Материалдар / "Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыға құқықтық тәрбие беруде, ата-аналар жиналысын ұйымдастыруда қажет
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қараша 2023
436
5 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні:

Сыныбы: 11 «Б»

Тақырыбы: «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ»

Мақсаты: Агрессия ұғымын түсіндіру. Жеткіншек кезеңдегі зорлық-зомбылық ерекшеліктерін талдау. Балаларды агрессиядан арылуға үйрету.

Тренинг барысы: Жаттығу – сәлемдесу. Қатысушылар өздерін таныстырады.

Кіріспе: Тренингтің мақсаты түсіндіріледі.

Жүргізуші: Балаларға қатысты қатал көзқарас, қарым-қатынас және олардың қызығушылықтарын кемсітудің түрлері мен формалары олардың денсаулығына, әлеуметтік жағдайына ауыр зардабын тигізеді, өміріне жиі қауіп төндіреді немесе өлімге алып келеді. Жастар арасында кездесетін зорлық-зомбылық біздің қоғамымызда орасан зор мәселе, кейде оны анықтаудың өзі қиын. Жастар айналасындағы адамдарды басқару үшін зорлық-зомбылықты қолданады. Басында зорлық ауызша түрінде туындауы мүмкін, бірте-бірте ол физикалық, кейде нәтижесі өлімге алып келеді. Кейбір зерттеулерге сүйенсек әрбір 5-ші жеткіншек өзіне қатысты зорлық-зомбылықты басынан кешірген екен. Бүгінгі өткізіліп отырған әңгімеміз «Бақытты, зорлық-зомбылықсыз балалық шақты қалай құруға болады?» деген мәселе төңірегінде болмақ.

Оқушыларды топқа бөлу. («Бейбітшілік» және «Адамгершілік»)

І. «Қол алысу» жаттығуы. (Әр оқушы басқалармен қол алысуға тырысады. Әр қол алысқан бала өзіне деген шын пейілін таныта білген балаға жүрекше сыйлайды. Қол алысу достық аясында, мейірімі бір-біріне сезіліп тұратындай болуы керек.)

ІІ. «Мені түсін» ойын-әдісі

«Бейбітшілік» тобына «Агрессия» тақырыбын суреттеу, «Адамгершілік» тобына «Зорлық-зомбылықты» суреттеу тапсырылады.

Салған өз суреттері бойынша баяндайды.

Жүргізуші:

Зорлық-зомбылық түрлері

DrawObject2 DrawObject4 DrawObject3 DrawObject1



Вербальды зорлық Эмоциялық, Физикалық зорлық

ақыл-ой зорлығы Жыныстық зорлық


Вербальды зорлық: көңілге тиетін лақап атпен атау, ұрысу, қорлау, айғайлау, дауыс көтеру, келеке қылу, өсек тарату, үнемі сынау, бұйрық беру.

Эмоциялық, ақыл-ой зорлығы: қысым көрсету, біреуді қорқыныш сезімінде ұстау, елемеу.

Физикалық зорлық: түрткілеу, шымшулар, үрып-соғу, заттарды лақтыру, қабырғаға соғу, біреуге зиянын тигізу, адамның жеке меншігін бұзу, отбасына қауіп төндіру.

Сексуалдық зорлық: сексуалдық қатынастарға көндіру, зорлау.

ІІІ. Оқушылардың пікірін білу.

1. "Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" тақырыбында пікір бөлісу.

2. «Агрессивті адам» ұғымын ашу.

3. сіздердің ойларыңызша кімге жиі зорлық көрсетіледі?

4. Біздің мектепте зорлық - зомбылық фактілері байқала ма?

ІҮ. Топта талқылау

«Бейбітшілік» тобының талқылау мәселесі

1. Сіздің ойыңызша, неге біреу басқа адамға қатысты зорлық көрсетеді? /мазақтайды, күледі/ (Ол басқаларды төмендету ( мүмкін оны да біреу төмендеткен шығар) арқылы, жолдасын келемеждеп, оны күлкіге қалдыру арқылы өзіне назар аудартады. Оның ойынша жолдасын кемсіту арқылы айналадағы адамдардың құрметіне ие болуға, олардың басшысы болуға тырысады.)

«Адамгершілік» тобының мәселесі.

2. Кімді жиі ренжітеді? (Кішілер, әлсіздер, бір нәрсемен басқаларынан ерекшеленеді)


«Бейбітшілік» тобының талқылау мәселесі

3. Қаталдық көрсетудің себебі? (Үйдегі нашар қарым-қатынас. Жақындары тарапынан көңіл аударудың жетіспеушілігі, ата-анасының ажырасуы, басқалар тарапынан кемсіту, нашар үлгерім – осының бәрі ашу мен реніштерін көрсетуге әкеп соғады.)


«Адамгершілік» тобының мәселесі.

4. Егер қысым көрсетілген жәбірленуші өте ақылды болса, сіздің ойыңызша, неге жәбірлеуші оған қысым көрсетеді? (қызғаныш сезім, оның намысына тигісі келеді)


«Бейбітшілік» тобының талқылау мәселесі

5. Жәбірленушіге көмек қажет деп ойлайсың ба? (Әрине қажет. Әңгімелесіп, ішкі ой сезімдерімен бөлісу)


«Адамгершілік» тобының мәселесі.

  1. Егер әңгімелесу көмектеспесе, не істеу керек? (Ересектермен бөлісу, мұғаліммен, ата-аналармен, дау-дамайды басуға көмектесетін басқа ересектермен)


«Бейбітшілік» тобының талқылау мәселесі

7. Егер жолдасың ашулы, көңіл-күйі нашар болса, қалай көмектесуге болады? (әңгімеге тартуға тырысу, оны не мазалап жүргенін анықтау, тыңдау, назар аудару, қолдау көрсету)


«Адамгершілік» тобының мәселесі.

  1. Мүмкін зорлық туралы бірден айтпау керек шығар, біраз күте тұру керек пе? (Зорлық туралы бірден айту керек, өйткені ол өрши түседі)

Ү. Жағдаяттық сұрақтар.

«Бейбітшілік» тобының сұрақтары:

  1. Балаңыздың денесіне жарақат түскенін байқап қалдыңыз, бірақ балаңыз ол жайлы сізге айтқан жоқ. сіздің әрекетіңіз?

  2. Балаңыздың досының ата-анасынан оның баласын сіздің балаңыз балағаттағанын естідіңіз, сіздің әрекетіңіз?


«Адамгершілік» тобының сұрақтары:

  1. Балаңыз мектепте қандай да бір бұзықтық қылған және осы себепті сізді мектеп директоры шақырып жатқан көрінеді, сіздің әрекетіңіз?

  2. Балаңыз мектепке бара жатқанын айтып, кетіп қалды. Алайда, балаңыздың мектепке бармағандығын қайсыбіреулерден естіп қалдыңыз, сіздің әрекетіңіз.


«Біз зорлыққа қарсымыз!» жаттығуы. Біз зорлыққа қарсымыз. Әр оқушы жүрекшелерге себебін жазып, жер шарына ілу






«Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбындағы баяндама.

Қазақстан Республикасындағы  Балалардың құқықтарын қорғау  саласындағы негізгі  көрсеткіштер  жинағында бала өмірінің  әр түрлі аспектілерін  қарастыру және сараптау үшін қажетті  статистикалық деректер бар.  Балалардық құқықтарын ең үздік қамтамасыз ету  қағидаты. Оны балаларға қатысты іс-шараларда бірінші  кезекте есепке алу  қажеттігі  Қазақстан республикасының  «Неке және отбасы туралы», «Халық денсаулығы және  денсаулық сақтау туралы» «Қазақстан Республикасының  Еңбек» кодекстерінде және  «Қазақстан Республикасындағы балалар құқықтары туралы» «Білім туралы»  Қазақстан Республикасының заңдарында  бекітіліп берілді. Оларды балалар мүдідесін  мемлекеттік саясат  мемлекеттік билік  органдары қызметінің  басым саласы  болып танылады.  Жетім балалар мен ата-анасынын  қамқорлығынсыз қалған  балалардың құқықтары  мен мүдіделерін  қорғау мәселелері   ҚР заңдарында көрініс тапты. ҚР-ның қолданыстағы  заңнамаларына сәйкес әр бала өмір сүруге  және  отбасында тәрбиеленуге құқылы.  Ата-аналары жоқ болған жағдайда  және басқа да ата-ана қамқорлығынан  отбасында тәрбиелену құқығынан  айырылған жағдайларда  баланы бағу мен тәрбиелеуді  заңнамаларға сәйкес  қамқоршылық, қорғаншылық органдары  қамтамасыз етеді.  Бала құқықтарына қатысты бала еңбегін қанаудан қорғау мақсатында ҚР-сы заңнамаларын жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мысалы: «ҚР балалардық құқықтарын қорғау  мәселесі  бойынша  әрбір заңнамалық әктілерге  өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қ.Р-сы Заңында  баланы экономикалық қанау» ұғымы  енгізілген және  баланың экономикалық  қанаудан қорғалу  құқығы бекітілген.  Халқаралық еңбек ұйымының  1973 жылғы №138 «жұмысқа қабылдау үшін ең төменгі  жас туралы  Конвенциясының және  Халқаралық Еңбек Ұйымының   №182 «Бала еңбегінің ең жаман түріне  тыйым салу және  жою жөніндегі  шұғыл шаралар туралы  Конвенциясының Ержелері   «Кейбір заңнамалық  актілерге  еңбек және әлеуметтік  қамтамасыз ету бойынша  өзгерістер мен толықтырулар  енгізу туралы» 2007 жылғы 19 желтоқсандағы №9  Қ.Р-сы Заңына имплементацияланған. Заңнамалық актінің 30 бабына сәйкес «Еңбек шарты 16 жасқа толған азаматтар мен ғана жасауға  рұқсат етіледі. Ата анасының біреуінің, қорғаншысының, қамқоршысының  немесе асырап  алушысының  жазбаша келісімімен  еңбек шартын жасау мүмкін болады.

1)   Орта білім беру ұйымында  негізгі орта , жалпы орта білім алған жағдайда, 15 жасқа толған азаматтармен

2) сабақтан бос уақытта, денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын  жұмысты орындау үшін 14-жасқа толған  оқушылармен

3) кинематография ұйымданында, театрларда, театр және концерт ұйымдарында, цирктерде  денсаулығына және адамгершілік  тұрғысынан  дамуына нұқсан  келтірмейтін, шығармалар жасауға  және орындауға  қатысу үшін  осы баптың 2 тармағында айқындалған талаптарды сақтай отырып  14 жасқа толмаған адамдармен еңбек шартын жасау мүмкін делінген.

    «Бала құқықтары  туралы»  Қ.Р-ның Заңының  16 бабында  балалар  14 жастан бастап , ата-аналарының  рұқсатымен оқудан  бос кезінде  денсаулығына және осіп жетілуіне  оңтайлы,  баланың дене бітіміне, имандылығы  мен психикалық  жай күйіне  зиян келтірмейтін  қоғамдық пайдалы  еңбекке қатысуға, сондай ақ мамандық алуға  құқығы бар деп белгіленген.  Аталған баптың 4- ші тармақшасында  баланы ауыр қара жұмысқа , зиянды және  еңбек жағдай қауіпті  жұмыстарға қабылдауға  немесе тартуға тыйым салынады.  Жұмыс істеу оқу процесін бұзбауға тиіс.  Ауыр жұмыстарға енбек жағдайлары зиянды   (ерекше зиянды) және  өте қауіпті жұмыстарға  18 жасқа толмаған азамттардың  еңбегін пайдалануға болмайтын  өндірістер мен жұмыстар тізімі  Қ.Р-ның  еңбек және халықты әлеуметтік  қорғау минстрлігінің  2007 31 шілдедегі № 185 бұйырығымен бекітілген.  Қоғамды ақпараттандыру мақсатында бала еңбегін  қанау бойынша  жыл сайын «Бала еңбегін қанауға қарсы   12 күн күрес»  атты Ұлттық  ақпараттандыру компаниясы  ұйымдастырылады.Компанияның  барысында  рес-када бала еңбегін қанауға  қарсы профилактикалық  рейдтер,  бала енбегінің ерекшеліктері бойынша  түсіндірме жұмыстарын жүргізу , кәмелетке толмағандармен әңгімелесу сиқты іс шаралар өткізілу керектігі баса айтылады.   2009 жылдан бастап  балалар еңбегінің ең нашар түрлерін  жою бойынша  бірлескен жұмыс жоспары  және қазақстан Республикасының 2009-2011 жылдардағы  Халқаралықеңбек ұйымының №182 Халқаралық конвенциясы іске асырылуда. Жалпы осымәселе бойынша тессерістер жүргізілген жағдайда  бала еңбегін пайдаланған лауазымды тұлғалар  әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Қазақстан Рес-ның  2009 жылғы 4 желтоқсан «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» Заңында балаларға қатысты  зорлық-зомбылық, дене жазалары  мәселелері қамтылған.

  Құрметті ата-аналар  осы жоғарыдаға балаларға қатысты бекітілген заң құқықтарын сақтай отырып еліміздің болашағы болар жастарымызды сіз бен біз болып

зорлық-зомбылықтан, құқық бұзушылықтан сақтап парасатты да білімді азаматтар мен азаматшалар тәрбиелейміз дегеген мол сеніммен мен өз баяндамамды аяқаймын.





"Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 қарашадағы N 1126 Қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                                          Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жасау туралы

      Осы Заң отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мен жолын кесу жөніндегі мемлекеттік органдар мен коммерциялық емес ұйымдардың қызметін жүзеге асырудың құқықтық негіздерін белгілейді, адамның және азаматтың конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жасау - мемлекеттік органдар мен коммерциялық емес ұйымдар адамның және азаматтың конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін, тұрмыстық зорлық-зомбылықты алдын алу мен жолын кесу, сондай-ақ оны жүзеге асыруға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға және жоюға бағытталған қызмет;
      2) тұрмыстық зорлық-зомбылық - отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласында бір субъектінің басқаларға қатысты әдейі және/немесе психикалық азап әкелетін немесе әкелу қаупі бар қасақана іс-әрекеті. Тұрмыстық зорлық-зомбылық денеге, психологиялық және нәпсіқұмарлық ықпал ету нысанында болуы мүмкін;
      3) отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастар - неке-отбасылық қатынастар; некесіз, бірақ бірге тұратын адамдар арасындағы қатынастар; бірге тұрмайтын бұрынғы жұбайлар; жақын туыс адамдардың арасындағы қатынастар шеңбері;
      4) көмек көрсету ұйымдары - өтеусіз негізде тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге және олардың отбасы мүшелеріне мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, консультативті психологиялық және заңгерлік көмек көрсетуге, уақытша тұрақ ұсынуға, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамдарға психокоррекциялық бағдарлама жүргізуге бағытталған коммерциялық емес ұйымдар;
      5) тұрмыстық зорлық-зомбылық жасауға жол бермеу туралы ресми ескерту - зияны елеусіз болып қылмыстық немесе әкімшілік жауаптылыққа әкелмейтін тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамға берілетін профилактикалық сипаты бар белгіленген нысандағы ресми құжат.

      2-бап. Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жасау
      туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы
      1. Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жасау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
      2. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

      3-бап. Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жасау
      туралы заңнаманың принциптері
      Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мынадай принциптерге:
      1) заңдылыққа;
      2) адамның және азаматтың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерінің кепілдігін сақтауға;
      3) адам мен азаматтың тәніне және/немесе психикасына азап әкелуге жол бермеуге;
      4) отбасын қолдау және сақтауға;
      5) тұрмыстық зорлық зомбылықтан зардап шеккендерге көмек көрсету кезінде құпиялылықты сақтауға;
      6) өмірде қиын жағдайға душар болған адамдармен жеке жұмыс жүргізуге негізделеді.

      4-бап. Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл
      жасауды жүзеге астыратын субъектілер
      Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жүзеге асыратын субъектілер:
      1) Қазақстан Республикасының Үкіметі;
      2) жергілікті атқарушы органдар;
      3) отбасы және гендерлік саясат істері жөніндегі комиссия;
      4) кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялар;
      5) ішкі істер органдары;
      6) қамқоршылық және қорғаншылық органдары;
      7) білім беру органдары;
      8) көмек көрсету ұйымдары.

2-тарау. Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жасауды жүзеге асыратын субъектілердің функциялары және өкілеттіктері

      5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
      Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      1) тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мен оған қарсы күрес саласында мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарды және оны жүзеге асыру жөніндегі шараларды әзірлейді.
      2) тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жасау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрады.

      6-бап. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті
      Жергілікті атқарушы органдар өз құзыреті шегінде:
      1) тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жөніндегі өңірлік бағдарламаларды әзірлейді және іске асырады;
      2) тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысады;
      3) тиісті аумақтарда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жасау жөніндегі іс-шараларды әзірлейді және бекітеді;
      4) тиісті аумақтарға тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жасау жұмысының тиімділігін қамтамасыз етуге қажетті жағдайлар жасайды;
      5) тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері бойынша коммерциялық емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасуды қамтамасыз етеді;
      6) өңірлік Отбасы және гендерлік саясат істері жөніндегі және Кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жасау жөніндегі атқарған жұмыстар туралы есепті жыл сайын ұсынады.

      7-бап. Отбасы және гендерлік саясат істері жөніндегі
      комиссиялар және Кәмелетке толмағандардың істері және
      олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялары
      1. Отбасы және гендерлік саясат істері жөніндегі комиссиялар:
      1) тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара іс-қимыл жасасады;
      2) жергілікті атқарушы органдарға тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған ұйымдастырушылық-практикалық шаралар қабылдау туралы ұсыныстар енгізеді;
      3) көмек көрсету ұйымдарымен бірге тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерді оңалту жөнінде іс-шаралар ұйымдастырады және өткізеді.
      2. Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялар:
      1) кәмелетке толмағандар арасында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселесі жөнінде мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара іс-қимыл жасасады;
      2) кәмелетке толмағандар арасында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жөніндегі өңірлік бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысады;
      3) жергілікті атқарушы органдарға кәмелетке толмағандардың арасында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған ұйымдастырушылық-практикалық шаралар қабылдау туралы ұсыныстар енгізеді;
      4) көмек көрсету ұйымдарымен бірге тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен кәмелетке толмағандарды оңалту жөнінде іс-шаралар ұйымдастырады және өткізеді.

      8-бап. Ішкі істер органдарының құзыреті
      Ішкі істер органдары өз құзыреті шегінде:
      1) тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамдарды анықтайды, олардың есебін жүргізеді және олармен профилактикалық жұмыс жүргізеді;
      2) балаларын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамайтын немесе тиісінше орындамайтын, оларға қатысты құқыққа қарсы әрекеттер жасайтын ата-аналарға немесе олардың орнындағы адамдарды анықтайды және заңнамада белгіленген тиісті шараларды қолданады;
      3) белгіленген тәртіппен азаматтардың және ұйымдардың тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері туралы арыздары мен шағымдарын қарайды;
      4) тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында профилактикалық іс-шаралар жүргізеді;
      5) тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу жөнінде тиісті шаралар қабылдайды;
      6) тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен адамдарды көмек көрсету ұйымдарына жібереді;
      7) тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамдарды профилактикалық бақылау туралы сот шешімін қамтамасыз етеді;
      8) ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жасау мәселелері бойынша арнайы оқу курстарын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
      9) тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мен жолын кесу саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобасын әзірлеуге қатысады, олардың орындалуын жүзеге асырады.

      9-бап. Қамқоршылық және қорғаншылық органдарының
      құзыреті
      Қамқоршылық және қорғаншылық органдары заңнамалармен белгіленген тәртіппен өз құзыреті шегінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен адамдармен жеке профилактикалық жұмыс жүргізуге қатысады.

      10-бап. Білім беру органдарының құзыреті
      Білім беру органдары өз құзыреті шегінде:
      1) тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен кәмелетке толмағандарды анықтайды, олармен және олардың ата-аналарымен немесе заңды өкілдерімен жеке профилактикалық жұмыс жүргізеді;
      2) дамуында немесе мінез-құлқында ауытқушылықтары бар кәмелетке толмағандарды анықтайтын психологиялық-педагогикалық кеңестерді атқарады, олардың кешенді тексерілуін жүргізеді және оларды одан әрі оқыту және тәрбиелеу нысандарын анықтау жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
      3) девиантты мінез-құлықты кәмелетке толмағандарды, тұрмысы қолайсыз отбасыларын анықтауға, оларды ішкі істер органдарында есепке алуға және олармен жеке профилактикалық жұмыс жүргізуге қатысады;
      4) тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мен оның жолын кесу саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобасын әзірлеуге қатысады;
      5) балалар мен жастар үшін зорлық-зомбылықты емес мінез-құлық оқу бағдарламаларын әзірлейді.

      11-бап. Көмек көрсету ұйымдары
      Көмек көрсету ұйымдары:
      1) ішкі істер органдарының ұсынысы бойынша, сондай-ақ қажет болған жағдайда тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен адамдарды және олардың отбасын қабылдауды дербес жүзеге асыруы;
      2) тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен адамдарға консультативті психологиялық және заң көмектерін өтеусіз беруді жүзеге асыруы, қажет болған жағдайда оларды әрі қарай оңалту үшін медициналық мекемелерге жіберуі;
      3) зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге және олардың отбасы мүшелеріне өздерінің қызметін белгілейтін нормативтік құқықтық актілерінің негізінде өтеусіз уақытша тұрақ ұсынуы;
      4) тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамдарға өтеусіз психокоррекциялық бағдарламаларды жүргізуі;
      5) ішкі істер органдарын тұрмыстық зорлық-зомбылық немесе олардың жасалу қаупінің фактілері туралы ақпараттандыруы;
      6) тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және ескерту мәселелері бойынша ақпараттық-ағарту және тәрбие қызметін жүзеге асыруы;
      7) жеке және меншік нысанына қарамастан заңды тұлғалармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері жөнінде өзара іс-қимыл жасасуды жүзеге асыруы мүмкін.

3-тарау. Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қар

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!