Материалдар / "Адамның ішкі әлемі" (3-4 сабақ)
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Адамның ішкі әлемі" (3-4 сабақ)

Материал туралы қысқаша түсінік
7 сынып Өзін өзі тану пәні бойынша 3-4 сабаққа арналған презентация
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қараша 2020
728
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материалдың қысқаша түсінігі
Ш.Смағұлов атындағы Алматы облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған физика-математика мектеп-интернаты Тақырып: А

1 слайд
Ш.Смағұлов атындағы Алматы облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған физика-математика мектеп-интернаты Тақырып: Адамның ішкі әлемі Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер: адамгершілік, парасаттылық Мұғалім: Кенесова А.С Сынып: 7

Сабақтың мақсаты: оқушыларға ақыл – парасат туралы, оның дүниетанымдық көзқарасы қалыптастыра отырып, бойындағы ерік-жігерді

2 слайд
Сабақтың мақсаты: оқушыларға ақыл – парасат туралы, оның дүниетанымдық көзқарасы қалыптастыра отырып, бойындағы ерік-жігерді жетілдіріп, өзін – өзі дамыту және бағалау жайында түсінік беру. Міндеттері:  оқушыларға Абайдың он жетінші қара сөзі арқылы ақыл, қайрат, жүректің маңыздылығы мен бір-бірімен байланысын түсіндіру;  оқушыларды өз бойларындағы ақыл-парасат мүмкіндіктерін тиімді пайдалана алуға үйрету;  оқушыларды өмір жолында кедесетін қиыншылықтарды жеңе білуге және өздігінен ізденуге тәрбиелеу.

Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі . 2.Үй тапсырмасын тексеру: 4.Әңг iмелеу. 3.Дәйексөз: 5 .Шығармашылық жұмыс. 6.Топпен ән

3 слайд
Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі . 2.Үй тапсырмасын тексеру: 4.Әңг iмелеу. 3.Дәйексөз: 5 .Шығармашылық жұмыс. 6.Топпен ән айту 7.Үй тапсырмасы: 8.Соңғы тыныштық сәті.

«5Т» ережесін сақтау  1. Тәртіп  2. Талап  3. Тыныштық  4. Тазалық  5. Татулық

4 слайд

Сергіту сәті. «Біздің топтың жүрегі». Мақсаты: жанашырлық сезімін, сенімділігін дамыту, топ ынтымақтастығын жетілдіру. Нұсқау

5 слайд
Сергіту сәті. «Біздің топтың жүрегі». Мақсаты: жанашырлық сезімін, сенімділігін дамыту, топ ынтымақтастығын жетілдіру. Нұсқау: Ватман қағазынан үлкен жүректі қайшымен қиып, қабырғаға жабыстырыңыз. Осыдан кейін әрбіреуіңіз түсті қағаздан кішкентай жүректі қиып, оған топқа арналған тілегін жазады. Осы қабырғаға жапсырылған ақ жүректе өмір жоқ, бірақ қазір әрбіреуің бұл жүрекке өздеріңнің жылы лебіздерің жазылған кішкентай жүректі жапсырып, үлкен жүрекке өмір беріп, тірілтеміз. Бұл топтың жүрегі болады.

Адамның ішкі әлемі

6 слайд
Адамның ішкі әлемі

6 слайд

Адамның ішкі әлемі

Дәйексөз: «Ар ұялар іс қылмас»

7 слайд
Дәйексөз: «Ар ұялар іс қылмас» /Абай/

7 слайд

Дәйексөз: «Ар ұялар іс қылмас» /Абай/

Шын бақтың айнасы

8 слайд
Шын бақтың айнасы

8 слайд

Шын бақтың айнасы

Шын бақтың айнасы Жаңа ғана аяғымды басып, тілім жаңа шыққан кезде өзім құрбы балаларды бауырымнан жақсы көріп, ойнаушы едім.

9 слайд
Шын бақтың айнасы Жаңа ғана аяғымды басып, тілім жаңа шыққан кезде өзім құрбы балаларды бауырымнан жақсы көріп, ойнаушы едім. Ойнап жүріп қарным ашқанын, күннің батқанын білмей қалушы едім. Сол, тіпті, сүйікті ойын әм жанымдай көретін жас құрбыларыма махаббатым, үйге келгендегі ата-анам сақтап қойып берген тәтті тамақ пен әлпештеп еркелеткен, аһ, сол өлшеусіз қызық бағым! Қайдасың? Қайда кеттің?.. Ол кезде өзімізден жасы үлкендерден қорқыңқырап, именетұғынымыздың, аулақ жүргіміз келетұғынымыздың себебі не еді? Тіпті, білмеуші едім. Енді шын білдім. Нанбасаңыз төменгі жазылған өмірімнің сырынан байқаңыз. ...Біраз уақыттан соң қарасам, бізден жасы үлкеніректер асыр салып, асық ойнап ұтысып жатыр. Ай жарықта «ақ сүйек» ойнап, жарысып, күрес салып алысып жатыр. Оны көрген соң, бұрынғы жер шұқып «құдық» деп, тас үйіп «қора» деген ойынымнан мынау тіпті қызық көрініп, мен де соларға араласып кеткенім ғой. Мінеки, менің «баққа» қарай басқан алғашқы адымым... Әрине, мұнан ойын да шықты, ұрыс та шықты. «Әкеме айтам» деп, кей нашардың балаларын қорқыту да шықты... Әке, ағам кім еді? Ел билеген бай! Олардан кім қорықпайды?! Тағы біраздан соң әп-әдемі киінген, домбыра тартып, ән салып, неше түрлі ойын ойнаған бозбалалар көзіме елестеді. «Ойпырай! Шын бақ мынау екен ғой!» – не қылсам да солардай болмаққа тырыстым да, соларға араластым. Кейбіреулерінен анағұрлым астым да. Әрине, бозбала күндегі неше түрлі құмарлық пен істеген істерді айтып тауыса алмаймын. Бірақ онан да әрі көрінген «бақ» оған да тұрақтатпады. Себебі, біраздан соң жиылысқа келіп, болыстар әмір жүргізіп, билер билік құрып, шешендер тілін безеп жатқанын дегендей, әлденеше түрлі «адамшылық» атты бір «бақ» кез болды. Мұндай нәрсе адамды қызықтырмай тұра ма? Енді қамшылап, қалың жауға кіргендей-ақ, өзімді-өзім қайраттандырып кірдім де кеттім.

Оның да неше түрлі ақыл-әдісін біліп алсам да, мына жақтағы «дәулет» деген бір тіпті керегіндей «бақ» шыға келді. Ол болмаса еш

10 слайд
Оның да неше түрлі ақыл-әдісін біліп алсам да, мына жақтағы «дәулет» деген бір тіпті керегіндей «бақ» шыға келді. Ол болмаса ешқайсысының өңі де кірмейтұғын болды, жолы да болмайтұғын болды. «Ой, тәңірі-ай! Адам қылғанды адам қылмайтұғын несі бар» деп, белсене қимылдап, оның да мәнісін таптым. Бағана жас балалықтан асық ойнауға аяқ басқан кезімде кез болған бір іс бар-ды. Оны айтпай кеткенім: көңілім сүймей, зорлықпен болған іс еді. Және ата-анама жанымдай көріп қылған махаббатым алғаш бұзыла бастауға себеп болған да сол еді. Ол не десеңіз — оқу. «Балам, асық ойнама – сабақ оқы» деген екі ауыз сөз сүйгенімнен айырып, өз сүймегеніме зорлаған сықылданып еді. Яғни, менің «бақ» іздеймін деп, шын махаббаттан айрылуға бет қойғанымның басы. Енді жоғарғы сөзіме қайтайын. Сүйтіп тамам «бақты» тауып алдым да, өзімнен төмендегілерді «бақпен» көзге ұрып, көзін ағартып, алдыңғыларға, аяғынан алсам да, жетпек болдым. Жеттім де. Мұнан басқа талай «бақтарым» айтылмай да қалды. Себебі – сіздерді зарықтырмай, ақырғы «бағымды» айтпақпын. Сүйтіп «бақтан» «баққа» қонып жүргенімде, бір күні, құрғырдың қайдан келгенін білмеймін, «өткен өміріңді ойлашы» деген бір ой сап ете түсті. Амалсыз ойладым, сондағы ойым мынау: Мен жастықтан балалыққа қызықтым, одан бозбалалықты «бақ» деп білдім. Онан әрі адамшылық атты «баққа» қызметкер болдым. Ақырында малға құл болдым. Себебі, жасаған сайын алдыңғы бұзылып, артқы «бақ» түзу сықылданды. Енді ойласам, өлмегім – хақ. Жә, сол бақтарымның ең жарамдысын ұстап қана өлгеннен басқа не бар деп ойладым. Байқасам, жас бала күнімдегі бағымнан артығы жоқ. Себебі: онда қайғы да жоқ, ар-иманнан тайғызатын ісі де жоқ. Бірақ оған қол жете алатын емес, бозбалалыққа да қол жетпейді. Егер бір құдірет жеткізсе, о да «шын бақ» емес, себебі онда қайғы да көп, қатер де көп, ар-иманнан безу де көп.

«Адамшылық» деген алдамшы ат қойылған антұрған айтпай-ақ қойылсын. Атына заты тіпті келмейді. «Мал, байлық» деген керек те болс

11 слайд
«Адамшылық» деген алдамшы ат қойылған антұрған айтпай-ақ қойылсын. Атына заты тіпті келмейді. «Мал, байлық» деген керек те болса, боқтың арасынан былғанбай алу, ар-иман кетірмей сақтау мүмкін емес. Жә, еріксіз жаңадан бір «бақ» іздеу керек болды. Не қыларымды білмей, құр сандалып, көзімді жұмып жүрдім де кеттім. Не заманда маңдайым бір нәрсеге сақ ете түсті. Қарасам, бір үлкен айна. Бетін қара пердемен жауып қойыпты. Басындағы тақтайға «Шын бақ айнасы» деп жазылыпты. «Құдай тағала шын тілесе береді екен ғой» деп қуанғаннан пердесін қайырып тастап қарасам, белі бүкірейген, көзі қызарған, аузы опырайған, бет терісі қатпар-қатпар, қасы түксиген, сақалы қудай бір шал тұр!.. Алды-артын ойламай, «Сіз кім?» деп едім, әлгі шал (әрі мені мазақ қылғандай) аузын жыбырлатып сөйлегендей болды. Анықтап қарасам, өзімнің айнадағы көлеңкем. «А, Еһ! Алдам¬шы бақтар, өкінішпен өткен өмірім!» деппін де екпетімнен құлаппын... Бір заманда көзімді ашсам, ақ киімді, түсі сұп-сұр бір адам басымды сүйеп отыр екен. Менің есім кіргенін біліп: «Ақсақал, айнаға тағы бір қара! Бірақ өз көлеңкеңе де, одан арғыларға да алаң болмай, ең арғы балаларын әлпештеп отырған ерлі-қатынды кісі мен екі балаға қара!» — деді. Айнаға қарасам, өз көлеңкемнен ары байлар, адамшылықтар, бозбалалар, асық ойнаған балалар бірінен-бірі әрі; ең әріде азар көрінген ерлі-қатынды адам екі баласын әлпештеп сүйіп, балалары да мойындарынан құшақтап, ата-анасын аймалап тұр. Сонда әлгі ақ киімді сұр кісі айтты: «Ақсақал, шын бақ – сол айнаның ең түбіндегі ата- анадағы шын махаббат пен балалардағы шын таза жүрек еді. Сол махаббат әм таза жүрек сізге де біткен еді. Соны қалдырмай, бұзбай ала жүріп, барша адам баласын өз балаң, өз бауырыңдай көріп, махаббат, ғадалат қылсаң – шын бақыт сол еді. Оны іздеп жүріп көрген бейнет, тартқан қайғы, аңшының қанша бейнетпен іздеген аңын алғанда қуанышқа айналғаны сықылды, сәудегердің пайда іздегендегі бейнеті көп пайда тапқанда қызыққа айналғаны сықылды болушы еді. Сіз ол махаббат пен ақ жүректі жолдағы жалған атақтарға айырбастап кеткенсіз. Келер басқа түрлі өміріңізде осыны қатты ескерерсіз. Өкініштен пайда жоқ, енді иманыңызды айтыңыз!» — дегенде, талып қалыппын.

Өмір-өзен Біз екеуміз бәйш

12 слайд
Өмір-өзен Біз екеуміз бәйшешектей ерте гүлдедік, Қол ұстасып, бақыт жырын шертеміз дедік. Қарсы жүріп үйренсек те қар мен жаңбырға, Бірақ қарсы тұра алмадық асау тағдырға. Қайырмасы: Жылдар, Өмірдің өзенімен, Ағады кезегімен. Сенсің көңілі ашық, Менің ғашық ғасырым. Ертеде де кеште, Тұрасың сен есте, Мен өшсем де өшпе, асылым. Алуан гүлдер шуақ шашты бүгін бақшамда, Қызғанбаймын, басқа ошақтың отын жақсаң да. Өмір мынау, бақ пен қайғы күнде жарысқан Ақ тілекпен қол бұлғайсың әркез алыстан. Жалғыз аққу таудан асып, қайтып барады, Сағынышын әнге қосып айтып барады. Сол ерке құс мұңын жалғап ерте көктемде, Мені есіңе ал, ауылыңнан ұшып өткенде.

Су астына саяхат Ойша суасты патшалығына саяхат жасау. (Оқушыларды түзу отырып, қолдарын тізесіне қойсын, аяқты айқастыруға

13 слайд
Су астына саяхат Ойша суасты патшалығына саяхат жасау. (Оқушыларды түзу отырып, қолдарын тізесіне қойсын, аяқты айқастыруға болмайды. Жайлы, баяу музыканы қою). Мұғалім: Көздеріңді жұмып, бірнеше рет демалып, дем шығарыңыздар. Денені бос ұстаңдар. Біз теңіз жалауында жүрміз деп ойлаңыз. Теңіз толқындары мен шағалалардың баяу дауыстарын естіп тұрсыз ба? Жалаң аяқ астында жұп-жұмсақ құмды сезесіз бе, теңіз үстінде алыстан бір қара нүктені байқадыңыз, ол не екен? ... ол дельфин, дельфин жүзіп сізді теңіз түбіне саяхатқа алып бару үшін келіп тұр. Жайлар оның арқасына отырып алыңыз да саяхатқа шығыңыз. Теңіз түбіне сүңгіп кеткен дельфин досыңыз сізге бар ыңғайды жасап келеді. Мөп- мөлдір суастында сіз өмірі көрмеген түрлі- түсті өсімдіктер мен балқтың бірнеше түріне тап болдыңыз. Алдыңызда үлкен балықтар өтіп жатыр, ал анау алыстағы Сегіз аяқ болады. Керемет, неткен тыныштық пен сұлулық десеңізші... Кәдімгі көк экрандағыдай көрініс. Осы жағдайда сәл бола тұрыңыз. (мұғалім бірнеше секунд үнсіз тұрады). Ал енді жоғарыдағы өз әлемімізге қайту үшін дайындалыңыздар. Жан- жағыңызға мұқият қарап алыңыз. Неткен тыныштық, неткен сұлулық, осы тыныштықтың сізге қалай әсер ететіндігін есте сақтаңыз. Дельфин жер бетіне қайтпақшы, сіз жағалауға келдіңіз. Дельфиннен түсіп, оны маңдайынан сипап, саяхат үшін оған ризашылығыңызды білдіріңіз. Бөлмеге келіп, өз орныңызға да жеттіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашасыз, бірақ осы тыныштық сезіміңізді сақтап қалуға тырысыңыз.

Үйге тапсырма: Оқулықтағы 19 бет, 1 тапсырма

14 слайд