400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Зерттеу – білім сапасын арттырудың негізі

Материал туралы қысқаша түсінік
Лессон стади зерттеу сабағы
Материалдың қысқаша нұсқасы


Дуйсенбинова Улпан Даулетовна

№149 жалпы білім беретін мектеп

География пәнінің мұғалімі

Педагог-зерттеуші


Зерттеу – білім сапасын арттырудың негізі


Кілт сөздер: зерттеу,  Lesson Study, мұғалім тәжірибесі, бірлескен жоспар


Қазіргі білім жүйесінде сабақты зерттеу алдыңғы орында тұр. Сабақты

жетілдіру мен жақсарту мақсатында пайда болған сабақты зерттеу тәсілі біздің елімізде де кеңінен қолданылып келеді. Аталған тәсіл 1870 жылы Жапониядан бастау алған. Сабақты зерттеу әр пән мұғалімінің педагогикалық білімі мен тәжірибесін жетілдіруге арналған тиімді, маңызды құрал ретінде білім жүйесіне белсенді түрде енгізілді.Бұл зерттеудің ерекшелігі мұғалімдерді оқыту және олардың тәжірибесін жетілдірудегі бірлескен тәсіл ретінде қолданылуы. Сонымен қатар мұғалімдердің ынтымақтастықта оқу сапасын арттыру үшін жүргізетін белсенді әрекеттерінің жүйесінен тұрады. Аталған зерттеуді қазақ тілі мен қазақ әдебиеті сабақтарында қолдану пәннің сапасын ғана емес, мазмұнын, дағдыларды терең меңгеру жолдарына байланысты тың идеяларды, әрекеттерді жүйелейді.Сыныпқа бір мұғалім сабақ беретініне қарамастан, басқа әріптестердің де тұтастай жауапкершілік алып, зерттеуге қатысуы ұжымның да ынтымақтастығын арттырады.

Зерттеу негізінде мұғалім мыналарды білуі тиіс:

1.Мұғалім тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған,

сабақтағы іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсіл екендігін;

2. Шараны бірлесе жоспарлап, өткізетін, қадағалайтын, оқыту мен оқуды

талдай отырып, өз қорытындыларын қағаз бетіне түсіретін мұғалімдер тобы қатысатынын;

3. Бірлесіп жоспарлап, сабақты өткізу барысында зерттелетін үш

оқушыны үнемі назарға ала отырып, оқыту әдістемесін пайдаланады және оның нәтижелерін мұқият зерттейтінін.

Біз, ұстаздар қауымы әс-әрекетті зерттеуді төмендегідей жоспарладық

Lesson Study тобының 1-отырысында бақылау фокусына алынатын топты анықтадық. Бақылау фокусына 3 деңгейлі оқушы таңдалды:

А деңгейі – оқу үлгерімі жоғары деңгейдегі оқушы –барлық пәндерден үздік нәтиже көрсетіп жүрген, туа біткен дарынды оқушы

В деңгейі – оқу үлгерімі жақсы оқушы

С деңгейі – оқу үлгерімі ортадан төмен оқушы

Зерттеу болжамдары:

Тәртіпті реттілікті сақтай отырып, әңгімеге өз бетімен кірісуі;

Жоспарланған тапсырма туралы өз ойн айту қабілеті;

Топта жұмыс істеу дағдысы;

Бағалау үдерісіне қатысу дәрежесі.

Осы аталған критерийлер бойынша сабақ барысында бақылау фокусындағы оқушыларды бірлескен топ мүшелері зерттеп, әрбір іс-әрекетін қадағалап, қорытынды шығарып отырды.

Lesson Study тобы 3 топқа бөлініп, сабақты зерттеу 3 бағытта жүргізілді:

№1-топ - «Жаңартылған білім беру жағдайындағы сабақ үдерісін зерттеушілер»

№2-топ - «Оқушы іс-әрекетін бақылаушылар»

№3-топ - «Сабақ кезіндегі мұғалімнің іс-әрекетін бақылаушылар»

Сабақты зерттеуді өткізу алгоритмін ұсынамыз:

  1. Ынталы топ мектеп ұжымымен ақылдаса отырып сабақты зерттеу үдерісін ұйымдастыру мәселесін талқылайды.

  2. Директордың орынбасарлары және мұғалімдерден ерікті түрде үйлестіруші тағайындайды.

  3. Мектеп ұжымына, мектеп әкімшілігіне сабақты зерттеу әдісіне байланысты таныстырылым ұсынынылады. Оқу жылының қорытындысы немесе жекелеген сыныптардың оқу үлгерімі бойынша талдаулар жүргізіліп, мектептің даму басымдықтарын , проблемаларын айқындайды.

  4. Зерттеу тобын құру пән бойынша, аралас, жеке мақсаттар бойынша.

  5. Зерттеудің мақсатын және түпкі нәтижені анықтау.

  6. Зерттеу топтары арасында кездесулер өткізу, әдебиеттермен, ресурстармен танысу.

  7. Зерттеу тобымен бірлесе отырып, жұмыс жоспарын даярлау, қысқа мерзімді сабақ жоспарының мерзімін белгілеу, зерттелетін мәселе бойынша сабақты бақылау нысандарын анықтау.

  8. Бақыланатын оқушыларды анықтап, бақылау парақтарын / А В С/ бірлесе дайындау.

  9. Зерттеу сабағын өткізу.

  10. Сабақты бақылап, дәлелдерді жинау.

  11. Оқушылармен сұхбаттасу, зерттеуші топ деректерін жинақтау.

  12. Сабақты талқылап, өзгерістер енгізу, сауалнамалар мен дәлелдерді саралау. Әдіс-тәсілдердің тиімділігін анықтау.

  13. Кедергілер мен нәтижелерді талдау.

  14. Зерттеу тобымен бірлесе отырып, келесі сабақты жоспарлау.

15. Зерттеу сабағының қорытындысымен ұжымды таныстыру, таныстырылым жасау.

Қорытындылай келе, зерттеу тобының оның мүшелері кім екеніне және қандай миссияны орындауға шақырылғанына байланысты бірнеше түрі болуы мүмкін. Жалпы жұмыс процесіне бір мектептің мұғалімдері, бір немесе әртүрлі мектептердің басшылары, мектеп психологтері, кітапханашылар, тәлімгерлер, әдіскерлер немесе сыртқы сарапшылар қатыса алады. Ортақ мақсат немесе мәселе оларды байланыстыруы мүмкін. Тәжірибе көрсеткендей, егер бүкіл педагогикалық ұжым проблемаларды шешу жолдарын іздеу процесіне қосылса, онда мақсатқа қол жеткізіледі.





Пайдаланған әдебиеттер тізімі:



  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық, 2012 жыл

  2. ҚР педагогикалық қызметкерлерінің білімін көтеру, 2012 жыл

  3. Lesson stady: нұсқаулық Пит Дадли



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 сәуір
171
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі