Мерзімі________________
Зертханалық жұмыс № 1
ФИЗИКАЛЫҚ ШАМАЛАРДЫ ӨЛШЕУ
Мензурка бөліктерінің құнын анықтау.
Судың және пішіндері әртүрлі денелердің көлемдерін өлшеу.
Жұмыстың мақсаты: құрал бөліктерінің құнын анықтауды; құралды дұрыс пайдалануды; өлшеуіш цилиндрдің (мензурканың) көмегімен денелердің көлемін анықтауды; өлшеу нәтижелерін қателіктерді ескеріп жазуға үйрену.
Құрал – жабдықтар: өлшеуіш цилиндр (мензурка); суы бар стақан; жіп; жезден, болаттан, алюминийден жасалған цилиндрлер; ағаш блеуше; пішіндері әр түрлі денелер (уақ тастар, сомын, бұранда шеге); сазбалшық кесегі.
1 – тапсырма. Мензурка бөліктерінің құнын анықтау және судың көлемін өлшеу.
Жұмыс барысы:
-
Қолдарындағы мензурка шкаласын мұқият қарап шығыңдар. Мензурка көмегімен көлемнің қандай бірлікпен өлшенетінін дәптерлеріңе жазып алыңдар. Бұл мензуркамен қандай максимал көлемді өлшеуге болады? Оны метрдің кубына (м3) айналдырыңдар.
-
§ 4 – ты зерделеу кезінде алған білімді пайдаланып, мензурка шкаласының бөлік құнын анықтаңдар.
-
Мензуркаға су құыйндар және оның көлемін анықтаңдар. Көздеріңді мензуркадағы су бетінің жазықтығына параллель бағыттай отырып, өлшеулерді дұрыс жүргізіңдер. Өлшеу қателігін анықтаңдар. Өлшеулер нәтижесін қателікті ескере отырып жазыңдар.
-
Кестені толтырыңдар.
|
Vmax (л және м3) |
Шкаланың бөлік құны |
Өлшеудің абсолют қателігі |
Судың көлемі, V1 (л және м3) |
Өлшеулер нәтижесі |
|
|
|
|
|
|
Нұсқау: 1 мл = 1 см3 екеніне назарларыңды аударамыз. Сұйық көлемін
миллиметрмен (мл) де, сантиметрдің кубымен (см3) де өрнектейді, ал
қатты денелердің көлемдерін миллилитрмен көрсетпейді.
2 – тапсырма. Мензурканың көмегімен пішіндері әртүрлі денелердің көлемдерін өлшеу.
Жұмыс барысы:
-
Мензуркаға су құйып, ондағы судың бастапқы V0 көлемін белгілеңдер.
-
Жезден, болаттан, алюминийден жасалған цилиндрлерге жіп байлаңдар. Оларды кезекпен суға батырыңдар және әр жолы мензуркадағы судың жаңа V1 деңгейін өлшеп отырыңдар (суретке қараңдар).
-
Цилиндрлердің көлемін мензуркадағы судың соңғы және бастапқы көлемдерінің айырымы ретінде анықтаңдар.
-
Жіпке сомынды, бұрандалы шегені байлап, тәжірибені қайталаңдар. Осы денелердің көлемін анықтаңдар.
-
Су бар мензуркаға ағаш білеушені салыңдар. Қарындаштың көмегімен оны толықтай суға батырыңдар. Судың жаңа V1 көлемін өлшеңдер.
-
Ағаш білеушенің көлемін мензуркадағы судың соңғы және бастапқы көлемдерінің айырымы ретінде анықтаңдар.
-
Өлшеулер мен есептеулер нәтижелерін кестеге жазыңдар.
-
Жұмыс бойынша қорытынды жасаңдар.

|
Зерттелетін дене |
Судың бастапқы көлемі V0 (см3) |
Су мен дененің жалпы көлемі, V1 (см3) |
Дененің көлемі, V = V1 - V0 (см3) |
|
Жез цилиндр |
|
|
|
|
Болат цилиндр |
|
|
|
|
Ағаш білеуше |
|
|
|
|
Бұрандалы шеге |
|
|
|
|
Сомын (гайка) |
|
|
|
Қорытынды___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Мұғалім комментарийі ________________________________________________
____________________________________________________________________________________________________________________________________________
Мерзімі________________
Зертханалық жұмыс № 2
Кішкентай денелердің өлшемдерін анықтау.
Жұмыстың мақсаты: қатарлап қою тәсілімен өлшеу жүргізуді үйрену.
Құрал – жабдықтар: өлшеуіш сызғыш; кішкентай денелерп жиынтығы (бұршақ, бытыра, тары, жіп, жіңішке сым).
1 – тапсырма. Бұршақтың, бытыраның, тарының, жіптің, жіңішке сымның диаметрін өлшеу.
Жұмыс барысы:
-
Сызғыштың өне бойына бірнеше бұршақты бір-біріне түйістіріп, қатарластыра орналастырыңдар және бұл қатардың L ұзындығын анықтаңдар. Бұл ұзындықты N бұршақтар санына бөліп, бұршақтың орташа диаметрін табыңдар: d =
. -
Бұршақты көбірек етіп алып тәжірибені қайталаңдар.
-
Осы тәсілмен бытыраның, тарының диаметрін анықтаңдар.
-
Дөңгелек қарындашқа жіп ораңдар. Орамдар бір-біріне тығыз орналасатын болсын. Сызғыштың көмегімен оралған бөліктің L ұзындығын табыңдар. Бұл ұзындықты N орам санына бөліп, жіптің орташа қалындығын (диаметрін) аламыз: d =
. Осылайша сымның
диаметрін анықтаңдар. -

№ |
Дене |
Сызғыш шкаласының бөлік құны |
Қатар ұзындығы, L (мм) |
Қатардағы денелердің орам саны, N |
Нүктенің диаметрі, d (мм) |
Диаметрді өлшеудегі қателік, ∆d (мм) |
|
1 |
Бұршақ |
|
|
|
|
|
|
2 |
Бытыра |
|
|
|
|
|
|
3 |
Тары |
|
|
|
|
|
|
4 |
Жіп |
|
|
|
|
|
|
5 |
Жіңішке сым |
|
|
|
|
|
2 – тапсырма. Нүктенің өлшемін анықтау.
Жұмыс барысы:
-
Қаламсаптың көмегімен дәптерге бір-біріне түйістіріп, бір түзудің бойына 15 – 20 нүкте қойындар.
-
Олардың L жалпы ұзындығын өлшеңдер және бір нүктенің өлшемін табу үшін өлшенген ұзындықты N нүктелер санына бөліңдер: d =

Тәжірибе реті |
Қатардағы нүктелер саны, N |
Қатардың ұзындығы, L (мм) |
Нүктенің диаметрі, d (мм) |
Диаметрді өлшеу қателігі, ∆d (мм) |
|
1 |
|
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
3 – тапсырма. Бұранда қадамын өлшеу.
Бұранда қадамы деп бұрандадағы, бұрандалы шегедегі және сомындағы қатар жатқан екі орамның арасынджағы қашықтықты айтады.
Жұмыс барысы:
1. Бұранданың орамдары
бар бөлігінің L
ұзындығын
сызғышпен өлшеңдер. Осыдан кейін N
орам санын
есептеңдер. Бұранда қадамы h
=
.
2. Өлшеулерді және есептеулерді басқа бұрандамен, бұрандалы шегемен және сомынмен қайталаңдар.
3. Өлшеулер мен есептеулер нәтижелерін кестеге жазыңдар.
4. Жұмыс бойынша қорытынды жасаңдар.
|
Дене |
Орам саны, N |
Бұранданың орамдары бар бөлігінің ұзындығы, L (мм) |
Бұранда қадамы, d (мм) |
Бұранда қадамын өлшеу қателігі, ∆d (мм) |
Өлшеу нәтижелері |
|
Бұранда |
|
|
|
|
|
|
Бұрандалы шеге |
|
|
|
|
|
|
Сомын |
|
|
|
|
|
Қорытынды_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Зертханалық жұмыс № 3
Сұйықтың және қатты денелердің тығыздығын анықтау.
Жұмыстың мақсаты: иінді таразы және өлшеуіш цилиндр (мензурка) көмегімен зат тығыздығын анықтауды үйрену.
Құрал – жабдықтар:
-
Өлшеуіш цилиндр (мензурка)
-
Химиялық стақан
-
Жіп
-
Жез, болат, алюминий цилиндрлер
-
Дұрыс пішінді ағаш білеуше
-
Иінді таразы және гірлер жиынтығы.
1 – тапсырма. Әртүрлі қатты денелердің тығыздығын анықтау.
Жұмыс барысы:
-
Тепе-теңдік қалпына келтіріп, таразыны дайындаңдар.
-
Таразы көмегімен әртүрлі денелерді (жез, болат, алюминий цилиндрлер) өлшеп, олардың массасын табыңдар.
-
Мензурканың бөлік құнын анықтаңдар.
-
Мензуркаға су құйып, оның V1 көлоемін өлшеңдер.
-
Жіптің көмегімен денені суға батырып, V2 сұйық көлемін өлшеңдер.
-
Дененің көлемін анықтаңдар: V = V2 - V1.
-
Қарастырылатын дененің тығыздығын ρ =
формуласы бойынша анықтаңдар. -
Қатты заттар тығыздығының кестесі бойынша дене жасалған заттың тығыздығын табыңдар.
-
Өлшеулер және есептеулер нәтижелерін кестеге жазыңдар.
10. Зат тығыздықтары бойынша салыстырмалы талдау жасаңдар.
|
Дене массасы m, г |
Көлемдері, V (см3) |
Қатты дененің тығыздығы, ρ, г/см3 |
Зат атауы |
||
|
Су көлемі, V1 |
Дене мен судың коса алғандағы көлемі, V2 |
Дене көлемі V2 - V1 |
|||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2 – тапсырма. Сұйықтың тығыздығын анықтау.
Жұмыс барысы:
-
Таразы көмегімен бос химиялық стақанның m1 массасын анықтаңдар.
-
Мензуркаға аздаған сұйық (шамамен 50 – 60 г) құйып, оның көлемін анықтаңдар.
-
Бұл сұйықты химиялық стақанға құйып, сұйығы бар стақанды өлшеп, массасын анықтаңдар.
-
Цилиндрдегі судың массасын m = m2 – m1 формуласы бойынша анықтаңдар.
-
Сұйық тығыздығыy ρ =
формуласы бойынша анықтаңдар. -
Сұйық тығыздығы туралы қорытынды жасаңдар.
|
Дене массасы m, г |
Бос стақан массасы, m1 |
Сұйық көлемі, V |
Сұйығы бар стақан массасы, m2 |
Сұйық тығыздығы, ρ, г/см3 |
Сұйық атауы |

Зертханалық жұмыс № 4
Серіппенің қатаңдығын анықтау.
Жұмыстың мақсаты: берілген серіппе үшін Гук заңының дұрыстығын тексеру. Серіппе қатаңдығын анықтау.
Құрал – жабдықтар:
-
Әрқайсысы 100 г болатын жүктер жиынтығы
-
Миллиметрлік бөліктері бар сызғыш
-
Муфтасы және табаны бар штатив
-
Серіппе.
Жұмыс барысы:
-
Штативке серіппенің бір жағын бекітіңдер. Серіппенің екіш\нші жағында тілі мен ілгегі бар. (суретке қараңдар)
-
Серіппемен қатарластырып немесе оның артына миллиметрлік бөліктері бар сызғыш қойып бекітіңдер.
-
Серіппенің тіліне тұстас келетін етіп сызғышқа белгі қойындар және оған сәйкес мәнді жазып алыңдар.
-
Серіппеге массасы белгілі жүк іліңдер және серіппенің ұзаруын өлшеңдер.
-
Біріншіге екінші, үшінші және т.с.с жүктерді қосып, әр долы серіппенің х ұзаруын жазып отырыңдар. Өлшеулер нәтижесі бойынша кестені толтырыңдар.
-
х және F осьтерін сызыңдар. Оған эксперимент нәтижесінде алынған нүктелерді салыңдар.
-
Берілген серіппе үшін Гук заңының дұрыстығын бағалаңдар: тәжірибе нәтижесінде алынған нүктелер бір түзудің бойында жата ма?
-
Өлшеулер нәтижесі бойынша серпімділік күшінің ұзаруға тәуелділік графигін салыңдар және оны пайдаланып серіппе қатаңдығын kорт орташа мәнін анықтаңдар.
Ескерту: тәжірибе нәтижелері бойынша графикті тұрғызғанда эксперименттік нүктелер Fсерп = kx формуласына сәйкес келетін түзудің бойында жатпауы мүмкін. Бұл өлшеуден туындайтын қателікке байланысты болады. Бұл жағдайда графикті түзудің екі жағындағы нүетелердің саны шамамен бірдей болатындай етіп жүргізу керек. Графикті тұрғызғаннан кейін түзудің бойыннан, графикті ортаңғы бөлігінен нүкте алыңдар. Нүктеге сәйкес келетін k серпімділік күшінің мәні мен ұзаруды анықтаңдар. Қатаңдықты есептеңдер. Ол серіппе қатаңдығының ізделінді kорт орташа мәні болады.
-
Өлшеудің ең үлкен абсолют қателігін ∆k =
формуласы бойынша есептеңдер. Осы формуладағы
шамасы - бөлік құны, мұндағы a және
b - қатар жатқан екі
сан,
n - осы екі санның арасындағы бөлік саны.
-
Өлшеу нәтижесі, әдетте, k = kорт ± ∆k түрінде жазылады, мұндағы - өлшеудің ең үлкен абсолют қателігі.
-
Жұмыс нәтижесі бойынша қорытынды жасаңдар.

|
Тәжірибе реті |
|
|
х, м |

Зертханалық жұмыс № 5
Сырғанау үйкеліс күшін зерттеу.
Жұмыстың мақсаты: сырғанау үйкеліс күшін анықтау, бірқалыпты қозғалып келе жатқан денеге әрекет ететін үйкеліс күші мен оның нормаль қысым күшінің арасындағы тәуелділікті табу.
Құрал – жабдықтар: білеуше, жүктер жиынтығы, динамометр, ағаш сызғыш.
Жүгі бар білеушені горизонталь жазықтық бойымен бірқалыпты тарту үшін қажет күшті динамометр көмегімен өлшейді. Бұл күш модулі бойынша білеушеге әрекет ететін Fүйк күшіне тең. Осы динамометр көмегімен жүгі бар білеушенің салмағын табуға болады. Бұл салмақ модулі бойынша білеушенің өзі сырғанап келе жатқан бетке түсетін N нормаль қысым күшіне, яғни тіреудің реакция күшіне тең. Осылай нормаль қысым күшінің әртүрлі мәндеріндегі үйкеліс күшініңмәнін анықтап, Fүйк -тің P-ға тәуелділігін графигін тұрғызу және үйкеліс коэффициентінің орташа мәнін анықтау керек: µ = Fүйк/ P.
Бұл жұмыстағы негізгі өлшеуіш құрал - динамометр. Динамометрдің қателігі ∆F = 0.05 Н. Егер шкаланың тілі штрихпен сәйкес келмесе (немесе тербелсе), онда күштің өлшеу қателігі ∆F = 0,1 Н.
Жұмыс барысы:
-
Білеушені горизонталь орналасқан ағаш сызғыштың үстіне орналастырындар. Білеушенің үстіне жүк қойындар.
-
Білеушеге динамометрді бекітіп, оны сызғыш бойымен мүмкіндігінше бірқалыпты болатындай етіп тартыңдар. Бұл кездегі динамометр көрсетуін өлшеңдер.
-
Білеуше мен жүкті өлшеңдер.
-
Бірінші жүкке екінші, үшінші жүктерді қосыңдар. Әр жолы білеуше мен жүктерді және үйкеліс күшін өлшеңдер.
-
Өлшеулер нәтижесі бойынша кестені толтырыңдар.
-
Үйкеліс күшінің нормаль қысым күшіне тәуелділік графигін тұрғызу (2 тор көз – 0,5 Н).
-
График бойынша үйкеліс коэффициент анықтау.
-
Үйкеліс коэффициентің µорт орташа мәнін анықтау.
-
Өлшеудің абсолют қателігін есептеу.
-
Үйкеліс күші нормаль қысым күшіне қалай тәуелді болатыны туралы қорытынды жасаңдар.
-
Үйкеліс күшінің жанасу ауданына тәуелділігін зерттеу (қосымша тапсырма).
-
Тәжірибе реті
Нормаль қысым күші, Н
Үйкеліс күші,
Н
Үйкеліс коэффициенті, µ
1
2
3
Қорытынды_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Зертханалық жұмыс № 6
Архимед заңын тексеру.
Жұмыстың мақсаты: суға батырылған пішіндері әртүрлі денелерге әрекет ететін архимед күшін өлшеу.
Құрал – жабдықтар: жіп байланған цилиндр, куб және бұрыс пішінді денелер, өлшеуіш цилиндр (мензурка), динамометр, суы бар стақан, сызғыш.
Жұмыстың орындалу реті:
-
Суы бар мензурканы пайдаланып, цилиндр пішінді дененің көлемін өлшеңдер (суретке қараңдар).
-
Денеге әрекет ететін FА архимед күшінің мәнін есептеңдер (судың тығыздығы 1000 кг/м3). Өлшеулер мен есептеулер нәтижелерін кестеге жазыңдар.
-
Динамометрге жіп байлаған денені іліңдер. Оған әрекет ететін ауырлық күшін өлшеңдер (дененің ауадағы салмағы).
-
Денені суы бар стақанға салыңдарда, серіппенің серпімділік күшін өлшеңдер (дененің судағы салмағы).
-
Архимед күшінің мәнін есептеңдер: F'А = Fа - Fсерп. Нәтижелерді жоғарыдағы кестеге жазыңдар.
-
Куб және бұрыс пішінді денеге әрекет ететін архимед күшін анықтаңдар. Нәтижелерін кестеге жазыңдар.
-
Әр дене үшін екі тәсілмен алынған архимед күшінің мәндерін салыстырыңдар.
-
Қорытынды жасаңдар.

|
№ |
Дене |
Дененің көлемі, V, м3 |
Архимед күші, FА, Н |
Ауырлық күші, Fа, Н |
Серпімділік күші, Fсерп, Н |
Архимед күші, FА, Н |
|
1 |
Цилиндр |
|
|
|
|
|
|
2 |
Куб |
|
|
|
|
|
|
3 |
Бұрыс пішінді |

Зертханалық жұмыс № 7
Денелердің жүзу шарттарын анықтау.
Жұмыстың мақсаты: эксперимент жүзінде дененің қандай жағдайда суға батып кететінін, су бетіне көтерілетінін, жүзіп жүретінін анықтау.
Сендердің міндеттерің мына тұжырымдарды тексеру:
а) егер ауырлық күші (mg) архимед күшінен аз болса, онда дене су бетіне көтеріліп қалқып жүреді немесе суға аздап батып жүзеді
(а суретке қараңдар).
ә) егер ауырлық күші архимед күшіне тең болса, онда дене сұйық түбіне батып кетеді (ә суретке қараңдар).
б) егер ауырлық күші архимед күшінен артық болса, онда дене сұйық түбіне батып кетеді (б суретке қараңдар).
Құрал – жабдықтар: мензурка, таразы, гіртастар жиынтығы, тығыны бар сынауық, кұм, шыны немесе ағаш таяқша.
Жұмыстың орындалу реті:
-
Тығынмен нығыздалып бекітілген сынауықтың көлемін өлшеңдер. Ол үшін сынауықты таяқшаның көмегімен мензуркаға батырыңдар.
-
Сынауыққа әрекет етуші архимед күшін есептеңдер:
FA = ρс gV (судың тығыздығы 1000 кг/м3). Өлшеулер мен есептеулер нәтижелерін кестеге жазыңдар.
-
Сынауыққа аздап құм салыңдар. Оны суға салғанда суға батпай, жүзіп жүретін болсын. Құмы бар сынауықтың массасын өлшеңдер және оған әрекет етуші ауырлық күшін есептеңдер: Fа = mg. Архимед күші мен сынауыққа әрекет етуші ауырлық күшін салыстырыңдар. Қорытынды жасаңдар.
-
Суға салғанда сынауықтың бір бөлігі суға батып, бір бөлігі су бетінде болатындай етіп оған құм салыңдар. Сынауықтың суға батқан бөлігінің көлемін өлшеңдер. Оған әрекет етуші архимед күшін есептеңдер: Fа = mg. Құмы бар сынауықтың массасын өлшеңдер және оған әрекет етуші ауырлық күшін есептеңдер. Бұл жағдайдағы архимед күші мен сынауыққа әрекет етуші ауырлық күшін салыстырыңдар. Қорытынды жасаңдар.
-
Сынауықты суға салғанда ол суға толық батып, ішінде жүзіп жүретіндей етіп оған құм салыңдар (ә - суретке қараңдар). Бұл жағдайдағы құмы бар сынауықтың массасын өлшеңдер. Оған әрекет етуші ауырлық күшін есептеңдер және оны архимед күшімен салыстырыңдар. Қорытынды жасаңдар.
-
Сынауыққа құмды толтыра салыңдар. Құмы бар сынауықтың массасын өлшеңдер және оған әрекет етуші ауырлық күшін есептеңдер. Төмендегі кестені толтырыңдар. Сынауықты мензуркаға батырыңдар. Ол батып кетеді (б - суретке қараңдар). Бұл жағдайдағы архимед күші мен сынауыққа әрекет етуші ауырлық күшін салыстырыңдар. Қорытынды жасаңдар.
-
Денелердің жүзу шарттары бойынша жалпы қорытынды жасаңдар.

|
№ |
Сынауықтың көлемі, V, м3 |
Архимед күші, FA, Н |
Сынауық тың массасы m, кг |
Ауырлық күші Fтяж, Н |
FA және Fа арақатынасы |
Сынауық қалқып шығады, жүзеді, батады |
|
1 |
|
|
|
|
|
Су бетіне қалқып шығып жүзіп жүреді |
|
2 |
|
|
|
|
|
Суға бір бөлігі батып жүзіп жүреді |
|
3 |
|
|
|
|
|
Сұйық ішінде жүзеді |
|
4 |
|
|
|
|
|
Батады

Зертханалық жұмыс № 8
Жазық фигураның массалар центрін анықтау.
Жұмыстың мақсаты: ұсынылған құралдарды пайдаланып, тәжірибе жүзінде қалын қатырма қағаздан жасалған фигураның және ұшбұрышты сызғыштың массалар центрінің орнын анықтау.
Құрал-жабдықтар: штатив, қалын қатырма қағаз, үшбұрыш сызғыш, сызғыш, скотч, жіп, қарындаш.
Жұмыс барысы: массасы және шекті өлшемі бар кез келген нақты денені бірнеше бөліктердің жиынтығы ретінде қарастыруға болады. Бұл бөліктердің әрқайсысына жеке-жеке ауырлық күші әрекет етеді. Тұтас денеге әрекет ететін ауырлық күші бұл күштердің теңәрекет күші деп аталады. Бұл теңәрекетті күштің түсірілу нүктесін массалар центрі деп атау қабылданған.
1 – тапсырма. Еркінше таңдап алынған пішіні бар жазық фигураның массалар центрінің орнын анықтау.
-
Қайшының көмегімен қалын қатырма қағаздан кез келген пішіндегі фигураны қиып алыңдар. Оның А нүктесіне жіпті скотчпен бекітіңдер. Жіп арқылы фигураны штатив қысқышына іліңдер. Сызғыш және қарындаш көмегімен қатырма қағазда АВ вертикаль сызықты белгілеңдер.
(а суретке қараңдар).
-
Жоғарыда сипатталған әрекетті басқа С нүктесімен қайталап орындаңдар. Сызғыш және қарындаш көмегімен қатырма қағазда СD вертикаль сызығын сызыңдар (ә суретке қараңдар).
-
АВ және СD сызықтарының қиылысу нүктесі фигураның массалар центрінің орнын береді.

2 – тапсырма. Үшбұрышты сызғыштың массалар центрінің орнын анықтаңдар.
-
Жіптің бір ұшын скотчтің көмегімен үшбұрыштың А төбесіне бекітіңдер және оны штатив қысқышына іліңдер.
-
Сызғыштың көмегімен ауырлық күшінің әрекет ету АВ бағытында үшбұрыщтың А төбесінің қарама-қарсы жағына В нүктесін белгілеңдер (а суретке қараңдар).
-
Штативке үшбұрышты С төбесі арқылы бекітіңдер және жоғарыда сипатталған әрекетті қайталап орындаңдар. Үшбұрыштың С төбесінің қарама-қарсы жағына D белгісін қойындар (ә суретке қараңдар).
-
Скотчтің көмегімен үшбұрышқа АВ және С D жіп кесінділерін бекітіңдер. Олардың қиылысатын О нүктесі үшбұрышты сызғыштың массалар центрінің орнын береді. Бұл жағдайда фигураның массалар центрі дененің өзінен тысқары жататын болады.

Зертханалық жұмыс № 9
Иінтіректің тепе-теңдік шартын анықтау.
Жұмыстың мақсаты: денелердің тепе-теңдік шартын эксперимент жүзінде тексеру.
Құрал-жабдықтар: штатив, иінтірек, жүктер жиынтығы, сызғыш, динамометр.
1 – тапсырма.
Жұмыстың орындалу реті:
-
Эксперименттік құрылғыны жинаңдар (1-ретті иінтірек, суретке қараңдар).
-
Иінтіректің екі ұшындағы бұрандаларды бұрап, оны горизонталь орналасатындай етіп теңгеріңдер.
-
Иінтіректің сол жағына айналу осінен шамамен 10 – 15 см қашықтықта екі жүк іліңдер.
-
Тәжірибе жүзіндеиінтіректің оң жағына айналу осінен қандай қашықтықта оны тепе-теңдікке келтіретін екі, үш жүк ілуге болатынын анықтаңдар.
-
Өлшеулер нәтижесін кестеге жазыңдар.
-
М1 = М2 моменттер ережесінің ақиқаттығын тексеріңдер.
-
Моменттер ережесі қандай дәлдікпенорындалатынын бағалаңдар, ол үшін моменттер айырымын және бұл айырымының моменттің орташа орташа мәніне қатынасын табыңдар.
-
График түрінде кескіндеңдер және моменттер ережесін тексеріңдер.
-
Қорытынды жасаңдар.

|
№ |
Осьтің сол жағы |
Осьтің оң жағы |
||||||
|
Масса m1, кг |
Күш, F1, H |
Иінтірек иіні, d1, м |
Күш моменті, М1, Н*м |
Масса m2, кг |
Күш, F2, H |
Иінтірек иіні, d2, м |
Күш моменті, М2, Н*м |

Зертханалық жұмыс № 10
Көлбеу жазықтықтың ПӘК-ін анықтау.
Жұмыстың мақсаты: көлбеу жазықтықтың ПӘК-ін есептеуді үйрену.
Қарапайым механизмнің (көлбеу жазықтықтың) көмегімен орындалған жұмыс толық жұмыстан аз болатынына көз жеткізу.
Көлбеу жазықтық ПӘК-інің көлбеу жазықтық бойымен көтерілетін дене массасына тәуелділігін анықтау.
Көлбеу жазықтық ПӘК-інің жазықтық көлбеулік бұрышына тәуелділігін анықтау.
Құрал-жабдықтар: тақтай, динамометр, өлшеуіш сызғыш, білеуше, қысқышы (муфтасы) және табаны бар штатив, массалары белгілі жүктер жиынтығы.
Жұмыс барысы: массасы және шекті өлшемі бар кез келген нақты денені бірненше бөліктердің жиынтығы ретінде қарастыруға болады. Бұл бөліктердің әрқайсысына жеке-жеке ауырлық күші әрекет етеді. Тұтас денеге әрекет ететін ауырлық күші бұл күштердің теңәрекет күші деп аталады. Бұл теңәрекет күшінің түсірілу нүктесін массалар центрі деп атау қабылданған.
1 – тапсырма. Көлбеу жазықтықтың ПӘК-ін анықтау.
Жұмыстың орындалу реті:
-
Тақтайшаны көлбеу орналастырыңдар.
-
Көлбеу жазықтықтың h биіктігін және l ұзындығын өлшеңдер.
-
Білеушеге әрекет етуші ауырлық күшін (mg) динамометрмен өлшеңдер.
-
Білеушеге динамометрді бекітіп, оны көлбеу жазықтық бойымен бірқалыпты тартыңдар. Fтарту тарту күшін өлшеңдер.
-
Ап. = mgh пайдалы және Ат = Fтарту l толық жұмысты есептеңдер.
-
Көлбеу жазықтықтың ПӘК-ін есептеңдер: η =

Қосымша жүктерді пайдаланып тәжірибені қайталаңдар
(көлбеу жазықтықтың биіктігін өзгертпеңдер).

Кестедегі мәліметтерді пайдалана отырып қорытынды жасаңдар.
|
№ |
һ, (м) |
l, (м) |
mg, (Н) |
Fтарту, (Н) |
Ап, (Дж) |
Ат, (Дж) |
η, (%) |
|
1 |
0,2 |
0,5 |
|
|
|
|
|
|
2 |
0,2 |
0,5 |
|
|
|
|
|
|
3 |
0,2 |
0,5 |
|
|
|
|
|
2 – тапсырма. Көлбеу жазықтық ПӘК-інің жазықтық көлбеулік бұрышына тәуелділігін анықтау.

*100 %. -

Көлбеу жазықтықтың биіктігін өзгерте отырып 1 – 8 пунктерді қайталаңдар.
-
Кестедегі мәліметтерді пайдалана отырып қорытынды
-
№
һ, (м)
l, (м)
mg, (Н)
Fтарту, (Н)
Ап, (Дж)
Ат, (Дж)
η, (%)
1
0,1
0,5
2
0,15
0,5
3
0,20
0,5
4
0,25
0,5
5
0,3
0,5
6
0,35

жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
зертханалық жұмыс дәптері.

шағым қалдыра аласыз
кг
Н