жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Зообаққа саяхат"
1 Желтоқсан Бірінші Елбасы күніне арналған «Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады»
Ұйымдастырылған оқу қызметі: «Дене шынықтыру»
Тақырыбы: «Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады»
Білім беру саласы: Денсаулық
Мақсаты: Балалардың көтеріңкі көңіл-күйін туғызу. Балалардың денесін шыңдап күш-қуатын нығайту, шапшаңдыққа, ептілікке тәрбиелеу. Балаларды ойындар арқылы ақыл-ойының толысып өсуіне ықпал жасау.Ұлттық ойындар дене шынықтыру іс – әрекетінде кең қолдана отырып, балалардың дене тәрбиесін дұрыс жолға қою, спорттық шеберліктерін, мүмкіндіктерін арттыру.Қазақ халқының ерлік – жауынгершілік тарихын ұрпаққа ерліктің өшпес үлгісін қалдырған хан батырлардың өмір өнегесімен таныстыру, өз жерін, өз елін қорғай алатын ел жанды, ұлттық намысы мол жігерлі бүлдіршіндерді тәрбиелеу.Жас ұрпақты өздігінен білім деңгейін көтеруге үйретіп өзін – өзі тәрбиелеуге дағдыландыру.Жарыс кезінде ойынға қызыға қатысуына жағдай жасау, бір-біріне достық қарым-қатынастарын дамыту. Дене шынықтыру сабақтарына қызығушылығын арттыру. Дене тәрбиесі процестеріндегі сауықтыру міндеттерін жүзеге асыру.
Өтілетін орны: Әмбебап залы
Қажетті құралдар: бубен,арқан жіп,қапшық,орындық,үстел,әуен,асық.
Жүргізуші: Құрметті әріптестер, балабақша тәрбиеленушілері және спорт сүйер жанкүйер қауым. Бүгін «Болашақ» балабақшасында тәрбиешілер мен тәрбиеленуші балалардың қатысуымен «Болашаққа бағдар: «Рухани Жаңғыру»» мақсатында ересектер тобының тәрбиешілерінің қатысуымен екі топ арасында мерекелік ұйымдастырылған оқу қызметін жарыс түрінде өткізгелі отырмыз. Балаларды салауатты өмір салтына баулу арқылы денсаулығын сақтау, нығайту, дене шынықтырудың ролін көтеру. Егеменді еліміздің ертеңгі денсаулығы мықты азаматтар мен азаматшаларды тәрбиелеу біздің міндетіміз.
Міне, бүгін балабақшаның тәрбиешілері мен тәрбиеленушілерінің қатысуымен өткелі отырған «Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады» атты ұйымдастырылған оқу қызметін бастауға рұқсат етіңіздер.
І.Ұйымдастыру кезеңі
Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.
Жеңімпаз болу оңай ма?
Арман болған талайға?
Болмасаң да ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалайда.
ІІ.Негізгі бөлім
Құрметті әріптестер және кішкентай көрермендер бүгінгі«Ұрпақ ұлттық ойынмен шынығады» атты спорттық сайысына қош келдіңіздер!Көңілді жарысқа № 4 «Ақсұңқар» тобынан «Тұлпар» және «Қамшы» атты тобының бүлдіршіндері қатысады.
Әр таңды бақыт пенен аттырамыз
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға
топ бүлдіршіндерін шақырамыз.
(әр топ өз орындарына келіп тұрады)
Ал,құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңдер!
Сайысты бастамас бұрын,сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық.
1. Балабақша директоры Бултекова Г.Т
2. Балабақша әдіскері Утенова А.О
Спорттық сайысымыз 3/4/5 баллдық жүйемен бағаланады.
Сайыстың бағдарламасы 5 кезеңнен тұрады.
Сайыс шарттары:
1. Арқан тартыс
2. Қол күрес
3. Қап киіп жарысу
4. «Ханталапай»
5. «Топ басшылар» сайысы (Сұрақ - жауап)
Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт сапар!
Сайысымызды бастамас бұрын денемізді қыздырып алайық.
Жүру, жүгіру түрлерін орындайық.
«Тұлпар» тобынының топ басшысын ортаға шақырамыз
Топтың ұраны: «Тұлпар» тобы
Қатар өскен құрдасқа,
Жарыс ұнап тұрмас па!
Қуып жету жақсы ғой
Озып шығу бір басқа.
«Қамшы»тобының топ басшысын ортаға шақырамыз
«Қамшы» тобы
Босқа қарап тұрмайық,
Бағымызды сынайық
Намысты қолдан бермейік
Жарысты озып шығайық.
Ал, енді сайысымыздың шарттарымен таныстырайық..
1.Ойын: Ұлттық ойын «Арқан тартыс»
Ойын шарты: Бұл екі топқа бөлінген балалармен ойналатын ойын бір түрі. Арқанның екі жағынан екі топқа бөлінген балалар тартысады. Қай топ өз жағына алып, келсе сол топ жеңіске жетеді.
2.Ойын: Ұлттық ойын « Қол күрес»
Ойын шарты: Ортаға екі ойыншы шығып, кілемнің үстіне жамбасынан жатады. Олар бас бармақтарын айқастыра қолдарын жымдастырып ұстайды. Ойынның шарты қолының күші көп ойыншы қарсыластың қолын жерге тигізуі керек.
3. «Қап киіп жарысу» Балалар екі топқа бөлініп топ басшыдан бастап,қапты аяқтарына киіп мәре сызығына дейін жарысу қажет,қай топ жылдамдық бойынша бірінші келсе сол жеңімпаз болады.
4. «Ханталапай» шеңбер сызылып топ балалары асық ату,шеңбердің қасынан сызық сызылып сол жерден балалар сақамен асықтарды дәлдеп атып түсіруі тиіс.
5. «Топ басшылар» топ басшыларына интербелсенді тақтадан сұрақтар беріледі,сол сұрақтарға жауап беруі қажет.
-
Қазақстан Республикасының тұңғыш Елбасы кім?
-
1 Желтоқсан қандай мереке?
-
Біз қандай Республикада тұрамыз?
-
Қазақстанның бас қаласы қай қала?
-
Астанада қандай ғимараттар бар?
-
Қазақстан Республикасының рәміздерін ата?
-
Тудың түсі қандай?
-
Туда не бейнеленген?
-
Елтаңбада не бейнеленген?
-
Елбасымыз қай қалада тұрады?
Қорытынды бөлім
Жарыс заңы ежелден-
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол-
Еңбектену,жалықпау
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады
Жеңілгендер ренжімей
Тараса бізге жарады
демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды марапаттауға әділқазы алқасына сөз кезегін берейік.
Уа,халқым назар аудар денсаулыққа!
Өмірде бақыттысың денің сау да.
Денсаулық терең бақыт деген сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да демекші
Құрметті қонақтар, спорт жанкүйерлері! Бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметіміз осымен аяқталды. Бүгінгі жарысқа қатысқан бүлдіршіндерге алғысымызды білдіреміз! Алдағы күндері үлкен биіктерден көріне беріңдер! Бүгінгі жеңістерің құтты болсын!
МКҚК «Болашақ» балабақшасы
«Бекітемін» МКҚК «Болашақ» балабақшасы
әдіскері Утенова А _____
«_____» __________ 2017жылы
№ 4 «Ақсұңқар» ересек тобына 1 Желтоқсан Елбасны күніне арналған «Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады» атты ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Дене шынықтыру нұсқаушысы: Жұмасатова С.
Әдіскер: Утенова А.
Құрық ауылы 2017 жылы
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген