған орай көзді, балдықты, құс тұмсық жүзік деп аталады. Сондай-ақ мөр жүзіктер де болады. Әйелдерге және ерлерге арналған сақиналар да соғылады. Күміс сақиналар көбінесе шапқымен шикіліп, бізбен ғана безіледі. Беті көлемді құдағи жүзіктер де істеледі. Әйелдер құдағи жүзігін көбінесе келіндеріне, не қызының біріне мұра ретінде сыйға тартқан. Шебер ұсталар сақина мен жүзікке есімдерді де өрнектеген.
Аса қадірлі жүзікке Мұхамедтің атын жазған. Қазақ әйелдеріне арналған көркемдік бұйымның тағы бір түрі – сырға. Сырғаны көбінесе бойжеткен қыздар құлаққа тағады. Сондықтан сырғалар әсем де жеңіл жасалады. Сырғаның ай, айшықты, тұмар қозалы, салпыншақты, тас алтын, күмісті, қоңыраулы, күмбезді т.б. түрлері болған.
Қазақтың бойжеткендері шолпы таққан. Шолпының ызған не кестелі бауға тағып, шашпен бірге өріп қойған. Жас әйелдердің көп қолданылған әсем бұйымының бірі – шаш қалта. Оны тана моншақпен безендіріп өрген шашты соған салып қояды.
Қазақ әйелдерінің ең жеңіл бұйымдарының бірі - алқа. Ол бір-бірімен шығыршық арқылы жалғасады және бірнеше төрт бұрыш, үш бұрыш, дөңгелек әшекейлерден көрініп тұратын болғандықтан асыл тастармен өңді әйнектермен безендіріледі. Мойынға тағатын әшекей заттың бірі – бой тұмар. Оны ертеде әйелдер ғана емес, еркектер де тағатын болған. Тұмар іші қуыс, әдемі былғарыдан тігіліп, ою-өрнектеліп күміс шынжырмен мойынға асып алады.
Адамды пәле-жаладан, тіл-көзден сақтау үшін оның қуысына қасиетті дұғаны қағазға тығып қояды. Әйелдер мен еркектер үшін істеліп, көп тұтынатын заттың бірі – түйме. Шебер зергерлер бойжеткен қыздың немесе батырдың түймесін алтын, күміс, мыс т.б. металды қолданып, әшекейлеп, оюлап жасайды.
Дөңгелек, үш бұрыш, төрт бұрыш түймелер істелген. Түйменің сабағы, сағағы жоғын тона деп атайды. Қазақ зергерлері қыздар мен келіншектердің ісмер, шебер болуы үшін және қолды жарақаттап алмауы үшін оларға арнап әдемі оймақтар жасаған. Оймақ көбінесе күміс пен мыстан өрнектеліп, ине тоқтар жері көп шұқыланып бейнеленген.
Оймаққа өте жіңішке күміс бау да тағылған. Оймақ былғарыдан да жасалады. Оны матадан көйлек, камзол т.б. іш киімдер тігуде қолданады. Қазақ келіншектерінің ең әдемі, ең көп қолданған әшекей заты – түйреуіш. Әсіресе, кербез әйелдер алтындаған, күмістеген және оқшантайлы белбеу буынған.
Шалдардың белбеуі – кісе деп
аталған. Кісенің жанында кездік, шақпақ салатын қалташығы болады.
Қазақтың кісе туралы айтылатын қара өлеңінде «Көрінер кісем сұлу»
деген өлең жолынан кейін кездесетін «оқшантайымен, шығыршығымен,
қыныменен, оюымен көксауырымен, былғарымен, дән-дәнумен, іскегімен,
пышағымен» деген сөз тіркестері кісесінің қаншалықты көркемдігін,
неден істеліп, қалай әшекейленгенін, нендей қосымша пайдаланатын
құралы барлығын білдіреді. Қазақ әйелдері алтындаған, күмістеген,
әрі жіңішк0е әрі жібекпен шеккен, шығыршықты ілмекті үзбелі белбеу
тұтынған. Оның қалай және неден істелгенін, қалай әшекейленгенін,
нендей қосымша пайдаланатын құралы барлығын білдіреді.
Оның қалай және неден істелгеніне байланысты «шығыршықты белбеу»,
«мақпал белбеу», «дүрия белбеу» т.б. аттары бар. Қазақтың ерлері
белбеуіне әдемі қылмен, күміс сапты пышақ
байлаған.
Ал балалар кездік таққан. Батырлар қанжар асынған. Еркектердің тағы бір асыл заты – насыбай шақша. Шақша киіктің, ешкінің мүйізінен жасалатын болған. Оған күміс инелермен ою-өрнек орнатып әшекейлеген. Әдемі жасалған насыбай шақшаны бесті ат берік сатып алған. Қазақтың еркектері мен әйелдеріне ортақ бағалы бұйымның бірі – ер тұрман. Әсіресе, әйелдердің ер-тұрманы көркем де қымбат келеді. Оны күмістеп, ою-өрнектеп, әшекейлеп, сырлап жасаған.
Ердің алтындаған, күмістеген, айшықталған жезбен өрнектелген түрлері болған. Ол көбінесе қалыңдыққа баратын жігітке немесе ұзатылатын қызға арналып жасалады. Осындай көркем ердің бағасы он ірі қараға жеткен.
Ұлдарға атқа мінер кезде арнайы ер-тұрман істеп, нағашы жұрты сыйға тартатын болған. Оны ашамай ер деп атайды. Қорытып айтқанда, қазақ шеберлері жасаған зергерлік бұйымдар біздің ата-бабаларымыздың он саусағынан өнері тамған, өздері сері, жандары сұлу болғанын паш етіп, ерекше дәлелдей түседі.
Сақина мен балдақ саусаққа салынады. Олар негізінен, әйелдер жиһазы болып саналғанымен, ерлер қолына салатын да сақиналар бар. Сақиналар әшекей мәнеріне, көздерінің бейнелеріне қарай былай деп аталады:
-
Тасты сақина.
2. Моншақты сақина.
3. Кавказ сақина.
4. Құсмұрын сақина.
5. Ырғақ сақина.
6. Бұрамалы сақина және т.б.
Сақиналар көбінесе сом күмістен соғылады. Қазақ шеберлері сақина, сырғалардың көздеріне дайын күйінде сатып алынған мынандай әсем, қымбат тастарды пайдаланады:
1. Теңбіл тас
(сланец пятнистый).
2. Су тас (хрусталь).
3. Көк тас (малахит).
4. Құлпырма тас (перламутр).
5. Құбыла тас (александрит).
6. Дүбіржат (изумруд).
7. Жақұт (яхонт).
8. Лағыл (рубин).
9. Жарқырауық тас (самоцвет).
10. Гауһар (бриллиант).
11. Ақ тас.
12. Янтарь.
А.Машановтың 1962 жыл-ғы 14 қаңтарда «Социалистік Қазақстан» газетінде жазуы бойынша, янтарь – күн сәулелі тас, әдемі тастарды бір кездері «кереметті тас» санаған. Халық нанымында асыл тастардың кейбіреуі адамға құт әкеледі, жаңбыр шақырады, тіл-көзден сақтайды. Ал, янтарьдың ғажайып сипатын грек ғалымдары осыдан 2500 жыл бұрын білген көрінеді. Оны парсы тілінде Хахруба (өзіне тартқыш) деп атайды екен.
Янтарь тегінде бір түрлі ағаштың сорғыған шайырынан шығады. Оның ішінде құрт, құмырсқа, қоңыз сияқты жәндіктердің денесі тірі қалпын сақтап қалып та қояды. Бұл жөнінде М.В. Ломоносов тіпті, «Қабырың хандардан да артық екен», - деп, янтарь ішінде қалып қойған шыбын-шіркейге арнап өлең де шығарған.
Қазақ тілінде сақинаға байланысты көптеген атаулар қалыптасқан. Олар мынандай:
1.Ақық сақина – кішкентай ақық
қондырылған сақина.
2.Алтын сақина – таза алтыннан жасалған.
3. Балдақ сақина – сақинаның саусақ үстіне қараған беті төртбұрыш
болып келетін түрі.
4. Бұрама сақина – алтын, күмісті есіп жасайды.
5. Жез сақина – саусаққа салу үшін емес, қамшы, найза, пышақ, қылыш
сабын бекіту үшін жасалады.
6. Кавказ сақина
– қара- ала өрнекті
сақина түрі.
7. Күміс сақина – таза күмістен құйып жасайды.
8. Қола сақина – қоладан жасалған арзан сақина.
9. Моншақты сақина – моншақ қондырылған сақина.
10. Құсмұрын сақина – үсті дөңестеу келген сақина түрі.
11. Мыс сақина – мыстан жасалған ортан қол сақина.
12. Неке сақинасы – жас жұбайлардың үйлену тойында бір-біріне
сыйлайтын сақинасы.
13. Сақинек – пышақ, қылыш т.б. құралдардың сапа жетесі сұғылатын
жерін қысып тұру үшін мыс не күмістен жасалатын балдақ, мойнақ.
14. Сіркелі сақина – бетіне ұсақ түйіршіктерден сірке өрнек салған
сақина.
15. Тасты сақина – тас, шыны орнатқан сақина.
16. Темір сақина – темірден жасалған тығыршық,
сақинек.
Сақинаның бауыры жүзікке қарағанда жалпақтау келеді. Сақина мен балдақты жүзік деп те атай береді. Ерлер сақинаны бір қолына ғана салады, әйелдер барлық саусақтарына екі-үштен қосарлап сала береді.
Қазақ салты бойынша қыз шешесінің құдағиына сыйлайтын, қос дөңгелекті, үсті тұтас қомақты, асыл тастардан көз қондырылып, алтынмен қапталған қымбат бұйым–құдағи жүзік. Ол кәдімгі қос балдақ жүзікке ұқсас болғанымен, одан көркем, ерекше жасалынған. Қыздың шешесі құдағи жүзікті зергерге әдейі тапсырыспен жасатады. Екі жастың қатар тұрған қос балдақ, сақина тәрізді қартайғанша бірге өмір сүруін тілейтіндігінің белгісі ретінде сыйға тартады. Бұл бұрын бұлжытпай орындалатын салттардың бірі болған.
Құдағи жүзіктің бауырында екі саусаққа бірдей кигізетіндей қосарланған екі сақинасы болады. Оның беті асыл тас, түсті шынымен, алтындалып әсемделеді. Кей жерлерде ұзатылған қыздың енесіне бір жылдан соң тарту етіледі. Себебі, құдағи жүзік жаңа түскен келінге шын мәнінде аналық қамқорлық жасаған енеге берілуге тиісті. Бір жылдың ішінде кіші, үлкен енелерінің қайсы аналық қамқорлық көрсете білді, ол өзінен-өзі анықталатын ақиқат. Құдағи жүзікті оң қолдың ортаңғы саусағына кигізгенде, оның төрт саусақ сыртын түгелдей жауып тұруы шарт.
Сақина – естелік, сыйлық, тіпті, мұралық белгі. Халқымызда қалыптасқан дәстүр бойынша, ас адал болуы үшін оны дайындайтын, дастарханға қоятын, шай құйып беретін әйелдің саусағында міндетті түрде сақина болуға тиіс. Көбінесе әйелдерге күміс сақина тағу ұсынылады. Алайда алтын сақина тақса да айып емес. Оның да жақсы әсері бар. Сол себепті қазақтар «Сақинаны сәнге салмайды, ол – тазалыққа таразы», «Сақина сәнге жатпас, айқай әнге жатпас» дейді. Сөйтіп, сақинаның тек сәндік қана емес, гигиеналық та қызмет атқаратынын аңғартады.
Иә, біздің данагөй халқымыз сақина соғылатын күміс, алтынның таттануға ұшыра-майтынын, олардың судың, тамақтың тез бұзылмауына септігін тигізетінін, денсаулыққа жағымды әсер ететінін тым ерте байқап, білген. Көп адамның естерінде болар, жас келіншек нәрестесін шомылдырарда, жаялығын жуарда, тамақ дайындарда ауылдағы қарт әжелеріміздің оған: «Қолыңа күміс сақинаңды салып ал, ол тазалыққа, адалдыққа жақсы» деп айтып отыратыны.
Тіпті, нәрестені қырқынан шығарарда, оны шомылдыратын суға да күміс теңгелерді немесе күміс, алтын сақинаны, білезікті салмайды ма? Бұл – әлгі зергерлік заттарды сәбиді қырқынан шығарушы әйелдерге арналған сыйлық қана емес, халқымыздың сондай асыл заттарды қасиетті санауынан қалыптасқан дәстүр де. Мұның сыртында тілімізде: «сақинасы ұстап отыр», деп басы ауырған әйелді, «сау басына сақина тілеп алды» деп тектен-текке дау-жанжалға қалған адамды айтады. Ал, «сақинасы сынық» деп бойжеткеннің қыз емес, әйел екендігін білдіреді. Тұрмысқа шыққан қызды да «сақинасын сындырған» деп айтады.
Неке сақинасын алмастыру дәстүрін, болжам бойынша, мысырлықтар ойлап тапқан. Сақинаның дөңгелек формасы (қалпы) – мәңгілік жұптар арасындағы шексіз бақыт пен махаббатты білдіреді. Той күні қонақтардың күйеу жігіт пен қалыңдыққа жақындауы (қол тигізулері) бақыт әкеледі деп есептелген. Өйткені, бұрынғы наным-сенімде бұл күні қос аққудай жарасқан қалыңдық пен күйеу жігіт құдайдың шапағатына бөленеді-мыс...
Еуропалықтар жас босанған ананың саусағында міндетті түрде неке сақинасы болуға тиіс деп ырымдаған. Олардың түсінігінше, сақина қиналмай босануға көмектеседі. Ал, енді Скандинавия елінің ырымына назар аударсақ, мұнда қаралы жанұя мүшелеріне (кәмелетке толғандарға) 40 күнге күндіз-түні саусағынан бір сақинасының үзілмеуі (алынбауы) бұйырылады. Олай болмаған жағдайда, марқұм көңілден кетеді, ұмыт болады, ал ұмыт болса, марқұмның рухы, аруағы қайта оралып келіп, ұйқыға кеткенде сақина тақпағанды қинайды, тұншықтырады. Скандинавиялықтар соған сенеді, солай деп ойлайды.
Сақина – жүзікке байланысты бүкіл халыққа кең тараған, әдет-ғұрыпқа айналған ырым-жоралғылар бар. Ол көбінесе неке сақинасына байланысты. Осы ырым-жоралғыға жүгінсек, жүзік (неке сақинасы) сөз жоқ, жұп-жұмыр, кедір-бұдырсыз, әрі көзсіз болғаны шарт. Ол – жас жұбайлар кедергісіз өмір сүрсін, бақыттары сол сақинаның дөңгелегіндей шексіз, таусылмайтын болсын деген ырым.
Жүзік – сақина жөнінде медицинада түрлі сенім, болжам, ырым-жоралғылар көп. Белгілі ғалым рефлексотерапевт М.И.Анисимовтың тұжырымы бойынша (Ресей Шығыс медицинасы Орталығының төрағасы болып тұрғанда жасаған мәлімдемесі бойынша, М.С.) қалың, ауыр немесе тар сақиналармен саусақтарды «жазалауға» (қинауға) болмайды.
Әр саусақта – бүйрек, бауыр, өт, жүрек, жүйкеге тікелей байланысты жүйке нүктелерін дөп басып, жүзік-сақиналар бүкіл қан-тамыр жүйесіне оң әсер ете алады. Мысалы, сұқ саусақтың нерв (жүйке) нүктелері жүйке ауруын жазған. Сондай сақинаны ұдайы ең кіші саусаққа киіп жүрсе, адамға артесклероз, гипертония кеселдерін қондырады.
Мұны М.И.Анисимов өзінің ғылыми негізде көп зерттеу арқылы анықтағанын жазады. Бүгінгі медицина (оның ішінде Шығыс медицинасы) сақинаның бәрін де түнде шешіп жатуды, тіпті, жылына 1 (бір) ай сақина тақпай жүруді қуаттайды, ақыл-кеңес ретінде ұсынады.
Жалпы, гректердің түсінігінде өлген адам жерленгенде, оның өнбойында сақина, сырға, алқа қалып қоятын болса, олардың сағасында, ығында жын-шайтан, дию-перілер де қалып қойып, о дүниеде марқұмды азаптайды – мыс. Әрине, гректер бұған сенеді.
Ислам дінінде мұсылмандық некелесу кезінде екі жастың некесін қиюшы имам, найб имам, молда күйеу жігіттен жұбайына нендей сыйлық тартатыны жөнінде сұрағанында ол күміс, алтын сақина, жүзік алып беремін деп те уәде беріп жатады. «Әс-сахих» кітабында Әл-Бұхари пайғамбарымыз-дың қалыңдығына не сыйлау керек екенін сұраған адамға: «Сақина сыйласаң, темірден соқтыр» дегеніне куәлік етеді.
Жалпы, әйелдерге әсемдік бұйымдарының рұхсат етілуі олардың жаратылысынан әсемдікке, әдемілікке құмарлығы мен соған сүйіспеншілігінен, деп түсіндіреді дағуатшылар. Алайда, әйелдер сақина, жүзік тәрізді әсем әшекейлерді ер адамдардың назарын өзіне аударту үшін тақса, олардың бұл ісі –харам. Шариғат білгірі Юсеф әл – Кардауидің айтуынша, әйелдер тағатын әсемдік бұйымдардан ерлер үшін мыналарға тыйым салынған:
- таза алтын мен жоғары сапалы
алтыннан соғылған құнды бұйымдар;
- табиғи және асыл жібектен тігілген
киімдер.
Әлидің (Аллаһ Тағала одан разы болсын) куәлігінше, пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) сол қолына жібекті іліп, оң қолына алтынды алып: «Мұның екеуі де менің үмбеттерім үшін харам дүние», - депті. (Хадис Ахмедте, Әбу Дәуітте, Әл - Нисанда, Ибн Хаббанда, Ибн Мәджиде кездеседі және «әйелдеріне ғана рұхсат» деген сөз қосылған). Омар (Аллаһ Тағала одан разы болсын) былай депті: «Мен Пайғамбарымыздың «Жібекке оранбаңдар, өйткені бұл дүниеде оны кигендер о дүниеде кимейді» дегенін өз құлағыммен естідім» (Хадис Әнистен алынған). Алла елшісі ер адамдардың жібек киюі туралы «Мұндай киім ер үшін жаратылмаған» деп пікір айтқан.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір ер адамның қолындағы алтын сақинаны көріп, саусағынан алады да жерге тастайды. Сосын: «Егер осы тұрғандардың біреуі мынандай жанған шоқты пайдаланатын болсаңдар, оны алақандарыңа салып көріңдер», - депті. Алла елшісі кеткен соң қасындағы кісілер жаңағы адамға: «Сақинаңды алсаңшы, қайырын көресің ғой», - десе әлгі: «Болмайды, бауырлар, ол сақинаны пайғамбар жерге тастағандықтан, мен оны көтермеймін!», - деп жауап берген екен (Хадис Мүсілімнен алынды).
Шариғат білгірі Юсуф Әл – Кардауидің түсіндіруінше: «Алтын сақинаға көзқарас Ислам тәртібі бойынша, алтын атаулының бәріне – қаламсап, сағат, оттық, сауыт, тіс қабы т.б. заттарға да қатысты. Күміс әшекейлер де ер адамдарға жат. Әл-Бухаридің куәлігінше, Омар (Аллаһ одан разы болсын): «Алла елшісі қолындағы күміс сақинаны суырып, Әубәкірге, ол Омарға, одан Оспанның қолына көше-көше, ақыры Аркс суына батты» деген екен» (Хадис Әл – Бухаридің «Ким кітабында» келтірілген).
Иә, Ислам ер адамға алтын, күміс әшекейлерді тағуға, жібек киім киюге тыйым сала отырып, оларды байлыққа, дүние-мүлікке құмартуға, әйелдердей сәнденбеуге тәрбиелейді, адамгершілік, қайырымдылыққа шақырады. Расында да саусақтарын, мойнын алтын сақина, алқамен жарқыратып, аузындағы тістерін алтындап, қолына бірыңғай алтын заттарды ұстап жүрген ер адамның әйелге ұқсап кетуі, ер мінезділіктен айрылуы, дүниеқоңыздылыққа салынуы әбден мүмкін ғой.
Жалпы, сақина таққанда есте болатын бір жағдай: ер адамдардың қолына бетінде теңіз қарақшыларының жалауында болатын белгідей (өлген адамның бас сүйегі мен бір-бірімен айқасқан қос қылыш) мәнері бар, соған ұқсас, яғни, түрлі жын-шайтанның суреті бедерленген сақинаны тақпағаны жөн.
Өмірде өзіміз куә болған бір оқиға: бір кісі қайтыс болғанында өлген адамның бас сүйегі мәнерленген сақинаны қолына тағып алған бір жігіт марқұмның мәйітінің басында, оған арнап берілген аста әлгі жүзігін қолынан шешпей аруаққа қол жайып, тамақ ішіп отырды. Иманжүзді қазақ баласына жараспайтын-ақ жат қылық. Сақина тағудың сыры да мол, әйелдер үшін сауабы да мол. Тек олар өзіне қажетті сақинаны таңдай білсе болғаны.
Сақина – саусаққа салатын
зергелік бұйым. Жүзікке қарағанда сақинаның бауыры жалпақтау болып,
көбіне бетіне тас қондырылмайды.
Ертеде халқымыз ас адал болуы үшін әйелдің қолында міндетті түрде
сақина, не жүзік болуы керек деп санаған. Тіліміздегі «Сақинаны
сәнге салмайды, ол – тазалыққа таразы», «Сақина сәнге жатпас, айқай
әнге жатпас» дегендей ұғымдар сақинаның тек сәндік қана емес,
гигиеналық қызмет те атқарғанын дәлелдейді. Мұның өзі халықтың
сақина соғылатын күміс не алтынның таттануға ұшырамайтынын, судың,
тамақтың тез бұзылмауына септігін тигізіп, денсаулыққа жағымды әсер
ететінін ертеден-ақ аңғарып, байқағанын көрсетсе
керек.
Күні бүгінге дейін ауылдық жерлерде жас келіншек нәрестесін шомылдырар алдында, яки баланың жөргек-жаялығын жуар алдында оған сол үйдің үлкендері (енесі, не абысыны) «Қолыңа сақина салып ал, (ол) тазалыққа тән болады» деп ескертіп отырады. Олай болса нәрестені қырқынан шығарғанда, оны шомылдыратын суға алтын, не күміс сақина немесе білезік салу дәстүрі оларды соған қатысып отырған әйелдерге сыйлық ретінде үлестіру үшін ғана емес, осындай асыл бұйымдарды қасиетті санаудан, тазалыққа мән беруден де шыққан сияқты.
Тілімізде сақинаға қатысты бірсыпыра атаулар бар:
Ақық сақина – кішкентай ақық қондырылған сақина.
Алтын сақина – таза алтыннан соғылған сақина.
Балдақ сақина – сақинаның саусақ үстіне қараған беті төртбұрыш болып келетін түрі.
Бұрама сақина – алтын, күмісті есіп жасаған сақина.
Жез сақина – саусаққа салу үшін емес, қамшы, найза, пышақ, қылыш сабын бекіту үшін жасалған мыс шығыршық.
Қапқаз сақина – қара ала өрнекті сақина түрі.
Күміс сақина – таза күмістен соққан, не құйып жасаған сақина.
Қола сақина – қоладан жасай салған арзанқол сақина.
Құсмұрын сақина – үсті дөңестеу келген сақина түрі.
Моншақты сақина – моншақ қондырылған сақина.
Мыс сақина – мыстан жасалған ортақол сақина.
Неке сақинасы – жас жұбайлардың үйлену тойында бір-біріне сыйлаған сақинасы.
Өткерме – сақинаның жергілікті тілдегі атауы.
Сақинек – пышақ, қылыш, т.б. құралдардың сапқа жетесі сұғылатын жерін қысып тұру үшін мыс, не күмістен жасалатын балдақ, мойнақ.
Сіркелі сақина – бетіне ұсақ түйіршіктерден сірке өрнек салған сақина.
Тасты сақина – тас, шыны орнатқан сақина.
Темір сақина – темірден жасалған тығыршық, сақинек.
Тіліміздегі «сақинасы ұстап отыр», «сау басқа сақина салды», «сау басына сақина тіледі» деген тұрақты сөз тіркестері өзіне өзі істеді, азап, ауру тілеп алды деген мағынада жұмсалады. «Сақинасы сынық» фразалық сөз орамы қыз емес, әйел деген мағынада қолданылады.
«Сақинасын сындырған» деген тіркес тұрмысқа шығып,кейіннен ажырасқан дегенді білдіреді.
3.6 Зергерлік бұйымдардағы қолданбалы графика
Графика grapho-жазамын, сызамын, сурет саламын деген мағынаны білдіретін сурет пен көркемдік шығармалардың баспа түрі. Графика блогының міндеті: әр түрлі графикалық мәнерлеу құралдарын – сызықты, штрихты, дақты, тон-пішінді, екі өлшемді жазықтықта көлемді, пропорцияны, фактураны кеңістікте орналасу күйін беру арқылы көруге және бейнелеуге үйрету.
Графика суретшілер іс-әрекетінің өте кең және саналуан шеңберін қамтиды, оның кескіндемеден ерекшелігі, ол күнделікті өмірде барлық жерде кездеседі. Кітаптағы иллюстрациялар, газет бетіндегі суреттемелер мен кестелер, түрлі заттардың сыртқы орауыштарын безендіру, көшедегі көшедегі хабарландыру – бәрі график суретшілердің туындылары. Графика өнерінің кейбір түрлерінде түрлі-түстер де пайдалынады, бірақ оның ролі, әдетте шектеулі, қызметтік дәрежеде ғана болып қалады.
Дизайн – көркем сурет және сәулет өнерінің өнеркәсіп бұйымдарының ең үздік үлгілерін жасау және заттық ортаны үйлестіру шараларын қамтитын бағытының атауы. Дизайн қызметінің ерекшелігі – әсем әрі көркем жасалған тұтыну заттары мен бұйымдардың қоршаған ортаға лайық үйлесімін жүзеге асырып, ұдайы олардың жаңа үлгілерін ойлап табу.1928 ж. АҚШ-та пайда болды.
Терминдік атауы жаңа болғанымен, оның негізі ерте замандарда-ақ қалыптасқан. Мысалы, қазақ халқының қолөнер бұйымдарының (қобыз, домбыра, сандық, ожау, торсық, қару-жарақтар, сәндік әшекейлі бұйымдар, т.б.) қайталанбас түрлері этнодизайндық үлгіде жасалған. Безендіру өнерінде де дизайнның әдіс-тәсілдері мен тәжірибесі кең қолданылады. Дизайн өнері заман талабына орай үнемі өзгеріп, дамып отырады.
ТМД елдерінде, соның ішінде Қазақстанда дизайн өнері 1960 жылдан бастап жүйелі түрде қалыптасып, дами бастады. 1987 ж. Қазақстан Дизайнерлер одағы құрылды. Дизайн өнері қазіргі өскелең тұрмыстық жағдайлар мен талап-сұраныстарға байланысты жаңа сипаттарға ие болуда. Жарнама, плакаттар, кітап безендіру, өндіріс бұйымдарын жасау, жиhаз бұйымдарының жаңа үлгілерін өмірге әкелу, т.б. қазіргі заманғы кәсіптердің дамып-жетілуі дизайн өнерімен тығыз байланысты.
Ұлттық этнодизайн да өзіндік қолтаңбасы бар өнер ретінде заман талабына сай даму үстінде. Әр халықтың алдыңғы қатарлы салт-санасы, ғылыми көзқарасы, демократиялық ой-пікірлері, озық тәжірибесі мен әдет-ғұрпы, мәдениетімен санаса отырып мәселені шешу керек. Бұнда ертеден қалған құндылықтарды этнодизайыннан іздестіруге болады. Этнодизайн әр халықтың дизайнын жасауда теориялық-әдіснамамен және технологиямен қамтамасыз етеді. Бірыңғай пластикалық және көлемді пластикалық өнер арқылы дизайн теориясын шешу мүмкін емес. Бұнда көркем-графикалық сауаттылықпен қатар, идеялы адам құндылығы бірге жүруі керек[42,43].
Бүгінгі дизайынды жасауда, оның тұтас тарихи жағдайына шолу жасаудан барып, дизайнер мамандарын даярлаудың теориялық-әдіснамасын негіздеудің мазмұнын жасауға болады.Сабақтастық пен жаңаша қарау диалектикасы, шығармашылықта алға ұмтылуда өткенге шолу жасап, оны жаңаша қоғам талабында құру. Елуінші жылдары философтар Ю.Н.Давыдов,Э.В. Ильенкова, К.М.Кантора т.б. эстетикалық көзқараста сын көзбен қарады. Эстетиканы өнер теориясы ретінде қарап қоймай, ал өнерді нақты жағдайды білдіретін форма ретінде қабылдамаған.
Табиғи көркем шығармаға белсенді ісәрекетке негізгі ден қойыла басталды. 1957 жылы «Декоративтік өнер» журнал басылымға шықты. Оның тұғырында авторлар бірігіп, дизай, техникалық эстетика, өндірістік өнер, көркемөнер өндірісі, қолданбалы өнер т.б. материалды мәдениеттің теориясы мен практикасын және тарихы бойынша мәселелер көтеріп, жұмыстар атқарды.
Дизайн мамандарын даярлаудың теориялық-әдіснамасын негіздеудің мазмұнын жасауда, оның шығу тарихына тоқталып кету керек. Алпысыншы жылдары жалпы дизайынның теориясы ғылым және жоба негізінің байланысында идеялық концепциясы қалыптастырылған.
Ғылымда дизайн -мұқият талдаумен және нақты біліммен байланысады . Біз студенттерге аталған бағытта білім бере отырып, оның интеллектуалдығы (түйсінуі, талдауы, ұғынуы), эмоционалдығына (сезімі, шабыты, қиялы, интуициясы), рационалдығы (ақыл-ойы, білімі, іс- тәжірибесі) жатқызамыз. Жалпы қорыта айтатын болсақ: Бүгінгі таңда дизайнның теориясы мен технология пәні мен міндеттері, оның мазмұны қарастырылуы керек.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев өзінің 2003 жылғы 4 сәуірде Қазақстан халқына арналған Жолдауында «Біз өз мәдениетіміздің құндылықтарын сақтай отырып, байыппен алға жылжи беретін боламыз» деп, атап көрсеткен болатын.
Қоғамдағы болып жатқан бетбұрыстар, саяси көзқарастар аясында қазақ елінің тарихын шынайы тұрғыда танып-біліп, салт-дәстүріне рухани мұрасына қасиетпен қарау ерекше маңызға ие болып отыр. «Болашақ - өткен тарихты білуден басталады» дейді, Баласағұн бабамыз, ал әлемнің екінші ұстазы атанған Әл-Фараби: «Халық өткен өмір тарихын білмесе, өзінің өмір сүріп жатқан дәуірінің қадірін бағалай алмайды» - деген екен.
Олай болса, тарихқа, тарихи бастауларға, мәдени мұраларымызға қаншалықты терең үңілсек, қоғамдағы қазіргі жағдайды соғұрлым жақсы түсінетін, білетін боламыз. Сондай қажеттіліктің бірі – халықтың қолөнері. «Өнерден қуат алмаса, тіршіліктің шырағы өшеді» деп, М.Әуезов айтқанындай, өсіп келе жатқан ұрпағымызға өз халқының өнерін бойына сіңіріп өсу – педагогтердің қазіргі кездегі кезек күттірмейтін мәселесі. Еліміздің белгілі ойшылдары Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, М.Жұмабаевтар жастар тәрбиесіне еліміздің рухани негізіндегі байлығын, халық мұраларын, салт-дәстүрлерін жиі пайдалану қажеттілігіне көп көңіл бөлген. Мектеп қай халықтың болсын ұлт ретінде жойылып кетпеуі үшін қызмет етеді. Өйткені ол сол халықтың төл мәдениеті, тілі мен салт-дәстүрін сақтап, одан әрі дамытудың алтын көпірі.
Қазақстан мектептері де ұлттық асылдарымыз бен қазыналарымызды сақтап, дамытудың кепілі. Қай заманда да ұлттық өрлеудің, халықтық қалыптасудың ең негізгісі, бірінші шарты – білім.
Ал шынайы білім беру – ұлттық сананы қалыптастыру мен дамытудың басты құралы. Н.Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік «Білім» бағдарламасында: «балалармен мен жастарды тәрбиелеудің ең көкейкесті мәселелері ретінде, білім мекемелерінде Білім алушылардың этностық-мәдени ерекшеліктерін ескере отырып тәрбиелеу, білім берудің тиімді жүйесін жасап, өмірге ендіру» қажеттігі атап көрсетілген.
«Қазақтар - тек ою-өрнек әлемінде өмір сүретін сияқты» деп, академик Әлкей Марғұлан айтқандай, халық мұрасындағы ұлттық өрнектердің үйлесімді реңдерінде ата-бабаларымыздың тұрмыс-салт дәстүрі бейнеленгені шындық. Халықтың тарихын, шежіресін, географиясын, мінезін, ерлігін дәл бейнелейтін ою-өрнек құдіретті өнер. Бұл өнер халықтың болмысымен бірге туып, бірге қайнасып келеді.
Қазақтың ұлттық қолөнерінің өсу жолы, өзіне тән даму тарихы бар. Ол тарих сонау көне замандардан басталады. Қазақстан жерінде бұрын-соңды жүргізілген археологиялық зерттеулердің нәтижесінде анықталлған.[1] Түркілер ою-өрнекті айрықша қастерлеген халық. Қолөнер халықтың ұлттық мұрасы.
Қолөнер қашанда заман, өмір ағымымен бірге туындап, дамып, мәдениеттердің үлгілері дәлел бола алады. Кең байтақ Қазақстан Республикасы жерінде ертеден қалыптасқан көне мәдениеттің тікелей мұрагері ғана емес, сол дәстүрді дамытушы, жаңғыртып байытушы. Кеңес өкіметіне дейінгі қазақ халқының қолөнерінің дамуын этнографиялық тұрғыда зерттеудің ғылым үшін маңызы өте зор. Өйткені, қазақ халқының қолөнері – жалпы алғанда халық мәдениетінің ішіндегі негізгі саласы.
Мыңдаған жылдар бойы еңбектенген жүздеген жүйрік ойшылдардың тырысқандығына қарамастан, әлемде өте терең сырлар мен соншалықты асқақ ойлар жатыр. Әлі де болса оларға терең бойлағанымыз жоқ, сондықтан да шығармашылық ізденістер мен жаңалық ашу қуанышы әрі қарай жалғасуда. Сондай-ақ Қазақстанның болашағы, келешекте мемлекетіміздің дүние жүзінде алдыңғы қатарлы, өркениетті елдердің бірі болуы, өркендеп өсуі, ілгері дамуы – келешек ұрпақтың қолында.
Сондықтан да мемлекеттің жан-жақты дамуына қомақты үлес қосу. Қазіргі қыл қалам иелері, суретшілеріміз байырғы қазақтың ою-өрнек өнерінің үлгілерін жетік білмесе, ұлттық шынайы өнер туындысын тудыра алмайды. Өнердің барлық саласы адамға этно-мәдени қызмет атқарады. Сонау, жазу-сызу шыға қоймаған ерте заманда өз ойын тасқа, сүйекке, ағашқа ойып-қашап түсіріп отырған.
Қазіргі қолөнер саласындағы «ағаш ою-өрнегі» деген сөз сол ерте заманда қалыптасқан ұғым. Демек, бұдан да қазақ халқының ою-өрнек өнері де осы тұста басталғанын білеміз. Ғасырлар бойы екшелеп, көркемдік сапасы артып, күні бүгінге дейін жеткен қолөнер қазіргі заманмен ұштасуда.
Халық шеберлері жеке адамның ғана мұқтажын өтеп қойған жоқ, ұлттық өнерді дамытуға ерекше үлес қосты. Қазақтың ертедегі бізге беймәлім шеберлерін былай қойғанда, ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қолөнер дәстүрін жалғастырушылар: Жүсіп, Махамбет, Әбдіғали, Шаяхмет, Сейтен, Аяған сияқты халық шеберлерін атауға болады. Қолөнерді өрбітуге елеулі үлес қосқан шеберлер Мырзахмет Елікбаев, Хамза Жанбосынов, Садық Ыбыраев, Ғани Ілиясов, Омар Нұржобаевтардың есімдерін ерекше атай аламыз. Құрбан Аманжолов ақсақал зергерлік өнердегі кәсіби шеберлігімен таңғалдырса, Сәлима Әзірбаева тоқу өнерімен есімін республикаға паш етті.
Әбдіқас Тәжімаратовтың «Шебердің қолы ортақ» атты еңбегінде халық шеберлері өнерімен толығырақ танысуға болады. Қолөнердің қазіргі жай күйі туралы айтқанда, оны дамытуға ерекше үлес қосып жүрген Дәркенбай Шоқпарұлының мектебін атауға болады. Әсіресе, Б. Сарыбаев пен Д. Шоқпарұлының ерең еңбегі мен ерекше ынтасының арқасында қайта қалпына келген Алматы қаласындағы Ықылас атындағы қазақтың ұлттық музыка аспаптары мұражайындағы аспаптарды айрықша атап, мақтан тұта аламыз. Халық шеберлерінің мектебін жалғастырушы Д. Шоқпарұлы туындыларын ұқсатып жасаумен қатар әрі этнограф зерттеуші ретінде оқырмандарын халықтың қолданбалы өнер түрлерімен сусындатып келеді. Соңғы кездері музыка аспаптарын жасап, дамытуда озық жетістіктерге қол жеткізіп жүрген жас буын шеберлер Ж. Тұрдығұлов Н. Абдрахмановты атауға болады.[2]
Республиканың әрбір азаматының байырғы қазақ халқының дәстүрлі өнері және оның бүгінгі өркендеген деңгейі жайлы танымдық түсініктері болуы шарт. А.Янушкевич өзінің еңбегінде қазақ ауылдарының салт-санасы, әдет-ғұрпы, шаруашылық кәсібі туралы өзінің ой-пікірін білдіреді. Онда көшпенділердің өзіндік мәдениеті салт-дәстүрі бар, шешендік, ақындық өнерге келгенде «ақыл-ой тапқырлығы» жағынан Европаның ең мәдениетті деген елдерінен де асып түседі деп дәріптеді[42,43].
Қазақтың қолөнерін, ас беруі мен ат баптауын, ойын-тойын, ақындар айтысы сияқты әдет-ғұрыптарын терең сипаттап сүйсіне сөз еткен. Сондай-ақ, В.В. Радлов «Түрік көшпенділері» атты еңбегінде қолөнер кәсіпшіліктеріне бірінші кезекте қазақтардың ағаштан жасаған заттарын айту керек болады. Әлбетте қазақтар өздері тұтынатын бұйымдарды әзірлеумен шектелмейді. Олар ағаштан киіз үйдің керегесін, уық, шаңырақ, есік, сандық, ас үйдің саймандарын: ожау, құмыра, шелек жасайды, сондай-ақ піспек пен ер-тоқым жасауды айта кеткен жөн.
Қажет болған жағдайда әрбір қазақ осы бұйымдардың кез келгенін жасай алады, алайда осы заттардың бәрін мейлінше шеберлікпен жасайтын әрбір рудың өз ағаш ұстасы бар. Бұйымдардың көп бөлігі қолдан ойылады, ал оюлар мен құмыралар қарапайым токарлық станокта жасалады. «Өнер түрлі елде мол, өнім сыры жерде мол» дегендей өнер түрлері халықпен жасай береді қазіргі кезде де бай мұраларына жаңаша сипат беріп, оларды жасаудың технологиялық әдістерін ел арасында таратып жүрген шеберлер бар. Солардың бірі – 69 жастағы М.Әшірбайқызы. Ол жүннен жасалатын үй жиһаздарын жасауды жастар арасында насихаттап келеді. Сондай-ақ «Кестелі орамал» (1998 жыл), « Әлем әжелер көзімен» (2002 ж.) деген жарыстардың бірнеше лауреаты болып, дипломдармен марапатталған. Қазақ елі шебер, ісмер адамдарға бай екендігін ешкім жоққа шығара алмайды.[3]
Бауыржан Момышұлының мына ойы еске түседі. «Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім, енді қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам. Екінші, немересіне ертегі айтып беретін әженің азаюынан қорқам. Үшінші, дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді. Оның қолына қылыш берсе кімді де болса шауып тастауға даяр. Қолына кітап алмайды. Үйреніп жатқан бала жоқ, үйретіп жатқан әже, әке жоқ» деп зиялы азамат кезінде мұңайған екен. Қазіргі кезде өз өнерін баласына, қызына үйретіп, кілем тоқып, ұршық үйірумен айнылысып отыратын апалар, әжелер азайған тәрізді. Сондықтан баланы қолөнерге баулу және оны қызықтыру үшін ең алдымен оған үлгі алатындай жағдай туғызып, қазақ қолөнерінің әсемдік құпиясын ашып көрсету қажет. Қазақтың ұлттық өнердегі эстетикалық талғамды дұрыс өз мәнінде түсіндірудің маңызы зор. Қазақ халқының қолөнерінде өрнек ерекше орын алатыны белгілі. Біз өрнек өнерін көркем шығармашылық өнері ретінде қабылдаймыз.»[4]
Қазақтың ою және өрнек деген қоссөзі бірге келіп, латынша орнамент деген ұғымды білдіреді, мағынасы – сәндеу, әсемдеу. Ойылған, кесілген, тілінген, қиылған оюды екінші бір затқа жапсырып, жымдастырып, желімдеп әшекейлейді, әсемдейді, түрлендіреді. Ою күнделікті тұрмыста үй жиһаздарын: сырмақ, сандық, кебеже, киім-кешектерді, қабырғаларды безендіруге қолданылады. Осындай бағытта бір бұйым жасамас бұрын білім алушыларларға ою-өрнек түрлерін, оюдың мән-мағынасын, тарихын тереңірек түсіндіру қажет. Өйткені бала қандай оюды қолданатынын білу керек және оларды дұрыс таңдай білуі қажет. Халықтың өмір сүру ерекшелігі мен тұрмысын көп жағдайда кәсіпшілігінің дамуы айқындалып отырады. Жоғарыда айтылып кеткен тұрмыс бұйымдарының бәрі өте-мөте қажетті заттар болып қана қойған жоқ, сонымен қатар, адамның өміріне де көрік беретін. Шебер оларды жасай отырып өзінің арманын, түрлерін дамыту ойдағыдай емес.
Зергерлікке даярлау жүйесінде талдау жасау, жаңа жүйенің қайта жаңғырту, қалыптасу кезеңдері де болады. Ал, бейнелеуге және зергерлікке даярлау процесі қазіргі заман мәдениетіне сай болып келуі үшін алдымен, оған жан - жақты талдау жасауы оның дамуын айқындап, жаңа үлгілер мен жобаларды жасауға негіз қалайды. Сұраныс пен материалдық жағдай, сондай-ақ Білім алушыларды бейнелеуге және зергерлікке даярлаудың міндеттері, мазмұны, тәсілдері мен ұйымдастыру түрлернің әр кезеңге тән өзіндік ерекшіліктері болады. Бұл орайда ғылыми - техникалық революция және осыдан туындайтын барлық әлеуметтік - экономикалық өзгерістер алдыңғы орынға шығады. Білім алушыларды бейнелеуге және зергерлікке даярлаудың ерекшеліктері мен табиғаты сол елдің жағрапиялық жағдайы мен саяси құрылымына, ғылымы мен дініне және ұлттық дәстүрлеріне байланысты болып келеді де, заң актілерімен бекітіледі. Ал, Білім алушыларды бейнелеуге және зергерлікке даярлаудың алға қойған мақсаты білім алушыларның қабілет-қарымы, дағдысы, бейімділігі және маман болып қалыптасуға деген құлшынысымен өлшенеді. Жалпы Білім алушыларды зергерлікке даярлау құрылымы даярлық, бағдарлау, үйірмелерге қатысу т.б. болып жалғаса береді.
"Зергерлік өнер" интегративті білім саласы ғылыми - жаратылыс, гуманитарлық - технологиялық, жалпы адамдық және мәдениеттік мәселелерді қарастыруға қолайлы келеді. Себебі, жалпы мектептерде оқытылатын интегративті пәндерде Білім алушыларды өмір сүру рамкасында белсенділігін арттыруға даярлаудың мүмкіндігін тудырады. Біздіңше, қазіргі заман мәдениетін екі жақта қарастыруға болады.
Біріншісі - материалдық, екіншісі - рухани. Бірақ талап бойынша білім саласында адам өміріне қажетті болашақтық зергер жайында ақыл - ой, сезімдік әркеттері жүйесін қалыптастыру; жанұя шаруашылығы мен экономикасын жүргізуге қажетті білім мен іскерлікті таныстыру; қазіргі өндіріс негіздерімен, қызмет көрсету әдістерімен таныстыру; Білім алушылардың өз бетімен шығармашылық жұмыс жүргізе білуін дамыту; нарықтық экономика, менеджмент, маркетинг салаларына қатысты негізіг ұғымдарды меңгеру және оларды өз өнімдерін іске асыру мен қызмет көрсетуде қолдануға мүмкіндік беру; бұйымдарды еңбек объектісі ретінде пайдалана алуға және сәндік қолданбалы өнер негіздерін кәсіпке оқыту мазмұнын ескеру қажет болып саналады. Себебі мұнда кәсіптік оқытуға байланысты "Зергерлік тарихы", "Композициясы", "Ақпаратты технологиялық машиналары", "Зергерлік бұйымдарын конструкциялаудың дәстүрлі емес әдістері", "Зергерлік бұйымдарын сәндеу технологиясы", "Зергерліктің түрлерін тану", "Зергерлік бұйымдар", т.б. тарауларына аз көңіл бөлінген.
Мәдениет - халықтың шығармашылығы. Мәдениет дегеніміз - адамның өзін, қоғамды, әлеуметтік қатынастарды жасау процесі. Адамдық әрекет шеңберіне қамтылған қоғамдық функцияларға: пайдалыға, қажеттіге, әдеміге, ыңғайлыға айналып біздің тіршіліміздің сәні болады. Білім алушыларды зергерлікке даярлауда педагогикалық әдебиеттерді зерделеу арқылы Білім алушыларды ыждаһатты, жігерлі және жан - жақты дамыған тұлға етіп тәрбиелеу және оқыту үрдісі барысында білім алушыларлар даярлығының қолданбалы экономикалық жағын күшейту мәселелері ескеріледі.
Қазіргі уақытта әлеуметтік және қоғамдық өмірде болып жатқан елеулі өзгерістерге байланысты бұл тақырып әлі де болса тереңірек зерттеуді қажет етеді. Соның бірі, жастарды тіршілік иесі ретінде сыртқы сұлулыққа тәнті болып қана қоймай, оның ішкі мазмұнына ерекше мән адам тұрғысының барлық жағына қатысы бар мәселелер және зерттеу жұмысымызда ҚР Елбасы Н.Назарбаевтың 5-сәуірде Қазақстан халқына жолдауында атап көрсетілгендей "Жастарды өз халқының тарихи мұраларын сақтау және оларды оқу - тәрбие үрдісінде септігін тигізетін білім мазмұныда ескеріп отыру қажет"- жолдауы да ескерілді.
Себебі, ертеден - ақ данагөй қариялар жас ұрпаққа ата - баба дәстүрін қасиетті танымдары мен сенімдерін баян етті. Сонымен қатар, шабу, жону, кесу, шекімелеу, өрнектеу тәсілдеріне баулыды. Қорыта келгенде, халық тәжірибесіндегі бала тәрбиесі бір - бірімен тығыз байланысып отыратын екі мақсатқа бағыттадық.
-
Баланы зергерлікке үйрету барысында оның қабілет - икемін, дағдысын дамыту.
-
Зергерлік үстінде бала бойына халықтық ізгі қасиеттерді сіңіріп, дарыту. Бұл екі бағыт бір -бірімен жалғаса отырып, тәрбиенің барлық түрлерін қамтиды.
Осы мәселелер бойынша жинақталған мағлұматтарды талдай отырып мына өзекті мәселелер алдан шығып отыр.
1. Зерттеу барысы айқындаған қанағаттанарлық сапаға көтеріле алмауының бірден бір себебі: білім алушыларларға ұлттық қолданбалы қажетті оқу материалдарының және дидактикалық құралдарының жеткіліксіздігі;
2. Жалпы қолданбалы өнер саласында түсініктері бар, бірақ ол түсініктер өте үстірт және ұлттық өнер табиғатының мазмұнымен, мәнімен үйлесім таппайды, әрі Білім алушылардың шығармашылық ой-қиялы мен талғам өрісіне ықпал етпейтін жағайда жүргізіліп, нақтылы көркемдік білім көздерін айқындауға дұрыс көңіл бөлінбеген;
3. Ұлттық тәрбие беру ісінде халық педагогикасының озық үлгілері мен қолданбалы өнердің ұлттық дәстүрлері тиімді қолданылмайды.
4. Осы жүргізілген жұмыстарға ой қорытып тұжырымдасам жалпы білім алушыларларға қазіргі бейнелеу сабағында ұлттық өнерді оқытудың тиімді әдіс-тәсілдеріне жататындар мыналар:
Білім алушыларды халықтың өнеріне сендіру, оның арнаулы түрлерін оқытып үйрену;
- ұлттық өнердің жасалуы мен орындалу жолдарына жаттықтыру, дағдыландыру;
- халық өнерінен үлгі өнеге алу және еліктеу;
- Білім алушылардың ұлттық шығармашылық сезімдерін көтермелеу және дамыту, ойлау мен танымдық қабілетін қалыптастыру.
Қазақ халқының қолөнерін білім алушыларларға үйретудің маңызы мен мазмұны. Қазіргі таңда мектеп білім алушыларларын еңбек тәрбиесіне баулу арқылы өз ұлтымыздың ұлттық қолөнеріне үйрету -оқу-тәрбие үрдісінің өзекті мәселелерінің бірі. Білім алушыларды өнерге баулу, өз елін, жерін, халқын сүю, салт-дәстүрін бағалай білуге үйретеді. Қолөнерді жасап байыту арқылы адамның жан дүниесі, ақыл-ойы, ой-қиялы, іскерлігі, шеберлігі, тапқырлығы, талаптылығы, ұқыптылығы, байқағыштығы артып, дамып отырады. Сондықтан ғасыр бойы тарих жолымен дамып, оның ұлттық қадір-қасиеттерін жоймай, бойына сіңіріп келе жатқан қазақтың ұлттық өнері күнделікті өмірімізде кеңінен қолданылып келеді. Қазақтың әрбір ұлттық өнері өзінің сипатымен емес сұлулық сырымен, сәніменен ерекше көзге түсіп, өз мағынасын жоймай сан ғасырлық тарихтың үлгісін сақтап келеді. Қазақ халқы өзінің ұлттық өнерін эстетикалық талғамның көрсеткіші ретінде бағалап, ауыз әдебиеті үлгілерінде де әсемдікке баулу, сұлулығын сүйсіне білуге тәрбиелеу мақсатында айшықты сөз өрнегімен суреттеп те отырған. Халық педагогикасы-тәрбие жөніндегі халықтың ой-тәжірибесінің жиынтығы. Бала санасына аса бай халықтық өнер бірте-бірте сіңеді. Халық сол арқылы ұрпағымыз өнегелі, өнерлі, еңбек сүйгіш, сұлулықты қадірлеп, бағалай білуге ұмтылдыру мақсатында аз еңбек еткен жоқ. Ұлттық өнер көптеген ғасыр бойы өзінің спецификалық бейнесі мен халықтық танымын қалыптастырып отырады. Одан халық үні, ежелгі қазақ даласын мекендеген көшпенділердің дәстүрі мен әдет-ғұрпы айқын көрінеді. Бүгінгі таңда, халық шеберлері мен ұсталар тың ойларды туғызып оны жаңа мазмұнымен байыта отырып, халықтық өрнектеу өнерін жетілдіру мен дамытуды жалғастырып келеді. Қазақ халқында «Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деген ұлағатты сөз бекер айтылмаған.
Ата-бабаларымыз өз ұрпағын еңбек сүйгіш етіп тәрбиелеуді мақсат тұтқан. Ал қазіргі кездегі жас жасөспірімдерді халқымыздың ұлттық мәдениетіне тәрбиелеу және жеке түлға ретіңде қалыптастыруға бағыттау - қазіргі білім беретін мектептердің міндеті. Осындай жауапты міндеттер - өз елін сүйе білетін, ата-бабасының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін бойына сіңірген ұрпақты тәрбиелеуде ұлттық өнерді насихаттау да мектептегі өтілетін бейнелеу пәнінің маңызы зор болып саналады.
Халық бұрын ғылым мен білімге қолы жетпесе де сұлулық пен әсемдікті таңдап та талғап та білген халық. Өз тұрмысы мен мәдениетінде қолөнерін мұрат тұтып жетілдіре білген.
Қолөнер шеберлері шеберліктің кейбір сан-саналы асқақ шеберліктерін ұқыптылықпен ескере отырып, қастерлей отырып, меңгеріп біздің дәуірімізге ұштастыра білген. Халықтың сонау арғы кезеңіндегі мәдени өміріне ой жүгіртіп көрсек, ерте замандардан он саусағынан өнер тамған ісмер шеберлердің өнерлері шежіре болып келеді.
Олардың көбінің аты аталмай қалғанымен қолтаңбалары түскен өшпес мәдени мұралары кейінгі ұрпақтар өмірінде бабаларымыз өздерінің қандай рухани қазынаға мұрагер екендігін де жете танымаған. Сол бір олқылықтардың өлшеуі -халық қолөнерін зерттеу, қалың қауымның игілігіне айналдыру қазіргі заманда ғана жүзеге асырылып келеді.
Бұл салада өзінің өшпес ізін, орнын қалдырған өнер адамдарымен зерттеуші ғалымдар аз емес. Сондай ұлы тұлғаның біріне өзіндік орны бар академик Әлкей Марғұланның өзі бір төбе десек әбес айтпаған болар едік.
Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнеріне баулу жұмыстарын Білім алушылардың жас ерекшеліктеріне сай оларды алдыменен қағаздан, қатырма қағаздан, маталардан бастырмалап, жапсырмалап үйрету, бейнелеу өнері сабақтары мен байланыстырып олардың суретттерін бейнелеу арқылы әрбір ұлттық қолөнер бұйымдарын кішігірім үлгіде дайындап (сандық, кебеже, асадал, жүк аяқ, күбі, аяққап, кесе қап, қоржын, бас киімдер, т.б.) оларды әшекейлеп үйренуден бастап үйретілсе, жоғарғы сыныптарда ол бұйымдарды нағыз өзі дайындап үйренуге бағытталған.
Қазіргі таңда күні бүгінге дейін өзінің ата-дәстүрін құрметтеп өзінің ата кәсібі ретінде қолөнер шеберлері оларды дамыта отырып қайта жаңғырту үстінде.
Халықтық қолөнер түрлеріне әдет-ғұрып жабдықтармен бірге аң аулауға, мал өсіруге, егіншілікке қажетті құрал-жабдықтар мен қару-жарақтар жасау өнері де кіреді. Киіз үйдің сүйектері (уық, шаңырақ, кереге, есік) ағаштан дайындалған үй жиһаздары (үй мүліктері) сандық, жүкаяқ, кебеже, асадал, ағащ керуерт, жастық ағаш, жүннен дайындалған үй бұйымдарына: кілем, алаша, текемет, сырмақ, тұс киіздер жатса, құрақ құрау, шекпен тоқу, арқан есу, жіп есу, қайыс өру, таспа өру, түрлі басқұрлар тоқу, жүген, ши тоқу, бесік жасау, күбі, келі-келсап, ыдыс-аяқтар жасауды қолөнер шеберлері әртүрлі ою-өрнектермен нақыштап безендіре білген. Қазақ қолөнерінің негізгі бір түріне зергерлік өнері жатады. Оларға шолпы, шашбау, білезік, сақина, жүзік, сырғаларды асыл тастармен әшекейлеудің асқан шебері болған халық.
Бұл өнерді жасаумен бірге батырлық пен саятшылыққа қажетті садақ пен жебе, айбалта мен шоқпар, сойыл мен бас мойыл, құстың тұғыры мен томағасын дайындап кәсіпшілікке айналдырған халық. Мал шаруашылығына қажетті ноқта, шылбыр жүген, құрық, бұғалық, тұсамыс, шідер, кісен, қада, ер-тұрманды да дана халық ойлап тауып халық қажетіне пайдаланып отырған. Зергерлік өнермен бірге кестелік, оймашылық, оюшылық өнерді де дамыта отырып өзге де халықтар арасында өз өнерлерін байланыстырып жаңғырта білген қолөнер шеберлері өз халқының қолөнер мұрасына өшпес із қалдырып отырған.
Алтынмен қапталып, күмістелген сырға, жүзік, білезік сияқты сан ғасырлар бойы әйел сәнін келтіріп жүрген осы қымбат та асыл тастарды бағаламайсың. Түр-түсін жарқырата түсетін асыл тастарды бағалай білген әжелеріміз небір сәнді киімге үйлестіріп тағып жүруге әуес болған. Бұрынғы әжелерімізден қалған әшекейлердің сұлулығына, әшекейлігіне екі көзбен қадірлеп казірге дейін қайтадан жаңғырту арқылы дайындауда, ондай бағалы гауһар тастар (бриллиант) алмаз, металл (рубин) көк, жасыл түсті металдарды зергерлер қолдана білген.
Сабақтарда Білім алушыларды тек еңбек ете білуге ғана баулып қана қоймай, сол өздері дайындайтын жұмысты (бұйымдарды) эстетикалық талғамда дайындай білуге үйретеді. Бұл бөлімді оқу барысында ер балалар ағаш, металл, тері секілді бұйымдарды көркем өңдеуді үйренсе, қыз балалар киімнің сән үлгілерін таңдауды үйреніп, сәндік қолданбалы өнердің негізінде әртүрлі бұйымдар жасауды меңгереді. Аталған бөлімді оқуда ер балалар мынадай жұмыстарды орындай алады:
- ағашты көркемдеп оюдың алғашқы тәсілдерін меңгеру арқылы, пышақпен, қашаумен жұмыс істеу;
- өсімдік және жануар текті жэне геометриялық денелер бейнесіндегі «төртбұрыш», «үшбұрыш», «квадрат» тәрізді қарапайым өрнектерді сызуды үйреніп, жіңішке ағаш тақтайшаға ою-өрнек тізбегін салу;
- қаңылтыр бетін қарапайым сызықтармен бедерлеу;
- тері,өңдеуді үйреніп, үлгі бойынша «Қошқармүйіз», «Құс қанаты» өрнектерін қию, оларды сыйлық заттарына жапсырмалау;
- өру тәсілдерін меңгеру;
- ағаштан және фанерден шағын бейнелі сыйлық бұйымдарын жасау;
- қаңылтыр бетіне өрнек түсіруді үйрену арқылы бедерленген білезік, күнтізбек қойғыш т.с.с. бұйымдарды жасау;
- қазақ халқының ұлттық нақышта жасалған «сандық», «кебеже», «төсек ағаш» т,с,с. бұйымдарға ою-өрнек салу;
- өрнектелген тақтай бетін түрлендіру және күйдіру тәсілдерімен безендіру;
- сандық бетін қарапайым қаңылтырмен мәнерлеп, торлау;
- қаңылтырдан тілінген таспа шеттерін тегістеу тәсілдерін үйреніп, сыйлық заттарын жасау, оларды түрлендіру т.с.с. Ер балалар 9-сыныпта ағаш, металл бұйымдарын токарлық станокта жасауды үйреніп, қарапайым коркемделген заттар жасауды, табиғи заттармен жұмыс істеуді үйренеді. Қазақ халқының қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданылатын әртүрлі материалдарды пайдаланып олардан тоқу, өру, есу, тігу, кестелеу, мүсіндеу, құрастыру, сыру, бейнелеу тәсілдері арқылы орындалатын өнер жиынтығын айтады. Қазақ халқы ертеден өзінің күн көріс тіршілігіне қажетті барлык, тұрмыстық заттармен шаруашылық заттарына, құралдарын дайындап пайдалана білумен бірге өз заманына сай өмір сүрудің ұлттық салт-дәстүрлерін жалғастырып өмір сүре білген халық.
Зергерлік эмаль
Зергерлік эмаль-жеңіл балқитын шыныдан жасалған қорытпаның жұқа қабаты. Бұл зергерлік материалдың түрлі түстері мен реңктері бар. Металл бұйымның бетіне эмаль ұнтақ күйінде жағылады, содан кейін бұйымды пешке салады және 700-800 градус температурада 20-30 минут ұстайды. Содан кейін бұйым салқындатылады.
Бұл материал зергерлік бұйымдар үшін ғана емес, коррозияға қарсы және қорғаныс қасиеттері бар. Эмаль бұйымдарға атмосфералық әсерлерге, сондай-ақ химиялық реагенттердің ( қышқылдардың, газдар мен сілтілердің) әсеріне қарсы тұруға көмектеседі. Мұндай қасиетке ие, эмаль экстерьердің бөлігі бойынша жұмыс істейтін сәулет құрылыстарында да қолданылады. Мұндай пайдалану мысалы, шіркеулер мен ғибадатханалардың күмбездерін жабатын мыс черепицалар. Кремнезем, глинозем және басқа да түрлі оксидтерден жасалған зергерлік эмаль. Бұл оксидтер тегіс деп аталады. Калий, қорғасын және натрий балқығыштары эмальды балқытудың жеңілдігін арттырады, бірақ осы оксидтерді алып тастау материалдың сыртқы факторлардың әсеріне төзімділігін төмендету болып табылады.
Ал алюминий, магний және кремний балқымалары керісінше әсер етеді. Олар эмальды баяу және берік етеді. Түрлі түсті эмальдарға беру үшін пигменттер қосады, олар кобальт, никель, қорғасын және т.б. сияқты металл оксидтері болып табылады. Қазіргі уақытта зергерлер мен суретшілер эмальды қайта пайдалана бастады және осы материалды өз бетінше жасауға қызығушылық артты, өйткені техникалық жоспардың қиындықтары қазір жоқ, олар бұрын қатысқан. Эмальді қолданатын шеберлер түрлі түсті реңктерді араластырып, оны өз жұмыстарына пайдалануға тырысады. Эмаль түрлері алтын мен күмістен жасалған бұйымдарды жабатын мөлдір эмальдар немесе өтпелі болып бөлінеді. Эмаль бұйымның ойылған немесе тегіс жерлерін бояумен, сондай-ақ жылтырмен толықтырады және оларды пайдалану кезінде зақымданудан қорғайды. Мөлдір эмальмен қапталған әшекейлер жақсы жылтыратады, олар құйылады және жарық сәулесінде ойнайды. Әлі де опак немесе саңырау эмаль бар. Олар мөлдір емес, сондықтан әдетте мыста қолданылады, бірақ басқа металдарда да пайдалануға болады. Саңырау эмальдар өте жарқын және қаныққан түстерге ие, бұл олардың басты сәндік құндылығы.
Бұл тұрғыда олар өтпелі эмальдардан артық. Зергерлік эмаль қарапайым жеңіл балқитын шыны. Бұл материал металл балқитын температурадан төмен Температура, оған жету бойынша металл ғана емес, тіпті созылмайды және деформацияланбайды. Әдетте, түрлі-түсті мөлдір немесе саңырау мөлдір емес эмальдарды алу үшін, бірінші кезекте флюс деп аталатын негізгі қорытпа дайындалады, содан кейін осы қорытпаға түсі жоқ түрлі-түсті бояғыштарды араластырады және алынған массаны қайтадан ерітеді. Зергерлік эмаль үшін қандай металдар қолданылады?
Ежелгі дәуірден алтын, күміс, таза мыс немесе оның қорытпалары сияқты металдар эмальмен жабылған, кейде қола, ал 19 ғасырдың ортасында шойын мен болат жабыла бастады. Металдың негізгі өлшемі оны эмальмен жабу кезінде оның балқу температурасы, жұмсарту және деформация болып табылады.
Ол 800 градустан аспауы керек, себебі эмаль осы температурада балқиды. Сондай-ақ, металдардың өзінің жылтырлығы мен түс тұрақтылығын сақтау қабілеті ескеріледі. Олар әдетте қымбат-платина, күміс және алтынға ие. Күйдіру кезінде олардың бетінде оксидті пленка пайда болмайды, ал жылтыр мөлдір эмаль қабатының астында жақсы сақталады. Барлық қалған металдар әдетте бітеу эмальдармен жабылады, өйткені қыздыру кезінде олар түтікше, тез тотығады және қараңғы болады.
Бірақ егер бұйым үлгісі мөлдір учаскені талап етсе, онда бұл орындар күміс немесе алтын фольгамен жабылады, онда металдың жарқылы мен жарқылы сақталады. Көк, жасыл және көк эмаль күміс фольгада керемет жарқырайды. Металды зергерлік эмальмен жабу кезінде өте маңызды сәт жылу коэффициенті болып табылады, ол металды қыздыру және одан әрі салқындату кезінде сызықтық кеңейтуді көрсетеді. Бұл параметрге осы екі компоненттің үйлесімділігі байланысты.
Зергердің жұмыс орны
Зергердің жұмыс орны – отыруға арналған креслолар мен толтырылған жұмыс үстелі. Жұмыс үстелі жақтаудан, үстіңгі тақтайдан немесе қақпақпен (үстел үсті), паллеттен, жылжымалы ағаш жәшіктерден және қосымша қосалқы құрылғылардан тұрады, өлшемдері 900x1100x700 мм. Әр жұмыс орнында креслолар орындықтары бар, бұрылыс, биіктікте реттелетін, портативті, әрдайым қатаң бекітілген тірекпен жабдықталған.
Таблетка. Ол жұмыс процесі, құрал-саймандар мен керек-жарақтарды қажет ететін мерзімге, оған қосымша көмекші құралдарды уақытша орналастыру үшін арналған. Қымбат металдардың қажетсіз шығындарын болдырмау үшін таблетка, әрине, тегіс, тіпті беткі қабатта болуы керек, оның жоғарғы жағы ыстыққа төзімді қатты пластиктен кесілген. Паллетке арналған үгінділердің тосқауылсыз соққысы үшін седанттық кесу (300-350 мм радиуста және тереңдігі 300 мм дейін) қажет
Тікелей жұмыс аймағын қоспағанда, бүкіл контур бойында, сегменттік шоқты бар, үстелдің үсті коррозияға төзімді болат жолымен қапталған (шетіне арналған шағын қорапта). Бүйір қалдықтарды ұстап тұру үшін қажет, ал оның жұмыс аймағында болмауы мердігерге үгінділерді паллетке тез және оңай сыпыруға мүмкіндік береді.
Металл бөлшектерін немесе бұйымдарды еденге түсіп кетуін болдырмау үшін, әсіресе қыру кезінде, үстелдің жоғарғы жағындағы (сол және артқы жағы) пластикалық қоршауларды орнату керек.
Паллет. Бұл зергерге қымбат металдардың жоғалуын болдырмау үшін ең төменгі деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді. Паллетте жұмыс істеген кезде зергер заттар немесе бөлшектерді (сол жақта өңделмеген, оң жақ өңделген), сондай-ақ қалдықтарды жинау үшін қылшықтарды орналастырады.
Паллет коррозияға төзімді болат парақтан жасалған; тікелей жұмыс аймағында орнатылған; Ұзартылмаған үлкен қасық сияқты көрінеді; оның шеттері қауіпсіздік үшін пластикпен жабылған. Паллетті жәшік ретінде пайдалану нұсқаулықтардың болуымен қамтамасыз етіледі. Алдыңғы жағында арнайы қаптама (кесу) паллет пен жұмыс киімдерінің арасында тығыз байланыста болу, қаптамаға толығымен босату үшін жағдай туғызу үшін жасалған.
Сөрелер. Олардың тек төртеуі ғана бар. Олар жұмыс үстелінің бірінші бөлігінде орналасқан - шкафта үстелдің астына. Қораптар құралды сақтауға арналған. Құралдың механикалық зақымдану жағдайларын болдырмау үшін жәшіктер ағаштан жасалған.
Зергерлердің бірінші қорабында файлдар, екіншісінде кілемшелер, пинцеттер, қайшылар сақталады. Үшіншісінде, балғалары, рентген, финагел (жұптық құрал),ал ең төменгі бөлігінде жұмыс киімдері (халат, тәпішке) сақталады.
Қосалқы құрылғылар. Олардың қатарына шамдар, бұрғылау қондырғысы, қыздырғышқа арналған ұстағыш пен параллель газдық ағынның икемді құбырлары кіреді.
Жарық шамы зергерліктің өнімді және жоғары сапалы жұмысына толығымен үлес қосатын жұмыс орнының жарықтандыру жағдайларын жасау үшін қажет. Шам үстелдің үстіңгі жағындағы керісінше орнатылады.Тік және көлденең жазықтықтағы шам шамының орны жылжымалы стендте еркін реттелуі мүмкін. Шамның жарықтандыруы шамынан жұмсақ болуы керек, тіпті мүмкін болса күндізгі жарық көзі ретінде пайдалануға болады
Бұрғы - еңбек өнімділігі жоғары және жету қиын жерлерді өңдейтін арнайы механикалық құрал. Бұрғылау электр қозғалтқышынан, икемді жетекші шлангтан, аяқтың резисторынан және кескіш жинағынан тұрады. «Зергерлік бұйымдар» қағидаты стоматологиялық кабинеттерде қолданылатын медициналық аспаптар сияқты бірдей. Иілгіш шлангтың бір ұшын қозғалтқыш білігіне жалғасады, ал екінші ұшын бекіту үшін кескіш пышақ орнатылған. Борлердің айналу жиілігі рифостың көмегімен реттеледі. Иілгіш түтік жұмысшыны қажетті операциялық кеңістікпен қамтамасыз етеді - құралды кез келген жерде орнату. Бұрғы өз кезегінде, үстелдің үстіңгі жағына (оң жағына) бекітілген фланецке қатаң орнатылған.
Қыздырғышқа арналған ұстағышы бар параллельді ауа-газ розеткасының икемді құбырлары газ конденсатын фитингтер болып табылады. Осындай құрылғылар жұмыс жасауды тек қана пісіру мүмкіндігін қамтамасыз етсе ғана жабдықтайды. Бұл жұмыс үстелінде жәшіктерден жоғары зергердің оң жағында арнайы панель бар.
Панельде екі тұтқалар орналасқан. Әрбір қарудың үстіне «Газ», «Ауа» деген жазу жазылған. Тұтқаны көрсетілген бағыты бойынша айналдырып, осылайша газ бен ауа қысымы өзгереді, қыздырғыштың қажетті температурасы мен мөлшерін тұрақты ұстап, реттейді. Газ және ауа үшін түтіктер бар. Олар жұмыс үстелінің артқы жағында орналасқан. Пісіру металды негізге тығыз қойылған асбест парағында жүргізіледі. Рельстер үстіндегі үстіңгі тақтайдың астына қойылған кәдеге жарату құрылғысы.
Зергерлік бұйымдарды жасауға арналған құралдар мен құрылғылар
Зергерлік бұйымдарды қолмен жасау процесінде келесі арнайы мақсаттағы құрал: өлшеу; кесу; иілу және өңдеу үшін; дәнекерлеу; тегістеу және жылтырату; баутекке арналған кірістірулер бұйымдары, сондай-ақ массасын өлшеу құралы жиі пайдаланады.
Қауіпсіздік техникасының талаптары жеке қорғану құралдары
Зергерлік бұйымдарды өндіру кезінде жеке қорғаныс жабдығы мөлдір пластиктен, респиратордан, алжапқыштардан және көйлектерден (мақта, қылшық және резеңкеден жасалған), қолғаптар мен қолғаптардан (мақта және резеңкеден жасалған), арнайы аяқ киімнен (резеңке етік) жасалған қорғайтын маска түріндегі көзілдірік).
Жұмыс орнында алғашқы медициналық көмек көрсету үшін шеберхананың әрбір учаскесінде беткі киімдер, йод, сутек пероксиді, жүрек тамшылары және басқа да дәрі-дәрмектер жиынтығы бар алғашқы көмек жинақтары болуы керек.
Қорытынды
Болашағынан зор үміт күтетін кез-келген тәуелсіз елдің, азат өмір сүру жолындағы кез-келген ұлттың ең қастерлі міндеті - өткен тарихымен үндес бола алатын, жас ұрпақтың санасын шыңдауға қызмет ететін білім жүйесін қалыптастыру.
Оған Ел басымыз президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегіндегі: «Мәдени дәстүрлер қашанда әлеуметтік қайта түлеудің қайнар көзі болып келді. Өзінің тарихи, мәдени тамырларына қайта оралу - бұл әрине, оң процесс... Қазақстанда ұлттық тілді, мәдениетті, экономиканы ... дамытуға барынша қолдау жасалып отыр»,- деген сөзі мұның айғағы.
Дизайнерлердің өмірі мен шығармашылығы туралы ақпараттарды жинап, оларды оқу материал ретінде қолдануда қазақ ұлттық киімдерінің үлгілерін іздеу, табу және оларды сараптау бізге әлемдік көркем мәдениеттен қазақтың дәстүрлі және қазіргі костюмдерінің алатын орнын анықтауға, ежелгі, дәстүрлі және қазіргі костюмдердің ұлттық көркемдік айырмаларын көрсетуге мүмкіндік туғызады. Қазақ ұлттық костюмдері туралы зерттеуге қажетті мәліметтер шет ел этнограф-суретшілері Краплот, Аткинсон, Мартов, В.Залецкий, Т.Шевченко, В.Верешагин салған суреттерінен, археологиялық қазба жұмыстарының негізінде табылған материалдардан, сонымен қатар Ш. Уәлиханов, К.Баранов, Ә.Қастеев, А.Ғалымбаева, Г.Исмайлова т.б. суретшілер салған шығармалалардан, ақын жазушылардың әдеби шығармалардағы сипатталған дәстүрлі костюмдердің көркем көріністерін негізге алуға болатыны айқындалды.
Дизайнерлердің өмірі мен шығармашылығы туралы ақпараттарды жинап, оларды оқу материал ретінде қолдану барысында қазақтың дәстүрлі киімдерін дизайнерлік жобалау барысында ерлер мен әйелдердің, байлар мен сұлтандардың, сал-серілер мен жыраулардың, сұлу бикештердің киім үлгілері, қазақ эпосындағы Алпамыс, Ер Тарғын, Қобыланды, Қамбар батыр бейнелелері, Гүлбаршын, Құртқа, Баян сұлу, Айман Шолпан, Қыз Жібек сынды сұлулардың киімдерін үлгі ретінде негізге алуға болатыны көрінді.
Қазақ дизайнерлері шығармаларында ұлттық салт-дәстүрге құрылған дизайнерлік жобалау бағыттарына басымдық берілгені белгілі болды. Қазақ ұлттық киімдерінің түпнұсқаларын табу мен костюм дизайнының дамуын зерттеу бізге қазіргі костюмнің болашағын айқындауға бағыт бағдар беріп, оның жалғастығын табу жолдарын көрсетеді.
Дизайнерлердің өмірі мен шығармашылығы туралы ақпараттарды жинап, оларды оқу материалы ретінде қолдану барысында көптеген дизайнерлер ән мен би ансамбльдеріне арналған костюмдерге эскиз салудағы шығармашылығын айқындаудың орны ерекше.
Қазақ дизайнері Балнұр Асанова шығармашылығының бір қыры, классикалық костюм, пре- до -порте үлгілерін жасап, салтанат киімдеріне кесте, шынжыр, біз кесте қолданумен ерекшеленеді. Құралай Нұрқаділова шығармашылығының бір бағыты, ою-өрнектермен безендірілген ұлттық киім, күнделікті киім, мектеп формасын жасауға бағытталса, Берік Исмайлов шығармашылығы әншілер мен бишілерге сахына киімдерін тігуге бағдар ұстайды. Айда Кауменова шығармашылығы әншілердің сахына киімдерін ұлттық стилде жобаумен сипатталса, Айя Бапани шығармашылығы жүннен ұлттық костюмдер жобасын жасап, оған кестені безендіру элементі ретінде кең қолданылумен ерешеленеді. Жадыра Сахиева шығармашылығы сахына киімдері мен бишілер костюмдерін жобалау, Лария Жағамбаева шығармашылығы ұлттық костюмді көркемдік жобалау бағытын ұстайды. Белгілі әншілер Бибігул Төлегенова, Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова, Майра Илиясава, Гүлнұр Оразымбетова, Мадина Садуақасова, Алтынай Жорабекова, Айгүл Иманбаевалардың сахыналық костюмдері, осы аталған киім дизайнерлерінің ұлттық сән үлгісін негізге ала отырып жасаған, этнодизайнерлік жобалары материалда орындаған жұмыс нәтижесі болып табылады.
Этнодизайнерлердің шығармашылығын талдаудың өзіндік ерекшелігі бар. Бұл талдауда кәсіби шебердің өмірі, оның жастық шағы, қызығушылығы, білім алған оқу орны, алғашқы шығармашылық еңбегі, шығармашылық бағыты мен оның ерекшелігі, қатысқан көрмелері, фестивальдары мен конкурстары туралы анықтаудың орнды. Олар туралы жарнамалық роликтерді көрсету, сұбхаттасу, презентацияларына қатысу маңызды орын алады.
Дизайнерлердің өмірі мен шығармашылығы туралы ақпараттарды жинап, оларды оқу материалы ретінде қолдану барысында Құралай Нұрқаділова шығармашылығы ерекше. Қ.Нұрқалілова Қазақстандық жас өнер шеберлерінің арасында өзіндік қолтаңбамен көрініп жүрген киім дизайнерлерінің бірі. Құралай Нұрқаділова көпшілікке дизайнер, суретші, стилист және өзінің ашқан «KURALAI» атты мода үйінің жетекшісі ретінде танымал.
Ол 1992 жылы Алматы мемлекеттік университетінің көркемсурет және графика факультетін бітірген. Шығармашылық жолын 1990 жылы Алматы қаласындағы «Азия даусы» атты жас орындаушылардың бүкіл әлемге белгілі халықаралық конкурсында режиссердің көмекшісі қызметінен бастаған. Киім топтамасын жасаудың алғашқы тәжірибесін 1992 жылы «Сымбат» мода үйі базасында, авторлық бөлімнің суретші-моделері міндетін атқару кезінде меңгерген. 1994-1995 жылдары өзінің киім тігудегі мүмкіндігі мен дара қабылетін «Дала» телеарнасы компаниясындағы жұмыстарда дарынды стилист ретінде көрсете білген. Ол 1995-1997 жылдары «Мемориал» қайырымдылық қорының вице-президентіне тағайындалған. Осы жылдары Алматы қаласының әсемдік келбетін қалыптастыруға үлес қосып, «Алматы жарнама» макемесіне қалалық көлемді мәдени және қоғамдық нысандардың концептуалдық дизайнын жасауға ерекше үлес қосқан.
1995 жылы дизайнер шығармашылық өміріндегі белгілі датасы өзінің жеке бизнесін ашу болды. Эксклюзивті киімдердің медиа жобасына деген үнемі сұраныстар негізінде, өз күшіне деген сенімділік пен еңбекқорлықтың арқасында оның Авторлық Мода үйі осы жылы дүниеге келді. 1997-2000 жылдары Қ.Нұрқаділова «Азия даусы», «Жас қанат» музыкалық жобалардығы шығармашылық жұмыстарын жалғастырған. Онда өнер жұлдыздарына арнап брендттік костюм жобаларын жасаған. 2006 жылға дейін Қ.Нұрқаділова әр түрлі қалаларда, әр түрлі уақыттарда дайын киімдердің фирмалық бутиктерін ашқан. Осы кезеңде ол әлемдік мода көрсету кезеңдерінде Қазақстан Республикасын өз шығармашылығы арқылы шет елдерге таныстырған.
Сонымен қатар өзінің жеке дара көрсетілімдерін ұйымдастырған. 2006 жылы Құралай үйінен интерьер дизайны студиясы, киім тазалау т.б. сияқты жаңа бөлімшелері ашылып, «Құралай үйі» атты авторлық жоғары мода үйі «компания» статусына ие болды. 2007 жылы Қ.Нұрқаділова Қазақстан Республикасы Ұлттық Мода палатасының орындаушы директоры қызметіне тағайындалды. Осы жылы «Harpers Bazaar Казахстан» журналының жыл адамы версиясы бойынша «Жыл дизайнері» аталды.
Қазіргі кезде дизайнер Қ.Нұрқаділова өзінің шығармашылық дизайнерлік қызметін табысты жалғастыруда.
Дизайнерлердің өмірі мен шығармашылығы туралы ақпараттарды жинап, оларды оқу материалы ретінде қолдану барысында Қазақстандық жас өнер шеберлерінің арасында өзіндік қолтаңбамен көрініп жүрген киім дизайнерлерінің бірі Ая Бапани. Ол жас кезінен киім өнеріне қызыққан.
Суретші мамандығын игерген ата анасының қасында жүріп, түрлі көйлектер, шляпа, аксессуарларды эксперимент түрінде киізден жасап көрумен айналысқан. Ая Бапани сурет колледжінде оқып көркемдік білім алған, онан соң Дизайн Академиясында кәсіби білімін жалғастырған. Ол «менің киімдерім өнер туындысы» деп есептейді. «Мен үшін ең маңыздысы жекедаралық» деп өз шығармашылығының қайталанбастық сипатына ерекше мән береді. Оның алғашқы топтамасы студент кезінде әр түрлі фестивалдарда, конкурстарда көрсетілген.
2006 жылы Қызылорда қаласында «Қорқыт ата» фестиваліне қатысып, жүлделі орын алған. Осы жылы дизайнер өз жұмыстарын Мәскеу қаласында өткен «Модалар Ансамбльдері» фестивалінде көрсетіп, онан бірінші орынды иемденген. Дизайнер Орта Азия өнерін қатты ұнатады. Оның көне зергерлік бұйымдарға деген қызығушылығы жас шағынан қалыптасқан. Осы бағыттағы оның ізденістері, киіз материалын кестемен қосып, ұтымды пайдалана білуге алып келген. Ая Бапани жібек, жүн материалдарын қолдануға ерекше бейіндік танытады. Батик, кесте тігу, жүн өңдеу техникасын қолдануға мұхият көңіл бөледі.
А.Бапанидің жас кезінен суретке деген құмарлығының артуы оның ата анасының екеуінің де суретшілер болуының ықпал еткені сөзсіз. А.Бапани ұлттық киімге ою-өрнектермен суреттер салуға, қазақ стилінде шығармашылық жұмыстар орындауға деген ынта жігері, оны жаңа идея табуға бағыт алуға қозғау болған. Оның негізгі шығармашылық бағытының бірі киіз өңдеу, киізден қазіргі заманауи киімдерді кесте техникасын қолдана отырып шығару болып анықталады. Оның киізден кестелеп орындаған жакеттері, шалбарлары мен олардың көркемдік безендіруі әр уақытта брендте болды. Ая Бапани «Менің шығармашылығымның концепциясы көшпелі халықтың рухы, жасалған образдардан әруақытта дала сипаты сезіліп тұруы тиіс, бұдан ауытқуға болмайды. Мен өз бағытымды таптым. Менің готика, роккоко стилінде жібек матадан нәзік топтамалар жасауым мүмкін, бірақ, онан ұлттық, далалық мотив білініп тұратын болады» деп көрсетеді. А.Бапанидің әр коллекциясы тұтастай алғанда өнер туындысы. Оның киізден жасаған жобалары: көйлектер, шапандар мен жакеттер ою-өрнектермен, кестемен, тұтастай безендірілуі көз тартып, көңіл бөлетін ұлттық бұйымдар болып табылады.
Бұл бұйымдар дизайнердің технология мен шығармашылық бағытын бірге ұстауымен жаңашылдық бағыты бар ұлттық, көркемдік рухы басым дүниелер. Оның қазіргі кезде жеке мекемелермен келісім шарт негізінде жұмыс жүргізетін жеке цехы, дизайн ательесі жұмыс істейді. Онда өнімдердің эскиздері салынып, лекалдары дайындалады.
Дизайнерлердің өмірі мен шығармашылығы туралы ақпараттарды жинап, оларды оқу материалы ретінде қолдану барысында Қазақстанның жас дизайнерлерінің бірі Баймұхамедова Салтанат шығармашылығымен студенттерді таныстыру маңызды. Дизайнер 1972 жылы 30 қарашада туған. 1997 жылы Алматы жеңіл және тамақ өндірісінің технологиялық институтын бітірген. 1995 жылы кәсіби емес тігіншілердің «Берда моден» конкурсына қатысып конкурстың финалына шыққан. 1994-1995 жылдары «Қыз жібек» сырт киімдер фабрикасының эксперименталдық цехында тігіншілікке оқыған. 1996- 1997 жылдары Алматыдағы «Шығыс кезеңі» фестиваліне, Сант Петербургтегі «Адмиралтейская игла» атты халықаралық студенттік конкурсқа қатысқан. 1996 -1998 жылдары «AUTOMIX» жас моделерлер шығармашылық тобының мүшелігіне өткен. 1997 -1998 жылдары Алматы технология институтының тігін бұйымдары мен конструкциясы кафедрасында тағлымдамашы-зерттеуші ретінде қызмет атқарған. 2000-2001 жылдары «PAVEL» сырт киімдер ательесінде моделер болған. 2002 жылы «F... уou» атты өзінің жеке тігін шеберханасын ашқан. 2008 жылы «Salta» маркалы әйелдер киімінің тұтас желісін қалаған, «Kazakistan Fasһion Week» Алматыдағы агентствосының париждік прет-а-порте апталығына қатысқан. 1997 жылы ҚР дизайнерлер одағына мүшелікке өткен. 1997 жылы ҚР шығармашылық жастарға арналған Президент степендиясының иегері атанған. 2008 жылдың көктемінде әйелдерге арналған озық үлгілері үшін «Cosmopolitan» журналының призін иеленген. 2008 жылдың күзінде әйелдерге арналған озық үлгілері үшін «Time Out» журналының призін жеңіп алған.
Дизайнерлердің өмірі мен шығармашылығы туралы ақпараттарды жинап, оларды оқу материалы ретінде қолдану барысында Ульяна Сергеевна шығармашылығының орны бөлек. Ол 1981 жылы 30 тамызда Өскемен қаласында филологтар отбасында дүниеге келген. Жас шағында жақсы оқып, ағылшын гимназиясын бітірген. Бала күнінен мода жасауға әуестеген.1997 жылы У.Сергеенконың отбасы Сант –Петербург қаласына қоныс аударған. Онда Ульянаны Modus Vivendis модель агентствосы кастингке шақырудан оның шығармашылық карьерасы басталған. Ол касинг нәтижелі өтіп, сол жерде У.Сергеенко жарнама компаниясының шампун маркасын жарнамалауға қатысқан. Ол Ленинград гуманитарлық университетін тамамдаған. 2009 жылы Лондонда, Миланда, Парижде және Нью-Иоркте өткізілген мода апталықтарына қатысқан. 2011 жылы У.Сергеенконың орыс колоритімен рухтанған юбкалары, ғажап аксессуарлары мен аяқ киімдері ретро стиліндегі дебюті жарыққа шыққан. У.Сергеенконың өз топтамалары халыққа танылған соң Мәскеуде алғашқы бутигін ашқан.
Мұнан соң Екатеринбургте, онан соң Алматыда осындай істері жалғасын тапқан. Осы кезде дизайнер француздың мода апталығында өз коллекцияларын көрсетіп, париж модашыларына таныла түскен.Европа жерінде өзіндік стилмен жұмыс жасаудың арқасында У.Сергеенко үлкен беделге ие болған. Осы жылы дизайнер Glomaur журналының сыйлығын, «Жыл модницасы» номиациясын жеңіп алған. Шет елдерде У.Сергеенконы мода блогерлері matresһka и babusһka деп атаған. Оның өзіне ғана тән қайталанбас «а-ля рус» шығармашылық стилінен: ерекше айқын түстердегі макси юбкалер, ірі тоқылған свитрлер, мехтан жасалған желеттер, bobу-doll стиліндегі көйлектер, орамалдар т.б. орын алады. Оның 2011 жылы ұйымдастырылған жеке жинағында өз гардеробындағы киімдері негізгі көрнекті экспозиция ретінде көрсетілген.
Дизайнерлердің өмірі мен шығармашылығы туралы ақпараттарды жинап, оларды оқу материалы ретінде қолдануда дизайнер Лария Жакамбаева еңбегіне ерекше көңіл аударылады.
Ол мектеп партасынан бастап дизайнер болуды армандаған. Қазақ экономика университетін бітірген соң он екі жыл бухгалтер экономист болып қызмет атқарған. Ол өзінің сүйген маманды дизайнерлікке деген таңдауы ер жеткен соң саналы түрде жүзеге асқан. Лария жеке бейнелеу өнерінен дәріс алған, мұнан соң сегіз айлық «Apt Huvo» курсын бітірген. Итальян тілін меңгерген, Миландағы мода және дизайн институтында оқыған. Дизайнер Лария өзінің алғашқы топтама жұмысын «банктегі он екі жыл жұмысымды тастағаныма ренжіген ата анама арнаймын» дейді. Лария өзінің екінші топтамасын аргентиналық тангоға арнаған. Үшіншісі ұлттық стилде шығарған. Төртінші топтамасы сексенінші жылдардағы диско стилінде даярлаған. Бесінші топтамасы павлопасаттық орамалдар мен аппликациялар болды.
Қазақстандық мода апталығында Лария Жакамбаева Қарағандылық жас моделер дизайнер Шернияз Мақатовпен бірге жасаған топтамасы көрсетілді. Оның соңғы топтамасының жартысынан көбісін Астаналықтар сатып алған. Дизайнер болашақта сумкалар мен аяқ киімдер желісін шығаруды жоспарлауда. Л.Жакамбаеваның өзінің шығарған Lariуa атты бренді бар.
Ол өзінің бірінші рет Lariуa атты жеке брендін 2008 жылы өмірге әкелген. Ол 2009-2010 жылдардағы күзгі қысқы KFW сезонында көрсетілген. Қазір оның топтамалары Қазақстандық мода апталығында үнемі көрсетілуде. Лария Жакамбаеваның жан дүниесіне жақын да, жарқын көрініс итальян модасы болып табылады. Lariуa бұйымдары қазіргі заманауи киімдер. Ларианың шығармашылығын классика, бүгінгі күн және кеш костюмдері болып үш стилдер бірлігі құрайды. Белгілі өнер жұлдыздары Мақпал Жүнісова, Лана, Айгүл Мүкей және Линда Нигматулина дизайнер Лария Жакамбаеваның дизайнерлік шығармашылық жобасы бойынша киінеді. Оның бренді баға саясаты, уақытты бағалау, ақша және жекедаралық болып ерекшеленеді. Бүгінгі күні ол халықаралық фотоарт агентствосы ұйымдастыратын Топ Модель конкурсына KFW топтамасын қойып, Мода КZ реалити шоу қатысушыларын киіндіреді. Оның ең соңғы және жоғары жетістігі Европа фашион 2012, Россия конкусындағы жетістіктері болып табылады. Сант-Петербургте оның ерекше қабылеті жоғары бағаланып, Ресей жоғары мода апталығына тегін қатысу грантын өз еңбегінің арқасында ұтып алды. Лария Жакамбаева 2012-2013 жылдардағы күзгі және қысқы мода апталығанда өз топтамасын «Бір ертегі» атымен көрсетілімге ұсынған. Ларияның жобалаған киімдерін киген әрбір әйел өзін сұлу да ғажайып бақытты сезінеді. Лария Жакамбаева қазіргі кезде Алматыда маман дизайнерлер үшін өз жеке дара және қайталанбас киім үлгілерін жасап шығаратын әсемдік студиясын ашқан. Сонымен қатар бұл жерде имиджмейкерлер мен стилистер көздің түсінен бастап, мінез ерекшеліктеріне дейін ескерілген жеке дара образдың да қайталанбас стилін жасап шығарады.
Қорыта айтқанда магистрлік жұмысым кәсіби дизайнерлік шығармашылығы бойынша: үдеріс соңында дизайнерлер өмірі мен шығармашылығына деген студенттердің қызығушылығының артуы; дизайнерлік шығармашылық қызмет түрлері, дизайнерлік жұмыс орындары, жоба жасау бағыттары, шығармашылық стиль, жаңашылдық, даралық, қайталанбастық, шығармашылық және техникалық үдеріс, дизайн мен ұлттық дизайн, этнодизайнерлік іс әрекеттер туралы түсініктер артты; қазақ дизайнерлері шығармашылығы мен өмірінен хабардар болдым, дизайнерлік қызмет мазмұны, ұстанымдары, кезеңдері мен материалдары, коллекция жасау техникасы мен технологиясы, стилдері туралы білім алып, түрлі дизайнерлік іс-әрекеттерді орындай білуге үйренуге, шығармашылық қабілеттің артуына ықпал етуі және құзырлық жағынан да деңгейім көтерілгеннін айқындадым.
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
"Азбука домоводства"
-
Әбдуәлиева Ш "Қазақтың қолөнері" - әдістемелік құрал
-
Әбдуәлиева Ш "Халық қолөнері" Алматы. Рауан. 1992
-
4. Байжігітов Б "Бейнелеу өнерінің теориялық мәселелері" Ақтөбе. "А-полиграфия" ЖШС 2003 ж
-
Болатбаев Қ, Ибрагимов Ұ "Бейнелеу өнері" Алматы "Ата-мұра" 2001 ж
-
Бапанов И.В. Бисер "Народное творчество" 2001
-
Бағдарлама "Қолөнер" (8-11 тереңдетілген сыныптар үшін) Шымкент 2002
-
Валя - Валентина Издательский дом "ОВА-Пресс" 2003
-
Вышитые картины ЗАО "Эдипресс конлига" 2004
-
Газарян "Прекрасная своими руками" Москва 1986
-
Джанибеков У "Культура Казахского ремесла" Өнер 1982
-
"Еңбекке баулу" Алматы "Атамұра" 2000
-
Егорова Р.И. Монастырная В.П. "Іс тіге біл" "Рауан" Алматы 1993
-
Жанибеков О. "Эхо" Өнер Алматы 1990
-
Исламгулова С.К. Дидактические условия проектирования учебгого процесса на основе технологического подхода. Творческая педагогика №2, 2001
-
Касиманов С. "Қазақ халқының қолөнері" Алматы 1995
-
Құтпанбаев Ә "Ұстаз ұлағаты" Ғылым 2002
-
Караев Ж.А. Момынбаев В.К. Устимиров К. Государственные стандарты начального профессионального образования РК-Алматы, Республиканский издательский кабинет, 1999
-
"Лена - рукоделие" ЗАО "Эдипресс-конлига" 2004
-
Литвинец Э.Н. "Низание Бисером и ручное вашивание" Хэлтон Харвест Астана 2001
-
Лученкова Е. "Как сделать нужные и полезные вещи" Минск Хор-вест 1999
-
Маргарита Максимова. Марина Кузмина "Вышываем крестом" Москва "Эксмо" 2004
-
Мектептегі технология Алматы 2004
-
Морков Л. Большая школа Энциклопедия, Москва 2000
-
Өмірбекова М.Ш. "Қазақ халқының дәстүрлі өнері" "Алматы кітап" 2004
-
Поеная энциклопедия женских рукоделий "перевод французского" 1992
-
Программа технологии 2000 года
-
Педагогика педагогические теории системы, технологии "Академия" 1999
-
Русакова М. "Аппликация" Москва "Посвещение"
-
«Наша квартира» Минск-Харвест-Мет 2003г
-
«Справочник начинающего дизайнера»
-
«Ваш дом» Керрин Харпер 2004г.
-
«Организация и планирования рекламы» Е.В.Исаенко; А.Г.Васильев Москва2004г
-
Ростовцев Н.Н. Методика преподавания изобразительного искусства в школе.- Москва: Просвешение,1980 ж
-
Нурланова К. Кочевники. Эстетика: Познание мира в традиционном казахским искусством.-Алматы: Ғылым, -1993 ж
-
Кузин В.С. Методика препадавания изобразительного искуства в 1-3 классах.- Москва:Просвещение,1983.-118б
-
Жәнібеков Ө. Қазақ қол өнерінің мәдениеті.-Алматы: Өнер,1982.-120
-
Юренева Т.Ю. «Музееведение» Учебник для высшей школы. Москва Академический проект 2003
-
«Музейные термины» //Терминологические проблемы музееведения: Сб. науч. Тр. ЦМР. М.,1986
-
Муканов М. С. Казахские домашние художественные ремесла Изд. Алма-Ата: «Казахстан», 1979
-
Масанов Э.А. Из истории ремесла казахов //СЭ. 1958г. № 5. С. 31-49
-
«Культура казахского ремесла» Алма – Ата изд. «Онер» 1982
-
Рерих Н.К. «Сердце Азии», «Азия» Москва 1974
-
Гумилёв Л.Н. «Хундар» Алматы «Казахстан» 1998
ҚОСЫМШАЛАР

PAGE \* MERGEFORMAT101
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Зергерлік бұйымдармен жәдігерлерге қолданылатын ұлттық қолданбалы графика

шағым қалдыра аласыз