3 жасқа дейінгі балалардағы жедел аппендицит

#1 слайд
ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ
АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ҚАЗАҚ - ТҮРІК
У НИВЕРСИТЕТІ HOCA AHMET YESEVI
ULUSLARARASI
TURK- KAZAK
UNIVERSITESI
Медицина факультеті
Жалпы хирургия кафедрасы
1 слайд
ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ - ТҮРІК У НИВЕРСИТЕТІ HOCA AHMET YESEVI ULUSLARARASI TURK- KAZAK UNIVERSITESI Медицина факультеті Жалпы хирургия кафедрасы
#2 слайд
3 жасқа дейінгі
б алалардағы жедел
аппендицит
Орындаған: Бағысбаева Ұ
2 слайд
3 жасқа дейінгі б алалардағы жедел аппендицит Орындаған: Бағысбаева Ұ
#3 слайд
Жоспары:
•
Кріспе.
•
Негізгі бөлім.
•
3 жасқа дейінгі б алалардағы жедел
аппендициттің жіктелуі.
•
Клиникасы. Патогенезі.
•
Ажырату диагностикасы. Емі.
•
Қорытынды.
3 слайд
Жоспары: • Кріспе. • Негізгі бөлім. • 3 жасқа дейінгі б алалардағы жедел аппендициттің жіктелуі. • Клиникасы. Патогенезі. • Ажырату диагностикасы. Емі. • Қорытынды.
#4 слайд
Соқыр ішектің құрт тәрізді өсіндісінің
қабынуын аппендицит деп атайды.
Аппендицит кез – келген жаста кездеседі,
дегенмен нәрестелерге қарағанда
ересектер жиі шалдығады. Нәрестелерде
жедел аппендицит өте сирек кездеседі.
Жедел аппендициттің дамуы мен белгілері
әр жастағы балалардың анатомиялық және
физиологиялық ерекшеліктеріне
байланысты әр түрлі болады. Сәбилерде
жедел аппендицит тез дамып, жиі
асқынады. Олардың құрт тәрізді өсіндісінің
лимфа түйіндері мен жүйке жүйесінің толық
дамымауына байланысты, жедел
аппендициттің себебін тек жергілікті қабыну
үрдісі тұрғысынан түсіндіруге болмайды.
4 слайд
Соқыр ішектің құрт тәрізді өсіндісінің қабынуын аппендицит деп атайды. Аппендицит кез – келген жаста кездеседі, дегенмен нәрестелерге қарағанда ересектер жиі шалдығады. Нәрестелерде жедел аппендицит өте сирек кездеседі. Жедел аппендициттің дамуы мен белгілері әр жастағы балалардың анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты әр түрлі болады. Сәбилерде жедел аппендицит тез дамып, жиі асқынады. Олардың құрт тәрізді өсіндісінің лимфа түйіндері мен жүйке жүйесінің толық дамымауына байланысты, жедел аппендициттің себебін тек жергілікті қабыну үрдісі тұрғысынан түсіндіруге болмайды.
#5 слайд
5 слайд
#6 слайд
Нәрестелерде жедел аппендициттің пайда
болуына туған кездегі стрестік және
гипоксиялық жағдайлардың, жатырішілік
инфекциялардың маңызы зор. Жоғарыда
аталған себептердің әсерінен жалпы
гомеостаз, соның ішінде құрт тәрізді өсіндінің
де қан айналымы бұзылады. Соның
салдарынан жедел аппендицит дамуы
мүмкін.
6 слайд
Нәрестелерде жедел аппендициттің пайда болуына туған кездегі стрестік және гипоксиялық жағдайлардың, жатырішілік инфекциялардың маңызы зор. Жоғарыда аталған себептердің әсерінен жалпы гомеостаз, соның ішінде құрт тәрізді өсіндінің де қан айналымы бұзылады. Соның салдарынан жедел аппендицит дамуы мүмкін.
#7 слайд
•
Үш жасқа дейінгі балаларда соқыр ішек өте тез
күшейе түседі. Бірақ өзіндік белгілері айқын емес.
Балаларда орталық нерв жүйесінің қалыптасып
болмағандығынан, қабыну белгісі басқа ауруларға
ұқсас болып келеді.
•
Аурудың белгісі көбіне тыныс жолдарының, өкпеге
суық тигенге немесе жұқпалы ауруларға тән
клиникалық белгілер пайда болады.
•
Баланың ұйқысы бұзылып, шырылдап жылап, дене
қызуы көтеріліп. құсу өте көбірек кездесіп, іші өтіп
қалуы мұмкін.
•
Сондықтан үш жасқа дейінгі балаларды ауруқанаға
жатқызып тексеру керек.
7 слайд
• Үш жасқа дейінгі балаларда соқыр ішек өте тез күшейе түседі. Бірақ өзіндік белгілері айқын емес. Балаларда орталық нерв жүйесінің қалыптасып болмағандығынан, қабыну белгісі басқа ауруларға ұқсас болып келеді. • Аурудың белгісі көбіне тыныс жолдарының, өкпеге суық тигенге немесе жұқпалы ауруларға тән клиникалық белгілер пайда болады. • Баланың ұйқысы бұзылып, шырылдап жылап, дене қызуы көтеріліп. құсу өте көбірек кездесіп, іші өтіп қалуы мұмкін. • Сондықтан үш жасқа дейінгі балаларды ауруқанаға жатқызып тексеру керек.
#8 слайд
8 слайд
#9 слайд
Жедел аппендициттің жіктелуі. Нәрестелерде
жедел аппендициттің морфологиялық
өзгерістеріне негізделген Sprengel жіктелуі
кеңінен қолданылады. Ол жіктеуге сәйкес құрт
тәрізді өсінідінің қабынуы төрт түрге бөлінеді.
•
1. Жай (қарапайым)
•
2. Іріңді (флегманозды)
•
3. Шіріген(гангренозды)
•
4. Шіріп-тесілген (гангренозды-
перфорациялық)
9 слайд
Жедел аппендициттің жіктелуі. Нәрестелерде жедел аппендициттің морфологиялық өзгерістеріне негізделген Sprengel жіктелуі кеңінен қолданылады. Ол жіктеуге сәйкес құрт тәрізді өсінідінің қабынуы төрт түрге бөлінеді. • 1. Жай (қарапайым) • 2. Іріңді (флегманозды) • 3. Шіріген(гангренозды) • 4. Шіріп-тесілген (гангренозды- перфорациялық)
#10 слайд
Сонымен қатар жедел аппендициттің морфологиялық
өзгерістеріне негізделген Ю.Ф. Исаков жіктеуі де
пайдаланылады. Бұл жіктеу бойынша құрт тәрізді өсіндінің
қабынуын екі топқа бөлген.
1. Құрт тәрізді өсіндінің құрылымдық өзгеріссіз қабынуы
(жедел аппендициттің қарапайым және созылмалы түрі)
2. Құрт тәрізді өсіндінің құрылымдық өзгерісті-іріңді қабыну
түрі
Жедел аппендициттің белгілері. Нәрестелердің мазасыздануы,
дене қызуының көтерілуі, жиі-жиі құсуы, нәжісінің бұзылуы
көптеген басқа да ауруларда кездесуіне байланысты, жедел
аппендицитке тән белгілерді анықтау біраз қиындық туғызады.
Сондықтан ата-аналарынан нәрестенің сергектік кезіндегі
мінез-құлқын, қалай емшек емгенін, қашан мазасыздана
бастағанын, қалай ұйықтағанын, қанша рет іші өтіп, құсқанын
және т.б өзгерістерді аса мұқият сұрап білу керек.
10 слайд
Сонымен қатар жедел аппендициттің морфологиялық өзгерістеріне негізделген Ю.Ф. Исаков жіктеуі де пайдаланылады. Бұл жіктеу бойынша құрт тәрізді өсіндінің қабынуын екі топқа бөлген. 1. Құрт тәрізді өсіндінің құрылымдық өзгеріссіз қабынуы (жедел аппендициттің қарапайым және созылмалы түрі) 2. Құрт тәрізді өсіндінің құрылымдық өзгерісті-іріңді қабыну түрі Жедел аппендициттің белгілері. Нәрестелердің мазасыздануы, дене қызуының көтерілуі, жиі-жиі құсуы, нәжісінің бұзылуы көптеген басқа да ауруларда кездесуіне байланысты, жедел аппендицитке тән белгілерді анықтау біраз қиындық туғызады. Сондықтан ата-аналарынан нәрестенің сергектік кезіндегі мінез-құлқын, қалай емшек емгенін, қашан мазасыздана бастағанын, қалай ұйықтағанын, қанша рет іші өтіп, құсқанын және т.б өзгерістерді аса мұқият сұрап білу керек.
#11 слайд
11 слайд
#12 слайд
Ең бірінші нәрестенің жалпы жағдайы
нашарлайды. Басында нәрестелер
мазасызданып емшек ембей, аяқ-қолдарын
қозғалақтатып, дене қызуы 38-39 С дейін
көтеріледі, көп рет құсып, іші өте бастайды.
Содан кейін бет пішіні сүйірленіп, улану,
сусыздану белгілері үдеп, тілі құрғап, үлкен
еңбегі басыла бастайды. Қан тамырының соғу
жиілігі мен дене қызу айырмашылық белгісі
бұл жастағы балаларда тек жедел
аппендициттің асқынған түрінде нақтырақ
білінеді.
12 слайд
Ең бірінші нәрестенің жалпы жағдайы нашарлайды. Басында нәрестелер мазасызданып емшек ембей, аяқ-қолдарын қозғалақтатып, дене қызуы 38-39 С дейін көтеріледі, көп рет құсып, іші өте бастайды. Содан кейін бет пішіні сүйірленіп, улану, сусыздану белгілері үдеп, тілі құрғап, үлкен еңбегі басыла бастайды. Қан тамырының соғу жиілігі мен дене қызу айырмашылық белгісі бұл жастағы балаларда тек жедел аппендициттің асқынған түрінде нақтырақ білінеді.
#13 слайд
13 слайд
#14 слайд
•
Біршама уақыттан соң іші кеуіп, құрсақ
қуысының алдыңғы қабаты қызарып ісінгені
байқала бастайды. Құрсақ қуысын, әсіресе оң жақ
мықын аймағын саусақпен басып тексергенде
нәрестелер қатты мазасызданып жылайды және
сол маңдағы бұлшықеттердің еріксіз тартылғаны
білінеді. Щеткин- Блюмберг белгісі нақты
анықтала қоймайды.
•
Қабылдау бөліміне іші ауырып түскен сәбилердің
тік ішегін міндетті түрде тазалап жуу керек. Тік
ішекті жуып тазалау жедел аппендицитті
анықтауды жеңілдетеді.
14 слайд
• Біршама уақыттан соң іші кеуіп, құрсақ қуысының алдыңғы қабаты қызарып ісінгені байқала бастайды. Құрсақ қуысын, әсіресе оң жақ мықын аймағын саусақпен басып тексергенде нәрестелер қатты мазасызданып жылайды және сол маңдағы бұлшықеттердің еріксіз тартылғаны білінеді. Щеткин- Блюмберг белгісі нақты анықтала қоймайды. • Қабылдау бөліміне іші ауырып түскен сәбилердің тік ішегін міндетті түрде тазалап жуу керек. Тік ішекті жуып тазалау жедел аппендицитті анықтауды жеңілдетеді.
#15 слайд
Жоғарыда айтылған ауру белгілерін нәрестені
ұйықтатып барып тексерген жөн болады. Бірақ ауырған
нәрестенің өздігінен ұйықтауы біраз уақыт алуы мүмкін.
Сондықтан күнделікті тәжірибелік жұмыста, баланың тік
ішегіне хлоралгидрат ерітіндісін жіберіп, ұйықтатып
барып тексеру кеңінен тараған. Ол үшін алдын ала
тазаланып жуылған тік ішекке 10-15 см тереңдіктегі
түтікше кіргізіп, 10-15 мл 3% хлоралгидрат ерітіндісін
жібереді. Нәрестелер 15-20 минуттан соң ұйықтайды.
Ұйықтаған кезде тексергенде жергілікті ауыру сезімі мен
оң жақ мықын аймағының бұлшықетінің еріксіз
тартылуы сақталады. Кейде құрсақ қуысына жасалған
шолу R-графиясында жіңішке ішекте көлденең сұйықтық
деңгейі, ал құрт тәрізді өсінді тесіліп кетсе, құрсақ
қуысында бос ауа барлығы анықталуы мүмкін.
15 слайд
Жоғарыда айтылған ауру белгілерін нәрестені ұйықтатып барып тексерген жөн болады. Бірақ ауырған нәрестенің өздігінен ұйықтауы біраз уақыт алуы мүмкін. Сондықтан күнделікті тәжірибелік жұмыста, баланың тік ішегіне хлоралгидрат ерітіндісін жіберіп, ұйықтатып барып тексеру кеңінен тараған. Ол үшін алдын ала тазаланып жуылған тік ішекке 10-15 см тереңдіктегі түтікше кіргізіп, 10-15 мл 3% хлоралгидрат ерітіндісін жібереді. Нәрестелер 15-20 минуттан соң ұйықтайды. Ұйықтаған кезде тексергенде жергілікті ауыру сезімі мен оң жақ мықын аймағының бұлшықетінің еріксіз тартылуы сақталады. Кейде құрсақ қуысына жасалған шолу R-графиясында жіңішке ішекте көлденең сұйықтық деңгейі, ал құрт тәрізді өсінді тесіліп кетсе, құрсақ қуысында бос ауа барлығы анықталуы мүмкін.
#16 слайд
•
Хлоралгидрат ертіндісінің мөлшері:
•
1 жасқа дейін 10-15 мл,
•
2 жасқа дейін 15-20 мл,
•
3 жасқа дейін 25-30 мл көлемінде.
16 слайд
• Хлоралгидрат ертіндісінің мөлшері: • 1 жасқа дейін 10-15 мл, • 2 жасқа дейін 15-20 мл, • 3 жасқа дейін 25-30 мл көлемінде.
#17 слайд
•
Жедел аппендицитті белгілерін анықтау және басқа
аурулардан ажырату, әсіресе нәрестелерде біраз қиындық
туғызады. Сондықтан қазіргі кезде жедел аппендицитті
нақты анықтай алмаған жағдайда, оның асқынуында жол
бермеу үшін және басқа аурулардан дер кезінде ажырату
мақсатында бірден жедел лапаротомия жасап құрт ішекті
тексерген дұрыс. Нәрестелерде құрт тәрізді өсіндінің
қабынуы аппендикулярлық инфильтрат пен
аппендикулярлық абсцеске өте сирек жағдайда асқынуы
мүмкін.
•
Жедел аппендицитті салыстырмалы ажырату. Жалпы
жедел аппендицит балаларда кездесетін 100-ден астам
басқа да соматикалық аурулардан ажыратуды қажет етеді,
өйткені олар құрсақ қуысында ауыру сезімінің пайда
болуына әсерін тигізеді.
17 слайд
• Жедел аппендицитті белгілерін анықтау және басқа аурулардан ажырату, әсіресе нәрестелерде біраз қиындық туғызады. Сондықтан қазіргі кезде жедел аппендицитті нақты анықтай алмаған жағдайда, оның асқынуында жол бермеу үшін және басқа аурулардан дер кезінде ажырату мақсатында бірден жедел лапаротомия жасап құрт ішекті тексерген дұрыс. Нәрестелерде құрт тәрізді өсіндінің қабынуы аппендикулярлық инфильтрат пен аппендикулярлық абсцеске өте сирек жағдайда асқынуы мүмкін. • Жедел аппендицитті салыстырмалы ажырату. Жалпы жедел аппендицит балаларда кездесетін 100-ден астам басқа да соматикалық аурулардан ажыратуды қажет етеді, өйткені олар құрсақ қуысында ауыру сезімінің пайда болуына әсерін тигізеді.
#18 слайд
18 слайд
#19 слайд
Тыныс алу жолдарының жедел жұқпалы аурулары.
Тыныс алу жолдарының жедел жұқпалы ауруларында
нәрестелер жағдайы салғырттанып мазасызданады, дене
қызуы көтеріліп, мұрнынан су ағып жөтел пайда болады.
Беттері ісіңкіреп, тамағы мен көздері қызарады, улану
белгілері білінеді. Іштің бұлшықеттерінің еріксіз тартылуы
мен Щеткин-Блюмберг белгісі болмайды.
•
Асқазан-ішек жолдарының ауруы. Қандай да
себептерден болмасын асқазан-ішек жолдарының
қызметінің бұзылуы немесе коли-инфекция, дизентерия,
сальмонеллез сияқты жұқпалы сырқаттар көбінесе жедел
аппендицитке ұқсас белгілермен басталады. Коли-
инфекция жедел құсудан басталады. Улану белгілері үдеп,
дене қызуы көтеріледі.
19 слайд
Тыныс алу жолдарының жедел жұқпалы аурулары. Тыныс алу жолдарының жедел жұқпалы ауруларында нәрестелер жағдайы салғырттанып мазасызданады, дене қызуы көтеріліп, мұрнынан су ағып жөтел пайда болады. Беттері ісіңкіреп, тамағы мен көздері қызарады, улану белгілері білінеді. Іштің бұлшықеттерінің еріксіз тартылуы мен Щеткин-Блюмберг белгісі болмайды. • Асқазан-ішек жолдарының ауруы. Қандай да себептерден болмасын асқазан-ішек жолдарының қызметінің бұзылуы немесе коли-инфекция, дизентерия, сальмонеллез сияқты жұқпалы сырқаттар көбінесе жедел аппендицитке ұқсас белгілермен басталады. Коли- инфекция жедел құсудан басталады. Улану белгілері үдеп, дене қызуы көтеріледі.
#20 слайд
Нәрестелердің іші түссіз шырыш және су сияқты өтеді. Құсық
қайталанып, кейде кекіріп, құрсақ қуысы кебе бастайды.
Анда-санда іші ауырғанына шағымданады. Сальмонеллез де
жедел басталады. Дене қызуы жоғары деңгейге көтеріліп,
қайталап құса береді. Нәрестелердің беті бозарып, жүрек
қағысы тұйықталып, іші кеуіп жағдайы бірден нашарлай
бастайды. Бауыр, кейде көкбауыр үлкейеді. Іші жиі өтеді.
Нәжісі «балшық балдыры» түсті жасылдау болады.
Дизентерия дене қызуы көтерілуі, құсу және ұстамалы іш
ауруы сияқты өзіне тән жедел белгілерімен басталады.
Құрсақ қуысын басып тексергенде, ішектердің шұрылы, сол
жақ мықын аймағының ауырғаны мен бұлшықеттерінің
аздаған ерікті тартылуы білінеді. Қатайған сигма тәрізді ішек
анықталады. Балалар іші өтер алдында күшенеді, өзгерісті
қоспалары бар, сұйық нәжіс аз мөлшерлі болады.
20 слайд
Нәрестелердің іші түссіз шырыш және су сияқты өтеді. Құсық қайталанып, кейде кекіріп, құрсақ қуысы кебе бастайды. Анда-санда іші ауырғанына шағымданады. Сальмонеллез де жедел басталады. Дене қызуы жоғары деңгейге көтеріліп, қайталап құса береді. Нәрестелердің беті бозарып, жүрек қағысы тұйықталып, іші кеуіп жағдайы бірден нашарлай бастайды. Бауыр, кейде көкбауыр үлкейеді. Іші жиі өтеді. Нәжісі «балшық балдыры» түсті жасылдау болады. Дизентерия дене қызуы көтерілуі, құсу және ұстамалы іш ауруы сияқты өзіне тән жедел белгілерімен басталады. Құрсақ қуысын басып тексергенде, ішектердің шұрылы, сол жақ мықын аймағының ауырғаны мен бұлшықеттерінің аздаған ерікті тартылуы білінеді. Қатайған сигма тәрізді ішек анықталады. Балалар іші өтер алдында күшенеді, өзгерісті қоспалары бар, сұйық нәжіс аз мөлшерлі болады.
#21 слайд
•
Некротикалық энтероколит. Нәрестелердің жедел
аппендициттің некротикалық энтероколиттен ажырату
біраз қиындық туғызады. Некротикалық энтероколитте
нәрестелердің жағдайы біртіндеп нашарлай бастайды.
Құрт тәрізді өсіндінің қабынуы жедел басталады.
Некротикалық энтероколитте аурудың белгілері де
біртіндеп дамиды. Содан кейін некротикалық
энтероколитке нәрестелердің шырыш пен қан аралас
жасылдау түсті іші өтуі тән болады, ал жедел
аппендицитте көбінесе керісінше нәрестелердің іші
қатады. Құрсақ қуысының R-графиясында некротикалық
энтероколитте ішектерде ауаның аздығы, олардың сыртқы
қабаттарының айқын еместігі байқалады. Алғашқы 2-3
сағат аралығында улануға, сусыздануға, қабыну үрдісіне
жасалған үдемелі емнің нәтижесіздігі мен құрт тәрізді
өсіндінің қабынуының жергілікті белгілерінің айқындалуы,
құрсақ қуысында жедел хирургиялық ауру барлығын
көрсетеді.
21 слайд
• Некротикалық энтероколит. Нәрестелердің жедел аппендициттің некротикалық энтероколиттен ажырату біраз қиындық туғызады. Некротикалық энтероколитте нәрестелердің жағдайы біртіндеп нашарлай бастайды. Құрт тәрізді өсіндінің қабынуы жедел басталады. Некротикалық энтероколитте аурудың белгілері де біртіндеп дамиды. Содан кейін некротикалық энтероколитке нәрестелердің шырыш пен қан аралас жасылдау түсті іші өтуі тән болады, ал жедел аппендицитте көбінесе керісінше нәрестелердің іші қатады. Құрсақ қуысының R-графиясында некротикалық энтероколитте ішектерде ауаның аздығы, олардың сыртқы қабаттарының айқын еместігі байқалады. Алғашқы 2-3 сағат аралығында улануға, сусыздануға, қабыну үрдісіне жасалған үдемелі емнің нәтижесіздігі мен құрт тәрізді өсіндінің қабынуының жергілікті белгілерінің айқындалуы, құрсақ қуысында жедел хирургиялық ауру барлығын көрсетеді.
#22 слайд
Сонымен, ішектердің жұқпалы ауруларының
жедел аппендициттен айырмашылығы
көбінесе іш өтуден басталады, құрсақ
қуысындағы ауыру кейіннен қосылады. Көп
рет құсып, іші өтеді, улану белгісі тез дамиды.
Жедел аппендицитке қарағанда, құсқаннан
соң, жеңілдік сезілмейді. Құрсақ қуысы
жұмсақ, кейде аздап бұлшықеттері ерікті,
бірақ тұрақсыз тартылады. Ауыру сезімі
эпигастрий аймағы мен кіндік маңайында.
22 слайд
Сонымен, ішектердің жұқпалы ауруларының жедел аппендициттен айырмашылығы көбінесе іш өтуден басталады, құрсақ қуысындағы ауыру кейіннен қосылады. Көп рет құсып, іші өтеді, улану белгісі тез дамиды. Жедел аппендицитке қарағанда, құсқаннан соң, жеңілдік сезілмейді. Құрсақ қуысы жұмсақ, кейде аздап бұлшықеттері ерікті, бірақ тұрақсыз тартылады. Ауыру сезімі эпигастрий аймағы мен кіндік маңайында.
#23 слайд
23 слайд
#24 слайд
Өт жолдарының аурулары. Жалпы өт
жолдарының сырқаттары жедел аппендицитпен
ажырататын аурулардың ішінде жиілігі жағынан
екінші орын алады. Нәрестелерді мазалайды
іштегі ауыру сезімі өт жолдарының дискинезиясы
мен торсылдағында, қалыптан тыс иілуі мен
жабысқағында, өт қабының қозғалғыштығында,
өт жолдарының дивертикулінде және қабыну
кезінде кездеседі.
24 слайд
Өт жолдарының аурулары. Жалпы өт жолдарының сырқаттары жедел аппендицитпен ажырататын аурулардың ішінде жиілігі жағынан екінші орын алады. Нәрестелерді мазалайды іштегі ауыру сезімі өт жолдарының дискинезиясы мен торсылдағында, қалыптан тыс иілуі мен жабысқағында, өт қабының қозғалғыштығында, өт жолдарының дивертикулінде және қабыну кезінде кездеседі.
#25 слайд
Нәжісте ішекте қатуы. Сәбилерде, әсіресе
нәрестелерде нәжістің ішекте қатуы жиі кездеседі.
Сондықтан екі-үш күн дәреті болмаған нәрестелер
мазасызданып, жедел аппендицитке ұқсас іші ауыра
бастайды. Бірақ олардың жалпы жағдайы, дене
қызуы қалыпты болады. Тек бірнеше күн дәреті
болмаған жағдайда улану белгілері байқалады.
Құрсақ қуысы бірқалыпты кернеледі. Басып
тексергенде, ішектердің нәжіске толып созылуына
байланысты, әсіресе іштің сол жақ бөлігі ауырады. Тоқ
ішекті тазалап жуғанда көп мөлшерде үлкен дәрет
пен ауа шығады. Содан кейін нәрестелер
тыныштанып құрсақ қуысы жұмсарып, ондағы ауыру
сезімі тарқайды.
25 слайд
Нәжісте ішекте қатуы. Сәбилерде, әсіресе нәрестелерде нәжістің ішекте қатуы жиі кездеседі. Сондықтан екі-үш күн дәреті болмаған нәрестелер мазасызданып, жедел аппендицитке ұқсас іші ауыра бастайды. Бірақ олардың жалпы жағдайы, дене қызуы қалыпты болады. Тек бірнеше күн дәреті болмаған жағдайда улану белгілері байқалады. Құрсақ қуысы бірқалыпты кернеледі. Басып тексергенде, ішектердің нәжіске толып созылуына байланысты, әсіресе іштің сол жақ бөлігі ауырады. Тоқ ішекті тазалап жуғанда көп мөлшерде үлкен дәрет пен ауа шығады. Содан кейін нәрестелер тыныштанып құрсақ қуысы жұмсарып, ондағы ауыру сезімі тарқайды.
#26 слайд
26 слайд
#27 слайд
Сонымен қатар нәрестелердің жедел
аппендицит кезіндегі сияқты мазасыздануы
мен оның кейбір белгілері мықын-соқыр
ішектегі туа біткен Лейн байламы, Джексон
жарғақшасы, эмбриональді жабысқақтар,
соқыр ішектің туа біткен қозғалғыштығы,
баугин қақпақшасының жетіспеушілігі,
Меккель дивертикулы, шажырқайдағы лимфа
түйіндерінің қабынуы(мезаденит), мықын
ішектің соңғы бөлігінің қабынуы (илеит),
тифлит, Крон және Шенлейн-Генох
ауруларында сирек те болса кездесуі мүмкін.
27 слайд
Сонымен қатар нәрестелердің жедел аппендицит кезіндегі сияқты мазасыздануы мен оның кейбір белгілері мықын-соқыр ішектегі туа біткен Лейн байламы, Джексон жарғақшасы, эмбриональді жабысқақтар, соқыр ішектің туа біткен қозғалғыштығы, баугин қақпақшасының жетіспеушілігі, Меккель дивертикулы, шажырқайдағы лимфа түйіндерінің қабынуы(мезаденит), мықын ішектің соңғы бөлігінің қабынуы (илеит), тифлит, Крон және Шенлейн-Генох ауруларында сирек те болса кездесуі мүмкін.
#28 слайд
Жедел аппендицитті емдеу тәсілдері.
Нәрестелерде жедел аппендицитті тек жалпы
жансыздандыру тәсілін пайдаланып ота
жасап емдеу керек екені бүгінгі күннің
аксиомасы. Аппендэктомияны, құрсақ
қуысының тік бұлшықеттің үстінен ұзындығы
4-5 см тері тілігімен жасаған дұрыс.
28 слайд
Жедел аппендицитті емдеу тәсілдері. Нәрестелерде жедел аппендицитті тек жалпы жансыздандыру тәсілін пайдаланып ота жасап емдеу керек екені бүгінгі күннің аксиомасы. Аппендэктомияны, құрсақ қуысының тік бұлшықеттің үстінен ұзындығы 4-5 см тері тілігімен жасаған дұрыс.
#29 слайд
29 слайд
#30 слайд
•
Отадан кейінгі асқынулар. Жедел аппендицитке жасалған отадан кейін
әр түрлі асқынулар кездеседі. Оларды топтауға көптеген жіктелулер
ұсынылған. Солардың арасында күнделікті тәжірибелік жұмыста ең
тиімдісі Матящин И.М. (1974) ұсынылған жіктеу. Бұл жіктеуге сәйкес
отадан кейінгі асқынулар бір айға дейінгі, яғни ерте және бір айдан кейінгі
немесе кеш болып екі топқа бөлінген. Бұл асқынулар оталық жарада және
құрсақ қуысында кездесетін асқынулар болып тағы екіге бөлінеді.
Жіктеудің үшінші тобына отамен байланысты емес жүрек, өкпе, зәр
жолдарының және т.б. ағзалардағы жалпы асқынуларын жатқызған.
•
Бір айға дейін оталық жараның қабынуы мен іріңдеуі, жарадан қан ағуы
немесе жіптік жыланкөз сияқты асқынулар кездеседі. Бұл уақытта құрсақ
қуысында қабыну түзілісі (инфильтрат), шектелген іріңдік, динамикалық
және механикалық ішек өтпеуі, іш пердесінің қабынуы, ішектің жыланкөзі,
құрсақ қуысынан қан ағуы сияқты асқынулар кезесуі мүмкін.
•
Отадан кейінгі кеш кездесетін асқынулар бір айдан соң байқалады.
Оталық жарада қабыну түзілісі, іріңдеуі немесе жіптік жыланкөз, ал
құрсақ қуысында аппендикулярлық түзіліс немесе іріңдік пайда болуы
сирек те болса кездеседі. Дегенмен аппендэктомия 24% жуық балаларда
ішек жабысқағымен асқынады. Бұл отадан кейінгі кездесетін ең жиі
асқыну.
30 слайд
• Отадан кейінгі асқынулар. Жедел аппендицитке жасалған отадан кейін әр түрлі асқынулар кездеседі. Оларды топтауға көптеген жіктелулер ұсынылған. Солардың арасында күнделікті тәжірибелік жұмыста ең тиімдісі Матящин И.М. (1974) ұсынылған жіктеу. Бұл жіктеуге сәйкес отадан кейінгі асқынулар бір айға дейінгі, яғни ерте және бір айдан кейінгі немесе кеш болып екі топқа бөлінген. Бұл асқынулар оталық жарада және құрсақ қуысында кездесетін асқынулар болып тағы екіге бөлінеді. Жіктеудің үшінші тобына отамен байланысты емес жүрек, өкпе, зәр жолдарының және т.б. ағзалардағы жалпы асқынуларын жатқызған. • Бір айға дейін оталық жараның қабынуы мен іріңдеуі, жарадан қан ағуы немесе жіптік жыланкөз сияқты асқынулар кездеседі. Бұл уақытта құрсақ қуысында қабыну түзілісі (инфильтрат), шектелген іріңдік, динамикалық және механикалық ішек өтпеуі, іш пердесінің қабынуы, ішектің жыланкөзі, құрсақ қуысынан қан ағуы сияқты асқынулар кезесуі мүмкін. • Отадан кейінгі кеш кездесетін асқынулар бір айдан соң байқалады. Оталық жарада қабыну түзілісі, іріңдеуі немесе жіптік жыланкөз, ал құрсақ қуысында аппендикулярлық түзіліс немесе іріңдік пайда болуы сирек те болса кездеседі. Дегенмен аппендэктомия 24% жуық балаларда ішек жабысқағымен асқынады. Бұл отадан кейінгі кездесетін ең жиі асқыну.
#31 слайд
Лапароскопиялық аппендэктомиядан кейінгі
асқынулар оталық көбінесе деструктивті
немесе асқынған жедел аппендицитте
жоғары вируленттігі бар инфекцияда
байқалады. Сонымен қатар, ота жасау кезінде
ішектерді, іш пердесін жарақаттамай, нәзік
жасау, құрсақ қуысын антисептикалық
ерітінділермен тазалап жуу және қалдық
ерітінділерді толық тазалау, жараның қанын
жақсылап тоқтату, жараны дұрыс тігу, отадан
кейін дұрыс өңдеу сияқты ерекшеліктердің
асқынуларды азайтуда маңызы зор.
31 слайд
Лапароскопиялық аппендэктомиядан кейінгі асқынулар оталық көбінесе деструктивті немесе асқынған жедел аппендицитте жоғары вируленттігі бар инфекцияда байқалады. Сонымен қатар, ота жасау кезінде ішектерді, іш пердесін жарақаттамай, нәзік жасау, құрсақ қуысын антисептикалық ерітінділермен тазалап жуу және қалдық ерітінділерді толық тазалау, жараның қанын жақсылап тоқтату, жараны дұрыс тігу, отадан кейін дұрыс өңдеу сияқты ерекшеліктердің асқынуларды азайтуда маңызы зор.
#32 слайд
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
•
1.Э.А.Степанов. А.Ф.Дронов. “Острый
аппендицит у детей раннего возраста.”
•
Москва “Медицина” 1974 год.
•
2. Қапан Тұрсынов Нәрестелер хирургиясы.
Алматы 2011.
32 слайд
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: • 1.Э.А.Степанов. А.Ф.Дронов. “Острый аппендицит у детей раннего возраста.” • Москва “Медицина” 1974 год. • 2. Қапан Тұрсынов Нәрестелер хирургиясы. Алматы 2011.
#33 слайд
Назар салып
тыңдағандарыңызға
рахмет!
33 слайд
Назар салып тыңдағандарыңызға рахмет!
шағым қалдыра аласыз


