Материалдар / Зияты орташа ауытқушылығы бар жасөспірімдердің мінез-құлығын қалыптастырудағы модельдеу әдіс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Зияты орташа ауытқушылығы бар жасөспірімдердің мінез-құлығын қалыптастырудағы модельдеу әдіс

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақала зиятында орташа ауытқушылығы бар жасөспірімдердің модельдеу әдісі арқылы мінез-құлық нормасын қалыптастырудағы маңызы мен жолдары туралы айтылған.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

4 курс 4 жылдық.Абай атындағы ҚазНПҰ -дің 6В01903-Олигофренопедагогика мамандығының студенттері;Казбекова Аружан,Сапар Ернат,Ерболов Диас.


Зияты орташа ауытқушылығы бар жасөспірімдердің мінез-құлығын қалыптастырудағы модельдеу әдісі




Аннотация:Бұл мақала зиятында орташа ауытқушылығы бар жасөспірімдердің модельдеу әдісі арқылы мінез-құлық нормасын қалыптастырудағы маңызы мен жолдары туралы айтылған.

Тірек сөздер:Арнайы педагогика, әлеуметтік тұрмыстық бағдарлау,зият ауытқушық,модельдеу,түзету.

Кіріспе

Қазіргі уақыттағы Арнайы педагогиканың даму сатысында өзекті болып тұрған мәселелердің бірі ол зиятында зақымдалуы бар балалардың әлеуметтік дағдыларының дамуы және олардың қоғамға бейімделуі болып табылады. Өйткені біздің яғни арнайы педагогтардың міндеттеріне ерекше балаларды оқытып қана қоймай оларды әлеуметке, қоғамға бейімдеу де керектігі туралы айта кеткен жөн. Осы кезекте арнайы мектептерде оқытылатын «Әлеуметтік тұрмыстық бағдарлау» пәнінің алатын орны бөлек десек те қателеспейміз. Жалпы әлеуметтік тұрмыстық бағдарлау пәні жайлы сөз қозғайтын болсақ, бұл пән ерекше оқытуды қажет ететін балаларға арналған дамытушы пәндердің бірі.

ӘТБ өзінің мақсатына сәйкес екі кабинетке бөлінеді: сынып және асхана.Сыныпта оқушылар теориялық білім алады,мысалы;кейбір жаттығуларды орындайды, дәптерге жазып алады, асханада мұғалімнің нұсқаулығымен тамактар жасайды және тұрмыстағы заттарды қалай қолдану керектігін түсіндіріледі. Бұл оқу пәнінің ерекшелігі – бірқатар сыныптарды арнайы материалдармен және еңбек заттарымен: тамақпен, ыдыс-аяқпен, ас құралдарымен, ас үй ыдыстарымен, кіржууғыш машинамен, сабынмен, үтіктермен және т.б. жабдықтармен қамтамасыз етіледі.

Пәннің басты мақсаты ерекше оқытуды қажет ететін балаларды үйде, мектепте, қоғамдық өмірде өз өзіне қызмет етуін, сонымен қатар әлеуметтік нормаларға үйрету болып табылады,оның негізгі обьктісі зиятында ауытқушылығы бар балалар танымдық процестердің зақымдалу ерекшеліктерімен сипатталады. Зейіні тұрақсыз, тапсырманы орындау қиынға соғады, бастаған жұмысты аяғына дейін жеткізбей орта жолдан тастап кетеді. Есте сақтау қызметі өте нашар дамыған сабақтың басында айтылған мәліметтерді, сабақтың соңында ұмытып қалады, есте қалғанның өзінде де мәліметтің мағынасына көңіл бөлмейді. Сол себепті мәліметтерді орынсыз қолданып шатастырады Зияты ауытқушылығы бар жасөспірімдерде ортада бейтаныс адамдармен араласудан қорқады және өзін өзі ұстай алмайтын ерекшеліктері байқалды.Мысалы ересектерден не сұрау керектігін біле тұрсада, оны дұрыс тұжырымдай алмайды, қорқады немесе тапсырманы орындаудан қашуға тырысады және өзін өзі не деген сенімділігі төменді анық байқалады.Соған сәйкес Л.С. Выготский зият ауытқушылығы бар балалар ортада "өзін жоғалтады"тудыртады яғни өзін өзі қалай таныстыру керектігін, өзін ойын ашық айта алмайтындығы байқалады деп тұжырымдады.(Л.С. Выготский, 1928) [1].

Зият ауытқушылығы бар жасөспірімдерде өзін өзі ұстай алмауына негізгі 12-15 жастағы ер балаларда анық байқалады және оның негізігі себептерінің бірі жасөспірімдік дағдарыс кезеңінімен тұспалас келуі.Зияты ауытқушылығы бар оқушылардың мінез-құлық бұзылыстары оның әр алуан түрлерімен сипатталады, олардың ішінде ең жиі кездесетіні мектепке себепсіз келмеуі; мұғалімдермен дөрекі сөйлеу,оқу тапсырмаларын орындамау;ашуланшақтық, денеге зақым келтіру сыныптан тыс шараларға қатысудан жалтару; оқудан бас тарту; мектеп тәртібін бұзу дегендей.Бұл мақсатта біз ӘТБ пәнінің ішіндегі модельдеу әдісін қолданамыз ол жасөспірім баланың мінез-құлық бұзылыстарының алдын алуға және теріс факторлардың әсерін жоюға көмектеседі онымен қоса оны әлеуметтендіреді.

Модельдеу әдісі-ойын әдістері тобына жатады және мектепке дейінгі педагогикада кеңінен қолданылатын рөлдік ойындардың күрделі нұсқасы болып табылады,себебі нақты жағдайларды дәріптейді. Жағдай – белгілі бір қатынастарды тудыратын жиынтығы. Балаларға белгілі бір өмірлік жағдайды тудырады оның шешу жолдарын соған сәйкес дағдыландырады ол үшін балаларға арнайы сценарий қурылады және әрқайсысына жеке реплекалар беріледі.Бірінші дайындық кезіні сыныпта жүреді баланың мақсаты өзіне тағайындалған реплеканы айтып рөлге кіру бұл мұғалімнің тікелей нұсқауымен,көмегімен жүзеге асырылады.Екінші баланы жоспарланған объектіге апарып қаншалықты үйренгенін анықтап тексереді. Жалпы модельдеу әртүрлі бөлімдерді зерттеу кезінде қолданылады ол: "отбасы", "мінез-құлық мәдениеті", "көлік", "сауда", "байланыс құралдары", "медициналық көмек", "мекемелер мен ұйымдар", "отбасы бюджеті", "жұмысқа орналастыру". Бөлімдердің әрқайсысы үшін көптеген сюжеттер ойнатылуы мүмкін. Олардың тақырыбы әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау бағдарламасының мазмұнына байланысты.

Оқушыларға ұсынылатын нақты жағдайлардың үлгілері негізі әртүрлі болады мысал келтірсек; адамдардың мінез-құлқының, қарым-қатынасының дұрыс және бұрыс түрлері көрсетіледі; Белгілі бір жағдайлар модельденеді, кейіпкерлер ұсынылады, бірақ олардың әрекеттері мен ескертулерін балалар-көрермендер анықтайды, яғни «Кейіпкерлер не істеу керек?» сияқты жағдайлардан тұрады.

Модельдеу әдісін тәжірибе жүзінде қолдану үшін оның негізгі шарттарын бар олар:

1.Баланың даму және жас ерекшелігіне сәйкес құру.Зияты орташа ауытқушылығы бар балалардың деңгейі орташа болғандықтан оларға көп сөздерді беру аса қажетті емес ол оларды мүлдем қабылдамайды,сол себептен балаларға нақты қысқада нұсқа беру керек.

2.Белгілі бір реттілікті жоспарлануы керек:Мұғалім бастапқы кезенде балаларды рөлге бөліп сөздерді береп дайындайды арасында өзінің нұсқаулығын береді.Балалар дайындық кезенің өткен соң қаншалықты меңгергенің бақылау үшін объектіге яғни қоғамдық ортадарға апарады олар мысалы дүкен немесе кітапхана болуы мүмкін. Мұғалім өзі жоспарланған мекеменің баратын жолын білуі және сол жақта қызмет атқаратын адамдармен танысуы керек

3.Түсіндірме жұмысы:Қызметкерлермен түсіндірме жұмыстары жүргізіледі яғни біздің балаларымыздың ерекшеліктерін шолу жасайды,балалармен қарым қатыс жасау үшін қиын сөздерді қолданбауын сұрайды.

4.Қажетті ортаны құру:ортаны құру үшін реквизиттер болуы керек оларға мысалы; әжеге арналған орамал,дүкенге баратын үй иесіне арналған сөмке, телефондар, жеделхат бланкілері, сәлемдеме қораптары мен қораптар. Ескі теміржол билеттері және т.б. "азық-түлік дүкенінде" сөрелерде әртүрлі азық-түлік пакеттері (қораптар, сөмкелер, банкалар), табиғи өнімдер (тұз, жарма, нан) және муляждар болуы керек. Автобус салоны бір-бірінің артында тұрған екі қатар орындықтармен, жүргізушіге арналған орындық. Театрдың көрермендер залы басқа тәртіпте тұрған орындықтармен, дүкен мен театр гардеробының есептегіштері-мектеп үстелдері дегендей. Бұл шартты декорациялар мен атрибуттар,детальға дейін қарастыруды талап етеді,ол оқушылар арасында белгілі бір жағдай мен көңіл-күй қалыптастыруға көмектеседі.

Shape5 Shape7 Shape6 Shape4 Shape3 Shape2 Shape1

Ортаны құру

Баланың ерекшелігін ескеру

Түсіндірме жұмысы

Жоспарлау





Қорытынды

Зияты зақымдалған балалардың бойындағы ауытқушылықпен қатар оның бойында мінез-құлықтың да кемшіліктері қатар жүреді.Мінез-құлықтың құлықтың бұзылуы баланың қоғамдық ортаға бейімделуіне,оның білім алу процесіне кірігуіне кедергі келтіреді.Бұл бала үшін де,ана үшін де,мұғалім үшін де,мектеп үшін де,жалпы қоғам үшін де күрделі мәселе.Сондықтан біз осы мақалада зияты зақымдалған балалардың мінез-құлықын қалыптастырудағы модельдеу әдістеріне жан-жақты қарастырған болатынбыз.Зиятында орташа ауытқулары бар жасөспірімдердің мінез-құлқын түзету жалпы қоғамға оң әсер етуі мүмкін. Міне, оның бірнеше пайдасы бар:

1. Теріс мінез-құлықты азайту: мінез-құлықты түзету агрессия, ережелерді бұзуға бейімділік, қауіпті мінез-құлық және қылмыс сияқты жасөспірімдердің жағымсыз көріністерін азайтуға көмектеседі. Бұл біздің қоғамдық ортамызды қауіпсіз және тұрақты ете алады.Бұл модельдеудің тиімді тұстары болып табылады.

2. Білім беру нәтижелерін жақсарту: мінез-құлықты дұрыс түзету зиятында орташа ауытқулары бар жасөспірімдерге жақсы білім алуға көмектеседі. Нәтижесінде олардың академиялық жетістіктері жақсарып, оқуға деген қызығушылығы артып, табысты мансап құру мүмкіндіктері артуы мүмкін.

3. Әлеуметтік бейімделуді дамыту: мінез-құлықты түзету интеллекттегі орташа ауытқулары бар жасөспірімдерге әлеуметтік бейімделу және өзара әрекеттесу дағдыларын жақсартуға көмектеседі. Әлеуметтік бейімделу қабілеті оларға әртүрлі әлеуметтік жағдайларда сәтті жұмыс істеуге, достық қарым-қатынас орнатуға және сақтауға, сондай-ақ қоғамдық өмірге қосылуға мүмкіндік береді.

4. Инклюзивтілік пен төзімділікке ықпал ету: зиятында орташа ауытқулары бар жасөспірімдердің мінез-құлқын түзету инклюзивті қоғамның дамуына ықпал етуі мүмкін. Мұндай жасөспірімдердің қалыпты өмір сүруіне және сәтті бейімделуіне жағдай жасау толеранттылықты, түсінушілікті және олардың қоғамға толыққанды қатысуын ынталандыруы мүмкін.

5. Өмір сапасын жақсарту: мінез-құлықты түзету зиятында орташа ауытқулары бар жасөспірімдерге өзін-өзі тәрбиелеу, тәуелсіздік және әлеуметтік бейімделу үшін қажетті дағдыларды дамытуға көмектеседі. Бұл олардың өзін-өзі жүзеге асыру мүмкіндіктерін арттыруы, өзін-өзі бағалау деңгейін және жалпы өмір сапасын арттыруы мүмкін.Зият ауытқушылықтары бар балалардың мінез-құлқын түзету қоғамға айтарлықтай пайда әкелуі мүмкін. Мұндай жасөспірімдерге ашықтық, қолдау және қосымша ресурстар әлемді тең және инклюзивті ете алады.Осындай жағдайларды жасай алсақ біз тең қоғам құра алдық деп айта аламын.


Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1.Выготский Л.С. Проблема культурного развития ребёнка. (1928) // Вестник Московского университета Сер. 14 Психология. – 1991. – №14 [1].

2. Краткий психологический словарь. зав. ред. Р.К. Медведева. – М.: Политиздат, ГСП,

1984. – 430 с.

3. Павлова Н.П. Организация и методики проведения занятий по социально- бытовой ориентировке. / Дефектология. -1985.-№4

4. В. В. Воронкова, С. А. Казакова. «Социально-бытовая ориентировка учащихся 5-9 классов в специальной (коррекционной) общеобразовательной школе VIII вида» 5. МОДЕЛИРОВАНИЕ СИСТЕМЫ ИЗУЧЕНИЯ И ПРОФИЛАКТИКИ НАРУШЕНИЙ ПОВЕДЕНИЯ УМСТВЕННО ОТСТАЛЫХ УЧАЩИХСЯ С. В. Соловьева 2005


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!