Айтыс өнері және оның түрлері
Айтыс өнері және оның түрлері

#1 слайд
Сабақтың тақырыбы
Айтыс – қазақ халқының төл мұрасы.
"Біржан-Сара" айтысы. Көркемдік
ерекшелігі.
1 слайд
Сабақтың тақырыбы Айтыс – қазақ халқының төл мұрасы. "Біржан-Сара" айтысы. Көркемдік ерекшелігі.
#2 слайд
Оқу мақсаты:
•9.1.3.1 көркем шығарманың идеясына сай
кейіпкерлер жүйесін анықтау;
Сабақтың мақсаты:
•Көркем шығарманың идеясына сай
кейіпкерлер жүйесін анықтау;
2 слайд
Оқу мақсаты: •9.1.3.1 көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтау; Сабақтың мақсаты: •Көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтау;
#3 слайд
Айтыс – қазақ халқының төл мұрасы
Айтыс – халық ауыз әдебиетінің ең мол да ерекше
саласы. Айтыс жанры қазақ ауыз әдебиетінде сапасы
жағынан да, саны жағынан да ерекше орын алады.
3 слайд
Айтыс – қазақ халқының төл мұрасы Айтыс – халық ауыз әдебиетінің ең мол да ерекше саласы. Айтыс жанры қазақ ауыз әдебиетінде сапасы жағынан да, саны жағынан да ерекше орын алады.
#4 слайд
•Қазақ халқының ауыз әдебиетінде
айтыстың бірнеше түрі бар:
•1. Бәдік айтысы.
•2. Жар-жар.
•3. Жануар мен адамның айтысы.
•4. Өлі мен тірінің айтысы
•5. Жұмбақ айтысы.
•6. Салт айтысы: 1) қыз бен жігіт айтысы; 2)
ақындар айтысы.7. Осы күнгі айтыстар.
4 слайд
•Қазақ халқының ауыз әдебиетінде айтыстың бірнеше түрі бар: •1. Бәдік айтысы. •2. Жар-жар. •3. Жануар мен адамның айтысы. •4. Өлі мен тірінің айтысы •5. Жұмбақ айтысы. •6. Салт айтысы: 1) қыз бен жігіт айтысы; 2) ақындар айтысы.7. Осы күнгі айтыстар.
#5 слайд
•Бәдік айтысы – айтыстың ең көне түрі. Ерте
заманда адамдар мал ауруының да, адам дертінің
де иесі бар деп ойлап, сол дерттен құтылу жолын
іздеген. Ескі наным-сенімге байланысты дерттен
құтылудың жолы – үшкіру, шақыру деп есептеген.
Түрлі аурумен ауырған малды «бәдік» арқылы
үркіту үшін кешқұрым ауыл жастары жиналып,
кеш өткізген, өлең сөзбен малға келген індетті
көшіруге әрекеттенген. Келе-келе айтыстың бұл
түрі жастардың әзіл-қалжың ойын айтысына,
сауық кешіне айналды.
5 слайд
•Бәдік айтысы – айтыстың ең көне түрі. Ерте заманда адамдар мал ауруының да, адам дертінің де иесі бар деп ойлап, сол дерттен құтылу жолын іздеген. Ескі наным-сенімге байланысты дерттен құтылудың жолы – үшкіру, шақыру деп есептеген. Түрлі аурумен ауырған малды «бәдік» арқылы үркіту үшін кешқұрым ауыл жастары жиналып, кеш өткізген, өлең сөзбен малға келген індетті көшіруге әрекеттенген. Келе-келе айтыстың бұл түрі жастардың әзіл-қалжың ойын айтысына, сауық кешіне айналды.
#6 слайд
Айтыстың көнеден келе жатқан тағы
бір түрі – жар-жар. Ұзату тойы үстінде
екі мақсатпен:
1)ұзатылып бара жатқан қыздың
мұң-зары түрінде;
2)ұзатылатын қызды жұбату
сарынында айтылған. Жар-жар
айтысының негізгі көркемдік тәсілі
– пихологиялық параллелизм – екі
құбылыстың ұқсас жақтарын
параллель етіп қою.
6 слайд
Айтыстың көнеден келе жатқан тағы бір түрі – жар-жар. Ұзату тойы үстінде екі мақсатпен: 1)ұзатылып бара жатқан қыздың мұң-зары түрінде; 2)ұзатылатын қызды жұбату сарынында айтылған. Жар-жар айтысының негізгі көркемдік тәсілі – пихологиялық параллелизм – екі құбылыстың ұқсас жақтарын параллель етіп қою.
#7 слайд
•Қазақ халқының өмірінен, тұрмыс-
тіршілігінен төрт түлік мал ерекше орын
алған. Төрт түліктің адам өміріндегі маңызы
халық ауыз әдебиетіндегі айтыс жанрының
бір түрі жануарлар мен адамның
айтысында көрсетілген.
Жануар мен адамның айтысы
7 слайд
•Қазақ халқының өмірінен, тұрмыс- тіршілігінен төрт түлік мал ерекше орын алған. Төрт түліктің адам өміріндегі маңызы халық ауыз әдебиетіндегі айтыс жанрының бір түрі жануарлар мен адамның айтысында көрсетілген. Жануар мен адамның айтысы
#8 слайд
•Айтыстардың ішінде ерекше орын алатын
түрі – жұмбақ айтысы. Бәдік, жар-жар,
жануарлар мен адамның айтысына
қарағанда жұмбақ айтысы адамның сана-
сезімінің, таным-түсінігінің даму, өсу,
табиғаттың әр түрлі құбылыстарын танып-
білу кезінде туған. Жұмбақ айтысына
«Сапарғали мен Нұржан», «Әсет пен
Ырысжан», «Қожахмет пен Әубәкір»
айтыстары жатады.
8 слайд
•Айтыстардың ішінде ерекше орын алатын түрі – жұмбақ айтысы. Бәдік, жар-жар, жануарлар мен адамның айтысына қарағанда жұмбақ айтысы адамның сана- сезімінің, таным-түсінігінің даму, өсу, табиғаттың әр түрлі құбылыстарын танып- білу кезінде туған. Жұмбақ айтысына «Сапарғали мен Нұржан», «Әсет пен Ырысжан», «Қожахмет пен Әубәкір» айтыстары жатады.
#9 слайд
Айтыс жанрының ең көлемді де көркем түрі – салт айтысы.
Салт айтысы ХІХ ғасырда кең түрде дамыған. Осы кезеңде
өмір сүрген Шөже, Балта, Орынбай, Кемпірбай, Тезекбай,
Сүйінбай, Түбек, Омарқұл, Тәбия, Мұрат, Сүгір, Жаскілең,
Біржан, Сара сияқты айтыс өкілдері сөз таластырып,
айтысқа түскен. Салт айтысы екіге бөлінеді: 1) қыз бен
жігіт айтысы; 2) ақындар айтысы.Қыз бен жігіт айтысына
«Омарқұл мен Тәбияның», «Біржан мен Сараның»,
«Жамбыл мен Салиханың», «Кенен мен Ләтипаның»,
«Сүйінбай мен Күнбаланың» айтыстары жатады.Ақындар
айтысына «Сүйінбай мен Тезектің», «Құлмамбет пен
Түбектің», «Шөже мен Балтаның», «Шөже мен
Кемпірбайдың», «Шөже мен Орынбайдың», «Жанақ пен
Шөженің», «Біржан мен Сараның» айтыстары жатады.
9 слайд
Айтыс жанрының ең көлемді де көркем түрі – салт айтысы. Салт айтысы ХІХ ғасырда кең түрде дамыған. Осы кезеңде өмір сүрген Шөже, Балта, Орынбай, Кемпірбай, Тезекбай, Сүйінбай, Түбек, Омарқұл, Тәбия, Мұрат, Сүгір, Жаскілең, Біржан, Сара сияқты айтыс өкілдері сөз таластырып, айтысқа түскен. Салт айтысы екіге бөлінеді: 1) қыз бен жігіт айтысы; 2) ақындар айтысы.Қыз бен жігіт айтысына «Омарқұл мен Тәбияның», «Біржан мен Сараның», «Жамбыл мен Салиханың», «Кенен мен Ләтипаның», «Сүйінбай мен Күнбаланың» айтыстары жатады.Ақындар айтысына «Сүйінбай мен Тезектің», «Құлмамбет пен Түбектің», «Шөже мен Балтаның», «Шөже мен Кемпірбайдың», «Шөже мен Орынбайдың», «Жанақ пен Шөженің», «Біржан мен Сараның» айтыстары жатады.
#10 слайд
•Қазақ халқының ақындар
айтысының ішіндегі ең үздігі –
«Біржан мен Сара» айтысы.
«Біржан – Сара» айтысы
айтыстың екі түрін де: қыз бен
жігіт айтысын да, ақындар
айтысын да қамтиды. Айтыс
ақындары Біржан да, Сара да
тарихтан белгілі, көпке мәлім
адамдар болған.
10 слайд
•Қазақ халқының ақындар айтысының ішіндегі ең үздігі – «Біржан мен Сара» айтысы. «Біржан – Сара» айтысы айтыстың екі түрін де: қыз бен жігіт айтысын да, ақындар айтысын да қамтиды. Айтыс ақындары Біржан да, Сара да тарихтан белгілі, көпке мәлім адамдар болған.
#11 слайд
Сара Тастанбекқызы
Жетісу өңірінен шыққан, әнші, ақын, күйші, сауықшыл қауым
ортасында өскен, жастайынан домбыра алып, ән салып, «домбыра ап
он үшінен сөз сөйлеген» талант иесі болған. Сара Тастанбекқызы –
талай ақындармен сөз жарысына түсіп, оза шауып бәйге алған ерен
жүйрік ақын. Бұл туралы Сараның:Белгілі қанша жұртқа атым –
Сара,Ішінен ер Қаптағай шықтым дара.Домбыра ап он үшімнен сөз
сөйледім,Келемін бір сүрінбей жеке-дара, –деген сөзінен көруге болады.
11 слайд
Сара Тастанбекқызы Жетісу өңірінен шыққан, әнші, ақын, күйші, сауықшыл қауым ортасында өскен, жастайынан домбыра алып, ән салып, «домбыра ап он үшінен сөз сөйлеген» талант иесі болған. Сара Тастанбекқызы – талай ақындармен сөз жарысына түсіп, оза шауып бәйге алған ерен жүйрік ақын. Бұл туралы Сараның:Белгілі қанша жұртқа атым – Сара,Ішінен ер Қаптағай шықтым дара.Домбыра ап он үшімнен сөз сөйледім,Келемін бір сүрінбей жеке-дара, –деген сөзінен көруге болады.
#12 слайд
Біржан сал Қожағұлұлы – Көкшетау
өңірінде туып-өскен, Ақан, Жаяу
Мұса, Балуан Шолақ, Естай сияқты
өнерпаздарды тәрбиелеп шығарған
танымал тұлға. Біржан – қазақ
халқының кемеңгер, үздік әнші,
ақыны. Ол ұлы Абаймен кездескен,
пікірлес, сыйлас болған. Біржан
Сарамен айтысында Абайды пір тұта,
мақтан ете сөйлеген. Біржанның
Сарамен айтысы бүкіл халық игілігі,
халықтың сүйіп тыңдайтын өлеңі
болған. Біржан Жетісу өңіріне аты
шыққан ақын Сараны арнайы іздеп
келіп айтысқан.
12 слайд
Біржан сал Қожағұлұлы – Көкшетау өңірінде туып-өскен, Ақан, Жаяу Мұса, Балуан Шолақ, Естай сияқты өнерпаздарды тәрбиелеп шығарған танымал тұлға. Біржан – қазақ халқының кемеңгер, үздік әнші, ақыны. Ол ұлы Абаймен кездескен, пікірлес, сыйлас болған. Біржан Сарамен айтысында Абайды пір тұта, мақтан ете сөйлеген. Біржанның Сарамен айтысы бүкіл халық игілігі, халықтың сүйіп тыңдайтын өлеңі болған. Біржан Жетісу өңіріне аты шыққан ақын Сараны арнайы іздеп келіп айтысқан.
#13 слайд
•Айтыста екі ақын да өздерінің сөз шеберлері екенін
көрсете білген. Өздерін таныстыру барысында:
«Қырандай желді күнгі аспандаймын», «Мойыным
сұңғағындай жүзген қудың», «Лебізім шырынындай
шәрбат судың», «Тамағым жас баланың білегіндей», т.б.
теңеулер мен «Ақиық мұзбалақпын жерге түспес»,
«Найманда екі жүзді наркескенмін», «Ұшырған
тәрбиелеп ақ тұйғынмын», т.б. метафораларды тиімді
қолданған. «Біржан мен Сара» айтысының тақырыбы –
әйел теңдігі, қазақ әйелдерінің бас бостандығы. Осы
тақырыпты батыл көтерген Біржан Сараның басына
бостандық алып береді. Өнері мен ақындығы жағынан
Біржанға тең түскен Сараның осал жері ұзатылатын
күйеуінің кемтарлығы еді. Біржан да Сараны осы жерден
сүріндіреді.
13 слайд
•Айтыста екі ақын да өздерінің сөз шеберлері екенін көрсете білген. Өздерін таныстыру барысында: «Қырандай желді күнгі аспандаймын», «Мойыным сұңғағындай жүзген қудың», «Лебізім шырынындай шәрбат судың», «Тамағым жас баланың білегіндей», т.б. теңеулер мен «Ақиық мұзбалақпын жерге түспес», «Найманда екі жүзді наркескенмін», «Ұшырған тәрбиелеп ақ тұйғынмын», т.б. метафораларды тиімді қолданған. «Біржан мен Сара» айтысының тақырыбы – әйел теңдігі, қазақ әйелдерінің бас бостандығы. Осы тақырыпты батыл көтерген Біржан Сараның басына бостандық алып береді. Өнері мен ақындығы жағынан Біржанға тең түскен Сараның осал жері ұзатылатын күйеуінің кемтарлығы еді. Біржан да Сараны осы жерден сүріндіреді.
#14 слайд
1-тапсырма
•Біржан мен Сара айтысының көркемдік ерекшелігі:
•1.Салыстырмалы анализ:Біржан мен Сара айтысының басқа
қазақ айтыстарымен салыстырып,олардың ұқсастықтары мен
айырмашылықтарын көрсету.
•2.Тақырыптық зерттеу:Айтыста көтерілген мәселелердің
қазіргі өмірмен байланысын анықтау.
•3.Эмоционалдық әсер:Айтыс мәтінінен алынған үзінділер
арқылы тыңдаушыға әсер ететін көркем образдарды
талдап,олардың эмоционалдық әсерін көрсету.
•4.Сын мақаласы:Айтыстың мәні мен
маңыздылығын,көркемдік ерекшелігін бағалайтын сын
мақала жазу.(100 сөз)
14 слайд
1-тапсырма •Біржан мен Сара айтысының көркемдік ерекшелігі: •1.Салыстырмалы анализ:Біржан мен Сара айтысының басқа қазақ айтыстарымен салыстырып,олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсету. •2.Тақырыптық зерттеу:Айтыста көтерілген мәселелердің қазіргі өмірмен байланысын анықтау. •3.Эмоционалдық әсер:Айтыс мәтінінен алынған үзінділер арқылы тыңдаушыға әсер ететін көркем образдарды талдап,олардың эмоционалдық әсерін көрсету. •4.Сын мақаласы:Айтыстың мәні мен маңыздылығын,көркемдік ерекшелігін бағалайтын сын мақала жазу.(100 сөз)
#15 слайд
2-тапсырма. “Көркем сөздер тізімі”
•Айтыстан ұнаған көркем сөздер мен
тіркестерді жинап,олардың мағынасын
түсіндіру.
15 слайд
2-тапсырма. “Көркем сөздер тізімі” •Айтыстан ұнаған көркем сөздер мен тіркестерді жинап,олардың мағынасын түсіндіру.
#16 слайд
Үйге тапсырма
72-73 бет,5-тапсырма
16 слайд
Үйге тапсырма 72-73 бет,5-тапсырма
шағым қалдыра аласыз













