Материалдар / Айтыс түрлері
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Айтыс түрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
Окушыларға берілетін сабақ.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Желтоқсан 2019
1198
8 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Айтыс түрлері

1 слайд
Айтыс түрлері

Жоспар: ▪ Жар – жар айтысы; ▪ Бәдік айтысы; ▪ Жұмбақ айтысы; ▪ Өлі мен тірінің айтысы; ▪ Жануарлар мен иесінің айтысы; ▪ Салт ай

2 слайд
Жоспар: ▪ Жар – жар айтысы; ▪ Бәдік айтысы; ▪ Жұмбақ айтысы; ▪ Өлі мен тірінің айтысы; ▪ Жануарлар мен иесінің айтысы; ▪ Салт айтысы; ▪ Осы күнгі айтыс;

3 слайд

4 слайд

5 слайд

Жұмбақ айтысы: ▪ Жұмбақ Айтыс – айтыс жанрының бір түрі. Онда табиғат құбылыстары, адам , жан-жануар , қоғам тіршілігінде

6 слайд
Жұмбақ айтысы: ▪ Жұмбақ Айтыс –  айтыс  жанрының бір түрі.  Онда  табиғат  құбылыстары,  адам ,  жан-жануар , қоғам тіршілігіндегі көріністерді жұмбақтау арқылы өнер бәсекесіне түскен әріптестер бір-бірінің ақыл-парасаты мен ой-түсінігін сынап, сөзден тосып, тізе бүктіруді көздейді.  Жұмбақ  айтыстың ең алғашқы түрі – қыз бен жігіт қайымдасуларында бір-біріне тосыннан сұрақ қойып, оған қолма-қол жауап қайыруды өзара мақсат еткендіктен, көбінесе олардың жауаптасулары барынша жинақы, терең мағыналы болып келеді. Қайым айтыстарының бір топ үлгілерінде (аты-жөні мәлімсіз көптеген қыз бен жігіт қайымдасулары, “Ұлбике мен Күдері қожа айтысы”, тағы басқа) қойылатын бір-екі ауыз  жұмбақ  айтыс тағдырын үзілді-кесілді шеше алмайды, көбінесе, қарсыласын оқыстан тосып тоқтатудың көп тәсілдерінің бірі ғана.

7 слайд

Өлі мен тірінің айтысы: ▪ Ақбала мен Боздақ — салт айтысының үлгісі, өлі мен тірінің айтысы. Авторы туралы еш дерек жоқ. Ал

8 слайд
Өлі мен тірінің айтысы: ▪ Ақбала мен Боздақ  — салт  айтысының  үлгісі, өлі мен тірінің айтысы. Авторы туралы еш дерек жоқ. Алғаш ел аузынан жазып алып, бастырған  В. Радлов . Он бір буынды қара өлең үлгісімен келетін айтыс, бірін-бірі сүйген екі жас — Ақбала мен Боздақтың алма кезек жауаптасуынан тұрады. Айтыс мазмұны екі ғашықтың бас қосқанын біліп қойған қыз әкесінің “қызымды бермеймін” деп үдере көшуінен басталады. Олар алыс көшіп кеткен соң, Боздақты әкесі бұрынғы айттырған қайнына жібереді. Жігіт қайтып Ақбаланың жеріне келсе, ол қайтыс болыпты. Айтыс Ақбала мен Боздақтың, өлі мен тірінің жауаптасуына құрылған. Айтыста әлеуметтік теңсіздік, әділетсіздік, екі жастың бір-біріне сүйіспеншілігі көркем көрініс тапқан. Айтыс “Түркі халықтары әдебиетінің нұсқаларында” (ІІ-том. С.Петербург, 1870 жылы, бастырған В.Радлов), 1923 жылы “Темірқазық” журналының 2-3 санында (109-115 беттер), М., 1965 жылы, “Айтыс” жинағының 1-томында, “Қазақ халық әдебиеті” көптомдығының 13-томында (33-37 беттер) жарияланған. Соңғы жинаққа да В.Радловтың нұсқасынан алынып берілген.

Жануарлар мен иесінің айтысы: ▪ Төрт түлік халық ауыз әдебиетінде ерекше орын алады. Онда жануарлар мен адамның айтысы да кезде

9 слайд
Жануарлар мен иесінің айтысы: ▪ Төрт түлік халық ауыз әдебиетінде ерекше орын алады. Онда жануарлар мен адамның айтысы да кездеседі. Мысал үшін иесі мен сиырының айтысын алайық. ▪ Иесі: Шолақ сиыр, көзіңді ояйын ба? Биылғы жыл соғымға сояйын ба? Биылғы жыл соғымға сойып алып, Танабайға жаяңды қояйын ба? ▪ Сиыры: Шиыршықтап қыл арқан ескеніңде, Қу шолақты соялық дескеніңде, Қу шолақты соғымға сойып алып, Бүржекейден көрермін көшкеніңді. ▪ Осы тәрізді иесі мен атының айтысы, аңшының аңдармен айтысы, т.б. ауыз әдебиетінде кездеседі. Бұл айтыстардан халықтың күн көріс, тіршілігін, бір кездердегі дүниетану көзқарасын аңғаруға болады.

10 слайд

Салт айтысы: ▪ Салт айтысы — айтыстың ежелгі түрі. Салт айтысы халықтың әдет-ғұрпы мен сенім-нанымына, күн көріс кәсібіне

11 слайд
Салт айтысы: ▪ Салт айтысы  —  айтыстың  ежелгі түрі. Салт айтысы  халықтың  әдет-ғұрпы мен сенім-нанымына, күн көріс кәсібіне байланысты қалыптасқан. Салт айтысы белгілі бір әдет-ғұрып негізінде топпен орындалатындықтан,  өлең  мәтіні жұрттың бәрі жатқа білетіндей жеңіл, аса қарапайым болып көбіне тұрақты қайталаулар негізінде айтылады (“Алып келген базардан қара насыр”, “Қызыл қыршын, замандас, қызыл қыршын”, т.б.). Бәдік пен жар- жар өлеңдері бертін келе өз жанынан  өлең  шығаратын өнерпаздардың жеке дара айтысына, әзіл қағысуына жол салды. Мұның ең көп тараған түрі — қыз бен жігіт айтысы, ол ұзату тойы мен сан түрлі бас қосу, ойын-сауық үстінде жастардың сыпайы әзіл-қалжыңына құрылып, дәстүрлі бір-бір ауыз өлеңмен қысқа қайырылып отырады. Қыз бен жігіт қайымдасулары бір жағының жасырған жұмбағын екінші жақтың талдап шешуімен, жұмбақты ойдағыдай шешкен жігітке қыздың жол-жора беруімен (орамал,  сақина ,  жүзік , т.б.) аяқталады. Салт айтысының дін, табиғат сыры мен өмірлік мәселелерді жұмбақтауға құрылған түрлері де кездеседі (қ.  Жұмбақ айтыс ). Енді бір кең тараған түрі — үй-іші тұрмысы мен шаруашылыққа байланысты туған айтыстар. Мұнда да күнделікті өмір құбылыстары сөз болады (“Атасы мен келіні”, “Әкесі мен баласы”, “Нұрбайдың Әзірейіл аларда үй-ішімен қоштасқаны”, т.б.) Салт айтысы кемелдене келе жеке ақын жазған  айтыстың  жаңа түрінің қалыптасуына жол салды. Мұнда  лирикалық  кейіпкерге айналған ақын айтыстың  диалогқа  құрылған тек сыртқы түрін ғана қалдырады да, сол арқылы өзінің сезім күйі мен айтар ойын ұтымды бейнелейді. Бұл үлгілердің бір тобы сүйгенімен қосыла алмай, арманда кеткен жастардың қабір басындағы  диалогына  құрылған. Олар бұл дүниеде іске аспаған ой-арманы мен өкініш-мұңын, өмірге деген наразылығын жырға қосады (“Ақбала мен Боздақ”, “Аймаңдай мен Бабас”, т.б.). Енді бірі  халықтың  күнкөріс, тіршілігімен байланысты туындаса (“Төрт түлік малдың айтысы”, “Салпық пен ат”, “Ыдырыс пен тайлақ”, т.б.), келесі бір тобы үлгі-насихат, білім-танымдық сипатқа ие (“Шәкірт пен жалқаулық”, “Қара шекпен мен қасқыр”, т.б.).

12 слайд

Осы күнгі айтыс: ▪ Кейінгі жылдардағы айтыстардың көпшілігінде бірсыпыра әлеуметтік мәселелер қозғалып, кейбір келеңсіз жайлард

13 слайд
Осы күнгі айтыс: ▪ Кейінгі жылдардағы айтыстардың көпшілігінде бірсыпыра әлеуметтік мәселелер қозғалып, кейбір келеңсіз жайлардың сыналып ашық айтылуы бұл өнер түрінің халыққа берер тәлім-тәрбиелік мәні орасан зор екенін айқын сипаттайды. Айтулы оқиғаларға байланысты – Қазақстанның 60 жылдығына арналған, Кенен Әзірбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай өткізілген, Абайдың, Жамбылға 150 жылдығы арналып өткен республикалық айтыстардың орны бөлек болды. Мұнда өз өнерімен халықты риза қылған Қызылордалық Манап, Семейлік Қалихан, Көкшетаулық Көкен секілді жүйріктер ерекше танылып, халық көкейінен шыға білді. Сонымен бірге, енді ғана қанат жайып келе жатқан, тапқыр ой, тартымды сөздерімен көрінген талапкер жігіттер мен қыздарымыз белгілі бола бастады. Айтыс – поэзиялық жанрдың ішіндегі ең қиыны, күрделісі. Айтысқа қай кезде болсын халық ықыласы төмендемеу себебінің өзі айтыс өнерінің қиындығында. "Қисынын тауып қиыстырар" ер данасына халқымыз қашаннан құмар болып, әділ бағасын берген. 1989 жылы Алматыда өткен айтыста ақындар өздеріне деген талапты күшейткенін байқатты. Ең бастысы, айтысты өнер деп ұғу, жырды үлкен поэзия деп түсіну ден ала бастағанын көрсетті. Олар ойлы, жүйелі сөз үлгілерін танытты.

14 слайд