Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Зияткерлік сайыс. Жұмбақтар сыр шертеді. 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс шаралар өткізуде немесе әдебиеттік оқу, жаратылытану, дүниетану пәндерінен алған білімдерін тереңдету мақсатында оқушылардың зейіндерін арттыруға арналған сайыстар өте тиімді. Бір сарынды сабақ жүйесінен оқушы жалыққан кезде осындай сайыстар ұйымдастыру мұғалім үшін өте тиімді. Оқушылар серпіліп жаңа қызығушылықтары арта түседі. Жаңартылған білім жүйесінде тапқа бөліп сайыс жүргізу оқушының сабаққа белсенділік көрсетуіне жақсы ықпал етеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Зияткерлік сайыс. Жұмбақтар сыр шертеді.
Мақсаты: Жұмбақтар арқылы ой - өрісін, ойлау қабілетін дамытып, дүниетанымын кеңейту; шапшаңдыққа, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интеративті тақта.

Барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Жағымды ахуал орнату оқушылар бір - біріне сәттілік тілеп тілектер айтады.

2. Сайыстың өту барысы.
«Жұмбақтар сыр шертеді» атты сайысымыз мынадай бөлімнен тұрады.
● Сөзжұмбақ шешу.
● Кім жылдам?(Әр топ ұяшық таңдап, сұрақтарға тез жауап беруі тиіс.)
● Үй тапсырмасы (Үйден дайындап келген жұмбақтарын жасырады.)
● Сурет жұмбақ (Ұяшықты таңдайды, суреттің төрттен бір бөлігі ашылады, қалған суретті өздері табады, сол суретке байланысты жұмбақ жасырады)

Жұмбақ - ауыз әдебиетінің бір түрі. Ол адамдардың бір нәрсенің белгілерін екінші нәрсенің белгілері арқылы жұмбақтап айту өнері. Жұмбақ тақпақтап, ұйқастырылып айтылады. Ол ертеден келе жатқанмен әр уақытта халық оның жаңа түрлерін ойлап шығарып отырған. Жұмбақ туралы ұлы жазушы Мұхтар Әуезов былай деген екен: «Жұмбақ - адамның дүниетану жолындағы ойының, қиялының шамасын білдіреді».
Жұмбақ – қарым – қатынас жасаудың ерекше бір құралы. Жұмбақты шешу, оны ойлаудың өзі де өнер. Олай болса осы сайысымыз арқылы өз өнерімізді, білімімізді ортаға салайық.
Сайысқа қатысушылар «Алғырлар», «Білгірлер» тобы болып екіге бөлінеді. Олардың әділ бағаларын беретін қазылар алқасы тағайындалады.
1. Бөлім: Сөзжұмбақ шешу.(Алғырлар тобына)
Ж
Ұ
М
Б
А
Қ
1. Төрт түліктің бірі.(жылқы)
2. Не көрсең көзін аш?(бұлақ)
3. Тышқанның жауы.(мысық)
4. Араның қорегі.(бал)
5. Періште не көрсе жолдан таяды?(алтын)
6. Тамақ ішетін құрал.(қасық)
2. Сөзжұмбақ (Білгірлер тобына)
Ж
Ұ
М
Б
А
Қ
1. Тауық жүнінен жасалатын зат (жастық)
2. Әже айналдыратын таяқ (ұршық)
3. Жеті қазынаның бірі (мылтық)
4. Қанаты бар ұшпайтын судағы құс (балық)
5. Көктемнің бірінші айы. (наурыз)
6. Мысық Мақтақызды несін төкті? (қатық)

2. Бөлім «Кім жылдам?» ойыны
Айналадағы дүниелер:
10ұпай: Төрт түліктің бірі (сиыр);
20 ұпай: Сырты сары, іші дәрі (лимон)
30 ұпай: Қыста демалып, жазда тынбайды, Көкке атылып, жерге құлайды. (субұрқақ)
40 ұпай: Алып баланың атымен аталған тау (Толағай)

Әріпті жұмбақтар:
10 ұпай: Қар да бар, Мұзда жоқ.
Жарда бар, Құзда жоқ.(Р әрпі)
20 ұпай: Өмірде жоқ, Өңірде бар.
Ауырда жоқ, Жеңілде бар (ң әрпі)
30 ұпай: «Ащы»дейсің қазақта, Келу үшін осы әріп.
Құрық жалғап азапқа, Түсті «ш» - ға дос әріп. (Щ әрпі)
40 ұпай: Дыбысы жоқ өзінше, Тынысы жоқ өзінше,
Қатаңдатып жіберер, Өзге әріпті көзіңше (Ъ белгісі)

Жан - жануарлар:
10 ұпай: Алабота тамағы, Шөлге шыдай алады (Түйе)
20 ұпай: Мойны ұзын болғанымен, Әрең жетер төменге.
Теңбіл - теңбіл денесі, Келеді не дегенге? (Керік)
30 ұпай: Суда жүзеді, Тұмсығы ұзын, Махаббат құсы.(Аққу)
40ұпай: Қанаты бар суда ұщпайтын құс (балық)

Әр түрлі жұмбақтар:
10 ұпай: Бір таудың екі күзетшісі, екі тыңшысы, отыз екі бөрісі бар(бас, көз, құлақ, тіс)
20 ұпай: Екі бала қатар тұрса да, Бірін бірі көрмейді. (Көз)
30 ұпай: Тұмсығы мықты, Ой мен қырды тегістеп шықты (Үтік)
40 ұпай: Біреуін бердім, Онын тердім (Тұқым)

3. Бөлім. Үй тапсырмасы
Үй тапсырмасы бөлімінде екі топ бір - біріне үйден дайындаған жұмбақтарын жасырады.

4. Бөлім. Сурет жұмбақ
Берілген жасырын суретті табу үшін төрт ұяшықтың біреуін ашып, жасырын суреттің төрттен бір бөлігін көріп, толық суреттің атын жаңылмай табу керек. Сол суретке байланысты жұмбақ жасыру керек.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.01.2019
1015
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12