«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №17 орта мектебі»ММ
бастауыш сынып сынып мұғалімі:Балесова Замзагул Аскаровна
87785119998
e-mail: zamza_1967@mail.ru
ЗЕРТТЕУ САБАҒЫ: МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ӨСУІ
Егер мұғалім өз бойына іс пен шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті
біріктірген болса, ол – кемел ұстаз.
К.Д. Ушинский
Білімнің іргетасы бастауыш сыныпта қаланатыны сөзсіз, сондықтан бастауыш сынып мұғалімі ақ парақтай кіршіксіз оқушыға қалай тәлім, білім берсе, орта буын, жоғары буынға барған кезде оқушылар сөзсіз білімді нақты игере алады. Яғни, бастауыш сынып мұғалімдеріне қойылатын талап өте жоғары, олай болса мұғалімнің келбетін сипаттап көрейік:

(1-сурет)
Менің ойымша мұғалімнің бойында осы қасиеттердің барлығы болса, мұғалім оқушыларына толыққанды білім береді.
Білім көтеру,білім арттыру жүйесі мұғалімнің әркезде де шығармашылықпен жылдам ұтымды ойлау білу қажеттігін талап етеді
Қазіргі кезде мұғалімдер ақпаратты өз сабақтарына қолдану аясын яғни бағдарламалардың тың нұсқаларын қолдануға машықтана бастады. Әріптестер арасындағы кәсіби сұхбаттар да өзгерістерге толы деуге болады.Себебі мұғалімдердің сөздік қорында жаңа терминдер ,ұғымдар мен атрибуттар қалыптаса бастады. Зерттеу топтары Лессон Стади ,бірлесіп жоспарлау арқылы сыныпты жіті бақылау,барлық мұғалімдердің бірдей жауапкершілікте болуы ,нәтижесін талдау,дыбыс,бейне жазбаларын жасау арқылы талдау мұғалімдердің кәсіби біліктіліктерінің артуына оң ықпал етуде.
|
|
Қазіргі кезде оқыту әдістемесін жетілдіру, оқушылардың бастауыш және орта мектептегі негізгі пәндер бойынша білім деңгейін арттыру, сондай-ақ тұжырымды педагогикалық тәсілдерді жасау мақсатында Жапониямен қатар, Қытай, АҚШ, Ұлыбритания, Швеция және Канадада ойдағыдай қолданылады. Lesson Study сыныпты зерттеу нысандарының бірі болып табылады, бұл тәсіл 1870-ші жылдары Жапонияда тәжірибені жақсарту мен жетілдіру мақсатында пайда болған. Lesson Study тәсілі Макота Йошида Америка Құрама Штаттары мен Ұлыбританияда жаңа тәсілдің таныстырылымын жасағаннан кейін, Жапониядан тыс жерлерде 2007 жылдан бастап танымал бола бастады. [1, 52 б.] Аталған елдердің зерттеушілері жапондық ғалымдардың халықаралық зерттеу аясында көрсетілген академиялық жоғары жетістіктеріне ықылас танытты. Йошида бұл жетістік Lesson Study-дің жапон мектептерінде кеңінен қолданылуынан болып отыр дегенді алға тартaды. Сондықтан қазіргі кезде Шығыс Азияның бірқатар елдерінде Lesson Study мұғалімдердің педагогикалық білімдері мен тәжірибесін дамытуға арналған тиімді құрал ретінде белсенді енгізіліп жатыр. Lesson Study – бұл сыныптағы іс-әрекеттегі зерттеу жұмысының ерекше түрі, ол мұғалімдер топтарының Lesson Study –ді бірлесіп жоспарлауын, оқуын, қадағалауын және талдауын көздейді. [4, 89 б.]
Lesson Study: сабақтың сапасын жақсарту үдерісі - сабақты жоспарлау, сабақтың жоспарын талқылау, өткізілген сабақты зерттеу, сабақтан кейін талқылау
Сабақты зерттеу: сабақты Lesson Study аясында зерттеу
Сабақтан соң талқылау: бақылаушылардың бақылау нәтижесімен бір бірімен алмасу мақсатында талқылау жүргізу немесе сабақты жақсарту үшін жаңа идеяларды ойлап шығару.
Lesson Stady-дің басты мақсаты : оқушыларға білім алуға көмектесу және топ мүшелерінің кәсіби дамуына ықпал ету болып табылатын мұғалімдердің желілік қоғамдастығы аясында іске асыруға (Дадли.Р 2011ж) Lesson Stady мүмкіндіктерін өзінің педагогикалық тәжірибесінде қодануға көмектесді. Зерттеуші топ 3 мұғалімнен құралады.
Ол мұғалімнің практикалық білімінің дамуына бағытталған сыныптағы іс-әрекеттегі зерттеудің жоғары түрі .Зерттеу сабақтарынан кейін мұғалімдер өздерінің педагогикалық әдістерін жаңартады , өзгертеді. Кәсіби біліктілікті жетілдіретін технология. [3, 8-9 б.]
Lesson Stady- сыныпты зерттеу нысаны немесе түйінді сипаты: креативтілік пен ғылыми дәлдік. Мақсаты : Оқыту үдерісіндегі тәжірибені жақсартуды және жетілдіруді зерттеу .

(2-сурет)
Теория бойынша, Лессон Стади зерттеу сабағыны оқушының оқуына, мұғалімнің кәсіби тәжірибесінің артуына ықпал ететін педагагогикалық тәсіл, яғни оқушылардың сабаққа қызығушылығын оятып, білім сапасын арттыруда тиімді тәсіл екенімен танысқаннан кейін, рефлексивтік-практик ретінде осы зерттеу сабағын тәжірибеге енгізсек, өзіміздегі өзекті проблеманың шешуін табады екенбіз деген ойға келдік.
«Ойлау оңай, әрекет қиын, ал ойды әрекетке айналдырған қиынның қиыны» – деп, неміс халқының ақын-жазушысы Иоганн Гете айтқандай, зерттеу сабағын тәжірибеге енгізу барысында, біраз қиындықтар болды, тығырыққа тірелдік. Бірақ «қиын болды» деп ісімізді аяқсыз қалдырмадық. Қиындық туғызған проблеманы бірлесе, ақылдаса отырып шешуге тырыстық. Соның нәтижесінде өткізген зерттеу сабақтарымыз біршама нәтиже берді. Осы зерттеу сабақтарында алған тәжірибемізбен бөлісу мақсатында ұйымдастырылған семинар-сабағымыздың тақырыбы: «Лессон Стади – біздің мектебімізде». Мақсаты: Зерттеу сабақтары бойынша іс-тәжірибемен бөлісу. Бұл зерттеу сабағын ұйымдастыруда Лессон Стади зерттеу сабағы бойынша нұсқаулықты және А. Әлімовтың «Интербелсенді әдістемені мектепте қолдану» атты оқу құралын басшылыққа алдық.
Сөзімді қорытындылай келе негізгі мақсатым осы Lesson Stady әдісін қолдана отырып , өтілген сабағыма тоқталып өтейін .
Әдебиеттік оқу пәнінен зерттеу сабағым « Маймыл мен көзілдірік» мысалы А Байтұрсыновтың Крыловтан аудармасы .Осы сабақ барысында анықталып алынған А .В. С деңгейіндегі оқушыларымның сабақ барысындағы іс- әрекеттерін 3 мұғалім зерттеп шықты .Блум токсономиясына байланыстырып құрылған сабақ жоспары мен сыни тұрғыда ойлау қабілетін дамыту үшін берілген сұрақтар жауаптарымен сәйкес келе ме, жоқ па сабақ барысында анықталды. Сабақ сәтті өтті . С деңгейдегі оқушының ұяңдығын ашатын түрткі сұрақтары алға қарай ілгерілеуге жетеледі . Жетелеу сұрақтары арқылы , жеке жұмыстар мен тапсырмалар беру арқылы сабаққа деген қызғушылығы мен топ арасында көшбасшылық қабілетін А деңгейіндегі оқушым көрсете білді .В деңгейіндегі оқушым бастапқыда сұрақтарға онша араласпады, кейіннен оның белсенділік қабілеті арта түсіп, топпен тапсырма берілгенде топ басшының берген тапсырмасын өз деңгейінде орындап шығып, өзін көрсете білді . Оқушы үнін тыңдаған кезде А деңгейдегі оқушым мысалдағы кейіпкерді ақылды маймылмен ауыстырар едім деген тұжырым жасады , яғни сонда оқушының , тек ақымақ маймыл емес ақылды маймыл да болатынын маймылды екінші қырынан көргісі келетінін түсіндіріп айтты .Яғни сыни тұрғыда ойлау қабілетінің жоғары екендігін аңғарта түсті , В деңгейдегі оқушым еш нәрсені өзгертпей осы сабақты қайта өтілегнені қалаймын маған өте қызықты болды деп жауап берді . С деңгейдегі оқушым сабақ ұнады, бірақ мен бұл сабақта өзімді көрсете алмадым деген тұжырым жасады. Келесі сабақта белсендірек болатынын айтып өтті. Жалпы әдебиет пәнінен өткізілген зерттеу сабағым мақсатына жетіп, оқушылардың белсенділігі арта түсті.
Лессон Стади зерттеу сабағының тиімділігі:
-
Мұғалімдер арасында кәсіби диалогты қалыптастырып, дамытады.
-
Ұжымдық мәдениетті қалыптастырады.
-
Мұғалімдердің назарын оқушылардың білім қажеттіліктеріне аударады.
-
Бағдарламаны, ғылыми тұжырымдамаларды терең түсінуге көмектеседі.
-
Мұғалімдер кәсіби педагогикалық білімін дамытады.
-
Мұғалімдер сабақты бақылау және кері байланыс беру дағдыларын қалыптастырады.
-
Мұғалімдер білімның ғылыми мағынасына түсінеді және зерттеушілерге айналады.
-
Оқушының оқуы жақсарады.
-
Функционалдық сауаттылығы дамиды.
-
Қоғамға қажетті тұлға болып қалыптасады.
Біздің бұрынғы тәжірибемізде сабақ жоспарын бірігіп құру, сабақты бірігіп зерттеу, проблемаларды бірігіп шешу деген болмаған еді. Лессон Стади мұғалімдердің кәсіби біліктілігін көтерудің, білімін жетілдірудің, тәжірибе алмасудың оңтайлы әдісі екеніне көз жеткіздік.
Оқушы сабақты жақсы меңгеруі үшін бірнеше сабақ бойы түрлі әдістерді қолданып, бақылап, зерттеп, соңында тиімді әдісті анықтау арқылы жетістіккке жетуге болатынын түсіндік.
Лессон Стади оқушыға саналы білім беруді көздеген, бір мақсатқа жұмылған ұстаздар шеберханасы деп айтсақ, артық айтпаған болар едік.
К. Ушинский: «Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз жетілдіріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанда, оның мұғалімдігі де жойылады» дегендей ізденісімізді тоқтатпайық
«Lesson Study» бірлесіп жасаған жұмысымызды талдай отырып, бірнеше оң аспектілерді атап өткім келеді. Қолданылатын әдістер мен жұмыстың формасын қолдану оқушыларда ой жүйесін белсендіреді, ой дағдысын дамытады. Аталған тәжірибе оқушылардың өз бетімен білім алып, топпен еркін жұмыс жасай алатынын және бірлесіп жұмыс жасай алатындығын көрсетеді. Оқушылардың ой жүйесінде қандай да бір өзгерістердің өзгеруі, олардың пәндерді түсінуі біз үшін маңызды болды.
В оқушы көбіне орташа деңгейдегі оқушы, алға деген ұмтылысы қатты болмады, сабаққа белсене қатыспады, өте белсенді болмады. Бұл оқушы биыл ғана келген мектепке, содан ба бәлкім бейімделу процесі жүріп жатқан соң шығар. Өткізілген сабақтардан кейін В оқушы сабақтарда топтық жұмыста өте белсенді бола бастады, сыныптастарына құлақ асып, тапсырманың шешімін табуға тырысып әр түрлі идеялар ойластырып, топты қорғады, топтық жобаны қорғау мақсатында ашық сөйлеп, жұмыс барысында талдау кезінде сыныптастарына көмектесті. Ол кейін толық ашыла түсті. Сұхбат кезінде «Маған бұл мектепте оқыған ұнайды» деді.Біз бәріміз В оқушының нәтижелеріне қанағат болдық.
Қолданылған әдебиет тізімі:
1. Абдраманова Ж.Б., Биярова С.Б., Зейнолдина Г.Т. Lesson Study: өз сабағын зерттегісі келетіндер үшін: әдістемелік ұсыным. – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2015. – 52 б.
2. Байгаринова Ж.К. Сабақты зерттеу (Lesson study): А-дан Я-ға дейін: әдістемелік ұсынымдар. – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2016. – 36 б.
3."Жаңа білім" журналы №5 2019 ж 8-9 беттер
4."Қазақстан мұғалімі" журналы №6 2019 ж 89 беттер
6."Учительская плюс" облыстық әдістемелік газет №3 2019 ж 5-6 беттер
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз