Зертханалық жұмыс№7 «Дене жаттығуларының жүрек жұмысына әсерін зерттеу»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Зертханалық жұмыс№7 «Дене жаттығуларының жүрек жұмысына әсерін зерттеу»

Материал туралы қысқаша түсінік
ӨЗІМНІҢ ҚМЖ; 8.1.3.11- дене жаттығуларының жүрек жұмысына әсерін зерттеу;
Материалдың қысқаша нұсқасы

8 сынып №26

ДӘІЖО___________

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«» КММ
(білім беру ұйымының атауы)
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары

Зертханалық жұмыс№7 «Дене жаттығуларының жүрек жұмысына әсерін зерттеу»

§23. Қан тамырлары жүйесінің түрлері және қан айналым шеңберлері.

(Сабақ тақырыбы)


Бөлім:

«Заттардың тасымалдануы»

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы: 8 «а»

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Зертханалық жұмыс№7 «Дене жаттығуларының жүрек жұмысына әсерін зерттеу»

§23. Қан тамырлары жүйесінің түрлері және қан айналым шеңберлері.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

8.1.3.11- дене жаттығуларының жүрек жұмысына әсерін зерттеу;

Сабақтың мақсаты:

дене жаттығуларының жүрек жұмысына әсерін зерттейді;

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы



Бұрынғы білімін еске түсіру


Оқушылармен амандасу, түгендеу, сынып тәртібін қадағалау.


«Бір қадам алға..» әдісі арқылы өткен материалды және үй жұмысын пысықтау мақсатында тапсырма беру.


«Артықшылығы неде?»

«Ашық және тұйық қанайналым жүйесі»

Оқушылар амандасады, сынып тәртібін сақтайды.



Оқушылар үй жұмысы бойынша өткен білімдерін еске түсіреді. Берілген тапсырманы орындайды.

Дескриптор:

-әр кілт сөздің артықшылықтарын сипаттағаны үшін - 2 балл;

Интерактивті панель, презентация




Оқушылардың назарын аудару

«Ой қозғау» әдісі

«Жүректің жиырылу ұғымын» сипаттау.


«Қызықты деректер»

- Тақырыпқа байланысты қызықты фактілер, оқиғалар немесе нақты өмірден алынған мысалдар оқушылардың назарын аударуға көмектеседі және олардың материалды жақсырақ есте сақтауына ықпал етеді.

Оқушының логикалық ойлау қабілеті дамиды.

Өз ойын, ой-пікірлерін білдіреді. Берілген тапсырманы орындайды.



Дескриптор:

-сұрақтың әр дұрыс жауабы үшін -1 балл;

Интерактивті панель, презентация


Сабақтың мақсатын таныстыру

8.1.3.11- дене жаттығуларының жүрек жұмысына әсерін зерттеу;


Дәйек сөз немесе цитата:

"Дене жаттығулары – жүрек денсаулығының басты кілті, себебі олар жүрек бұлшық етін күшейтіп, қан айналымын жақсартады."

Американдық жүрек қауымдастығы (AHA)


Жаңа сабақтың оқу мақсатын жазады.

Кілт сөздерді мазмұнымен ауызша атау арқылы сәйкестендіреді.

Дескриптор:

- әр кілт сөздерді мазмұнымен сәйкестендіргені үшін – 1 балл;

Интерактивті панель, презентация


Биология 8-сынып,Автор: А.Соловьева, Б.Ибраимова. Алматы «Атамұра» баспасы 2018ж

Құндылық:

«жасампаздық және жаңашылдық»

Теориялық білім: дене жаттығуларының жүрек жұмысына әсерін сипаттайды; Практикалық дағдылар: дене жаттығуларының жүрек жұмысына әсерін зерттейді; Функционалдық сауаттылық: қантамыр дене жаттығуларының жүрек жұмысына әсерін түсіндіреді;

Сабақтың оқу мақсатымен байланысты басты құндылықтармен танысады. Ой қозғау жүзеге асады.

Кері байланыс:

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады.

«Керемет!» және т.б

Интерактивті панель, презентация

Жаңа тақырыпты таныстыру

«Бейнетүсіндіру» әдісі. мұғалім жаңа сабақты бейне сурет, кесте арқылы түсіндіру.


Оқушылар жаңа сабақ бойынша дайын кестені дәптерге түртіп жазады. Ой қозғау жүзеге асады.

Кері байланыс:

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады.

«Керемет!» және т.б

Интерактивті панель, презентация


Сабақтың ортасы



Оқушыларға бағыт бағдар беру

«Кинометафора» әдісі.

Мақсаты: Оқушының ой-өрісін, ойлау қабілетін дамыту.

Бір мәселе бойынша бейнесюжеттен үзінді көрсету арқылы баланың өз ойын, ой-пікірлерін білуге болады.

Оқушының логикалық ойлау қабілеті дамиды.

өз ойын, ой-пікірлерін білдіреді.

Кері байланыс:

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады.

«Керемет!» және т.б

Интерактивті панель, презентация

Бейнефильм ссылкасы:

https://drive.google.com/file/d/1YuKyBCWKJ4mRx7SZprsMXV2NB5_5twwu/view?usp=drive_link


https://drive.google.com/file/d/1EkMXWfFLJLVDXcytCQpSL_CK8Df5s7Lw/view?usp=drive_link

Практикалық тапсырмалар беру.

7 з е р т х а н а л ы қ

ж ұ м ы с


«Денешынықтыру жаттығуларының жүрек жұмысына әсерін зерттеу»




Оқу мақсатына сай жасалған ЗЖ тапсырмаларын орындайды. Бір-бірімен пікір алмасады. Ой қозғау жүзеге асырылады.

ЗЖ тапсырмаларының дескрипторы ҚМЖ қосымшасында орналасқан

Интерактивті панель

Презентация

Биология 8-сынып,Автор: А.Соловьева, Б.Ибраимова. Алматы «Атамұра» баспасы 2018ж

Бағалау

ҚБ тапсырмасы ҚМЖ қосымшасында орналасқан.

ҚБ тапсырмаларын орындайды. Ой қозғау жүзеге асады.

ҚБ тапсырмасының дескрипторы ҚМЖ қосымшасында орналасқан.

Интерактивті панель, презентация

Сабақтың соңы



Кері байланыс беру

1,2-«Бүгін сабақта зерттедім»

3- «Бүгінгі сабақта маған түсіну қиынға соқты»

4-«Менің жеңісім»

Білім алушылар өздері зерттеген, қиынға соқтырған және өз жеңісін жазады, кері байланыс береді.

Кері байланыс:

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады.

«Керемет!» және т.б

Интерактивті панель

Презентация


Білімді игеруді жақсарту және оны тәжірибеге көшіру

Шығармашылық жұмыс. Тірек сызба



§24. Жүрек-қан тамырлары жүйесінің аурулары.


Білім алушылар келесі тақырыптың тақырыбымен және тірек сызба сызады. Ой қозғау жүзеге асады.

Кері байланыс:

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады.

«Керемет!» және т.б

Жұмыс дәптері


Биология 8-сынып,Автор: А.Соловьева, Б.Ибраимова. Алматы «Атамұра» баспасы 2018ж



ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАРҒА ҚОСЫМША


«Жүректің жиырылу ұғымы» сипаттау.


Жүректің жиырылуы:

Алдымен 2 жүрекше – 0,1 секунд

Содан соң 2 қарынша – 0,3 секунд

Жалпы жиырылу – 0,4 секунд

Жалпы босаңсу – 0,4 секунд

Толық жиырылып, босаңсуы – 0,8 секунд

Жүректе жүрекшелер жиырылған кезде қанды кері жібермейді: Жақтаулы қақпақшалар

Жүректің Сол жақ бөлігі: Қосжақтаулы қақпақша (2)

Жүректің Оң жақ бөлігі: Үшжақтаулы қақпақша (3)

Қарыншалар мен олардан басталатын қан тамырларының арасында болады: Жарты ай тәрізді қақпақшалар



«Қызықты деректер»

- Тақырыпқа байланысты қызықты фактілер, оқиғалар немесе нақты өмірден алынған мысалдар оқушылардың назарын аударуға көмектеседі және олардың материалды жақсырақ есте сақтауына ықпал етеді.


Жүрек "фитнесі" - тұрақты жаттығулардың нәтижесі:

Тұрақты аэробты жаттығулар жүрек соғу жиілігін төмендетіп, жүрек бұлшықетінің көлемін арттырады. Жақсы жаттыққан спортшылардың жүрек соғу жиілігі демалыс кезінде минутына 40-50 соққыға дейін төмен болуы мүмкін.


Жүгіру - жүректің ең жақсы досы:

Жеңіл және орташа қарқынмен жүгіру жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупін 30%-ға дейін төмендетеді. Күнделікті 30 минут жүгіру қан айналымын жақсартып, холестерин деңгейін төмендетуге көмектеседі.


"Жаттығу кезіндегі жүрек қуаты":

Жоғары қарқынды интервалды жаттығулар (HIIT) тек қысқа уақыт ішінде жасалғанына қарамастан, жүрек-қан тамырлары жүйесіне ұзақ мерзімді оң әсер береді. Мұндай жаттығуларда жүрек күші максималды деңгейде жұмыс істейді.


Йоганың жүрекке пайдасы:

Зерттеулер көрсеткендей, йога мен тыныс алу жаттығулары (пранаяма) қан қысымын төмендетіп, жүрек-қан тамырлары жүйесінің стресс деңгейін азайтады. Бұл әсіресе гипертониямен ауыратын адамдар үшін тиімді.


Қарқынды жаттығулардың "кейінгі әсері":

Жаттығу аяқталғаннан кейін жүрек соғу жиілігі қалыпқа келу барысында дене әлі де калорияларды жоя береді. Бұл құбылыс "аэробты жаттығудан кейінгі оттегін тұтыну" деп аталады (EPOC).


Күнделікті белсенділіктің маңызы:

Күніне 10 000 қадам жасау тек жүрекке емес, бүкіл дене жүйесіне оң әсер етеді. Жаяу жүру - ең қарапайым, бірақ ең тиімді кардио жаттығуларының бірі.


Жүрек - нағыз "марафоншы":

Орташа есеппен жүрек өмір бойы шамамен 2,5 миллиард рет соғады, ал күн сайын ол 7 000 литрден астам қанды сорып, бүкіл денеге таратады.


"Жас ерекшелігіне қарай жаттығу":

Максималды жүрек соғу жиілігін анықтаудың қарапайым формуласы бар: 220 - сіздің жасыңыз. Бұл мән әртүрлі жаттығу қарқындылығын есептеуде пайдаланылады.


Спорттық белсенділіктің психикалық пайдасы:

Жаттығулар тек жүрекке ғана емес, миға да пайдалы. Олар стресс гормондарының деңгейін төмендетіп, эндорфиндер ("бақыт гормондары") өндірісін арттырады.


Әлемдегі ең жүректі спортшылар:

Эфиопиялық және кенийлік марафоншылардың жүрек-қан тамырлары жүйесі таңғаларлық төзімділікке ие, бұл оларды ұзақ қашықтықты жүгіруде әлемдік көшбасшы етеді.






«Бейнетүсіндіру» әдісі. мұғалім жаңа сабақты бейне сурет, кесте арқылы түсіндіру.



Жаттығу түрі

Жүрекке әсері

Жүрек соғу жиілігінің өзгерісі

Аэробты жаттығулар

Қан айналымын жақсартады, жүрек бұлшықетінің күші артады.

Жүрек соғу жиілігі артады, бірақ жаттығулар тұрақты түрде жасалса, демалыс кезінде төмендейді.

Күштік жаттығулар

Жүрекке жүктеме артып, қысқа мерзімді қысым көтерілуі мүмкін.

Жүрек соғу жиілігі жаттығу кезінде жылдам көтеріледі, бірақ аз уақыт ішінде қалпына келеді.

Йога және медитация

Жүрекке стресс төмендейді, тыныштық күйіне көшу жеңілдейді.

Жүрек соғу жиілігі төмендейді, тыныс алу бірқалыпты болады.

Жүгіру (орташа қарқын)

Жүрек бұлшықеті күшейіп, оттегімен қамтамасыз ету жақсарады.

Жүрек соғу жиілігі артады, бірақ дене бейімделгеннен кейін біртіндеп тұрақтанады.

Интервалды жаттығулар

Жүрек-қан тамырлар жүйесін оңтайландырады, жоғары қарқынды жүктемеге төзімділік арттырады.

Жүрек соғу жиілігі жаттығу барысында күрт көтеріледі, демалу кезінде төмендейді.

Жаяу серуендеу

Қан айналымын қалыпқа келтіреді, жүрекке жеңіл жүктеме береді.

Жүрек соғу жиілігі сәл артады, ұзақ серуеннен кейін тұрақталады.

Түйін:

Дене жаттығулары жүрек бұлшықетінің жұмысын жақсартып, жүрек ауруларының алдын алуға көмектеседі.

Жаттығулардың қарқындылығы мен ұзақтығын денсаулық жағдайына және жас ерекшеліктеріне қарай таңдаған жөн.




7 з е р т х а н а л ы қ ж ұ м ы с


«Денешынықтыру жаттығуларының жүрек жұмысына әсерін зерттеу»


Жұмыс мақсаты: жүрек жиырылуының жиілігі мен дене жүктемесінің арасындағы өзара байланысты анықтау.

Құрал-жабдықтар: оқулық, секундомер немесе секундтық тілі бар сағат.

Жұмыс барысы

1. Тамыр соғуының теориялық негіздемесі және оны өлшеу әдістемесімен танысу.

Пульс (лат. пульсус – соғу, соққы) –жүректің сол жақ қарыншасының жиырылуына байланысты

артерия қабырғасының ырғақтық тербелісі. Жүрек жиырылғанда қан жоғары қысыммен, күшпен ұлғаятын қолқаға айдалады. Қолқа қабырғасы тербеле бастайды.

Сосын тербеліс артерия қабырғасы бойынша тез таралады. Бұл тербеліс тамырдың соғуы деп аталады. Білезіктің іш жағына, мойынды екі жағынан, самайды саусақпен басып, тамырдың соғуын анықтауға болады. Тамырдың соғуы арқылы 1 минуттағы жүректің жиырылу санын анықтауға болады.

2. Отырып, өздеріңнен тамырдың соғуын табыңдар. 1 минуттағы жүректің жиырылу санын санаңдар.

3. Тұрыңдар және 1–2 минуттан кейін тұрған кездегі тамырдың соғуын есептеңдер.

4. 20 рет отырып, тұрыңдар. Сосын тамырдың соғуын санаңдар. Кестені дәптерге сызып алып, барлық алған деректеріңді жазыңдар.

53-сурет. Жүрек соғысын әдетте білек арқылы анықтайды.


1 минуттағы тамырдың соғу саны






Тыныш күйде

Отырған кезде:



Тұрған кезде:

20 рет отырып, тұрғаннан кейін











  • Қорытынды нәтижесін кестеге толтырыңдар.

  • Жүректің жиырылу санының неліктен өзгергенін түсіндіріңдер.


Дескриптор:

- зертханалық жұмыстың тақырыбын және мақсатын жазады – 2 балл;

- денешынықтыру жаттығуларының жүрек жұмысына әсерін зерттейді – 2 балл;

- тамыр соғуының теориялық негіздемесі және оны өлшеу әдістемесімен танысады – 2 балл;

- қалыпты жағдайда тамыр соғуы мен 20-рет отырып тұрудағы жүректің соғуын санайды – 2 балл;

- зертханалық жұмыстың қорытынды нәтижелерін кестеге жазады – 2 балл;





ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАР


Оқушының аты-жөні: _____________________________________________сыныбы___________


"Дене жаттығуларының жүрек жұмысына әсері"

Тапсырма 1: Теорияны түсіну

Сұрақ:

  1. Аэробты жаттығулардың жүрек жұмысына қалай әсер ететінін сипаттаңыз.

  2. Күштік жаттығулар кезінде жүрек соғу жиілігі қалай өзгереді?

  3. Неліктен тұрақты жаттығулар жүрек ауруларының алдын алады?

Жауаптар:

  1. Аэробты жаттығулар жүрек бұлшықетін күшейтеді, қан айналымын жақсартады, жүрек соғу жиілігін демалыс кезінде төмендетеді.

  2. Күштік жаттығулар кезінде жүрек соғу жиілігі күрт артады, бірақ жаттығу аяқталған соң тез қалпына келеді.

  3. Тұрақты жаттығулар қан қысымын төмендетіп, холестерин деңгейін реттеп, жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупін азайтады.

Shape1

Тапсырма 2: Деректерді талдау

Мәліметтер:
Төмендегі жүрек соғу жиілігінің өзгеріс кестесіне назар аударыңыз. Кестедегі мәліметтерді пайдаланып, сұрақтарға жауап беріңіз.

Жаттығу түрі

Бастапқы ЖСЖ (мин)

Жаттығу кезіндегі ЖСЖ (мин)

Қалпына келу уақыты (мин)

Аэробты жаттығулар

70

140

3

Күштік жаттығулар

75

160

5

Жаяу жүру

68

90

2

Сұрақтар:

  1. Қай жаттығу түрі жүрекке ең аз жүктеме береді?

  2. Қалпына келу уақыты ең ұзақ қай жаттығуда байқалады?

  3. Жаттығу кезіндегі ең жоғары жүрек соғу жиілігі қай жаттығуда тіркелген?

Жауаптар:

  1. Жаяу жүру жүрекке ең аз жүктеме береді (ЖСЖ: 68 бастапқы, 90 жаттығу кезінде).

  2. Қалпына келу уақыты ең ұзақ - күштік жаттығулар (5 минут).

  3. Жаттығу кезіндегі ең жоғары ЖСЖ - күштік жаттығуларда (160 соққы/мин).

Shape2

Тапсырма 3: Практикалық тапсырма

Тапсырма:
Өзіңіздің жүрек соғу жиілігіңізді жаттығу кезінде және жаттығудан кейін өлшеңіз. ЖСЖ мәндерін келесі кестеге толтырыңыз:

Жаттығу түрі

Бастапқы ЖСЖ

Жаттығу кезіндегі ЖСЖ

Қалпына келу кезіндегі ЖСЖ (1 мин)

Аэробты жаттығу




Күштік жаттығу




Жаяу жүру




Талдау:

  1. Қай жаттығу түрі сізге ең үлкен жүктеме береді?

  2. Қалпына келу уақытыңыз қай жаттығуда жылдам болды?

Shape3

Тапсырма 4: Шығармашылық тапсырма

Мәселе:
"Дене жаттығулары жүрекке қалай әсер етеді?" тақырыбында постер немесе презентация жасаңыз. Постерде келесі элементтер болуы керек:

  • Жаттығу түрлері және олардың жүрекке әсері;

  • Жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу үшін пайдалы кеңестер;

  • Инфографика немесе диаграмма арқылы деректер.

Shape4

Бұл тапсырмалар оқушылардың теориялық білімдерін бекітуге, мәліметтерді талдауға және жеке тәжірибелерін талқылауға бағытталған.


Дескриптор:

- Сұрақтарға жауап береді – 3 балл;

- Берілген деректерді талдай отырып сұрақтарға жауап береді – 3 балл;

- Практикалық тапсырмаларды орындай отырып, кестені толтырады және сұрақтарға жауап береді – 5 балл;

- Шығармашылық тапсырманы орындайды – 3 балл;














Оқушыға беретін мәтін

Жүрек-қантамыр жүйесіне физикалық жүктеменің әсері

Жұмыс бұлшық еттерге физикалық жүктеме кезінде, тыныштық күйге қарағанда, аэробты тыныс алудың қарқындылығын арттыру үшін оттек пен қоректік заттар көбірек қажет және түзілген көміртек диоксиді мен жылуды жылдам бөліп шығару керек болады. Бұл бұлшықет жасушаларының қанмен қамтамасыз етілуінің күшеюі нәтижесінде жүреді, ол бірнеше механизммен қамтамасыз етіледі.

Үздіксіз ауыр жүктеме кезінде сол жақ қарыншадан қанның шығуы 4-6 л/мин-ден (тыныштық күйде) 15 (жаттықпаған әйел), 22 (жаттықпаған еркек) және тіпті 30 л/мин-ге (спортшыларда) дейін артуы мүмкін. Мұндай жұмыс тәртібінде шамамен 2 минут ішінде орташа көлемді ваннаны толтыруға болар еді. Бұл жүректің жиырылу жиілігінің арту есебімен, сондай-ақ соғу көлемінің артуы есебінен қамтамасыз етіледі (яғни қарыншалардың көбірек босаңсуы). Қағида бойынша, нәтижеде қысымның жоғарылауы шамамен 30% ға артады. Максималды физикалық жүктеме кезінде жүректің жиырылу жиілігі үш есе, ал соғу көлемі – екі есе ұлғаюы мүмкін. Жаттыққан спортшыда жүрек бұлшықеттерді қанмен қамтамасыз етуді 25 есеге ұлғайтуға қабілетті.


Жүректен қанның шығарылуы қалай артады?

Физикалық жүктемеге дайындық кезінде және бастапқы фазасында симпатикалық жүйке жүйесі мен адреналин күшейтілген жүрек жұмысын ынталандырады. Бірақ ары қарай мұндай жұмыс ырғағын басқа да жүйкелік және гормональдық факторлар жақтайды. Мысалы, бұлшықеттерде көктамырдың кеңеюі жүректегі қанның қайта келуін арттырады, ал бұл механизм бойынша жүректің қанды шығаруы артады. Бұлшықеттерге қарағанда, физикалық жүктемесі аз мүшелер де оттегіні қажет етеді, әсіресе ішек, бауыр, бүйрек және көкбауырда артериоланың тарылуы жүреді. Осындай процесстердің нәтижесінде қанның құрамындағы көміртек диоксидінің мөлшері артады.

Ағзадан жылудың күшпен шығуы тері қантамырларының кеңеюіне алып келеді. Қандағы температураның артуы гипоталамустың жұмысын тездетеді. Соның салдарына тері артериоллаларының қабырғалары кеңейіп, сыртқы ортаға жылу бөлінеді.










Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.12.2024
400
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі