Абай және аударма

#1 слайд
Абай және Аударма
1 слайд
Абай және Аударма
#2 слайд
1.Абай аудармалары
2.Назирагөйлік үлгілер
Абай және көркем аударма
дәстүрі
2 слайд
1.Абай аудармалары 2.Назирагөйлік үлгілер Абай және көркем аударма дәстүрі
#3 слайд
Абай орыс әдебиетін 1882 жылдан бастап аударған. Ең бірінші
аудармасы - орыстың атақты ақыны Лермонтовтың «Бородино» атты
патриоттық өлеңінен үзінді. Ең соңғысы - Лермонтовтың «Вадим»
атты ұзақ әңгімесінің желісін, оқиғасын алып, өзінше қысқартып жазған
поэма. Абай аудармаларын зерттеушілер қазір орыс әдебиетінен оның
елуден аса аударған өлеңдері барлығын айқындап отыр. Олардың ішінде
лирикасы да, баснясы (мысал өлеңдер) да, ұзақ өлеңдері де, сатиралық
лирикалары да бар. (Солардың ішінде «Қарға мен түлкі» атты басня екі
түрлі вариантта аударылған)
Орыстың атақты жазушы, ақындарын аударуда Абай тек қана қазақ
емес, бүкіл шығыс елінде елеулі орын алады. Шығыс елінде 1889 жылға
шейін Пушкиннің «Евгений Онегині» тек Әзірбайжанда ғана аударылған.
Евгений Онегинді сонан кейінгі аударған - Абай. Қазақпен салыстырғанда,
ол кезде үлкен мәдениетті жатқан Абайдың дүниежүзілік мәдениет
мұрасының шаршы төрінен орынсаналатын татар, өзбек, тағы басқа
көршілес елдердің бәрінен бұрын Сарыарқада алған Пушкинді танып,
Татьянаның үнімен даланы жаңғырықтыруы - қазақ үшін мақтанарлық іс.
3 слайд
Абай орыс әдебиетін 1882 жылдан бастап аударған. Ең бірінші аудармасы - орыстың атақты ақыны Лермонтовтың «Бородино» атты патриоттық өлеңінен үзінді. Ең соңғысы - Лермонтовтың «Вадим» атты ұзақ әңгімесінің желісін, оқиғасын алып, өзінше қысқартып жазған поэма. Абай аудармаларын зерттеушілер қазір орыс әдебиетінен оның елуден аса аударған өлеңдері барлығын айқындап отыр. Олардың ішінде лирикасы да, баснясы (мысал өлеңдер) да, ұзақ өлеңдері де, сатиралық лирикалары да бар. (Солардың ішінде «Қарға мен түлкі» атты басня екі түрлі вариантта аударылған) Орыстың атақты жазушы, ақындарын аударуда Абай тек қана қазақ емес, бүкіл шығыс елінде елеулі орын алады. Шығыс елінде 1889 жылға шейін Пушкиннің «Евгений Онегині» тек Әзірбайжанда ғана аударылған. Евгений Онегинді сонан кейінгі аударған - Абай. Қазақпен салыстырғанда, ол кезде үлкен мәдениетті жатқан Абайдың дүниежүзілік мәдениет мұрасының шаршы төрінен орынсаналатын татар, өзбек, тағы басқа көршілес елдердің бәрінен бұрын Сарыарқада алған Пушкинді танып, Татьянаның үнімен даланы жаңғырықтыруы - қазақ үшін мақтанарлық іс.
#4 слайд
Абай аудармаларының тарихи-әлеуметтік мәні үлкен. Өйткені, ең алдымен
қазақ жұртшылығы Пушкин, Лермонтов, Толстой, Салтыков тәрізді
дүниежүзілік әдебиетінің ірі тұлғаларымен бірінші рет Абай арқылы
танысты. Екінші, өзінің зор талант, асқан шеберлігінің арқасында, ұлы
ақындардың ұлы еңбектеріндегі үлкен идея, әдеби сұлулықты қазақ
оқушыларының ой-сезіміне жеткізе аудара біліп, оларға жалпы қазақ
халқының жүрегінен жылы орын әперді. Оларды қазақ өз ақындарындай
сүйді. Абайдан кейін әдебиетті сүйетін қазақтардан хат білсін, білмесін
«Татьянаның хаты», «Қараңғы түнде тау қалғып», «Қанжар» («Кинжал»),
«Жалғыз жалау жалтылдап» өлеңдерін білмейтін адам аз шығар. Сөйтіп
Абайдың аудармалары мәдениетті, үлкен идеяны қолдаушы басқа елдердің
ұлы ақындары мен қазақ жұртшылығы араларындағы дәнекер болды.
Абайдың ұлттық шеңберден шығып, жалпы адам баласына ортақ идеяны
көксеген, интернационалдық жүректің иесі ақын екендігін орыс
жазушыларына көзқарасының өзі-ақ дәлелдейді. Жастарға үлгі ал, өнеге
үйрен дегенде қазақтан емес, Толстой, Салтыков-Щедрин сияқтыларды
мегзеді:
4 слайд
Абай аудармаларының тарихи-әлеуметтік мәні үлкен. Өйткені, ең алдымен қазақ жұртшылығы Пушкин, Лермонтов, Толстой, Салтыков тәрізді дүниежүзілік әдебиетінің ірі тұлғаларымен бірінші рет Абай арқылы танысты. Екінші, өзінің зор талант, асқан шеберлігінің арқасында, ұлы ақындардың ұлы еңбектеріндегі үлкен идея, әдеби сұлулықты қазақ оқушыларының ой-сезіміне жеткізе аудара біліп, оларға жалпы қазақ халқының жүрегінен жылы орын әперді. Оларды қазақ өз ақындарындай сүйді. Абайдан кейін әдебиетті сүйетін қазақтардан хат білсін, білмесін «Татьянаның хаты», «Қараңғы түнде тау қалғып», «Қанжар» («Кинжал»), «Жалғыз жалау жалтылдап» өлеңдерін білмейтін адам аз шығар. Сөйтіп Абайдың аудармалары мәдениетті, үлкен идеяны қолдаушы басқа елдердің ұлы ақындары мен қазақ жұртшылығы араларындағы дәнекер болды. Абайдың ұлттық шеңберден шығып, жалпы адам баласына ортақ идеяны көксеген, интернационалдық жүректің иесі ақын екендігін орыс жазушыларына көзқарасының өзі-ақ дәлелдейді. Жастарға үлгі ал, өнеге үйрен дегенде қазақтан емес, Толстой, Салтыков-Щедрин сияқтыларды мегзеді:
#5 слайд
Ал, еркін аударылған аудармалар өлеңнің мағынасын
бастан-аяқ дәл, тура жеткізбей, аудармашы ақын
Абайдың сол кездегі көңіл-күйіне сәйкес еркін жырлап
кететіні бар. Біз мұны Абай аудармаларының өзіндік
ерекшелігі дейміз. Абай орысша тексті көбіне-көп
дәлме-дәл аударуды алдына мақсат етіп қоймаған
секілді. Мұның негізгі себебі, ақын сол кездегі қазақ
оқырмандарының білімін, ұғым-түсінігін, ойлау
ерекшелігін ескерсе, екіншіден өзі жақсы білген
Шығыстың классикалық поэзиясының "Назира" үлгісін
пайдаланған ақын, оқиға желісінің негізін сақтай
отырып, мысалдағы жағдайларды қазақ өміріне,
түсінігі мен ойлау ерекшелігіне жанастыра отырып,
өзінше бейнелеуге ұмтылған. Мысал үшін, Шығыс
ақындары жырлаған "Ескендір" тақырыбын Абай
"Назира" үлгісінде өзінше жырлап, "Ескендір"
поэмасын жазған. Шығыс әдеби дәстүрін жақсы білген
Абайға және сол кездегі қазақ оқырмандарына бұл
қалыпты жағдай болып көрінген сияқты. Бұл айтылып
отырған "Назира" үлгісі қолын байлайтын, шеберлігіне
шек қоятын жағдай деп емес, керісінше, алдыңғы
ақында айтылған ойдың, сөздің орамын өзінше
келтіріп,кейінгі ақынның тың, жаңа өрнек табуына
мүмкіндік беретін жағдай деп түсінген жөн.
5 слайд
Ал, еркін аударылған аудармалар өлеңнің мағынасын бастан-аяқ дәл, тура жеткізбей, аудармашы ақын Абайдың сол кездегі көңіл-күйіне сәйкес еркін жырлап кететіні бар. Біз мұны Абай аудармаларының өзіндік ерекшелігі дейміз. Абай орысша тексті көбіне-көп дәлме-дәл аударуды алдына мақсат етіп қоймаған секілді. Мұның негізгі себебі, ақын сол кездегі қазақ оқырмандарының білімін, ұғым-түсінігін, ойлау ерекшелігін ескерсе, екіншіден өзі жақсы білген Шығыстың классикалық поэзиясының "Назира" үлгісін пайдаланған ақын, оқиға желісінің негізін сақтай отырып, мысалдағы жағдайларды қазақ өміріне, түсінігі мен ойлау ерекшелігіне жанастыра отырып, өзінше бейнелеуге ұмтылған. Мысал үшін, Шығыс ақындары жырлаған "Ескендір" тақырыбын Абай "Назира" үлгісінде өзінше жырлап, "Ескендір" поэмасын жазған. Шығыс әдеби дәстүрін жақсы білген Абайға және сол кездегі қазақ оқырмандарына бұл қалыпты жағдай болып көрінген сияқты. Бұл айтылып отырған "Назира" үлгісі қолын байлайтын, шеберлігіне шек қоятын жағдай деп емес, керісінше, алдыңғы ақында айтылған ойдың, сөздің орамын өзінше келтіріп,кейінгі ақынның тың, жаңа өрнек табуына мүмкіндік беретін жағдай деп түсінген жөн.
#6 слайд
Абай Пушкиннің "Евгений Онегин" романын толық аудармаған, һәм оны алдына мақсат
етіп қоймаған да сияқты. Абайдың "Евгений Онегиннен" аударғандары:
1."Онегиннің сипаты"(Жасынан түсін билеп сыр бермеген)
2."Татьянаның Онегинге жазған хаты"(Амал жоқ қайттым білдірмей)
3."Онегиннің Татьянаға жауабы"(Таңғажайып бұл неткен хат)
4."Онегин сөзі"(Хатыңнан жақсы ұғындым сөздің бәрін)
5."Онегиннің Татьянаға жазған хаты"(Құп білемін сізге жақпас)
6."Татьяна сөзі"(Тәңір қосқан жар едің сен)
7."Ленский сөзінен"(Барасың қайда, қайда болмай неге)
"Онегиннің өлердегі сөзі" - бұл түпнұсқада жоқ, ақынның өзі шығарған. Санамалап
айтқанда Абай, "Евгений Онегин" романынан 7 үзінді аударған.
Пушкиннің "Евгений Онегин" секілді, орыс қауымының сол кездегі өмірін жан-жақты
суреттейтін күрделі романын терең түсініп оқитын мәдениетті оқушы қауымды қазақ
жұртшылығынан табу қиын еді. Сондықтан да Абай, жалпы халыққа түсінікті, Онегин
және Татьяна арасындағы қарым-қатынастарға байланысты тарауларды ғана еркін
аударды, Татьяна тілімен қазақ қызының жүрегін жырласа, Онегиннің ойлы-сырлы
өкінішімен қазақтың саналы жігіт, жас буынын үлгілі сезімдерге тәрбиелейді. Осылайша
аудару өз заманындағы оқушылар үшін тәрбиелік үгіт жағынан қажет еді. Абай аударған
үзінділерді бір жүйеге келтіріп, ең соңында оқушыға түсінікті болсын деп "Онегиннің
өлердегі сөзі" деген тарауды өзі қосқан
6 слайд
Абай Пушкиннің "Евгений Онегин" романын толық аудармаған, һәм оны алдына мақсат етіп қоймаған да сияқты. Абайдың "Евгений Онегиннен" аударғандары: 1."Онегиннің сипаты"(Жасынан түсін билеп сыр бермеген) 2."Татьянаның Онегинге жазған хаты"(Амал жоқ қайттым білдірмей) 3."Онегиннің Татьянаға жауабы"(Таңғажайып бұл неткен хат) 4."Онегин сөзі"(Хатыңнан жақсы ұғындым сөздің бәрін) 5."Онегиннің Татьянаға жазған хаты"(Құп білемін сізге жақпас) 6."Татьяна сөзі"(Тәңір қосқан жар едің сен) 7."Ленский сөзінен"(Барасың қайда, қайда болмай неге) "Онегиннің өлердегі сөзі" - бұл түпнұсқада жоқ, ақынның өзі шығарған. Санамалап айтқанда Абай, "Евгений Онегин" романынан 7 үзінді аударған. Пушкиннің "Евгений Онегин" секілді, орыс қауымының сол кездегі өмірін жан-жақты суреттейтін күрделі романын терең түсініп оқитын мәдениетті оқушы қауымды қазақ жұртшылығынан табу қиын еді. Сондықтан да Абай, жалпы халыққа түсінікті, Онегин және Татьяна арасындағы қарым-қатынастарға байланысты тарауларды ғана еркін аударды, Татьяна тілімен қазақ қызының жүрегін жырласа, Онегиннің ойлы-сырлы өкінішімен қазақтың саналы жігіт, жас буынын үлгілі сезімдерге тәрбиелейді. Осылайша аудару өз заманындағы оқушылар үшін тәрбиелік үгіт жағынан қажет еді. Абай аударған үзінділерді бір жүйеге келтіріп, ең соңында оқушыға түсінікті болсын деп "Онегиннің өлердегі сөзі" деген тарауды өзі қосқан
#7 слайд
7 слайд
#8 слайд
8 слайд
#9 слайд
9 слайд
#10 слайд
Назарларыңызға рақмет!
10 слайд
Назарларыңызға рақмет!
шағым қалдыра аласыз


