4-сабақ. Моңғол шапқыншылығының салдары
4-сабақ. Моңғол шапқыншылығының салдары

#1 слайд
Сабақтың тақырыбы:
МОҢҒОЛ
ШАПҚЫНШЫЛЫҚТАРЫНЫҢ
САЛДАРЫ
1 слайд
Сабақтың тақырыбы: МОҢҒОЛ ШАПҚЫНШЫЛЫҚТАРЫНЫҢ САЛДАРЫ
#2 слайд
Сабақтың мақсаты:
●XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердің этноәлеуметтік
құрылымын анықтайсыз;
●Қазақстан аумағындағы мемлекеттердің басқару жүйесінің
ерекшеліктерін білесіз.
Оқу мақсаты:
6.1.1.2 – XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердің этноәлеуметтік
құрылымын анықтау;
6.3.1.8 – Қазақстан аумағындағы мемлекеттердің басқару жүйесінің
ерекшеліктерін анықтау.
2 слайд
Сабақтың мақсаты: ●XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердің этноәлеуметтік құрылымын анықтайсыз; ●Қазақстан аумағындағы мемлекеттердің басқару жүйесінің ерекшеліктерін білесіз. Оқу мақсаты: 6.1.1.2 – XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердің этноәлеуметтік құрылымын анықтау; 6.3.1.8 – Қазақстан аумағындағы мемлекеттердің басқару жүйесінің ерекшеліктерін анықтау.
#3 слайд
Еске түсірейік!
ХІ ғасырдың соңы мен ХІІ ғасырдың
басындағы жаулаушылық соғыстардың
нәтижесінде Шыңғыс хан өз
империясының құрамына Орталық
Азияның басым бөлігін қосып алды. Бұл
Орталық Азиядағы өмірдің көптеген
салаларына әсер етті. Аймақтың саяси
және этникалық картасы өзгерді.
3 слайд
Еске түсірейік! ХІ ғасырдың соңы мен ХІІ ғасырдың басындағы жаулаушылық соғыстардың нәтижесінде Шыңғыс хан өз империясының құрамына Орталық Азияның басым бөлігін қосып алды. Бұл Орталық Азиядағы өмірдің көптеген салаларына әсер етті. Аймақтың саяси және этникалық картасы өзгерді.
#4 слайд
Моңғолдардың қыпшақтар өміріне әсері
ХІІ ғасырдың басында Шыңғыс
хан әскерінің жорықтары
нәтижесінде Дешті Қыпшақ
даласы толық жаулап алынды.
Қыпшақтардың бірталай
рулары моңғол билігін
мойындамай, қарсылық көрсетіп
көшіп кетті.
4 слайд
Моңғолдардың қыпшақтар өміріне әсері ХІІ ғасырдың басында Шыңғыс хан әскерінің жорықтары нәтижесінде Дешті Қыпшақ даласы толық жаулап алынды. Қыпшақтардың бірталай рулары моңғол билігін мойындамай, қарсылық көрсетіп көшіп кетті.
#5 слайд
Кейін олар моңғолдардың шапқыншылық
жорықтарына да қатысты. Қыпшақтарды
бағындырған моңғолдар хан сайланатын
Елбөрілі тайпасының ақсүйектерін
қудалады.
ХІІІ ғасырда Қыпшақтардың негізгі бөлігі
моңғолдардың билігін мойындап, империя
құрамына кірді.
Қыпшақтардың негізгі бөлігінің
моңғолдардың билігін мойындауы
5 слайд
Кейін олар моңғолдардың шапқыншылық жорықтарына да қатысты. Қыпшақтарды бағындырған моңғолдар хан сайланатын Елбөрілі тайпасының ақсүйектерін қудалады. ХІІІ ғасырда Қыпшақтардың негізгі бөлігі моңғолдардың билігін мойындап, империя құрамына кірді. Қыпшақтардың негізгі бөлігінің моңғолдардың билігін мойындауы
#6 слайд
Қыпшақ даласында Моңғол
империясының «Ұлы жасақ»
ережелері орнығып, Шыңғыс хан
орнатқан саяси дәстүрлер енгізілді.
Шыңғыс әулетінің үстемдігі,
ұлыстық жүйе, әскер жасақтау
ережелері осы дәстүрлердің белгілері
болды. Қыпшақ тайпаларының
негізінде ортақ халықтың қалыптасу
үдерісі тоқтап қалды. Дешті
Қыпшақ даласының тайпалары
оның аумағына келген моңғол және
түрік тайпаларымен этникалық
және шаруашылық қатынастарға
түсті.
6 слайд
Қыпшақ даласында Моңғол империясының «Ұлы жасақ» ережелері орнығып, Шыңғыс хан орнатқан саяси дәстүрлер енгізілді. Шыңғыс әулетінің үстемдігі, ұлыстық жүйе, әскер жасақтау ережелері осы дәстүрлердің белгілері болды. Қыпшақ тайпаларының негізінде ортақ халықтың қалыптасу үдерісі тоқтап қалды. Дешті Қыпшақ даласының тайпалары оның аумағына келген моңғол және түрік тайпаларымен этникалық және шаруашылық қатынастарға түсті.
#7 слайд
Моңғол шапқыншылығы Оңтүстік Қазақстанның
отырықшы және қалалық мәдениетін құлдыратты.
Кейбір қалалар мүлдем жойылып, кейбірінің маңызы
төмендеді.
Егіншілік пен қолөнер күйзеліске түсті.
Ғылым мен білім дамымады.
Көшпелі тайпалардың батыс аймақтарға қоныс аудару
үдерісі күшейді.
Түріктер ортасына келген моңғол тайпалары
ассимиляцияға ұшырады.
7 слайд
Моңғол шапқыншылығы Оңтүстік Қазақстанның отырықшы және қалалық мәдениетін құлдыратты. Кейбір қалалар мүлдем жойылып, кейбірінің маңызы төмендеді. Егіншілік пен қолөнер күйзеліске түсті. Ғылым мен білім дамымады. Көшпелі тайпалардың батыс аймақтарға қоныс аудару үдерісі күшейді. Түріктер ортасына келген моңғол тайпалары ассимиляцияға ұшырады.
#8 слайд
Академик В.В. Бартольд: «моңғол
басқыншылығы түрік тайпаларының
саяси ықпалын өсірді және Еуразияның
далалық аймағында олардың үстемдігінің
орнауына әсер етті», – деп жазды.
В.В. Бартольд
8 слайд
Академик В.В. Бартольд: «моңғол басқыншылығы түрік тайпаларының саяси ықпалын өсірді және Еуразияның далалық аймағында олардың үстемдігінің орнауына әсер етті», – деп жазды. В.В. Бартольд
#9 слайд
Оқушылар, қыпшақтар туралы мына
деректерге назар аударыңыз!
Ибн Фадлаллах әл-Омаридің
«Мемлекеттердің ірі қалаларын
сипаттау жолдары» еңбегінен
үзінді.
1-дерек
Дешті Қыпшақ жерінде ұлыс басшысы
мен жергілікті әкімдердің билігі шектеулі
болып келеді, олар жеке-дара шешім
қабылдай алмайды. Әйелдері еркектер
сияқты мемлекетті басқару ісіне
қатысады. Басқа бірде-бір елде әйелге
осыншама көп құқық берілмеген. Ертеде
бұл Қыпшақтардың елі болған. Алайда
оларды татарлар жаулап алып,
қыпшақтар татарлардың бодандарына
айналған. Содан кейін екі халық
араласып, туыстасып кеткен.
9 слайд
Оқушылар, қыпшақтар туралы мына деректерге назар аударыңыз! Ибн Фадлаллах әл-Омаридің «Мемлекеттердің ірі қалаларын сипаттау жолдары» еңбегінен үзінді. 1-дерек Дешті Қыпшақ жерінде ұлыс басшысы мен жергілікті әкімдердің билігі шектеулі болып келеді, олар жеке-дара шешім қабылдай алмайды. Әйелдері еркектер сияқты мемлекетті басқару ісіне қатысады. Басқа бірде-бір елде әйелге осыншама көп құқық берілмеген. Ертеде бұл Қыпшақтардың елі болған. Алайда оларды татарлар жаулап алып, қыпшақтар татарлардың бодандарына айналған. Содан кейін екі халық араласып, туыстасып кеткен.
#10 слайд
2-дерек
«Бұл мемлекеттің жері суға және
жайылымға бай. Егер мұнда бидай
отырғызса, мол өнім береді. Бірақ бұл
жердің халқы бір жерден екінші жерге
көшіп жүреді. Олар дәнді дақылдар
өсірумен емес, мал шаруашылығымен
айналысады. Моңғолдар бұл жерлерді
басып алғанға дейін жергілікті
тұрғындар жер өңдеумен айналысқан.
Тұрмыстары ұқсас болғанымен,
қыпшақтар мәдени даму тұрғысынан
моңғолдардан бірнеше саты алдында
тұрғандықтан моңғолдар қыпшақтардың
арасына сіңіп кетті».
Ибн Фадлаллах әл-Омаридің
«Мемлекеттердің ірі қалаларын
сипаттау жолдары» еңбегінен
үзінді.
10 слайд
2-дерек «Бұл мемлекеттің жері суға және жайылымға бай. Егер мұнда бидай отырғызса, мол өнім береді. Бірақ бұл жердің халқы бір жерден екінші жерге көшіп жүреді. Олар дәнді дақылдар өсірумен емес, мал шаруашылығымен айналысады. Моңғолдар бұл жерлерді басып алғанға дейін жергілікті тұрғындар жер өңдеумен айналысқан. Тұрмыстары ұқсас болғанымен, қыпшақтар мәдени даму тұрғысынан моңғолдардан бірнеше саты алдында тұрғандықтан моңғолдар қыпшақтардың арасына сіңіп кетті». Ибн Фадлаллах әл-Омаридің «Мемлекеттердің ірі қалаларын сипаттау жолдары» еңбегінен үзінді.
#11 слайд
Қыпшақтардың моңғолдарға ықпалы
Ықпал
ы
ХІІІ ғасырдың басында Шыңғыс хан моңғол тайпаларын біріктірді
және әлемдегі ең алып империяны құрды. Ұлы Моңғол мемлекетінің
құрамындағы Жошы ұлысының халқы негізінен қыпшақтардан
тұрды. Жошы ұрпақтары құрған мемлекеттердің әскерінде
қыпшақтар басым болды. Қыпшақтар мен моңғолдарды
ортақтастырған көшпелі мәдениет пен тұрмыс еді.
11 слайд
Қыпшақтардың моңғолдарға ықпалы Ықпал ы ХІІІ ғасырдың басында Шыңғыс хан моңғол тайпаларын біріктірді және әлемдегі ең алып империяны құрды. Ұлы Моңғол мемлекетінің құрамындағы Жошы ұлысының халқы негізінен қыпшақтардан тұрды. Жошы ұрпақтары құрған мемлекеттердің әскерінде қыпшақтар басым болды. Қыпшақтар мен моңғолдарды ортақтастырған көшпелі мәдениет пен тұрмыс еді.
#12 слайд
«Орта Азияға ең үлкен өзгерісті əкелген кімдер: қыпшақтар ма,
моңғолдар ма?» деген зерттеу сұрағының кем дегенде 3 себебін
анықтаңыз.
Орта Азияға ең үлкен өзгерісті əкелген моңғолдар. Себебі:
1_______________________
2________________________
3________________________
Орта Азияға ең үлкен өзгерісті әкелген қыпшақтар. Себебі:
1_______________________
2________________________
3________________________
1-тапсырма
12 слайд
«Орта Азияға ең үлкен өзгерісті əкелген кімдер: қыпшақтар ма, моңғолдар ма?» деген зерттеу сұрағының кем дегенде 3 себебін анықтаңыз. Орта Азияға ең үлкен өзгерісті əкелген моңғолдар. Себебі: 1_______________________ 2________________________ 3________________________ Орта Азияға ең үлкен өзгерісті әкелген қыпшақтар. Себебі: 1_______________________ 2________________________ 3________________________ 1-тапсырма
#13 слайд
Орта Азияға ең үлкен өзгерісті
əкелген моңғолдар. Себебі:
● Орталық Азия Моңғол
империясының құрамына кірді;
● басқару жүйесін өзгертіп, ұлт болып
қалыптасуын кешеуілдетті;
● шаруашылықты қиратты, кей
қалалар жер бетінен жойылып кетті;
● қалалар жəне ауылдар қирап, ондағы
мəдениет ошақтары, кітапханалар
жермен-жексен болды.
Орта Азияға ең үлкен өзгерісті
əкелген қыпшақтар. Себебі:
● қазақ жерінде қыпшақтардың
саны көп болғаны соншалық,
моңғолдар түркіленіп кетті;
● бүкіл қазақ жерінде мемлекеттік
тіл моңғол тілі емес, қыпшақ тілі деп
есептеліп, «қыпшақтану»
(«түркілену») үдерісі жүрді;
● моңғолдар түркілердің тілін, əдет-
ғұрпын, дінін қабылдады.
Жауабы:
13 слайд
Орта Азияға ең үлкен өзгерісті əкелген моңғолдар. Себебі: ● Орталық Азия Моңғол империясының құрамына кірді; ● басқару жүйесін өзгертіп, ұлт болып қалыптасуын кешеуілдетті; ● шаруашылықты қиратты, кей қалалар жер бетінен жойылып кетті; ● қалалар жəне ауылдар қирап, ондағы мəдениет ошақтары, кітапханалар жермен-жексен болды. Орта Азияға ең үлкен өзгерісті əкелген қыпшақтар. Себебі: ● қазақ жерінде қыпшақтардың саны көп болғаны соншалық, моңғолдар түркіленіп кетті; ● бүкіл қазақ жерінде мемлекеттік тіл моңғол тілі емес, қыпшақ тілі деп есептеліп, «қыпшақтану» («түркілену») үдерісі жүрді; ● моңғолдар түркілердің тілін, əдет- ғұрпын, дінін қабылдады. Жауабы:
#14 слайд
Қорытынды
XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердің
этноәлеуметтік құрылымын
анықтадыңыз.
Қазақстан аумағындағы мемлекеттердің
басқару жүйесінің ерекшеліктерін білдіңіз.
14 слайд
Қорытынды XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердің этноәлеуметтік құрылымын анықтадыңыз. Қазақстан аумағындағы мемлекеттердің басқару жүйесінің ерекшеліктерін білдіңіз.
шағым қалдыра аласыз













