1 сабақ Азаматтық - құқықтық міндеттемелер қандай жауапкершіліктерді туындатады
1 сабақ Азаматтық - құқықтық міндеттемелер қандай жауапкершіліктерді туындатады

#1 слайд
Азаматтық-құқықтық
міндеттемелер қандай
жауапкершіліктер туындатады?
Сабақтың мақсаты
9.3.3.1 азаматтық құқықтағы міндеттемелерді
талдап, жауапкершіліктерін анықтау
1 слайд
Азаматтық-құқықтық міндеттемелер қандай жауапкершіліктер туындатады? Сабақтың мақсаты 9.3.3.1 азаматтық құқықтағы міндеттемелерді талдап, жауапкершіліктерін анықтау
#2 слайд
Бағалау критерийлері
Міндеттеме, борышкер, шарт, азаматтық-
құқықтық жауапкершілік ұғымдарының
анықтамаларын түсіндіреді.
Жағдаятта берілген азаматтық құқықтағы
міндеттемелерді талдау арқылы әр тараптың
жауапкершілігін анықтайды.
2 слайд
Бағалау критерийлері Міндеттеме, борышкер, шарт, азаматтық- құқықтық жауапкершілік ұғымдарының анықтамаларын түсіндіреді. Жағдаятта берілген азаматтық құқықтағы міндеттемелерді талдау арқылы әр тараптың жауапкершілігін анықтайды.
#3 слайд
Бүгінгі сабақта:
“азаматтық құқықтағы міндеттемелер” ұғымы
және оны қамтамасыз ету әдістері
туралы оқып білеміз
3 слайд
Бүгінгі сабақта: “азаматтық құқықтағы міндеттемелер” ұғымы және оны қамтамасыз ету әдістері туралы оқып білеміз
#4 слайд
Міндеттемелер- азаматтық құқықтық
қатынастардың барынша кең тараған және
көпқырлы түрлерінің бірі.
Олар, мысалы, адамдар бір затты сатып
алғанда, көлік компаниясы жүк
тасымалдағанда, кәсіпорын құрал-
саймандар жеткізу барысында т.б кездерде
туындайды
4 слайд
Міндеттемелер- азаматтық құқықтық қатынастардың барынша кең тараған және көпқырлы түрлерінің бірі. Олар, мысалы, адамдар бір затты сатып алғанда, көлік компаниясы жүк тасымалдағанда, кәсіпорын құрал- саймандар жеткізу барысында т.б кездерде туындайды
#5 слайд
Міндеттемеде басқа да
азаматтық құқықтық
қатынастардағы сияқты
мазмұнын, субъектіні, объектіні
анықтап алу қажет
5 слайд
Міндеттемеде басқа да азаматтық құқықтық қатынастардағы сияқты мазмұнын, субъектіні, объектіні анықтап алу қажет
#6 слайд
.
Міндеттеме субъектілері (тапартар)- несие беруші және борышкер
Міндеттеменің объектісі әрекет болып табылады.Мысалы,көлік
компаниясы тасымалдау келісімі бойынша тапсырыс берушіге жүкті
жеткізуге міндеттелген.
Міндеттеменің мазмұны келісімшартта жазылған тараптардың
құқықтары мен міндеттерін құрайды.
6 слайд
. Міндеттеме субъектілері (тапартар)- несие беруші және борышкер Міндеттеменің объектісі әрекет болып табылады.Мысалы,көлік компаниясы тасымалдау келісімі бойынша тапсырыс берушіге жүкті жеткізуге міндеттелген. Міндеттеменің мазмұны келісімшартта жазылған тараптардың құқықтары мен міндеттерін құрайды.
#7 слайд
Азаматтық құқықтағы міндеттемелерге
қатысты проблемалық жадаяттарды
шешіп көрелік.
7 слайд
Азаматтық құқықтағы міндеттемелерге қатысты проблемалық жадаяттарды шешіп көрелік.
#8 слайд
1-жағдаят
2018 жылдың 6 қаңтары күні Қостанай қаласының тұрғыны Қанат жиһаз
сататын «Мебель град» сауда үйінен жиһаз сатып алған. Жиһаз сатушы
Қанатқа оны 2018 жылдың 10 қаңтарына дейін жеткізуі тиіс болған.
Бірақ жиһаз қоймада болғандықтан, сатушының көлігі болмай, кешіктіріп
жеткізген.
Борышкер өз міндеттемелерін уақытында орындады ма?
8 слайд
1-жағдаят 2018 жылдың 6 қаңтары күні Қостанай қаласының тұрғыны Қанат жиһаз сататын «Мебель град» сауда үйінен жиһаз сатып алған. Жиһаз сатушы Қанатқа оны 2018 жылдың 10 қаңтарына дейін жеткізуі тиіс болған. Бірақ жиһаз қоймада болғандықтан, сатушының көлігі болмай, кешіктіріп жеткізген. Борышкер өз міндеттемелерін уақытында орындады ма?
#9 слайд
Ерболат Алмасқа 20000 теңге қарыз берген. Бірақ оны қашан қайтару
керектігін айтпаған. Ерболат бірнеше күн өткен соң қарызын қайтаруды
талап еткен. Ал Алмас болса Ерболатқа әлі жалақы алмағандығын
айтады.
Алмастың міндеттемелерін орындау мерзімі көрсетілген бе?
Алмас қарызын қашан қайтаруы тиіс?
2-жағдаят
9 слайд
Ерболат Алмасқа 20000 теңге қарыз берген. Бірақ оны қашан қайтару керектігін айтпаған. Ерболат бірнеше күн өткен соң қарызын қайтаруды талап еткен. Ал Алмас болса Ерболатқа әлі жалақы алмағандығын айтады. Алмастың міндеттемелерін орындау мерзімі көрсетілген бе? Алмас қарызын қашан қайтаруы тиіс? 2-жағдаят
#10 слайд
Міндеттеме дегеніміз не?
10 слайд
Міндеттеме дегеніміз не?
#11 слайд
Міндеттеме- нақты әрекет. Оны бір
тұлға(борышкер) басқа тұлғаның (несие
берушінің) пайдасына жасауы керек:
мүлікті беру, жұмысты орындау, ақша
төлеу және т.б.
Несие беруші міндеттеме алған тараптан
нақты бір әрекетті жасауды (немесе
жасамауды), міндетін орындауын талап
етуге құқылы.
(оқулық 58 бет)
11 слайд
Міндеттеме- нақты әрекет. Оны бір тұлға(борышкер) басқа тұлғаның (несие берушінің) пайдасына жасауы керек: мүлікті беру, жұмысты орындау, ақша төлеу және т.б. Несие беруші міндеттеме алған тараптан нақты бір әрекетті жасауды (немесе жасамауды), міндетін орындауын талап етуге құқылы. (оқулық 58 бет)
#12 слайд
Терминдерге қатысты анықтамалардың сәйкестігін табыңыз
Терминдер Анықтамалары
1. Мәміле A. Міндеттемеге сай бір адам белгілі бір іс-әрекетті жүзеге асыруға тиіс
2. Міндеттеме B. Екі немесе бірнеше адамның азаматтық құқықтар мен міндетерді
белгілеу, өзгерту немес тоқтату туралы келісім.
3. Борышкер
C. заңда көрсетілген ретте жүктелген міндеттемені бұзған субъектіге
қолданылатын мүлікті өндіру немесе мүліктік салмақ салу нысанында
болып келетін жауапкершіліктің түрі.
4. Шарт
D. Азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен
міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтауға бағытталған әрекеттері.
5. Азаматтық-
құқықтық
жауапкершілік
E. бір тарап (борышкер) екінші тараптың (несие берушінің) пайдасына
мүлікті беру, жұмысты орындау, қызмет көрсету жөнінде белгілі бір әрекет
жасауға не белгілі бір әрекеттен бас тартуға міндеттенетін азаматтық
құқықтық қатынас.
1. 2. 3. 4. 5
12 слайд
Терминдерге қатысты анықтамалардың сәйкестігін табыңыз Терминдер Анықтамалары 1. Мәміле A. Міндеттемеге сай бір адам белгілі бір іс-әрекетті жүзеге асыруға тиіс 2. Міндеттеме B. Екі немесе бірнеше адамның азаматтық құқықтар мен міндетерді белгілеу, өзгерту немес тоқтату туралы келісім. 3. Борышкер C. заңда көрсетілген ретте жүктелген міндеттемені бұзған субъектіге қолданылатын мүлікті өндіру немесе мүліктік салмақ салу нысанында болып келетін жауапкершіліктің түрі. 4. Шарт D. Азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтауға бағытталған әрекеттері. 5. Азаматтық- құқықтық жауапкершілік E. бір тарап (борышкер) екінші тараптың (несие берушінің) пайдасына мүлікті беру, жұмысты орындау, қызмет көрсету жөнінде белгілі бір әрекет жасауға не белгілі бір әрекеттен бас тартуға міндеттенетін азаматтық құқықтық қатынас. 1. 2. 3. 4. 5
#13 слайд
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінде міндеттемені орындау
заңмен қарастырылған және келісімшарт жасау арқылы
- тұрақсыздық айыбын төлеу ,
-кепіл беру,
-борышкердің мүлкін ұстап тұру ,
-кепілдікке алу,
- кепілдік жарнасын төлеу
- кепілпұл
т.б. әдістер арқылы орындауға болатыны көрсетілген.
13 слайд
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінде міндеттемені орындау заңмен қарастырылған және келісімшарт жасау арқылы - тұрақсыздық айыбын төлеу , -кепіл беру, -борышкердің мүлкін ұстап тұру , -кепілдікке алу, - кепілдік жарнасын төлеу - кепілпұл т.б. әдістер арқылы орындауға болатыны көрсетілген.
#14 слайд
Жағдаят
Үй сатып алу үшін К. деген азамат өзінің
туысы Т.-дан кепіл болуын өтінеді. Банк
несиені мақұлдап, К.деген азамат үй
сатып алады. Бірақ уақыт өткен соң
К.деген азамат жұмысынан айырылып,
несие төлеуді тоқтатты.
Несиені кім төлейді?
Несиені қайтару үшін банк қандай шара
қолданады?
14 слайд
Жағдаят Үй сатып алу үшін К. деген азамат өзінің туысы Т.-дан кепіл болуын өтінеді. Банк несиені мақұлдап, К.деген азамат үй сатып алады. Бірақ уақыт өткен соң К.деген азамат жұмысынан айырылып, несие төлеуді тоқтатты. Несиені кім төлейді? Несиені қайтару үшін банк қандай шара қолданады?
#15 слайд
Жағдаят
С. деген азамат басқа қалаға көшіп, үйді
жалға алмақшы болады.Ұнатқан үйі үшін
үй иесіне 20 мың кепілпұл береді. Келесі
күні С. деген азамат одан арзан үй
тауып, бұрынғы тапқан үйінен айнып
қалады.
Кепілпұлға берілген ақшасы С. деген
азаматқа қайтарыла ма?
Керілпұлдың рөлі қандай?
15 слайд
Жағдаят С. деген азамат басқа қалаға көшіп, үйді жалға алмақшы болады.Ұнатқан үйі үшін үй иесіне 20 мың кепілпұл береді. Келесі күні С. деген азамат одан арзан үй тауып, бұрынғы тапқан үйінен айнып қалады. Кепілпұлға берілген ақшасы С. деген азаматқа қайтарыла ма? Керілпұлдың рөлі қандай?
#16 слайд
Жағдаятта берілген азаматтық құқықтағы міндеттемелерді
талдадық.
Кепіл беруші болу-үлкен жауапкершілік.
Барлық адам кепілдік беруші болуға
келісе бермейді.
16 слайд
Жағдаятта берілген азаматтық құқықтағы міндеттемелерді талдадық. Кепіл беруші болу-үлкен жауапкершілік. Барлық адам кепілдік беруші болуға келісе бермейді.
#17 слайд
«Азаматтық-құқықтық қатынастар қандай
міндеттемелерді туғызады?» атты тақырыпқа шағын
эссе жазыңыз
( 80-100 сөз)
17 слайд
«Азаматтық-құқықтық қатынастар қандай міндеттемелерді туғызады?» атты тақырыпқа шағын эссе жазыңыз ( 80-100 сөз)
#18 слайд
Аталған тақырыпты қаншалықты
меңгергендеріңді 1 мен 10-ның
аралығында белгілеңдер!
Қандай сұрақтарыңның жауабы
табылмады?
18 слайд
Аталған тақырыпты қаншалықты меңгергендеріңді 1 мен 10-ның аралығында белгілеңдер! Қандай сұрақтарыңның жауабы табылмады?
шағым қалдыра аласыз













