400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Зорлық - зомбылықсыз балалық шақ!

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Зорлық- зомбылықсыз балалық шақ.

Мақсаты: Кәмелеттік жасқа толмағандар арасында құқық мәдениеті, бала құқықтары туралы конвенцияның негізгі ережелері туралы білім деңгейін арттыру.

Сабақтың түрі: Конференция сабақ

Сабақтың әдісі: пікірлесу, сұрақ-жауап

Барысы:

І – Кіріспе бөлім

ІІ – Негізгі бөлім.

а) Мен зорлық- зомбылыққа қарсымын

ә) Балалар құқығын қорғау

б) Білімді ұрпақ ел ертеңі (сұрақ - жауап)

ІІІ – Қорытынды бөлім

І - Кіріспе.

Қоғам үшін бастысы – тәуелсіздік, адам үшін- бас бостандығы және уайым- қайғысыз өмір. Оның кепілі – заңдылық. Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық – адам бостандығы. Адам ждәне адамзаттың құқықтары мен бас бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау – конституциялық заңдылықтың басты талабы. Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізудегі, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттердің бірі- бала құқығын қорғау, зорлық зомбылыққа қарсы күрес жүргізу. Зорлық – зомбылық құқықта «Бір адамның екінші бір адамға, оның жеке басына тиіспеушілік құқығын бұзатын тәни және психикалық ықпал жасауы» делінген. Ол тән азабын шектірген зорлық және жан азабын шектірген зорлық болып бөлінеді.

Тән азабын шектірген зорлық – адамның ағзасына тікелей әсер ету, ұрып- соғу, денесіне зақым келтіру, тағы басқа. Тән азабын шектірген зорлықтың салдарынан жәбірленушінің денсаулығына зиян келтірілуі мүмкін.

Жан азабын шектірген зорлық- жәбірленушінің қарсылық көрсетуіне, өз құқықтары мен мүдделерін қорғауына деген ерік жігерін жасыту үшін қорқыту, адамның психикасына әсер ету. Жан азабын шектірген зорлық жүйке ауруына немесе тіпті жан ауруына ұшыратуы мүмкін.

Адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті әдіс қолданылып жасалған қылмыстар «Қазақстан Республикасының Қылмастық кодексінің» тиісті баптарына сәйкес жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән- жайлар болып табылады. адам дүниеге келгеннен кейін оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын біздің мемлекетіміздің Ата заңы қорғайды. Ал ата заңнан басқа балалардың құқығын қорғайтын заң бар ма? Әрине бар. 1989 жылдың 20- қарашасында Бала құқықтары туралы конвенция қабылданып, 1995 жылдың желтоқсан айында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Бала құқығы туралы конвенцияға» қол қойды. Енді осы мәселе жөнінді, құқықтық білімдеріңді кеңейтуге уақыт келді. Жұмысқа кіріспес бұрын бір- бірімізге жақсы көңіл - күй сыйлайық.

(қатысушылар дөңгеленіп тұрып, хормен айтады, қол беріп, бір-бірімен амандасады.)

Мейірімді жүрекпен,

Ақпейілді тілекпен,

Амандасып алайық

Бір жадырап қалайық.

ІІ - Негізгі бөлім: а) «Мен зорлық –зомбылыққа қарсымын»

Қарлығаш: Еліміздегі зорлық – зомбылыққа қатысты 20 дағдарыс орталығы бар. Әйелдер мен балаларға қарсы зорлық –зомбылық проблемасы елімізде елеулі мөлшерде асқындады. Статистикалық мәліметке қарағанда елде жыл ішінде 500- дей әйел мен бала тұрмыстағы зорлық – зомбылықтың құрбаны болады екен.

Ажар: Отбасыларының қиюы қашуының басты бір себебі – жанұядағы зорлық – зомбылық. «Отбасынылық қарым-қатынаста дағдарыс туындағанда, одан ешкімнің ештеңесі кетпейді» деген түсініктен арылу керек. Кикілжіңі көп болатын отбасында өскен балалар есейген соң не әкесінің, не шешесінің отбасында өзін- өзі ұстау үлгісін алады.

Әділет: «Жоғарыдағы статистика біздің бұл мәселеге көп уақыт көңіл аудармауымыздың нәтижесі» деп пайымдады. Н. Гладырь.

Еділбек: Зорлық зомбылықтың түрлеріне тоқталар болсақ:

  • Эмоциялық зорлық – балағаттау, қорлау, сөгу, балалардың жеке өміріне қол сұғу;

  • Физикалық зорлық – отбасы мүшелерін мас күйінде немесе сау күйінде ұруды қолданатын эмоционалдық зорлық;

  • Қауіп-қатер- отбасын тастап кетемін деп қорқыту, әйелін немес баласын ұру, өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу;

  • Балаларды анасына қарсы-қолдану, әйелін өз балаларын ешқашан көрсетпейтіндігімен қорқыту, оған балаларды араластыру.

Рубинта: Міне, достар осыдан барып Қазақстандағы тұрмыстық зорлық – зомбылық туралы заңды қабылдау қажеттігі туды. Зорлық – зомбылық дағдарыстан шығу және даму кезіндегі еліміздегі азамат әлеуетіне көңіл аудару қажеттігі де туындап отырғандаға ескертеді емеспе?

Саягүл: Қазақ халқының дана сөзі бар: «Әйел адамға рухы әлсіз ер адам ғана қол көтереді» бұны халық жазылмаған заң деп санап осы уақытқа дейін сақтап келеді, алайда өкінішке орай кейбір ер адамдар бұл заңды ұмытып кеткен сыңайлы.

Нұрбол: «Ата көрген оқ жонар, әке көрген тон пішер» демекші балаға отбасы тәрбиесінің әр әсер мол. Тәрбиеге әсер ететін өскен орта мен ата- ананың тәрбиесі дұрыс болмаса, жаман әсерлер адамды азғырып, түрлі жаман мінезді жұқтырады деп ойлаймын.

Аңсаған: Дұрыс айтасың Нұрбол «Жақсыдан жаман туады, бір аяқ асқа алғысыз, Жаманнан жақсы туады адам айтса нанғысыз» демей ме халқымыз. Отбасындағы ата- ананың мінез- құлқы – баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанысы десем артық айтқаным емес шығар.

Дархан: Ия достар, сонымен қатар, нашақорлық, темекіге, ішімдікке әуестік, бұзықтық жолға түсіп зорлық- зомбылық жасауға мүмкіндік туғызады, еңбек етуге, қоғамға, денсаулыққа, ұрпаққа, отбасына зиян тигізеді деген ой қосқым келеді.

Исатай: Салауатты өмір сүрудің бір негізгі күрделі мәселесі – жаман қылықтардан, яғни зорлық-зомбылықтан аулақ болу. Ішімдікке үйір адам ақыл есінен айырылып, қасындағы адамдарға зиянын тигізеді, отбасына ойран салады, отбасы мүшелеріне оғаш қылықтар көрсетіп мазасын алады. Бұл баланың психологиясына кері әсерін тигізеді. Бала өзіне керекті рухани дүниенің барлығын қоршаған ортадан алады.

Ақжібек: Зорлық – зомбылық тәрбиесіздіктен де туындайды. Бұның дәлілі ретінде ұлы ғұламалардың мынадай сөздерін ұсынамын. «Тәрбиесіздік – ол адамзаттың қас жауы, тәрбиесіз берілген білім келешекте адам өміріне апат әкеледі» деген ұлы бабамыз Әбунасыр «л Фараби. «Тәрбиеге әсер беретін нәрсе – өскен орта, ата-ананың тәрбиесі», «Сүтпен кірген сүйекпен кетеді» бала жасында қандай тәрбие алса, ержеткенде сол әдет қалмайды деген Ж. Аймауытов.

Мұғалім: Зорлық – зомбылықтың баланың мінез-құлқына әсер ету ерекшеліктері бар. Ата-анасы және басқа да заңды өкілдері ата-аналық құқықтарын жүзеге асырған кезде баланың дене және психикалық денсаулығына , оның имандылық дамуына зиян келтіруге құқығы жоқ. Балны тәрбиелеу тәсілдерінде баланың адамдық қадір-қасиетіне менсінбей қатал, дөрекі қарау, оны қорлау немесе қанау болмауға тиіс.

Балалар құқығын қорғау – егемен еліміздің басты құндылықтарының бірі. Сол үшін өскелең ұрпақтың дұрыс тәрбие алып, қоғамдағы құқытарының сақталуы жолында аянбай еңбек етуі керек.

Балалардың өмір сапасын жақсарту- ертеңгі болашақтың кепілі. Сондықтан да балалардың құқықтарын қорғау мәселесі қашанда өзекті болып қала бермек.

ә) Балалар құқығын қорғау.

Аңсаған: 7- тарау. Бала мен қоғам.

36- бап. Баланы әлеуметтік ортаның теріс ықпалынан қорғау.

  1. Мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар баланы оның денсаулығына, имандылық жағынан және рухани дамуына зиян келтіретін әлеуметтік ортаның, ақпараттың, насихат пен үгіттің теріс ықпалынан қорғауға міндетті.

  2. Салауатты өмір салтын насихаттау мен балаға құқықтық білім беруді мемлекет өз саясатының басым бағыттарының бірі деп таниды.

  3. Қылмыстың, зорлық-зомбылықтың немесе өзге де заңсыз әрекеттің салдарынан тән немес жан жарақатын алған балаға денсаулығын қалпына келтіру және әлеуметтік бейімделу үшін қажетті көмек көрсетілуі тиіс.

Ажар: 4- тарау. Бала және отбасы

22- бап. Баланың отбасындағы құқықтары.

Бала отбасында Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде белгіленген құқықтарға ие.

Бүгінгі күні отбасына қатысты мемлекеттік саясаттың бейнесі болатын және оның қызметі аясы мен қорғауының құқықтық кепілдіктерін ұлғайтатын осындай қалыптағы заңдарды қабылдау қажеттігі туған.

Зорлық –зомбылықпен табысты күресу үшін бірінші кезекте осы мәселеге қоғамның көзқарасын өзгерту керек.

Балаларға қамқорлық жасау, баланың абыройы мен құқықтарын құрметтеу – бұл тек мемлекеттің ғана емес, сонымен қатар жекеленген әрбір адамның міндеті.

б) Білімді ұрпақ – ел ертеңі. (Сұрақ – жауап айдары.)

1. Жеке адамның құқығы дегеніміз не?

(Адамның мүддесін қанағаттандыруға бағытталған, заң арқылы қорғалған тәртіптік шара)

2. Құқықтың қандай түрлері бар?

(Жеке (азаматтық), саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәденит.б)

3.Адамның негізгі құқығы. (Өз құқықтарын дұрыс пайдалану құқығы)

4. Адамның ешкім қол сұғуға болмайтын құқығы не? (Бостандық)

5. Қылмыстық жауапкершілікке тартылатын жас шамасы. (16 жас, ерекше ауыр қылмысқа 14 жастан тартылады.)

6. Қай жастан бастап жасөспірімдердің еңбекке араласуға құқығы бар? (14жастан)

7. Бала құқығы туралы конвенция қашан қабылданды? (1989 ж 20- қараша)

8. Бала Құқықтары туралы заң неше тарау, неше баптан тұрады. (10 тарау, 53 бап)

9. Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы қашан қабылданды.

(1948 ж 10- желтоқсан)



Тәртіп орнат айдары.

  1. Құқық А- Еліміздің негізгі заңы

  2. Конституция Б. – Мемлекет басшысы

  3. Мемлекет В – Негізгі саяси қоғамдық ұйым.

  4. Азамат – Г – Тәуелсіздік

  5. Құқық бұзушылық Д – заңдар жүйесі.

  6. 6. Президент Е - Заң шығарушы орган

  7. Парламент Ж- Заң жүйесін бұзу

  8. Егемендік З- Құқығы бар ел тұрғыны


(1-д, 2-а, 3-в, 4- з, 5-ж, 6-б, 7-е, 8-г)

Сандар сыры айдары.

(қатысушылар бір- біріне сұрақтар қояды. )

1-Маусым – халықаралық балаларды қорғау күні.

20- қараша - Дүниежүзілік балалар күні.

10- желтоқсан - адам құқығы күні.

10- желтоқсан 1948 жылы - Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясын БҰҰ қабылдады.

1979- жылы – Балалардың халықаралық жылы өтті.

20- қараша 1989- жылы - БҰҰ- да Бала Құқықтары туралы конвенция қабылданды.

8- маусым 1994- жылы - Қазақстан Республикасы Бала құқықтары туралы конвенцияны бекітті.

30- тамыз 1995 жылы - Қазақстанның Конституциясы бүкілхалықтық референдумда екінші рет қабылданды.

Қарлығаш: Сонымен, достар БҰҰ – ның Бала құқықтары туралы конвенциясы – әрқайсысы белгілі бір құқықты сипаттайтын 54 баптан тұратын бала құқықтары туралы құжат. Конвенция бала ретінде 18 жасқа толмаған тұлғаны санайды. Қазақстан Республикасы осы Конвенцияны 1994 жылдың 8- маусымында бекіткен.

Қорытынды бөлім.

Бала құқықтары туралы Конвенциядан...

  1. Мемлекет әрбір баланың аман-сау өсіп, жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді.

  2. Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады және өзіне есім мен азаматтық алуға құқылы.

  3. Әрбір бала өз отбасында, ата- анасымен бірге өмір сүруге құқылы.

  4. Бала тынығуға және мәдени демалуға құқылы

  5. Әрбір баланың ой- пікір, ар- ождан және дін еркіндігіне құқығы бар.

  6. Бала денсаулығын сақтауға , емделуге құқылы.

  7. Бала өз ойын еркін айтуға құқылы.

Мұғалім: Құрметті бүгінгі конференцияға қатысушылар бүгінгі «Зорлық зомбылықсыз балалық шақ» атты жұмысымызды былай қорытындылағым келеді.

Немістің ұлы ақыны В.Гете серуенге шығарда қалтасына түрлі гүлдердің тұқымын салып алып, шалғындардан, орманнан өткенде, тауға шыққанда гүл тұқымдарын сеуіп жүретінді жаны сүйетін. Оның жүрген жерлерінен мезгілі жеткенінде керемет гүлдер өсіп шығатын.

Гете сепкен гүл ме, әлде табиғи жолмен өздері көктеді ме , оны білу міндетті емес. Дегенмен сұлулық әлемі, әсемдік әлемі байыды. Сол сияқты дүниеде зорлық – зомбылық болмаса адам өмірі, адамзат дүниесі сұлу да әсем болар еді.

Адамзат дүниесінің әсемдігі, әлемнің әдемілігі үшін не үлес қосып жүрміз?

Қатысушылар:

  1. Мен былай дегім келеді.

Әлемнің бір адамы ретінде

Ақ жүрегіммен сөз беремін.

Өзіме, жанымдағыларға

Күннің шуағын сыйлаймын

  1. Гүлдің нәзіктігін сыйлаймын

  2. Қараңғыны нұрландырамын

  3. Суықты жылытамын

  4. Егерде маған қиын жағдай болса да жасымаймын

  5. Әр күні өзімнің жан дүниемді таза ұстаймын

  6. Менің жүрегім әр күні қуанышқа толы болмақ

  7. Жүрегім махаббат пен мейірімге бөленеді

  8. Әрқашан жақсылық жасауға тырысамын

  9. Келер күннің шұғылалы боаларына сенемін.

«Біз зорлық- зомбылыққа қарсымыз.»

Біз нені білдік? Сауалнамасымен аяқталады.









Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын

Тақырыбы: Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын
Мақсаты: Оқушыларға зорлық зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның ең жаман қасиеті екенін айту. Адамның ең басты құндылығы оның бостандығы, олай болса оқушыларға адамзаттық құқықтарымен бас бостандықтарын қорғауы туралы үйрету
Зорлық –зомбылық адам ағзасына тікелей әсер ететінін түсіндіру.
Жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап, ондай әрекеттерге бамауға тәрбиелеу, адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне ықпал жасау.

Тақырыпқа шолу.
Қоғам үшін ең бастысы – тәуелсіздік, адам үшін бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір.
Оның кепілі – заңдылық.
Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық – адам бостандығы.
Адамның және адамзаттың құқықтары мен бас бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау – конституциялық заңдылықтың басты талабы.
Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі – бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу.
Егер жалпы айтқанда зомбылықты физикалық қасірет көрсету әрекеті деп анықтауы болса, онда тұрмыстық зомбылықта осы әрекеттің бастауы мен айқындау нүктесі анық белгіленеді.
Ол – жанұя, яғни зұлымдықшы мен оның жемтігі ең жақын адамдар болады. Олар – жұбайлар мен балалар.
Отбасындағы зорлы-зомбылық мәселесі әлемнің әр елінде ертеден орын алған. Зорлық балалардың денелік және психологиялық денсаулықтары және жан-жақты дамулары үшін ауыр машақат болып табылады.
Әйелдер мен балаларға қатысты зомбылықтың алдын алу және бағытталған профилактикалық сипаттағы шараларды жүргізуде ақпараттық үгіттеушілік жұмыстарды өткізу қажет болып табылады.

Кіріспе.
Зорлық-зомбылық құқықта «Бір адамның екінші бір адамға, оның жеке басына тиіспеушілік құқығын бұзатын тәни және психикалық ықпал жасауы» делінген.
Тән азабын шектірген зорлық – адамның ағзасына тікелей әсер ету, ұрып-соғу, денесіне зақым келтіру, тағы басқа. Тән азабын шектірген зорлықтың салдарынан жәбірленушінің денсаулығына зиян келтірілуі мүмкін.
Жан азабын шектірген зорлық – жәбірленушінің қарсылық көрсетуіне, өз құқықтары мен мүдделерін қорғауына деген ерік жігерін жасыту үшін қорқыту, адамның психикасына әсер ету. Жан азабын шектірген зорлық жүйке ауруына немесе тіпті жан ауруына ұшыратуы мүмкін.
Адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті әдіс қолданылып жасалған қылмыстар «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің» тиісті баптарына сәйкес жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар болып табылады.

Негізгі бөлім.
Елімізде зорлық-зомбылыққа қатысты 20 дағдарыс орталығы бар.
Әйелдер мен балаларға арналған зорлық-зомбылық проблемасы елімізде елеулі мөлшерде асқынды. Статистикалық мәліметке қарағанда елде жыл ішінде 500-дей әйел мен бала тұрмыстағы зорлық-зомбылық құрбаны болады екен.
Отбасылардың қиюы қашуының басты бір себебі – жанұядағы зорлық-зомбылық.
«Отбасылық қарым-қатынаста дағдарыс туындағанда, одан ешкімнің ештеңесі кетпейді» деген түсініктен арылу керек.
Кикілжіңі көп болатын отбасында өскен балалар есейген соң не әкесінің, не шешесінің отбасында өзін-өзі ұстау үлгісін алады.
«Жоғарыдағы статистика біздің бұл мәселеге көп уақыт көңіл аудармағанымыздың нәтижесі» деп пайымдайды Н. Гладырь.
Зорлықтың түрлері:
- Эмоциялық зорлық – балағаттау, қорлау, сөгу, балалардың жеке өміріне қол сұғу;
- Физикалық зорлық – отбасы мүшелерін мас күйінде немесе сау күйінде ұруды қолданатын эмоциялық зорлық;
- Қауіп-қатер – отбасын тастап кетемін деп қорқыту, әйелін немесе балаларын ұру, өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу;
- Балаларды анасына қарсы қолдану, әйелін өз балаларын ешқашан көрсетпейтіндігімен қорқыту, қорқытатын жолдауларды беру үшін балаларды қолдану.

Қазақстандағы тұрмыстық зомбылық туралы заңды қабылдау қажеттігі туды.Зорлық зомбылық дағдарыстан шығу және даму кезіндегі еліміздегі адамзат әлеуетіне қажеттігі де туындап отырғандығын ескертеді.
Қазақ халқының дана сөзі бар: «Әйел адамға рухы әлсіз ер адам ғана қол көтереді». Бұны халық жазылмаған заң деп санап осы уақытқа дейін сақтап келеді, алайда өкінішке орай кейбір ер адамдар ұмытып кеткен сыңайлы.
«Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» - демекші балаға отбасы тәрбиесінің әсері мол. Тәрбиеге әсер беретін өскен орта, ата-ананың тәрбиесі дұрыс болмаса, жаман әсерлер адамды азғырып, түрлі жаман мінезді жұқтырады.

«Ана – сая болар бағың болса,
Әке – асқар тауың» дейді қазақта.
Бір күн бар жылатар күн, жұбатар күн.
Бір күн бар қуантар күн мұңайтар күн.
«Жақсыдан жаман туады, бір аяқ асқа алғысыз,
Жаманнан жақсы туады, адам айтса нанысыз» дейді халқымыз.
Отбасындағы ата-ананың мінез құлқы – баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысаны.
Нашақорлық, темекіге, ішімдікке үйірлік бұзықтық жолға түсіп зорлық-зомбылық жасауға мүмкіндік туғызады, еңбек етуге, қоғамға, денсаулыққа, ұрпаққа, отбасына зиянын тигізеді.

Салауатты өмір сүрудің бір негізгі күрделі мәселесі – жаман қылықтардан, яғни зорлық-зомбылықтан аулақ болу. Ішімдікке үйір адам есінен айырылып, қасындағы адамдарға зиянын тигізеді, отбасына ойран салады, отбасы мүшелеріне оғаш қылықтар көрсетіп мазасын алады. Бұл баланың психологиясына кері әсерін тигізеді. Бала өзіне керекті рухани дүниенің барлығын қоршаған ортадан алады.
Зорлық-зомбылық тәрбиесіздіктен де туындайды. «Тәрбиесіздік – ол адамзаттың қас жауы, тәрбиесіз берілген білім келешекте адам өміріне апат әкеледі» деген болатын ұлы бабамыз Әбунасыр әл Фараби.
Жүсіпбек Аймауытов 1918 жылы өзінің «Абай» журналына жариялаған «Тәрбие» атты мақаласында былай деген:
«Тәрбие әсер беретін нәрсе - өскен орта, ата-ананың тәрбиесі»
«Сүтпен кірген сүйекпен кетеді», бала жасында қандай тәрбие алса, ержеткенде сол әдет қалмайды деген сөз.
Ұлтымыздың қанындағы ізеттілік дөрекілікке, қайырымдылық қатыгездікке, жомарттық тоғышарлыққа, адалдық арамдыққа, парасаттылық парасыздыққа ауыспасын деген үлкен үміт тұр.

Отбасындағы тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған заңды нормалар жетілдірілді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобаларының жұмыстарын іске асыру жоспарының 29 пунктіне сәйкес 2004 жылдың 13-желтоқсанында Қазақстан Республикасы Премьер министрінің тағайындауымен «Тұрмыстық зомбылыққа қарсы әрекет ету туралы» заң жобасы әзірленді.

Заң жобасының негізгі мақсаттары
- Адамның қызығушылығын, бостандығын, заңды құқықтарын қорғауға, кепілдеме беруді көтермелеу.
- Отбасылық тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықты төмендету жөнінде тиімді шаралар қабылдау.
- Тұрмыстық зомбылықсың алдын алудың көп деңгейлі жүйесін жүргізу
Аталған заңды қабылдау – отбасылық тұрмыстық қатынастардағы азаматтардың қызығушылықтарын және бостандықтарын, құқықтарын қорғаудағы тиімділікті арттыру, осы саладағы құқық бұзушылықтың деңгейін төмендету.
Әйелдер мен балаларға қатысты зомбылықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық сипаттағы шараларды жүргізуде ақпараттық үгіттеушілік жұмыстарды өткізу керек ісі болып табылады.
Тұрмыстық зомбылық қылмыстық іс болып табылады.
Бұл қасақана адам денесіне жүйелі зомбылық әрекет немесе ұрып соғу жолымен денесіне зақым келтіру немесе психологиялық зақым келтіру негізінде қасақана әрекет ету.
- Зомбылықшының әрекеті әкімшілік құқық бұзушылық ретінде квилификацияланады:денеге әсер ету, кемсіту, сөзбен тиісу, үй тыныштығын бұзу, азаматтарды сыйламау, жеке өміріне қол сұғу.
- Зорлықшы әрекетінен әкімшілік құқық бұзушылық белгілері де, болмаса қылмыстық істер де байқалмайды. Бірақ ол өзінің мінез құлқы мен жәбірленушінің өміріне қолайсыз жағдайлар жасайды.
Зорлық зомбылықтың баланың мінез-құлқына әсер ету ерекшеліктері бар. Ата-анасы және басқа да заңды өкілдері ата-аналық құқықтарын жүзеге асырған кезде баланың дене және психикалық денсаулығына, оның имандылық дамуына зиян келтіруге құқылы емес. Баланы тәрбиелеу тәсілдерінде баланың адамдық қадір-қасиетіне менсінбей қатар, дөрекі қарау, оны қорлау немесе қанау болмауға тиіс.
Балалар құқығын қорғау – егемен еліміздің асты құндылықтарының бірі. Сол үшін өскелең ұрпақтың дұрыс тәрбие алып, қоғамдағы құқықтарының сақталу жолында аянбай еңбек етуі керек.
«Балалардың өмір сапасын жақсарту – ертеңгі болашақтың кепілі. Сондықтан да балалардың құқықтарын қорғау мәселесі қашан да өзекті болып қал бермек» дейді облыстық балалардың құқықтары қорғау департаментінің бастығы Гүлбарам Наурызбаева.
Балалар құқығын қорғау.

7 тарау. Бала және қоғам.
36-бап. Баланы әлеуметтік ортаның теріс ықпалынан сақтау.
1. Мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар баланы оның денсаулығына, имандылық жағынан және рухани дамуына зиян келтіретін әлеуметтік ортаның, ақпараттық, насихат пен үгіттің теріс ықпалынан қорғауға міндетті.
2.СӨС насихаттау мен балаға құқықтық білім беруді мемлекет өз саясатының басым бағыттарының бірі деп таниды.
3. Қылмыстың, зорлық-зомбылықтың немесе өзге де заңсыз әрекеттің салдарынан тән немесе жан жарақатын балаға денсаулығын қалпына келтіру және әлеуметтік бейімделу үшін қажетті көмек көрсетілуге тиіс.
4-тарау. Бала және отбасы
22-бап. Баланың отбасындағы құқықтары.
Бала отбасында Қазақстан Республикасы конституциясында, осы заңда және ҚР-ның өзге де заң актілерінде белгіленген құқықтарға ие.
Бүгінгі күні отбасына қатысты мемлекеттік саясаттың бейнесі болатын және оның қызмет аясы мен қорғауының құқықтық кепілдіктерін ұлғайтатын осындай қалыптағы заңдарды қабылдау қажеттілігі туды.
Зорлық-зомбылықпен табысты күресу үшін бірінші кезекте осы мәселеге қоғамның көзқарасын өзгерту керек.
Балаларға қамқорлық жасау, баланың абыройы мен құқықтарын құрметтеу – бұл тек мемлекеттің ғана емес, сонымен қатар жекелеген әрбір адамның міндеті...

Қорытынды.
«Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын» тақырыбындағы Ғылыми жобаны былай қорытындылағым келеді.
Немістің ұлы ақыны В. Гете серуенге шығарда қалтасына түрлі гүлдердің тұқымын салып шығып, шалғындардан, орманнан өткенде, тауға шыққанда гүл тұқымдарын сеуіп жүруді жаны сүйген. Оның жүрген жерлері мезгілі келгенде керемет гүлдер өсіп шығатын.
Гете сепкен гүл ме, әлде табиғи жолмен өздері көктеді ме, оны білу міндетті емес. Дегенмен сұлулық әлемі, әсемдік әлемі байыды. Сол сияқты дүниеде зорлық-зомбылық болмаса адам өмірі, адамзат дүниесі сұлу да әсем болар еді.
Адамзат дүниесінің әсемдігі, әлемнің әдемілігі үшін не үлес қосып жүрміз?

Мен былай дегім келеді.
Әлемнің бір адамы ретінде
Ақ жүрегіммен сөз беремін
Өзіме, жанымдағыларға
Күннің шуағын, гүлдің нәзіктігін сыйлаймын.
Қараңғыны нұрландырамын,
Суықты жылытамын.
Дәл қазір маған қиын болғанмен жасымаймын,
Әр күні өзімнің жан дүниемді
Тазартуға тырысамын.
Менің жүрегім қуанышқа, махаббатқа,
Мейірімге бөленеді.
Келер күннің шұғылалы боларына сенемін,
«Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын».


























































Тәрбие сағатының тақырыбы:« Балалық шақ – зорлық, зомбылықсыз»

Тәрбие сағатының мақсаты: оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту. Оқушыларға толеранттылық туралы мағлұмат бере отырып, өздері жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті де тұлға болып өсуін тәрбиелеу.

Тәрбие сағатының түрі: жаңа ұғымдарды талдау, талқылау.

Әдісі: проблемалық, ой қозғау, эвристикалық.

Көрнекілігі: слайд,ой қозғау тапсырмалары, «Бейбітшіл ел – Қазақстан» моделі, қосымша көрнекіліктер.


Тәрбие сағатының барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі. ( оқушылар үш топқа бөлініп отырады)

Ән ұран айтылады.


Балдаурен -балалықтың балғын күні,
Балдаурен- қуаныш пен шаттық үні.
Балдаурен бақыт кешкен балдырғаның,
Жайраңдап қырда ашылған қызыл гүлі-
деп бүгінгі «Балалық шақ – зорлық, зомбылықсыз» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.

1 жүргізуші: Жанэль

« Бала дегеніміз -болашақ» деген екен француз жазушысы Гюго Виктор Мари. Бала періште дейді. Олардың пейілі, ниеттері қандай тұйық болса, көңілдері сондай мөлдір! «Адамның бір қызығы бала деген »-деп Абай атамыз 
айытқандай, мынау тіршілікте адам баласының алтынға айырбастап ала алмайтын аяулы сәттері көп-ақ. Халқымыз желкіндеп өсіп келе жатқан қыз баланы елдің көркі санаса, ал ер баланы елдің қорғаны санаған. Балалық шақ адам өміріндегі ұмытылмайтын қызықты да бақытты кезең. Сондықтанда әр бір қараша үйдің түтінін түтеткен ата-ана көзінің ағы мен қарасындай перзентінің өмірдегі осынау сәттерді мүмкіндігінше есте қаларлықтай етіп өткізуді ойластырады. 
Бүгін біздің мақсатымыз ешбір адамға: бала болсын , әйел адам болсын , зорлық-зомбылық жасалмайтын ел 
«Бейбітшіл ел - Қазақстан» атты елдің моделін құрып шығару.


  1. Негізгі бөлім.

Балалар, біз үш топқа бөліндік, олай болса «Сен, мен және біз – бәріміз әлемді өзгертеміз» деген ұранды ұстанып жұмысымызды бастайық.


1-ші сұрақ бақытты балалық шақ деген не ?


Ассоциация әдісі бойынша бақытты балалық шақ дегенде не түседі ойларыңа?

( күн суреті) әр топтан бір адам қорғайды.

1-топБіз еліміздің тәуелсіздігінің арқасында бақытты балалық шақты өткізудеміз. Біздің алаңсыз білім алуымызға, бақытты балалық шағымызға барлық жағдай жасалған. Біздің ойымызша балалық шақ дегенде –қуанышты, қызықты күндер, жақсы көретін ойыншығың есіңе түседі.

2-топМен осындай бейбітшілік орнаған елде туып-өскеніме ризамын. Адамдар бала кезінде балалық шақтың бал дәмін татуы тиіс. Біздер қазір бақытты болып өсіп келеміз. Алдымызда не керек болса, сол тұр. Білімге керек нәрсені ізденбей жатып-ақ, компьютер, ұялы телефон, интернеттен табамыз. Балалық шақ –ең тәтті кезең, адал, алаңсыз кездер деп ойлаймыз.

3-топБәрінен де керемет кез ол біздің бақытты балалық шағымыз. 
Балалық шақ - бейбітшілік, ата-ана махабатына толы, бақытты кезең.










Өлең оқылады.

Бақыт деген не өзі, білесің бе ?


  1. Бақыт деген – сенің бала күндерің,
    Бақытсыз-ақ бақытты боп жүргенің.
    Бақытын да, басқасын да білмеуің,
    Бақытсыз-ақ ойнағаның, күлгенің.

  2. Бақыт жайлы менің мынау білгенім.
    Бақыт деген – бірде шаттық, бірде мұң.
    Бақытты сол – тәрік еткен түндерін,
    Бақыт іздеп азаптанса, кімде-кім.

  3. Бақыт деген – әркімдерде бір арман,
    Сол арманның шыққан жері құмардан.

Ал сен үшін бақыт деген дәл қазір –
Бақыт жайлы жазған мына сөздерің.


Видеоролик «Жетім бала» (қазіргі біздің өмірімізде қатыгез адамдар бар, адамды аяушылық деген жоқ екенін байқауға болады)


2 жүргізуші: Рахат

Қоғам үшін ең бастысы – тәуелсіздік, адам үшін бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір. Бірақ сол уайым-қайғысыз бақытты өмірге қол сұғып, қысым көрсетіп, жәбірлеп жататындар бар. Бұл - бүгінгі қоғамның ащы да болса шындығы.

Зорлық-зомбылық құқықта «Бір адамның екінші бір адамға, оның жеке басына тиіспеушілік құқығын бұзатын тәни және психикалық ықпал жасауы».

2-ші сұрақ: Зорлықтың қандай түрлері сендерге белгілі? (қара бұлттарға түрлерін жазып ілу).

- Эмоциялық зорлық – балағаттау, қорлау, сөгу, балалардың жеке өміріне қол сұғу;

- Физикалық зорлық – отбасы мүшелерін мас күйінде немесе сау күйінде ұруды қолданатын эмоциялық зорлық;

- Қауіп-қатер – отбасын тастап кетемін деп қорқыту, әйелін немесе балаларын ұру, өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу;әйелін өз балаларын ешқашан көрсетпейтіндігімен қорқыту, қорқытатын жолдауларды беру үшін балаларды қолдану.


Сұрақ:

1. Сіздердің ойларыңша, неге біреу басқа адамға қатысты зорлық көрсетеді? /мазақтайды, күледі/ Ол басқаларды төмендету ( мүмкін оны да біреу төмендеткен шығар) , жолдасын төмендетіп, оны күлкіге қалдыру арқылы өзіне назар аудартады. Оның ойынша жолдасын кемсіту арқылы айналадағы адамдардың құрметіне ие болуға, олардың басшысы болуға тырысады.

2. Кімді жиі ренжітеді?

Кішілерді, әлсіздерді, бір нәрсемен басқаларынан ерекшеленетіндерді.

3. Қаталдық көрсетудің себебі?

Үйдегі нашар қарым-қатынас. Жақындары тарапынан көңіл аударудың жетіспеушілігі, ата-анасының ажырасуы, басқалар тарапынан кемсіту, нашар үлгерім – осының бәрі ашу мен реніштерін көрсетуге әкеп соғады.

4. Егер қысым көрсетілген жәбірленуші өте ақылды болса, сіздің ойыңызша, неге жәбірлеуші оған қысым көрсетеді?

Қызғаныш сезім, оның намысына тигісі келеді.

5. Жәбірленушіге көмек қажет деп ойлайсың ба?

Әрине қажет. Әңгімелесіп, ішкі ой сезімдерімен бөлісу.

6. Егер әңгімелесу көмектеспесе не істеу керек?

Ересектермен бөлісу, мұғаліммен, ата-аналармен, дау-дамайды басуға көмектесетін басқа ересектермен.

7. Егер жолдасың ашулы, көңіл-күйі нашар болса, қалай көмектесуге болады?

Әңгімеге тартуға тырысу, оны не мазалап жүргенін анықтау, тыңдау, назар аудару, қолдау көрсету.


3 сұрақ: «Балалық шақ зорлық – зомбылықсыз» болу үшін не керек.( қара бұлттарды , көк бұлтпен ауыстыру)

1-топ: Н.Ә.Назарбаев атамыз айтқандай: Отбасы – отанымыздың ошағы. Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім - жақындарына, туған - туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.Егербала отбасында дұрыс, жақсы, өнегелі тәрбие алса, онда бұл да зорлық зомбылықты жоюдың бір ісі деп ойлаймыз.

2-топ: Әрқашан қамымызды ойлап жүре тұғын абзал жанды адам, бұл – ана. Алдыңа  қойған мақсатыңа жетуің үшін ана жанын қиюға да дайын. Ана баласының үлгілі азамат боп өсуі үшін бар күшін салып, тер төгеді. Ананың махаббатына, құдіретіне тамсанған талай ақын әнін арнап, жырын жазып, талай жазушы қалам тербеген.Біздің ойымызшаата-ананың көмегі, қадағалауы, уақыт бөлуібалаға жеткілікті болса, онда бұл да зорлық зомбылықты жою әдісі деген ойға келіп отырмыз.

3-топ:Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі.Жеке адамның бойындағы ар-ұятын, ақыл-ойын ,адамгершілігін , мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы – алғашқы қадам.Отбасы – өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ.

«Әке- асқар тау,

Ана- етегіндегі бұлақ,

Бала-жасындағы құрақ»-деп тегін айтылмаған болар.Ата-анасын, аға-сіңлілерін сыйлай білген,жақындарына жақсылық тілеген адам, менің ойымша, болашақта қоғамда да ізгі ниеті арқылы еліне, оның дамуына көп септігін тиетінін күмәнданбаймын. Сондықтанда, жанұяда тығыз қарым-қатынас болу керек.

1 жүргізуші: Жанэль

Статистикалық мәліметке қарағанда елде жыл ішінде 500-дей әйел мен бала тұрмыстағы зорлық-зомбылық құрбаны болады екен. Отбасылық қарым-қатынаста дағдарыс туындағанда , одан «ешкімнің де ештеңесі кетпейді» деген түсініктен арылу керек. Кикілжіні көп болатын отбасында өскен балалар есейген соң не әкесінің, не анасының отбасында өзін-өзі ұстау үлгісін алады.

Зорлық көрсету ол әлсіз адамдардың қаруы екені барлығына мәлім. Жалпы отбасындағы зорлық - зомбылық әміршіл билік пен шектен тыс бақылаудың нәтижесінде пайда болады. Ойланыңыздаршы, қай уақытта көбінесе отбасыларында зорлық зомбылық болады? Егерде бала ата – анасының айтқанын тыңдамай  теріс қылықтар көрсетсе, ата – анасы баламен тіл табыса алмай көбінесе тәрбиенің қате және жеңіл түрі зорлық көрсетуге жүгінеді.

Қазіргі  таңда тәуелсіздік алған мемлекетімізде зорлық-зомбылыққа жол жоқ. Адамды өзара түсіністікке жеткізетін шынайы да тұрақты сүйіспеншілік дәстүрлері де тек салауатты отбасында ғана қалыптасады.


4 сұрақ: Балалар сендер өздеріңнің де, өзгенің де жанұясын қандай болғанын қалайсындар? (Шаңырақтың суреті құрылады.)











1-топ: жанұя мүшелерінің бір-біріне сыйластығы, сүйіспеншілігі, ауызбіршілігі, әдепті қарым-қатынасы,

2-топ: жанұядағымүшелердіңбір-біріне қамқорлығы, ата-анасының балдарына деген үлгі өнегесі, балдарының ата-анасына деген мейрімділігі, құрметтеуі.

3-топ: жанұяда ата дәстүрдің сақталуы, атаны тыңдау, әженің қадір қасиетін түсіну, ата-әжені ардақтау, әке ұлына, ана қызына дос, ақылшысы болса.

2 жүргізуші:Рахат

Егер әрбір отбасы осықасиеттерге ие болса , онда Қазақстанның барлық отбасы үлгілі, тәрбиелі, бейбітшіл отбасы болмас па еді.








1 жүргізуші: Жанэль

Адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті әдіс қолданылып жасалған қылмыстар «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің» тиісті баптарына сәйкес жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар болып табылады.

Балалар құқығын қорғау – егемен еліміздің асты құндылықтарының бірі. Сол үшін өскелең ұрпақтың дұрыс тәрбие алып, қоғамдағы құқықтарының сақталу жолында аянбай еңбек етуі керек. 
«Балалардың өмір сапасын жақсарту – ертеңгі болашақтың кепілі. Сондықтан да балалардың құқықтарын қорғау мәселесі қашан да өзекті болып қала бермек. Олай болса қазір балалар, «Бала құқығы» ағашын жасайық.



















  1. Ең бастысы – 2004 жылы тамызда «Бала құқықтары туралы» Заң қабылданды.

  2. Мемлекет әрбір баланың аман-сау өсіп, жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді.

  3. Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады, оған есім және азаматтық беріледі.

  4. Әрбір бала өз отбасында, ата-анасымен бірге өмір сүруге құқылы.

  5. Әр баланың өзінің пікірі, ар-ождан, дін еркіндігіне құқығы бар.

  6. Бала өзі қалаған спорт түрімен шұғылдануға құқылы.

  7. Бала денсаулығын сақтауға, емделуге құқылы.

  8. Бала мектепте кінәлі болғанда оны ешкімнің ұрып жазалауға, кемсітіп қорлауға құқығы жоқ.


Видео көрсету


1-топ: Адамдар бір-біріне мейірімділік таныту, аяушылық таныту керек, достықта болу керек.

2-топ: Адамдар бір-бірін құрметтей білу, қайырымдылық көрсете білу керек.

3-топ: Адамдар бір-біріне шыдамдылық, төзімділік таныта білу керек.














2 жүргізуші: Рахат

Бүгінгі біздің құрған моделімізге қарасақ. «Қазақстан – бейбітшіл, ұлтаралық достықтықты сақтаған, адамгершілікті қоғам, жарастықты қарым-қатынас , әрбір отбасы үлгілі , балалары тәртіпті, зорлық-зомбылық жасайтын адамдардан арылған , балаларға әрдайым қамқорлық жасай білетін , баланың абыройы мен құқықтарын құрметтейтін ел» болды.


  1. Қорытынды. (слайд «Менің Қазақстаным» )


  1. ХХІ ғасыр, қазақ халқының ғасыры болсын.

  2. Қазақ елім мәдениетті дамыған ел болсын.

  3. Қазақстан тәуелсіз егемендігін сақтасын.

  4. Елде бейбітшілік орнасын.

  5. Данышпандардың саны көбейе берсін.

  6. Қазақ тілі мемлекеттік тіл болсын.

  7. Сыр елдермендостығымызнығаяберсін.

  8. Экономикамызөрге  бассын.

  9. Салт-дәстүрімізді сақтай, қадірлей білейік.

  10. Қазақстан елі- байтақ ел болсын.

  11. Демография жағынан қазақ халқының саны көбейе берсін.

  12. Отандықөнеркәсіпдамысын.

  13. Жастарымызбілімді, мықтыболсын.


«Туған жер» атты ән. Орындайтын Нұрсұлтан , Дінмұхаммед, Мұрат







« Балалық шақ – зорлық, зомбылықсыз» атты тақырыбында өткен

ашық тәрбие сағатына анықтама.


Мақсаты: оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту. Оқушыларға толеранттылық туралы мағлұмат бере отырып, өздері жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті де тұлға болып өсуін тәрбиелеу.

Тәрбие сағатының түрі: жаңа ұғымдарды талдау, талқылау.

Әдісі: проблемалық, ой қозғау, эвристикалық.

Көрнекілігі: слайд,ой қозғау тапсырмалары, «Бейбітшіл ел – Қазақстан» моделі, қосымша көрнекіліктер.


Тәрбие сағатының барысында 
I. Ұйымдастыру бөлімі.
Сыныпты үш топқа бөліп, «Сен, мен және біз – бәріміз әлемді өзгертеміз»

деген ұранды ұстанып жұмысымызды бастадық.

II. Негізгі бөлім.

1.Топтарға тапсырмалар беру арқылы «Бейбітшіл ел – Қазақстан» атты елдің моделі құрылды, ол үшін:

А) Күн : Бақытты балалық шақ деген не?

Ә) Видеоролик көрсетілді. (жетім бала туралы). Оқушыларға өмірде қатыгез адамдардың бар екендігі түсіндірілді.

Б) Бұлттар: Зорлықтың қандай түрлері бар?

В) Ашық аспан: «Зорлық зомбылықсыз балалық шақ» болу үшін не керек?

Г) Шаңырақ: Жанұяларыңыздың қандай болғанын қалайсындар?

Д) Тал: «Бала құқығы» ағашын жасаңдар, қаңдай құқықтарың бар?

2. 16 қараша – толлеранттылық күні екенін айта кетіп, «толерантты тұлға» қандай болу керек деген сұраққа жауап алу.

III. Қорытынды бөлім.

Міне, осындай болу керек Қазақстан! деп , «Менің Қазақстаным» атты слайдты көрсете отырып, Қазақстанның қандай ел болу керектігін оқушылар ойларын айтты.

Ашық тәрбие сағаты осы заман талабына сай өткізілді және алға қойылған мақсатымызға жеттік деп ойлаймын.

Зорлық-зомбылықсыз отбасы

Бала-адамның келешегі, баланы тәрбиелеу, қоғамның сапалы мүшесі етіп өсіру ата-ананың ардақты борышы. Бала жасында қалай тәрбиеленсе, есейгенде соны істейді. Халқымызда «Баланы жастан» деген мақал бар. Бірақ үнемі «үйтпе,бүйтпе» деп отырса да бала ынжық,жасқаншақ болады. Бірақ, бала тәрбиелеудің жөні осы екен деп,тәрбиеден тыс қаталдық көрсетудің өзі бала өміріне қауіп туғызады. Қаталдық керек десек те... тәрбиелеудің дұрыс жолдарын қолданған жөн. Бала білуге құмар, көргеніне еліктегіш, түсінбесе сұрағыш, көкірегі таза, сыншыл және шыншыл болады. Баланың бойындағы осы қасиетін сақтау үшін оған тура шыншыл, адамгершілік тәрбие керек. Қазіргі уақытта балалардың телевизор, компьютердерден көретіні ұрып -соғу, жан-жануарларды жәбірлеуді көреді. Осыны көрген бала іштей ненің дұрыстығын, ненің бұрыстығын түсіне бермейді. Әдетте теріс қылықтан кейін жаза тұрады. Бала ата-анасының жазасын әділетсіз жаза деп сезінеді. Бірақ балаға не үшін жазаланғанын дұрыстап ойландырған жөн және бала өзін ата-ананың орнына қойып, өз қылығын олардың көзімен көруге тырыстыру керек. «Әке көрген оқ жанар, шеше көрген тон пішер» демекші балаға отбасы тәрбиесінің әсері мол.Тәрбиеге әсер ететін өскен орта, ата-ананың тәрбиесі дұрыс болмаса, балаға кері әсер етеді. Отбасындағы ата-ананың мінез-құлқы балаға үлгі-өнеге алатын басты нысанасы болмақ. Сонымен, өмірдің жеке- дара тұлғасы болғандықтан, баланың өз құқығын қорғау конвенциясын қолдай отырып, мектепте 25 қазан мен 25 караша аралығында «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты республикалық ақпараттық науқан бойынша мектепішілік іс-шаралар өткізілуде.Адамға жасынан бұлақ суындай мөлдір, айнадай таза болып өмір сүруге машықтандыру үшін аса үлкен тәрбие керек.

Сәби нені біледі деп, немқұрайлы ойлағандықтан болып қателесіп жүрген жағдайымыз да аз емес. Нәресте сөйлей алмасада бәрін түсінеді. Сондықтан оның қасында келеңсіз жағдай жасауға , былапыт сөйлеуге, айқай-шу көтеруге болмайды. Әр ата-ана баласын жақсы адам болса екен деп армандайды. Алайда, ол тез арада тамаша адам бола қоймайды. Ол үшін өздері арасын сыпайы қатынасып мәдениеттілік танытумен қатар, оғаш мінез шығармауы қажет. «Балапан ұяда нені көрсе ұшқанда соны іледі»-деген аталы сөз содан қалған. Кейбір ата-аналар баланы ұрып соғып, қорқытып тәрбиелеймін деп қателік жасап та жүр. Бұл жақсы тәрбие болмайды да, керсінше сол баланың қатігез болуына немесе қорқақ болуына ықпал етеді.Қатал болсаңыз балаңызды ренжітіп, жүрегіне қаяу саласыз.

Сондай-ақ баланы мән-мағанасыз еркелететін ата-аналарда жиі кездеседі.Еркеліктіңде жөні бар. Көп еркеліктен бала өз білермендігімен кетедіде,әрі әке-шешесінің тілін ала бермейтіндігі кездеседі. Қандай да бір жағдайға төзімсіз, тентек болып кететіндер де бар. 
«Егер бала ерке болып өсетін болса, онда өмірін жылап өткізеді» -дейді Юсуф Хаджип.
Экранға назар салып,жаңалықтарға құлақ түрейік «Оқушыларға жасалатын зорлық-зомбылық азаймай тұр»

Бала-адамның келешегі, баланы тәрбиелеу, қоғамның сапалы мүшесі етіп өсіру ата-ананың ардақты борышы. Бала жасында қалай тәрбиеленсе, есейгенде соны істейді. Халқымызда «Баланы жастан» деген мақал бар. Бірақ үнемі «үйтпе,бүйтпе» деп отырса да бала ынжық,жасқаншақ болады. Бірақ, бала тәрбиелеудің жөні осы екен деп,тәрбиеден тыс қаталдық көрсетудің өзі бала өміріне қауіп туғызады. Қаталдық керек десек те... тәрбиелеудің дұрыс жолдарын қолданған жөн. Бала білуге құмар, көргеніне еліктегіш, түсінбесе сұрағыш, көкірегі таза, сыншыл және шыншыл болады. Баланың бойындағы осы қасиетін сақтау үшін оған тура шыншыл, адамгершілік тәрбие керек. Қазіргі уақытта балалардың телевизор, компьютердерден көретіні ұрып -соғу, жан-жануарларды жәбірлеуді көреді. Осыны көрген бала іштей ненің дұрыстығын, ненің бұрыстығын түсіне бермейді. Әдетте теріс қылықтан кейін жаза тұрады. Бала ата-анасының жазасын әділетсіз жаза деп сезінеді. Бірақ балаға не үшін жазаланғанын дұрыстап ойландырған жөн және бала өзін ата-ананың орнына қойып, өз қылығын олардың көзімен көруге тырыстыру керек. «Әке көрген оқ жанар, шеше көрген тон пішер» демекші балаға отбасы тәрбиесінің әсері мол.Тәрбиеге әсер ететін өскен орта, ата-ананың тәрбиесі дұрыс болмаса, балаға кері әсер етеді. Отбасындағы ата-ананың мінез-құлқы балаға үлгі-өнеге алатын басты нысанасы болмақ. Сонымен, өмірдің жеке- дара тұлғасы болғандықтан, баланың өз құқығын қорғау конвенциясын қолдай отырып, мектепте 25 қазан мен 25 караша аралығында «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты республикалық ақпараттық науқан бойынша мектепішілік іс-шаралар өткізілуде.Адамға жасынан бұлақ суындай мөлдір, айнадай таза болып өмір сүруге машықтандыру үшін аса үлкен тәрбие керек.

Сәби нені біледі деп, немқұрайлы ойлағандықтан болып қателесіп жүрген жағдайымыз да аз емес. Нәресте сөйлей алмасада бәрін түсінеді. Сондықтан оның қасында келеңсіз жағдай жасауға , былапыт сөйлеуге, айқай-шу көтеруге болмайды. Әр ата-ана баласын жақсы адам болса екен деп армандайды. Алайда, ол тез арада тамаша адам бола қоймайды. Ол үшін өздері арасын сыпайы қатынасып мәдениеттілік танытумен қатар, оғаш мінез шығармауы қажет. «Балапан ұяда нені көрсе ұшқанда соны іледі»-деген аталы сөз содан қалған. Кейбір ата-аналар баланы ұрып соғып, қорқытып тәрбиелеймін деп қателік жасап та жүр. Бұл жақсы тәрбие болмайды да, керсінше сол баланың қатігез болуына немесе қорқақ болуына ықпал етеді.Қатал болсаңыз балаңызды ренжітіп, жүрегіне қаяу саласыз.

Сондай-ақ баланы мән-мағанасыз еркелететін ата-аналарда жиі кездеседі.Еркеліктіңде жөні бар. Көп еркеліктен бала өз білермендігімен кетедіде,әрі әке-шешесінің тілін ала бермейтіндігі кездеседі. Қандай да бір жағдайға төзімсіз, тентек болып кететіндер де бар. 
«Егер бала ерке болып өсетін болса, онда өмірін жылап өткізеді» -дейді Юсуф Хаджип.
Экранға назар салып,жаңалықтарға құлақ түрейік «Оқушыларға жасалатын зорлық-зомбылық азаймай тұр»

Жоғарыдағы даналық сөзге сүйенсек, мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі үшін тек ата-анамен бірігіп жұмыс істеу керек екенін ескерткен. Сондықтан, балаңыздың отбасындағы алатын алғашқы тәрбие үлгісі зорлық пен зомбылықсыз ортада орындалуы тиіс. «Ұяда нені көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей, бала қандай ортада тәрбие көрсе, сондай ортаға үйренісіп, сіңісіп, өз дегенінде дәл ата – аналардың қателіктерін қайталайды, яғни келесі келер ұрпақ та зорлық – зомбылық ортада тәрбиеленеді.

Ендеше, баланы сеніммен тәрбиелеу – зор нәтиже береді деп ойлаймын. Балаңмен дос, сырлас бола біл. Ешқашан қаталдықпен адамды адам ете алмайсың. Қатыгездік баланы ашындырады, жүрегіне өшпенділік тудырады. Содан сырттай бағынышты көрінгенімен, ішкі қарсылығы өсе береді. Қарсылық қарсылықты туғызады деген физиканың заңы бар ғой. Қай уақытта да жұмсақ қаттыны жеңеді. Су жұмсақ, тамшылап тұрып, тасты теседі. Әке-шеше ретінде қоқаңдап, өз ойыңды тықпалай берсең, баланың тұлғалық қасиеттері ашылмай қалады. Бетінен қақпа, бірақ белін буып жолға сал. Дүниедегі мақсаттың да, міндеттің де ең үлкені – ол ертеңгі күнге өнегелі, парасатты ұрпақ қалдыру.Сонымен В.А.Сухомлинский «Тек қана ата-аналармен бірге, жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін.» 









































Жасөспірімдер арасында зорлық-зомбылықтың, қатыгездіктің

алдын алу шаралары


Қымбатты ата-аналар, сіздермен кездескенімізге қуаныштымын. Бала тәрбиесі-баршамызға ортақ іс,ата-ана боламын деп шешім қабылдаған кезімізден бала өсіруді дүниедегі асқан жауапкершілікті талап ететін міндет деп білетін ата-аналарымыз жиналған екен, қош келдіңіздер!

Әлемде қазіргі ең өзекті мәселелердің біріне айналып отырған – бұл жасөспірімдердің, балалардың зорлық – зомбылыққа ұшырауы. Барлық балалар үйінде, мектепте және басқа да қоғамдық мекемелерде күнделікті қатыгездікпен және зорлық – зомбылықпен ұшырасып отырады. Баланың болашақта қандай азамат болуы оның мектепте, отбасында қоршаған ортада алған тәрбиесіне байланысты. Балалар да, ересектер сияқты сыйлау, қол тигізбеу және адамзаттық абыройын сақтау құқықтарына ие, сондай-ақ Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы мен Азаматтық саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы көзделген заң тарапынан да тең қорғау көрсетілуіне құқылы.

Осы бағытта «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы» туралы Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы №214-ІV Заңы, 9-бапта Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құзіреті берілген. Осы Заң мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдардың және Қазақстан Республикасы азаматтарының тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы жөніндегі қызметінің құқықтық-экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды.(4 тарау, 26 баптан тұрады).

Бала өз ата – анасының тәрбиесін алуға, өз қызығушылықтарын жан – жақты дамуын қамтамасыз етуге құқылы. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 137-бабы кәмелетке толмаған баланы ата-анасының немесе осы міндет жүктелген басқа адам, сонымен қатар педагог немесе оқыту, тәрбиелеу, емдеу не кәмелетке толмаған баланы қадағалау міндеттелген басқа да мекеменің қызметкері тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін атқармағаны үшін шара қолдануды қамтиды. Онда балаларын бағып-қағу міндеттерін орындамаған ата-ана, ата-аналық құқығынан айырылатыны, әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа да тартылатыны айтылған.

Осы заң аясында Мұхит ЖОББМ-і бойынша Аудандық білім беру бөлімінің 2015 жылдың 8 қыркүйек №3-6/ 4335 хатына сәйкес, 14 – 19 қыркүйек аралығында «Зорлық – зомбылықсыз және қатыгездіксіз балалық шақ» тақырыбында апталықтың іс – шаралар жоспары жасақталып, түрлі іс – шаралар оздырылды. Жоспар бойынша оқушылар мен ата-аналарға сауалнама жүргізілді. Мақсаты ата-аналарға балаға жыныстық тәрбие беруде өз рөлін сезінуге көмектесу, оқушыларды жағымсыз әрекеттен сақтандыру.

Сауалнамаға 9-16 жас аралығындағы 250 оқушы қатысты, оның 130-ұл, 120-қыз балалар. Сауалнама бойынша ешқайсысына мектептегі құрдастарымен, мұғалімдерімен, үй жағдайында зорлық жасалмағаны анықталды.
Сонымен қатар, сынып сағаттары, 11 – 13 күндері оқушылар ұйымының ұйымдастырумен парақшалар таратылды. 9 -10 сынып оқушылары арасында «Қатыгездіксіз әлемді қалай орнатуға болады?» тақырыбында эссе жаздырылып, «Біздер дені сау болашақ үшін» атты ашық есік күндері, 14–19 қыркүйек күндері аралығында «түнгі рейд» ұйымдастырылып, оқушылардың түнгі жүрістері бақылауда ұсталды.

Қымбатты ата-аналар, әрі қарай, осы тақырыптың негізінде, қысқаша баяндаманы, сіздердің қатерлеріңізге салғым келеді.

Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: "Қазақстанның отаншылдық сезімін тәрбиелеу -білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен жоғарғы оқу орындарына дейінгі орталықтарда барлық ұйымдарда көкейкесті болып табылады. Балаларды Отанды, туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу - мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы"-деген сөзі, біз оқушылар бойында «отансүйгіштікті», «патриотизмді» қалыптастыра отырып, көптеген келеңсіздіктердің алдын – алатындығымыздың белгісі.

Сондықтан, зорлық – зомбылық тақырыбы мектепте тәрбие сағаттарында қаралып, ата-аналар үй жағдайында баласының қатеріне сала отырып, оқушыларға зорлық – зомбылық туралы мағлұмат беруі, ол адамның ең жаман қасиеті екенін түсіндіріп отыруы қажет. Адамның ең басты құндылығы оның бостандығы, олай болса оқушыларға адамзаттық құқықтары мен бас бостандықтарын қорғауы туралы санасына сіңіріп, тәрбиелеуі аса маңызды іс. Зорлық –зомбылық адам ағзасына тікелей әсер ететінін, жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап, ондай әрекеттерге бармауға тәрбиелеу немесе ондай әрекеттерден сақтандыру адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне ықпал жасау барлығымыздың міндетіміз.

Қоғам үшін ең бастысы – тәуелсіздік, адам үшін- бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір. Оның кепілі – заңдылық. Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық – адам бостандығы. Адамның және адамзаттың құқықтары мен бас бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау – Конституциялық заңдылықтың басты талабы. Қазақстанда салауатты өмір

салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі – бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу.

Зорлық балалардың денелік және психологиялық денсаулықтары және жан-жақты дамулары үшін ауыр машақат болып табылады. Әсіресе, өмір жағдайында түрлі соққылар, зорлық – зомбылық жағдайы көп кездеседі. Балаларға қатысты зомбылықтың алдын алу және бағытталған профилактикалық сипаттағы шараларды жүргізуде ақпараттық үгіттеушілік жұмыстарды өткізу бүгінгі күннің басты талабы болып табылады. Адамға зорлық көрсетудің екі түрлі жағы бар. Олар: Тән азабын шектірген зорлық – адамның ағзасына тікелей әсер ету, ұрып-соғу, денесіне зақым келтіру, тағы басқа. Тән азабын шектірген зорлықтың салдарынан жәбірленушінің денсаулығына зиян келтірілуі мүмкін.

Жан азабын шектірген зорлық – жәбірленушінің қарсылық көрсетуіне, өз құқықтары мен мүдделерін қорғауына деген ерік жігерін жасыту үшін қорқыту, адамның психикасына әсер ету. Жан азабын шектірген зорлық жүйке ауруына немесе тіпті жан ауруына ұшыратуы мүмкін. Көп уақытта балалардың өміріне балта шаппау мақсатында, олардың кішігірім қылмыстарын жауып тастауға, ешкімге айтпауға тырысамыз, бірақ, қазіргі қоғамның қажеттілігі сол жағдайлардың айтылып, оқушының түпкілікті бақылауға алынуын қажет етеді.

Азаматтық – патриоттық тәрбие мен зорлық – зомбылық екеуін қатар қарауымыздың себебі, егеменді елдің азаматын тәрбиелеуде әр тәрбиешінің, әр ұстаздың ең басты мақсаты – дені сау, ұлттық сана – сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениеті, парасаты, ар – ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында игі қасиеттері бар адамды тәрбиелеу болса, бүгінгі қоғамда жас ұрпақтың бойында зорлық – зомбылық жасауына жол бермеу, өзін – өзі қорғай білуін қалыптастырудың, оқушыларға осы патриоттық сезімдерді жеткізе білсек, оқушының көкейіне патриотизм туралы ой сала білсек, үлгі көрсетсек, онда заманға сай, қоғамға керекті азамат, отансүйгіш, елін сүйгіш азамат, елге қызмет ететін қайраткер тәрбиелейміз деген сөз.

Қалай зорлық – зомбылыққа душар болмау керек? (Ата-аналарға өз балаларына айтып жүру үшін жаднама)

-Көшеде түнгі беймезгіл уақытта қалмауға тырысу, көшеде танымайтын адамдармен әңгімелеспеу және онымен қараңғы жерлерге, адамдар жоқ орындарға және т.б. жерлерге бармау.

-Егер Сізге тұрмыстық зорлық – зомбылық қауіп төндірсе, үйден кетіп қалуға тырысу, ертерек қашып кетуге сөмкеңді дайындау, тиісті құжаттарыңмен бірге, көрші – көлемдеріңмен сөйлесу, айқай – шу шығарылғанда келу және полицияға хабарлау.

-Қауіп-қатерді азайту, балаларды зейінділікке, сақтыққа, қауіпті жағдайлардың алдын алуға үйрету керек, ондай жағдайларды олар дала немесе үйде де кездестіруі мүмкін.

-Үйде жалғыз болғанда, бөтен адамдарды үйге кіргізбеу керек;

 -Бөтен біреудің машинасына отырмау, қыдырып жүргенде бөтен адамдардан тәтті, сыйлықтар алмау керектігін үйрету қажет;

 -Көшенің қараңғы жерлерінен, көпшілік жүрмейтін саябақтар мен стадиондардан аулақ жүруге үйрету.

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мынадай принциптерге сүйенеді:

1) заңдылыққа;

2) адамның және азаматтың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерінің кепілдігін сақтауға;

3) адам мен азаматтың тәніне және психикасына азап әкелуге жол бермеуге;

4) отбасын қолдау және сақтауға;

5) тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге көмек көрсету кезінде құпиялылықты сақтауға;

6) өмірде қиын жағдайға душар болған адамдармен жеке жұмыс жүргізуге негізделеді.

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жүзеге асыратын субъектілер

1) Қазақстан Республикасының Үкіметі;

2) жергілікті атқарушы органдар;

3) отбасы және гендерлік саясат істері жөніндегі комиссия;

4) кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялар;

5) ішкі істер органдары;

6) қамқоршылық және қорғаншылық органдары;

7) білім беру органдары;

8) көмек көрсету ұйымдары;

9) дағдарыс орталықтары болып табылатынын біле жүріңіздер.

БАЛАЛАРЫҢЫЗДЫ ҚОРҒАҢЫЗ, СЕБЕБІ БАЛА – ӨМІРДЕГІ ЕҢ ҚЫМБАТТЫ ЖАН!


Қымбатты ата-аналар, зорлық – зомбылықсыз болашақ, біздің болашағымыз үшін, кейінгі ұрпақ үшін қажет, сол себепті барлығымыз бірігіп жұмыс атқаруға шақырамын.



Сыныбы: 9- 10 Тақырыбы: «Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын» тренинг Мақсаты: Оқушыларға зорлық зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның ең жаман қасиеті екенін айту. Адамның ең басты құндылығы оның бостандығы, олай болса оқушыларға адамзаттық құқықтарымен бас бостандықтарын қорғауы туралы үйрету Зорлық –зомбылық адам ағзасына тікелей әсер ететінін түсіндіру. Жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап, ондай әрекеттерге бамауға тәрбиелеу, адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне ықпал жасау. Топта жұмыс істеу ережесі: 1. Біреуі сөйлейді, басқалары тыңдайды. 2. Болып жатқанға белсенді қатысу. 3. Әркім өз пікірін білдіруге құқылы. 4. Пайда болған ой, сезімдеріңді осы жерде және қазір айт. 5. "Басынан" "Аяғына" дейін жұмыс істеу. Кіріспе Қоғам үшін ең бастысы – тәуелсіздік, адам үшін бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір.Оның кепілі – заңдылық.Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық – адам бостандығы.Адамның және адамзаттың құқықтары мен бас бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау – конституциялық заңдылықтың басты талабы. Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі – бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу.Егер жалпы айтқанда зомбылықты физикалық қасірет көрсету әрекеті деп анықтауы болса, онда тұрмыстық зомбылықта осы әрекеттің бастауы мен айқындау нүктесі анық белгіленеді.Ол – жанұя, яғни зұлымдықшы мен оның жемтігі ең жақын адамдар болады. Олар – жұбайлар мен балалар.Отбасындағы зорлы-зомбылық мәселесі әлемнің әр елінде ертеден орын алған. Зорлық балалардың денелік және психологиялық денсаулықтары және жан-жақты дамулары үшін ауыр машақат болып табылады. Әйелдер мен балаларға қатысты зомбылықтың алдын алу және бағытталған профилактикалық сипаттағы шараларды жүргізуде ақпараттық үгіттеушілік жұмыстарды өткізу қажет болып табылады. Негізгі бөлім. 1)Амандасу – «таныстыру» жаттығуы. Нұсқау: әр қатысушы өз есімінің бірінші әрпіне қарай бойындағы жеке қасиетін қосып айту керек. Мысалы: мен Әлия әділ қызбын.... Оқушылар түгел амандасып болғаннан кейін топқа бөлінеді. 2) Топқа бөліну Оқушылар топқа бөліну үшін әр бір оқушы үстелде қойылған смайликтерді алып 4 топқа бөлінеді. 3) «Зорлық-зомбылықсыз және қатігездіксіз балалық шақ» тақырыбында постермен жұмыс жасау, қорғау. 4)«Аяқталмаған тезистер» атты анкетаға зорлық зомбылықтың бірнеше түріне анықтама жазады. 1. Зорлық –зомбылық –ол.... 2.Физикалық зорлық –зомбылық -ол 3.Психологиялық - 4.Экономикалық зорлық деген- 5.Қорқыту –ол... 5. «Қайта байланыс» жаттығуы Оқушылар шеңбер құра отырады да, допты әр қайсысы кезекпен кезек ала отырып тренингтің өткізілуіне байланысты өз ойларын білдіреді: - Тренингте ең бірінші не ұнады? - Не ұнаған жоқ? - Өзің жаңадан не білдің? б) "Алған әсеріңіз қандай?"- смайликтер арқылы анықтау. в) тренингке қатысушыларға рахмет айта отырып, тренингті аяқтау. 6. Қорытынды. «Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын» тақырыбындағы тренингті былай қорытындылағым келеді. Немістің ұлы ақыны В. Гете серуенге шығарда қалтасына түрлі гүлдердің тұқымын салып шығып, шалғындардан, орманнан өткенде, тауға шыққанда гүл тұқымдарын сеуіп жүруді жаны сүйген. Оның жүрген жерлері мезгілі келгенде керемет гүлдер өсіп шығатын. Гете сепкен гүл ме, әлде табиғи жолмен өздері көктеді ме, оны білу міндетті емес. Дегенмен сұлулық әлемі, әсемдік әлемі байыды. Сол сияқты дүниеде зорлық-зомбылық болмаса адам өмірі, адамзат дүниесі сұлу да әсем болар еді.



Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!

Ата-аналармен жүргізілген тренинг

Тақырыбы: «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!»

Мақсаты: Қазіргі кездегі балалар және үлкендердің де отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу. Отбасындағы зорлық зомбылыққа жол бермеу. Халықтың арасында құқықты түсіндіру.

Міндеті:  Қоғамда зорлық-зомбылықтың болмауына ықпалын тигізіп, балаларға, әйелдерге, қарттарға барлық адамдарға құрметпен қарау көзқарасын қалыптастыру.

I.Кіріспе сөз.   

Отбасы - шағын мемлекет десек бұл оның қоғамдағы алар орнына қарай айтылса керек. Осы бір ғибратты сөз босағаның берік, шаңырақтың биік болуын, халық санының көбейіп, қоғам байлығының еселеп артуына тигізер ықпалы бар болғандықтан да отбасын шағын мемлекетке теңесе керек. Өкінішке қарай түрлі жағдайларға байланысты шаңырақтың шайқалып, бейкүнә сәбилердің жаутаңкөзге айналып жататын кездері де аз емес. Әрине, берекесі мен бірлігі жоқ, күндегі айқай шудан шаршаған әйелдердәң көбі ажырасуға мәжбүр болады.

«Тәрбие тал бесіктен басталады» десек, отбасындағы ұрпақ тәрбиесі ешуақытта қоғамды бей-жай қалдырған емес. Тұрмыстық зомбылықта көбіне зардап шегетін әйелдер мен жас балалар. Заң тұрғысында да бірқатар өзерістер енгізілген. Мәселен, әйелге қол жұмсағандығын  растайтын құжаттар болса, әкімшілік жазаға тартумен қатар, 15 күндік абақтыға жабу да қаралған. 10-15 тәулік қамауда отырып шыққан адам үйіне оралады. Ашынған отағасы әйелге қол көтеруін бұдан кейін еселей түсуі де мүмкін. "Әйелдерді қорғау" орталығына қолдау іздеп келген әйелдердің де саны көбейе түскен. Балалар да үйінде, мектепте және басқа да қоғамдық мекемелерде күнделікті қатыгездікпен және зорлық-зомбылықпен ұшырасып отырады. Алайда осы кезге дейін қоғам бұл проблемаға зейін қойып көрген жоқ. Бала үшін ата-анасының үйі әрқашан ең қауіпсіз жер бола бермейтінін айғақтайтын фактілер жиі кездеседі. Балаларға, әсіресе кішкентай балаларға зорлық-зомбылықтың үй, отбасы ішінде көрсетілуі көзге түсе қоймағандықтан, көп жағдайда мойындалмайды. Бұл отбасының басқа мүшелері сияқты қорғалу құқығы бар жаннан гөрі, ата-анасының меншігі ретінде қалыптасудың салдары. Дөрекілік, балаға күш көрсету, балалардың бағдарын өзгерту, зорлық-зомбылықтың дамуын тудырады және қылмысты тудырады.Ол өз-өзіне қол жұмсауға келеді немесе бала тағдырын бұзады.

ІІ. Негізгі бөлімі

1. Өмір мен денсаулық - адамның ең қымбат байлығы.

2. Балалардың денсаулығы –еліміздің болашағы.  (пікірлесу)

III. Жаднама бойынша жұмыс.(Сұрақ) – Бұл жаднама кімдерге арналған деп ойлайсыз?

1. Кім? Жасөспірімдер мен балаларға қарсы әр түрлі маньяктар мен айуандық қылмыстардың алдын-алуды өзінің маңызды азаматтық борышы санаса.

2.Зорлықшылдар мен кісі өлтірушілердің әрекетіне немқұрайлы қарай алмаса.

3. Өз баласының зорлық-зомбылықтың, қылмыстың құрбаны болғанын тілемейтін.

4. Өзінің шағын ауданында және көшелерде тәртіп пен тыныштық орнағанын тілейтін

IV.Неге көбінесе балалар қылмыстың құрбаны болады? (Ата-аналарға сауал тастау, жауаптарын тыңдап болған соң дұрыс жауабымен салыстыру)                                                                                                                       

- Өйткені балалар аңқау және бейқам! Ал қылмыскер кез-келген баланың тілін таба біледі. Сондықтан, сіздің балаңыз, бір қадам жасар алдында өз әрекеттерін жақсылап ойланып алуы қажет. Зорлықтан құтылуға болады. Бұл үшін дұрыс шешім қабылдау қажет. Егер олар қасындағы адамнан кішкене де болса күдіктенсе, бірдеңеден қауіптенсе, онда ең дұрысы одан аулақ кету керек.

V. Отбасында зорлық-зомбылық болған жағдайда не істеуге болады?

Ең алдымен балалардың заңмен қорғалатын құқықтары бар екенін білу қажет! Әрбір бала полицияға арыздана алады. Заң бойынша кәмелетке толмағандарға қатысты зорлау істері арыз берілмей-ақ қозғалады.

Егер қандай да бір себептермен кәмелетке толмаған баланың полицияға баруға мүмкіншілігі болмаса, анасына, достарына, жақсы таныс көршілерге, мұғалімдерге оқиға туралы айтуы қажет немесе сенім телефонына қоңырау шалуға болады.

VI. Ата-аналарға кеңес!

1. Өз балаңды құрметте, баланың еркінен тыс бірнәрсе жасауға мәжбүрлеме және басқаларға да жол берме! 

2.  Егер сіз көршінің баласы зорлық-зомбылыққа және ата-аналарының тарапынан соққыға ұшырағанын білсеңіз, онда ол туралы полицияға дереу хабарлаңыз. 

3.  Егер балаңыз сіздің күйеуіңіздің оған теріс пиғылы жөнінде айтса, оның сөзіне құлақ салыңыз, күйеуіңізбен сөйлесіңіз, баланы онымен бірге жалғыз қалдырмаңыз, ал егер олардың арасындағы қарым-қатынастар өте тереңге кетсе, ол адамнан айырылысыңыз, балаңыздың бақытынан қымбат нәрсе жоқ.

4. Жыныстық өмірге қатысты балаңызды қызықтыратын барлық сұрақтар бойынша, сондай –ақ сақтану  жөнін де онымен әкесі сөйлесіп, түсіндіруі қажет. 

5. Қызға қарама-қарсы жыныстағылармен өзін қалай ұстау жөнінде анасы түсіндіруі қажет.

6.  Егер сіз балаңыздың мінез-құлқынан оғаш қылық байқасаңыз, оны мазалап жүрген мәселе жөнінде сөйлесіңіз. Ал ер баламен анасының қатысуынсыз әкесі сөйлескені дұрыс.

VII. Сіз қандай ата-анасыз? сауалнамасы

1. Тәрбие туралы мақалаларды кітаптан немесе журнал, газет бетінен оқисыз ба? Теледидардан бағдарлама көресіз бе?

а) сирек   ә)  ия     б) жоқ

2. Балаңыздың қылығы менің тәрбием деп ойлайсыз ба?

а) сирек    ә) ия     б) жоқ

3. Жолдасыңызбен баланы тәрбиелеуге келісесіз бе?

а) сирек    ә) ия      б) жоқ

4. Егер балаңыз көмек көрсетем деп тұрса,балаңыздың істегені көңіліңізден шықпаса да көмек аласыз ба?

а) сирек     ә) ия      б) жоқ

5. Бұйрық беру немесе тыйым салу  түрлерін  қолдана аласызба?

а) сирек     ә) ия      б) жоқ

6. Балаңызға бұйрық бермей өтінішпен істете аласыз ба?

а) сирек     ә)  ия     б) жоқ

7.  «Менің уақытым жоқ» немесе «Мен мына жұмысты бітіргенше тоқтай тұр» дегн сөздерді жиі айтасыз ба?

а) сирек    ә) ия     б) жоқ

8. Спортпен дене шынықтыру бала өмірінде маңызды екенін сезесіз бе?

а) сирек     ә) ия       б) жоқ 

Жауабы: сирек - 1 ұпай, ия - 2 ұпай, жоқ - 0 ұпай.

1. 4 ұпайдан аз алғандар – тәрбие туралы көп ойланбайсыз. Сізге берер кеңесіміз-ештен кеш жақсы деп балаңызды тәрбиелей бастаңыз.

2. 5-тен 12 ұпайға дейін алғандар – балаңызды тәрбиелеуде көп кәте жібермейсіз, бірақ келесі жексенбіні тек қана балаларыңызға арнаңыз. Ұмытпаңыз: балаңыз бұл ісіңізді қайтарады.  

3. 13 ұпайдан көп алғандар - Сіз ата-ана міндеттерін толық атқарады екенсіз. Дегенмен әлі де тәрбиеңізді толықтыра аласызба?

VIII. Жағдаяттарды шешу. 

1. Мұрат сабақта болғанда анасы оның бөлмесін жинап жүріп, қажетсіз деген заттарын қоқысқа лақтырып тастады. Мұраттың қандай құқығы бұзылды? (дүние-мүлікке)

2. Асқардың үйдегі інісін қарайтын адам болмағандықтан, оны анасы сабаққа жібермеді. Асқардың қандай құқығы бұзылды (білім алу)

3. Әсел мен Айжан дос еді. Әсел жақсы оқитын. Ал, Айжан нашарлау оқитын. Бір күні екеуі ренжісіп қалды. Әсел Айжанды «екіліксің» деп келеке етті. Айжанның қандай құқығы бұзылды? (ата-тек атауын алуға)                                                                            

4.  -Балам, екі шелек су әкеліп бер.

- Апа, заңды бүгін өттік, балаға күш көрсетіп жұмсауға болмайды, сондықтан су әкелгім келмейді, оған менің құқым бар. (жекебас бостандығына)

ІX. Қорытынды:

Қымбатты ата-аналар!  Біз Мұқағали Мақатаевты ақын деп қана білеміз. Бүгінгі сабағымызды сол ақиық ақынның балаларға арнаған мына сөзімен аяқтайық.                                                                                       















































Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық

Адам баласы бұл өмірге келген соң асқақ армандар мен ізгі мұраттардың жетегінде өмір сүруге тиіс. Әрбір санасы жарық, ақылы кемел жан үшін өмірлік ұстаным болуға тиіс мұндай ізгі мақсаттардың қылмыспен мүлдем қабыспайтыны анық. Адам қылмыскер болып тумайды, оны қылмыскер қылатын өскен ортасындағы теріс тәрбие. Отбасының баға жетпес құндылық екенін ұқпаған, оның қадірін білмеген ата-аналар қатыгез ұрпақ өсіріп шығарады. Жүрегіне қатыгездік ұялаған адам өзінің өмірлік серігін, адал зайыбын асыл жарым деп бағаламайды. Балаларына мейіріммен қарамайды. Керісінше, өмірдің «қызығын» арақ-шарап секілді адамды аздыратын нәрселерден іздеп, онысына наразы болған зайыбын ұрып-соғады. Кішкене сәбилерінің жүрегін ұшырады. Міне, біздің қоғамда өкінішке орай, осындай адамдар  көп. Осының салдарынан дүние жүзінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жыл сайын 14 мың әйел мен жасөспірім балалар зардап шегуде. Нақтырақ айтсақ, әйел адамдардың 35 пайызы жәбір көрген.

Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес жүргізу мақсатында 4 желтоқсан 2009 жылы «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы»  Қазақстан Республикасының Заңы қабылданған.

2016 жылдан бастап Бас прокуратурамен «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасы жасақталып, республиканың барлық аумақтарымен кешенді жұмыстар атқарылуда.

Жобаның мақсаты – зорлық-зомбылық көріністерін жою, олармен күресу, уәкілетті органдардың жұмысын күшейту және нақты механизм құру болып табылады.

Осы тақырыпта облыс прокуратурасында барлық уәкілетті және құқық қорғау органдарының қатысуымен өткен жылдың соңында алқа мәжілісі өткізілді. Оның нәтижесімен тиісті органдарға нақты тапсырмалар берілді.

НАШАҚОРЛЫҚ – ҒАСЫР ІНДЕТІ. Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабына сәйкес, мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі мен денсаулығы болып саналады. Алайда, біздің қоғамда өзгенің де, өзінің де өмірі мен денсаулығына немқұрайлы қарайтын адамдар мыңдап саналады. Ғасыр індеті аталған нашаның өзі талай өмірлерге балта шауып жатыр. 

Мысалмен сөйлер болсақ, біздің Атырау облысында халық саны күннен-күнге өсіп келеді. Статистика бойынша 2012 жылы халық саны 533 мың болса, бүгінгі күні 593 мыңға дейін көбейіп отыр. Халық санынның өскені жақсы, алайда, қаламыз тоғыз жолдың торабында тұрған соң, осыны пайдаланып, мұндағы рухы әлсіз, ерік-жігері жоқ жандарға наша әкелетіндер де жоқ емес. Облысымызда 814 нашақорлардің тіркелуі көңілді жабырқатады. Олар өздерінің денсаулығы мен сана-сезімін улағаны былай тұрсын, отбасы мүшелері мен жасы кәмелетке толмаған балаларына да зардаптарын тигізіп жатыр. Сондықтан, есірткіге қарсы күрес отбасынан басталуы керек дегіміз келеді.

ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ҚЫЛМЫС ҚАУПІН ТУҒЫЗАДЫ. Жұмысы жоқтық, тамағы тоқтық, аздырар адам баласын, - деп Абай атамыз айтқандай, бірқатар адамдардың әлі де еңбекпен қамтылмауы олардың рухани-моралдық дағдарысқа ұшырауына себеп болуда. Тіпті жұмыссыздық салдарынан қаражат мұқтаждығын көрген адамның ұрлық жасау сияқты сұмдық ойларға да баруы ғажап емес. Ендеше оның алдын алу өзекті мәселе. Статистика көрсетіп отырғандай, облыс аумағында жұмыссыздар саны азаймай отыр. Арнайы мәліметтерге сүйенсек, облыс бойынша барлығы 8689 жұмыссыз тіркелген. Оның 36,5 пайызы ғана жұмыспен қамтамасыз етілген екен. Ал өзгесін жұмыспен толық қамту алдағы күндердің еншісіндегі өзекті мәселе болып отыр.

КІСІЛІКТЕН КЕТІРЕР МАСКҮНЕМДІК. О баста кіршіксіз туған адам баласын аздырып, кісілік келбетінен айыратын қоғамымыздың тағы бір дерті – маскүнемдік. Араққа салынумен отбасының шырқын кетіріп, құқық бұзатын, тіпті қылмыс жасауға да тайсалмайтын азаматтар да қоғамда өкінішке орай, аз емес. Алкогольді ішімдікке салынғандардың ресми тіркелгендерінің саны күні бүгін 3722 адамды құрап отыр. Бұл, әрине, қатты ойландырарлық құбылыс. Міне, осы аталған қоғам қасіреті мен дерттері қосыла келіп, отбасындағы зорлық-зомдылыққа себеп болуда. Әріге бармай-ақ, 2010 жылдан бері отбасы-тұрмыстық салада зайыбын қорлап, тиіскені үшін 18972 адам әкімшілік жауапкершілікке, отбасы мүшесін ұрып-соғып, денсаулыққа зиян келтіріп, қылмыс жасағаны үшін 89 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бұл мәселені біз әркез күн тәртібінде ұстауға тиіспіз.

ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚПЕН КҮРЕС – ОРТАҚ  МІНДЕТ. Прокуратура қызметкерлері халық арасында ашық сауалнама жүргізіп, тұрмыстық зорлық-зомбылық көріністеріне қатысты азаматтардың қоғамдық пікірлерін біліп қайтқан еді. Оның барысында төмендегі мәселелер анықталды.

Атырау қаласында бір ғана көмек көрсету орталығы жұмыс істеуде. Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдерге көмек көрсететін бұл мемлекеттік мекемеге біз әдейілеп ат басын бұрып, жұмысымен таныстық. Онда толымды жұмыстармен қатар, әлі басы ашық мәселелер бар екені мәлім болды.

Аталған бөлімше Атырау облысы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның  ұсынысымен Атырау қалалық әкімдігінің 06.10.2011 жылғы №1604 қаулысына сәйкес, «Белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімделу орталығы» мемлекеттік мекемесінің жанынан құрылған.

Бөлімшенің жұмысы 01.04.2012 жылдан бүгінгі таңға дейін қала, аудандардағы әйелдерге қызмет көрсетіп, қалыпты жұмыс жасап келеді (Мекен-жайы: Атырау қаласы, «Алмагүл» ықшам ауданы, №4 үйдің ірге қабатында орналасқан, мақсаты: өмірдің қиын жағдайына тап болған, тұрмыстық  зорлық-зорлықтан зардап шеккен азаматшаларға әлеуметтік, психологиялық, құқықтық кеңес беру, алғашқы медициналық көмек көрсету болып табылады).

Ал аудандарда өкінішке орай, мұндай орындар әлі қарастырылмаған. Бұл алдағы уақытта қолға алынуға тиіс мәселе деп білеміз. 

«Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Заңының 10-бабына сәйкес, зорлық-зомбылықпен күрес жүргізудің субъектісі ретінде ішкі істер органдары белгіленген. Бұл талап осы органдарға зор жауапкершілік жүктейді. Ішкі істер министрінің бұйрығына сай, 2300 адамға бір полиция бекітілуі тиіс. Алайда, халық санымен есептегенде бір полиция инспекторына 3800 адамнан келетіні белгілі болды.

Шыны керек, облысымызда тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес шаралары әлі де болса жеткіліксіз. Атқарылып жатқан жұмыстар да мардымсыз. Ол үшін жергілікті атқарушы органдардың жанынан отбасындағы зорлық-зомбылықтан жәбір көргендерге көмек беретін арнайы басқарма құрып және стационарлық дағдарыс орталықтарын ашу қажет деп есептейміз. Сондай-ақ облысымыздың шалғай аймақтарын толық қамту үшін учаскелік полиция инспекторларының штат бірлігі көбейтіліп, оларға техникалық жағдайлар жасалуы тиіс.    

Тағы бір атап өтер жайт, әкімшілік хаттама толтыру кезінде азаматтардың бұрын сотталғандығын, олардың жеке басын тексеру қиындық тудырады. Сол себепті барлық полиция инспекторларын ақпараттық жүйемен қамтамасыз ету кезек күттірмей шешер мәселе дегіміз келеді.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық салдарынан жәбірленушіге психикалық зақым алып, денсаулығына кінәрат түскен, жарақат алған әйелді ғана емес, жасы он сегізге толмай жүкті болған, тұрмысқа ерте шыққан қыз балаларды да жатқызу қажет. Біздің облысымызда мектеп жасындағы оқушы қыздардың жүкті болуының фактілері тіркелген. Бұл жағдайлар отбасындағы ата-ананың, орта және кәсіптік оқу орындары тәрбиесінің жеткіліксіздігінен орын алып отыр.

ЖӘБІР КӨРГЕНДЕРГЕ КЕҢЕС. Бір отбасындағы адамдардың бірі екіншісінен жәбір көрген жағдайда дереу ішкі істер органына, нақтырақ айқанда 102 телефонына қоңырау шалу арқылы учаскелік полиция  инспекторына жазбаша арызбен жүгінуі тиіс.

Келтірілген жарақаттың ауырлығына және құқыққа қарсы істелген әрекеттің санатына қарай әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылықтар көзделген.

Егер жәбірленуші құқық бұзған тұлға қайта келіп, тиісуі мүмкін деп ойлаған жағдайда «Дағдарыс орталығына» барып, уақытша орналасуына болады.

Мысалы, Атырау облысы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның  ұсынысымен «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдерге көмек көрсету бөлімшесіне» 46-60-60 сенім телефонына хабарласу қажет.

Облысымызда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы «Шаңырақ-2008», «Ақпарат», «Атырау әйелдері», «Атырау облысының іскер әйелдері қауымдастығы» және «Мүгедек әлемі» қоғамдық бірлестіктері де жұмыс жасайды.

ТҰЖЫРЫМ. Кемеңгер Мұхтар Әуезов: «Адамдықтың негізі - әйел» деген. Егер отағасы әйелді бағаласа, дүниеде әйелден өткен мейірімді адам жоқ. Өйткені оның жаратылысы нәзік. Аяласаң гүлдей жайнайды, аямасаң көктей солады. Ендеше осындай аяулы жаратылыстың қадірін біліп, отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол бермеңдер, азаматтар дегеміз келеді. Ал бұл тұрғыда заңды қадағалауды біздің әріптестер әркез назарда ұстайды.   

 









Тақырыбы: «Жанұяда балаға зорлық-зомбылық  болмасын!»

 




 

Мақсаты: балаларға қатыгездікпен қарау  мәселесі бойынша ата-аналарды ақпараттандыру және жәбірлеуді болдыртпайтын және оның алдын алуда ата-ананың міндетін түсіндіру.

Барысы:

            Тренинг: «Балаңызды қаншалықты танисыз?»

Кіріспе сөз




Құрметті ата — аналар! Бүгінгі  жалпы ата-аналар  жиналысына қош келдіңіздер. 20 қараша Дүниежүзілік балаларды қорғау күні болып саналады. 1-19 қараша аралығы Республикалық «Балалық шақ – зорлық-зомбылықсыз және қатыгездіксіз» акциясы болып жарияланды. Осыған орай   бүгінгі шара  «Жанұяда балаға зорлық-зомбылық  болмасын!» тақырыбында өтпек.

 

Зорлық-зомбылық құқықта «Бір адамның екінші бір адамға, оның жеке басына тиіспеушілік құқығын бұзатын тәни және психикалық ықпал жасауы» делінген.
Тән азабын шектірген зорлық – адамның ағзасына тікелей әсер ету, ұрып-соғу, денесіне зақым келтіру, тағы басқа. Тән азабын шектірген зорлықтың салдарынан жәбірленушінің денсаулығына зиян келтірілуі мүмкін.

Жан азабын шектірген зорлық – жәбірленушінің қарсылық көрсетуіне, өз құқықтары мен мүдделерін қорғауына деген ерік жігерін жасыту үшін қорқыту, адамның психикасына әсер ету. Жан азабын шектірген зорлық жүйке ауруына немесе тіпті жан ауруына ұшыратуы мүмкін.
Адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті әдіс қолданылып жасалған қылмыстар «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің» тиісті баптарына сәйкес жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар болып табылады.

Елімізде зорлық-зомбылыққа қатысты 20 дағдарыс орталығы бар.
Әйелдер мен балаларға арналған зорлық-зомбылық проблемасы елімізде елеулі мөлшерде асқынды. Статистикалық мәліметке қарағанда елде жыл ішінде 500-дей әйел мен бала тұрмыстағы зорлық-зомбылық құрбаны болады екен.

Отбасылардың қиюы қашуының басты бір себебі – жанұядағы зорлық-зомбылық.
«Отбасылық қарым-қатынаста дағдарыс туындағанда, одан ешкімнің ештеңесі кетпейді» деген түсініктен арылу керек.Кикілжіңі көп болатын отбасында өскен балалар есейген соң не әкесінің, не шешесінің отбасында өзін-өзі ұстау үлгісін алады.

Балаларға зорлық көрсетудің бірнеше түрлері бар:

Физикалық күш көрсету зорлық — зомбылығы: дене күшiн қолданып, дененi ауыртып денсаулыққа  қасақана зиян келтiру, яғни соққыға жығу, жармасу, алақанмен не жұдырықпен немесе басқа да нәрселермен ұру. Бұл зорлықтың әсерінен бетке немесе денеге жарақат түседі. Ал денеге жарақат түспеген болса, онда адамның ішкі органдарына зиян тиюі әбден мүмкін.
Күш көрсету зорлық — зомбылығының белгілері:
• адамның бетіне, не денесіне әр түрлі топтағы, яғни көк таңбалардың, сондай – ақ жіптен, өтектен, темекіден болған әр түрлі нысандағы жарақаттардың белең алуы;
• ауыз қуысының, еріннің жырылуы немесе қол мен аяқ, дене мүшелеріндегі дақтар;
• буындар ауруы немесе дене мүшелерінің ісігі, белгісіз сүйек сынықтары;
• тістің босауы немесе сынуы;
• адам тістерінің іздері;
• шаштың жұлынуы;
Күш көрсету зорлық – зомбылығынан кейін балалардың мінез – құлығындағы байқалатын өзгерістер:
• балалар ересектерден, ата – аналарынан үнемі қорқатын болады;
• балалар агрессивті, тез ашуланғыш немесе тұйық болады;
• қарым – қатынас дағдысы баяу дамиды;
• оқуда туындайтын қиыншылықтар: үлгермеушілік, жинақылық қасиетінің жоқтығы, тіл дамуының баяулығы;
• үйден қашуы немесе құқықбұзушылыққа бейім болуы;
• кездейсоқ дене жарақатына тап болу себебін түсіндіре алмауы;
• икемсіз қозғалуы мен дене мүшелерінің ауыруы;
• қажеттілік болмаса да денесін киіммен бүркеуі;
• нашар баға алғаннан кейін үйге қайтуға жігерсіздігі.

Психологиялық зорлық – зомбылық — адамның психикасына қасақана әсер ету, оны қорқыту, қорлау, бопсалау немесе құқық бұзушылықтарды немесе өмiрге немесе денсаулыққа қауiп төндiретiн, сондай-ақ психикалық, дене және жеке басы дамуының бұзылуына әкелетiн әрекеттердi жасауға мәжбүрлеу (ерiксiз көндiру) арқылы ар – намысы мен абыройын кемсiту. Осы зорлық – зомбылықтың түрі үлкен адамдар арсында жиі кездеседі. Көбінесе ондай адамдар өздерін аурумыз деп санайды.

Психологиялық зорлық – зомбылық кезінде баланың мінез – құлқында кездесетін келеңсіздіктер: 
• мазасыздық немесе қобалжу;
• ұйқының бұзылуы;
• тәбеттің төмендеуі;
• ұзақ уақыт дегбірсізденуі;
• эксцентременталды мінез – құлықтың пайда болуы;
• өз – өзіне қол жұмсау немесе қауіп – қатері;
• басқа да адамдармен дұрыс қарым – қатынаста болмауы;
• ең төменгі бағаға ие болу.

Эмоционалды және сөзбен қорлау:
Жоғарыдағы зорлық – зомбылық түрі шынайы өмірде жиі кездеседі. Кей уақытта адамдар ұрыс, керіс, айқай – шу, дауыс көтеру сияқты келеңсіз қасиеттерді зорлық деп те санамайды. Алайда бұл негізінен осы зорлық түріне енеді.
Осы зорлықтар барысында анықталатын жәйттер:
• адамның намысына тиетін ғайбат сөздер айту,
• сөзбен қорқытқан кезде, адамның бойына қорқыныш ұялайды;
• кей адам көмек көрсетуден бас тартса, онда көмек қажет еткен адам өзін керексіз санауы мүмкін, сондықтан сөйлесуге құлқы болмайды;
• өз қатарластарымен көрісуге, кездесуге рұқсат берілмейді, ата – аналары туысқандарымен хабарласуға немесе ажырасқан ата – аналар балаларына бір – бірін көруге де тиым салады.
Осы зорлық – зомбылық түрлерінде:
• баланы ашық сынау;
• ар – намысына тию;
• баланы сөзбен қорқыту;
• баланы ешқайда шығармау;
• баланың жасын ескермей, қатал талаптар қою;
• ересектер тарапынан жалған сөйлеу, өз уәдесінде тұрмау, бала сенімінен шығу;
• баланың психологиясына әсер ететін психикалық өрескел мінез көрсету сияқты келеңсіздіктер бой көрсетеді.
Эмоционалды және сөзбен қорлауды бастан кешкен балалардың мінез – құлықтарында:
• даму баяулығы;
• түрлі ауруларға шалдығуы (тез арада салмақ жоғалту, семіру, ұлтабар, тері ауруларына шалдығу және т.б.);
• ішкі жан күйзелісі тәрізді өзгерістер жиі байқалады.
Балаларға қатысты эмоционалды зорлық – зомбылық кезінде ересектердің мінез – құлықтарында байқалатын ерекшеліктер:
• баланы жариялы түрде, ашық балағаттау, кемсіту, қорлау ;
• баланың қорыққан немесе күйзеліс кезінде демеу бермеу, өз қателігін мойындаттыру;
• баланы ашық түрде жек көру.
Сексуалдық зорлық-зомбылық — адамның жыныстың тиiспеушiлiгiне немесе жыныстық еркiндiгiне қауiп төндiретiн құқыққа қарсы қасақана iс-әрекет, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы iс- әрекеттер.
Жоғарыда аталған зорлықтың түріне баланың көзінше жыныстық қарым – қатынас жасау, сүйісу тәрізді жат қылықтарды көрсету, өзін жаман сезінетін ашық киімдерді киюге мәжбүрлеу сияқты келеңсіздіктер жатады. Кейбір қыздар өздерін өктем көрсету мақсатында «Міне менің жігітім бар…» деген жалған мақтанмен осындай зорлықтың құрбаны болады.
Инцест. Сексуалдық зорлық – зомбылықтың бұл түріне әке немесе өгей әке мен бала, шеше немесе өгей шешесі мен бала және аға мен әпкесі арасындағы жыныстық қарым – қатынас түрлері жатады.
Экономикалық зорлық-зомбылық — адамды заңмен көзделген құқығы бар тұрғын үйiнен, тамағынан, киiмiнен, мүлкiнен, қаражатынан қасақана айыру, бұл дене саулығының және (немесе) психикалық денсаулығының бұзылуына әкеп соғуы мүмкiн.
Ақшаны тартып алу және тек сұранысына немесе қажеттілігіне қарай (кітап, дәптер, қалам сатып алуға) шектеп қаражат беру, сыныптас достарының туған күндеріне ақша жинау, сондай – ақ дүкендерге барғанда ақша жұмсауына үнемі қадағалау жүргізу сияқты жәбірлеудің бұл түрі де зорлық – зомбылыққа жатады. Балаға қатыгездікпен қарау ата – ананың шарасыздығын көрсетеді және бала мен ата – ана арасындағы өзара түсінбеушілік белең алып, қарым – қатынас дұрыс жолға қойылмайды.
Бұл зорлықтың түрін балалар көбінесе бастан кешірмейді, ал олар осы көріністің куәгері жиі болуы ықтимал. Жоғарыда аталған көріністен кейін балалар өздерін жайсыз эмоционалды жағдайда сезінеді, атап айтсақ:
• отбасындағы болып жатқан жағдайларға өзін себепкер санайды;
• отбасы мүшелері физикалық зорлыққа тап бола ма деген бала санасындағы үрей мен қорқыныш;
• тек жоғарыдағы жағдайдың сол отбасында ғана қайталануына ұялу;
• ата – аналары өз міндеттерін орындамағандықтан, қалай көмек көрсетемін деп үнемі қобалжуы және ішкі жан дүниесінің күйзелісі (басқа балаларға алаңдауы, ақшаны қалай тапсам деген ойға берілуі);
Экономикалық зорлық – зомбылықтың, яғни отбасындағы айғай – шудың куәгері ретінде жәбірленуді бастан кешірген балаларда кездесетін мінез – құлықтар немесе олардың бойынан табылатын келеңсіз әрекеттері:
• отбасылық зорлық – зомбылық жөнінде біреулер біліп қоя ма деген үреймен мектепке бармау;
• өзгелердің жағдайына алаңдаушылық танытуы;
• мінез – құлқында қатыгездік пен немқұрайлылық қасиеттерінің байқалуы;
• өздеріне айтылған сын – ескертпелерді ауыр қабылдауы;
• өздеріне өзгелердің үнемі назар аударуын қалайды;
• үнемі айналасындағы балалар мен жануарларға зиян келтіруге бейім;
• ішімдік пен нашақорды пайдалануы;
• өз – өзіне қол жұмсау өлімі туралы айту;
• жыныстық қарым – қатынас жөнінде өзіндік таным-түсінігінің бар болуы;
• өздерін ересек немесе кішкентай азамат ретінде мінсіз тануы;
• үйде аз тұрақтау мақсатында қоғамдық қызметте белсенділік танытуы;
• асқа аса тәбеті болмайды.
Балаларды қауіп-қатерден қорғау:
Қауіп-қатер азайту, балаларды зейінділікке, сақтыққа, қауіпті жағдайлардың алдын алуға үйрету керек, ондай жағдайларды олар дала немесе үйде де кездестіруі мүмкін. Барлық қылмыстардың ішінде ең ауыры зорлау болып табылады. Көп жағдайда милицияға ол туралы хабарлай алмайды, себебі білместік немесе қорқыныш сезім, үрей билейді. Сондықтанда балаға мынаны түсіндірген жөн:
— Үйде жалғыз болғанда, бөтен адамдарды үйге кіргізбеу керек;
— Бөтен біреудің машинасына отырмау, қыдырып жүргенде бөтен адамдардан тәтті, сыйлықтар алмау керектігін үйрету қажет;
— Көшенің қараңғы жерлерінен, көпшілік жүрмейтін саябақтар мен стадиондардан аулақ жүруге үйрету.
-Көшеде, автобуста, пойызда танымайтын ересек адамдармен сойлеспе.
— Балаға сеніңіз, сонда ол сізге барлық шындығын айтуды үйренеді;
— Дұрыс тәрбие балаға болашаққа деген сеніммен қарауға және қауіп-қатерді тез білуге үйретеді;
— Егер сіз балаға қатыгездікпен қарау жағдайларын естігін болсаңыз немесе көрген болсаңыз бірден білікті билік органдарына хабарлаңыз.

Егер сіздің балаңыз жәбірленгенін айтса, не істеу керек?

А) Оған сеніңіз.Ол басынан өткен жәбірлеу туралы өтірік айтпайды, егерде толқып, бүге — шүгесіне дейін айтса да.

Ә) Оған ұрыспаңыз. Себебі, жәбірленуші бөтен біреу, ал зардап шегуші — сіздің балаңыз.

Б) Оған түсіністік көрсетіп, оны мұқият және шыдамды тыңдаңыз.

В) «Қатерлі ешнәрсе болмады, барлығы да өтеді» деген сөздермен оның ауыртпалығын кемітпеңіз.

Г) Оған теріс бұрылмаңыз: егер ол сізге келіп, ұрыс, үрей және ашуға кезіксе, ол оған жәбірленуден де ауыр тиюі мүмкін.

Ата — ана үшін ескерту:

  1. Өз балаларыңызбен сенімділік қатынасын сақтаңыз.

  2. Отбасында бала кез келген мәселелерді, оның ересектермен қатынастарын қоса, талқылай алатындай арақатынастар жасау керек.

  3. Балалар өз өмірлерінің құбылыстары немесе достары туралы айтып жатқанда, оларды мұқият тыңдаңыз.

  4. Баланы жан қобалжуларымен бөлісуге ынталандырыңыз, бұл апаттан сақтаудың маңызды шарттардың бірі.

  5. Сіз балаңыздың басқа балалармен немесе ересектермен қатынастарын білуіңіз керексіз. Бір — біріңіздіен еш нәрсе жасырмаңыз, себебі, балалар қатерлі жаңғадайларды жиі жасырады.

Сергіту сәті:  «Жақсы және жаман» әдеттер

 Қорытынды:

Шынына келсек, бала өмірі-қобалжулар тізбезі. Бала бәріне тәуелді, ешнәрсеге құқығы жоқ, ересектер оны адамға санамайды. Атажананың есіне отбасының көңіл-күйі мен баланың сыртқы және ішкі жәбірлеуден дайындыққа әзірлігінің дәрежесі арасында тікелей тәуелділік бар екенін естеріне түсіремін. Жиналысты  ата-ана үшін ескертуді таратумен аяқтаймын.  



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
1 наурыз
4189
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі