Материалдар / Зерттеу жұмысы Мағжан Жұмабаевтың «Сүйемін» өлеңіндегі патриотизм

Зерттеу жұмысы Мағжан Жұмабаевтың «Сүйемін» өлеңіндегі патриотизм

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл жұмыс мектеп мұғалімдеріне қазақ тілі сабақтарын, сынып жетекшілеріне сынып сағаттарын өткізуде қосымша материал ретінде қолдануға болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Ақпан 2020
785
7 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі

Солтүстік Қазақстан облысы

Қызылжар ауданы

«Пеньково орта мектебі» КММ







Зерттеу жұмысы


Мағжан Жұмабаевтың «Сүйемін» өлеңіндегі патриотизм



Авторы: 8 сынып оқушысы Амиров Артем

Жетекшісі: қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі

Баукенова Торғай Сейпеловна
























2020 жыл





Мазмұны


І Кіріспе

Қазақстандық патриотизм


ІІ Негізгі бөлім

2.1 Патриотизм ұғымы

2.2 «Сүйемін» өлеңі –патриотизмнің қайнар көзі



ІІІ Қорытынды

Бүгінгі күнмен үндескен ақын рухы


Пайдаланылған әдебиеттер
































Зерттеу жобасының тақырыбы: Мағжан Жұмабаевтың «Сүйемін» өлеңіндегі патриотизм


Проблемасы:

Қазіргі таңда тастанды жетім балалар, қиын балалар, қарттар үйіндегі әжелер мен аталардың көбеюде

Проблеманың шешу болжамы:

Егер біз Мағжан Жұмабаевтың «Сүйемін» атты өлеңін кеңінен насихаттасақ,

болашақ жастардың өз еліне деген сүйіспеншілігіне, елінің үмітін ақтауға

жетелеуге көмегін тигіземіз

Пәні мен нысанасы:

Қазақ әдебиеті, Мағжан Жұмабаевтың «Сүйемін» өлеңі


Мақсаты:

М.Жұмабаевтың «Сүйемін» өлеңін талдау, патриотизмді дәлелдеу.


Міндеттері:

  1. Патриотизм сөзінің мағынасын ашу

  2. Мағжан Жұмабаевтың «Сүйемін» өлеңін талдау

  3. Өлең патриоттық рухта жазылғанын дәлелдеу

Әдіс-тәсілдері:

Материалдарды жинақтау, сараптау,талдау, зерттеу, жүйелеу


Қорытынды:

М.Жұмабаевтың «Сүйемін» өлеңі - біз үшін бірден-бір өнеге мектебі


Зерттеу жұмысының өзектілігі:

Қазақтың аса дарынды ақыны Мағжан Жұмабаевтың өлеңдерін біз қазақ әдебиеті сабағында танысып, оқып жүрміз. Ақынның өлеңдері оқуға, жаттауға жеңіл және де түсінікті. Оның өлеңдерімен бастауыш сыныптан таныспын. Ұлы ақынның «Сүйемін» өлеңі оқығанда мен өз анамды, туған жерімді елестетемін. Менің ойымша бұл өлең бүгінгі күн тұрғысынан  арнайы зерттеуді қажет етеді.













Кіріспе

Қазақстанды Отаным деп таныған әрбір азамат  қазақ елінің тарих сахнасында басты әрі мәңгілік рөлін  ойнауы үшін өз мүмкіндігінше үлес қосуы тиіс. Мұның басты шарттарының идеяларын елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Біздің балаларымыз бен немерелеріміз бабаларының игі дәстүрін сақтай  отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика өркендеу үстіндегі  күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады» деп нақты көрсеткен болатын.

Патриотизм – ұғымының түп тамыры гректің «патрис» деген сөзінен шыққан. Ол қазақ тілінде – «Отан», «Атамекен»- деген мағынаны береді.

Қазақтың тұңғыш ғалымдарының бірі Шоқан Уәлиханов былай деген: «Мен ең алдымен өз отбасымды, туған- туыстарымды қадірлеймін, одан сол ел- жұртымды, халқымды қадірлеймін» -деген.

Қазақ халқының батыры Бауыржан Момышұлы «Соғыс психологиясы» атты шығармасында адамның жеке психологиясын ашқан. Ол: «Патриотизм- Отанға деген сүйіспеншілік». Жеке адамның аман- саулығы, мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланысты» -деп терең анықтама берген.

Біздің ата- бабаларымыз патриот болған, олар өз елін, жерін қорғаған.

Мемлекеттік патриотизмнің айқын көрі­нісі туралы белгілі саясаткер, АҚШ президенті Джон Кеннедидің американ патриотизмі туралы пікірін мысалға келтіруге бо­лады. Оның «Сен Отаның саған не берді деп сұрама, мен Отаныма не бердім деп сұра» деген қанатты сөзі американдық пат­риотизмнің мазмұнын ашып көрсете алады.

Отан - дегеніміз не? Ол- менің ата- анам, туған жерім, достарым, менің мектебім, мұғалімдерім. Сондықтан біз келешек ұрпақ қазіргі таңда жақсы оқып, келешекте өзіміз таңдаған мамандық бойынша еңбек етіп, өз үлесімізді қосуымыз керек.




















Негізгі бөлім:

Мағжан Жұмабай (Әбілмағжан) Бекенұлы  (1893-1938) Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан Жұмабаев ауданы, Сасықкөл жағасында дүниеге келген.

Мағжан Жұмабаев – қазақ поэзия әлеміндегі қайталанбас жарық жұлдыз. Мағжан поэзиясының құдіреттілігі сол – ол оқырмандарына көтеріңкі көңіл – күй, бойға рух, жанға жігер береді. Өлеңдерінің құдіреттілігі сол – жастардың қанындағы ұлттық рухты күшейтеді, отаншылдық сезімін арттырады. Мағжан өлеңдері жастарды елін, жерін сүюге тәрбиелейді.

Мағжан өлеңдеріндегі ең басты тақырып – ел мен жер тағдыры. Өмірге құштарлық, айналасындағы адамдарға, туған табиғатқа, жер-анаға ғашықтық туралы ойлар – Мағжан өлеңдерінің басты сипаттарының бірі. Ақын нені жырласа да, ерекше махаббатпен, шынайы жүрекпен жырлайды. Сол себепті де оның өлеңдері сырлы, сазды, көркем.

Ж. Аймауытов: «Мағжан – алдымен сыршыл ақын. Мағжан сөзіндей «тілге жұмсақ, жүрекке жылы тиетіндей» үлбіреген нәзік әуез қазақтың бұрынғы ақындарында жоқ. Мағжан не жазса да, сырлы, көркем, сәнді жазады. Қай өлеңді алсақ та, ақынның ойлағаны, сезгені, жүрегінің қайғыруы, жан дүниесінің күйзелуі, көңілінің кірбіңі көрініп тұрады. Ақын өлеңін оқысаң, еріксіз бір сезім туғызады. Әлде мұңайтады, әлде өкіндіреді, әлде қуантады, әлде жігер береді,» - деп дәл лайықты бағасын берген екен. Сондай-ақ Мағжан  нені айтса да, бейнелеп айтады. Ол үшін даланың тауы да, суы да, желі де ғажайып. Ақын өлеңдерінде адам мен табиғат астасып жатады. Қай шығармасында да Мағжан осы екі ұғымды бірлікте алып жырлайды. Оған дәлел болатын өлеңдері көп, соның бірі - «Сүйемін» өлеңі.

"Сүйемін"  атты өлеңін ақын қартайған  анасына, күнделікті тұрмыстың 

жетегінде жүрген қарапайым жарына деген сезімін суреттеуден бастайды. Өлеңде  жүрекке жылы, көзге таныс сурет бар. Ана да, жар да әркімге қымбат екенін еске салып, Отанды сүю отбасынан басталатынын меңзегендей.. Одан кейін ақын:

    Жүрген  ескі заңымен,

    Алдындағы малымен

    Бірге жусап, бірге өрген,

    Алаш  деген елім бар.

    Неге  екенін білмеймін,

    Сол елімді сүйемін.

    Сағым сайран кұрады,

    Бораны  ұлып тұрады,

    Қыс – ақ кебін, жаз – сары.

    Орманы жоқ, шуы жоқ,

    Тауы  да жоқ, суы жоқ,

    Мәңгі өлік сахарасы,

    Сарыарқа  деген жерім бар.

    Неге  екенін білмеймін,

    Сол Арқамды сүйемін! – деп, өзінің туған елі мен жеріне деген  перзенттік сүйіспеншілігімен жалғастырып әкетеді. Бұл өлеңінде ақын анасына, жарына, жалпы адамға деген махаббатын туған жерге катысты сезімімен ұштастырған.

Мағжан атамыздың ақындық шеберлігіне таңдай қақпасқа амалың жоқ, өйткені осы бір төрт шумаққа қазақтың бар болмысын, қазақтың анасын, жарын, елін сыйдыра қойған.

Бүгінгі күні ақын өлеңдерінің ішінде «Сүйемін» өлеңі әр қазақ баласына ең жігер беретін, рухты көтере алатын өлең деп айта аламын. XXІ ғасырда өмір сүріп жатсақ та ақын өлеңдері өз өміршеңдігін жоймақ емес. Заманға сай көкейтесті мәселе, тақырып деп айтуға болады, оқыған адамға Отанын, жерін бар кемшілігімен қатар сүюге шақырады. Бұл шығармадан оның бір асып толқыған көңіл-күймен жырлаған отанға, жерге, елге деген сүйіспеншілігін, зор құрметін анық байқаймыз. Түсінген адамға 4 шумақ өлеңде сонша кемел ақыл, таусылмас сыр, кішкентай жүректің алып махаббаты сыйып жатыр.

Көзінде көк нұры жоқ,

Жабайы ғана жарым бар,

Немесе

Алдындағы малымен,

Бірге жусап, бірге өрген, - деген ұнамсыз, құлаққа жағымсыз сөздермен сипаттай тұра , «неге екенін білмеймін - сол анамды, жарымды, елімді, жерімді сүйемін!» - деп әдейі осылай кемшіліктерін санамалау арқылы бәрібір менің елімді шексіз сүюіме оның бойындағы ешқандай кемшілік қарсы бола алмайды деп әлемге жар 770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ