400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Зерттеу сабақтары біздің тәжірибемізде

Материал туралы қысқаша түсінік
Адамдар ассоциациялар арқылы, мнемоника, имитация, нұсқаулық беруді пайдалана отырып, бұл түсінік пен дағдылардың кезең-кезеңмен қалыптасуына ықпал етеді. Ассоцациялық оқыту нақты мәліметті жаңғырту немесе есте сақтауға жол ашады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Зерттеу сабақтары біздің тәжірибемізде



Lesson Study – білім алуға, кәсіби тұрғыдан өсуге

берілген тамаша мүмкіндік, сонымен бірге топта

бірлесіп жұмыс істеудің тамаша жолы.

Алекс Рапп

Сабақты зерттеу тәсілінде ең бастысы «зерттеу сабағы» немесе «сабақты зерделеу» үдерісі болып табылады. Бұл үдеріс барысында ынтымақтастықтағы мұғалімдер оқу сапасын арттыру үшін «белгілі бір тәсілді қалай дамытуға болатындығын анықтау» мақсатында оқушылардың оқу үдерісін зерделей отырып жүргізіледі.

Зерттеу сабақтарының мақсаты: Зерттеу сабақтарын тиімді ұйымдастыру арқылы оқыту мен оқуды жақсарту

Зерттеу сұрағы: білім алушылар не себепті мәтін есеп шығаруда көп олқылықтар жібереді?

Соңғы зерттеулер оқу қай жерде өтетініне қарамастан, жалпы белгілері болатынын дәлелдеді, атап айтқанда:

Адамдар ассоциациялар арқылы, мнемоника, имитация, нұсқаулық беруді пайдалана отырып, бұл түсінік пен дағдылардың кезең-кезеңмен қалыптасуына ықпал етеді. Ассоцациялық оқыту нақты мәліметті жаңғырту немесе есте сақтауға жол ашады.(1)

Зерттеу әдістемесі: Ассоциациялық оқыту

Зерттеу сабақтарының барысы: Жоспарланған сабақтар өтті. Барлық сабақтар топ мүшелерімен бірлесіп құрылды, бақыланды және бірден талдау жасалынып, келесі сабақтарға ұсыныстар айтылып отырды. Әсіресе, тәжірибелі, білікті ұстаз Агазамова Алтынай мұғалім өзінің мәтін есептерді білім алушыларға неғұрлым түсінікті, әрі тиімді түсіндіру жолдарын нұсқап, ұсыныстар айтып отырды. Келесі сабақтарды жоспарлауда осы ұсыныстарды топ болып ескеріп, басты назарға алып отырдық.

Қорытынды: білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, олардың ақпаратты қабылдау деңгейін негізге алып, күрделі тапсырманы неғұрлым тиімді әдіспен жеткізсек, барлық оқушыда сол білім мазмұны туралы түсінік қалыптасатыны анықталды.

Нәтиже:

Зерттелген оқушы

I тоқсан

II тоқсан

«Алтын сақа» аудандық кезең

«Математикалық сауаттылық» аудандық кезең


Нәтиже


B

4

5

II орын

ІІІ орын

B A







Зерттеу сабақтары біздің тәжірибемізде



Сыныпта бір мезгілде барлық оқушыларды бірдей

оқытқан жағдайда, үштен бірі оны біледі, үштен бірі түсінеді,

үштен бірі ешқашан түсіне алмайды.

Сондықтан сыныптағы балалардың үштен екісі уақытты босқа жоғалтады.

Скотт Виллис

Lesson Study –дің міндеті – оқушының сабақта білім алған, алмағанын, оның сабаққа реакциясын білу. Lesson Study көмегімен оқушыға тиімді білім беру үшін өз тәжірибемді жетілдіру тәсілдерін анықтаймын деп Донна Уолкер – Найт тұжырымдағандай зерттеу сабақтары – даму мен ілгерлеудің формуласы деп айтар едім.

Зерттеу сұрағы: үлгерімі төмен оқушыларды сабақ үдерісінде қалай белсенді ете аламыз?

Қазіргі таңда мұғалімдер негізінен бірдей жастағы балалар жиналған сыныптарда жұмыс істейді. Алайда, бұлардың қажеттіліктері әртүрлі жастағы балалар жиналған сынып оқушыларының қажеттіліктерінен асып түспесе, кем түспес. Мұғалімнің алдында сол міндет: барлық оқушыларымды оқуға ынталандыру үшін мен не істей аламын?(2)

Саралау- оқушыларға қазіргі кезде қандай екенін ұғынып, оқушы ретінде барынша жоғары нәтижеге қол жеткізуге көмектесу мақсатында оқуды реттеу тәсілі. Жұмыс тиімді болу үшін бұл барынша мұқият ойластырылуы қажет. Оқыту мен оқуды саралау әдіс – тәсілдерін жүзеге асыру оқушылардың қажеттіліктерінің негізінде анықталады. Ал бұл қажеттіліктерді мұғалім алдыңғы бағалаудың негізінде белгілейді. Саралау әдіс – тәсілдері « әртүрлі оқушылардың қабілеттерін ескеріп, үйренгенді қалайтын және үйренуге дайын нәрселерді қамтитын және білім беру бағдарламасының нақты талаптарымен байланысты тапсырмаларды тұрады».

Зерттеу әдістемесі: саралап – деңгейлеп оқыту

Зерттеу сабақтарының барысы: Топ мүшелері барлық сабақтарды бірге жоспарлап, тиімді деп танылған, сабақ мақсатына жетелейтін әдіс – тәсілдерді бірге ұйымдастырып, бірлескен жұмыстар жасалды. Сабақтар бақыланды, талдау жасалып, бірден ұсыныстар айтылды, оқушылардан сұхбат алынып, келесі сабақтарда топ мүшелерінің ұсыныстары мен «оқушы үнін» ескере отырып, сараланған тапсырмалар дайындалып, зерттеудің толық циклі аяқталды.

Қорытынды: Білім алушылардың қабілетін ескере отырып дайындалған сабақ жоспарының тиімділігін көре алдық.

Мұғалім үшін

Оқушы үшін

Жас маманның кәсіби құзіреттілігі артты

Қазақтардың ру – тайпалық ұйымы туралы өте көп білім жинақтады, сабаққа 100 пайыз тартылды.











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28.03.2025
171
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі