Әдебиет теориясы мен эстетиканың негіздері

#1 слайд
1 слайд
#2 слайд
1. Әдебиет теориясының зерттеу аялары мен
проблемалары.
2. Әдебиет теориясы және фольклортану.
3. Әдебиет теориясының пәнаралық байланысы.
4. Эстетикалық ой-пікірлердің даму тарихы мен
кезеңдері.
5. Әдебиет теориясы және эстетика.
2 слайд
1. Әдебиет теориясының зерттеу аялары мен проблемалары. 2. Әдебиет теориясы және фольклортану. 3. Әдебиет теориясының пәнаралық байланысы. 4. Эстетикалық ой-пікірлердің даму тарихы мен кезеңдері. 5. Әдебиет теориясы және эстетика.
#3 слайд
Әдебиет теориясы Әдебиет теориясы – әдебиеттану ғылымының, сөз
өнерінің табиғатын, оның әдістері мен методологиясын ,
әдеби процесс , рухани-эстетикалық құндылықтар
заңдылықтарын зерттейтін саласы.
Әдебиет теориясы осы бағыттағы заңдылықтар мен
қағидаларды жүйелеп, поэтикалық, прозалық және
драмалық көркем шығармалардың табиғатын тануға
қызмет етеді. Әдебиет теориясы ұғымдар мен терминдердің,
ғылыми қағидалар мен ережелердің құрғақ жиынтығы
емес, ол – сол арқылы көркем әдебиетті барлық
қырынан жан-жақты ашып көрсетудің құралы
болып табылады.
3 слайд
Әдебиет теориясы Әдебиет теориясы – әдебиеттану ғылымының, сөз өнерінің табиғатын, оның әдістері мен методологиясын , әдеби процесс , рухани-эстетикалық құндылықтар заңдылықтарын зерттейтін саласы. Әдебиет теориясы осы бағыттағы заңдылықтар мен қағидаларды жүйелеп, поэтикалық, прозалық және драмалық көркем шығармалардың табиғатын тануға қызмет етеді. Әдебиет теориясы ұғымдар мен терминдердің, ғылыми қағидалар мен ережелердің құрғақ жиынтығы емес, ол – сол арқылы көркем әдебиетті барлық қырынан жан-жақты ашып көрсетудің құралы болып табылады.
#4 слайд
Әлемдік әдебиеттану ғылымында
қалыптасқан дәстүр бойынша, әдебиет
теориясы – зерттеу объектісіне байланысты
төрт топқа бөлінеді.
4 слайд
Әлемдік әдебиеттану ғылымында қалыптасқан дәстүр бойынша, әдебиет теориясы – зерттеу объектісіне байланысты төрт топқа бөлінеді.
#5 слайд
Әлемдік әдебиет теориясының
бастауында Аристотель мен Әбу Наср
әл-Фараби еңбектері тұр.
Аристотельдің «Поэзия өнері
туралы» трактатының, басқа да
ежелгі дәуір эстетикасы туралы
жазған еңбектерінің танымдық
қуаты мол болып табылады.
Әбу Наср әл-Фарабидың «Өлең
өнерінің қағидалары туралы
трактатының» да әдебиет
теориясы тарихында алар орны
ерекше.
5 слайд
Әлемдік әдебиет теориясының бастауында Аристотель мен Әбу Наср әл-Фараби еңбектері тұр. Аристотельдің «Поэзия өнері туралы» трактатының, басқа да ежелгі дәуір эстетикасы туралы жазған еңбектерінің танымдық қуаты мол болып табылады. Әбу Наср әл-Фарабидың «Өлең өнерінің қағидалары туралы трактатының» да әдебиет теориясы тарихында алар орны ерекше.
#6 слайд
Қазақ ғалымдарынан әдебиет теориясы
жөнінде ең алғаш құнды пікірлер айтқан
Ш.Уәлиханов болды. Ол қазақ халық
поэзиясының жанрлық түрлерін (жыр,
жоқтау өлеңі, қайым өлең, қара өлең, өлең
т.б.) жүйелеп берді.
А.Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқышы» (1926,
1989, 1991) осы саладағы іргелі ғылыми еңбек. Алайда бұл
құнды мұра алпыс жылдан астам ғылым
айналымнан тыс қалып келді. «Әдебиет
танытқыш» – қазақ ұлттық әдебиеттануы-
ның негізі, әдебиет теориясы мен әдебиет-
тану методологиясы, ұғым-терминдер мен
эстетикалық категориялар, жанрлар жүйесі
түзілген аса маңызды еңбек.
6 слайд
Қазақ ғалымдарынан әдебиет теориясы жөнінде ең алғаш құнды пікірлер айтқан Ш.Уәлиханов болды. Ол қазақ халық поэзиясының жанрлық түрлерін (жыр, жоқтау өлеңі, қайым өлең, қара өлең, өлең т.б.) жүйелеп берді. А.Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқышы» (1926, 1989, 1991) осы саладағы іргелі ғылыми еңбек. Алайда бұл құнды мұра алпыс жылдан астам ғылым айналымнан тыс қалып келді. «Әдебиет танытқыш» – қазақ ұлттық әдебиеттануы- ның негізі, әдебиет теориясы мен әдебиет- тану методологиясы, ұғым-терминдер мен эстетикалық категориялар, жанрлар жүйесі түзілген аса маңызды еңбек.
#7 слайд
Фольклор жанрларын зерттегенде екі нәрсе қатар
ескерілуі қажет.
фольклордың сөз өнері
ретінде әдебиетпен
туыстығы, жақындағы. фольклорды әдебиеттен
алшақтататын
ерекшеліктер.
Фольклор жанрларын этнографияға сүйенбей зерттеу Фольклор жанрларын этнографияға сүйенбей зерттеу
мүмкін емес. мүмкін емес.
7 слайд
Фольклор жанрларын зерттегенде екі нәрсе қатар ескерілуі қажет. фольклордың сөз өнері ретінде әдебиетпен туыстығы, жақындағы. фольклорды әдебиеттен алшақтататын ерекшеліктер. Фольклор жанрларын этнографияға сүйенбей зерттеу Фольклор жанрларын этнографияға сүйенбей зерттеу мүмкін емес. мүмкін емес.
#8 слайд
Фольклорлық жанрФольклорлық жанр
дегеніміз не?дегеніміз не?
8 слайд
Фольклорлық жанрФольклорлық жанр дегеніміз не?дегеніміз не?
#9 слайд
Жанр дегеніміз – оқиғаны, сюжеттік материалды белгілі
бір мақсатпен тұтас мазмұнды, айқын идеялы шығармаға
айналдырудың әдісі, жолы, құралы. Ойымызға дәлел
ретінде айтарымыз – бір сюжет негізінде әр түрлі жанрға
жататын бірнеше шығарманың жасалуы. Мысалға, Жүсіп
пен Зылиханың хикаятын келтіруге болады. Бұл
хикаяттың сюжеті ертегіде де, дастанда да, кейінгі
замандағы драмада да баяндалған. Сюжет – біреу, ал жанр
– бірнеше.
9 слайд
Жанр дегеніміз – оқиғаны, сюжеттік материалды белгілі бір мақсатпен тұтас мазмұнды, айқын идеялы шығармаға айналдырудың әдісі, жолы, құралы. Ойымызға дәлел ретінде айтарымыз – бір сюжет негізінде әр түрлі жанрға жататын бірнеше шығарманың жасалуы. Мысалға, Жүсіп пен Зылиханың хикаятын келтіруге болады. Бұл хикаяттың сюжеті ертегіде де, дастанда да, кейінгі замандағы драмада да баяндалған. Сюжет – біреу, ал жанр – бірнеше.
#10 слайд
Әр жанр – өзінің композицялық және көркемдік
әдісімен бұл сюжетті өзінше жырлаған. Айталық, көне
заманда Інжілге (Библияға) енген сюжет жай ғана хикаят,
мысал болатын. Кейін ол хикаялық (новеллалық) ертегіге
айналған. Орта ғасырда бұл сюжет үлкен дастан болып
жырланды. Осының бәрінде түпкі сюжет сақталған, бірақ
бірде ол қарапайым ғана баяндалса, екінші жанр-
да сюжет көптеген қосымшалар, детальдар,
эпизодтармен толығып, көлемді шығарма
ретінде көрінеді. Ал, енді бір жанрда (мәселен,
драмада) сюжет басқа элементтер мен компоненттер
арқылы баяндалған. Демек, әр жанр өзіне тиісті әдіспен
белгілі сюжетті басқа шығармаға айналдырады.
Мұндай мысалды көптеп келтіруге болады.
10 слайд
Әр жанр – өзінің композицялық және көркемдік әдісімен бұл сюжетті өзінше жырлаған. Айталық, көне заманда Інжілге (Библияға) енген сюжет жай ғана хикаят, мысал болатын. Кейін ол хикаялық (новеллалық) ертегіге айналған. Орта ғасырда бұл сюжет үлкен дастан болып жырланды. Осының бәрінде түпкі сюжет сақталған, бірақ бірде ол қарапайым ғана баяндалса, екінші жанр- да сюжет көптеген қосымшалар, детальдар, эпизодтармен толығып, көлемді шығарма ретінде көрінеді. Ал, енді бір жанрда (мәселен, драмада) сюжет басқа элементтер мен компоненттер арқылы баяндалған. Демек, әр жанр өзіне тиісті әдіспен белгілі сюжетті басқа шығармаға айналдырады. Мұндай мысалды көптеп келтіруге болады.
#11 слайд
Жанрдың ерекшелігі шығарманың бүкіл көркемдік
болмысын айқындайды. Бір сюжет бірнеше жанрда әр
түрлі шығарма береді. Ол шығармалардың көркемдік
сипаты, эмоциялық күш-қуаты жанрдың қасиеттеріне
байланысты. Көркем шығармашылықтағы бұл
құбылысты кезінде академик В.В.Виноградов өте дәл
байқаған. Жалпы, әдебиетте де, фольклор-
да да, өнерде де бір сюжет бірнеше жанр-
да әр түрлі шығарма болып көрінетіні –
заңдылық. Осыған орай ойға оралатын
тағы бір нәрсе – сюжет бұрын пайда бо-
ла ма, әлде жанр бұрын туа ма? – деген
мәселе.
11 слайд
Жанрдың ерекшелігі шығарманың бүкіл көркемдік болмысын айқындайды. Бір сюжет бірнеше жанрда әр түрлі шығарма береді. Ол шығармалардың көркемдік сипаты, эмоциялық күш-қуаты жанрдың қасиеттеріне байланысты. Көркем шығармашылықтағы бұл құбылысты кезінде академик В.В.Виноградов өте дәл байқаған. Жалпы, әдебиетте де, фольклор- да да, өнерде де бір сюжет бірнеше жанр- да әр түрлі шығарма болып көрінетіні – заңдылық. Осыған орай ойға оралатын тағы бір нәрсе – сюжет бұрын пайда бо- ла ма, әлде жанр бұрын туа ма? – деген мәселе.
#12 слайд
Фольклордағы сюжет дегеніміз – фольклорлық
шығарманың негізгі оқиғалық қаңқасы, өзегі. Ол
шығармадан бұрын пайда болып, одан тыс өмір сүре
алады. Көркем шығармада, әсіресе фольклорда, сюжет
көбінесе болмыстың өзінен пайда болады, ойдан да
шығарылады. Сюжет – бір ізге түсіп, тұрақталған оқиға
десе де болады. Кез келген оқиға сюжет бола бермейді.
Сюжет болу үшін оқиға бірден-бірге тарап, фольклорлық
сипат алуы керек. Сөйтіп тұрақталған сюжетке, содан
кейін шығармаға айналады. Ал, шығармаға айналу үшін
жанрдың әдісі мен тәсілі қажет. Демек, тұрақталған сюжет
белгілі бір жанр аясында ғана көркем шығарма бола
алады. Көркем шығарманың жалпы желісі фабула болмақ.
12 слайд
Фольклордағы сюжет дегеніміз – фольклорлық шығарманың негізгі оқиғалық қаңқасы, өзегі. Ол шығармадан бұрын пайда болып, одан тыс өмір сүре алады. Көркем шығармада, әсіресе фольклорда, сюжет көбінесе болмыстың өзінен пайда болады, ойдан да шығарылады. Сюжет – бір ізге түсіп, тұрақталған оқиға десе де болады. Кез келген оқиға сюжет бола бермейді. Сюжет болу үшін оқиға бірден-бірге тарап, фольклорлық сипат алуы керек. Сөйтіп тұрақталған сюжетке, содан кейін шығармаға айналады. Ал, шығармаға айналу үшін жанрдың әдісі мен тәсілі қажет. Демек, тұрақталған сюжет белгілі бір жанр аясында ғана көркем шығарма бола алады. Көркем шығарманың жалпы желісі фабула болмақ.
#13 слайд
Фабула – сюжеттің дамыған, тарамданған, көлемді
түрі. Осы ойды академик В.Виноградов та айтады. Ол
«фабульное развитие сюжета» деген тіркесті қолданады.
Ендеше, фольклордағы сюжет – шығарманың оқиғалық
қаңқасы, ал фабула – оның ұзын ырғасы. Жанр мен сюжеттің
ара қатынасына байланысты шығатын сауал – жанр болу
үшін сюжет міндетті ме? Әдебиетті былай
қойып, фольклорға келетін болсақ, жұмбақ,
мақал-мәтел, нақыл сөз, қайым айтыс, қара
өлең жанрларында сюжет оқиға ретінде ыл-
ғи да көрінеді деп айта алмаймыз. Олай бол-
са, фольклорлық жанрлардың тағы бір ерекшелігі –
шығарманың тұрақты түрдегі бір ситуацияда айтылуын
қажет етуі.
13 слайд
Фабула – сюжеттің дамыған, тарамданған, көлемді түрі. Осы ойды академик В.Виноградов та айтады. Ол «фабульное развитие сюжета» деген тіркесті қолданады. Ендеше, фольклордағы сюжет – шығарманың оқиғалық қаңқасы, ал фабула – оның ұзын ырғасы. Жанр мен сюжеттің ара қатынасына байланысты шығатын сауал – жанр болу үшін сюжет міндетті ме? Әдебиетті былай қойып, фольклорға келетін болсақ, жұмбақ, мақал-мәтел, нақыл сөз, қайым айтыс, қара өлең жанрларында сюжет оқиға ретінде ыл- ғи да көрінеді деп айта алмаймыз. Олай бол- са, фольклорлық жанрлардың тағы бір ерекшелігі – шығарманың тұрақты түрдегі бір ситуацияда айтылуын қажет етуі.
#14 слайд
Аристотельдің «Поэтикасы» – әдебиет
туралы ғылыми зерттеу, ғылыми трактат.
Мұндағы пікірлер, байламдар,
қорытындылар дәлелсіз емес, олар
шығармашылық тәжірибе негізінде туған,
сол замандағы әдебиетке берілген
объективті баға. Мұнда әде-
биет теориясы, әдебиет тарихы, әдебиет
сынына қатысты өзекті, өнімді ойлар
мол. «Поэтика» қысқа, шағын 26 тарау-
дан тұрады. Аристотель өнер салаларын
өмір құбылыстарының қай қырын ала-
тындығына, қалай, қандай құралмен
бейнелейтіндігіне байланысты жіктейді.
14 слайд
Аристотельдің «Поэтикасы» – әдебиет туралы ғылыми зерттеу, ғылыми трактат. Мұндағы пікірлер, байламдар, қорытындылар дәлелсіз емес, олар шығармашылық тәжірибе негізінде туған, сол замандағы әдебиетке берілген объективті баға. Мұнда әде- биет теориясы, әдебиет тарихы, әдебиет сынына қатысты өзекті, өнімді ойлар мол. «Поэтика» қысқа, шағын 26 тарау- дан тұрады. Аристотель өнер салаларын өмір құбылыстарының қай қырын ала- тындығына, қалай, қандай құралмен бейнелейтіндігіне байланысты жіктейді.
#15 слайд
Бұл – кейінгі ғылымның дамуындағы
классификациялардың көбіне негіз болған принцип. Әдебиет
жанрлары эпос, лирика, драмалық шығармаға қажетті
компоненттер
Әрекет
Характер
Фабула-сюжет
Декорация Ой
Музыкалық композиция
Біздің эрамызға дейінгі ІV ғасырда айтылған осы пікір
күні бүгінге дейін маңызды. Шынында, спектакль алты
түрлі шарт, алты түрлі талаптың ұласуынан шығады.
15 слайд
Бұл – кейінгі ғылымның дамуындағы классификациялардың көбіне негіз болған принцип. Әдебиет жанрлары эпос, лирика, драмалық шығармаға қажетті компоненттер Әрекет Характер Фабула-сюжет Декорация Ой Музыкалық композиция Біздің эрамызға дейінгі ІV ғасырда айтылған осы пікір күні бүгінге дейін маңызды. Шынында, спектакль алты түрлі шарт, алты түрлі талаптың ұласуынан шығады.
#16 слайд
Көркем шығарма мен оқырман арасындағы
қарым-қатынас, оқырманның көркем
шығарманы қабылдау процесіне байланысты
пікірлер бар. Бір-біріне бейтаныс, кейуана
жандар тартысқаннан гөрі, бала мен әке, қыз
бен шеше, туысқан мен туысқан арасындағы
айтысты бейнелеу әсерлі болмақ. Бұл ретте
Эсхилдің «Эдип патша» трагедиясына
тоқталады. «Поэтикада» перипетия деген ұғым
қолданылады. Ол оқиғаның даму барысында күтпеген
жерден кілт бұрылу, бұрын жақын деп жүрген, сырын айтқан
жанның жат болып шығуы, алысым, жауым, дұшпаным деп
жүрген адамның ет бауыр досы болып шығуы, шырғалаң
мағынасында.
16 слайд
Көркем шығарма мен оқырман арасындағы қарым-қатынас, оқырманның көркем шығарманы қабылдау процесіне байланысты пікірлер бар. Бір-біріне бейтаныс, кейуана жандар тартысқаннан гөрі, бала мен әке, қыз бен шеше, туысқан мен туысқан арасындағы айтысты бейнелеу әсерлі болмақ. Бұл ретте Эсхилдің «Эдип патша» трагедиясына тоқталады. «Поэтикада» перипетия деген ұғым қолданылады. Ол оқиғаның даму барысында күтпеген жерден кілт бұрылу, бұрын жақын деп жүрген, сырын айтқан жанның жат болып шығуы, алысым, жауым, дұшпаным деп жүрген адамның ет бауыр досы болып шығуы, шырғалаң мағынасында.
#17 слайд
ХІХ ғасырдағы орыстың революционер-демократтары
дүние жүзілік эстетикалық ойды айрықша бағалы
туындылармен байытты.В.Г.Белинский объективті
идеализмнен бірте-бірте материализмге қарай өту
жолының эволюциясын бастан кешірді. Әсіресе, ұлы
сыншының 40-жылдардан кейін жазған еңбектерінде
материалистік арқау күшті. «1847 жылғы орыс
әдебиетіне көзқарас» дейтін мақаласында «Өнер өнер
үшін» теориясының негізсіздігін, схоластикамен
шатасып жатқандығын дәлелдейді. «Таза, қырынған
яки философтар айтпақшы, жып-жылмағай абсолюттік
өнер ешқашан, еш жерде болған емес», – деген
байламын Белинский орыс әдебиетінен, Тургенев,
Гоголь шығармаларынан мысал алып бекітеді.
17 слайд
ХІХ ғасырдағы орыстың революционер-демократтары дүние жүзілік эстетикалық ойды айрықша бағалы туындылармен байытты.В.Г.Белинский объективті идеализмнен бірте-бірте материализмге қарай өту жолының эволюциясын бастан кешірді. Әсіресе, ұлы сыншының 40-жылдардан кейін жазған еңбектерінде материалистік арқау күшті. «1847 жылғы орыс әдебиетіне көзқарас» дейтін мақаласында «Өнер өнер үшін» теориясының негізсіздігін, схоластикамен шатасып жатқандығын дәлелдейді. «Таза, қырынған яки философтар айтпақшы, жып-жылмағай абсолюттік өнер ешқашан, еш жерде болған емес», – деген байламын Белинский орыс әдебиетінен, Тургенев, Гоголь шығармаларынан мысал алып бекітеді.
#18 слайд
Чернышевский өзінің әйгілі «Өнердің
болмысқа эстетикалық қатынасы» ат-
ты магистрлік диссертациясында
идеалистік эстетиканың негізгі тезисі –
өнер әсемдікті бейнелейді, әсемдік адам
санасында, адам ойында ғана деген кон-
цепцияға қарсы шықты. Материалист Чернышевский
әсемдіктің болмыспен, табиғатпен, өмірмен кіндіктестігін,
әсемдік әр түрлі ұғынылатынын дәлелдейді. Оның
тұжырымдауы бойынша, өнер пәні – өмір, кісіні адам
ретінде қызықтыратын нәрсенің бәрі әдебиеттің мазмұны
болмақ. Әдебиет мақсаты: Өмір құбылыстарын
бейнелеу,өмір құбылыстарына баға беру, өмір
құбылыстарына кесік-билік айту.
18 слайд
Чернышевский өзінің әйгілі «Өнердің болмысқа эстетикалық қатынасы» ат- ты магистрлік диссертациясында идеалистік эстетиканың негізгі тезисі – өнер әсемдікті бейнелейді, әсемдік адам санасында, адам ойында ғана деген кон- цепцияға қарсы шықты. Материалист Чернышевский әсемдіктің болмыспен, табиғатпен, өмірмен кіндіктестігін, әсемдік әр түрлі ұғынылатынын дәлелдейді. Оның тұжырымдауы бойынша, өнер пәні – өмір, кісіні адам ретінде қызықтыратын нәрсенің бәрі әдебиеттің мазмұны болмақ. Әдебиет мақсаты: Өмір құбылыстарын бейнелеу,өмір құбылыстарына баға беру, өмір құбылыстарына кесік-билік айту.
#19 слайд
Революционер - демократ Добролюбов «Тылсым түнек»
атты мақаласында Островский пьесаларын
талдау үстінде шығармашылық
психологиясына қатысты өнімді, қызықты
ойлар айтады, дүниетаным мәселесін сөз
етеді. Суреткер қашанда сезімнен,
алғашқы әсерден, лып еткен оттан
тұтанады, ал ғалым үшін факт, дерек ең
маңызды нәрсе – оның қозғалуы, жылжуы
қиын. Рас екеуінің де объектісі – болмыс. Бірақ
суреткер туындысы жанды, нақты. Сондықтан жалпы
ұғыммен суреткер сезімі тоғысқанда ғана сәтті шығарма
туса керек.
19 слайд
Революционер - демократ Добролюбов «Тылсым түнек» атты мақаласында Островский пьесаларын талдау үстінде шығармашылық психологиясына қатысты өнімді, қызықты ойлар айтады, дүниетаным мәселесін сөз етеді. Суреткер қашанда сезімнен, алғашқы әсерден, лып еткен оттан тұтанады, ал ғалым үшін факт, дерек ең маңызды нәрсе – оның қозғалуы, жылжуы қиын. Рас екеуінің де объектісі – болмыс. Бірақ суреткер туындысы жанды, нақты. Сондықтан жалпы ұғыммен суреткер сезімі тоғысқанда ғана сәтті шығарма туса керек.
#20 слайд
Кезінде ғылыми айтыстарға мұрындық болған А.
Буровтың «Өнердің эстетикалық мәні»
(1965 ж.) кітабы эстетикадағы соны
табыстардың бірі еді. Монография-
дағы басты проблема – өнердің пәнін
айқындау, идеологияның өзге салала-
рымен, ғылыммен салыстырғанда
оның айырмашылығы, туыстығы қандай – соларды
көрсету. А.Буров ғылым мен өнердің пәні бір деген
пікірге қарсы. Оның тұжырымында, өнер пәні –
қоғамдық адам, ғылым пәні – жалпы болмыс.
20 слайд
Кезінде ғылыми айтыстарға мұрындық болған А. Буровтың «Өнердің эстетикалық мәні» (1965 ж.) кітабы эстетикадағы соны табыстардың бірі еді. Монография- дағы басты проблема – өнердің пәнін айқындау, идеологияның өзге салала- рымен, ғылыммен салыстырғанда оның айырмашылығы, туыстығы қандай – соларды көрсету. А.Буров ғылым мен өнердің пәні бір деген пікірге қарсы. Оның тұжырымында, өнер пәні – қоғамдық адам, ғылым пәні – жалпы болмыс.
#21 слайд
Эстетиканың бір
бұтағы – әдебиеттану
ғылымының үш
саласы бар
әдебиет
теориясы
әдебиет
тарихы әдебиет
сыны
21 слайд
Эстетиканың бір бұтағы – әдебиеттану ғылымының үш саласы бар әдебиет теориясы әдебиет тарихы әдебиет сыны
#22 слайд
Әдебиет теориясының қарастыратыны – көркем
әдебиеттің әлеуметтік мәні, халықтық
сипаты, қоғамға жасайтын ықпалы.
Ол ғылыми зерттеудің методология-
лық негіздерін ұсынады, талдаудың
принциптерін көрсетеді. Тұтас алған-
да, әдебиет теориясын әдебиет тану
ғылымының көшбасшысы десе де бол-
ғандай.
22 слайд
Әдебиет теориясының қарастыратыны – көркем әдебиеттің әлеуметтік мәні, халықтық сипаты, қоғамға жасайтын ықпалы. Ол ғылыми зерттеудің методология- лық негіздерін ұсынады, талдаудың принциптерін көрсетеді. Тұтас алған- да, әдебиет теориясын әдебиет тану ғылымының көшбасшысы десе де бол- ғандай.
#23 слайд
Әдебиет тарихы бір халықтың әдебиетін тарихи
процесс ретінде алып зерттейді. Мұнда жеке
фактілер ғана емес, негізінен әдебиеттегі күрделі
құбылыстар, ағым, бағыттар тексерілмек. Әдебиет
тарихы қашанда халықтық қоғамдық, азаматтық
тарихымен сабақтас, әдебиет тарихының жасалуы –
халықтың марқаюы, халықтың өрге шығуы,
халықтың кәмелетке шығуының белгісі.
Әдебиетінің тарихы жоқ халық – ержетпеген,
марқаймаған халық.
23 слайд
Әдебиет тарихы бір халықтың әдебиетін тарихи процесс ретінде алып зерттейді. Мұнда жеке фактілер ғана емес, негізінен әдебиеттегі күрделі құбылыстар, ағым, бағыттар тексерілмек. Әдебиет тарихы қашанда халықтық қоғамдық, азаматтық тарихымен сабақтас, әдебиет тарихының жасалуы – халықтың марқаюы, халықтың өрге шығуы, халықтың кәмелетке шығуының белгісі. Әдебиетінің тарихы жоқ халық – ержетпеген, марқаймаған халық.
#24 слайд
24 слайд
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген